Отбасылық бизнес


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

І. Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің маңызы.

1. 1. Шағын және орта бизнес ерекшеліктері . . . 5

1. 2. Шағын және орта бизнес негізін қалау . . . 5

ІІ. Екінші бөлім. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі .

2. 1. Шағын және орта бизнестің ұйымдық-құқықтық базасы . . . 9

2. 2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес жағдайын талдау . . . 13

2. 3. Шағын және орта бизнесті дамытудың бағдарламасы . . . 17

Қорытынды . . . 19

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 21

Кіріспе.

Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теориясының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні - экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта және орта кәсіпорынның үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.

Қазіргі транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін ескеріп, шағын және орта фирмаларды құру және жұмыс істеудің тәжірибелік мәселесін зерттеуге, шағын және орта және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектісін, сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары деп - бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды, басқару нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді, басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын және орта кәсіпкерлік құрылымының кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел - шағын және орта фирманың жақсы жетілген компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын және орта бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалы, ірі кәсіпорын стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл немесе одан да көп уақыт қажет етеді. Шағын және орта фирма үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95%-і шағын және орта бизнес саласынан келуде. Басқа мәліметтер бойынша, ірі фирмаларға қарағанда, шағын және орта фирма 24 есе жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда. Сондықтан, Еуропа Достастығында экономиканың жеке секторындағы 15, 7 млн кәсіпорынның ішінен шағын және орта бизнес кәсіпорындары 70 % жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Статистика бойынша, 16 млн адам өздеріне, 46 млн адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.

І. Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің маңызы.

1. 1. Шағын және орта бизнес ерекшеліктері

Шағын және орта бизнес артықшылықтары айқын. Бұл - шағын және орта бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндіретін өнім мен көрсететін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі.

Шағын және орта фирмадағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшылар мен табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.

Шағын және орта бизнестің басты ерекшелігі - кірістерге қатысуымен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғары нәтижелілгіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге деген ұмтылыс. Оның үстіне, шағын және орта бизнес экономиканы жандандырушы фактор ғана болып қоя салмай, сондай - ақ, оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады. Шағын және орта фирмаларды көбірек құру - жұмыссыздық мәселесін жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және ауқымын кеңейтуі мүмкін.

Жоғары дамыған елдерде шағын және орта бизнес ірі бизнестің негізі дейді. Бастапқыда 2 адамда аздаған капиталмен өз ісін бастау идеясы туады. Идея кәсіпорынның кіріс әкелу мүмкіндігіне айналады. Кірістің өсуі өндірістің дамуына жағдай жасайды.

1. 2. Шағын және орта бизнес негізін қалау

Бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу экономикамызда аз танымал құбылыс, бірақ шетелде кең тараған формасы ретінде мынадай артықшылықтарға ие:

1. Тәуекел мен тұрлаусыздық факторы сынға жиі ұшырайтын жаңа кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың деңгейін төмендетуі

2. Жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда, әлдеқайда аз келісім баға бойынша бизнесті алу мүмкіндігі.

ҚР үшін франчайзинг пен отбасылық бизнес ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзингтік келісім ХІХ ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның дилері арасында жасалды. 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені салаларында кең қолданыла бастады. 60-70-жж. тағамды тез дайындайтын технология (,, Макдональдс'' фирмасы) барлық жерге тарала бастағанда, франчайзинг кең ауқымдық сипатқа ие болды.

Франчайзер өзінің франчайзи мүшесіне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын, т. с. с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы үшін жаңа кәсіпорын ашу мен жұмыс істеу тәуекелін төмендетеді, үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Франчайзингтік қатынастардың 3 типі бар:

1) Франчайзер - өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсеті құқығын франчайзиға береді.

2) Франчайзер - негізгі өнім өндіруші, өзінің өнімінің көтерме сату құқығын франчайзиға береді.

3) Франчайзер - көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзиға береді.

Франчайзингтік қатынастар жүйесі

Артықшылықтары: Кемшіліктері:

1. Оқыту және дайындау 1. Франчайзингтік төлем

2. Қаржылық көмек 2. Өсімді шектеу

3. Маркетингтік көмек 3. Тәуелсіздікті шектеу

4. Басқарудағы көмек 4. Әрекетті шарт

5. Шапшаң көмек мерзімімен шектеу

6. Сәтсіздіктің төмендеу пайызы, 5. Тек 1 жеткізуші фран-

тәуекел деңгейінің төмендеуі чайзермен жұмыс істеу

Артықшылықтары:

1) Франчайзер - тек өндіріс мәселесін оқытып үйретуді ғана ұйымдастырып қоя салмай, сондай - ақ, бухгалтерлік есеп, тауарлық- материалдық құндылықтарды бақылау, еңбек ресурстарын басқару, сақтандыру мәселелерін, т. б. оқытып үйретеді. Оқыту бірнеше күннен бірнеше аптаға созылады. Бұл үшін арнайы оқытып-үйрету орталықтары құрылады. Мысалы, , , Макдональдс” қарамағында тұтас бір университет бар, онда 1961 жылдан бері 4 бизнесмен, менеджер, жұмысшылар оқиды. 30 жақсы жабдықталған аудитория, 30-дан астам профессор жұмыс істейді.

2) Жанама түріндегі қаржылық қолдау. Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлем мерзімін ұзарта алады немесе франчайзи банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады.

3) Маркетингтік көмектің мәні - франчайзи тарапынан франчайзердің жақсы танылған және кең ауқымды тұтынушылары бар сауда маркасы мен атын пайдалануы болып табылады.

4) Басқарудағы көмек - франчайзердің тәжірибесін пайдаланып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай - ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Зерттеу мәліметтері бойынша, 5 жыл бұрын қаланған франчайзингтік фирмалардың 97 % әлі күнге дейін сәтті жұмыс істейді.

Кемшіліктері:

  1. Егер франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның капиталға қажеттілігі үлкен болады. Сондықтан, франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін. Бұдан басқа, франчайзи материалдар мен толықтырушыларға, құрал - жабдықтарға, еңбекақы төлеуге кететін, т. б. шығындарды көтереді.
  2. Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып табылады. Дегенмен, дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеулі болады.

Кемшіліктерге қарамастан, франчайзинг бүкіл әлемде толық құқықты болып есептеледі және оның соңғы жылдары әрі қарай таралу тенденциясы байқалады. Франчайзингтік қатынастардың интернациолизациясы туралы

айтсақ, франчайзер үшін басты фактор - ең алдымен оның салған капиталы жоғары дәрежеде пайда әкелетін, бөлшек және сервистік желісі дамыған елдерге ұмтылыс, сонымен қатар жоғары нарықтарды жаулап алып, онда өз әсерін орнатуға ұмтылыс. Интернационалдық франчайзингтің дамуын тоқтататын факторларға шығындар, халықаралық менеджменттегі тәжірибенің жеткіліксіздігі, басқа мемлекеттер тарапынан қойылған заңды тосқауылдар жатады.

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгей түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе іске асырылуда, бірақ өкінішке орай, батыс бизнесмендердің қолында Қазақстан нарығы, оның әлеуеті мен дамуы туралы мәлімет аз.

Шағын және орта бизнестің негізін қалаудың 4-жолы - бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Әдетте отбасылық бизнес бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп отырады. Кез келген отбасылық бизнес - отбасы мен бизнестің симбиозы. Әрқайсысының өз мақсаты болады. Отбасының мақсаты - балаларды тәрбиелеу және отбасы мүшелеріне қарау. Бизнестің мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу.

Отбасылық бизнестің артықшылықтары .

  1. Кез келген қиыншылықтарға қарамастан, бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өзінің еңбекақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді.

Отбасылық бизнестің негізгі критерийлері - жұмысқа берілгендік, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік. Кәсіпорын отбасылық бизнестің нысанын қабылдап, автоматты түрде жарнамалық сипат алады.

  1. Ірі корпорациялармен салыстырғанда, жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы

Сондықтан АҚШ - та кәсіпорындардың 80-90 % отбасылық бизнес саласына жатуы және экономиканың әр түрлі секторында жұмыспен қамтылғандардың 50 % отбасылық бизнес жұмысшыларынан тұрады. Онда 500 компанияның 1/3-і - отбасылық бизнес компаниялары. Олар шағын және орта түрден миллиондаған

айналымы бар тез өсуші компанияларға айналды.

Отбасылық бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға болады:

  1. Толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.
  2. Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджер басқаратын бизнес.
  3. Отбасы тарапынан басқарылмайтын бизнес.

Отбасылық бизнес пен бизнестің басқа түрлері арасындағы айымашылықтар

Отбасылық бизнес: Отбасылық бизнес
Бизнестің басқа түрі: Бизнестің басқа түрі
Отбасылық бизнес: 1) Фирманы шексіз беріліп басқару, себебі отбасы мүшелерінің өмірі және жақсы тұрмысы бизнестің табысты не табыссыздығына байланысты
Бизнестің басқа түрі: 1) Фирма менеджерінің мүдделері арадағы шарт шеңберінде
Отбасылық бизнес: 2) Отбасы мүшелері өзінің барлық мансаптарын тек бір жеке отбасылық бизнеспен ғана байланыстырады.
Бизнестің басқа түрі: Менеджердің өзінің барлық мансаптарын бір ғана фирмада жүріп жасаулары сирек кездеседі
Отбасылық бизнес: 3) Стратегияны дайындау кезінде отбасы мүшелері шексіз уақыт кеңістігіне ие.
Бизнестің басқа түрі: 3) Менеджерлер фирманың стратегиясын дайындау кезінде өте қысқа уақыт кеңістігіне ие.
Отбасылық бизнес: 4) Бизнестегі сәтсіздіктер отбасы мүшелеріне, әсіресе оның менеджеріне драмалық зардап әкеледі.
Бизнестің басқа түрі: 4) Бизнестегі сәтсіздіктер менеджерге салыстырмалы түрде аз әсер етеді.
Отбасылық бизнес: 5) Отбасы мүшелерінің менеджері ретінде қызмет атқаруының тоқтатылу ықтималдығы өте төмен.
Бизнестің басқа түрі: 5) Фирмада менеджер мансабының тоқтатылу ықтималдығы өте жоғары.
Отбасылық бизнес: 6) Отбасы мүшелері фирманың өсуіне және табысты болуына мүдделі, себебі ол жалғыз жұмыс орны және отбасы тұрмысын жақсарту көзі.
Бизнестің басқа түрі: 6) Менеджер жалақысын арттыруға, мансабын жоғарылатуға және өсіруге мүдделі.
Отбасылық бизнес: 7) Отбасы мүшелерінің кірістері фирманың қызметінің түпкілікті нәтижесімен тікелей пропорционалды.
Бизнестің басқа түрі: 7) Менеджер жалақысының фирма қызметінің түпкілікті нәтижесіне тәуелділігі анағұрлым аз.
Отбасылық бизнес: 8) Шешім қабылдау орталықтан-дырылған сипатқа ие, дегенмен уақыт өте бұл беталыс төмендейді.
Бизнестің басқа түрі: 8) Шешім қабылдау алқалы сипатқа ие, көбіне менеджер командасының қатысуына негізделеді.
Отбасылық бизнес: 9) Фирма қызметіне деген ішкі бақылау аз, жалаң сипатқа ие.
Бизнестің басқа түрі: 9) Фирма қызметіне бақылау тым атүсті.
Отбасылық бизнес: 10) Отбасы мүшелерінің арасындағы бақталастық отағасы мен мұрагерлер арасында жанжал туғызуы және отбасылық бизнестің сабақтастығын проблемалы етуі мүмкін.
Бизнестің басқа түрі: 10) Сабақтастық бақталасқа және жанжалға алып келуі мүмкін, бірақ акционерлердің мүдделеріне сәйкес акционерлердің бақылау жасау жанжалды уақытында тыйып, тоқтатуға мүмкіндік береді.
Отбасылық бизнес: 11) Менеджер - өзіне және отбасына есеп беретін отбасы мүшесі.
Бизнестің басқа түрі: 11) Менеджер акционерлерге есеп береді.
Отбасылық бизнес: 12) Отбасындағы жанжалдың сал-дары әділ сипатқа ие, яғни белгілі бір уақыт аралығынан кейін пайда бола отырып, уақтылы бизнестің табысты болуына әсер етуі мүмкін.
Бизнестің басқа түрі: 12) Жанжал сызықты сипатқа ие, түзу әрі қадағалау оңай және уақтылы тоқтатуға болады.
Отбасылық бизнес: 13) Отбасы мүшелеріне жатпайтын жұмысшылардың өсу және жоғарылау мүмкіндіктері біршама шектеулі.
Бизнестің басқа түрі: 13) Жұмысшылардың шешім қабылдауға қатысу және жоғарылау мүмкіндіктері бірдей.
Отбасылық бизнес: 14) Отбасылық мәселелер бизнестің табыстылығына тікелей әсер етеді.
Бизнестің басқа түрі: 14) Менеджердің отбасылық мәселелері бизнеске төмен дәрежеде әсер етеді.

Қазақстандағы бизнес негізінен отбасылық. Бұл ең алдымен ауыл отбасындағы адам санының көптігімен, отағасын құрметтеу дәстүрімен және бір-бірін өзара ауыстыру мүмкіндігінің бар болуына байланысты.

ІІ. Екінші бөлім. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ролі.

2. 1. Шағын және орта бизнестің ұйымдық - құқықтық базасы

Нарықтық экономика жолына түскен республикамыздағы шағын және орта кәсіпкерліктің ұйымдық нысандарының дамуын талдай отырып, шет елдерге жақындау тенденциясын байқауға болады. Айырмашылықтары экономикамыздың дамуындағы өтпелі кезеңмен түсіндіріледі.

Жеке кәсіпкерлік - тіркеу және негізін қалау көзқарасы бойынша шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың ең оңай формасы болып табылады. Себебі, тіркеу процедурасы сертификатты кәсіпкердің атына толтыру мен тіркеу номерін алудан тұрады. Тағы бір артықшылық - бизнесті толығымен бақылау мүмкіндігі. Мұндай кәсіпорынды кез келген уақытта бөліктеп, сондай - ақ бүтіндей сатуға болады. Сонымен бірге фирманың бағаланған құнына негізгі активтерден басқа фирманың имиджі, коммерциялық құпия объектілері, тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің

(инвестор ) қалаулары сияқты сезілмейтін активтер де қосылады.

Жеке кәсіпкерлікте ең маңызды шарт - кәсіпкердің өз қызметінің нәтижесіне деген шексіз жауапкершілік.

Кемшіліктері : 1) Жеке кәсіпкер кәсіпорынның берешектері үшін жеке активтерін қоса өзінің барлық мүлігімен жауап береді.

2) Жеке кәсіпкердің кәсіпорнының жұмыс істеуі мен өсуі үшін қажетті ресурстардың шектеулі болуы.

3) Жеке кәсіпорынға салық салынған кезде кәсіпкердің барлық кірістері, салынатын салық сомасының құрамына кіреді. Көбінесе, бұл кәсіпкерді өсу үстіндегі салық көлемін төлеу үшін өзінң жеке кірістерін пайдалануға не бизнестен айтарлықтай соманы шегеріп тастауға мәжбүр етеді. 2 - жағынан, егер бизнес алғашқы жылдары зиянға ұшырайды деп күтілсе, шығындар салық салынатын кірістердің жиынтық көлемін азайтады.

ҚР - ң, , Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау көрсету туралы “ 1992 жылы 4 шілдедегі Заңы жеке кәсіпкерлікті реттейтін негізгі құқықтық құжат болып табылады.

Бүгінде жеке кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастыратын ең кең тараған түрі болып табылады. Бұл қызмет, әсіресе, заңды тұлға ретінде құрылмай - ақ, сатып алынған патент негізінде жұмыс істеу мүмкіндігінің арқасында жандана түсті. Мұндай патент бір мезгілде алу туралы куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия болып табылады. Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорнының қызметі үшін жауапкершілігі шексіз.

Серіктестік - 2 не одан да көп тұлғалардың немесе ұйымдардың арасындағы кәсіпорын құру келісімі.

Жауапкершілігі шектелмеген серіктестіктің жеке кәсіпкерліктен негізгі айырмашылығы - бірден көп қатысушының болуы. Бұл серіктестіктердің арасында келісім - шартқа отыру қажеттілігін білдіреді, ол жерде мыналар көрсетіледі: серіктестіктің атауы, негізгі қызмет түрі, серіктестіктің жұмыс істеуінің өміршеңдігі, әрбір серіктестің құқықтары мен міндеттері, пайданы бөлістіру тәртібі, серіктестіктің ескі мүшелерін шығарып, жаңаларын қабылдау жолдары. Барлық қалған жағдайларда жауапкершілігі шектелмеген серіктестік жеке кәсіпкерікпен бірдей дерлік. Демек, барлық серіктестің кәсіпорынның берешектері мен міндеттемелері үшін жауапкершіліктері бірдей, ал пайда мен шығындар жеке - жеке әрбір серіктестің салық салынатын кірістердің құрамына кіреді. Бұдан басқа, серіктестер серіктестіктің кез келген қатысушысының берешектері мен міндеттемелеріне жауап береді және кейде несие берушілер өз шығындарын серіктестіктің барлық қатысушыларынан алатын жағдайлар да болады. Серіктестікте сабақтастық жоқ, яғни бір серіктестің кетуімен немесе өлуімен серіктестік өз жұмысын тоқтатады. Әрбір серіктестік басқалардың келісім беруімен өз меншігінің бір бөлігін үшінші адамға беруге құқығы бар. Бұған қоса, серіктестің басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан өз атына несие алу құқығы бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде ( генералды серіктестік деп те атайды ) бір немесе бірнеше ГС кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша шектелмеген жауапкершіліктеріне ие болады және кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады. Қалған шектеулі серіктестіктің жауапкершіліктері салған капитал мөлшерімен шектеледі және олар басқаруға қатыспайды. Кейде кеңес беруші ретінде қатысатын заңды емес мүшелер де болуы мүмкін. Олардың есімдері кең жарияланбайды, бірақ арнайы құжаттарда олардың пайда мөлшерлері мен жауапкершіліктері көрсетіледі.

Біріккен кәсіпорын - бізде де, шетелде де бизнесті ұйымдастырудың тарихи ең кең тараған түрі болып табылады. Мұндай компанияда басқару ісі компания мүшелері сайлайтын директорлар кеңесі тарапынан жүзеге асырылады. Компанияның қызметі барлықтарының қарастыратын объектісі болып табылмайды және ашық түрде акцияға жазылу жоқ. Біріккен кәсіпорынға 2 рет салық салынады.

Қазақстанда біріккен бизнес тарихи түрде кооперативтерден басталады. Алғашқы рет бұл қозғалысқа 1988 жылы 26 мамырда шыққан, , КСРО - дағы кооперация туралы” заң кең жол ашып берді. Бірақ бұған жалпы қоғам көзқарасының терістігі мен регламенттің шектен тыс болуынан, жеке меншіктің жоқтығынан ол тиісті танымалдылыққа ие бола алмады.

Қазіргі уақытта кооперативтердің қызметі ҚР Президентінің 1996 жылы 15 шілдеде түзетулер енгізілген 1995 жылдың 5 қазанындағы, , Өндірістік кооператив туралы” жарлығымен реттеледі. Заңға сәйкес өндірістік кооператив жеке еңбеккердің қатысуы мен мүшелердің салған мүліктік салымының (пай) біріктірілуі арқасында негізі қаланған біріккен кәсіпкерлік қызметке мүше болу арқылы азаматтардың өз еріктерімен бірігуі болып анықталады. Кооперативті құру жарғылық құжаттарды дайындаудан басталады. Жарғы немесе жарғылық келісім және кооперативтің жалпы жиналысында бекітілетін жарғы, жарғыда кооператив мүшесінің салатын пай мөлшері мен оларды салу тәртібі, кооперативтің шығындары мен пайдасын бөлісітіру тәртібі және кооперативтің басқару органдарының құрамы мен құзырлары көрсетілуі қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстанда кооперативтер өте сирек кездеседі, негізінен олар 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында құрылғандар. ҚР Президентінің 1995 жылы 2 мамырдағы, , Шаруашылық серіктестіктер туралы” жарлығына сәйкес серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өз иелігіндегі барлық мүлігімен ортақ жауапты болып келетін шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік болып қабылданады.

Коммандиттік серіктестік - серіктестіктің міндеттемелері бойынша иелегіндегі барлық мүліктерімен ортақ жауапты болып келетін, жауапкершіліктері жарғының қорға салған салымдардың сомасымен шектелетін бір немесе бірнеше қатысушыларды қосатын серіктестік болып табылады. 1 - топ толық серктестік деп аталады және ол туралы барлық ережелер таратылады. 2 - топ салымшылар немесе коммандитистер деп аталады. Олар басқарудан шеттетіледі, сондықтан, коммандиттік серіктестік сенімге негізделген серіктестік деп те аталады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейтін және жауапкершіліктері салған капиталының мөлшерімен шектелетін серіктестік. Артықшылықтары: капитал тарту мүмкіндігі, қатысушылардың жауапкершілктері шектеулі болуының есебінен тәуекелді азайту мүмкіндігі, жұрт алдында есеп беру талабының және жарғының қорға салымды көп кешіктіріп салу құқығының жоқтығы, серіктестіктің тіркелуі кезінде тиісті соманың тек 25 % - і ғана жеткілікті болатындығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ НЕГІЗДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Франчайзингтік қарым - қатынастардың жүйесі
Ұсақ бизнесті ұйымдастыру жолдары
Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Отбасылық мейрамхананың бизнес жоспары
Пайдаланушы туралы ақпарат
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz