Тарих кабинетін безендіру


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» Академиясы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
(қолы )
т. ғ. д.
«» __ 20 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы:
«Тарих кабинетін безендіру»
«Тарих-050114» мамандығы бойынша
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша
(пәннің атауы)
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
аға оқыт тарих магистрі
Көкшетау 2011 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. МЕКТЕПТЕГІ ТАРИХ КАБИНЕТІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 5
1. 1 Мектептегі тарих кабинетінің оқыту процесіңдегі рөлі және тарих кабинетін жабдықтау 5
1. 2 Кабинет жағдайында тарихи білім беруді ұйымдастыру әдістері және оқу материалына құрылымдық-функциялық талдау 10
2. ТАРИХ КАБИНЕТІНДЕ ІЛІНЕТІН ТАЛАПТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
2. 1 Кабинет қабырғаларындағы тарих сабағына қалай дайындалу талабының нұсқауы 14
2. 2 Тарих кабинетінде конспект және сабақ жоспарының орындалу талаптары нұсқауының көрсетілуі 16
2. 3 Тарих кабинетінде оқушыладың оқу қызметін ұйымдастыру 19
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Мектептегі оқушылардың тарих кабинеті жұмыс жүргізетін база ғана емес, сонымен бірге ол мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының да көрсеткіші болып табылады. Сабақтағы оқу-әдістемелік, көрнекі және техникалық оқыту құралдарының жеткілікті қоры жинақталған кабинет жағдайында мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты арта түседі.
Қазіргі кезде тарих пәнін оқытуда міндетті түрде игерілуі тиіс білімнің көлемі арта түсуде. Сондықтан да мұғалім оқушыларға оқулықтан тыс диафильм, видеофильм, үнтаспа т. б. сияқты оқу құралдарының мазмұны және қолданылу мақсатын жетік білуі тиіс. Тарих кабинетінде мұғалімнің сабаққа дайындығы белгілі бір деңгейде кабинетпен байланысты, өйткені мұғалім сабақта қолданылатын көмекші құралдар және оқытудың техникалық құралдарымен кабинетте орналасады. Кабинет жабдықтау және безендіруде оның мүмкіндігін мұғалім сабақ барысында пайдалана алуы басты назарда болуы тиіс.
Мектепте жақсы жабдықталған кабинет оқушылардың білімі, тәрбиесі мен дамуын іске асырудың әдістері мен нәтижелеріне ықпал етеді. Ондай кабинет оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, танымдық белсенділігін арттыруға қолайлы жағдай туғызады.
Мектептегі тарих кабинеті мектептегі қоғамдық-саяси жұмыстардың да материалдық базасын құрайды. Бұл бағытта кабинет түрлі мерекелік күндер, тарихи оқиғалар туралы жүйелі түрде көрмелер, экспозициялар ұйымдастыруымен ерекшеленеді.
Мектепте техникалық оқыту құралдарының тиімділігінің ең басты шарты оқушылардың қабылдауы, ой қорытуын белсенді етуге ықпал жасайтын мұғалімнің сөзі екендігі үнемі есте болуы тиіс.
Кабинет жағдайында аудиовизуальды құралдар әртүрлі дидактикалық қызмет атқарады. Олар жаңа білім көздерін көру есту арқылы қабылдап, қорытуға, жинақтау, жүйелеу және қайталауға қызмет етеді. Оқытудың техникалық құралдарының дидактикалық қызметі олардың сабақтағы орнын, онымен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін айқындайды.
Тарих кабинетінде оқу көрнекі құралдарының, аудиовизуальды және т. б. дидактикалық материалдардың қорының өте көп болуы кабинет меңгерушісінен олардың бәрін тарих курсының тақырыптары бойынша жүйелеуді талап етеді.
Мектепте жақсы жабдықталған кабинетте түрлі сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыруға да мүмкіндік мол болады.
Кабинетте сабақ барысында немесе оқушылардың сабақтан тыс және қоғамдық, сыныптан тыс жұмыстардың материалдары да сақталады.
Сонымен тарих кабинетке шоғырландырылған оқу құралдары, олармен жұмыс істеудің жүйесі оқушылардың дербес әрекетінің дамуына ықпал жасап, олардың тарихқа деген қызыгушылығын арттырады, сонымен бірге мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндетгерін кешенді іске асырудың негізін құрайды.
Зерттеудің мақсаты: Мектептегі тарих кабинетін безендіру және жұмыс жүгізу. Оқушылардың тарих кабинетіндегі көрнекі құралдарды пайдаланудағы оқушылардың білімдерін, оқу іскерліктерін арттыру.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
-Оқушылардың тарих кабинетіндегі көрнекілік құралдарды пайдалана отырып оқу белсенділіктерін дамыту.
-Тарих кабинетіндегі көрнекіліктердің түрлерін тарихи материалдарды оқудағы әдістер мен тәсілдерді қолдану.
-Сабақтың ұйымдастыру жолдарын таныстыру.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Зерттеудің әдіснамалық негіздері әдістеме ғылымының әдіснамалық зерттеу әдістеріне сүйенілді.
Зерттеу әдістері. Тарих кабинетіндегі тапсырмаларды, суреттерді көрнекі құралдарды баяндау, сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту, сараптау т. б. зерттеу әдістері тиісінше қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың жаңалығы: Мектептегі тарих кабинетіндегі тарихи көрнекілік құралдарын пайдаланудағы оқушылардың оқу белсенділігін арттыруы. Оқушыларды оқытудағы білім сапасы және оқу процесінің дамыту және арттыру.
1. МЕКТЕПТЕГІ ТАРИХ КАБИНЕТІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
- Мектептегі тарих кабинетінің оқыту процесіңдегі рөлі және тарих кабинетін жабдықтау
Мектептегі тарих кабинеті - оқушылармен жұмыс жүргізетін база ғана емес, сонымен бірге ол мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының да көрсеткіші. Оқу-әдістемелік, көрнекі және техникалық оқыту құралдарының жеткілікті қоры жинақталған кабинет жағдайында мұғалім қьізметінің шығармашылық сипаты арта түседі.
Әдістемелік шығармашылыққа қолайлы жағдай туғыза отырып, кабинетиен жұмыс жасау мұғалімнің дайындығына жоғары талап қояды. Қазіргі кезде тарих пәнін оқытуда міндетті түрде игерілуі тиіс білімнің көлемі арта түсуде. Сондықтан да мұғалім оқулықтан тыс диафильм, видеофильм, үнтаспа т. б. сияқты оқу құралдарының мазмұны және қолданылу мақсатын жетік білуі тиіс. Мұғалімнің сабаққа дайындығы белгілі бір деңгейде кабинетпен байланысты, өйткені мұғалім сабақта қолданылатын көмекші құралдар және оқытудың техникалық құралдарымен кабинетге таныса алады. Содан да кабинет жабдықтау және безендіруде оның мүмкіндігін мұғалім сабақ барысында кеғяенді түрде пайдалана алуы басты назарда болуы тиіс.
Жақсы жабдықталған кабинет оқушылардың білімі, тәрбиесі мен дамуын іске асырудың әдістері мен нәтижелеріне ықпал етеді. Ондай кабинет оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, танымдық белсенділігін арттыруға қолайлы жағдай туғызады.
Тарих кабинеті мектептегі қоғамдық-саяси жұмыстардың да материалдық базасын құрайды. Бұл бағытта кабинет түрлі мерекелік күндер, тарихи оқиғалар туралы жүйелі түрде көрмелер, экспозициялар ұйымдастыруымен ерекшеленеді. Мысалы, еліміздің тәуелсіздік жағдайындағы қол жеткен жетістіктері туралы түрлі мағлұматтар тарих кабинетіне жинақталады [1] .
Тарих кабинеті кеңестік білім беру жүйесінде қалыптасты. Кабинеттерге карталар, қолдан жасалған көмекші құралдар, кітаптар, зертханалық жұмыстарға арналған материалдар жинақталды. 30-жылдарда мектептердегі тарихи білім беруді қайта құру барысында кабинеттер жойылып, оқу-көрнекі құралдар мектептердің әдістемелік кабинеттеріне берілді. Ұлы Отан соғысынан соң кабинеттік жүйе мектеп қызметіне қайтадан енгізілді.
60-жылдардың екінші жартысынан бастап мектептерде тарих және қоғамтану кабинеттері жапнай ашыла бастады. Осы кезде мектепке арналған баспа түріндегі көрнекі көмекші құралдардың көбеюі, оқушылар мен мұғалімдердің өз күштерімен оқу құралдарын жасау әрекетінің артуы, озат тарих кабинеттері тәжірибесінің жинақталуы, кабинеттің қызметіне қатысты педагогикалық әдебиетгердің көптеп жарық көруі тарих кабинетін мектептерде тарихи білім берудің құрамды бөлігіне айналдырды.
Тарих кабинетін жабдықтау. Кабинеттің базасы үш негізгі бөліктен тұрады, олар: арнайы жиһаздар түріндегі қондырғылар, қажетті техникалық аппаратура және оқу-әдістемелік құралдардың қоры. Тарих кабинетінің жабдықталуы оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін барынша тиімді іске асыруды басшылыққа алуы тиіс.
Кабинеттің орналасу тәртібін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Ондағы қондырғылар мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеуіне барынша қолайлы болып, құралдарды еркін пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылардың қарсы алдына портреттен өзге ешқандай көрме, картина, стенд ілуге болмайды. Интерьердің безендірілуі де оқушыларды оқу процесінен алаңдатпауы керек. Алдыңғы қабырғаның ортасына орналастырылған тақта жылжымалы болса тіпті жақсы. Тақтаны магнитті аппликациялар, фотолар мен суреттер ілетіндей жан-жақты мақсатта қолдануға бейімдеген жөн. Тақта үстіне потолокқа киноэкран ілінеді.
Тақтаның жоғары жағына картина, кестелер, картиналарды ілу үшін арнайы дайындалған жылжымалы қондырғы орнатуға болады. Сол сияқты теледидар үшін де жылжымалы тұғыр дайындалады[2] .
Картина, кестелерді сақтау үшін тақтаның астына немесе кабинеттің артқы қабырғасында арнайы шкафтар болады. Артқы қабырғаға тұтастай құрастырылған шкаф кабинеттегі бүкіл оқу-әдістемелік, техникалык құралдарды сақтауға арналады. Ондай шкафка кабинеттің кітапханасын, сонымен бірге атластар мен альбомдар, үлестірмелі жоне өлкетану материалдарын, оқушылардың жұмыстары сияқты көптеген дүниелерді жинақтауға болады. Ал шкафтың арнайы секциясына карталар мен оқытудың техникалык, құралдарын орналастырады.
Егер мектепте бірнеше тарих кабинетін жабдықтау мүмкін болса, оларды бслгілі бір сыныптарды оқытуга бағларлау кажет.
Кабинеттің барлық заттары қолдануга оңай болатындай тәртіппен орналастырылуы тиіс. Ол үшін барлық оқу құралдарының каталогы жасалады. Оны ұйымдастыруда кітапханалардағы каталог жүргізудің технологиясын қолданған орынды. Оқу құралдары материалдық құндылық болғандыктан олар жүйелі түрде түгендеуден өткізуі керек. Сол үшін кабинетке дербес түгендеу кітабы арналады.
Картотека айдар бойынша жүргізіледі. Мысалы, "Карталар", "Тестер" т. б.
Кабинет жағдайында оқытудың техникалык, құралдарын қолдану белгілі бір гигиеналық талаптарды сақтауды қажет етеді.
Тарих кабинетіне қажетгі құрауыштарьшың бірі - кітапхана. Онда сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдардың жеткілікті қоры жинақталады. Сонымен бірге тарих оқулықтары, оқу кітаптары мен хрестоматиялардың сабақ өткізуге қажетті саны сақталғаны орынды. Ал ғылыми-көпшілік және көркем-тарихи кітаптар тарих оқулықтары мен оқу құралдарында сыныптан тыс оқуға ұсынылатын тізім бойынша жасақталады. Бұл бөлімдегі кітаптарды оқушылардың жасына қарай топтастырған орынды.
Кітапханада "Тарихи терминдер сөздігі", энциклопедиялар, анықтамалық әдебиеттер де елеулі орын алады.
Кабинет кітапханасында аса қажет деп есептеген республикалық және жергілікті газеттердің тігіндісі жинақталғаны да дұрыс. Кітапхананың анықтама бөлімінде "Тарихтағы жаңалықтар", "Біздің уақыттың ерлері", "Археология жаңалықтары" деген сияқты тақырыптық материалдар жинақталған папкалар сақталады [3] .
Тарих кабинетінің қорында өндірістік негізде дайындалған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтары жинақталғанымен олардың өзі мұғалімнің, сол сияқты оқушылардың да сұранымын толық қамтамасыз ете алмайды. Сол үшін кабинетте қолдан жасалған құралдар - макетгер, үлгілер, кестелер, аппликациялдар, карта, сұлбалардың тұтас топтамасы жинақталады. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар жекелеген тарихи сәулет ескерткішінің кішірейтілген макетін, еңбек құралының, қару түрінің, қарапайым механизмдердің үлгісін аса ыждахаттылықпен және қызығушылықпен жасайды. Олардың жасаған көрнекі құралдарының білімдік-тәрбиелік мөні зор. Сол арқылы оқушылар өздерінің тарихи және техникалық білімдерін, практикалық дағдыларын нақты іске жұмсайды. Оның үстіне құрал дайындаудың өзі білім толықтыруды, оны ой елегінен өткізуді қажет етеді.
Мұғалім оқушыларды безендірулік және мәтіндік үлестірмелі материалдар дайындауға тартуы мүмкін. Көптеген мектептерде осы тәсілмен тарих курсының барлық тақырыптары бойынша бай үлестірмелі материалдар жинақталған.
Дидактикада мектеп оқулығына мынадай анықтама беріледі: ол білім мазмұнын баяндайтын, оқушылардың жас ерекшелігі және басқа да ерекшеліктерін ескеріп, міндетті білім алудың әрекет түрлерін айқындайтын көпшілік қолданатын кітап.
Көбінесе оқулық сабақ құрылымының негізі ретінде танылады. Дегенмен, оқулық көмекші рөл атқаратын немесе мүлдсм керек болмайтын сабақтар да бар. Кейде оқу процесіне оқулықты қолданудың мүлдем керегі жоқ деген пікірлер де кездеседі.
Қазіргі кезде дәстүрлі оқулықтан бас тартуға шақырған пікірлер де кездесіп қалады (мысалы, Ю. Троицкий, К. К. Умбрашко) . Қалай дегенмен де педагогтар, әдіскерлер мен мұғалімдердің басым бөлігі оқулық қажет және пайдалы деп есептейді. Ғалымдар мектеп қулығының мынадай қызметтерін бөліп көрсетеді:
-ақпаратгық (білім беру мазмұнын ашады, оқушылардың жасын ескеріп, әр сабақтағы материалдың көлемін белгілейді) ;
-жүйелеушілік (мазмұнды баяндаудың бірізділігін қамтамасыз етеді және жүйелейді) ;
-окытушылық (білімді меңгертіп, бекітуді жеңілдетеді) ;
-тәрбиелік (тарихты оқытудың тәрбиелік мақсатгарын іске асыруға ықпал жасайды) .
Окулық құрауыштары дегеніміз. Құрылымы әртүрлі көптеген мектеп оқулықтары бар. Оқытуды жіктеуге сәйкес көп деңгейлі оқулықтар жасалу үстінде [4, ] .
Оқулықтың әрбір тарауы қисындық конспект сияқты жоспар-схемамен басталуы мүмкін. Кітап мәтінінде ұғымдар, терминдер, тірек сөздср ерекінеленеді жәнс түсіндіріледі. Негізгі мәтінде құжаттардан үзінділер, анықтамлық ақпарат үлгісі және күрделілік деңгейімен ерекшеленетін сұрақтар мен тапсырмалар қамтылады. Сұрақтар қисынды түрде мазмұнды жалғастырады және нақтыландыра түседі. Оқулық соңында жоғары сынып оқушыларына алдынғы тақырыптан нені еске алу, тапсырманы қалай орындау жөнінде ұсыныстар беріледі.
Жинақтау сұрақтары, қосымша мәтіндік материал бөлімнің соңына орналасады да бұл материал оқу кітабының немесе семинарга дайындалуға негіз болатын қызмет атқарады.
Оқулықтар бір-бірінен қанша ерекшеленгенімен олардың ұқсастықтары да көп. Оқулықта деректерді тандау жүйесі аркылы айқындалған мәтіннени тұрады. Оның мазмұны тараулар, бөлімдер және параграфтардан құралады. Параграфтардың көлемі біртекті, мазмұны тұжырымдалған, тұтас сипатта болады және олардың саны пәннің оқу жоспарына сай келуі тиіс.
Оқулықтың мазмұны негізгі (теориялық және деректік материал) толықтырулы (анықтамалық), түсіндіруші (үлгі, түсініктеме) болып бөлінеді. Негізгі мәтіннің өзі ең маңызды идеялар мен ұғымдар, әрекет тәсілдері мен теориясы туралы ақпараттар құрайды. Мұғалім сабаққа дайындық кезінде оқулық мазмұнынан негізгі, базалық білімді таба алуы тиіс. Ол оқу мазмұнының үштен бір бөлігін қамтиды. Қалған бөлігі сабақты түсіндіругс косымша материалдарды құрайды.
Мектеп курсында барлық материал бірдей баяндала бермеуі мүмкін. Кеңейтілген баяндау конспектілік баяндауға ұштасады. Негізгі деректер бүлжытпай баяндалады және құжаттармен, безендірумен толықтырылады. Негізгі дерекке байланысты мәліметгер қысқа анықтама түрінде беріледі.
Оқулыктың күрделілігі пәндік, қисындық және тілдік болып бөлінеді. Тарихи мазмұнның күрделілігі мәтіннің ұғым, термин, теориялық сипаттағы тұжырымдармен қаншалықты қамтылуына тікелей байланысты. Ғалымдардың пікірінше, окулық мәтінін жақсы түсіну үшін толықтыру мазмұнындағы сөйлемдер базистік материалдан төрт есе көп болуы керск.
Оқулықтың мәтіннен тыс құрауыштары безендіру, сұраулар мен тапсырмалар, құжаттар мсн көрсеткіш материалдарды қамтиды. Безендіру мен сұлбалар кітап мазмұнын бейнелі және шартты көрнекіліктер арқылы ашуға пайдаланылады.
Оқулықтың әдістемелік аппаратының негізгі бөлігін параграфтарға берілген сұраулар меп тапсырмалар құрайды. Олар оқушыларға сабақ мазмұнынын сапалы және терең игеруіе көмектесетін, мұғалімдерге оқушылардың оқу әрекетін басқаруға мүмкіндік береді [5, ] .
Мектепте тарихты оқыту барысында әр сыныптағы тарих сабағының тақырыптарындағы хронологияның ерекшеліктерінің әдістері қарастырылады. Тарихты окыту хронологиясының әдістерін талдау критериясы қаралады.
Тарихты оқытудағы жылдардың, уақыт, ғасырлардың, дәуірлердің бөлінуі жайында әңгімелесу немесе жазбаша жазып қою арқылы өткізуге болады.
Ежелгі дүние тарихын оқытудың хронологиялық ерекшеліктері.
Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұны оның хронологиялык шегі, кезеңдері қаралады. Курс құрлымы кезендерге бөлінуі 4-5 ғасырлар аралығы. Антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының негізгі ұғымдары мен жетекші идеяларын қарастыру. Оқыту материалдарын таңдау критериясына тоқталу. Эгей әлемінің пайда болуы мен құлауы, "крит, треон және микен мәденитінің гүлдену кезеңі, полистер әлемі мен оның құлауы. Ұлы Рим державасының қалыптасуы., рим республикасының дағдырысы мен құлауы, принципат дәуіріндегі императорлық Рим, 3-ші ғасыр дағдарысы мен доминат кезеңі. Классикалық Рим құқықтары және т. б. бойынша ежелгі тарихта қарастырып өтуге болады.
Орта ғасырлар тарихын окыту ерешеліктері.
Орта ғасырлар тарихын, ерте орта ғасырлар, дамыған кезендегі орта ғасырлар деп бөліп қарастыруға болады . Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмұнын, хронологиялық шегі мен кезеңдеріненің ерекшеліктеріне назар аударады. Орта ғасырлар 5 ғасырдан - 17 ғасырлар аралығындағы елдердің әлеуметтік және мәдени өмірлері қарастырылып, мемлекеттердің қай жылдарда, қай ғасырлар екені анықталады. Қоғамның даму заңдылыктарын ашуға қолайлы курстын негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары қарастырылады. Азия және Африка, Америка, Европа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалармен процестерге дәйекті сипаттама беріледі. Ерте ортағасыр, ортағасырлық гүлдену кезеңі. Орталықтанған мемлекеттердің пайда болуы. Орталықтанған Еуропадағы феодалдық күйреу. Батыс Европа мәдениеті. Еуропа елдерінің экономикалық, әлеуметтік мәдени дамуындағы түбегейлі өзгерістер, ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы. Англия, Германия, Франция мемлекеттік құрлымындағы түбегейлі өзгерістер.
Тарих сабақтарында және үй тапсырмасында орындауда оқулықтағы хрорнологияларды және қосымша материалдарын пайдалану, тұрмыс, салт-дәстүр, дін, мәдениет, тарихи қайраткер тұлғаларды зерттеуде қосымша материалдарға көңіл аудару.
Мысалы мектепте Қазақстан тарихын оқытудың міндеттері мақсаттары және тарихтың ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кездерінің хронологиялық уақыттары бөлінуі қарастырылады. оқушылардың білім негізін әлемдік даму картинасының бірегей жәнеи нақты фактілерін қалыптастыру: оқушылардың бүгінгі бұрынғы таңдағы қоғамдық құбылыстарға тарихи позициядан қарау, тарихтың көп жақты және қарама -қайшылығын диалектикалық тұрғыдан түсінуін қалыптастыру: тарихи мәліметтер мен бүгінгі таңдағы хабарларға талдау жасауды дамыту, бұрынғы мен қазіргі [6] .
1. 2 Кабинет жағдайында тарихи білім беруді ұйымдастыру әдістері және оқу материалына құрылымдық-функциялық талдау
Мектептің күнделікті қызметі көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы оқу құралдарын барынша кең қолданғанымен күткен нәтижеге қол жете бермейді. Оның себебі, мұғалім сабақтағы қолданған құралдың дидактикалық ролін дәл белгілемегендігі немесе өзінің функциясын кино-теледидарлық "мұғалімге" артып қойғандығынан болуы мүмкін. Ондай олқылыққа жол бермеу үшін аудиовизуальды оқыту құралдарын сабақта қолданғанда ол құралдармен бірге оқушыны да белсенді жұмыс істету қажет. Техникалық оқыту құралдарының тиімділігінің ең басты шарты оқушылардың қабылдауы, ой қорытуын белсенді етуге ықпал жасайтын мұғалімнің сөзі екендігі үнемі есте болуы тиіс.
Кабинет жағдайында аудиовизуальды құралдар әртүрлі дидактикалық қызмет атқарады. Олар жаңа білім көздерін көру-есту арқылы қабылдап, қорытуға, жинақтау, жүйелеу және қайталауға қызмет етеді. Оқытудың техникалық құралдарының дидактикалық қызметі олардың сабақтағы орнын, онымен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін айқындайды. Мысалы, аудиовизуальды құралды білім көзі ретінде пайдаланғанда ол мұғалімнің әңгімесінің мазмұнына кірігіп кетуі тиіс.
Оқу көрнекі құралдарының, аудиовизуальды және т. б. дидактикалық материалдардың қорының өте көп болуы кабинет меңгерушісінен олардың бәрін тарих курсының тақырыптары бойынша жүйелеуді талап етеді. Сонда ғана кабинет жағдайында оқу процесіне оқыту құралдарын кешенді пайдалануға мүмкіндік туады[7] .
Кабинетге сабақ көзінде, сабақтан тыс уақытта да өздігінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғазылады.
Кабинетке шоғырландырылған оқу құралдары мұғалімге түрлі ақпарат көздерін қолданып, оқушылардың көптеген дерек көздері арқылы жаңа білімді игеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кабинет жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдануға мүмкіндік болады.
Кабинет қабырғаларына бағдарлама талаптарында қарастырылған, оқушылардың дербес жұмыс істеу дағдыларын меңгеруіне көмектесетін нұсқаулар, ережелер орналастырылады. Мысалы, "Конспектіні қалай жазуға болады?", "Тезис дайындаудың үлгісі" деген сияқты жаднамалардың көмегі мол.
Жақсы жабдықталған кабинетте түрлі сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыруға да мүмкіндік мол.
Кабинетте сабақ барысында немесе оқушылардың сабақтан тыс және қоғамдық, сыныптан тыс жұмыстардың материалдары да сақталады.
Сонымен кабинетке шоғырландырылған оқу құралдары, олармен жұмыс істеудің жүйесі оқушылардың дербес әрекетінің дамуына ықпал жасап, олардың тарихқа деген қызыгушылығын арттырады, сонымен бірге мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндетгерін кешенді іске асырудың негізін құрайды.
Оқу материалына құрылымдық-функциялық талдау. Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды П. В. Гора құрылымдық-функциялық пеп атаған еді. Ол құрылымдық талдау дегенде мұғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой елегінен өткізіп, оның мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған қорытындылар мен жинактаушы тұжырымдарды боліп алу деп түсіндіреді. Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулықтың мазмұнынан анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында жасырын түрде кездесуі мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау барысында анықталган теориялық ережелер, корытындылар мен сабақтағы басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін айкындауға бағытталады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz