Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

  1. «Алты Алаш ардақтаған Әсет ақын» . . . 5Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі . . . 9Әсет әндерінің зерттелуі . . . 20
  2. Ә. Найманбайұлының шығармаларының поэтикалық тілі . . . 23Ә. Найманбайұлының қисса-дастандарының жазылу ерекшелігі . . . 26Ә. Найманбайұлының айтыс өлеңдерінің көркемдік құрылысы . . . 37

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 45

Кіріспе.

Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923) - қазақтың атақты әнші-композиторы, суырыпсалма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, «Қызыларай» колхозы) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің атамекені болған.

Әсет жеті-сегіз жасында Көктума да (қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бахты ауылы) Зейнулла имамның медірессесінде оқиды. Он төрт-он бес жасқа келгенде әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады. 14-15 жасында-ақ ақындық, әншілік өнерімен танылған. Әсет - ең алдымен ақын. Оның кейбір өлеңдері құдайға сыйыну, дінді уағыздау сарыны байқалады.

Әсет - асқақ әнші, дарынды халық композиоры. Арқаның Ақан Сері, Біржан Сал, Құлтума, Жарылғапберді, Үкілі Ыбырай т. б. Әнші-композиторларының тамаша дәстүрі Әсеттің орындаушылық өнеріне, композиторлық шығармаларына зор ықпал еткен. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Рысжанмен айтысқан сапарында Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді әндерін естіген.

Осы бір өнер сапарының нәтижесінде Әсет үлкен шығармашылық толғанысқа түсіп, «Шама», «Әсет», «Майда қоңыр», «Мақпал», «Қайшақбай» сияқты әндерін шығарған. Оның «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Еркем-ай», «Қаракөз» әндерінен де Арқа әндерінің кең тынысты шалқымалы әуені сезіледі.
1916 жылы патша жарлығына байланысты дүрлікке елмен бірге Әсетте Қытайға өтіп кетеді. Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісін, оның халыққа әкелген теңдігін, бақытын естігенде Әсет Отанын аңсайды, өз еліне келуді армандайды. Көп ұзамай Әсет әншілігімен жұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да шешесін қолына алдырады. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған.
Әсет ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын.

Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы-көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.

Әсет - негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол А. С. Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т. б әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады.

Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.

1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды.

1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С. Сейфуллин (1925) бастырған. 1936 жылы Б. Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б. Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.

Тақырыптың өзектілігі: Әсет Найманбаев шығармаларындағы көркемдеуіш құралдарың қолдану ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың мақсатты міндетті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Әсет Найманбаев шығармаларында қолданған өзіндік тәсіл және көркемдік құралдарды қолданылуын тану арқылы курстық жұмысқа енгізу.

  • Әсет Найманбаев шығармаларының зерттелуін және ғалымдардың өзіндік пікірлерін ескеру.
  • Әсет өлеңдеріндегі көркемдік құралдарды анықтау.
  • Поэтикалық тілдік ерекшелігін анықтау.

Курстық жұмыстың нысаны: Әсет Найманбаев бізге жеткен мол мұралыры: айтысы, қисса-дастандарының, өлеңдері.

Курстық жұмыстың ғылымилығы: Ә. Найманбаев шығармалары туралы ХХғасыр С. Бегалин, І. Жансүгіров А. Жұбанов ғалымдардың жазылған еңбектер.

Зерттеу әдістері:

  • жинақтау
  • талдау
  • саралау
  • сипаттау
  • іріктеу
  • жүйелеу.

Курстық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (әр тарау 2 тараушадан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер деген бөлімдерден тұрады.

  1. Алты Алаш ардақтаған Әсет ақын.

Жетісу мен Алтайды өзінің әсем әніне бөлеп Алакөл мен Арқа атырабын жырға қосқан дүлдүл ақын, бұлбұл әнші әрі дарынды сазгер, аққуға үн қосқан күміс-көмей ақиық өнер иесі - Әсет Найманбайұлы 1867жылы Үржар ауданы, Бақты ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, «Қызыларай» колхозы) дүниеге келген.

Әсет жеті-сегіз жасында Көктума да (қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бахты ауылы) Зейнулла имамның медірессесінде оқиды. Он төрт-он бес жасқа келгенде әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады. 14 - 15 жасында-ақ ақындық, әншілік өнерімен танылған. Әсет - ең алдымен ақын. Оның кейбір өлеңдері құдайға сыйыну, дінді уағыздау сарыны байқалады.

Әсеттің ән мен өлеңге әуестігі медреседе оқып жүргенде-ақ байқалады. Жаттау, есту қабілеті аса жоғары болған ол ауылға келген әншінің әнін, жыршының мақамын бір естігеннен қағып алатын болған. Әлімғазы деген болыс оның әншілігін, ақындығын білген соң өзінің жанына тартады.

Ол Әсетті ер жетіп, айналаға әншілік даңқы щығып, әбден атақты өнерпаз болғанша көз жазбай қадағалайды. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Арқаның ән мектебінен сусындап, оның әсем әндерін Жетісу мен Тарбағатай өңіріне жеткізуші, Біржанның, Ақанның, Құлтуманың әндерін шығыс аймаққа таратушы болады.

Әсеттің ақындық мұрасын, яғни поэзиялық шығармаларын үш топқа бөліп қарауға болады. Олар: 1) өлеңдері 2) айтыстары 3) қисса-дастандары.

Әсет өлеңдерінің ішінд е халыққа айрықша танымал бөлігі - оның ән-өлеңдері. Барша халық оның басқа өлеңдерін, айтыстары мен қисса-дастандарын көп білмесе де, «Інжу-маржан», «Қисмет», «Мақпал», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Қоңыр қаз» тәрізді әндері жақсы біледі. Ақынның ән-өлеңдерінің дені жастық шақ, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбына арналған. Сазгер Ахмет Жұбанов «Әсет шығармашылығының шыңы» деп баға берген «Інжу-маржан» әні - сөзі мен әуені шебер ұштасқан, өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленетін қазақ әндерінің ғажап дүниесі.
Әсет - асқақ әнші, дарынды халық композиоры. Арқаның Ақан Сері, Біржан Сал, Құлтума, Жарылғапберді, Үкілі Ыбырай т. б. Әнші-композиторларының тамаша дәстүрі Әсеттің орындаушылық өнеріне, композиторлық шығармаларына зор ықпал еткен. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Рысжанмен айтысқан сапарында Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді әндерін естіген. Осы бір өнер сапарының нәтижесінде Әсет үлкен шығармашылық толғанысқа түсіп, «Шама», «Әсет», «Майда қоңыр», «Мақпал», «Қайшақбай» сияқты әндерін шығарған. Оның «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Еркем - ай», «Қаракөз» әндерінен де Арқа әндерінің кең тынысты шалқымалы әуені сезіледі.

1916 жылы патша жарлығына байланысты дүрлікке елмен бірге Әсетте Қытайға өтіп кетеді. Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісін, оның халыққа әкелген теңдігін, бақытын естігенде Әсет Отанын аңсайды, өз еліне келуді армандайды. Көп ұзамай Әсет әншілігімен жұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да шешесін қолына алдырады. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған.
Әсет ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Тегі әншілік өнеріне ден қойғанынан болу керек, өзінің ақындығына көп мән бермей келіп, ақыры өлер алдында «кейінгі ұрпаққа Абайша сөз қалдырмадым», - деп қатты өкінеді. Әсеттің тағы бір ерекшелігі күрделі сюжетті поэмалар жазуды да машықтаған. Қай шығармаларын алсақ та оның үлкен өнер иесі болғандығы көрініп тұр.


Болжаусыз осы екен ғой өлім деген,
Күн бұрын көзге келіп көрінбеген.
Артыма сөз қалдырмай ала кеттім,
Айғайға қайран даусым ерінбеген.
Абайдай арт жағына сөз қалдырып,
Жақсы еді-ау, әттеген-ай өлу деген.
Ертең жазып, бүрсігүн бітірем деп,
Баянсыз тіршілікке сенуменен,
Қатын, бала асырау амалында
Кеттім-ай үнемі көңіл бөлуменен.
Менен сорлы ақын да өтті ме екен,
Бір сөзі баспа орнына берілмеген?!
Осымен өмір бітті, дәм таусылды . . .

Әсет Найманбаевтың қай жерде туғандығы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Зерттеушілердің дені оны осы күнгі Семей облысының Мақанша ауданында туғандығын білдірсе, «Қазақ әдебиетінің тарихы» мен «Қазақ совет энциклопедиясында» Әсет Найманбаев қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы «Қызыларай» совхозында туды делінген. «Ақынның аталас ағайындары, - дейді Балтабай Адамбаев, - Семей облысы, Үржар ауданында тұратын Тәти Жинақбаевтың (1888 жылы туған), Қарағанды облысы, Қоңырат ауданында тұратын Смағұл Байжұмановтың (1860 - 1957) және Әсеттің қызы - Сәмөгей Әсетованың (1910 жылы туған) айтуларынша, Әсет руы - Арғын, Арғын ішінде Майлық, Қожамберді. Ата мекені - Қарқаралы Қаршығалы өзенінің бойы. Әсеттің үлкен әкесі Жұмағұлдан - Найманбай, Қайранбай деген екі ұлы туады. Қайранбайдан ұрпақ жоқ. Найманбайдан - Әсет. Найманбайдың қонысы - Қызыларай, Керегетас тауларындағы Ақсай қыстағының басы, қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, «Қызыларай» колхозының жері. Әсет Семей облысында 1867 жылы туған. [3. 480]

Әсет мөлшермен 1920 - 1921 жылдардағы үркіншілік кезінде арғы бетке (Қытай қазақтарының жеріне) өткен. Содан көп ұзамай Құлжа төңірегінде қайғылы қазаға ұшырағаны белгілі. Әсет есімінің баспасөз бетінде алғаш аталуы - 1910 жылы. Құрбанғали Халидов Әсеттен бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Бұл ретте Абайдың «Әсетке» атты өлеңі 1889 жылы жазылып, 1909 жылы жарияланған еді ғой, оны қайда қоямыз деген сұрақ тууы мүмкін.

1925 жылы «Таң» журналының 1 - санында «Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуы» жарық көрді. Кейініректе С. Сейфуллин оны қайталап жариялады. [5. 115]

Әсет есімінің мерзімді баспасөзде молырақ көрінуі - 1936 жыл. Дәл сол жылы оның өмірі мен шығармашылығы туралы тұңғыш рет арнайы мақала жаряланды. [6. 5]

Мақала авторы Балташ Ысқақовтың айтуынша, Әсеттің туып, өскен жері Семейдің Үржар, Мақаншы аудандары, 1920жылы атаман Анненков Қытайға қашқанда шекараға жақын төрт болыс елді шауып әкетеді, елмен бірге Әсет те ауып кетеді. Мақалада ақынның тіған, өлген жылдары туралы мәлімет келтірілмейді. [3. 481]

Отызыншы жылдары Әсеттің кейбір өлеңінен үзіктер, Рысжанмен айтысы, «Евгений Онегин» дастаны (үш нұсқасы) басылса, қырықыншы жылдар негізінен Рысжанмен айтысына ғана көңіл аударылды. Ұлы Отан соғысының қызып тұрған шағында Сәбит Мұқанов екі кітап жариялады, екеуінде де «Әсет пен Рысжан» айтысына орын берілді. [7. 202]

Әсет шығармашылығына Жұбанов та көңіл аударып, 1942 жылы Әсет өмір сүрген аймаққа барып қайтады, ол туралы деректер жинайды, ақынның қызын көреді. [8. 261]

Әсет шығармалары суырыпсалма ақындық өнер табиғатының заңдылықтарына сәйкес туған. Кейбір шығармаларын жазып шығаруы да мүмкін. Бірақ ақынның өз қолымен жазылған, не болмаса көзі тірісінде біреуге жаздыртып, сол уақыттан бері сақталған әдеби мұрасы бізге бимағлұм. [3. 483]

Әсеттің 1968 жылғы жинағында 34 өлең-жыр (мұның ішінде әндері де бар), 4 айтыс-қағыс, 4 дастан-қисса жарияланса, 1988 жылғы жинаққа 29 ән тексі, 71 өлең, 10 айтыс-қағыс, 8 қисса-дастан кірген.

Мұндағы біраз шығармалардың оңға тарта нұсқасы бар, ал кейбір шығармалар Әсеттен басқа ақындарға да таңылады. Бұлай болуы әбден заңды. Өйткені ауызша тауып, ауызша жеткен мәтіндердің өмір сүру пішінінің өзі осындай заңдылықтарға негізделген.

Әсет шығармалары бізге әртүрлі орындаушылардан әртүрлі нұсқада жетті. Егер Әсет өнеріне жазба әдебиетітұрғысынан келетін болсақ, оның өз қолынан шыққандығын толық дәлелдейтін бірде-бір түпнұсқа жоқ. Сондықтан, Әсет шығармашылығы суырып-салма ақындық өнер тұрғысынан танылуы керек. Ол - импровизатор ақын. Осыдан 100 жыл немесе 70-80 жыл бұрын имровизация үлгісінде туған шығарманың дәл сол күйінде жету неғайбыл. Ендеше бүгінгі күні Әсеттікі деп танылған мәтіндерде әртүрлі орындаушылардың да әсері бар. [3. 484]

Арғынмын, атым - Әсет арындаған,

Арындап ән сала ма дарымаған.

Аспанның аясында ән шалқытқан,

Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.

Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебені дәсерлетіп.

Сөз - жаңдыр, даусым - дауыл, әнім - ескек

Ойнақтап басылайын аз желдетіп, -

деген жолдар ақынның төлқұжаты іспеттес.

Ақынның көптеген өлеңдерін, қисса-дастандарын жеткізушілердің бірі - Жүнісхан Көлдеев. Жүнісханнан «Қызыл табан ағаш ат», «Үш жетім қыз», «Пөшкин» дастандары, «Әсет пен Қали», «Әсет пен Сәмет» айтыс-қағыстары, «Жас жігіт надандықпен алданады», «Жан фәни дүниеде ақырда өлмек», «Қор болмасзерек адам ақылы бар», «Адамның жасы жөнінде», «Айыпқа тыңдаған жан алмағайсыз», т. б. өлеңдері жазылып алынған.

  1. Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі.

Ән-адам жанының емдеушісі, көңіл жұбанышы, сезім сырлары. Ақын Әсет бабамыз ән әлеміне өзіндік қырымен танылды. Әнді асқақтата шырқап, әуенін әрлеп, ырғағын жөндеп кетті. Әндерінің әуезділігі сонша бірінші айтқандағы әнін, екінші шырқағандағы сарынына келтірмей сөзіне сөз, мағынысына мағына үстеді.

Ақын әндерін санаға сіңіру үшін тыңдаған сайын тылсым құдірет, өшпес сезім табасың. Әніне бой алдырсаң елітіп, еріп, тереңдеп кете бересің.

Әсет ақынның лирикасы әралуан тақырыптарға жазылған: Жастық, сүйіспеншілік әуендері туралы тебіреністері. Өнер, ғылым, дін жайлы ағартушылық, дидактикалық өлеңдері кеңінен таралған. Замана жайын, зарын сыншыл реализм дәстүрінде толғаған жырлары, арнау өлеңдері сол тұстағы әдеби үрдісі танытады. Халық поэзиясы үлгісіндегі салт-ғұрып өлеңдеріде мол кездеседі.

Қазіргі күнде Әсеттің атын естімеген, өлеңін оқып, әнін тыңдамаған қазақ аз болуға тиіс. Дегенмен жалпылама білумен шектеліп қалмай, ол жайындағы білімімізді нақтылай түсу бағытында бірер пікір айтуды жөн көрдік.

Жалпы, Әсеттің ақындық та, композиторлық та шығармашылығы, өзге халық ақындарына қарағанда, біраз кенжелеу зерттеле бастады. Оған ақынның Шығыс Түркістанда өмір сүруі басты себеп болды деп білеміз.

Ақынның сөз еткелі отырған бірінші өлеңі - біздіңше, «Қисмет» аталуға тиіс. «Тиіс» деуіміздің мәні: бұл өзі әр жинақта әртүрлі аталып, әлі күнге тұрақты бір атқа ие бола алмай келеді. Ал шындығында «Қисмет» деп аталуға қақылы: өйткені бұл өлеңнің меншікті әні бар, сондықтан әнді өлеңнен бөліп басқаша атау, біздің пікірімізше, бүтін денені боршалаумен барабар. Әсеттің композиторлық өнерін халық арасына кеңінен, таратуда зор еңбек етіп жүрген Қазақ ССР-інің еңбек іңірген әртісі Дәнеш Рақышев «Арғынмын атым Әсет, арындаған» деп басталатын бұл өлеңді «Қисмет» деп атайды. М. Дүйсенов пен Е. Ысмайылов құрастырған «Ақын жырларында» (Алматы, 1958) «Әсет әні» делінген. С. Мұқанов «Әсет» деп атайды. [2. 28]

Шындығына келгенде, өз әніне Әсет ешқашан «Әсет» деп ат бермес керек-ті. Олай атап жүрген - біздерміз. Сондықтан Әсеттің әндерін тікелей шәкірттерінен үйреніп, солардың айтқан күйінде біздерге жеткізіп беруші Д. Рақышевтың айтқанына ден қойғанымыз дұрыс сияқты.

«Ойбай-ау, «Әсет» деген ән бар емес пе еді, сонда оны қайда қоямыз?» - деудің де реті бар.

Біздіңше, «Әсет» деген ән болмаған, «Әсеттің әні» деген ыңғайда шартты түрде солай аталып келген де, оған ешкім терең мән бермеген. Кейбір фактілерге жүгінейік.

Соғыстан кейінгі жылдарда Жамал Омарованың орындауында «Әсет» деген ән күйтабаққа жазылды. Ол ән «Әсеттей сал, ән салсаң әсемдетіп» деп басталатын, «Інжу - Маржан секілді» деп қайрылатын.

«Замана бұлбұлдары» атты кітабында А. Жұбанов: «Әсеттің «Ырғақтысын» былай қойғанда, оның халық арасына көп тараған, балаға дейін білетін «Әсет» атанып кеткен әні Әсет шығармашылығының шыңы десе болады.

Әсеттей сал ән салсаң, әсемдетіп,

Делебесін қоздырып, әсерлетіп.

Даусым - дауыл, сезім - жел, әнім - ескек

Ойнақтап басылайын аз желдетіп, -

деген сөзіне музыкасы сай келеді», - деп жазады. Сол кітаптың 273-бетінде осы сөздерді нотаға қосып жазады да, бұл әнге «Інжу - Маржан» деп ат береді. Неге?

Біріншіден, А. Жұбановтың «Әсет» атанып кеткен әні деуінің өзі тегін емес. Оны «Әсет» деп біз атап кеткенбіз, ал, шындығында, бұл әннің аты - «Інжу - Маржан».

Екіншіден, Ж. Омарова айтатын әннің әуені де осы, сөзі мен қайырмасы да осы.

«Інжу - Маржанды» «Әсет» деп жүргеніміздей, «Арғынмын атым - Әсет, арындаған» деп басталатын әнге де шартты түрде «Әсет» деп айдар тағып жүрміз. [2. 29]

Бұл өлеңнің халыққа танылу тарихында да өзіндік сырлар бар. Қазақ совет әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің «Әнші» атты өлеңі «Арғынмын, атым Әсет, арындаған» деп басталатыны баршамызға аян. Дегенмен бұл өлеңде бөлектеу бір сыр бар екендігін аңғартқандай жақша ішінде «Ескі әнші аузынан» деген де қосымша тақырыпша бар. Оның мәнін кезінде академик-жазушы Сәбит Мұқанов түсіндірген-тін. [2. 30]

Екінші өлеңді де аталуынан бастайық, Бұл өзі Әсеттің ежелден елге мәлім өлеңі. Алғаш «Әдебиет және искусство» журналының 1940-жылғы 9-санында «Әсеттің өлердегі айтқаны» деген атпен 30 жол өлең басылыпты . . . Оны жариялаған - Орынтаев Оспанбай деген кісі: Өлең «Жолықтым дәм таусылар уақытысына» деп басталады да, «Сүйектен не шығады кебіндеген» деп аяқталады. А. Жұбановтың «Қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығы» (Алматы, 1942) атты кітабында Әсеттің өлер алдындағы айьқаны деп төрт шумақ өлең мысалға келтіріледі. Онда басқа жолы - «Болжаусыз осы екен ғой өлім деген». Ол жолдар Орынтаевтың жазуында да түгел кездеседі. Б. Адамбаев пен С. Ордалиев құрастырған ақынның жеке жинағында бұл өлеңге «Болжаусыз осы екен ғой өлім деген» деп ат берді. [2. 34]

Ал енді Әсет әндерін қазіргі күнге жеткізуші, сақтап және насихаттаушы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі Дәнеш Рақышев радио мен теледидарда бұл өлеңнің әнін «Ақырғы сөз» деп орындап жүр, күйтабаққа да сол атпен жаздырды.

Бұл өлеңді 1959 жылы «Алыптың адымдары» атты кітабында С. Мұқанов жариялағаннан бері ешкім оған жолдап, шумақтап өзгерістер енгізе қойған жоқ, сол 46 жол аман-есен. Алайда жеке сөздердің еш дәлелсіз-ақ жөнделіп кеткен жерлері баршылық. [2. 34]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әсет Найманбайұлы шығармашылығы
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ ТАРАУ
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі
Айтыс жайында
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Әріп Тәңірбергенұлы
Абай және оның шәкірттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz