Әңгіме жанры туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І.Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
1. Әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі алатын орны
мен қалыптасу тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .4
1.2 Әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ..13
ІІ. Мектепте әңгіме жанрын оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары
2.1 Мектептегі әңгіме жанрын оқытудың тиімді
әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... . ...15
2.2 Мектепте әңгімелерді проблемалық талдай отырып оқыту жолдары ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет қашаннан өмір оқулығы деп
танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып
біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа
сапаға ие болады. 
Әдебиет – жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады.
Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға
басады. Әңгіме жанры – прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс
–әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының
осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Жұмысын жазу барысында қазақ және түрік халық шығармашылығының төл
жемісі ретіндегі көркемдік құндылығын, маңыздылығын, ғасырлар бойы
қалыптасқан халық даналығы іспетті әдеби мұраның ұлағатын танытуды, әңгіме
жанрын оқыту құралы ретінде қолданудың әдістемелік негізін пайымдауды
басты мақсат ете отырып, мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- әңгіме жанрын оқыту;
- әңгіме жанрын таныту;
- әңгіме жанрын тақырыптық тұрғыдан талдау;
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.Соңында
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша берілген.Суреткер кейіпкерін
өзара қарым-қатынасқа түсіру,сөйлету-монолог,диалог арқылы мінез-
құлқын,болмысын,ішкі сырын,сөз саптауын,ой толғанысын ашады
Алайда бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше,
оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше
әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез
игереді. Мұғалім осы үлкен проның бастацуы болатын әңгімені меңгертуге көп
көңіл бөлген жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде
түрлі тәсілдер мен жолдар қалыптасқан. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі
болып табылатын әңгімені меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың
басты мақсаты емес, сондай –ақ әңгімелер балаларға отансүйгіштік,
еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да
атқарар қызметінің маңызы өте зор. Әңгіме жанры оқушылардың ой-өрісін
жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы
адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен
қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры
мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы
үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы
да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған
сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.
Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны
оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік
қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс
қалмай жүрген мәселелердің бірі.

І.Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
1.1. Әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен қалыптасу тарихы

М.Әуезовтің 8-сыныпта берілген Қараш-Қараш оқиғасы хикаясын оқыту
алдында оқушылардың қызығуы, ынтасы, таным белсенділігін арттыру
мақсатында, әңгімедегі оқиғалар өмір шындығынан алынғанын, Бақтығүл -
өмірдегі Рыскұлдың прототипі екенін (әрине, прототипке түсінік беру қажет)
қосымша материалдарды пайдалана отырып әңгімелеу қажет. Яғни Тұрар Рысқұлов
жайында деректер, қуғын-сүргінге ұшырауы, т.б. туралы. Жалпы шығарманың
көтерген проблемасы феодалдық замандағы қорғансыздар, кедейлер тағдыры,
әділетсіздік, жауыздық, ел ішіндегі барымта, ұрлық, күндестік сияқты сахара
өмірінің небір шындық картинасын көрсету, әділдік іздеу, шындық іздеу, сол
жолдағы адасу, кек қайтару сияқты бас қаһарманның жанталасқан іс-әрекеті,
психологиялық күй-жағдайлары повестің негізгі өзегі, қазығы. Әңгімені
оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы,
жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек.
Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, характерлердің жасалу жолдары
айналасындағы еңбек те ең негізгі мәселелер. ұғымдарын тереңдету, хикая,
прототип, кейіпкерлердің психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция,
суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты
мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын
меңгеруден басталмақ- Қараш-Қараш оқиғасы көлемі жағынан, көтерген
проблемасы жағынан салмақты болғандықтан, бағдарламада берілген санаулы
сағаттардың ішінде оны талдау да күрделі мәселе. Сондықтан мұғалім ең
тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде
меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын
ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты
оқиғаларды көрсетіп, төмендегі үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып
отырудың маңызы зор.

Бөлімдер Тақырып Басты оқиғалар
I Іште кеткен кек 1.Тектіғұлдың ауруы,
ауыр тағдыры
2. Аянышты өлім

II Кек жолындағы жортуыл 1.Бақтығұлдың өш алу
жолындағы Сәлмен
жылқысына барымтаға
аттануы.
2. Биені ұрлап әкетуі.

III Қуғыншылар 1.Биені әкеп, сойып
алуы.
2.Қуғыншылар үстінен дөп
түседі.
3. Масқара соққыға
ұшырауы.
4. Намыс, ар, қорлану

IV Пана іздеу 1.Арқар атуы.
2. Жарасбай ауылына оны
тарту етуі.
3. Жарасбайға айтқан
өтініші, тілегі.

1.Жарасбайдың сенімді
V Адасу серігі.
2.Бақтығұлдың ақ жолдан
таюы
3. Барымтаның жиілеуі.
4. Әділет іздеп,
әділетсіздікке еріксіз
баруы

VI Екі жүзді аярлық 1.Ел ішіндегі тартыстың
ұлғаюы.
2.Жарасбайдың
сатқындығы.
3.Билер соты, үкім
VII Қуғын
1.Қашып құтылуы.
2.Қуғын

VIII Өш 1.Тау-тасқа жасырыну.
2.Жарасбайды атып
өлтіріп, өш алуы.

Мазмұнын сыныпта оқыған кезде мұғалім оқылып жатқан бөлімдердің басты-басты
эпизодтарын ашатьн сұрақтар қойып, тұжырымдап отырады. Ал үйге берер
алдында сол бөлімдердің мазмұнын қысқа түрде өзі айтып беріп, өз беттерімен
оқуды тиімді ұйымдастыру үшін сұрақтар беріп, соған жауап дайындауды талап
етеді. Мысалы, IV бөлімді үйге өз беттерімен оқып келу тапсырылса, мынадай
сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ұсынуға болады:
1. Соққыдан оңалған Бақтығұл қандай шешімге келеді?
2. Архар ату себебі не?
3. Оны Жарасбайға неге сыйға тартады?
4. Жарасбайға қандай тілек, өтініш айтады?
5. Жарасбай ол өтінішке қалай қарайды?
Мәтінмен жұмыс кезінде мұғалім, әсіресе, оқиғалармен қабаттаса келіп
отыратын суреттеу, портреттеулерге ерекше көңіл бөлуі керек. Сол себептен
де осы үйге берілген бөлімді сұрақтар арқылы талқылай отырып, кітаппен
жұмыс, яғни практикалық жұмыс арқылы портреттеу, суреттеулерді таптырып,
олар қандай тілмен берілген, оның шығармадағы орны, маңызына да тоқталып
отыру тиімді болмақ. Әңгіме-хикаяны оқытуды қандай әдіс-тәсілдермен
жүзеге асыру керек, ол солардың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, осы Қараш-Қараш оғиғасында практикалық жұмыстардыыың рөлі
ерекше. Себебі, суреттеулер, портреттеу, мінездеу, баяндаулар,
кейіпкерлердің психологиялық әр түрлі жан дүниесінің сипатталуы өте жиі
кездеседі, тілі де күрделі (сөйлемдердің ұзақ, құрмалас сөйлемдерге
құрылуы, пейзажды беруде бейнелі, образды суреттеулердің молынан кезігуі,
диалогтар мағынасының, астарлы ойларының тереңдігі, т.б.)- Тіпті,
мазмұнын меңгерту де, яғни мазмұндату да мұғалімге оңайға түспейді.
Мысалы, оқулықтыыың Бақтығұл келе жатқан Талғар сайының көрінісін
суреттейтін жерді балалардың айтып беруі - мүмкін емес нәрсе. Мұғалімнін
өзіне де сол қалпында суреттеп беру қиындыққа түсер еді. Сондықтан да
мазмұнын айтқызу кезінде ондай суреттерді кітаптан оқи отырып айтқызу
тиімді болмақ. Әсіресе, бұл шығарманы оқу барысындағы ең тиімді
әдістердің бірі - мәтінге жуық мазмұндату, портреттеу, көріністер,
диалогтегі ұтымды сөздер, көр-кемдегіш айшықты сөздерді сақтай отырып,
мазмұндату болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, шыгармадағы
суреттеулер, портреттеулерді жинақтап, үнтаспаға мәнерлеп оқу арқылы
жаздырып, тыңдатып, сөйтіп, құлақтарына сіңісті ете отырып, сол арқылы
ойша көз алдарына сол сурет, көріністерді келтіріп отырудың да маңызы
ерекше. Мазмұнын меңгерту жұмысынан кейін идеялық-эстетикалық мәніне
әдеби талдауды проблемалық сипаттағы, пікірталас тудыратын, іздендіру
сұрақтары арқылы жүзеге асыруға болады. Әңгімелеу, пікірлесу, әдеби шағын
пікірталастар бұл сабақтарда да жетекші әдіс болмақ.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Тектіғұл өлімінің негізінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Ол
өлімнің шығармадағы орны?
2. Бақтығұлдың барымтаға аттануы, ұрлық жасауына қалай карайсың? Ақтайсың
ба, қаралайсың ба?
а) Қуғыншылар ізге қалай түсті? Бақтығұл неге ұсталып қалды?
3. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
4. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
5. Адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлы ма? Өзіңе кінә қояр ма
едің?
а) Жарасбай мен Сәлменге салыстырмалы мінездеме бер.
6. Жарасбайды өлтіру қылмыс па? (Иә десең де, жоқ десең де, оиыңды
дәлелдеуге тырыс.)
7. Билер алдындағы Неде болса да ақпын, Менде айып жоқ деген ойынан
бастап, Бактығұл монологін қайта оқып шық. Осы монологтің маңызы неде деп
ойлайсың?
8. Сол билер алдындағы Егер осы Қокыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын
болса,... деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір Осы абзацтың
Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
9. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар барымташы, сорлы
малайға айналады?
10. Қараш-Қараш оқиғасы арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген?
Шығарма неге Қараш-Қараш оқиғасы деп аталған?
11. Автордың бас кейіпкері Бақтығұлға деген сезімі, қарым- қатынасы қалай?
(Мәтіннен үзінді оқи отырып дәлелдеу.)
12. Қазақ даласындағы партия, съезд, қақтығыс, күншілдік бақталас, ырду-
дырду шығармада қалай берілген? Олардың бас кейіпкер тағдырындағы орны бар
ма? Шығармадағы Бақтығұл, болыстар, жуандар бейнесі туралы сөз қозғағанда,
тағы да мынадай тапсырмалар орындатуга болады:
- Бақтығұлдың монологтерін тауып оқы. Ол монологтерде Бақтығүл бейнесін,
іс-әрекетін, жан дүниесі, психологиясын көрсетудегі рөлін ашуға тырыс.
- Шығармада осы монологтерге неге кеп орын берілген? Жазушының осы
көркемдік тәсілінің маңызын қалай түсіндірер едің?
Сабаққа Бақтығұл бейнесін ашатын, онын адасып-адасып келіп, кек алуын,
сол жолдағы азапты да аянышты тағдырын тұжырымды түрде көрсететін
көрнекілік - сызба пайдалануға болады.
Үлгі:
Кек жолында

* Тектіғұлдың өлімі. Сәлмен қолындағы ит тірлік.
* Сәтсіз барымта.
* Пана іздеу.
* Жарасбай жанында.
* Бақтығұл - ұры, барымташы, Жарасбайдың қол шоқпары.Сатқындық. Бақтығұл
- күндестік құрбаны.Бактығұл - қашқын. Өш алу. Әділ жаза

Мұғалім оқушыларға партия, съезд жайында, онын қазақ даласындағы сұмдық
ылаңы туралы да осы шығармамен байланыстыра отырып түсіндіруі керек. Кейбір
күрделі, қазіргі балалар түсінбейтін, бүгінгі күнде күңделікті тіршілікте
пайдаланылмайтын сөздерге де түсінік жүргізіледі, яғни түсіндірме сөздік
жұмысына да орын беру керек. Сөздік жұмыстары жалпы әдебиеттің қай жанрын
оқытқанда да, міндетті түрде қатар жүріп отыруы керек. Оқушылардың
түсінбеген сөздеріне, тарихи, архаизм сөздерге үнемі түсіндірме жұмысын
жүргізу ләзім. Мұндай жұмыстар тіл байлығын дамытады, танымын арттырады,
шешен де оралымды сөйлеуге баулиды. Әдебиетті оқытудағы мақсаттың өзі де
осы.
Әңгіме жанрын жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Төменгі сыныптарда әңгімелер монографиялық жолмен оқытылса, ал жоғары
сыныптарда өтілгелі отырған ақын, не жазушының бірнеше әңгімелері көтерген
тақырыбы, ортақ мәселелері бойынша қатарынан топтап беріледі. Мысалы, ұлы
жазушы М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен Қорғансыздың күні, Жетім,
Барымта, Ескілік көлеңкесінде, Жуандық, т. б. әңгімелері оқуға
берілген (11-сынып, шолу дәрежесінде олар оқулықта талданған). Бұл
әңгімелер - жиырмасыншы жылдардағы әңгімелері. Оқытқанда, оларды тақырыбы,
идеясы, көтерген проблемаларының үндестігіне карай топтап алып, талдау
керек. Мысалы, алғашқы әңгімелерінің ішінен Қорғансыздың күні Жетім,
Оқыған азаматта көтерген проблемалары негізінде М.Әуезовтің алғашқы
әңгімелеріндегі қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын қалай
қорғайды? деген ортақ сұрақпен талдауға болады.
Сыныпта талданғалы отырған шығармалардыыың санына байланысты топ-топқа
бөліп, берілген әңгімелерді өз беттерімен оқып келу, талдауға жұмылдыру
керек. Жазушының алғашқы әңгімелері қысқа, оқиғасы қызықты болып
келгендіктен, өз беттерімен талдауға ұсыну тиімді болмақ. Жоғарғы
сыныптарда көркем шығармаларды өз беттерінен талдауға көп көңіл бөлу дұрыс.
Осы үш әңгіме бойынша ортақ мәселе – қорғансыз тағдыры. С. Мұқанов
айтқандай: М.Әуезов өзінің алғашқы әңгімелерімен-ақ қазақ прозасын
еуропалық дәрежеге жеткізді. Еуропалық прозаның әлемдік алыптары: Бальзак,
Мопассан шығармаларында ақша, тек қана ақша билеп тұрған буржуазиялық
қоғамда махаббат та, ар да, отбасылық қарым-қатынас та әке мен баланың
махаббаты да - бәрі-бәріне ақша үстемдік ететіні айдай шындықпен
көрсетіледі. Жалғыз қызы үшін бәрінен айырылып, ешкімге керексіз боп,
жалғыз қалған Горио әкей (Бальзак), тағдыр жезөкше етсе де, адамдық
рухынан, мейірімділіктен ада болмаған Пышка, т.б. (Мопассан) - бәрі-бәрі де
қорғансыздар. М Әуезов қорғансыздары да сахара тағылары, жауыздарының
құрбаны болып көрсетіледі. 13-тегі сәби, қорғансыз Ғазиза жалғыз ұлдан
айырылып, тас бауырлар түбіне жеткен бейшара ана, жетім Қасым тағдырлары -
жеке адамдар жеке қорғансыздар тағдырлары емес, ол өркениет пен™жзм дәш
кектемей жатқан, мал, байлықка деген аш көздік жайлаған сахара, дала, онын
қорғансыздарының тағдыры әңгімелер негізіндеп осындай басты-басты
проблемаларды дәп тауып, тұжырымды, нақты ғана талдау жасау - жоғары
сыныптарда әңгіме жанрын өтудің ең бір өзекті мәселесі. Проблеманы шешу
төмендегідей сұрақтармен жүзеге асырылмақ.
- Қалай ойлайсыңдар, осы үш әңгімеде де қорғансыздар тағдыры сөз болады
деп жатырмыз. Жазушының оларға көзқарасы қандай? Қорғансыздарын қорғай ма,
қорғаса, қалай қорғайды?
Үш әңгімеде де бас кейіпкерлер тағдыры трагедиямен аяқталады. Авторлық осы
шешімге қосыласыңдар ма?
Жазушы шеберлігі, стилі туралы не айтар едіңдер? Деталь, штрихтердің әңгіме
идеясын ашудағы маңызы бар ма? (дәлелде).
Е с к е р т у: Барлық жауап шығармалардан нақты мысалдар ала отырып,
берілуі керек.
Ғылыми еңбектер, сыншы, әдебиетшілер пікірлеріне иек арту, сол арқылы
тақырыптың ғылыми жағына назар аударып, білімді тереңдете беру де жоғары
сыныптарда әңгіме жанрын өтудің бір маңызды жағы. Салыстыру, өз беттерімен
қорытынды жасау, пікір айтыстыра білуде де мұндай жұмыстардың маңызы зор.
Мысалы, осы сабақта ғылыми еңбектер, әдеби пікірлерді ұсына отырып,
реферат, пікір жаздыруға болады.
Тақырыптар:
1. Имандылық адамгершілік проблемасы - М.Әуезовтің
алғашқы әңгімелерінде.
2. Алғашқы әңгімелеріндегі жазушы шеберлігі, әңгімелердің тарихи негізі.
Енді оқушыларға берілген тапсырмалар үлгісімен таныстырайық (сабаққа
алдын ала берілетін тапсырмалар).
1-нұсқа:
1. Қорғансыздың күні әңгімесі бойынша тұжырымды, қысқа ғана аннотация,
талдау жазу. Сол бойынша әңгіме оқиғасының ең өзекті, түйінді мәселелерінен
хабарлама
жасауға дайындалу. Келесі беттегі үлгіні басшылыққа алу.
Е с к е р т у: Тапсырма осы мазмұнда орындалады. Берілген бағандарды
оқушылардын өзі толтырады.
2. Әңгіме бойынша өз пікірлері мен ойларын жинақтап келу (ауызша).
а) Әңгімеде боранның суреттелуі. Оның әңгіме идеясын ашуда маңызы бар
ма?
Портреттеуге назар аудар. Оның маңызы, яғни кейіпкерлер іс-әрекетін, жан
дүниесін ашудағы маңызы.
б) Жазушы әңгіме кейіпкерлерінің тағдырын дұрыс шешкен бе? Ол шешімге
өзің қосыласың ба?
2-нұсқа:
Әңгіменің құрылысы, негізгіКейіпкерлер тағдыры Жазушының
оқиғасы көркемдік әдісі
мен тәсілі
1. Жолаушылар. Боран Ақан мен Қалтай қонатын жер Баяндау,
іздейді суреттеу,
портреттеу
2. Жолаушылар кәріптер 13 жасар Ғазиза, оның соқыр Портреттеу,
үйінде анасы, кәрі әжесі. Сорлы баяндау
көріп қорғансыздар
Кәрі кемпірдің мұңын шағуы Жалғыз ұлы өлген. ТуыстарданӘңгімелеу,
қайыр жоқ. Келіні су лирикалық
қараңғы, немересі жас. шегініс
Жетім, жесір, корған-сыз
күйін айтып, жы-лайды
Шөп қорадағы хайуандық Қорғансыз Ғазизаның аянышты Баяндау,
халі сипаттау
Азаптан құтылу. Бораннын Арының тапталуы. Ғазизаның Суреттеу,
ашылуы өлімі баяндау

1. Оқыған азамат әңгімесіне аннотация-талдау жасау
(1-нұсқа үлгісімен).

2. Мына сұрақтар айналасында пікірлерін жинақтап келу.
а) Әңгіме неге Оқыған азамат деп аталған? Әңгімедегі жазушының мақсаты
мен мұратын қалай түсінесің?
ә) Осы әңгімедегі қорғансыздар кімдер? Олардың тағдырын көрсетудегі
авторлық шешімге қалай қарайсың?
Жеке-даралап тапсырмалар беруге болады.
1. Қорғансыздың күні әңгімесі бойынша портреттеу, пейзаж және
суреттеулерді үлестірме қағазға жазып келу.
Оқыған азамат әңгімесіндегі пейзаж, портреттеу және мақал-мәтелдерді
үлестірме қағазға жазып келу.
М.Әуезовтің Бала Мұхтар кітапшасы бойынша Қорғансыздың күні, Көксерек
әңгімелерінің жазылу тарихы туралы деректер жинау.

Үлгі-нұсқау:
М.Әуезов. Күнбатыс батуға айналған күннің
Қорғансыздың күні. Пейзаж қызғылт сәулесімен нұрланып, қызыл
торғынның түсіңдей боялып тұр.

Әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдіс.
Әңгіме жанрын оқыту-оқушының сөйлеу дағдысының, мәнері оқуының, рухани
дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда
берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Аталған жанрды оқытуда
берілітін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материялды
неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен
мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ,
оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты
мәселелерді күн ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі
туады. Әңгімені оқытуда оқушыға берер тәрбиесі мол. Әңгіменің идеясы,
ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы оқушыларды ойға жетелейді. Яғни, оқушы
әңгіме мазмұнын түсіне отырып, оның кейіперлерінің бойындағы ұнамды,
ұнамсыз қасиеттерін ажыратып отырады. Сол арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге көп
көңіл бөледі. Сондай- ақ, әңгіме авторы оқушыларға жеке тұлға ретінде жақсы
қасиеттерімен танылады. Кей оқушылар әңгіме авторын үлгі етіп, тіпті кейбір
кейіпкерлерге еліктеп, оларды өнеге тұтуға ұмтылады.
Мектепте оқылатын қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әңгіме жанрының
алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Әңгіме жанрын оқыту- оқушының сөйлеу дағдысының, мәнерлеп оқи алуының,
рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені
оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар
мынадай білім алады:
1. Әңгіме жанры туралы түсінік;
2. Әңгіме жанрының өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін сезіне отырып оны
талдау;
3. Әңгіме жанры аясында берілетін теориялық ұғымдар туралы түсінік.
Ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті
материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс
еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі,
дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап
алу қажеттілігі туындайды.
Мектептегі оқу мен тәрбие оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиясына
байланысты ұйымдастырылады. Балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген
құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту әдебиет пәнін
оқытудың күрделі жұмыстарының бірі болып саналады. Бұл мәселелерде де
оқушының психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі.
Осыған орай әңгіме жанры мектептегі қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында
әр сыныпқа жіктеліп берілген. Бұл бағытта әңгіменің көлемі, мазмұны,
көркемдік ерекшелігі ескерілген. Мысалы: 5- 6 сынып оқушыларын әңгімеде
көтерілген мәселелерден бұрын оның сюжеттік оқиғасы қызықтырады. Бұл
жастағылар- психологиясы, мінез- құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан
кетсе де, әлі қалыптасып, толысып жетпегендер. Сондықтан олардың жасына
және қабылдау қабілетіне қарай қызықты, жалықтырмайтын көлемдегі әңгімелер
беріледі. Әсіресе, 5 сынып оқушылары өте қиялшыл, сенгіш болып келеді. Олар-
қимыл- қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, барлық нәрсені шындық деп
қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Сондай
ерекшеліктеріне қарай, тіпті, олардың оқулықтарында Құран Кәрімдегі түрлі
аңызға ұқсас оқиғаларға құрылған Сымайыл, Зәмзам деген әңгімелер де
берілген. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, бұл
оқушылар поэзия, драмалық шығармалардан гөрі, әңгімелерді, қара сөзбен
жазылған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Олардың осы қасиеттерін
мұғалім дер кезінде бағалап, одан айрылып қалмаудың жолдарын іздестіруі
керек. Ол үшін оларға кітапты қалай оқу керектігін, оқып отырып, неге назар
аудару керектігін меңгертіп, оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі
басшылық жасап, ақыл-кеңес беріп отыру керек. Бұл бағытта оқушыға арнайы
дәптер бастатып, оқыған әңгімелерін, оның қысқаша мазмұнын, кейіпкерлерін
жазғызып отыру тиімді. Бұл жұмысты жасай отырып, оқушы үнемі кітап оқуға
оның мазмұнын есте сақтауға дағдыланады.
7-8 сынып оқушылары әңгіменің жалпы табиғатына, тақырып, идеясына,
көтерілген мәселелерге терең үңіліп, жүйелі түсінуге ұмтылады. Себебі
балалар есейген сайын психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік
ерекшеліктері айқындалады. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз
көзқарасымен қарай бастайды.
Әңгіме эпикалық шығарма. Сондықтан басқа жанрға қарағанда әңгіме жанрын
оқытудың өзіндік ерекшеліктері баршылық. Әңгіме жанрын оқытуда алға қояр
мақсаттар:
1.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық,
интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
2.Оқырмандық тұрақты ынта- ықыласы, биік талғамды қалыптастыру;
3. Оқушыны әңгіме жанрын және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық
қабылдауына қажетті білім және білікпен қаруландыру;
4. Оқушының логикалық ойына, ауыз екі және жазбаша тіл мәдениетін
қалыптастыру.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін әңгімені оқытуда белгілі бір міндеттер
жүзеге асуы тиіс. Олар:
— Әңгіме мәтінін оқытып, мазмұндап меңгерту;
— Әңгімені табиғатына сай оқуға үйретіп, оның идеялық- эстетикалық мән-
мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына әсер ету;
— Әңгімені оқуға деген қызығушылығын, ынтызарлығын оятып, жоғары
эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
— Әңгіме жанрының ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге
болатын білім, білік, икем- дағдыларды қалыптастыру;
— Әңгіме жанрын оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылар
шығармашылығына жүйелі педагогикалық ықпал жасау;
— Оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, қайта
елестете алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
— Ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып
сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой- пікірін
дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу болып табылады.
Оқушыларды ауызекі сөйлеу, жазу мәдениетін үйрету- оқыту мен тәрбие
жұмысының ең маңызды мәселесі. Адамның күнделікті тұрмыста, қоғамдық жұмыс
барысында өз ойын ауызша және жазбаша жүйелі, дұрыс сөйлей білуі мен
сауатты жазуының маңызы зор. Бұл мектеп қабырғасында қалыптасады.
Оқушыларды сөз қадірін біліп, оны орында қолдануға үйретеді, өз пікірін
анық, айқын жеткізе білуге баулу мектепте, әсіресе, қазақ әдебиеті, қазақ
тілі сабақтарында жүзеге асады. Оқушылар қазақтың әдеби тілін көркем
шығармаларды оқу барысында жаттығу жұмыстары арқылы меңгереді. Әңгімені
оқытуда тіл дамыту жұмыстарын мәтінді талдаумен, әңгімені мәнерлеп оқумен,
ауызша мазмұндаумен, жоспар құрумен, тығыз байланыста жүргізген тиімді.
Ауызша, жазбаша тіл дамытуда мынадай жұмыс түрлері орындалуы тиіс:
1. Сөздік жұмысы;
2. Мазмұндау: а) әңгімеге жуық мазмұндау, ә) мәтін мазмұнын қысқартып тезис
ретінде мазмұндау, б) мәтінді екінші жақта мазмұндау, в) қажетті
үзінділерді мазмұндау, т. б.
3. Мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар, ә) күрделі жоспар.
4. Шығарма жаздыру: а) әңгіме тақырыбына сай шығарма; ә)ұнаған эпизод
бойынша шығарма; б) әңгіме мазмұнын қабылдауын байқау үшін эссе жаздыру.
Әңгімені оқытуда да, жалпы оқыту процесіндегідей мына екі түрлі қызмет
жүзеге асады. Біріншісі- мұғалімнің оқытуы, екіншісі- оқушының оқуы.
Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқушының қызметтері, оқыту
әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі- әңгіме әдісі немесе
кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері- кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап
беру әдісі- оқушының білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл
оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып
келеді. Мектептегі оқыту процесі-оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.
Мысалы, әңгіме мазмұнына сай пікірталас тудыратын сұрақтар оқушы
белсенділігін арттыратын тәсілі болып келеді. Әңгімені оқытуда сөздік әдіс,
көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі- иллюстративтік әдіс,
эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау
әдісі, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю. Н. Бабанский өзінің Оқу-тәрбие процесін оптималандыру деген
еңбегінде әдістерді үш топқа жіктейді:
1. Оқушыларды оқу- таным қызметін ұйымдастыру әдістері;
2. Оқушылардың оқу таным қызметін көтермелеу әдісі.
3. Оқу- таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Оқыту әдісі дегеніміз оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы
тәсілі. Әңгімені оқытуда әдістерді оқыту құралдарынан ажырата алуымыз
керек. Әдіс тек әрекетпен байланысты, ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты
болуы керек. Ал әр түрлі құралдарды қолдану әдістерге бағынышты.
Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің
жекелеген бөлімдерін амал деп атаймыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын
меңгертеміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда соңғы нәтижеге жеткізер деген әдіс-
тәсілдерді таңдап алады.
Әңгімені оқытуда әдістерді қай мәнге пайдалану тиімді екенін төмендегі
кесте арқылы көрсетуге болады:
Сөздік әдісі Көрнекілік әдісі Тәжірибелік әдісі Зерттеу әдісі
Сөздік әдістерінің әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болады. Сөздік
әдістеріне әңгіме, лекция, пікірлесу, т. б. жатады. Әңгімені оқытуда жазушы
өмірінен мәлімет бергенде, мәтін мазмұнын түсіндіргенде, талдағанда
қолданылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп
тұрғанда, уақыт үнемдеуде, оқушының психологиясына әсер ету мақсатында
қолданылады. Бұл топқа иллюстрация, суреттер, мүсіндер, портреттер, т. б.
жатады. Оқушыны қызықтыру, ынталандыру мәселелерініңде маңызы зор.
Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін
жетілдіреді. Бұл топқа әңгіме мәтінін меңгеру, көркем мәтінмен жұмыс, т. б.
жатады. Әңгімені оқытуда кітаппен жұмыс кезінде жазушы тілі, стилін
анықтауға тиімді. Берілген білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша
материалдармен байыту, оқушылардың іздендіру, өз беттерімен проблеме
шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өз беттерінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы әңгімелер: жалпы сипаты мен тақырыптық идеялық ерекшеліктері
Мысал жанрын оқыту
Әңгіме жанрымен тереңірек танысу
Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Әңгіме - эпикалық шығарма
Еңбекті толық оқыту немесе арнайы оқыту
Хикая, оның жасалу жолы
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау
Пәндер