Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау Ы. Алтынсарин еңбектерінің ғылыми - педагогикалық

негіздері.

  1. Ы. Алтынсариннің мұраларының зерттелу жайы . . . 6
  2. Ы. Алтынсариннің педагогикалық - психологиялық көзқарастары . . . 9

II тарау Ы. Алтынсариннің еңбек тәрбиесі туралы ой - пікірлерін

оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану әдістемесі.

  1. Ы. Алтынсарин шығармаларындағы еңбекті сүюге тәрбиелеу

тақырыбы . . . 15

  1. Ауыз әдебиеті шығармаларын тәрбие мақсатында пайдаланудың жолдары . . . 21
  2. Ы. Алтынсариннің еңбек тәрбиесі туралы ой - пікірлерін оқу- тәрбие

үрдісінде қолдану әдістемесін эксперимент арқылы тексеру . . . 24

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Қосымша

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Қоғамымызда болып жатқан саяси - әлеуметтік, экономикалық жағдайда қазақ халқының тарихи дамуына байланысты балаларды, яғни болашақ жастарды ұлттық озық дәстүр, еңбектену негізінде тәрбиелеуге мүмкіндік туғызып отыр.

Кезінде қазақ халқының болашақ тағдыры орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай сияқты ағартушы - демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел - жұрттың көрші елдің өнер - білімін игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты.

Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағының мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

Жан - жақты талант иесі Ыбырай Алтынсариннің есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан - тәнімен қызмет етудің тамаша үлгерілерінің бірі болып табылады.

Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог - ағартушы ретінде және белгілі қоғам қайраткері ретінде танып, оның шығармаларын жаңаша тұрғыда талдаған Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Асқар Тоқмағамбетов және тағы басқа ғалымдар еңбектерінің мазмұны мен мақсатын, идеясын ашып көрсетті, ал педагогикалық, ағартушылық қызметін Ә. С. Сыдықов зерттеген, ал әдеби шығармаларына талдау жасап монография жазған белгілі әдебиет зерттеушісі Ә. Дербісалин болды. Біздің тілімізге тиек болып отырған еңбекке баулу мәселелеріне деректі зерттеулер жүргізген ғалымдар С. Мусин мен Ш. Имашев.

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі, биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән - маңызы мен қадір - қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай дәл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер - білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы тұрғыдан келгенде, Ыбырай Алтынсариннің еңбек тәрбиесі туралы ой - пікірлерінің қазіргі кезде де өзінің құндыолығын жоймағанын байқаймыз. Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде өзіндік орны бар. Сол себептен әдістемелік тұрғыдан зерттеу осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу пәні: Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы еңбек тәрбиесі туралы ой - пікірлерін бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде қолданудың жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі еңбек туралы ой - пікірлерін оқу - тәрбие үрдісіндегі қазіргі күн талабына сай енгізсе жан - жақты, білімді де білікті еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық - ағартушылық ғылыми еңбектерін зерттеу, оның тәрбиелік бағыттағы еңбектерін оқу - тәрбие үрдісінде қолдану.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы еңбек тәрбиесі туралы ой - пікірлеріне, педагогикалық көзқарастарға ғылыми - теориялық тұрғыда талдау жасау.
  • Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының Қазақстан педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін саралап көрсету.
  • Ыбырай Алтынсариннің еңбекке тәрбиелеу бағытындағы шығармаларын бастауыш сыныпта оқу - тәрбие үрдісінде пайдалану.

Зерттелудің ғылыми - әдіснамалық негізі.

  • Ыбырай Алтынсариннің мұраларын зерттеуге байланысты философ, педагог, филолог, психологтардың еңбектері.
  • Ыбырай Алтынсарин еңбектеріне деген әр тарихи кезеңге деген көзқарастар.
  • Мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар, оқу жоспарлары.

Зерттеудің көздері:

  • Ұлттық оқу ағарту, білім беру салалары бойынша жарияланған педагог, психолог, филолог ғалымдардың ғылыми еңбектері, тұжырымдары.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың өзектідігі, зерттелу жай, зерттеу мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негізі, зерттеу әдісі, ғылыми болжамы, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі, оның тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды. Ғалымның еңбектеріндегі қоғамдық - педагогикалық көзқарастарға ғылыми педагогикалық тұрғыда талдау жасалынып, Қазақстандық педагогика ғылымына қосқан үлестері сараланып көрсетілді. Ғалым еңбектерінің тәлімдік - тәрбиелік мүмкіндіктері жан - жақты сараланды. Ғалымның бастауыш мектепті жандандыруға байланысты, әсіресе балалардыеңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге байланысты еңбектерін саралай отырып, оны бастауыш сынып мұғалімдерінің пайдалануының әдіс - тәсілдері қарастырылды. Жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың нәтижелері де көрсетілді.

І тарау Ы. Алтынсарин еңбектерінің ғылыми - педагогикалық негіздері.

1. 1 Ы. Алтынсариннің мұраларының зерттелу жайы.

Қазақ халқының көне перзенті, XX ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы- демократы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой - пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.

Ыбырай Алтынсариннің сан қырлы бай мұрасын тереңнен зерттеуге Қазақстан ғалымдары тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана мүмкіндік алды. Мұның өзі оңай жұмыс та емес еді. Басты міндет Ыбырай Алтынсариннің көзқарасындағы барлық дұрыс бағытты анықтау, ол өмір сүрген дәуірдегі қоғамдық тұрмыс пен сана арасындағы қайшылықтың бетін ашу, ұлы педагогтың қалдырған мұраларын қазақ халқының сол кездегі талап - тілегі, мұң -мұқтажы тұрғысынан қарап, өткен заманның прогресшіл қозғалыстарының үлгі - өнегесіне, әсер -ықпалына тығыз байланысты түрде талдау болып табылады.

Н. И. Ильминскийдің жүйесіндегі қате - кемшіліктерден бас тарта отырып, Ыбырай Алтынсарин мектепті ұйымдастыру, мұғалімдерді даярлау, мектептерге арналған жетекші нұсқауларды, сөздіктер мен басқа да оқу құралдарын бастырып шығару сияқты ең қиын мәселелерді шешу үстінде онымен ақылдасып, күш көмегіне сүйенді. Халық ағарту саласының табанды да дәйекті күрескері болған Ыбырай Алтынсарин бүкіл адамзаттық білімнің идеясын қорғады.

Осы тұрғыда оқытуды еңбекпен, өмірмен байланыстыру, қазақ қыздарының, ұлдарының сауатын ашып, қажетті деңгейде білім беру жөніндегі Ыбырай Алтынсарин ой - пікірлері тек біздің заманымызда ғана толық жүзеге асырылды.

Тәрбиенің әртүрлі компоненттеріне - адамгершілік, еңбек және дене

тәрбиесіне айрықша назар аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпты да алғаш рет талдаған Ыбырай Алтынсарин болатын.

Қазақстан авторларының зерттеулерінде Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық - саяси және ағартушылық қызметі, сондай - ақ оның әдеби мұралары жан - жақты терең қарастырылады. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметін сипаттайтын материалдарды тапқан С. Сүлейменов. Ол Ыбырай Алтынсарин еңбектерін мұқият тексеріп, оның таңдамалы шығармаларының бір томдығын жарыққа шығарды. Ы. Алтынсариннің мұраларын терең зерттеу, оның түсіну жолын Е. Бекмаханов, Т. Тәжібаев, Ә. Сенбаев. М. Сильченко, Қ. Бержановтарға реформадан кейінгі дәуірдің бай библиографиялық әдебиетінде баға жетпес дерек болып табылады.

Аса көрнекті ғалым Әлікей Марғұлан Ы. Алтынсариннің Орыс География Қоғамының Орынбор бөлімінің жазбаларында мерзімді баспасөз бетінде жариялаған этнография саласындағы еңбектерін зерттеді. Ә. Марғұланның іздену жұмыстарының нәтижесінде Ы. Алтынсариннің шығармашылық өмірбаянының және демократ ағартушының тарихтағы рөлін айқындай түсуге қатысы бар көптеген құжаттар табылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағарту ісі мен педагогикалық ой - пікірдің дамуы туралы жазылған Т. Тәжібаевтың еңбегінде Ы. Алтынсарин мен Абайдың түрлі проблемалар жөніндегі психологиялық көзқарастарына егжей - тегжейлі талдау берілген. Ондағы мәселелер мыналар: Адам және орта, адамның психологиялық ерекшеліктері, мәдени игіліктерді жасаудағы және оны кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырудағы адамның қабілеті, адам организмінің дамуына керекті жағдайлар, адам зейінінің, ақыл -ойының ең басты орталығы - ми, дамыту мен оқыту процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы саналылықты, дербестікті баланың бойына сіңіру жайы педагогикалық

қорытындылар жасау мәселелері.

Ғалымдар С. Мусин мен Ш. Имашевтың арнайы зерттеулерінің нәтижесінде бізге еңбек мәселесі мен еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ы. Алтынсариннің тәжірибеде қалай қарағаны туралы жеткілікті мағлұматтарға ие болдық.

Қазақ мектебін құрған кездерінде Ы. Алтынсарин табиғаттану ғылымының мәселелерімен қатты шұғылданды. Осыған байланысты бірнеше мақалалары бар.

Ы. Алтынсарин туралы библиографиялық деректер мен оның өмірі жайлы халық аузында сақталған қызықты әңгімелер мен өлең жырлар бар. Халық жүрегінде Ы. Алтынсарин - зор ақыл иесі, қазақ даласындағы бірінші мұғалім .

Ы. Алтынсариннің шығармаларының көп уақытқа дейін жете сұрыпталып, анықталмай келуіне қазақтың буржуазиялық ұлтшылдарының көп зияны тиді. М. Дулатов 20- жылдарда Орынборда шыққан «Оқу құралы » атты кітабында Ыбырайдың өзіндік шығармаларын жариялаумен бірге, өзге бірсыпыра шығармаларды да Ыбырайдың атымен жариялады. Ол Ыбырайдың жұртқа мәлім шығармаларын өз оқулығында кейде Ы. Алтынсариннің өлеңі не әңгімесі екенін көрсетсе, кейде көрсетпей, авторын белгісіз етіп те берді, ал Ы. Алтынсариннің шығармалары емес өлең, әңгімелерді Ы. Алтынсариннің жазғаны деп көрсетіп беріп отырды.

Революциядан кейін Ыбырай Алтынсариннің мұралары тек республика не одақ ғана емес, дүниежүзілік әдебиет қорына да ене бастады. Мысалы, 1919 жылы әдебиет зерттеушісі, белгілі шығыстанушы А. Н. Самойлович ( 1880-1938) «Дүниежүзінің әдебиеті» деген сериямен шыққан үлкен еңбектің «Шығыс әдебиеті» деген бөлімінде (Петербург, 1919, Бірінші шығуы, 41- бет) . «Құнанбаев пен Алтынсарин қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушылар ретінде айрықша аталады», - деп жазды.

1934 жылы жарияланған әдебиет хрестоматиясының екінші бөлімінде Ы. Алтынсариннің шығармашылығына бірсыдырығы дұрыс баға беріліп, 5-6 әңгімесі мен өлеңдері басылды, оны құрастырған М. Жолдыбаев, Әл. Қоңыратбаев. М. Қаратаевтар болатын.

Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог - ағартушы, белгілі қоғам қайраткері ретінде тану, оның шығармаларын осы тұрғыдан талдау біздің заманымыздың 40- жылдарынан басталды. Орта мектептерге арналған Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Исмайловтың оқу кітаптарында Ы. Алтынсарин шығармалары кең талданып, олардың мазмұны мен мақсаты, идеясы ашылып көрсетілді.

Көптеген мәдениет пен әдебиет қайраткерлері, оның ішінде,
мұғалімдер қауымының өкілдері Ы. Алтынсариннің өмірі,

ағартушылық, жазушылық қызметі мен жазысқан хаттары туралы газет - журнал беттерінде жекелеген кітаптарда дұрыс та, дәйекті жаза бастады. Оның ішінде М. Әуезов, АТоқмағамбетов, Б. Кенжебаев, Қ. Жармағамбетов, Қ. Бекқожин, Ә. Қоңыратбаев және т. б. бар.

Ы. Алтынсарин педагогика саласындағы бастамасы мен тыңдырған ісі және ойлары туралы тұңғыш монография 1949 жылы шықты. Ол Ә. С. Сыдықовтың «Ы. Алтынсарин педагогикалық пікірлері мен ағартушылық қызметі» (редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы Е. Бекмаханов, Алматы) . Бұл үлкен ғылыми зерттеу Ы. Алтынсариннің көзқарасындағы барлық дұрыс бағыттарды анықтауға көмектесті, ол өмір сүрген дәуірдегі қоғамдық тұрмыс пен сана арасындағы қайшылықтың бетін ашты, ұлы педагогтың қалдырған мұраларын қазақ халқының сол кездегі талап - тілегі, мұң - мұқтажы түрғысынан қарап, өткен заманның прогресшіл қозғалыстарының үлгі - өнегесіне, әсер - ықпалына тығыз байланысты түрде талдады.

Ыбырай Алтынсариннің педагогика саласындағы еңбегіне, әсіресе, оның әдеби шығармашылығына талдау жасауға алғаш тиянақты қалам тартқан белгілі әдебиет зерттеушісі Ә. Дербісалин болды. Ол 1957 жылы

орыс, қазақ тілдерінде «Ыбырай Алтынсарин» (Қазақстан баспасы, Алматы) атты көлемді монографиясын шығарды. Айта кету керек, Ыбырай мұрасына байланысты біраз библиографиялық көрсеткіштер шықты. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің тарихы мен қалыптаса бастау кезеңін зерттеуге ат салысқандардың бірі - М. И. Фетисов Ы. Алтынсаринді публицйст ретінде көп көрсетті. Оның «Қазақ публицистикасының тууы» атты 1951 жылы Алматыда шықаан үлкөн еңбегінде ұлы ағартушының жарияланған мақалаларына талдау жасалып, олардың қоғамдық -әлеуметтік орны көрсетілген.

Ғалымдар С. Мусин мен Ш. Имашев Ы. Алтынсариннің еңбек проблемаларын және еңбекке баулу мәселелерін қалай шешкендігі туралы деректі зерттеулер жүргізді.

1974 жылы жарық көрген А. Оразбековтың «Ы. Алтынсариннің этикалық көзқарастары атты еңбегі» Алтынсаринтануға қосылған үлес болды.

Ыбырай Алтынсарин мұраларындағы педагогикалық және психологиялық көзқарастар мен ойларды анықтауда, толықтыра, кемелдендіре түсуде белгілі ғалым - педагогтер Т. Тәжібаев. І. Сембаев, Қ. Бержанов, Қ. Б. Жарықбаев, И. Я. Гармс т. б. қыруар еңбек етті. Ұлы ағартушының төл шығармаларының тілі мен орыс алфавитін пайдалану тәсілдерін зерттеуде филолог ғалымдар Б. Әбілқасымов пен С. Хасанова біраз кітап - мақалалар жариялады. Көркем әдебиет бетінде Ы. Алтынсариннің жарқын образын ақын Ғафу Қайырбеков пен жазушы Жайсанбек Молдағалиев үлкен шығармашылық шабытпен сомдады. Осы жолдардың авторы да «Ы. Алтынсариннің ізімен» аталатын диафильмді, «Ы. Алтынсариннің орыс достары мен ізбасарлары» (Қазақстан . -1988) деп аталатын монографиялық еңбегін жариялады. Бұл да Алтынсаринтануға қосқан автордың аз -кем үлесі болмақ.

Көптеген авторлардың зерттеулерінде Ы. Алтынсариннің қоғамдық - саяси және ағартушылық әдеби және пубицистикалық төл шығармалары мен аудармалары жан - жақты, терең қарастырылып келеді. Әрбір басылым, үлкен бе, кіші ме, бәрібір Алтынсаринтануға қосылған үлес болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Ыбырай Алтынсариннің психологиялық көзқарастары
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Ыбырай бастаған баспа
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасау
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz