Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Қазақстандағы психология жайлы ілімдердің бастаулары . . . 5

1. 1. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары . . . 5

1. 2. Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулардың психологиялық тағылымдары . . . 11

1. 3. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары . . . 17

2. Ғылыми психологиялық ой-пікірледің дамуының алғышарттары . . . 20

2. 1. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің психологиялық пікірлері . . . 21

2. 2. Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы . . . 24

2. 3. Қазақстанда психология ғылымының ахуалы . . . 30

Қорытынды . . . 33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35

Кіріспе

Психологиялық ғылымға деген қызығушылық ерте кезден бастап пайда болды. Кейбір мәселелер күні бүпнге дейш психологтарды ойландырып, қазақ психологиясының тарихында әлі де шешуін таппаған болып келген мәселелер баршылық, бұл сұрақтар өзге көңіл аударуды қажет етіп отыр.

Қазақстанда психологиялық ой - пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.

Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Әль- Фараби, Асан - қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді, Бүхар, Махамбет, т. б. ақын - жыраулар мен ғұлама - ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата - бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады[1] .

Алғашқы психологиялық ой - пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл - Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Әл Фараби шкі ортағасырлық білім - ғылымының барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі - психология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне «Ақыл ой туралы», «Темперамент туралы», «Жас-өспірімнің ақыл ойы туралы кітап», және т. б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектеріне таным үрдістері оның психологиялық және табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді [2] .

Тәлімдік тұрғыдан ақын-жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Ақын - жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыққа, өз отанын сүюге шақырады. Мәселен, ақындардың өзінің ұлттық насихаттық мазмұнға толы өлеңдершде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік - жігері мен қайсар мінез -құлқын тәрбиелеу зор маңыз берді.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы - демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой - пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе [3] .

Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, психолог - ғалым, академик Төлеген Тәжібаев болды. Ол Қазақстанда психология гылымы саласында түңгыш рет 1939 Ленинград қаласында «К. Д. Ушинский.

Академик Т. Тәжібаевтың кейш бұл бағытта ғылыми - зерттеу жұмысын ілгері дамытқан, Қазақстанда психологиялық және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, «Қазақстанда төңкерекке дейнгі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы» және т. б. бірнеше монографияялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология, гылымдарының докторы, профессор Қ. Б. Жарықбаевтың алатын орны ерекше.

Ол қазақ психологиясының тарихын зерделеуде сонау орта ғасырлық ғұлама ойшылдар - Әбу Насыр әл-Фарабиден, Жүсіп Баласағұнидан, Махмұд Қашгари, Ахмет Иассауи, Мұхаммет Дулати, Қадырғали Жалаири еңбектерінен бастау алады[4] .

XIX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ғұмар Қараштың, Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады.

Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр.

1. Қазақстандағы психология жайлы ілімдердің бастаулары

1. 1. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары

Психологиялық ғылымға деген қызығушылық ерте кезден бастап пайда болды. Кейбір мәселелер күні бүгінге дейін психологтарды ойландырып, қазақ психологиясының тарихында әлі де шешуін таппаған «ақтаңдақ» болып келген мәселелер баршылық, бұл мәселелер өзіне көңіл аударуды қажет етіп отыр.

Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.

Қазақ психология тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі - кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы - бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХV-ХХғ. ) болса, екінші кезеңі - марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең - егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006) [5] .

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарында профессор Қ. Б. Жарықбаев ұсынған кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.

Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Әл-Фараби ілгі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі- психология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне «Ақыл-ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл-ой және ұғым», «Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап», және т. б еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологиялық және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді.

Қазақ топырағында дүниеге келген, ортағасырлық Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» (Құт негізі - білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға өте бай. Отбасы тәрбиесі - бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп Баласағұнның айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі - білім, әдет-дағдыларға машықтандыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері, адамның әртүрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.

Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» дастанында «Тіл туралы» айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. Жүсіп Баласағұнның «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа» деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.

Моральдық-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Сәйф Сараи, Мұхаммет Хайдар Дулати, Қ. Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады.

Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар басым келеді[6] .

Тәлімдік тұрғыдан ақын-жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Ақын-жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыққа, өз отанын сүюге шақырады. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы өзінің ұлттық насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік-жігері мен қайсар мінез-құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді. Махамбет өлеңі жастарды ерлікке, батылдыққа шақырады. Махамбет ерлік пен елдіктің үлгісін көрсете отырып, елжандылық сезім мәселесін халықтың абыройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат-мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысты.

Жауынгерлік рухтағы өршіл жылдардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет - ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет - сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. Махамбеттің жырлары - ерліктің гимні, қайсарлықтың символы. Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың түрмысына сіңген жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Қөшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарнхына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындалды. Адамға қойылатын талап-тілектер мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қастерлеу, тапқырлык, : пен алғырлық, ат кұлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т. б. ) .

Халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді өткен ғасырларда казақ даласында болған Еуропа зиялылары асқан көрегендікпен дәл басып айтқан еді.

Көшпенді өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қаpaп, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбен тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің өлеңі мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбакты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-конуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір жас, әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды. Халық аузында мақал болып кеткен «өнерді үйрен де жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе, ат ойнаткан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым» деген сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздердің біздің заманымызға дейін жеткені мәлім. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білген, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мұндай қоғамдық, адам аралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ержете келе ортақ мүдделілікті, өмірге көзқарастың сәйкестілігін, кісіліктің белгісін, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы таптық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктердің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көпшелі халық қыз баланы ерекше кадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдеп-тіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп ұқты. Халық мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды. Сондай-ақ «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер де қыз баланың нәзіктілігі мен шеберлігі, ұқыптылығы мен биязылығы жайлы айтылды[7] .

Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-женге, бойжеткенді ылғи да таза, мінезінің жайдары болуын қадағалап отырған. Жас өспірім шақтағы олардың балқыған, толқыған, еліктегіш қаснеттерін ескеріп, оған «қырық үйден тыю» салу керектігін де үнемі еске алған. Халқымыз сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үй ішіндік еңбекке (кесте, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды - бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген.

Халықтық дәстүр қыз балаға тәлім тәрбие беруде текбағыт, бағдар берумен қатар, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн жосық нұсқайды. Оның барлық сыры мен сыпайы салты оның санасына, әдебі мен әліне, тілі мен дініне, әні мен күйіне, мінезі мен құлқына кіріге өрілген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Олар әділ мен арам, обал мен сауап, Адам үшіп ең қымбат түсінік жанымен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шарты - бақылай білу, көре білу, кісінің ішкі сырын танып ұғыну арқылы өзін өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра білу. Халық бүгінгі бойжеткенді ертеңгі отбасіы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ел ардағы, ақылман әже деп түсінді. Олай болса, бойжеткен үшіи - имаидылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісімерлік, биязылық, мейірімділік- бәрі жарасымды болды.

Мақал-мәтелдер - халық психологиясының айнасы

Бүкіл халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын колданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпактан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық таным, еңбек, дене тәрбиесі, т. б. нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан-дүниесі, өзіндік мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдін желісі.

Ұлттық дәстүр мен салт-сананын адам пснхологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология - адамдардың коғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам міңез-кұлқының, көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтсе де, арнайы әділ ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, бүлар адам психологиясын жан-жақты ажыратуға жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен сабақтас дамыған этнопсихология дейтін арнаулы ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, дін, т. б. ) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лаца-риус, Штейнталь, Вундт т. б. ) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уалиханов еді. Оның енбектерінде «халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі. . Мұны «халықтық психология» үғымының синонимі деуге болады. Бұл жәйт біртуар казақ ғалымының сол кездегі еуропалық этнопсихологтардың енбектерінен хабардар болғандығын жақсы байқатады.

1. 1. 1 Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) және оның қазақ психологиясы тарихындағы орны

Әбу Насыр әл-Фараби - өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның оңтүстік өлкесі сол кездегі үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге IX-X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолында (жібек жолының бойында) орналаскан, ол сондай-ақ өнер-білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп, өскен кезінде көптеген ғүлама ғалымдар шыққан үлкен шаһар болғандығы жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай кұнарлы ортаның себі тигендігіне күмандануға болмайды.

VIII-XII ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тілінде сөйлейтін халықтардың еншісіне тиген еді. Осы кездері Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері Орта Азиядан Индияға, одан сонау Испаниядағы Пиренеи түбегіне дейін араб тіліне сан рет аударылып, көшіріліп, түсіндіріліп жатты. Бұл жайт Орта және Таяу Шығыс елдерінде физика, математика, медицина, химия, астрономия, тағы баска жаратылыс тану ғылымдарының дами түсуіне, бұлар Шығыс фнлософиясы мен мәдениетінің қалыптасуына зор әcep етті. Ғалымдар өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылыктарын тәжірибе жүзінде ашуға талаптанды, олар Платоннан гөрі Аристотель іліміне ден қоюын, оны әрмен қарай дамыта түсті. Ортағасырлық Шығыс философиясында сол кезде басты үш бағыт болды. Мұның біріншісі - ортодокстік ислам (халифаттағы үстем таптардың идеологиясы), екіншісі - неоплатондық ағым (суфизм), үшіншісі - перипатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотельдің жолын қуушылар. Сонғысы қоғамның прогрессивтік топтарының көзкарасын бейнеледі. Осы ағымның өкілдері философиялық маселелерді зерттеуде алдымен табиғаттану заңдарына жүгінді, прогреске катысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздеді. Осы ағымның кернекті өкілдерінің бірі - әл-Фараби болды[8] .

Ол Аристотельдің пантеистік пікірлерін қайта қарастырып, мұның негізінде натуралистік пантеизм деп аталатын ілім жасады. Фараби мұрасын зерттеушілердің айтуынша оның пәлсапалық концепциясы дүниені пангвистік тұрғыдан түсіндіретін «алла тағаланың ақыл-парасаты» дейтін ілімге негізделген. Ұлы ғұлама өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткеңімен, оның еңбектерінде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қорытындылайтын прогрессивтік, материалистік идеялар баршылық. Мәселен, ол дүниенің мәңгілігін мойындап, табиғат кұбылыстарын детер

Түйсік - дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамныц есі мен елесінің сапалы әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, бұл танымның екінші басқышы, оның ең жоғарғы сатысы. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал тіл болса әр ұлттың, халықтың өзіндік өрнегі. Жаттағаннан түсінген артығырақ, өйткені жаттауда шала түсінікті сөздер көбейіп кетеді, барлық нәрсені жаттап алуға болмайды. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен қисындар жөнінде талдау жасауға мүмкіндік береді.

Фараби эмоция, сезім процестерін жан қуатының дербес көрінісі деп санамайды. Бұлар психиканың қалған түрлеріне бояу береді, оларды қозғалысқа итермелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұялғанда қызарса, қорыққан кезде сұп-сүр болып, түсі қашады.

Жан куаттары туралы ілімде Фараби адамның ерік-жігер, кажыр-қайратын да жеке процесс ретінде қарастырмайды. Бұларды этика ғылымына- қатысты пікірлерінде жол-жөнекей сөз етеді. Ол ізгі кала адамдарының күшті кажыр-қайраты мен ерік-жігері - рухани касиеттерді калыптастырудың негізгі факторлары дейді. Қылық пен іс-әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетіле түсу, т. б. ерік-жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қоркақтық, дүниеқоңыздық, нәпсіқүмарлық т. б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жырау толғауларында психологиялық мәні зор қанатты сөздер
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Қазақ хандығы кезіндегі педагогикалық ойлар
Қазақ психологиясының даму кезендері және бала тәрбиесіндегі алатын орны
Жыраулар шығармашылығы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
М. Мағауин жайлы бірер сөз
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz