Адамгершілік құраушы сапалық қасиеттерін анықтау және оларды қазақтың салт - дәстүрі арқылы жастардың тәрбиесіне ықпалын жетілдіруге ұсыныс беру
Қазақтың тұрмыстық әдет-ғұрыптары негізінде баланы тәрбиелеу мен оқыту
әдістемесі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1 Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық-
педагогикалық мәселелері 7
1.1 Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері 7
1.2 Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі. 14
2. Қазақтың тұрмыстық әдет ғұрыптары негізінде баланы оқыту мен тәрбилеу
ерекшелігі 18
2.1 Қазақ салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыру 18
2.2 ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ 25
Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер 34
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп
қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар
жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз.Осыған орай
мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті
талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді
терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән
бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып,
имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-
адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік
стандарттар деңгейінде білім беру – деген өзінің жолдауында еліміздің
дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып
өтеді.
Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде
ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды
әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.
Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы,
ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйласты, әдептілік
пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды
құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың
үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру
салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір
кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың
жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік
асыл қасиеттерді жинап өскен жасты „көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен
жылу кетпейтін әрдайым жақсылық жолын ойлатын, әр істе әділдік көрсететін
адамдарды „иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша имандылық
иманнан пайда болған. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни,
имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла
жіберген әрбір пайғамбарының міндеті өскелен ұрпаққа,балаға тәлім-тәрбие
мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, оқушы бойына асыл
құндылықты дарыптау болып табылады.
Академик Волков Г.Н.. ...батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды
аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы
ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай
тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ — деп жазады. [4.20].
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің
белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан
оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-
саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен,
шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен
тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени
мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында
ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-
дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек”
деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады
[29.26]. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана
тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі
рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен
халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” –
деген ой түйген болатын.
Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз
бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза
жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді, -деп
жазады.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ
сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті
келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан,
даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің
басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.
Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша,
татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-
тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте
көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге
ұмтыла ма, “халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын
мақтаныш тұта ма, деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн..
“Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле”, — дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді
көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан
еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру
– біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық
қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы
мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да,
адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның
салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің
не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық
жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған
шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу
орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.
Көбінесе тақырдан басталған халықтық тәрбиенің негізі – орыс
мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарынан, әдістемелерден
аударып бағдарламаларға енгізілді. Ал, бұл тұста атап айтып тұрғандай,
біздің ұлтымызға ғана тән тіліндегі, дініндегі, өмір сүру үрдісіндегі,
тұрмыс салты мен әдет-ғұрпындағы басқа ешбір халықта қайталанбайтын
ерекшеліктер ескерілмеді. Басқасын былай қойғанда жетпіс жыл бойы солақай
саясаттың шырмауында, сол кездегі саясатқа байланысты қазақ мектептерінде,
ұлттық мектептерде тәрбие мүлдем жүргізілмегендігі ешкімге жасырын емес.
Бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің он жылдығын атап өтіп, егемендігіміздің
еркіндігінің есебі өмірдің – сан-саласында қанат жайып, шарықтаған тұста,
әлі де ауыз толтырып, ұртымыз ісіп, мақтанып айта алмайтын күрмеуі шешілмей
келе жатқан мәселелер аз емес.
Жоғарыдағы ойымызды тірілтер болсақ, қазақ тілінде дәріс беретін
көптеген мектептерде “Халық педагогикасы” өз дәрежесінде жүргізілмейді.
Осының салдарынан ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты аяқ асты ету, үлкенді
кішінің, ата-енені келіннің сыйламауы, ағаның ақылын інінің алмауы,
жастардың еңбекті сүймеуі, жатып ішер жалқаулық, нашақорлық пен
маскүнемдік, пайдакүнемдік т.б. сорақы қылықтар жастар арасында жиі көрініс
беруде.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу,
парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан
халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы
ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей
тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді
жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай , айсыз
қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңының
8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: “Азаматтық пен елжандылыққа,
өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және
қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеп, қазақ халқының
мәдениеті мен дәстүр салтын оқып-үйрену үшін жағдай жасау” деп көрсетілген.
Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу
орындарында дейін кең түрде насихаттау қажет.
Бұл мәселемен Республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап
айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаев, М.Балтабаев, Ә.Табылдиев,
С.Тілеуова, Қ.Ералин, Б.Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.
Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-
тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік
қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық
орын алуда.
Зерттеудің мақсаты:
Адамгершілік құраушы сапалық қасиеттерін анықтау және оларды қазақтың
салт-дәстүрі арқылы жастардың тәрбиесіне ықпалын жетілдіруге ұсыныс беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе
әдістемелік әдебиеттерді анықтау.
- Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
- Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын іріктеу.
- Бастауыш сыныптарда имандылық тәрбие берудің мүмкіндіктерін ашу.
- Қазақ этнопедагогикасы негізіндегі имандылық тәрбиенің жолдары мен
құралдары, нысандары мен әдістерін айқындау.
- Машықтамада қолдана алу
Зерттеу субъектісі: кіші мектеп оқушылары
Зерттеу нысаны: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру
барысы.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер қазақ салт-дәстүрлерінің оқушыларда имандылық қасиетті
қалыптастыруы тәлім-тәрбиелік тұрғыдан сұрыпталып, оқу-тәрбие процесіне
ендірілсе, онда оқушылардың иманды қасиеттерін қалыптастыру нәтижесі
артады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытыныдыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

педагогикалық мәселелері
1.1 Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері
Шығыс ауыз әдебиетін жасаушылар да, халық ауыз әдебиетін ақтаушылар
да, келер ұрпақты тәрбиелеуде құрал ретінде жұмсаушылар да ақын-жыраулар
болғанын, олар өздерінің жыр маржанымен жастардың сана-сезімін тәрбиелеп
жетілдіруде қоғамдық тәрбиешілердің рөлін атқарғанын аңғарамыз.
Қазақтың ұлттық этнопедагогикасының ерекшелігі — ұлттық тірегінің
көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің
тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған. Екі
қазақ кездесе кетіп амандық сұраса, "мал-жан аманба?" - деп сұрауы да сол
арнаға саяды. Терісі мен жүнін киім қып киіп, еті мен сүтін азық етіп күн
көрген, сауса сауын, мінсе көлік ретінде пайдаланған төрт түлікті (әсіресе,
жылқы малын) қадірлеп, қастерлеу қазақ баласы үшін өмір заңы болып
есептелген. Өйткені, малдан айырылу шыбын жаннан айырылумен бірдей болған
(Бүған 1932 жылғы ұжымдастыру кезінде қазақтардың малдан айырылып, аштың
–қырғынға ұшырауы айқын дәлел). "Мал ашуы — жан ашуы", "Малдының беті
шарық, малсыздың күні кәріп", "Мал баққанға бітеді", "Жаманға жан жуымас,
жалқауға мал жуымас" деп, ерінбей еңбек етсең ғана мал табасың, малсыз
өмір жоқ, күн көрісің қараң деген ой түйген. Ол заңды да. Себебі, тіршілік
етудің басқа түрі жоқ көшпелі қазақ елі үшін мал бағып күн көру - өмір
сүрудің негізгі тірегі болып саналды. Осымен байланысты - төрт түлік малға
арналған мақал-мәтел, ертегі - әңгіме, жаңылтпаш, жұмбақтардың қазақ ауыз
әдебиетінде орасан көп болуы, мал атауларының молдығы, бір жағынан, ұлттық
психологияның тілдегі көрінісі болып саналса, екіншіден фольклордық
шығармалардың этнопедагогикада тәрбие түралы ретінде қызмет еткенін
байқатады.
Тұрмыс-тіршіліктің, еңбек пен кәсіптің өмірдегі көрінісі ұлттық салт-
дәстүрлер арқылы марапатталатыны көпке аян. Ал қазақ халқының салт-дәстүрі
малмен, көшіп-қонумен байланысты туып дамыған. Наурыз тойлары, көшіп келген
ағайынға ерулік немесе көшерде көршілерге көшерлік беру, бие байлау, сірне,
қымыз жинау, малдың төлдеуімен байланысты уызға, күздікте қарын- майға,
қыста соғымға шақыру, отқа май қүю, келіннің отына салар әкелуі, т.б. ырым,
жол -жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен
есептеу сияқты салт -дәстүрлердің халқымыз-дың тұрмыс- тіршілігімен
байланысты туғанын дәлелдейді. Сөйтіп, салт -дәстүрлер, бір жағынан,
халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы іспетті болса, екіншіден, сол арқылы
ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершілікке, өнерге, өмірге икемдеуде
тәрбие құралы ретінде пайдаланған.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтық салт –дәстүрлер мен
ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат-мүдделері,
негізгі қағидалары бар.
Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми
педагогикамен байланысы тәрбиенің негізгі қағидаларының (принциптері)
болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз
етсек, олар мыналар демекпіз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу. Жас
нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш
әкелумен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін
халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара
ашылады. Ол белгілі мақсат-тілекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл азаматы
болуын аңсап- армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі,
ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады.
"Ақылын, жасын берсін" деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне
орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады,
қырқынан шығару ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді, үлкендерден бата
алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата- тілектерінде келешектен
күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата- ананың
аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік
жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті
орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің
қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл
баланы қозы, лақ қайтаруға, отын- су әзірлеуге, мал өнімдерінен тұрмысқа
қажетті құрал -жабдық (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару -жарақ,
т.б.) жасауға әзірлеу, қора салу, киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық,
зергерлік өнерге үйрету, т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс -аяқ жуу, үй
сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту,
қонақ күтуге, т.б. үйреткен.
3. Халық педагогикасында "Бірінші байлық — денсаулық" деген ұғым өзекті
орын алған. Дені саудың жаны сау, Ас адамның арқауы, Ауру астан деп
рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына
байланысты қарастырған. Баланы туған күнінен бастап тұзды сумен шомылдыру,
маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас
беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған
әрекеттер.
4. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту,
ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар -ожданды қастерлеу басты
қағида болып есептелген. "Жаным - арымның садағасы" деп арды адамгершілік
қасиеттің үлгісі санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі.
"Отан отбасынан басталады" деп ұққан ата -бабамыз отбасының, ананың, рудың,
отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа
ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған.
"Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Жақсы - көпке ортақ", "Ел үшін
еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды" деген өсиет тәрбиеден өзекті орын
алған.
6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу үшін денені
шынықтыру қажет. Халық педагогикасында "Шынықсаң, шымыр боласың" деп ой
қорытқан ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыспақ, күрес,
теңге алу, қыз қуу, т.б.) арқылы дене тәрбиесіне баса көңіл бөлген.
7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген
халқымыз жастарға "Өнерлі өлмейді", "Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан
мыңды жығады", "Білім - таусылмас кен, өнер - өлмес мүра" дегенді
насихаттап ертегі, өлең- жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата- бабамыз өз
ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға, әсемдікке
тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең- жыр, ертегі, аңыздар
шығарған. Мұның бәрі сайып келгенде "сегіз қырлы, бір сырлы" еңбек сүйгіш,
арлы азамат тәрбиелеуден туған халықтық қағидаға негізделген.
"Сегіз қырлы, бір сырлы" азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық
халықта бар ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды "кішкене болса да
өнегелі, ақылды", "ақылды да сүйкімді", "қайырымды жігіт" деп санаса,
таулықтар "нағыз жігіт" деп атайды. Ал чукчалар "адал өмір сүретін азамат"
дейді. Ол теңізде - жүзгіш, соғыста - батыр, ғылымда - терең ойлы, билікте
- әділ, еңбек-те - шебер, өмірде - бірлікшіл, сөзде - шешен, атыста
-мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.
Өзбектер қайырымды, ізгі жүректі адамды "иман-жүзді, құдайы бар азамат"
дейді.
Ал қазақта сегіз қырлы азамат дегенді еңбек сүйгіш, бауырмал, батыр,
өнерлі, өнегелі, шыншыл, әділ, адал болу деп түсінеді. "Сегіз қырлы, бір
сырлы",жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа
пайдаланған.
Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен
байланысы қандай дегенге келейік.
1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып
жүргізуді талап еткен. Мәселен, "Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он
бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай
бағала" деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен
қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін меңзейді. Ал бұл ғылыми
педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін
(психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. "Баланы туады
екенсің, мінезді тумайды екенсің", "Бір биеден ала да туады, құла да
туады", "Балаңа үміт арту - әкенің парызы, ақтау -баланың қарызы" деп ой
түйіндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата- ананың,
отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен
ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская,
А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. Жүмабаев сынды ұлағатты
ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп
жатыр.
4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге,
оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін
үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. "Ата балаға
сыншы", "Баланың балалығына әкенің даналығы бар", "Ақырып айтқаннан ақылмен
айтқан артық деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің
жылы жүректі болуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуін орынды санаған.
5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту — бүгінгі
педагогиканың ең көкейкесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып- тәрбиелеу
ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабалармыз "Армансыз ұлан
- қанатсыз қыран", "Арманы жоқтың пәрмені жоқ" деп келешекті қиялдай
білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.
6. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің
біртұтастығы. Тәрбие ісінің бір тұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат
бірлігінен туындайды. Кез келген тәрбие құралына талдау жасасақ, тәрбиенің
түрлері (еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, т.б.) іштей сабақтасып
жатады. Оны бесік жырынан, бата- тілектер мен терме толғаулардан байқауға
болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де
қуаттайды.
7. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы
да, ғылыми педагогика да құптайды. Халық педагогикасында айтылатын "Адам
пәниден бақиға дейін тәрбиеленеді"- дейтін қағида осы ойдан туған.
8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер
иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. Халықтық
педагогикада "Көп талқысы - тез", "Көп қорқытады, терең батырады", "Көпке
қарсылық - құдайға қарсылық" деп ұжымдық тәрбиені құптаған. Ұжымдық
тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген. Қорыта айтсақ, халық
педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының
қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек нысаны ғана емес,
сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің
дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып
табылады. Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде тәжірибелік те,
ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз. Қай ғылымның болмасын,
тұрақты ғылыми терминдері болатыны сияқты, қазақ этнопедагогикасының да
белгілі терминдері бар. Оларға, жалпы алғанда, мыналар жатады: шәкірт,
мұғалім, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу,
үлгі-өнеге көрсету, ақыл- өсиет айту, оқыту, әдеттендіру, жаттықтыру,
жадында сақтату; тәрбиенің түрлері: дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, ақыл-ой
тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, әсемдік тәрбиесі, табиғатты аялауға
тәрбиелеу, ерлікке, ұлт жандылыққа тәрбиелеу, ұл, қыз тәрбиесі, т. б.
Жоғарыда аталған халық педагогикасының негізгі қағидалары мен
ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы
айналысып, келелі үлес қосқан көрнекті ғалым Г.Н. Волков педагогикалық
әдебиеттерге тұңғыш рет "этнопедагогика" деген ұғымды енгізді.
"Этнопедагогика - халықтық жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың
педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы - халықтың ауыз
әдебиетінде, салт-дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен
ойыншықтарында кездесетін педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу
тәжірибесінің жиынтығы. Этностың педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан
ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Онда халыққа қажетті қасиеттерді
қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің,
әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы қарастырылады"
дей келе, оның зерттеу тақырыбы - тәрбие, ал тәрбие нысаны - адам, тұлға",
- дейді Г. Н. Волков. Ал педагог және философ ғалым Г.Н. Филонов:
"Халық педагогикасы - жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-
тәсілдері. Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы
жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәжірибенің, мінез- құлық,
жүріс-тұрыс ережелерінің, қоғамдық дәстүрлердің, белгілі идеологияның
жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен
салттарда көрініс табады".
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте "Халық педагогикасы дегеніміз
- ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі
ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің
эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының
негізгі түйіні - еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді
жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру"
деген анықтама берілген. Біз осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп
санаймыз.
Ал академик А.К.Конның басшылығымен 1983 жылы "Педагогика" баспасынан
шыққан этикалық сөздікте "Әдет-ғұрып дегеніміз - белгілі бір қоғамда немесе
ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан
қоғамдық тәртіптің түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әр түрлілігіне және
күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі
әрекет етуін қалайды. Яғни бір қоғам ішіндегі адамдардың еңбек ету
тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ болуын, олардың саяси-қоғамдық іс-
әрекетінің және күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынасында немесе көзқарасында
бірыңғайлылық әрекеттің болуын талап етеді. Осының бәрі әдет-ғұрыптың,
салттың жиынтық көрінісі болып табылады",- деп тұжырымдаса, ал "Дәстүр
дегеніміз - әдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әр түрлі формасы. Ол
адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының
ұрпақтан-ұрпаққа белгілі түрде ауысып берілетін түрі" деген анықтама
береді.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт - адам
өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі
қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол
-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет,
адамгершілік, құқық, діни ережелерімен байланысты көрініс береді де,
біртіндеп ауыл-аймақ, ру, тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.
Ал дәстүрлердің өресі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр - қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның
қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын рәсім. Ол
ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтың ортақ өнерде немесе қоғамдық
қатынаста көрініс беретін құбылыс. Дәстүр идеологияға жақындау да, ал салт
қоғамдық психологияға жақын. Мәселен, үлкенді сыйлау, қонақжайлылық
дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол -жоралардан,
рәсімдерден тұрады. Салт-дәстүрлер - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге
туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ
тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере
отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше
құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.
Дәстүр үшін өткен дәуірде қалыптасқан көзқарас пен іс-әрекеттің
мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет. Мінез- құлықтың
мазмұны мен сыртқы көрінісінде, қолдану стилінде бірізділік болуы керек.
Яғни, мінез-құлықтың сыртқы формасында ерекше тұрақтылықтың болуы шарт. Ал
ол форма белгілі заңдылыққа айналғанда мінез-құлықтың мазмұнына үстемдік
ете бастайды. Бұл жағдайда дәстүр дағдылы рәсімге айналады.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Н. Сәрсенбаев өзінің "Әдет-
ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір" атты еңбегінде әдет-ғұрып пен дәстүрдің
қоғамдық өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан
талдау жасап: "Дәстүрге әдет- ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері
мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді", - дейді.
Белгілі бір қоғамда немесе ұжымда қалыптасқан дәстүр, өзінің өмір сүру
заңдылығына толық ие болғаннан кейін сол қоғамдық өмірден жалғасын табады
да, тұрақты орын алады. Екіншіден, дәстүр әдет-ғұрыптық жинақталған,
көпшілікке ортақ салтанатты түрде қолданылатын түрлері мен рәсімдерін де
қамтиды. Мысалы, әскери салтанатты шерулер, әнұран ойнау, елтаңбаны,
туларды дәстүрлерге жатқызамыз.
Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі,
көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы, біз Пушкин, Горький,
Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың әдеби дәстүрін
жалғастырушылар деп, ал ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың ілімдік
дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз. Дәстүр - тарихи тұрақтанған, қоғамдық
қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын,
көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі. Ал жол-
жоралар ырымдар - әдет- ғұрыптың бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр
тоғысып, туындайды. Бір әдет-ғұрыптың бірнеше ырымдар мен рәсімдерден, жол-
жоралардан тұруы мүмкін. Ырым, рәсімдер, жол- жоралар салттық құрамдас
бөлшектері болып саналады да, дәстүр - осылардың сұрыпталып, өмір өткелінен
өтіп, тұрмыста тұрақты орын алған синтездік формасы. Ал әдет ғұрыпқа
салттың синонимі деп қарау керек.
Салт-дәстүрлер бір жағынан халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланысты
туған этнографиялық құбылыс болып саналса, екінші жағынан ұрпақ тәрбиесінің
рәсімі болып саналады. Сондықтан ұлттың салт-дәстүрлердің мән -мағынасын
тәлімдік тұрғыда қарастырып, тозығынан озығын айыра қарау, бүгінгі заман
талабына сай келетін прогрессивтік мәнді дәстүрлерді ұрпақ тәрбиесінің
пәрменді құралы ретінде орынды пайдалана білу қажет. Қорыта келгенде,
этнопедагогика дегеніміз - фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-
дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән- мағынасы мен оны оқу- тәрбие жүйесінде
қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Салт-дәстүрлер халықтық тұрмыс-тіршілігімен, өмірге деген
көзқарасымен байланысты туып дамитын болғандықтан, оның дінмен байланысын
да сөз етуге тура келеді. Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен
байланысты наным- сенімдер көптеп кездеседі. Мысалы, малға топалаң, ауру
-індет келгенде немесе қуаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбарынып
мал сойып, аңсарбас айту, тасаттық беру, құдайдан жаңбыр тілеу немесе бала
көрмеген ата -аналардың әулиелер басына түнеп, мал сойып, ақтық байлауы,
т.б. діни наным-сенімдермен байланысты туған ырымдар. Дінмен байланысты
туған ырымдардың адамды имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеуде прогрессивтік
мәнінің болғанын, оның халықтық табиғат-жаратылыс жөніндегі түсінігі төмен,
өзін қоршаған ортаға эмпиристік көз-қарасы басым кезіндегі түсінік, наным-
сенімінің елесі екенін жасыруға болмайды. Жалпы, дін мен ғылымның ұзақ
уақыт қатар жасасып келе жатқанын, адамды тәрбиелеуде екеуінің де белгілі
рөл атқаратынын, бірақ қоғам, табиғат- жаратылыс заңдылықтарын түсіндіруде
ғылым мен діннің арасында үлкен алшақтық барын ажырата білу керек.
Этнопедагогика - ұлттық салт-дәстүрлердің тәлімдік мән-мағынасын
зерттейтін ғылым саласы болса, ал этнопсихология - халқымыздың сан ғасырлар
бойы қалыптасқан дәстүрлері мен салттарындағы ұлттық сана-сезімін, өмірге
деген көзқарасын, өзіндік ойлау ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
Олай болса, этнопедагогика мен этнопсихологияның даму процесінде
ортақ заңдылықтар бар деп қарауға тура келеді.
Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері:
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның
құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, аумағы мен
экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол
ұлтқа тән кейбір этнос-тық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады.
Ұлттық психологиялық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз
байланыс бар. Ұлттық психологиялық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен
көрініс береді. Мысалы, біз ән-күйлерді, билерді тыңдай отырып немесе ою-
өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден
айырамыз.
1.2 Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі.
Қазақ халықтарының ежелгі педагогикасы мен бала тәрбиелеу дәстүрі олардың
ауыз әдебиетінен айқын көрініп тұрады. Қай ұлтта болмасын халық ауыз
әдебиетінде ең алғаш пайда болған, ең түңғыш айтылған өлең, жыр, әңгімелер
балаларға, тәрбие мәселесіне арналған. Өйткені, баланы өз өмірінің жалғасы
деп ұққан. Ерте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдық
орын: ясли, балалар бақшасы, мектеп болмаса да, тәрбиені балаларына бесікте
жатқан кезінен бастап-ақ халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере
бастаған. Олар өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым
жолымен сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі
белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған. Жастайынан-ақ
есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, табатын ізшіл де,
құралайды көзге атап түсіретін мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі тек қана
мал шаруашылығына байланысты болғандықтан 6—7 жасынан-ақ олар ат құлағында
ойнайды. Оқу-сызу өнеріне машықтанбаса да, бір есіткенін қалтқысыз есте
сақтайтын қабілеттілігі де күшті болған. Олар сондықтан да қызық-қызық
ертегілерді, ұзақ-ұзақ жырларды жатқа айтатын болған. Бесік жыры,
айуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал мен
мәтелдер, өтірік өлеңдер — бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-майрам
етеді. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорын байытып, бірден
бірге мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді. Тек бұл емес, халықтың
шығармалар ішіндегі әржақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола
беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын
шыңдап отырады. Ежелгі Қазақстандағы тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз
түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие ‘басы алдымен әдептілікке
үйретуді көздеген. Хат білмесең де әдепті бол дегенді басты міндет етіп
қойған. Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш
елгезек бол деп үйреткен. Бұл еңбекке баулудың алғашқы көрінісі болатын.
Төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулуды көздеген. Бесіншіден, білгір бол,
ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ
болма, құйма құлақ бол дегенді ‘бойларына сіңіре берген, Алтыншыдан,
үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден,
кісі айыбын бетіне баспа — дейді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген
сөз емес, қарып-қасерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы
ақсақ деген сияқты) көрсетпе деген сөз. Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол,
халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді
үйретеді. Халықтық шығармалардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін
бұдан басқа да тәрбиелік әсері ұшан теңіз. Халықтың шығарма балаларды адам
баласының өткен ғасырлардағы тарихи өмірі, тұрмыс, әдет-салты, күн көрісі,
шаруашылық — экономикасы, мәдениетімен таныстырып отырады. Балалар мен
жасөспірімдерге арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас
нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келер мүмкіндіктерін соның жолына
бағыштауға тырысады. Мұнда балаға деген сый-құрмет, ықыластар, оның болашақ
азаматы ‘болсын деген тілек-мақсаттардан туатыны айтылған. Халық тәрбиесі
баланы жас басынан көпшіл, қоғамшыл, ынтымақшыл, сый-сияпат көрсете білетін
өнегелі де әдепті адам ‘болуын көздеген, баладан адамгершілік қасиетті
талап еткен. Қолы ашық, алақаны жазық болсын, жұдырығын түйген сұм болмасын
дегенді балаға жас басынан ұқтыра беруге тырысқан. Баланы күту, бағу,
тәрбиелеу, әлпештеп ақ бесікке салу, оның мәңгілік қамқоршысы болу — ата-
ананың борышты да, басты міндеті деп бағалаған. Бала туғанда шілдехана
жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш ету, оны өздеріне ‘бақыт санау
жалпы халыктық салтқа, әдетке айналған. Бала ата-ананың бауыр еті, жүрегі
деп бағалаған. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша қазақ балалары
тәрбиені үй ішінен, өзінің көрген-білгенінен, ауыл айналасынан үйренетін.
Еңбекші халықтың балалары 6—7 жасқа келісімен-ақ ауыр жұмыстарға жегіліп,
үлкендердің көмегімен жас төлдерді бағуды, күтуді өз қолдарына алатын. Олар
көшпелі тұрмыстың ауыр жағдайына байланысты неше алуан қиын-қыстау
жағдайларды бастарынан кешіріп, тек қана мал бағумен күнелткен. Басқа
кәсіпті, өнер-білімді білмеген. Сондықтан қазақ халқы бала жұбатса да,
ойнатса да, еркелетіп сүйсе де немесе оның жақсы қасиеттерін бағалағысы
келсе де өзі кәсіп еткен малдардың ерекше жақсы қасиеттеріне, көркем
тұлғасы мен көрінісіне теңеп айтатын болған. Қошақаным құлыным, бота
көзім, ақ маралым, ақ тайлағым, ақ тоқтым, марқа қозым деп
отыратын болған. Балаға деген осы құрмет, осындай ылтипат ойларды да
мейлінше кішіпейіл, рақымшыл және ұяты бар азамат етіп шығаруға жол ашқан.
Балалар мен жас өспірімдер тіпті жігіт ағасы болған адамдар да өзінен
үлкенді атымен атамай, аса бір сый құрмет көрсетулері үшін: жақсы аға
өнері бар кісі болса, ақын аға одан үлкенірек болса көке, жәке,
ата, жасы сексеннен асқан адамдарды көргенде: о құдіретіңнен айналайын
баба деп қол қусырып, иіліп сәлем беретін болған. Өзінен үлкенге құрмет
көрсету осындай тәрбиенің жемісінен туған жақсы әдет, жарастықты салтанатқа
айналған. Төрт түлік малдың ішінде қазақ халқының аса қадірлейтін жан
сүйері түйе болғандықтан бұл жайында айтылған өлең, жыр, әңгіме, ертегілер,
мақал-мәтелдер мен әсерлі теңеу сөздер өте көп. Түйенің барлық жақсы
қасиеттерін, төзімділігін күй талғамайтындығын көрсетіп, жұмбақ тәрізді
етіп, әдейі балаларға арнап айтылған өлеңдер де бар. Жас бала өзінің
албырттығына салынып ешнәрсеге ықыластанбай, оның аяғын салғырттыққа
айналдырып жіберсе, түбінде өмір соққысына душар болатынын алдын ала
ескертеді. Еңбек түбі зейнет дейтін сияқты, еңбектенсе ғана ойлаған
мұратына жететінін жас басынан-ақ олардың құлағына құйып, бойына сіңіре
береді. Халықтык, шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге
үйрететін, тілін дамытуға жаттықтыратын жанр да бар. Ол — жаңылтпаш. Бұл
жанр тікелей бала тәрбиесіне арналған, соған тән мұра. Олай дейтініміз
айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету — ол көбіне балаға тән
нәрсе. Мұнда міндетті түрде окыту арқылы ғана емес, баланы көркем сөзге
әуестендіру, соған баланы еліктіру арқылы жаттығу жұмысын жүргізу үшін
қолданылған шеберлік бар. Бұған алғаш үлкен кісілер де араласады. Баланың
тіліне, оның әрбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz