Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері


Жоспар :
Кіріспе.
І бөлім. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері.
1. 1 . Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері.
1. 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы.
1. 3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері.
ІІ бөлім. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық субъектілердің қаржысы.
2. 1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.
2. 2. Коммерциялық ШЖС-дің өндірістік капиталдары және қызметінің қаржылық нәтижелері.
2. 3. Коммерциялық ШЖС-ді басқару.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі - кәсіпкерлер. «Кәсіпкер» ұғымын алғаш рет ХVІІІ ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Одан кейінгі кезеңдерде «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» ұғымдарына өзіндік түсініктерін қалыптастырып, кәсіпкерлік теориясын өңдеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілдері А. Смит, Ж. Б. Сэй, В. Зомбарт, Й. Шумпетер, тағы басқалары біршама үлес қосты. Сондай-ақ П. Друкер, Дж. М. Кейнс, Т. Питерс, П. Самуэлсон, Д. Эванс, Ф. Хайек тәрізді бірқатар шетелдік экономистердің ғылыми еңбектерінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, зерделенген.
Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті үш аспектіде қарастырады: экономикалық категория ретінде; экономикалық ойлау типі ретінде; шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде.
Экономикалық категория ретіндегі кәсіпкерліктің сипаттамасы үшін маңызды мәселе оның субъектісі мен объектісін анықтау болып табылады. Кәсіпкерліктің объектісі жеке тұлғалардың (жеке, отбасылық, шағын және орта бизнес өкілдері, т. б. ) қызметі, сондай-ақ жаладмалы жұмыс күшінің еңбегін пайдалану арқылы қалыптасады.
Кәсіпкерлік қызмет экономикалық мүдде мен шарт қатынастары бойынша өзара байланысты тұлғалар тобы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектісі акционерлік қоғамдар, кооперативтер жекелеген жағдайларда мемлекеттің сәйкес органдары да болуы мүмкін. Й. Шумпетердің пікірінше, экономикалық ресурстарды үйлестірудің барлық жаңаша тәсілдері кәсіпкердің басты жұмысы болып табылады. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа игіліктерді дайындау мақсатымен ресурстарды үйлестіреді; өткізу нарығының жаңасын игереді. Сонымен қатар нарықтағы жағдайға, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейіне, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік қызметтің тұрақты серігі - тәуекелділік, қауіп-қатер туралы айтпай кетуге болмайды. Өйткені тәуекелділік, қауіп-қатер беймәлімділікпен байланысты және жүргізілген болжам мен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала алмайды.
Экономикалық ойлаудың ерекше типі ретінде кәсіпкерлік практикалық қызметте жүзеге асырылатын шешімдерді қабылдауға қажет көзқарастар мен пікірлердің жиынтығын сипаттайды.
Жекелеген ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті шаруашалақ өнері, табыс табу барысында тәуекелге бел буу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару шеберлігі ретінде көрсетеді. Демек, кәсіпкерлікті жұмыс түрі ретінде ғана емес, тұлғаның ақылы мен қасиетінің қоры, ерік-жігері, жеңіске жетуге деген ынтасы еңбектің ерекше шығармашылық сипаты тұрғысынан да қараған абзал. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан лоарды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
І бөлім. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері.
1. 1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері .
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, эконмиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық - пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй - коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоцияциялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық - экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға - жалпы «қаржы» категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде матеиалдық және ақша қаржаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды: басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен ( олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивиденттер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады) ; өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанда; банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады) ; сақтық органдарымен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдерді сақтандыру жөнінде; жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары) ; құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын ( салымдарын ) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т. с. с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болды; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез-келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық - заттай және ақша нысанында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.
1. 2. Шарушылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер - кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоцияциялар (бірлестіктер) , ұлттық компаниялар және басқалары) , мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.
Межелеудің ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға - қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру - қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процесстердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.
Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің сипаты - коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға ұғымы анықталады. Заңи тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңи тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін және ол кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметі қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып таблады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы .
Материалдық емес
(өндірістік емес)
Коопе ратив
тік
Қоғам
дық ұйым
дар
Т
о
л
ы
қ
с
е
р
і
к
т
е
с
т
і
к
Ж
Ш
С
А
к
ц
и
о
н
е
р
л
і
к
қ
о
ғ
а
м
Қо
сы
м
ша
жа
уап
кер
шіл
ігі
бар
се
рік
тес тік тер
Сенім
сері
ктес
ті
гі
Б
а
с
т
ы
е
н
ш
і
л
е
с
қ
а
з
ы
н
а
л
ы
қ
ө
н
д
і
р
і
с
т
і
к
т
ұ
т
ы
н
у
қоғамдық
бір
лестіктер
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айрықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.
Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:
1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде : республикалық - Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін; коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар - тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.
2. Заңи тұлғалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
6. Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кеплденілген.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысандары меншік нысанымен - мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша кәсіпорындар және кез-келген нысан шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын кәсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүмкін.
Жалпы меншіктің әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz