Турбо – Паскаль программа дайындалу жоспары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
I бөлім Паскаль – программалау тілі

1.1 Паскаль тілінің негізгі элементері мен алфавиті

1.2 Програмалау тілінің синтаксистік диограммалары

1.3 Тілдің қарапайым обьектілері

II – бөлім Турбо – Паскаль программа дайындалу жоспары

2.1 Прогрограма құрлымы

2.2 Операторлар бөлімі

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт
оқып-үйренуге қолайлы праграммалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл
тілдің стандартты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ,
ФОРТРАН, БЕИСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы
тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің
арақатынасына дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес
компюьтерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған
программаның дұрыстығын компюьтерде тексеру және жіберілген қатені
түзету онай.
Бұл тілде жазылған программа компюьтерде орындалу барысында
алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), обьектік программаға
түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компюьтерде
программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі-алгоритімдік тілдегі
алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі-обьектік кодтағы жазылған программа.
Есеп нәтежесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал
програманы түзету қажет болғанды, оның алгоритімдік тілде жазылған
алғашқы нұсқасы өңделеді .
Қазіргі кездегі Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара
алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім
беретін мептектерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып
алынған. Енді осы тілдің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тоқталып өтейік.

І бөлім. Паскаль – программалау тілі

1.1 Паскаль тілінің негізгі элеметтері мен алфавиті
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады.
Паскаль тіліндегі программа жеке- жеке жолдардан тұрады. Оларды
теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа
алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға
бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір- бірімен нүктелі
үтір (:) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор
тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау
бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу
бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді
объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның
күрделілігіне байланысты көбінеме ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы
мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі - болып
табылады. Орындалатын іс әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол
begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар
) тізбегі жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйіні сөзімен аяқталады.
1.1-
сурет. Программа құрылымы
Program BASTAY :
Сипаттау бөлімі
Begin
Операторлар бөлімі
End

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың
кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанатын цикл немесе
қосымша программа (программа, процедура) түрінде орындалады. Операторлар
бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттерді қарыстырайық.
Деректер – сан мәндерімен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мен
ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар т.б. осы
тәрізді құрылымдар немесе олардың адрестері.
Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан дискіден немесе
енгізу - шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәтіндерді
меншіктеу, соларды өндеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді
экранға
дискіге немесе енгізу – шығару порттарына жазу.
Шартты түрде атқарылу – белгілі бір көрсетілген шарттын орындалуына
байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады әйтпесе аттап
өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл – белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса)
жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады.
Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа – алдын – ала қандайда бір аттаумен аталған
командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оны атауын көрсету
арқылы шақылып атқарыла береді.
Түсініктеме – программа жолдрары сонында немесе оның түйсінді
сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып
жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларынан орындалуына әсер
етпейді.
Тілдің негізгі анықтамаларын беру алдында Паскаль тілінде құруға
бір қарапайым мысал келтірейік.
1 - мысал. Радиусы r = 5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын
табу керек болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін l =2пr формуласын
пайдаланыз.
Program bastau ; {Программадағы тақырыбы }
consi pi = 3.14159 {п тұрақтысының мәнің беру }
var r , l: real; { r , l мәндерінің нақты (аралас) сан екенің
сипаттау }
begin {Операторлар басы}
r: =5.5; { r мәнің беру }
l: = 2*pi* r; {Шеңбері ұзындығын есептеу }
write (' Радиусы 5,5 см болатын шеңбер ұзындығы = ', l);
{Нәтижені экранға шығару }
еnd. {программа соңы}
Мұнда программа мәні қарайтылған қарыппен терілген, ал оң жақ
шетінде және оның төменгі жолында пішінді жақса ішінде түсініктеме мәтіні
белірген, түсініктеме программа мәтіне ешқандай әсер етпейді, оны түсінуге
жеңілдетеді, сондықтан әрбір программа түсініктемемен толықтырылуы тиіс.
Әрине, бұл программасысыз да шеңбер ұзындығын есептеуде де
болады, бірақ 200 -300 шеңбер ұзындығын табу керек болса, компьютер
программасы өте тиімді болса әрі нәтижесі тез. Ол үшін жоғарыдағы
программаға аздаған ғана түзету жасса жеткілікті.
Күрделі есеп программасын құру үшін алдымен осындай қарапайым есеп
шығару керек. Қате жібермеу үшін программа блок – схема түріне немесе
алгоритмдік тілде құрастырылады.
Жоғарыдағы программаның алғашқы жолы – оның тақырыбы, екінші және
үшінші жолы сипаттау бөлімі begin (басы) және еnd (соңы) сөздаерінің
ортасында орналасқан операторлар, яғни әр түрлі амалдар орындау бөлігі.
Программаның сөздік элементтері ағылшын тілінде. Оны қазақша (орысша )
аударуға болады, алгоритмдік тілде осылай жасалған. Бірақ барлық елде
программадағы негізгі немесе түйінді сөздерді өз тіліне аудармай,
олардың ағылшынша нұсқасын пайдаланады, олар көп емес (60-70 сөз).
Сондықтан ағылшын үйренуді осы түйінді сөздерді бастап әрі қарай дамыту
оқушылар үшін тиімді болады.
Тілдің алфавиті программаның элементерін құруда қолдануға
болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы
белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі
топтарға жіктеуге болады.
• атаулар (идентификаторлар);
• цифрлар;
• айыру белгілері;
• арнайы символдар.
Атау символдары ретінде алынатын алфавиттің жиырма алты әріпімен
цифрлары қолданылады.
а) әріп ретінде алынатын алфавиттің бас әріптері мен кіші әріптері;
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
a b c d e f g h I j k l m n o p q r s t u v w x y z
және alfa1 де бір атаудың жазылу түрлері болып саналады. Атауларда әріптер
цифрлармен араласып жазыла береді, бірақ атаудың алғашқы символы
міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VESL. SALMAK Baga5 T7 S25 ART25
var8 т.б.
Атау ретінде ASCII – код кестесінің негізгі символдары (латын
әріптері) пайдаланылады, ал ол кестенің қосымша бөлімінің символдары
(қазақ, орыс, араб) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа –
жоғары үтірге (' ') алынған тұрақты сөз тіркестерді немесе пішіндерді
жақшаларға алынған түсініктемелерді ретінде ғана кездеседі.
ә)Ондық цифрлар: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 сан таңбалары.
Он алтылық цифрлар ондық цифрларды А-дан Ғ- қа (немесе а –дан f
–қа) дейінгі латын әріптерден тұрады.
Арнайы символдарға функция және арифметикалық операция белгілері
жатады.
б) арифметикалық амал белгілері:
(+) қосу ; (* ) көбейту;
(- ) азайту; ( ) бөлу.
DIV – бүтін бөлу (бүтін сандарды бүтін сандарға бөлгендегі
бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3.
MOD – қалдықты табу (бүтін сандарды бөлінген кездегі бүтін қалдықты
табу),мысалы, 10 mod 3 – нәтижесі 1.
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістету немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0 -дер) тіркескен солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0-дер) тіркескен оңға ығыстыру.
в)Айырысу белгілері, бос орын барлық басқару симвролдары, тыныс
белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі және
түсініктемелері жатады. Айыру белгілері атауларды сандарды мағыналарына
сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады.
Түсініктеме {және } немесе (* және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне
жазылады , ол бір немесе бірнеше жолдардан тұру мүмкін. Компиляторға
арналған деректива (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдында $
белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.
Сонымен, айыру белгілері : - (бос орын ); ,(үтір) ; . (нүкте); :
(қос нүкте); ; (нүктелі үтір) ' (,) ; {, }; [ ,]

1.1 – кесте. Пунктуация белгілерінің атқаратын қызметтері
Белгілер Атқаратын міндеттер
{және } немесе Түсініктеме мәліметтерді жақшамен беру
(* және*)
[және ] Жиын элеметтерінің индекстерін және жолдың ұзындығын
көрсету белгісі
(және) Өрнектерді және параметрлер тізімін бөліп көрсету
белгілері
' (апостроф) Символдың және тіркестік тұрақтыларды белгілеу
таңбасы
: = (меншіктеу) Айналым айнымалаларға немесе типі көрсетілген
тұрақтыларға мән беру, яғни меншіктеу белгісі
; (нүктелі үтір) Операторларды бір –бірінен ажырату белгісі
: (қос нүкте) Обьектілерді типтерге ажырату және операторларға
белгі салу таңбасы
= (теңдік) Тұрақтылардың мәнің көрсету және салыстыру белгісі
, (үтір) Тізімдегі элементтерді бір – бірінен бөліп көрсету
белгісі
..(екі нүкте) Диапозоннның шекарасын көрсету
. (нүкте) Программаның саның белгілеу, санның бүтін және
бөлшек бөліктерін ажырату белгісі
@ Айнымалалардың , типі көрсетілген тұрақтылардың
адрестерін белгілеу
# (нөмір белгісі) Символды коды бойынша белгілеу
$ (ақша белгісі) Компилятор дерективасын немесе он алтылық сан
белгісін көрсету

г) Қатынас танбалары немесе салыстыру белгілері
= (тең) , (тең емес), (кіші), (үлкен), = (үлкен емес), =
(кіші емес).
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәкес белгіленген коды
болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген. Әр елдің
стандарттары негізіне америкалық кодттар стандарт алынған (American
Snandarn Code for Information Interchange--ASCII), компьютерде жұмыс
істеу барысында оларды да білген дұрыс.
Мысалы (қосымшаны қараңыз):
0 – 48 А – 65 а – 97
1 – 49 В – 66 b – 98
... ... ...
9 – 57 Z – 90 z – 122
Паскаль тілінде кейбір символдар пайдаланылмайды: мысалы, %, &,
т.б.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздер бір-бірімен айыру белгілерімен
бөлінген алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздерді үш топқа бөлуге болады, олар. Қордағы
(резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және
бейстандарт идентификаторлар. Тіл операторларында қарапайым сөйлем жазу
үшін мағынасы мен қолдану тәсілі алдын ала анықталған символдар
тіркесінен тұратын қордағы түйінді сөздер пайдаланылады. Олардың жалпы
саны 80- нен астам. Алгоритмдік тілде бұлар қазақ, орыс тілінде
қысқартылып жазылса, программалау тілінде – ағылшын тілінде жазылады.
Паскаль тілінің дербес компьютерге арналған нұсқасының қордағы сөздері 2.2-
кестеде және кітап соңындағы қосымшада келтірілген.

1.2-кесте
Absolute Абсолюттік Label белгі
And ЛогикалықЖӘНЕ Library кітапхана
Array Жиым (массив) Mod бөліндінің қалындығы
Asm Ассемблер Nill болмау (бес болу)
Begin блок басы Not логикалық ЕМЕС
Case нұсқа Or логикалық НЕМЕСЕ
Const тұрақты Of одан (дан, ден, тан,
Constructor конструктор Objest тен)
Div бүтін бөлу Pasked обьект
Go to ауысу (көшу) Procedure тығыздалған
Do орындау, атқару Program процедура
Downto кішірейту Record программа
Destructor деструктор Repeat жазба
Else әйтпесе Set қайталау
End блок соңы Shl жиын
Exports экспорт Shr биттерді солға ығыстыру
External сыртқы String биттерді оңға ығыстыру
File файл Then қатар (жол)
For үшін To онда
Forward алдындағы Type үлкейту
Function функция Unit тип (тұр)
If егер Until модуль
Implementation жүзеге асыру Unses дейін
In ішіндегі Var пайдалану
Inline негізгі While айнымалы
Interrupt кідірту With өзірше, болмайынша
Interfase интерфейс Xor -дан,-ден,-тан,-тен
Inherited мұралау алып тасталынған

Бұл келтірілген түйінді сөздерді айналмалы атаулар немесе тұтынушы
қойған бейстандарттар атаулар ретінде қолдануға болмайды.
Программалау тілдеріне өрнек, оператор, тіл синтаксисі мен
синтаксисі сематикасы ұғымдары кең пайдаланылады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген
айнымалылар, атаулар, функциялар, жиындар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі-
өрнек деп аталады. Математикадағы формулалар , арифметикалық формулалар,
өрнектер, алгебрадағы көп мүшелер программалау тілінде тең осы өрнек ұғымы
арқылы беріледі.
Программалау тілінің белгілі бір іс әрекеті орындай алатын тиянақты
мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі - оператор деп аталады.
Тіл обьектілердің , яғни программада пайдаланатын мәліметтердің
құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын-ала анықтайтын сөйлемдео жиынтығы –
программаның сипаттамасы болып табылады.
Компьютер орындай алатын программа жазу үшін программалау тілінің
синтаксисі (оның элеметтерін жазу ережелері) мен семантикасын (оларды
пайдаланудың мағыналық ережесін ) білу керек. Тілдің осындай ержесін үйрену
үшін оларды көрнекті түрде бейнелейтін екі жасанды әдіспен таралған. Оның
алғашқысы – Джон Бекурс пен Питер Науер ұсынған қысқаша жазу тәсілі. АЛГОЛ
тілінің синтаксисіе көрсету үшін кеңінен қолданылады. Бұл жазу тәсілі
Baskus Nayr Form немесе қысқаша BNF деп аталып жүр.
Ал біз қарастырылатын екінші - тіл ережесін графиктік түрде
бейнелейтін дегорамма болып табылады. Мұндай диограммаларды Паскаль тілін
жасаушы Н.Вирт кең қолданған, сондықтан оны Вирт диаграммасы деп атап жүр.

1.2 Программмалау тілінің синтаксистік диагаммалары
Синтаксистік диаграмаларда екі геометриялық фигура-
тіктөртбұрыш және эллипс (кейде дөңгелек) кең
пайдаланылады.Тіктөртбұрыш ішінде тілінің анықталатын элементтері
(бейтерминалды символдары), ал эллипс терминалдық символдар, яғни анықтауды
қажет етпейтін таңбалар жазылады (2.2-сурет)

базалық бейтерминал символ
символ

1.2.- сурет. Синтаксистік диаграммалар құрылымы

Диаграма құрылымы бойынша жылжу, яғни оны оқу бағыты
бығыттауыш арқылы көрсетіледі.
Синтаксистік диаграммаларды пайдаланып, тілдің дұрыс
конструкциясын түсіну үшін көрсетілген бағыт бойынша бір фигурадан екінші
фигураға қарай жылжу қажет. Бір емес бірнеше тармақталған бағыт көрсетілген
жағдайда, олардың кез келгенің таңдап алуға болады. Егер сол бағытта
басқа диаграммаға сілтеме тұрса, онда сол жаңа диаграммаға еніп, сондағы
көрсетілген бағыт бойынша жылжи отырып, одан шығып, бастапқы диаграммаға
қайтып оралып оралуы қажет. Егер жылжу бағытында нүкте кездессе, онда бұл
тармақтың тек Турбо – Паскаль тіліне ғана қатысты екені белгілі болады,
яғни бұл мүмкіндікті стандартты Паскаль тілінің кеңейтілуі деп ұққан жөн.
Программалау тілдерінің ситаксистік диаграммалары мен BNF тәсілінің
мүмкіндіктері тіл ережелерін көрсету үшін бірдей деп есептеледі.

1.3 Тілдің қарапайым обьектілері
Тілдің қарапайым обьектілеріне сан , идентификатор,
айнымалы, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі
амалдарын орындалуына керекті мәліметтерінің сандық логикалық немесе
символдық мәндері болады. Олар мен жұмыс істеу қолайлы болу үшін
алгебра курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты атаулар пайдалынылады.
Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мән, символдық мән) қабылдауы
мүнкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.
Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып
бөлінеді. Бүтін сандар: +4,-100, 15743,0 т.б. Разриятылығы 16 биттен
тұратын дербес компьютер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша
INTEGER) – 32768-ден +32767 дейінгі аралыққа ғана жазылады, бұдан үлкен
сандар нақты сандарға айналдырады.
Паскаль тілінде ондық және он алтылық бүтін сандар
пайдалынылады. Он алтылық сандардың алдында $ белгісі қойылады.
Мысалы, $ABC немесе $8B2.
Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның
бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы:
2.65, 0.5,- 0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар
көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mE+p түрінде жазылады
да, олардың диапозоны әлде қайда кең болады, мұндағы m- санның
мантиссасы деп аталады; E –оның дәрежесі дегенді білдіреді; p -
дәреженің сандық мәні. Мысалы:
Кәдімгі жазылуы Паскаль тілінде жазылуы
145 145
1Ғ $1F
147,125 147.125
- 6,045 -6.045
12*10 12E+14
0,52*10 0.52E4
502*10 5.2E-12
-45*10 -45E6

2. Атау – идентификатор (identification - обьектінің белгілі бір
символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және
праграммадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды,
файылдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификаторлар тұрақтылыларды, айнымалыларды, олардың түрін,
функцияларды, програмаларды, файлдарды т.б. программа обьектілерін
белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор- міндетті түрде әріптен
басталатын сандар мен әріптердің тізбегінеің тұратын атау Оның
ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру
және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді.
Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан.
Мысалы; X, X1, CYMMA, P23PS6, DT54AS, ALFA, baga2,SALMAK, OMEGA2 т.б.
Идентификатор стандартты және бей стандартты (өзіміз берген
атау)болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы (компьютерді
пайдаланушы адам) өзі тағайындайды.
Тілді алғаш жасаушылар стандартты атауларды кейбір тіл
элементері типтерінің, шамалардың стандартты функциялардың,
процедуралардың аттарын ала баршаға түінікті етіп белгілеу үшін
енгізген, оларды тек сол өз мағнасында қолдануымыз керек. Паскаль
тілінде программа жазуда қолданылатын басқа да түйінді сөздер жай
атаулар ретінде қолданылмайтын стандартты идентификаторлар болып
есептеледі. Олар: AND, ARRAY, BTGIN, END, CASE, CONST, VAR,
PROGRAM, IF т.б. олардың толық тізімі жоғарда және кітап соңында
берілген.
Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз
стандартты иденфикаторлардан өзгеше болуы тиіс, мысалы: L12. BAGA.
SYT. F105, MATA. Біз мысал келтіріп, қарастырып отырған тіл – Турбо
Паскаль деп аталатын дербес компьютерге арналған Паскал
праграмалау тілінің бір нұсқасы, мұнда индификаторлар тек латын
алфавитінің үлкен не кіші әріптері және цифорлары ғана
пайдалануға рұқсат етілген.
Тұтынушылар қойған бейстандарт атауларға әркім өз қалауынша
тағайындаған шама аттары, яғни стандартқа кірмейтін иденфикаторлар
жатады. Олар төмендегі талаптарға сай құрылуы қажет.
1.Атау тек латын әріптерінен (астынсызу - белгісі де әріп болып
саналады) басталуы тиіс. Тек белгілер (label) атауы ғана цифордан да,
әріптен де бастала береді.
2.Атаудың алғашқыдан кейінгі символдары әріптен, цифорлардан немесе
астын сызу белгісінен тұруы мүнкін.
3. Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос
орын белгісі болуы қажет.
4. Атаудағы символдар саны 127-дан аспауы қажет.
5. Атаудағы бас әріптермен кіші әріптерді қатар пайдалануға
рұқсат етілген, олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанмен транслятор
үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады. Бірақ мұны да ұтымды
пайдаланған жөн, мысалы, ZatNomiri, BujmBagasj т.б.

Мысалы:
Belgi-3
Block56
Ati- Goni
2- tom - қате, атау саннан басталмауы тиіс.
Айлық - қате, атауда қазақ алфавитінің әріптері болмауы
тиіс.
Тұрақты немесе константа деп прграмманың орындалу барысында мәндері
өзгеріссіз қалатын шығармаларды атайды.
Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те
немесе оны программаның сипаттау бөлігінде идентификатор түрінде белгілеп
алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік
(integer, real, boolean, char, string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық
түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің
біріне ие бола алады.
Символдық және тіркестік (сроковый - string) мәндер үшін орыс,
қазақ алфавитінің әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға
болады.Олар апостроф ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы: ‘S=’,
‘қосындысы’, ’функцияның мәні ’, ‘y=’ және т.б.
Тұрақтыларға мысалдар:
Бүтін- x = - 25 ; y = 1936 ; z = 123;
Нақты – x = 2.14; y = 4E 15; z = - 0.5E-12; beta = -250.0;
Символдық- s= ‘c’; s1=’h’; s2=’9’; s3= ‘ ‘;
Логикалық – B1=true; B2=false;
Тіркестік – C=’Turbo Pascal’;
Барлық тұрақтылар программаны сипаттау бөліміндегі const түйінді
сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс.Оның жазылу пішіні (форматы)
төмендегідей:
Const
Mening_ atim=’Бақыт Бөрібайұлы’;
Max=1000;
Min=0;
Mektep_nomiri=121;
Паскаль тіліндегі қордағы түйінді сөздермен алдын ала анықталған
бірнеше тұрақтылар бар, олардың кейбірі төмендегі кестеде көрсетілген.

Идентификатор Типі Мәні Сипатталуы
True Boolean True Ақиқат
False Boolean False Жалған
Maxint Integer 32767 Ең үлкен бүтін сан мәні

4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді
қыбылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр
уақытта әр түрлі мәнге ие болады. Айнымалыларының белгіленуі: ALFA, Y,
X3, KOSINDI, BAGA, A1B8т.б. Айнымалы атауы оның орындайтын міндетіне
сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Айнымалылар атауы
сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінен кейін орналасады да,
атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі. Оның
жазылу пішімі;
Var идентификатор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паскаль программалау тілі
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Бағдарламалау(программалау) технологиясы
Турбо Паскальдағы функция
Delphi туралы мәлімет
Паскаль тілінің операторлары
Программалау тілінде программа құру
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
АЛГОРИТМНІҢ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІНДЕГІ РОЛІ
Интерактивті тапсырма және оны жасақтауға қолайлы бағдарламалық құралдары
Пәндер