Мәдени құндылықтар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Көкшетау университеті

Психология кафедрасы

Тұлға психологиясы пәні: «Тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ерекшелігі»

Курстық жұмыс

Тексерген:аға оқытушы

Болатбекова Н. Ж.

Орындаған:пх-31 тобының студенті Токубаева. А. Т.

Көкшетау 2006 ж.

Мазмұны:

Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.:

Кіріспе . . . 2 -7

І. Бөлім.

:
Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.:
  1. Жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда ұлттық құндылықтар туралы педагог-психологтардың көзқарастары . . . 8 - 16
:
Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.:
  1. Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы педагог

ағартушылардың ой-пікірлері . . . 17 - 20

:
Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.: ІІ. Бөлім.
:
Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.: 2. 1. Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың іске асу жолдары . . . 21 - 27
:
Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.: 2. 2. Ұлттық адамгершілік құндылықтарды білім мазмұнына енгізу жолдары . . . 27 - 30
:
Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.: Қорытынды . . . 31 - 34
:
Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.: Қолданылған әдебиет . . . 35 - 36
:
Кіріспе . . . 2 -7І. Бөлім.:
:

Kіріспе

ХХІ ғасырға аяқ басқан кезде қоғамымызда саналы өзгерістер болып жатыр. Егеменді тізгініміз бен ұлттық рух қасиетімізді қастерлейтін болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін адамзат өз ұрпағын қандай құндылықтарды игеруге бағыттауы тиіс деген ой кімді де болса ойландырады. Осы орайда, қaзақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемaлaрын шешу қажеттігін қойып отыр.

Бұрын жалпы адамзаттық құндылықты игеруге ұмтылып саясаттың ықпалының әсерінен ұлттық құндылықтарға мән бермей келдік. Еліміз егемендік алысымен оқушыларға этномәдени білім беру мәселесі білім беру салалырының барлық буындарында қарқынмен қолға алынды. Халық педагогикасы арқылы бүгінде басты құндылыққа айналып отырған адамның өзі, еңбек, адам, отбасы, білім, мәдениет, жер, бейбітшілік, ұлтаралық достық, ынтымақтастық т. б. жатады. Сондықтан біз ғылыми жұмысымызды осы тақырыпқа алып отырмыз.

Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық т. б. жатады. Құндылықтар идеяларды қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындап, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады. Құндылықтар құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Құндылықтар - сезім мен ақыл ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді.

Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да субъективті, өйткені ол адам санасындағы орны болады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де іс-әрекеттенеді.

Қорыта келе, білім берудегі құндылық бағдар сезім мен ақыл ойға тең дәрежеде сүйенуі қажет. Осы тепе-теңдіктің болжауынан білім жүйесінде сыңар жақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгені белгілі.

Сондықтан да мектептерде құндылық бағдарлы тәрбие үлгісін ұсынып, оны өмірге өндіру көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлғалық- бағдар тәрбиеде басшылыққа алынатын талаптар

- тәрбиеге жалпы мәдениет тұрғысынан педагогикалық көзқарастың

қалыптасуы,

-педагогикалық үрдіс барысында жалпыадамзаттық мәдениетке енуді педагогикалық түсінік негізінде игеру;

-тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтауда адамдық өмірге лайық құндылықтар жүйесін белгілеу;

- баланың бүкіл өмірін тәрбиелік үрдісіне айналдыру;

-баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап, баланы өз өмірінің субъектісіне айналдыру, тәрбиедегі басты мәселе

-балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі және өзіне сырт көзбен ќарап өзінің көңіл күйін, атқарѓан іс әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс .

- Балалардыњ танымдық түрткілерін дамытуда өздерінің артықшылығы мен кемшілігін көре білуге және өзінің жеке басының құндылығын, даралық сипатын саналы тәрбиелеу көзделеді. Бастауыш мектепте білімді игеруге қажетті қабілет пен дағдылардың дамуын қалыптастырумен бірге оќушыларды өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін саналы сезінуге бағыттау қажет.

-Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат оқушыларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аударылады.

Құндылық - бағдарлы тәрбиеде рухани адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімді. Ол үшін оқушы мәдени құндылықтарды игеруіне, өзін өзі дамыту дағдыларына, бүгінгі өмірде өмір сүре білуге бейімделуіне, тұлға аралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылады.

Қоғамдағы өзгерістер рухани құндылықтардың өзгеруіне тәрбие мақсаты, мазмұнына да өзгерістер әкеледі. Ол туралы Н. Д. Никандров Құндылықтар тәрбие мақсатының негізі» деген мақаласында пікір айтты.

Құндылықтар өмірде, халықтың менталитетінде қалыптасқан ережелерді есепке алады. Құндылықтардың өзгеруі тәрбие мақсатының өзгеруіне әсер етеді, » - деген.

Дәл осындай өзгерістердің біз қазіргі кезде куәгерлері болып жүрміз.

В. А. Караковский өмірге қажетті құндылықтарыды жалпылама түрде

қарастырып, Адам, Отбасы, Еңбек, Білім, Мәдениет, Отан, Жер, Бейбітшілік деген құндылықтарды жатқызады.

Кейбір ғалымдар 40-тан астам түрлерін белгілеген. Осындай көптеген құндылықтардың ішінен отбасы, жас ұрпақты ең бастыларына, қоғамдағы тәрбие мақсатын шешуге бағытталған құндылықтарды игеруге ұмтылдырады.

Қазақ отбасында тәрбие ісі ғалым Ш. Ахметовтың зерттеулерінде негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептіліктен тұрады, әке - шеше баласына әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйллап құрметтеуге үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей-жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнеге арқылы көрсетіп отырған.

Халық педагогикасында дене тәрбиесін бірінші орынға қояды. Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін тәрбиенің жиынтығы .

Ұрпақ тәрбиесін өмір талабына сай ұйымдастырып халықтық тәрбие тәжірибесінің озық үлгілерін алып бүгінде шебер пайдалана білу -уақыт талабы.

Белгілі ғалымдарымыз С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Ғ. Нысанбаева т. б. өздерінің Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі атты еңбектерінде: Бірінші кезектегі артықшылық бағыт-жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенген болуы керек. Тұтас педагогикалық үрдістің бәрінде ешқандай ұсақ мүмкіндігі қалдырылмастан оқушылардың рухани байлығын арттыру үшін әр халықтың жетістіктері мен алуан түрлі мәдениетін пайдалану керек. Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге біріктіруші бастама тәрбиенің маңызды құралы ретінде ана тіліне берілуге тиіс -деп атап көрсетеді.

Яғни, бұл пікір бойынша халықтық тәрбиедегі мол тәжірибесінсіз, ана тілінің тазалығы. Жан-жақты мәдениетті және жалпы адамзаттық құндылықты сапалы түрде бағалай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін емес. Ұлтымыздың бала тәрбиелеу мен оқыту туралы ғасырлар бойы жинақталған уақыт сынынан саралаланып өткен бай тәжірибесін қорытып,

бір жүйеге келтіру, асылын алып халыққа тарату, мұғалімдердің, ата-аналардың этнопедагогикалық білімдерін жетілдіру бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердіің бірі. Құнды қасиеттерге ие рухани таза жеке тұлғаны қалыптастыруға ата аналармен қатар мұғалімдерде жауапты. Ұрпақ тәрбиесін ата тархынан тілінен, тіл мәдениетінен, ұлттық тәрбие тәжірибесінен қол үздіргеннің салдарынан өмірде, қазіргі қылаң беріп жүрген кемшіліктерге тап болдық.

Ана тілінде екі ауыз сөздің басын құрап, ойын жеткізе алмайтын шәкірттер көбеюде. Солардың көбісінің үйде ана тілінде сөйлесіп, әңгімелеспегендіктен, атасы мен әжесініњ ертегісін естімей өскендіктерінен, анасынан бесік жырын тыңдамағандықтан болар. Сорақылық деп айтатынымыз некесіз туған балалар, қарттар үйіндегі қарт аталар мен әжелер, жастардың ата анасын сыйламай үйлене салып бөлек кетуі, қиындықтарды өздігімен жеңе алмай ажырасып кетудің көбеюі, тұрмыс құруға қыз балалардың асықпай жүріп қалып, кейін өкінулері, ішімдікке, нашақорлыққа салынуы ұрлық, зорлық жасап, еңбек етуге ұмтылмай, уақыттарын босқа өткізу, т. б. жағдайлар. Осы теріс қылықтардан арылу үшін бүгінде халқымыздың тәрбиесінің бай құндылықтарының озық үлгілерін алып, уақыт талабына сай пайдалана білу қажет.

Ол құндылықтарға үлкенді, ата-ананы сыйлау, балаға деген сүйіспеншілік, бала болмаса бала асырап алу, мейірімділік, қамќорлық, бауырымдылық, қонақжайлық, адалдыќқ, достық, кішіпейілдік, әдептілік, даналыќ, шешендік т. б. ќасиеттерін жатќызуѓа болады.

Кейінгі кездері қоғамдық ортадағы жүріп жатқан елеулі өзгерістер ел өміріне көптеген жаңашыл өзгерістер енгізді. Солардың бірі- адам өмірінің мәні мен мағынасын, қоғамдағы орны мен мақсатын анықтайтын оның құндылық бағдары.

Жеке тұлғаның құндылық бағдары әлеуметтену процесінде ұзақ уақытта біртіндеп қалыптасатын құбылыс. Оның қалыптасуына әсер ететін жеке тұлғаның әлеумет ортасы, жанұясы, мектеп, т. б. әлеуметтік ұжымдар.

Қазіргі кезде бұрынғы кеңес дәуірінде қалыптасқан құндылық бағдарларымен әлеуметтік бағыттылықтар өз мәнін жоғалтып, орнына жаңа құндылықтар мен бағыттылықтар жасалынып жатқан уақытта, үшінші мыңжылдықта өмір сүретін жастардың құндылық бағдарын, рухани байлығын қалыптастыру үлкен мәнге ие болып отыр. В. Франклдіњ сөзімен айтқанда біз, қалыптасқан дәстүрді қирату және жоғалту кезеңінде өмір сүріп отырмыз .

Жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, этникалық - адамгершілік мөлшері. З. Фрейдтің теориясы бойынша әлеуметтену процесінде қалыптасып, оның Супер-Эго деңгейін құрайды. Осындай көзқарасты Э. Фромм қолдай отырып, жеке тұлғаның құндылық бағдары оның жақын әлеумет ортасының мән-мазмұнымен байланыстырған. Сонымен құндылыќ дегеніміз не? Ол өмірде қандай қызмет атқарады?

Құндылық дегеніміз-қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың қасиетін анықтайтын арнайы әлеуметтік -психологиялық феномен. Жеке тұлғаның құндылық деңгейі әлеумет ортасымен тығыз байланыста бола отырып, оның идеалы мен мақсатынан, сенімділігі мен қызушылығынан байқалады. Олай болса, жеке тұлғаның құндылық бағдары дегеніміз- оның қоғамдық ортадағы құндылық қасиеттерді, тарихи тәжірибені, білімді, әдет, дәстүрлер мен мөлшерлерді бойына сіңіре отырып, өз әрекетін, белсенділігін мақсатқа бағыттай реттелуін айтамыз.

Е. С. Кузьминнің сөзімен айтқанда жеке тұлғаның құндылық бағдары оның өмірлік позициясы мен бағыттылығын, талпынысы мен белсенділігін анықтайды. Жеке тұлғаның құндылық бағдары оң және теріс сипатта болуы мүмкін. Ол жеке тұлғаның дамып, қалыптасқан жақын ортасы мен тәрбиелеу әдістеріне тәуелді болады.

Г. Г. Шихомцовтың зерттеулеріне сүйенсек, жеке тұлға сомдығының бұзылуына, өзін-өзі әлеумет ортасында жағымды өтей алмауына себепші әр түрлі әлеуметтік жанұялар. Нәтижесінде осындай жанұядан ұшқан жасөспірімдердің көбі қылмыстық жолға түсіп, қоғамға жат қылықтар жасайды.

Қоғамдық тәртіппен заң бұзушы жеткіншек арасында жүргізілген В. Ф. Пирожков зерттеулерінің қорытындысы бойынша жас қылмыскерлердің 80% әлеуметтік келеңсіз жанұялардан шыққанын анықталды.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағлым беру бүгінгі күннің басты мәселесі

  1. Жеке тұлғалық қасиетті қалыптастыруда ұлттық құндылықтар туралы педагог- психологтарыдың көзқарастары.

Қазақ халқының өте ерте өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдессіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі-халықтық педагогика. Халықтық педагогика тәрбие жөніндегі халықтық педагогикалық білім тәжірибесі. Ғасырлар бойы ќалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жанына біртіндеп, сіңіп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де бар. Адам қай заманда өмір сүрсе де, басты құндылықтарға бай келеді.

Әр адамның ең құрметті де абыройлы қасиеті сын сағатта елін қорғауы, ар- намысын қорғауы, жерін қорғауы. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби «Жас жеткіншектерді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, » - деген екен. Бүгінгі ұрпақтың жан-дүниесінің тазалығы бойларына адамгершілік қасиетін сіңіру тәрбие ісіндегі ізгілендіру. Білім тұжырымдамасында көрсетілген. Келешек тірегі-тәрбиелі, саналы, парасатты ұрпақ.

Ал, М. Жұмабаев «Тәрбие-адам баласын кәмелет жасқа толып, өзіне өзі

қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деді. Сонда бала тәрбиесі-ана сүтінен басталып, біреудің-біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасқан құбылыс. Мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, сыпайылық адамдарды

құрметтеу, қадірлеу, сыйлау сияқты асыл қасиеттерді мектеп табылдырығынан бастап дарытып, ойлай білу өзіндік ой-пікір айту дағдыларын дамыту міндеттерін алға қоямыз.

Барлық сабақтарда бастауыш сыныптан бастап құндылықтар жөнінде көп айтуға болады. Қазіргі келтіретін мысал Абай Құнанбаев еңбектеріндегі жалпы адамзаттық құндылықтар құрылымы жайлы болмақ. Гуманист атауының бәрі де дүниедегі асыл, бағалы нәрсе адам деп түсінетін болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттар неден тұрмақ дегенге әр дәуірдің ойшылдары өз ұғымын заман талабына орай түрліше жауап беріп келді.

Қай ғасырда болсын тәрбие негізгі мәселе болып саналады. Тәрбиені зерттейтін ғылым педагогика, яғни тәрбие педагогиканың ғылыми таным саласы. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұрғыда тұжырымдаған орыс педагогі К. Д. Ушинский да, қазақтың ұлы ақыны Абай адамды-тәрбие пәні ретінде зерттеді. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми теориялық шығармалар жазып тікелей педагогика қызметімен шұғылданбаса да оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.

Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды адал қызмет ететін, жан-жақты білімді де білікті, нағыз адамзат толық адам етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Абайдың толық адам туралы танымы Сократ Платондағы сүйеніш, тірек еткен адам, қытайлардың Дао іліміндегі әбден жетілген адам деген танысымен сабақтасып, туыстасып жатады, Абай адам болуымен адамгершіліктің жүйелі жолын, өзіндік танымын жасай білген халықтың ұстазы Абай Құнанбаевтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызы зор.

Шындығында адамгершілік қасиеттердің астарындағы жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдардың рухани байлықтарын, мәдениетін жетілдіреміз. Жалпыадамзаттық құндылықтар мазмұндық тұрғыдан терең де кең. Демек, жалпыадамзаттық құндылықтар барлық ұлыстардың сондай-ақ халықтардың мақсат пен мүдделерінің біртұтастығын және ортақтастығын бейнелейді. Жалпыадамзаттық құндылықтар адамдардың талап-тілектері, сұранымдары арқылы ақыл зейінмен жасалған және олардың түсінік, арман- ниеттері сияқты ерекшіліктерді өз бойына дарытқан, өмірден өз орнын еншілеп алған рухани байлық ретінде тәрбиенің негізгі құралдарының бірі болып саналады. Мұндай құндылықтар тарихи тұрғыда маңызды өмір сынынан өткен қоғамның дамуында өзіндік орын алатын әлеуметтік оқиға болып табылады.

Абай Құнанбаев еңбектері дегі жалпы адамзаттық

құндылықтар құрылымы

Тәлім тәрбие құндылықтары
Мәдени құндылықтар
Материалдық құндылықтар
Тәлім тәрбие құндылықтары: Адам, ғаклиди иман, тамеди иман, мінез, білім, ғылым, еңбек, өзін өзі тәрбиелеу, ғибат, ғибрат талап, махаббат, әділеттілік, әдептілік, достық, сабырлылық ар-ождан, мейірбандық, ақиқит, рақымдылық, қанағатшылдық, ұят, ізгілік, тану, рақым. Психологиялық құндылықтар: жан куаты, тән куаты, жүрек, ақыл ой, ес, құмарлық, мінез-құлық.
Мәдени құндылықтар: Әдебиетке құштарлық: өлендер, қпрасөздер, халықтың өмірі, тұрмыс-салт әдеп-ғұрып, өнеріне (ән, күй, ұлттық қолөнер) ерекше көңіл бөлуі.
Материалдық құндылықтар: Ұрпағына қалдырған еңбектері жасаған мекен жайлары.

Дала жұлдызы атанған Ы. Алтынсарин адамның жан-жақты қалыптасуының негізгі көзі - тәрбие екендігін ол «бақша ағаштары» деген әңгімесінде жақсы көрсете білген.

«Бағу - қағуѓа көп мағына барында шек жоқ», дейді әке өз баласына, шырағым мұнан сен де тәлім алсаң болады: сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің істерінді түзеп пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзү кісі болып өсірсең, бағусыз бетімен кетсең, сен де мынау қисық ағаштай қисық өсерсің».

Егер ата-ана мен ұстаз тарапынан саналы тәрбие берілсе, оны бала дұрыс қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына жағдай жасайды.

Тәрбие төрт түрлі болады - дейді М. Жұмабаев

ТӘРБИЕ

Дене Ақыл Сұлулық Құлық

Тәрбиенің түпкі мақсаты - шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани дегеніміз - кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі «ел санатымен танылады, ұрпағымен жалғасады». (7) Отанның намысын қорғауға, ізгі ниеттерге тәрбиелеу. Баланы дұрыс тәрбиелеу бесік жарынан бастау алады. Баланы үнемі таза ұстау, белгілі уақытта ұйықтату, тамақтандыру, серуенге шығару, денесін шынықтыру, құлағын түрлі дыбыстарға жаттықтырып, атын атап шақыру, сөйлеу осының бәрі де оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың

сабағы болмақ.

Қазіргі танда баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын тұған жерін, халқын сүйетін, ана тілін тарихын, мәдениетін, өнірін, әдет-ғұрпын жақсы білетін сауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу ісі мектепке дейінгі тәрбиеден басталады.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» - деп, М. Әуезов айтқандай, адамның адам боп қалыптасуы бесіктен басталатынын бабаларымыз дәлелдеп кеткен.

Қандай халық болса да ұлттық үрдісі өзіндік әуені, қасиеті арқылы болашақ ұрпағының келбетін қалыптастырады. Ғұлама даналар айтқандай қандай қасиеттерге тәрбиелеуімізді өзіміз білуіміз керек.

Жақсы тәрбие мен саналы білім алған жас ұрпақ өмірде өз орнын табады. Ол үшін әуелі ұрпағымыздың ойында ұлттық тәрбиені, адамгершілік әдепті имандылық қасиеттерді жетілдірсек, сонда ғана халықының жақсы білетін, елі үшін еңбек ететін адамзат болып қалыптасады. Сондықтан да болашақ ұрпқ тәрбиелегенде олардың бойына осы қасиеттерді сіңіре білсек, Отанымыздың гүлденуіне қосатын азамат болып өсеріне сенемін.

Қорытындылай келе, қазақтын ұлы ғұламасы Әбу Насыр әл - Фараби сөзімен аяқтағым келеді. «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі». (12)

Осыған орай, сүйсіне айта кететін бір ерекше жайттар бар. Дана педагог Лев Толстой «өзіңіз жақсылап өмір сүріңіз, өмірді жақсырақ өткізсеңіз, сөғұрлым балаларыңызды жақсырақ тәрбиелейсіз» - дейді. Осылардың ішінде қоғамдық тәрбиенің маңызын оқшаурақ бадырайта өрнектеген мына бір мақал ата-аналар үшін құнды: «Ұлың өссе, ұлы үлгілімен дос бол». Он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет».

Адам өз ортасына қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады».

Тәрбие туралы сөз қылғанда бұдан өмір сүрген атақты ағартушылардың отбасы тәрбиесі жөніндегі пікірлерін еске түсірсек дұрыс болар. Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев отбасына бастап дұрыс жолға тәрбиелеу керек екенін ескертті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. Өз өмірімен де адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп отырады. Балаларды тәрбиелеуде оның айналасы, өмір сүрген ортасы әсер ететінін Абай жақсы түсінді. Абай баланы ата-дұрыс тәрбиелеуге тиіс, масаттандырмай, орынсыз ерке, қылжақбас етпей тәрбиелеуді, өтіріктен, қулық-сұмдықтан, тағы басқа жағымсыз мінездерден аулақ ұстауға ақы берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени құндылықтар нарығының қасиеттері
Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары
Саяси құндылықтар жүйесі
Халық прозасында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі
Өнер философиясы. Қоғам және мәдениет
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
Ұлттық мемлекет тарихының бастауы
Мәдениет морфологиясы
Құндылықтар философиясы түсінігі
Ұлттық құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz