Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындардың қаржысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Р білім және ғылым министрлігі.
Көкшетау Арна колледжі.

Курстық жұмыс

Кәсіпорын қаржысы пәні бойынша.
Тақырыбы: "Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындардың қаржысы

Орындаған: Ф-31с тобының студенті
Сыздықова И.К.
Тексерген: Тлеубаева З.Д.

Көкшетау 2007.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І-тарау. Ел экономикасындағы шағын кәсіпкерлікті
             дамыту.
1.1 Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің
рөлі мен
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму
     ерешеліктері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың      маңызды
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында шағын бизнес
               дамуының қарама – айшылықтары.
2.1 Қазақстанда шағын және орта бизнесті мемлекеттік
     қолдауды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...16
2.2 Шағын бизнесті
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 23
2.3 Шағын кәсіпкерлікті қолдау
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.4 ЖК шаруашылық кәсіпорынның көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 33

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымша.

Кіріспе

Қазақтан экономикасы әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің
қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта
құруларда іске асыру үшін қажетті, мұнадай бағыттарды ұстануда –
меклекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды
қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфроқұрылымды қалыптастыру.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық
даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні-экономика
жағдайын жақсартуда, жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы
бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті
ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы
тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі
жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу
жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Алғашқы “кәсіпкерлік” термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі
тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз
мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Сонымен қатар 1776 жылы Адам Смит
өзінің Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу атты
еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер,
еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810
жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі
өндіріс факторларының бір дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық
төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын
айтты.

І-тарау. Ел экономикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту.
1.1 Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен
орны.
Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы
қаңтардың 31- iнде “Жеке кәсiпкерлiк туралы” Заңға қол қойды.
“Жеке кәсiпкерлiк туралы” жаңа Заң не үшiн қажет? Әуелi осы туралы
ойлану керек. Осыған дейiн қабылданған заңдар Қазақстанда жеке
кәсiпкерлiктiң қанат жаюына жағдай жасады: нарық экономикасына өтудiң қиын
да күрделi соқпағында тыңнан табылған жол секiлдi түпкi мақсатқа
сүрiндiрмей алып жеттi; мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде, орта
және шағын бизнестi өркен жайдыру тұсында бұл заңның қай – қайсысы да
қолайлы қызмет еттi, соның арқасында жеке меншiк сектор серпiндi дами
түстi.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей ең алдымен капитал
тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру
және қызметтер салаларында туады. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар
мен үлкен салықтардың астында қалды.
Шағын бизнес кәсіпорнын ашу ісі аз мөлшерде капиталды қажет етеді. Өте
жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар
ашады.
80 жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз
жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен
қамтылғандардың 32 %, Италияда 29 %, Францияда 21 % құрады.
Егер қорытындылауға келсек, шағын және орта бизнестің рөлі төменде
көрсетілген алты функциялардан көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс ірі кәсіпорын алыптарына қарағанда нарық
конъюктурасының өзгерісін икемді сезінеді.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар
пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес
қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы
жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде
үлкен рөл атқарады.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми – техникалық
жаңалықтардың 50 % келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, “Палороид”
типті фотоаппараттар).
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартуда орнын
таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездері халық осыннан жұмыс тауып және
өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау үшін қажетті жағдайлар:
▪ оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын
қалыптастыру, яғни жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген
салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);
▪ шағын бизнесті ұйымдастыруда елдің әр түрлі аймақтарында
(облыс орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары
басты рөлде болуы керек;
▪ ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде,
әсірісі сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту
мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан
Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен
мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы” 1997 жылдың 6
наурызындағы қаулысының үлкен рөлі бар.

1. 2 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму ерешеліктері.
“Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту туралы” Елбасының Жарлығы
бүгiнгi нарық кезеңiнде келешек көкжиегiне жетелер үмiт ұшқыны. Кәсiп тауып
еңбек еткендер ғана тығырықтан шығар соқпақты қай кезде де тапқан.
Кәсiпкерлiк саланы дамыту – экономиканы жандандырудың бiрден бiр жолы
екенiн бұл күнде көпшiлiк жақсы түсiнедi. Көптеген экономикалық, әлеуметтiк
және саяси мәселелердi шешуге қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң
нарықтық эконмикада маңызы зор. Бұгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер мен iрi
фирмалар шағын кәсiпкерлiктiң дамуына жан – жақты араласады. Шағын
экономика аудан экономикасында құрылым ретiнде өз бейнесiн айқындай
бастады. Кәсiпкерлiк пен шағын бизнестiң негiзгi мақсатының өз жұмыс
көздерiн ұлғайту арқылы пайдаға қол жеткiзу. Жалпы коммерциялық жұмыстың
өзi капиталды молайтумен түйiнделедi. Кәсiпкерлiктiң түр – түрiн дамытуға
да көңiл бөлетiн мерзiм туды. Қалай десек те кәсiпкерлiк, шағын бизнес
тұрмысымызға мықтап енуге тиiс. Жұмыстың осы көлемiнiң өзi ауданда шағын
және орта кәсiпкерлiктi дамыту керектiгiне айғақ болар едi. Ол үшiн
ұйымдастыру жұмыстарына жеке мән берiп, құқықтық – экономикалық жағынан
еңбек адамдарының қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Бiзде шағын бизнес назардан тыс қалды деуге болмас. Шағын бизнес
субъектiлерiнiң iс - әрекеттерiн еттейтiн бiрқатар нормативтiк
құжаттарымыз бар. Кең ауқымнан шалсақ, соңғы жылдарда өрiстеген
реформалардың негiзгi кемшiлiктерiнiң бiрi, ол мемлекеттiң экономикалық
саясаты шағын бизнестi басты бағыттар шеңберiнде қарамауы екенiн көремiз.
Осы күнге дейiн шағын және орта бизнестi қолдау үдесiндегi
бағдарламалар, заңдар, жарлықтар мен ұйымдастыру iстерi әдетте жоғарғы
жақтан жасалып келдi де шағын бизнестiң шын мәнiндегi өркендеуiне
олардың айтарлықтай септiгi тиген емес.
Ресей Федерациясының қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, шағын
кәсіпорындарға :
▪ өнеркәсіпте – 200 адамға дейін;
▪ құрылыста – 100 адамға дейін;
▪ көтерме саудада – 50 адамға дейін;
▪ ауыл шаруашылығында – 50 адамға дейін;
▪ ғылымда және өндірістік емес салада – 25 дамға дейін;
▪ бөлшек саудада – 15 адамға дейін
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Қазақстан адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997 ж 8 сәуірдегі №499 қаулысына сәйкес шағын
кәсіпорныдарға:
▪ өндірісте, құрылыста және шаруашылықта – 50 адамға дейін;
▪ саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30 дамға дейін;
▪ көлік және байланыста – 25 адамға дейін;
▪ ғылымда және жаңартпашылық қызметте – 20 адамға дейін
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Авторлардың шағын бизнесті жұмысшылардың саны, капитал айналымы,
өндіріс көлемі сияқты және т.б көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас
тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын бизнесті ірі
бизнестен принципті түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда,
атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары,
шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы. Мұндай
позицияны австралиялық ғалымдар да ұстануда, олар қаржы, бухгалтерлік есеп,
қызметкерлерді басқару, қамсыздандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызмет
көрсету мен сатуды қамтамасыз ету саласында 1 немесе 2 адамның ғана
өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді
қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.
Анағұрлым жаңашыл зерттеулерде шағын бизнестің мынадай сипаттамалары
ұсынылуда: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы; кәсіпорындардың
құнды қағаздар шеңбері шектеулі; негізін қалаушылар-тәуекелге бейім алғашқы
ұрпақ кәсіпкерлері; менеджерлер командасы толығымен жинақталмаған; бизнем
жоғары маркетингтік шығындарға ұшырауда; акционерлермен өзара қатынас аз,
жалаң сипатқа ие; бизенс әр түрлі компитенция түрлерін таңдауда жоғарырақ
икемділік дәрежесіне ие болады.
Д. Лонгенеке (Longeneker Justin G.), У.Петтидің (J.William Petty),
К.Мурдың (Carlos W.More) зерттеулерінде жеке көрсеткіштер ұстанымындағы
тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын
бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынулуда:
1. Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын
тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларды ғана бизнестің 15 –
20 – дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
2. фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық
шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
3. әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды;
4. ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын болып есептелуі мүмкін.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар
шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама
беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше
инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін
және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл
кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық
негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару – нысаншылдықтың
жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді.

1.1- кесте.

Шағын және ірі бизнесті салыстыру анализі

№ Критерий Ірі бизнес Шаығн бизнес
1 Қызмет көрсету өнеркәсіп, отын Қызмет көрсету саласы
мен өндіріс энергетикалық кешен, сауда және қамтамасыз
салалары энергетика етуші өндірістер
2 Шығарылатын өнім Массалық өндіріс Ұсақ сериялы немесе жеке
сипаты өндіріс
3 Жаңа енгізілімге Жаңа енгізілімге деген Ірілерге қарағанда, жаңа
деген қабілеті аз негізілімдер 24 есе көп
қабілеттілік
4 Стратегияның 6-10 жыл 0,5-1 жыл
өзгеруі
5 Қызмет саласы Ірі қалалар және өндіріс Үлкен және шағын қалаларда
кешені
6 Бәсекелік ортаны Нарықтың елеулі бөлігін Бәсекелестік ортаның
құру жаулап алу есебінен күшеюі
бәсекенің шектелуі
7 Кәсіпорынды құру Қаржылық шығындардың едәуірБастапқы шығындардың және
және тіркеу болуы және тіркеу тіркеу талаптарының
процедурасының созылмалығы төмендігі
8 Жаңа жұмыс Жұмыс орындарын құру Жұмыс орындары өте жылдам
орындарын құру қарқыны анағұрлым төмен (3 есе) қарқынмен құрылуда
9 Жұмыс күшін Жұмысшылардың тар көлемді Жұмысшылардың жоғары
оңтайландыру маман болғандығынан мүмкін дәрежедегі ауыспалылығының
мүмкіндігі емес арқасында мүмкіндік мол
10 Басқару құрылымы Көлемі зор басқару құрылымыБасқарудағы икемділік,
басқару аппаратындағы
жұмыскерлер санының төмен
болуы
11 Басқару Құрылтайшылар мен Құрылтайшылар мен
жүйесіндегі менеджерлер мүдделерінде менеджерлердің міндеттерін
мүдделердің қарама-қайшылық бір адам
ұштастырылуы болғандықтан ұштаспайды үйлестіретіндіктен,
басқару жүйесінде мүдделер
қарама-қайшылығы болмайды.

Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар бар: жаңа
кәсіпорын бастау; бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу; франчайзинг және
жанұялық бизнес (1.1-сурет).
Бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу біздің экономикамызда әлі аз
танымалы құбылыс, бұл негізінен біздің кәсіпорындарымыздың тәжірибелерінің
аздығымен түсіндіріледі. Дегенмен бұл шетелде бизнеске кірудің айтарлықтай
тараған формасы ретінде мынадай бірқатар артықшылықтарға ие:
1. тәуекел мен тұрлаусыздық факторлары сынға жиі ұшырайтын жаңа
кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың (тәуекел және тұрлаусыздық)
деңгейін төмендету.
2. бизнестің жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі бизнес
әлдеқашан құрылу сатысынан өткен, жұмыс істеуде, бизнестің басқа
контрагенттерімен қарым – қатынас орнатылған.
3. жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда
әлдеқайда аз келісім баға бойынша бизнесті алу мүмкіндігі.

1.1-сурет. Шағын бизнестің негізін қалау жолдары.
Біздің Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау
формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұйлық
бизнес формалары ең өзекті деуге болады.
Франчайзингтің құнына ең алдымен франчайзи франчайзердің
сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, “ноу-хау” және т.б пайдалану
құқығын алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде егер
франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның
капиталға деген қажеттілігі күрт өседі және ол бұл проблемены көбінесе
франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте ұстау керек. Бұл жағдайда
франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең
алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тіеклей инвестиция және
мемлекеттік деңгейдегі келісім түрінде болуы мүмкін. Шетелдік франчайзерлер
үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда бар
ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және
кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат ұтымды факторлар бола
алар еді.
Отбасылық бизенс кәсіпорындары көлемдері бойынша, ұсынатын
өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді.
Отбасының бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға болады:
1. толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.
2. отбасы бақылайтын, маман менеджерлер басқаратын бизнес.
3. отбасы тарапынан басқарылмайтын бизнес.
Отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес пен бизнестің басқа
арасындағы айырмашылықтарды қарастырайық (1. 2-кесте).
Кестеде көрсетілгендей, отбасылық бизнес менеджерлері
отбасылық бизнеске қатысы жоқ бизнес менеджерлеріне ұқсамайды. Жай
кәсіпорындардағы маман менеджерлер анағұрлым қысқа уақыт кезеңінде жоспар
құрады, бизнестің зияндары мен сәтсіздіктерін аз дәрежеде сезінеді,
фирмаға танытатын адалдықтары мүмкіндігінше аз және өз мансаптарын алға
жылжытуда үлкен икемділікке ие; ереже бойынша оларға еңбекақыларын көтеру
және алға жылжыту сияқты анағұрлым дәстүрлі жағдайлар жасалған.
1.2 -кесте
Отбасылық бизнес пен бизнестің басқа да түрлері арасындағы айырмашылықтар.
№ Отбасылық бизнес Бизнестің басқа
түрлері
1 Фирманы шексіз беріліп басқару, Фирма менеджерінің мүдделері
себебі отбасы мүшелерінің өмірі арадағы шарт шеңберінде
және жақсы тұрмысы бизнестің
табысты не табыссыздығына
байланысты.
2 Отбасы мүшелері өздерінің барлық Менеджерлердің өздерінің барлық
мансаптарын тек бір жеке мансаптарын бір ғана фирмада
отбасылық бизнеспен ғана жасаулары сирек кездеседі.
байланыстырады.
3 Стратегияны дайындау кезінде Менеджерлер фирманың стратегиясын
отбасы мүшелері шексіз ұзақ уақытдайындау кезінде өте қысқа уақыт
кеңістігіне ие кеңістігіне ие
4 Бизнестегі сәтсіздіктер отбасы Бизнестегі сәтсіздіктер
мүшелеріне, әсіресе оның менеджерлерге салыстырмалы түрде аз
менеджерлеріне драмалық зардап әсер етеді.
әкеледі
5 Отбасы мүшесінің менеджер ретіндеФирмада менеджер мансабының
қызмет атқаруының тоқтатылу тоқтатылу ықтималдығы өте жоғары
ықтималдығы өте төмен
6 Отбасы мүшелері фирманың өсуіне Менеджер жалақысын арттыруға,
және табысты болуына мүдделі, мансабын жоғарылатуға және өсіруге
себебі ол жалғыз жұмыс орны және мүдделі
отбасы тұрмысын жақсарту көзі
7 Отбасы мүшелерінің кірістері Менеджер жалақысының фирма
фирманың қызметінің түпкілікті қызметінің түпкілікті нәтижелеріне
нәтижелерімен тікелей тәуелділігі анағұрлым аз
пропорционалды
8 Шешім қабылдау орталықтандырылғанШешім қабылдау алқалы сипатқа ие,
сипатқа ие, дегенмен уақыт өте көбіне менеджерлер командасының
бұл беталыс төмендейді қатысуына негізделеді
9 Фирма қызметіне деген ішкі Фирма қызметіне бақылау тым ат үсті
бақылау аз, жалаң сипатқа ие
10 Отбасы мүшелерінің арасындағы Сабақтастық бақталастыққа және
бақталастық отағасы мен жанжалға алып келуі мүмкін, бірақ
мұрагерлер арасында жанжал акционерлердің мүдделеріне сәйкес
туғызуы және отбасылық бизнестің акционерлердің бақылау жасау
сабақтастығын проблемалы етуі жанжалжы уақытында тыйып, тоқтатуға
мүмкін мүмкіндік береді.
11 Менеджер өзіне және отбасына есепМенеджерлер акционерлерге есеп
беретін отбасы мүшесі береді
12 Отбасындағы жанжалдардың салдары Жанжал сызықты сипатқа ие, түзу әрі
әділ сипатқа ие, яғни белгілі бірқадағалау оңай және уақтылы
уақыт аралығынан кейін пайда болатоқтатуға болады.
отырып, және уақытылы бизнестің
табысты болуына әсер етуі мүмкін.

1.3 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы ролі аса үлкен. Біздің
республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90% -ке жетеді.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан
астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс
істейтіндері -329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен
қамтылғандардың саны – 1,4 миллион адамды құрады.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 миллиард теңгенің өнімін
өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7
миллиард теңге құрса, 2000 жылы – 45,9 миллиард теңге жетті.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы
жарлығымен ҚР – да Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оның басты мақсаты
шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін
мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар
мыналар:
- халықтың жұмысын қамтылуын қамтамасыз ету;
- қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау
мәселелеріндегі ролін күшейту;
- шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту
арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы
жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын сауда кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік
аспектілігінде өзінің құрылуымен шағын сауда кәсіпорындар жұмыс орындарын
көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа
халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай
өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған
қол жеткізуде өз істерін ұнатқандықтары және бұған бейімділіктерінің сай
болуына қарай өздерінің жеке ісін ашу, өзінің бизнеспен айналасуын
жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын сауда кәсіпорындардың
дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа
өтуінде шағын сауда кәсіпорындар жанаша өнім ретінде болмайды. Олар
еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады.
Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан,
халықтық көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден,
рыноктық жағдайда олар қажетті икемділігкі қамтамасыз етеді, терң
мамандандыруда іске асыруда және өндірісті тармақтанған
кооперацияғаайналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін
емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың
серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің
өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.

II - тарау. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуының қарама-
қайшылықтары.
2. 1 Қазақстанда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды
жетілдіру.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды объективті
қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи
процесіне тезірек ілесу ретінде де қарастырған ләзім. Нарыққа өтудің
жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылғаны
белгілі. өйткені, осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи
ресурстарына, халқының менталитетіне және т.с.с көптеген саналуан
ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні біздің еліміздегі
экономикалық реформалардың басталғанына 10 шатқы жылдан аса уақыт өтсе де,
белгілі бір жүйелі жол табу оңайға соқпай, іздену процестері әлі де
жалғасын табуда. Ендігі басты мақсат-экономикалық қатынастар жүйесін
жетілдіре отырып, олардың кешенді түрде түбегейлі жаңғыртуды жалғастыру
болып табылады. Ал бұл міндетті жүзеге асыруда ең алдымен, өндіріс пен
инфрақұрылымдық салаларда жекеменшікке негізделген шаруашылық қатынастарды
дәріптеу және мемлекет тарапынан қолдау керек болды.
Қазақстанда осындай қолдаудың заңнамалық негізі қысқа мерзім ішінде
жасалып, оны жүзеге асыруда көптеген мемлекеттік шаралар белгіленді.
Олардың ішінде ең негізгісі ретінде кәсіпкерлік пен шағын бизнесті үдете
дамыту мәселесі бірінші кезекте күнтәртібіне қойылды. Өйткені, бұл мәселені
жүйелі түрде шешір отыру-қоғамдағы қозғаушы әрі жетекші күш-орта тапты
қалыптастырып қана қоймай, оның өндірістік-интеллектуалдық әлеуетін де
молайта беруге бірден-бір негіз болар еді. Өркениетті мемлекеттердің де,
дамушы елдердің де тәжірибесі кәсіпкерліктің мұндай маңызын дәлелдеп берді.
Әсіресе, кәсіпкерлік пен бизнестің шағын түрі өзінің ықшамдылығымен
және қолайлығымен ерекшеленеді. Ішкі және сыртық нарықтық конъюктураның
жылдам өзгерулеріне дер кезінде бейімделе білу де шағын бизнестің
өміршеңдігін айқындайды. Сондай-ақ белгілі бір өнім түрін өндіруге мейлінше
тез бейімделуі және жаңа технологияларды ендіруге жылдам ықшамдала білу
қасиеттері шағын кәсіпкерліктің бұл түрінің экономикалық табыстардың ең
шешуші кепілі болатындығын дәлелдеді.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі Қазақстанның
экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады.
Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қабылданған заңдар мен
бағдарламалардың шоғыры орталық басқару органдарынң бұл салаға шынай назар
аударғанын айғақтайды. Мемлекет басшысының “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді
стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының
бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау атап өтілгені жайдан-жай емес.
Кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді қолдау мен жеделдете дамыту міндетін
орындау жекелеген тұлғаның, кәсіпорынның немесе шаруашылық саласының ғана
емес, тұтас мемлекеттің экономикалық болашағын айқындайтын негізгі
факторлардың бірі. Әлеуметтік басым бағыттағы нарық экономикасын дамытуға
талпынған біздің мемлекетіміз үшін шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мәні мен
құрылымын, тиімді үрдістерін зерттеп-зерделеп алу қай жағынан да өте
пайдалы болар еді.
Шағын бизнесті қолдау мен басқарудың ғылыми-теориялық тұжырымдамасының
мәні мынада-бүгінгі таңдағы озық үлгілері мен әдістерін пайдалану негізінде
түпкі нәтижелерге бағытталған басқарудың тиімді жүйесін жасау.
Тұжырымдаманың мақсаты ретінде шағын кәсіпорынның ұзақ мерзімдер бойы өз
қызметінде ұмтылған негізгі нәтижелеріне қол жеткізудің әдістерін атап айту
керек.
Шағын бизнесті басқару функцияларына:
1. жоспарлау;
2. ұйымдастыру,
3. мотивация (сенімділік орнықтыру);
4. бақылак;
5. үйлестіру жатады.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың түйінді мәселелерінің біріне
оны мемлеке тарапынан қолдау жататына белгілі. Барлық дамыған елдерде
Үкімет оларды дамытудың ұзақмерзімді саясаты мен стратегиясын дайындаған.
Мәселен, біздің елімізде елбасы жарлығына сәйкес Үкімет мынадай
шараларды жүзеге асырып келеді:
➢ шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік институты құрылды;
➢ ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде шағын
кәсіпкерлікті қолдау департаменті және облыстарда осындай
департаменттер құрылды;
➢ Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры жұмыс істеуде;
➢ Екінші деңгейдегі барлық банктер шағын кәсіпкерлік субъектілерін
несиелендірудің ең аз мөлшерін бекітті;
➢ Мемлекеттік бақылау және инспекция органдарының саны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпкерлік қызметінің теориясы
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері
Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорларын талдау
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі
Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Пәндер