Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1тарау. Жалпы мемлекет туралы түсініктеме.
1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Мемлекет қоғамның саяси
жүйесінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 14
2-тарау. Қазіргі кездегі құқықтық мемлекет түсінігі, мәні және белгілері.
2.1. Құқықтық мемлекет түсінігі мен мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Мемлекет саяси жүйенің аса маңызды институты болып табылады. Ол билік
пен ресурстарды өз қолына шоғырландырады., бұл оған қоғамдағы әлеуметтік
өзгерістерге тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді. Мемлекет – белгілі бір
құрылымы бар, саяси билікті және белгілі бір аймақтағы әлеуметтік
үрдістерге басшылық жасауды ұйымдастыратын саяси қауымдастық болып
табылады. Анығырақ айтсақ, ол тұтастай алғанда қоғамның өмір тіршілігін
ұйымдастыру және жетекші таптың, басқа да әлеуметтік топтар мен халықтың
белгілі бір тобының саясаттарын іс жүзіне асыру үшін құрылады. Мемлекет
қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды
бөлігі . Өйткені саяси өкіметтің қызмет атқаруы мемлекетпен тығыз
байланысты. Сондықтан да мемлекет туралы мәселе өте күрделі және көп қырлы
мәселе . Оның философиялық - әлеуметтанымдық қыры мемлекетті белгілі бір
қоғамның экономикалық базисі таптық - әлеуметтік формациялардың тарихи –
қоғамдық дамуының құралы деп қарайды . Ал оның заңдық қырына келсек, ол
мемлекет құрылысының мәселелеріне қоғамдық институт деп қарайды да қоғамдық
өмірді құқықтың түрлі салалары арқылы реттеп отыруды көздейді. Саясаи-
экономикалық жағы мемлекетті экономикалық процестерді реттеуші құралы
ретінде көрсетеді.
Мемлекеттің саяси қырын әңгіме еткенде біз таптардың әлеуметін топтар
мен жіктер арасындағы өзара қатынастарды, әртүрлі қоғамдық жүйедегі немесе
бір жүйедегі мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеуші қоғамның саяси
партиялармен ұйымдар, азаматтардың саяси қызметпен айналысатын басқа да
бірлестіктері сияқты. Саяси институттар жүйесінде қызмет ететін мемлекетпен
айналысады. Мемлекет мәселесінің айтылып өткен қырлары бір- бірімен өзара
тығыз байланысты. Өйткені әңгіме тұтас бір құбылыстың әртүрлі жақтары
туралы оның қауымдас бөліктерінің бірлігі, мәні туралы болып отыр. Демек ,
қазіргі кезде айтылып отырған мәселенің саяси қыры айрықша мәнге ие болуда.
Оның себебі, біріншіден бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамында болған
республикалар тәуелсіздікке қол жеткізіп егеменді мемлекеттер болды. Мұның
өзі әлемдегі саяси қатынастарды түбірімен өзгертіп, саяси күштердің жаңаша
қалыптасуына әкелді. Саяси республикалар сияқты Қазақстан да дербес
мемлекет болып, халықаралық саяси – экономикалық қарым- қатынас аясына
шықты, сөйтіп оның басқа мемлекеттер мен қарым- қатынасы мүлдем жаңа атаққа
ие болуда. Мұның өзі Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып ,
жүзден аса елдермен дипломатиялық қатынас орнатуына айқын көрінуде.
Үшіншіден, жаңа егемендік мемлекет ретінде Қазақстанның алдында Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығында мемлекетаралық қатынастың жаңа деңгейіне шығу
міндеті тұр. Ол қатынастар әртүлі, жан - жақты және саяси қырын ашу әлі
аяқталмаған, шешімін толық тауып болмаған процесс.Төртіншіден Қазақстан
Республикасының жаңа құқықты мемлекет құруға бет алуы мемлекет қызметіне
барлық деңгейін, оның функцияларын түгелдей жаңа салаға көтеруді қажет
етуде. Бұл міндетті шешуге барлық саяси күштерді жұмылдырып саяси
процестерді реттеуде мемлекеттің атқаратын тек құқықтық ғана емес, сонымен
бірге ол үлкен саяси проблема. Құқықтық мемлекет әрі саясаттану әрі
құқықтық ілімдердің обьектісі. Өйткені ол саясат пен экономикалық мемлекет
пен халықтың бүкіл азаматтық пен таптық жалпы мемлекеттің кең аймақтық
мүдделердің ара қатынасын қамтиды. Сонымен қатар бұрынғы әмірлік жүйе
кезінде қалыптасқан мемлекеттің орнына жаңа мемлекеттік механизмдер құру
процесі жүріп жатқан кезде проблеманың саяси жағын талдап , зерттеу
саясаттану ілімінің алдына көптеген жаңа мәселерді қоюда.
Қортындылай келгенде; мемлекеттің ең басты міндеті- қоғамның тұрақтылығын
орнатып; қалыпты тіршілігіне жағдай жасау: ол әртүрлі топтарға, таптарға ,
жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

1.1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні.
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған.
Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық
қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып
ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты. Мемлекет деген
ұғым екі мағынада қолданылады :1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың
ұйымын білдіреді де халық , қоғам , ел деген ұғымдарға сәйкес
келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының , мемлекеттік аппараттың
жиынтығын білдіріп, үкімет , әкімшілік деген ұғымдарға сай келеді .
Саясаттануда екінші мағынасында қолданады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол
көзқарасты ұстанамыз.
Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі , оның негізгі ұйымы. Ол –
керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында
тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың
арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық
механизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда
дүниеге келді. Оның пайда болуы мәні жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.
Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар :
1. Теологиялық теория : Оның негізін салушылар. А. Августин, Ф. Аквинский
мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіреді.
2. Патриархалдық теория : Оның негізін салушы ХVIII ғасырда өмір сүрген
ағылшын ойшылы Роберт Филлер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға,
тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке шейін
бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.
3. Қоғамдық келісім теориясы : Т. Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж. Руссо егеменді
әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет
пайда болды дейді.
4. “ Зорлық жасау ” жасау теориясы : Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский бір
елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу
үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
5. Географиялық теория : Ратцель, Чичерин мемлекеттің пайда болуы
географиялық ортаның ауа райы, жер бедері және т.б өзгешеліктерінен деп
түсіндіреді.
6. Психологиялық теория : Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі-
бақи тән болған дегенді айтады.
7. Марксистік теория : Мемлекеттің пайла болуын жеке меншік пен таптардың
шығумен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси
үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа топтардың қарсылығын басу үшін
керек деп санайды.
Ф. Энгельс мемлекет әрдайым “ ең қуатты экономикалық жағынан үстем таптық
мемлекет болып табылады, сондай- ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси
жағынан да үстем тапты басып жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие
болады ”- деп жазды.
8. Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті
бітістіруде , татуластыруда деп біледі.Оған барлық халықтың , ұлттың
мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым , құрал ретінде
қарайды .
Қоғамға қауіпті әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене
араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік
топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін
ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін
айтамыз.
Мемлекеттің шығуын ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи
кезеңімен, яғни әлеуметтік топтармен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-
әлеуметтік теңсіздіктерінің орнығуымен байланыстырады.
Мемлекет дәулетті таптық саяси , экономикалық үстемдігін нығайту құралы
болып келді. Ал “мемлекет ” деген атау термин ретінде жаңа
заманда итальяндық қайта өрлеу кезеңінде шықты. Ол алдымен Испанияда
орнығып одан Франция мен Германияға артынша ХІХ ғасырға дейін бүкіл Европа
елдеріне тарады. Испанияда “мемлекет” ұғымы деп алынады, яғни ол латынның
“состояние ” , “қалыпты жағдай ” деген сөзінен туды. Әдепкі кезде ол өкімет
функциясы ретінде қаралды да мемлекеттік өкімет ұғымына көшті . ХVII
ғасырдан бастап “мемлекет ” деген атау мемлекеттік мекемелер, бір салаға
ұстемдік ету, мемлекеттік халық деген түсінікпен де сипатталады. Бұл ұғым
аталған жаңа заманға тиісті құбылыс болсада қазіргі кездегі мемлекеттің
дамуына байланысты оның мағынасы кеңірек анықталып отыр. “Мемлекет” деген
атаудың мағынасына жаңа заманға дейін қолданып келген, бірақ кейіннен
жоғалған ескі сөздердің де мағынасы қосылып кетті. Осыған байланысты
“мемлекет” белгілі бір айқын тарихи жағдайға байланыстыра қарау керек. Оны
ұғым ретінде ғана қарамай, мемлекеттік құрылымдардың уақыт пен кеңістікке
қарай өзгеріп отыратынын, оның көп түрлі болатынын, соған қарай ұғымның да
тұрақты болмайтынын еске ұстаған жөн.
Мемлекеттің халықаралық құқықтық субъектісі болуы үшін өзіне
лайықты санасы болуы керек. Ол сана мынадай үш элементтен тұрады:
1. Мемлекеттің жер аумағы.
2. Мемлекеттік халық.
3. Мемлекеттік өкімет.
Мемлекеттің жер аумағы – бұл әлемнің шектелген бір бөлігі, үстемдік
етілетін ерекше өңір. Мемлекеттік халық – бұл ұзақ мерзімге бір жерде
орналасқан адамдардың одағы. Олар кезеңде белгілі бір мемлекетке
Д.Жамбылов. Саясаттану. Алматы. Жеті жарғы. 2005. 84-93 бет.
мүшеліктермен құқықтық жағынан бір- бірімен өзара байланысты. Бұл арада
жердің көлемі онда тұратын адамдардың саны шешуші рөл атқармайды. Кішігірім
шағын мемлекеттер де болып есептеледі. Мемлекеттік өкіметті егеменді
негізде іске асыру үшін ең болмағандажер аумағының елеулі бөлігінде
халықтың көпшілігіне ұзақ мерзімге бағдарланған үстемдік ететін қайырымды,
қажырлы үкіметі болуы керек.
Мемлекеттік өкімет егеменді болуы немесе ішкі жағдайда бұл сол жерде
тұратын барлық саяси күштердің өзінің өкімет билігі жағынан тәуелсіз болу
керек деген сөз. Өкімет билігін тұрақты, тиімді монополиялық иемдену сол
өкіметтің құралы болып есептеледі. Халықаралық құқық солай осылай болу
керек деп таниды. Онсыз ешбір мемлекет өзінің халықаралық міндеттерін
орындап отыра алмайды. Егер мемлекеттің ішкі егемендігі өкіметтің өмір
сүруіне байланысты категория болса , сыртқы егемендігі- құқықтық
категория. Бұл халықаралық құқықтан басқа ешбір беделге құқығы жағынан
тәуелді емес деген сөз. Солай бола тұрса да сыртай егемендік іс жүзінде
бөтен өкіметтен тәуелді болуды түгел жоймайды. Ішкі мәселелерді реттеу
әрбір мемлекеттің өз ісі. Солай болғанымен оның ішінде әділетсіздік орын
алса, бұл мәселе халықаралық құқылық жауапкершіліктің субъектісі болып
табылады. Мемлекеттің мәні , әрине жоғарыда келтірілген үш элементтен
әлдеқайда терең де кең. Ол элементтер органикалық біртұтас субъектілер мен
объектілерді қоса қамтитын және ұрпақтарды өз ретімен жалғастырып оотыратын
бірліктегі тірі организмнің қаңқасы іспетті. Сондықтан мемлекетті ұйымдық
бірлік деп қарауға да болады. Мемлекет өмірдегі нақты қажеттіліктен
туғанмен табиғи жолмен пайда болмайтын құбылыс. Ол мақсаттылықпен
ұйымдасқан, адам ақылының іскерлік қызметінің жемісі.
Мемлекеттің бірлігі оның мекемелерінің қызметімен қамтамасыз
етіліп отырады. Бірақ, тек қана онымен бірлік жасап, оны ұзақ мерзімге
сақтап отыру мүмкін емес. Ол бірлік азаматтар жеке лауазымды адамдармен де
іске асырылып отыру керек. Ол бірлік іске асып, ақиқатқа айналу үшін өне
бойы жаңартып отыру қажет. Мемлекеттік бірлік көптеген өлшемнен тұрады.
Олар былайша сипатталады. Біріншіден қазіргі кездегі мемлекеттер бейбіт
біртектегі субъект болып есептеледі. Осы ерекшелігі арқылы олар орта
ғасырдағы өзара бақталастықпен қақтығыстарға баратын өзін- өзі қорғауға
мәжбүр ететін, бәрін қамтитын, тыңғылықты қоғамдық тәртіпті білмейтін
қауымдастықтардан ажыратылады. Қазіргі мемлекет адамдарды қарусыздандырады.
Тек АҚШ ғана өз адамдарына қорғанысқа арналып жетілдірілген қару ұстауға
рұқсат етеді, қоғамды бейбіттендіріп әркімнің өз беттерінше жаза қолдануын
процесуалдық тәртіпке көшіреді. Конституцияланған мемлекеттегі адамдар
жанжалдарды бір- бірін қорқыту арқылы және күш қолдану арқылы шешпеу керек.
Өйткені өкіметке монополия бостандық конституциялық- құқықтық
кепілдіктерінің негізімен шегін құрайды. Либералдық демократиядан
әділеттіліктенжалпыға бірдей игілік азаматтық әдеттермен мәдениетті
қорғаудың шартты ретінде жеке адамдар тарапынан күш қолдануға толассыз тиым
салынады. Қазіргі мемлекетті бейбітшілігін бірлігі ретінде
қарастырғанымызбен оның ішінде қоғамдық дауласулар болмайды деген ұғым
тумауы тиіс. Бірақ сондай дауласулар дау- жанжалдар қоғамды екіге жарып ,
достар мен дұшпандарға бөлінуге , ал жікке бөлінушілерді бір- бірімен
соғысуға апармауы керек. Қазіргі мемлекет саясаттанушыларының пайымдауынша
өзінің мәні жағынан саяси бүлік мемлекеті болып табылады. Ол бүлік
көбінесе бірде – бір саяси әлеуметтік таптың ешкімді де жау деп
жариялауына немесе азамат соғысын жүргізу үшін өкімет билігін пайдалануға
ерік бермейді. Азаматтық бейбітшіліктің кепілі болып табылатын өкімет иесі
– мемлекет өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткенде ғана олардың
өз тәртібіне сөзсіз берік екені айқындалады. Қоғамның ұйымдастырылуы
күрделенген сайын мемлекеттің қоғамға ықпал жасау рөлі арта түседі. Міне
мемлекеттің пайда болуы соған байланысты атының шығуы оның мәні мен
белгілері туралы қысқаша түсінік осылай. Енді мемлекет туралы әлемнің
қалыптасуына біраз зейін аударамыз .
Мемлекет дүниеге келісімен әртүрлі қоғамдық пікірлердің
қалыптасуына негіз болды. Мемлекеттен өкімет туралы қағидалар бірте- бірте
мифологиялық ұғымнан тазарып біздің заманымыздың V-VI ғасырдағы ғылыми
негізіне ие бола бастады. Бұл бағытта Қытай философы Конфуцияны ( б.э.д.
390-338 жж ) ілімі ғалымдар ( б.э.д. 479-400 ) мен Шан Янның ( б.э.д 390-
338 ) идеялары маңызды рөл атқарады. Мәселен Моцзы мемлекетпен билік
жүргізу шарттық негізде шыққан деген идея ұсынады. Ол : “кедейлік бұл
басқарудағы тәртіпсіздіктің
түбірі ”, - деген терең пікір айтты. Мемлекет туралы саяси ілімнің шығуы
Ежелгі Грецияның саяси өмірімен тығыз байланысты. Ондағы саяси ойдың
ертеректегі дамуы (б.э.д ІХ-VII ғасыр ) көне мемлекеттің қалыптасуына
байланысты болды. Ол Гомер және Гемода және атақты “ жеті кемеңгерлердің ”
ілімінде қарастырылады. Пифагор ( б.э.д, 580-500 ) Гераклиттің (б.э.д 544-
483 жж) шамасы мемлекетпен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау
пікірде осы тұста қалыптасты . Гераклит өзінің отбасының берекесі үшін
қалай күрессең мемлекеттің белгілеген тәртібін іске асыру үшін солай күресу
керек деген пікір айтып билікке деген үлкен құрметпен қарады . Ертедегі
Греция мемлекетінің нығайып дамуының екінші кезеңі ол туралы ілімнің де
шырқай дамуына әкеледі. Оның дамуына үлкен үлес қосқан даңқты философтар
Демокрит, Сократ, Платон, Аристотельдер ( б.э.д V-IV ғасырдың алғашқы
жартысында ) болды. Ал көне Грек мемлекеттінің құлдырауы кезеңінде ( б.э.д
IV ғасырдың екінші жартысында ) мемлекет туралы ілімді Эпикур мен Полибей
т.б дамытты. Мемлекет туралы саяси ойдың қалыптасуының үшінші кезеңі деп
саналатын олардың ілімінде жалпыға бірдей бостандық идеясы өзекті орын
алды. Ежелгі Рим[1]
мемлекеті бұл ілім жаңа қарқынмен дамыды. Оның тарихи патшалық (б.э.д 754-
510 жж) республикалық (509-28 жж) және императорлық ( б.з.д 27-б.д 476 ж )
деп үш түрге бөлініп қарала бастады. Осы кезеңдерде саясат , өкімет және
мемлекет туралы қомақты үлес қосқан VII ғасыр кестенің даңқты заңдары
(б.э.д 451-449 жж ) Тит Лукреций Кардың ( б.з.д 99-55 жж) шығармалары,
әсіресе оның “табиғат заттары туралы ” – деген поэмасы мемлекетпен құқық
туралы Маркс Тулий Цицетонның грек дәстүріне сүйене отырып, Цицерон саясат,
мемлекет туралы еңбектер жазды. Ол мемлекеттік құрылыстың әр түрін талдай
отырып, мемлекет қызметінде оның монархиялық, аристократиялық және
демократиялық бастауларын біріктіру керек деген тұжырымға келді. Ол өзінің
осы ойына, оның талаптарына сол кездегі Рим конституциясы сай келеді деп
есептеді. Билік басында отырған адамдардың санына қарай ол басқарушылықты
үш түрге бөлді. Патша өкіметті, оптиматтық (аристократиялық) жоғары өкімет
(демократия). Цицеронның айтуынша, жоғары өкімет бір адамның қолында болса,
ол біреуді біз патша деп атаймыз да, ондай мемлекет құрылысын патша өкіметі
дейміз. Ол (өкімет) сайланғандардың қолында болса онда бұл азаматтық қауым
оптиматтардың еркімен басқарылады деп айтылады. Бәріде халықтың қолында
болатын қауым өкіметін халық деп (шындығында солай деп атады да) атаймыз.
Олардың әрқайсысының артықшылығыда, кемшілігі де бар екеніне назар
аударылады. Мәселен , Цицерон: Патшалар өзінің рақымдылығымен бізді өзіне
тартса, кемеңгерлігі үшін оптиматтарды ақсүйектерді, бостандығы үшін
халықтық өкіметті ұнататын болдық дейді. Сөйтіп ол осы үш ізгілікті
қасиетті біріктіру мемлекеттік өкіметті жетілдіре түсер еді деген қорытынды
жасайды. Жоғарыда аталған мемлекеттік құрылыстың үш түрі бастауларын
біріктіру туралы ойын айта келіп, Цицерон оның біреуіне де ауытқымау керек
дейді. Сондықтан ол мемлекет болғанға дейінгі , басқа нысандарды пайдаланып
келген
А.И.Соловьев. Политология Москва.Аспект Пресс. 2003 .96 бет..
алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей өзашар болып отыр.
Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының төмен деңгейі мен
ерекшеленетін алғашқы қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан
объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін
өсуі керек . Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан өзнің өткен
өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де
соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып қалатындығымен , жағдайды бізден
бағдарлай алмайтындығымен , өзінің іс- әрекеті мен қылығының аяғы неге
апарып соғатындығын басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген
дөрекі құралдарын пайдаланды. Соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың
жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады. Ол қалдықсыз
пайдаланылады. Осындай өте қиын жағдайларда . тіршілік ету үшін адамдардың
алғашында шағын ғана отбасылық кезде топ құруға, кейінірек қауымның құрамы
бойынша одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды.Бұл топтар
негізінен туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе таптық немесе
қауымның мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп,
олар ортаға жіберілмейді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары
бөлшектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болу керек
болды: 1. Сол кездегі іс- әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік
беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты
жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін
қанағаттандыратын болуы керек ;
2. Туыстық жағынан аса жақын емес сондай- ақ таяудағы мақсат, мүдделері де
бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір- біріне
көмектесіп, қауіп- қатерден бірлесіп қорғануы тиіс ;
3.Осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды. Ру тіршілігінің негізгі
мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың
жалпы жиналыс қандай бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басшысын, әскер
басын және басқада адамдары сайлайды, сондай- ақ олардың қызметіне
бақылауды жүзеге асырады. Барлық қоғамдық міндеттердің ақысыз – пұлсыз
атқарылатындығын, тұрақты негізде емес, ру мүшелерінің ұсынысы бойынша аса
маңызды, ал кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы түріндей қандай да бір
басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес. Ру адамдар
арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы ретіндегі қоғамдық
тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ . Ол небәрі осы жүйенің бір буыны ғана
болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ол бірнеше фратрий тайпа құрды. Кейде
тайпалар одағы сияқты бірлестіктерді де кездестіруге болады. Осынау
басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің шеңберінде болып жатқан қоғамдық
істерді басқару , руды басқару тәртібімен бірдей негізде жүргізіледі. Бұдан
кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер оның барлық
тараптарына қатысты болды. Тұрмыстық экономикалық саласында болған
өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен – күнге өндіргіш күштер жетіле
бастады. Егер алдымен жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын
олармен қатар дәнді дақылдарды сеуіп, мал асырау қолға алына бастады.
Сүйектен, тастан ал кейінірек қоладан еңбек құралдары, аң аулайтын және
қорғанатын құралдар қолданыла бастады. Адамның тұтынған затының артынан
қаруы ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп
осының негізінде жеке – меншік пайда болды да, бірыңғай әлеуметтік қоғамда
үлкен өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топқа бөліп берді. Осы
кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің ( қалған жұртшылықтан бақташылар
тайпасының бөлініп шығуы, қол өнердің егін шаруашылығынан бөлінуі, көпестер
тобының пайда болуы ) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.
Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамының
жаңадан тіршілік ету жағдайларында қайшылықтар кездесе бастады да, өздеріне
жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген
жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға – мемлекетке жол беру керек болды.
Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару
жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы
болып табылады. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір
институттардың сабақтастығы айқын көрініп тұр. Біріншіден, рулық басқарудың
көптеген институттары ( мысалы процедурасы күрделі және қатысушылары тең
құқықты жалпы жиналыс ) ысырылып тасталып билік ету мәжбүрлеу бағытындағы
басқасымен алмастырылды. Екіншіден ,рулық басқарудың бірқатар институттары
( мысалы, әскери басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты ) елеулі
өзгерістерге ұшырап қоғамның тіршілік әрекетіне жаңа жағдайларға
бейімделеді, сипатын, функциясы мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да
сақталып қалды. Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан әр
алуан, антогонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған
әкімшілік- бұйрықшыл, мәжбүрлеу – күштеу сипатындағы жаңа институттардың
қалыптасуы, апробациялануы, іріктелуі, жетілдіруі болып отыр. Көріп
отырғанымыздай, алғашқы қауымдық қоғам дамуының табиғи барысының өзі,
әрекет етіп отырған факторлардың объективті және субъективті, ішкі және
сыртқы, маңызды және екінші кезектегі жиынтығы мемлекеттің пайда болуына
алып келді. Бұдан былай мемлекет өзінің тарихының барлық келесі
кезеңдерінде серіктес болып келген қоғамның тікелей атриботы болып келді.
Әр халықта мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері, әр халықтың нақтылы-
тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне
және мемлекеттің пайда болуының оны басқаруға әсер етпей қоймайды. Мұндай
жағдайлар типті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында
әркелкі болғандықтан да қаралатын процестердің нысананың, қарқынының және
соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық. Шартты түрде
мемлекеттің пайда болуын батыстық және шығыстық моделі деп бөлуге болады.
Бұл екі модельдің бір- бірінен елеулі айырмашылығы бар.
Батыстық модель туралы Ф. Энгельстің “семьяның , жеке меншіктің
және мемлекеттің шығу тегі ” деген еңбегінде, сондай- ақ көлемді
монографиялық және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты
бар. Олардың әрқайсысында осы процеске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар
басым.
Тап күресінің теориясы және оның мемлекеттің пайда болуын
анықтайтын ықпалы тұрғысынан қарағанда Афинаның тәжірибесі ерекше
қызығушылық туғызады. Мұнда мемлекет, Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда,
тікелей рулық қоғамның өз ішінен өрбіген таптық қарама- қайшылықтардан
пайда болған. Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтарды
алдын –ала анықтап алып, сосын жіктеді, одан кейбіреулері басқаларды қанау
мүмкіндігін алды. Аталған топтардың басқаларға экономикалық үстемдігі
сенімді, нық және тұрақты болуы үшін оның мемлекет құрып, саяси үстемдікпен
нығайтып қойды. Басқа факторлардың басымдық рөліне көлеңке түсіре алған
жоқ. Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Мұнда рулық
қоғамда біртіндеп кемшіліктер көбейе берді де римдіктер оларға араласып
сіңіп кетуден сақталып, жеке бір туыстық аристократияға айналды. Римге
келіп жеткен плебстердің саны қаншалықты көп болса да ақылы жұмыс көлемін
орындаса да құқықсыз еді. Осының барлығы олардың наразылығын тудырып
құқығымен артықшылықтары үшін күресуге итермеледі. Күрестің нәтижесі
плебстердің рулық құрылысын бұзып мемлекет құрумен аяқталды. Германдық
тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы факторлар әсет етті. Дамудың
мемлекетке дейінгі сатысында тұрған бұл тайпа ұзақ уақыт бойы Рим
империясына қарсы Энгельс. Семьяның, жеке меншіктің,мемлекеттің шығуы.1971.
126 бет
басқыншылық соғысын табысты жүргізді. Рим империясынан көп аумақты жаулап
алған олар басқаруды соңғы болып ұйымдастырды. Олардың өздеріне сөзсіз
бағынуын алым – салық пен басқа да төлемдердің дер кезінде төленуін
өздеріне қажетті тәртіпті қадағалап отыруы керек еді. Алайда олардың рулық
органдары бұл міндеттерге бейімделген болып шықты, сөйтіп өздерінің шамасы
келетін мемлекет құру қажеттілігі туды. Әрине, жоғарыда аталған фактор
бөтен аумақты жаулап алу және басқа да бірқатар ішкі факторлармен қауымдық
меншіктің ыдырап, жеке – меншіктің пайда болуы герман жұртшылығының байлар
мен кедей болып, бөлініп жіктелуі бірлесіп әрекет етті. Алайда соңғысында
қатысып ол қуатты катализатормен жеделдеткіштің рөлін атқарды.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық моделінің көптеген
белгілері азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және
басқа да табиғи жағдайлар мен сипатталады. Мұнда орасан көп егін
шаруашылығы массивтерін игеруге деген қажеттілік , суару каналдардың
құрылысы мен ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық сезіліп
тұрды. Мұндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы тіпті кейде қауымда атқара
алмайтын еді, бұл тек орасан зор материалдық кадр және басқада ресурстары
бар мемлекет деп аталатын қуатты да ықпалды ұйымның ғана қолынан келетін
еді. Сол себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық меншік сақталып
келді. Ол кейіннен мемлекетің меншігіне айналды. Пайдаланып жүргеніне
қарамастан жеке мемлекеттің пайда болуының батыстық моделіне жататын
елдердегі сияқты басымдық жағдайы болмады. Мемлекеттің рөлінің артуына
байланысты кедергі объективті қиындықтарды жеңуде мемлекеттік билік
көбінесе деспаттық бағытты ұстанды. Ол мәжбүрлеу- жазалау аппаратына,
қарулы күштерге, бюрократиялық шенеуніктікке сүйенеді, бұлардың алдында кез-
келген адам өзін құқықсыз сезінетін, олардың тағдыры тұтасымен соның
қолында болды. Қатыгездік, шығыстың жауыздығы және екі жүзділік билік
жұмысына өзінің ізін қалдырды. Сөйте тұра мемлекет сыртқы әлеммен
тұйықталып, бөлектену бағытын ұстанды. Басқа елдермен ақпараттар алмасу
жоққа тән еді.
Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы аумақтық, табиғи
географиялық, топырақ- климаттық жағдайлары, оны мекендеген халықтық
ерекшеліктері алғашқы қауымдық құрылыста және одан кейінгі кезеңдерде
басқару нысанын қалыптастырып, дамытуға, ұйымдастыруға және тіршілік етуін
қамтамасыз етуге әсер етті. Дамыған кең даланың өзі де алғашқы тобырдың,
қауымның, тайпаның бір орнында тұрақтамай, үнемі көшіп- қонып жүруіне
жағдай туғызғандай еді. Сонымен қатар ұлы дала жері көптеген көошілес
тайпалармен , халықтардың осында келіп, орнығып, тұрып қалмақ деген көз
құртына да айналды. Қазақстан аумағының көптеген миграциялық тасқындардың
түйіскен жерінде, халықтың жер аударылуы жолында болғандығының да әсері
болды. Осының барлығы аталған аумақта мемлекеттің пайда болуы процесінің
бірқатар ерекшеліктерінің болуына алып келді. Қазақ даласы бір халықтың
емес көптеген халықтың сақтар, үйсіндер, ғұндар, сарматтар және т.б. мекені
болғандықтан бірі екіншісін қуып шығып , сосын өздері “ жаңа келімсектердің
” шабуылына ұшырап жатты. Ру тайпалық институттарды мемлекетке қайта құру
процесінде айқын жүйелік пен сабақтастықтың болуы кейде қаралмады да. Кейде
мемлекеттің бір халықта пайда болған нышаны соғыстың немесе басқа да бір
осындай жағдайлары салдарынан жойылып кетеді де бір уақыт өткеннен кейін
басқа халықтарда пайда болады. Дамудың мемлекеттік сатысына жеткен күшті
көршілері жаулап алған алғашқы қоғамдық құрылыстың сатысындағы кейбір
тайпалар мемлекеттілікке өзінің еркінен тыс ұмтылады. Мұндай жағдайда
олардың дамуының табиғи барысы жылдамдаған сияқты болады. Мысалы : сақ
тайпалары Александр Македонскийдің парсы патшалары Кирдің Дарий І- дің
әскерлерінің шабуылына ұшырады. Олардың толық немесе жартылай жаулап алуы,
жаулап алушылардың басқарудың мемлекеттік нысанын енгізумен, алым- салықтар
жинаумен қатар жүргізілді. Бостандық пен тәуелсіздік алған бұл тайпалар
бұрынғы мемлекетке дейінгі нысанға қайта оралу мүмкіндігіне ие болады.
Бірақ көбінесе мұндай жағдайларда жаңа мен ескінің синтезі байқалатын ру
тайпалық және ерекшеленетін нысандар мен институттардың шиеленісуі. Тікелей
Қазақстан аумағындамемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің рөлінің
күштілігі мен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи
формацияның бекуімен байланысты. Жер , мал, жайылым, су шаруашылық
объектілерді өндірістің негізгі құралына айналды. Оларды иелену үшін қырғын
ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым- қатынасы
басқаша жаңғыру немесе жайылып кетуі керек болды. Қазақстан жерін
мекендеген тайпалар мен ұлыстардың мемлекет құруының тағы бір ерекшелігі,
бұл процестегі армияның үлкен рөлінің болуы. Ол бірден – ақ қуғын – сүргін
мәжбүрлеу механизмінде басты орын алды. Қандай да бір режимнің тағдыры ,
биліктің жүзеге асырылуы сияқты соған тәуелді болады. Олар негізінен
әралуан “шығыстық ” нысанда, монархтық ( қағанат, халифат, хандық, сұлтанат
) еді. Өзінің құралына орталыққа бағынатын үлкен аймақтың мемлекеттік
құрылымдары жиі- жиі бірлестіріп отырса да олар алайда вассали
тетосюдерепитеттің негізінде құрылған классикалық феодалдық мемлекеттерден
ерекшеленетін еді. Бірақ олардың дамуы біртіндеп осы бағытта жүрді.
Нәтижесінде ХIV-ХV ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында тұрақтап қалған
қазақ халқы қалыптасқан кезде мұнда хандық билік нысанасындағы феодалдық
мемлекеттілік орнықты. ХV- ғасырдағы қазақ мемлекетінің құрылуы да саяси
құқықтық идеологияның пайда болып, қалыптасуымен қатар жүріп отырды. Әрине
Тәуке ханның (1680-1718 жж ) тұсында әдептік құқықтар жинағы “Жеті жарғының
” жария болып, саяси әлеуметтік өмірге енуі қазақ мемлекетінің саяси
құрылысын
Д.Жамбылов. Саясаттану. Алматы. Жеті жарғы.2003. 92 бет.
нығайтуға үлкен үлес қосты. Хандық түріндегі қазақ мемлекетінің саяси
тәуелсіздігінің, саяси- әлеуметтік бірлігінің артуына өз тұстарында ақындар
мен жыраулар да ат салысты. Олар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты
кемеңгер билермен бірге қазақ қоғамының мемлекеттілігінің идеологтары
болды.
1.2. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде .
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне оның құрамдас бөлігі ретінде енеді.
Сонымен саяси жүйенің бөлігі ретіндегі мемлекеттің субьектілігі айрықша,
өзгеше дара, қайталанбас: саяси жүйенің мемлекет сияқты осындай қасиетімен
санасы бар. Демек, мемлекет тән жағдайға рөлі мен функцияға үміттене алатын
басқа субьектісі жоқ қой. Мемлекетті саяси жүйенің құрамында оның жаңа
қырлары мен жақтарын көрсетуге мүмкіндік бере отырып зерттеу аса пайдалы.
Саяси жүйеге скаяси апаты бар, қоғамның саяси өміріне қатысатын, саяси
биліктің қоғамдағы басты идея қолданушысы және негізгі субьектісі ол саяси
қатынастардың басым көпшілігінің белсенді қатысушысы көбінесе бастамасы
онсыз олар көп жағдайда өзінің мәнділігі мен салмақтылығын жоғалтады барлық
дерлік мемлекеттік құқықтық институттар бір мезгілде саяси институттар
болып табылады. Былайша айтқанда мемлекетке саяси сипаты тән, соған қарай
ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет- оның
мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси дүйесінің , әдеттегіден тыс бөлігі.
Ол оның белгілі бір мөлшерде белгілі бір елеулі ескертулермен,
ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рөлді орындайтын өзегі.
Қоғамның саяси жүйесі саяси биліктің ұйымын қамтиды. Және
нақтырақ айтқанда, олардың арасындағы қарым- қатынастан тұратын. Әр алуан
саяси институттардың қызметі істеуіне әсері бар билік субьектілерінің
жиынтығын өзіне қосып алады.
Түрлі обьективті және субьективті себептерінің әсерімен саяси
жүйе өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделеді. Және қоғамның әрбір даму кезеңіне
саяси жүйенің зөінің жай күйі сәйкес келеді.
Саяси жүйенің барлық буындары, оның ішінде мемлекетте бір-
бірімен бөлек әрекет ете алмайды. Олар қандайда бір мәселелер бойынша өзара
алуан түрлі қарым- қатынасқа түседі. Сондықтанда олар бірлікпен тұтастық
құрады деп айтуға болады. Алайда қоғамның саяси жүйесінің мұндай тұтастығы
мен бірлігін асыра мақтауға , тіпті абсолюттендіруге болмайды. Өйткені оның
ішіндегі қарым- қатынас ылғида оның құрамдас бөліктерінің ынтымақтастығы
мен өзара көиегінің ара қатысы сияқты бағаланбауы мүмкін. Бұл қарым-
қатынастың кейбіреуі ынтымақтастық пен өзара көмек шеңберіне ашып кетеді,
ол олардың кейбіреулері оған қарама қайшы болып, күрес пен бірін- бірі
жоққа шығаратын сипаты болады.
Қоғамның саяси жүйесі өзінің құрылымында саяси құрылыс, саяси
ұйым, саяси нормалардың жиынтығы мен солардың негізінде құралатын саяси
қарым- қатынастардың бірнеше салыстырмалы оғаштау, шағын жүйелері бар,
көптеген топтан тұратын құрылым. Қазіргі жағдайда бізді әсіресе қоғамның
саяси ұйымы қызықтырады, өйткені оның құрамдас бөлігі болып, өзінің алдына
өз мүшелерінің саяси белсенділігін арттыруды, саяси билік ( соның ішінде
мемлекеттік билік үшін ) жолындағы күреске қатысуды, оның өзінің саяси
мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалануды мақсат етіп қойған ұйымдар,
бірлестіктер мен құрылымдар болып табылады. Олармен бір қатарда әрекет
ете отырып мемлекет қоғамның саяси ұйымының бөлігі ретінде белгілі бір
шекте олардың іс- қимылына ықпал етеді, Қажетті жағдайларда олармен
байланысқанда түсе алады және т.б.
Ішкі саяси қарым- қатынасы ең алдымен бір қатардағы
элементтерінің ( мысалы, мемлекеттік органдардың саяси партияларымен
қоғамдық ұйымдардың арасындағы ) арасынан қарастырған дұрыс. Сөйтсе де
кейде саяси жүйенің әр қатардағы элементтерінің қатынасын айқындау
қажеттілігі туып қалады. ( мысалы, мемлекеттік органдарының саяси
нормаларымен қатынасы ). Әрине әр қатардағы элементтердің қатынасын
айқындау көбінесе бірнеше түрдің қарым- қатынасымен жанама түрде
байланысады. Мысалы мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды қабылдағанда,
толықтырғанда немесе күшін жойғанда жаңа нормаларды ескереді, бірақ кейде
ол тікелей жүзеге асырылады. Саяси нормалардың мемлекеттік органдардың
қызмет етуіне ықпалы туралы болғанда немесе, керісінше, қандай бір саяси
нормалардың мемлекеттік органдардың ықпалы мен түзетуге түсуі туралы
болғанда.
Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесінің басқа буындарымен өзара
қарым- қатынасы. Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесінің түрлі құрамдас
бөліктеріне қатынас жөніндегі позициясы бірдей емес, ол олардың әр
қайсысының қандай бағдары және қандай бағыт ұстанғанына қарай жіктеледі.
Өзара қарым- қатынастың бір тұрпаты мемлекетпен саяси жүйенің билеуші
таптар, таңдаушылар, әлеуметтік топтар мен таптар құрған мемлекеттік емес
буындарына тән. Бұл өзара қарым- қатынасқа, әдетте, тереңде шиеленісті,
антогонистік қарама- қайшылықтар жат. Бұған қоса, мемлекет пен қоғамның
саяси жүйесінің аталған буындары бірін- бірі өздері қолдайды, алдарында
тұрған міндеттерді шешуде көмек пен жәрдем көрсетеді.
Мемлекет саяси жүйенің аталған буындарына заң мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz