Теңеулердің жасалу жолдары


ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Троп
- Көріктеу құралдарының бірі - теңеулер
- Метафора
- Метонимия - көркем сөйлеудің құралы
Қорытынды
КІРІСПЕ
Жазушы шығармаларының кестесінде көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі, алатын орны. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия секілді тілдік, образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдердің қолданылуын қарастырамын.
Жұмыстың зерттелу көзі - қаламгер шығармаларының көркемдік ерекшелігін, сөз өрнектерін талдау болмақ.
Көркем әдебиет тілі кез-келген халықтың тіл байлығын, сөз саптаудағы ерекшелігін көрсетеді. Сол себепті көркемсөз зергерлерінің қалдырған мұраларын зерттеу біздің мойнымызда. Олар тілімізді жаңа сатыға көтеріп, тілдің өрісін кеңейте алады. Демек, жеке суреткер тілін зерттеу де тіл білімі үшін өте маңызды.
Осы мәселе жайлы академик М. Серғалиев: «Прозаик, ақын иә сыншы болсын қай-қайсы да жалпы халықтық тілді пайдаланатыны баршаға мәлім. Солай бола тұра, жеке таланттың тілі деген ұғымды қолданатынымыз да белгілі. Сол шарттылықтың өзінде шындық барын тағы ескермеске болмайды, өйткені көпшілікке етене таныс сөздерді жаңа қырымен, соны бояумен, өзгеше өңімен жұмсай білушілік - жазушы талантын танытатын құбылыс[ 134] », - деп өз ойын түйіндеген ғалымның пікірімен толық келісе отырып, автор тілін зерттеудің маңыздылығын айта кеткен жөн.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Оралхан Бөкей шығармашылығы әдебиеттану ғылымы тұрғысынан зерттеліп келгенімен, тіл білімі тұрғысынан зерттелуі кенжелеп келеді. Автор қазақ тілінің байлығын қолдануы, көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдарды ұтымды, әрі жаңаша пайдалануы сияқты жақтарын қарастыру.
Зерттеу дерек көздері. Тілдік материал ретінде жазушының әр жылдары жарық көрген Бөкей О. «Екі томдық таңдамалы шығармалар » (1994), «Қайдасың, қасқа құлыным» (1999) .
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. О. Бөкейдің шығармашылығындағы теңеу, эпитет, метафора мен метонимияның лингвистикалық табиғатын зерттеудің басты мақсаты етіп қойдық.
Осы мақсатқа сай мынандай міндеттерді шешу қажет:
- Тіл біліміндегі троптар, оның ішінде теңеу, метафора мен метонимия жайлы теориялық көзқарастарды сараптаудан өткізіп, өзара ерекшеліктерін анықтау;
- Қаламгер тілінің теңеу, метафора мен метонимияның жасалу жолдарын саралап, сөз таптарына қатысын мысалдар арқылы көрсету;
- Жазушы шығармашылығындағы теңеу, метафора мен метонимияның бейнелеуіш құрал ретіндегі көркемдік-стильдік қызметін таныту;
- Автордың бейнелеуіш құралдарды қолданудағы өзіндік қолтаңбасын анықтау.
ТРОП
Троптарды қолдану жазушының көркем ойының астарлы ойлау жүйесімен байланысты болады. Троптың түрлерінде ауыспалы мағыналарда қолданылу арқылы әртүрлі стильдік мәндер береді. Сөйлемнің түрлі реңдегі сөздер арқылы ойды толық та мәнді, мәнерлі де толық жеткізілуі үшін қызмет атқарады. Сол себепті ең алдымен ғалымдардың троп жайлы пікірлерін қарастырғанды жөн көремін.
Академик З. Қабдолов :«Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл - құбылту, яки троп (грекше tropos -иін, иірім) - сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Бұл ретте әдеби тілді ажарлау оны құбылтудың - ең қарапайым түрі деуге болар еді»[18; 214], - деген пікірді ұстанған.
«Троп (грек. tropos бұрылыс, айналма) - сөздердің үйреншікті емес, ауыс мағынада қолданылуы. Троп бір-бірімен байланысты белгілері бар екі құбылысты салыстырудан туады. Сөздердің тура мағынасы мен сөйлеу үстінде туған ауыс мағыналардың байланысу сипатына қарай троптың бірнеше түрі болады: метафора, метонимия, әсірелеу, кекесін, мысқыл т. б. »[17; 330]
Троп жайлы құнды пікір қалдырған ғалымдардың бірі - Қ. Жұмалиев. Ол: «Троп - грекше - tropos - бұрылыс, бұрма деген сөз.
Тілімізде жоғары айтылғандай тәрізді, өз мағынасында қолданатын сөздермен қатар, ауыспалы мағынасында қолданылатын сөздер де аз емес. Олар әсіресе көркем әдебиетте көбірек кездеседі. Көркем тілдің басқа түрлерінен ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздердің негізгі ерекшелігі астарлылығында. Бір нәрсені айтып, екінші мағына ұқтыруында.
Троп негізінде алтыға бөлінеді:
1) метафора;
2) кейіптеу;
3) метонимия;
4) синекдоха
5) символ
6) аллегория», - дей келе әр түрлі мысалдар келтіру арқылы өз ойын түйіндейді.
«Мысалы, ақындар:
Алатау ақ бас шалым көпті көрген не жұлдыз жымыңдады, күн күлді деп жазады. Мен Абайды оқыдым, көше ояу, ана үйдің құдасы келді дейтін сөйлемдердегі сөздерді алсақ - бәрі де ауыстыру мағынасында қолданылған сөздер.
Тауды ақ бас шалым деушілік адамға, шалға ғана айтылатын ұғым, түсінік, әйтсе де ақ бас деген эпитет арқылы оны тауға пайдаланып отыр. Шалдың басының ақ болуы мен тау басынан әрдайым қардың үзілмеушілігі екеуінің бір-біріне түстері жағынан ұқсастығы десек, осының негізінде ақын бірінің орнына екіншісін ауыстырып қолданып отыр.
Жұлдыз жымыңдады, күн күлді - жанды нәрселердің істейтін іс-амалын жансыз нәрселерге істету, көше ояу - адамның орнына тұрағын айту. Абайды оқыдым - шығармасының орнына авторын айту т. б. осылар тәрізді сөз қолданыстар троп немесе ауыспалы мағынасында қолданылатын сөз делінеді» [5; 113] .
Теңеу, метафора, метонимия секілді бейнелеу, көріктеу тәсілдері не екі нәрсені тура, тікелей салыстыру түрінде жасалады, не болмаса, екі нәрсенің арасындағы жалғастық, ұқсастық ескеріліп, соның негізінде ауыспалы, астарлы мағынасы бар бейнелі сөз туады.
Ғасырлар бойы лингвистика мен әдебиеттану тарихында қалыптасқан пікір бар. Ол пікір бойынша, метафора дегеніміз - қысқарған теңеу [23; 16] . Қазақ тіліндегі теңеулерді арнайы зерттеген ғалым Т. Қоңыров: «Бұл пікірдің дұрыстығын мойындай отырып, осы тұжырымдарды керісінше айналдырып, теңеулердің өздеріне қолдануға болады. Теңеу дегеніміз - қысқармаған, жайылма метафора» [2; 119] . А. Квятковскийдің пікірінше, теңеудің бүкіл троптарға негіз болады[15; 280] . Т. Қоңыров осы тұжырымды негізге ала отырып, мына жайға назар аударады: «Демек, теңеу троп атаулының бәрімен де ұштасып, сабақтасып жатады. Бір топ теңеулер метафоралық қызмет атқарса, енді бір тобы эпитеттік қызметте жұмсалады, келесі тобы метонимиялық теңеулер ретінде көрінеді» [2; 119] . Осы пікірді басшылыққа ала отырып нақты қаламгер шығармашылығына зерттеу жасаған ғалымдардың бірі: «Былайша айтқанда, ретіне қарай теңеудің орнына метафора, ал метафораның орнына теңеу жұмсала беретінін дәлелдейді, яғни троптың бұл екі түрін бір-бірімен алмастырудың мүмкіндігі бола беретінін көрсетеді» [24; 10]
Көркем тіл теориясы бойынша жазушы шығармаларында қолданылу жай-күйін жеке-жеке қарастырмақпын.
ТЕҢЕУ
Көріктеу құралдарының бірі - теңеулер. Сондай-ақ, эпитет, метафора, метонимия бәрі де көркем сурет, бейне жасаудағы қаламгердің шеберлігінің көрсеткіштері іспетті.
Теңеу - өте күрделі, көп аспектілі құбылыс. Ол - тілдің бейнелеу құралы ретінде стилистика мен әдебиеттануда, теңеулік құрылым грамматикада және тұрақты теңеулер фразеологияда қарастырылады.
Ғалым Ф. Р. Ахметжанованың пікірінше теңеулерді екі бағытта қарастырған жөн. Біріншіден, ол - логикалық категория, екіншіден - әдебиеттанудың ең басты зерттеу объектісі. Логикалық категория ретінде қарастырудың маңызын біз философия мен логикада әдістің бір түрі есебінде қолданылуынан біле аламыз. Ал әдебиет теориясында оның бейнелеушілік негізі туралы ұтымды ойлар айтқан - әдебиетшілер. Мысалы: орыс ғалымдары А. Квятковский, Л. Тимофеев, А. Т. Рубайло, Д. Э. Розенталь мен М. А. Теленкова қазақ ғалымдарының ішінде А. Байтұрсынұлы, З. Ахметов, З. Қабдолов, Т. Қоңыровтарды атап айтуға болады. А. Квятковскийдің ойынша: «Теңеу дегеніміз - ортақ белгілері бар екі затты, ұғымды және күйді бір-бірімен салыстыратын және сол артық белгінің негізінде алғашқы заттың көркемдік мәнін күшейте түсетін бейнелі сөз тіркесі» болып табылады, ал ғалым Л. Тимофеев өз пікірін әдебиет теориясы негізінде: «Екі құбылысты бір-біріне жанастыра отырып, біреуінің қосалқы белгілері арқылы екіншісін сипаттайтын троптың ең қарапайым, ең алғашқы түрі - теңеу» деген ой қорытады. А. Т. Рубайло: «Түр-түсі, қасиеті, мән-мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас құбылыстарды біріне-бірін тікелей салыстыруды теңеу дейді [10; 27] », ал Д. Э. Розенталь мен М. А. Теленкова: «Олардың ортақ белгілері негізінде бір затты басқа затқа ұқсатудан тұратын троп[11; 459] », - деген пікір білдіреді.
Ал қазақ филологиясында теңеу терминін алғаш қолданып, ғылыми айналымға енгізген қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымын негізін салушы А. Байтұрсынұлы болып табылады. Сондай-ақ, теңеуге қатысты құнды пікір қалдырғандардың бірі - З. Ахметов. Ол: «Теңеу - екі нәрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тәсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салыстыру арқылы жасалса, енді бірде айтылып отырған нәрсенің бір сипат-белгісін, түсін, дыбыс-үнін, тағы басқадай жеке ерекшелігін өзге нәрсемен салыстырып бейнелеу негізінде туады. Сонымен қатар бір нәрсені басқа нәрсемен қимыл-қозғалысындағы ұқсастықты тірек етіп салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі»[9; 17], - деген ой қалдырады. Расында да, теңеу тұнып тұрған салыстыру дегенді қолдауға әбден болады.
«Теңеу - белгісіз нәрсені белгілі нәрсе арқылы, күрделі нәрсені қарапайым нәрсе арқылы, алысты жақын нәрсе арқылы айқындап көрсету деген пікірді жиі кездестіруге болады, әрі осылай түсіндірудің бір қарағанда ұтымды көрінуі де мүмкін.
Теңеу туралы айтылғанда салыстыру үшін қандай нәрсе алынып отырса, соған көбірек мән беріледі. Асылында, мәселе тек онда ғана емес. Сол салыстыру арқылы сипатталып отырған құбылыс, нәрсе қандай, оның нендей ерекшелігі көрсетіліп отыр және екі нәрсені теңестірудің өзінен қандай мағына туып, ой аңғарылады - міне, алдымен осылар толық ескерілуі тиіс»[9; 18] . Осы пікірден ой қорытар болсақ, теңеу жасауда салыстыру неғұрлым дәл болса, теңеу соғұрлым сәтті болады. Сондай-ақ, ғалым теңеудің жайдан-жай жасалмайтындығын да алға тартады. Теңеуді қолданудың өз реті бар.
Қаламгердің жазушылық талантын танытатын басты белгі - шығарма тілінің көрікті, көркем, әсерлі болып келуі. Сондықтан суреткер теңеу, эпитет, метафора, әсірелеу сияқты көріктеу құралдарын жұмсайды, мақал-мәтел, бейнелі фразеологизмдер де шығарма тілін әрлендіретін материалдар қатарына кіреді. Жазушылар көркемдікті беруде ана тілінің ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір бояумен айтылатын теңеулерін де пайдаланады. Солардың қалыбымен өздері де жаңа теңеулер ұсынады.
Теңеу тек қана әдебиеттанудың ғана емес, сондай-ақ, тіл білімінің де объектісі болып табылады. Орыс тіл білімінде теңеудің тілдік құбылыс ретінде танылуына үлес қосқандар М. И. Черемисина, В. Ф. Мейеров, М. Огольцев т. б.
Қазақ тіл білімінде теңеудің тілдік объект ретінде танылуына елеулі еңбек сіңірген профессор Т. Қоңыров. оның аталған тақырыпқа арналған бірнеше монографиясы жарық көрді.
Т. Қоңыровтың пікірінше: «Теңеу дегеніміз - ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы» [2; 7] . 1978 жылы Мектеп баспасынан жарық көрген осы автордың «Қазақ теңеулері» атты еңбегінде теңеудің жалпы грамматикалық ерекшеліктері, семантикалық жүйесі, стильдік сипаты т. б. қарастырылған.
Теңеулердің жасалу жолдары.
Кез-келген тілдік категория сияқты, теңеулердің де мазмұнына сай формасы болады. Оның тілдік табиғатын тану үшін, синтаксистік құрылымы мен жасалу жолдарын анықтап алу қажет. Осыған орай Т. Қоңыров академик Қ. Жұмалиевтің пікірін қолдап, қазақ теңеулерінің он жасалу тәсілін көрсетеді:
- -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтары көмегімен;
- -ша, -ше жұрнағы көмегімен ;
- шығыс септігі жалғауы көмегімен;
- секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;
- бейне сөзі көмегімен;
- тең сөзінің көмегімен;
- параллелизм тәсілі көмегімен;
- аралас тәсілдің (бейне және -дай, -дей; бейне және секілді) көмегімен;
- қосалқы тәсілдер көмегімен[2; 11] . Автордың ойынша жоғарыда көрсетілген тәсілдердің барлығы дерлік бірдей емес, яғни бір тәсіл актив қолданылса, екінші тәсіл кенжелеп қалған. Мәселен, бірінші топтағы жұрнақтар арқылы жасалған теңеулер басқа, теңеулерден жиірек кездеседі, яғни олардың үлес-салмағы мол. Аталған құбылысты Оралхан Бөкей шығармаларынан да байқауға болады.
Автордың пікірінше, жасалу тәсілдерінің ерекшеліктеріне, жиі қолдануына қатысты теңеудің жасалу тәсілдеріне белгілі бір орын беруге болады. Мәселен, бірінші топтағы -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер 70% құраса, төртінші топтағы секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен жасалған теңеулер 10-15% құрайды.
Ғалым Ф. Р. Ахметжанова жоғарыда аталған тәсілдерді сұрыптай келе, теңеулердің жасалу жолдарын 3 топқа бөледі:
- Морфологиялық тәсіл;
- Синтаксистік тәсіл;
- Аралас тәсіл.
Морфологиялық тәсіл өз ішінен:
- «-дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтары көмегімен». Бұл жұрнақтар сөз тудыруда белсене қолданылады. Нақтырақ айтсақ, зат есімдерден үстеу мен сын есім тудырады. «Қазақ лингвисттерінің көпшілігін бұл жұрнақтың негізгі мағынасы - теңеу, салыстыру екендігін бір ауыздан қолдайды. Барлық түркі тілдерінде де(якут, шұлым түркі тілдерінен басқа) -дай, -дей жұрнағы теңеу мағынасын білдіру үшін жұмсалады, оның көмегімен компаративтік конструкциялар жасалады. »Бір сөзбен айтқанда тек қазақ тілінде ғана емес, сондай-ақ, өзге де түркі тілдерінде осы конструкция жиірек қолданылады.
- -ша, -ше жұрнағы. Бұл жұрнақ теңеу тудыратын негізі тәсілдердің біріне жатады, бірақ жоғарыда көрсетілген -дай, -дей жұрнағынан әлсіз, яғни қолдану аясы тарлау деуге болады.
- -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнағы арқылы. Бұл жұрнақ -дай, -дей жұрнағының фонетикалық варианты болып табылғанмен, өнімсіз жұрнақтар қатарына жатады. Сондай-ақ, зат есімнен үстеу тудырады.
- «-лас, -лес, -тас, -тес жұрнағы. Бұл зат есімнен сын есім тудыратын өнімді жұрнақтардың бірі. -лас, -лес жұрнағы кейіп, рең, түс, әлпет, бейне т. б. зат есімдерге жалғанып, компаративтік мағына береді» [3; 10.
- «-данып, -деніп, -танып, -теніп жұрнағы. Бұл форма етістік тудырушы -дан жұрнағы мен көсемшенің -ып жұрнағының қосындысынан тұрады» [3; 11] . Аталған форма көркем әдебиетте жиі қолданыс тапқан.
- «-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. Шығыс септік жалғауы арқылы жасалған тіркестер бір нәрсенің екінші нәрседен артық, я кем екенін көрсету үшін өздері «сұранып тұрады»» [3; 11] . Яғни теңеулер жасалу процесі салыстыру арқылы жүзеге асады. Сапалық ұғымдар бір-бірімен салыстырылады.
Мысалы: Сырттай қарасаң қойдан жуас, дөңгеленген қара торы жігіт.
2. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған теңеулер 9 тәсіл арқылы жүзеге асады:
2. 1 Сияқты, секілді, тәрізді шылаулары арқылы. Осы шылаулар көптеген түркі тілдерінде компаративтік мағына беретін грамматикалық тұлғаларға жатады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, теңеулерді жасауда көп қолданылатын тәсіл боп табылады. Нақтылай келсек, қазақ тіліндегі теңеулердің 10-15%.
2. 2 «Бейне сөзі - теңеу тудыратын өнімді тәсілдердің бірі. Білдіретін компаративтік мағынасы жағынан сияқты, секілді, тәрізді шылаулар беретін компаративтік логикаға дәлме-дәл келеді деуге болады», - дей келе[3; 11], айырмашылығы бар екендігін айта кетеді. Бұл тәсілдің ерекшелігі, оның тек қана поэзия тілінде қолданыс табуы. Сондықтан О. Бөкей шығармашылығында бұл теңеуді қарастыру мүмкін емес.
2. 3 Тең сөзі. Бұл сөздің қолданылуы бейне сөзімен ұқсас келеді, тіпті, автордың ойынша лексикалық мағынасы мен семантикалық аясы бірдей деуге болады.
2. 4 Ұқсату, тарту сөздері. Автордың пікірінше бұл сөздер арқылы жасалған теңеулік конструкциялар ертеден келе жатыр. «Ұқсайды, ұқсап, ұқсаған т. б. формалары қолданылады» [3; 12] .
2. 5 Аумау сөзі. Бұл сөзді де ғалым Ахметжанова теңеулер жасауда
бірнеше варианттары қолданылады деген пікірді ұстанады. Олар: аумайды, ауған жоқ, аумай қалған, аумай тартқан.
2. 6 «Құдды сөзі. Беретін компаративтік мағынасы бейне, аумау сөздерінің компаративтік мағынасына ұқсайды.
2. 7 Сынды сөзі. Ғалым бұл сөзге ерекше тоқталған, оның бірден-бір себебі, ««Сынды» тек зат есімдермен, әсіресе жалқы есімдермен бірге жұмсалады» [3; 12] . Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген тәсілдермен салыстыра зерттегенде байқайтынымыз, теңеу жасаудағы рольі бәсеңдеу.
2. 8 «Іспетті, текті, әлпетті, тақылетті сөздері. Морфологиялық құрамы жағынан да, компаративтік мағынасы жағынан да, сияқты, секілді, тәрізді шылауларына дәлме-дәл келеді».
2. 9 Құрлым, ғұрлы шылаулары да осы тәсілдер қатарына жататынын сөзге тиек еткен ғалым Ахметжанова, бұл тәсілдің өнімсіздігін алға тартады. Нақты формуласы мынадай: «Атау формасындағы зат есімдермен, -ған тұлғалы есімшелермен және субстантивтенген өзге де сөздермен тіркеседі де, оларды басқа бір сөзбен шендестіреді[3; 12] .
3. Аралас тәсіл. Бұл жасалу жолының ерекшелігі жоғарыда көрсетілген бірнеше тәсілдер бірігіп қолданылуы. Олар:
3. 1 «бейне+-дай, -дей.
3. 2 бейне+-ша, -ше.
3. 3 бейне+секілді (сияқты, тәрізді)
3. 4 бейне+ұқсас
3. 5 бейне+тең
3. 6 ұқсас+-дай, -дей» [3; 13 ] .
Ахметжанованың пікірі негізінен дұрыс, дегенмен топшылау жасағанда үнемділік заңдылығын да ұмытпаған жөн, сондықтан мен жұмыстың негізгі барысын жеңілдету үшін мынандай өзгеріс жасағанды жөн көрдім.
Морфологиялық тәсілдің жасалу жолына жататын -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағының -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнағы фонетика-морфологиялық варианты болғандықтан оларды бір топта қарастырған жөн деп есептеймін. Сонда морфологиялық тәсіл алтау емес, бесеу болады.
Ал синтаксистік тәсілдің жасалу жолын сұрыптайтын болсақ, мынандай өзгеріс келтіруге болады. Аумау сөзі мен құдды сөздерінің компаративтік мағынасы ұқсас болуына байланысты, бір топта қарастыруға болады. Синтаксистік тәсілде 8 топ болады.
Т. Қоңыров теңеулердің синтаксистік құрылысына келгенде, оларды:
- жалаң теңеулер,
- күрделі теңеулер,
- бірыңғай теңеулер,
- толымды теңеулер,
- толымсыз теңеулер,
- болымсыз теңеулер деп алтыға бөліп қарастырады [2, 22-40] .
Жалаң теңеулер - теңеудің көне түрлерінің бірі. Т. Қоңыровтың айтуынша, теңеудің бұл түрінде сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері толық болмайды немесе кейбірі түсіріліп айтылады. Ондай теңеулер, синтаксистік тұрғыдан келгенде, жалаң сөйлемге ұқсайды. Т. Қоңыровтың жалаң теңеулер деуі де осыдан туындаса керек.
Өзінің құрылысы жағынан күрделі теңеу - жалаң теңеуге қарама-қарсы құбылыс. "Мұнда не образ, (көбіне образ) не предмет немесе екеуі де өздеріне бүтіндей күрделі ұғымды негіз етіп алады да, соның нәтижесінде күрделі ойға негізделген, шытырман суретке құрылған, эмоциялық-экспрессивтік әсері күшті теңеулік образдар жасалады", - дейді Т. Қоңыров [2, 23] . «Негізінен, мұндай екі немесе одан да көп тілдік компоненттерден жасалатын теңеулер адамның не құбылыстың кейпін беруде қолданылып, суреттеліп отырған объектіге мейлінше бейнелілік үстемелейді»[8; 4], - дейді ғалым Қ. Е. Тілешова. Теңеу неғұрлым күрделі болса, теңеу соғұрлым бейнелі болады, яғни бейнелеуіштік сипаты да жоғарылайды.
Теңеу сөздердің келесі бір түрі - бірыңғай теңеулер. «Бірыңғай теңеулер конструкцияға құрылған. Бұл теңеулердің өзге теңеулерден басты айырмашылығы - олар бірдей морфологиялық тұлғада тұрып, бірыңғай синтаксистік қызметте болады. Ең бастысы бірыңғай теңеулер арқылы автордың айтпақ ойы бір-бірімен толықтырылып, үдемелі ыңғайластық қатынаста болады» [8; 5] . Бірыңғай теңеулер қосарлана келіп, негізінен, бір объектінің жай-күйін көрсетеді. Олардың оқиғасы күрделі әрекетті беруге бейім екендігін көруге болады. Мұндай тұжырым жасауымызға бірыңғай теңеулердің прозалық шығармаларда көбірек ұшырасатынын да дәйек ретінде айта кетудің маңызы бар.
Толымды теңеулерді орыс тіл білімінде бірқатар зерттеушілер арнайы қарастырған. Олардың қатарында В. В. Томашевский, т. б. атауға болады . Теңеуді толымды және толымсыз деп бөлушілердің пікірінше, ең басты мәселе - теңеуге тән конструкцияның барлық бөліктерінің яғни объектінің, образдың, белгінің түгел болуы немесе болмауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz