Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Ғылыми жұмыс

Тақырыбы: Тоталитарлық жүйе кезеңіндегі Қазақстан тарихына қатысты дерек
көздері

Орындаған: ТҚБ-41 тобының студенті

Алхабекова М.А.

Қабылдаған: т.ғ.к., доцент
Сейтқасымов А.А.

Көкшетау

2011 жыл

Мазмұны:

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Тоталитарлық жүйе кезеңіне қатысты деректерге жалпы

сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 -7

ә) Идеологиялық қысым кезеңіндегі қазақ ғалымдарының зерттеу

еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-9

б) Отызыншы жылдар ойранының көркем әдебиетте орын алуы ... .9-11

в) Сталинизм кезеңіндегі Қазақстан тарихының батыс деректемесінен
көрініс
табуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 11-14

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .15-16

ІV. Семинар
сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 17-25

V.
Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .26-27

VІ. Реферат
тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...28

VІІ.
Тест ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...29-3 3

VІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...34-35

Кіріспе.

Өткендегі ұрпақтар бізге
мәселенің

шешімінен гөрі
бітеу күйіндегі сол мәсе- лелердің өздерін қалдырыпты.

Кіші Сенека

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Кеңес өкіметіндегі ең саясаттанған сала
тарих ғылымы болды. Бұл туралы Л.Троцкий Сталинская школа фальсификаций
деген кітабында былай деген болатын: В результате официальная история
партии и революции представляет собою сейчас свиток, исписанный во всех
направлениях разными писцами, мало заботившимся о том, что им написано
вчера 1.

Тоталитаризм кезеңінде ұлттық республикалардағы халықтардың тарихы
екінші орынға ысырылған болатын. Ұзақ уақыт бойы ХХ ғасырдағы Отан
тарихының мәселелері жалпыресейлік революциялық қозғалыстармен, большевизм
тарихымен бірігіп қарастырылды, сонымен бірге өлкенің әлеуметтік-
экономикалық жағдайы, оның халқының революцияшылдығы идеаландырылды,
метрополия деңгейіне жеткізілді. Қазақ тарихын жазуға үлес қосқан
ағаларымыз 1937-нің ойранында опат болғаннан соң, бұл дербес ғылыми пән
ретінде өмір сүруден қалды, оқу орындарында ол Орта Азиямен араласып, КСРО
тарихының бір тарауынан аспады. КСРО көлемінде бір-ақ тарих – Ресей
мемлекетінің тарихы төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі кезең болып
зерттелді. Оқу орындарында тарих пәні КСРО халықтарының тарихы деп аталса
да, кейін КСРО тарихы деп түзетілді. Іс жүзінде орыс халқының тарихы
зерттелді. Біртұтас елдің біртұтас тарихы ғана болу керек деген империялық
ұғым орнады. 1920-30 жылдардағы репрессия салдарынан С.Асфендияров,
М.Тынышпаев, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгеров, т.б. ғалымдардың кітаптары ғылыми
айналымнан шығарылды. М.П.Вяткиннің Очерктері ғана Қазақстанның ХҮІІІ
ғасырға дейінгі тарихын қамтитын еңбек болатын. Сол кездегі көзқарастардан
тұңғыш тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алған Халел Әділгереевті
атауға болады. 9

Тарихшы-ғалымдар зерттеу барысында марксистік-лениндік теориялық
қағидалар мен методологиялық жүйенің тарлығын, сыңаржақтылығын сезді,
наразы да болды. Бірақ қатаң саяси, идеологиялық бұғау бәрінің де басын
тұқыртып, еркін ой-пікір айтуына бой бермеді. Дегенмен, алдыңғы қатарлы
тарихшылар, әсіресе, кеңес дәуіріне дейінгі кезде ғалым болып қалыптасқан
мамандар тарихи оқиғаларды, өмір шындығын нақтылы деректерге сүйеніп,
дәлелді түрде көрсетуге күш салды 15.

Идеологиялық қудалаудан кейінгі кездегі қазақ ғалымдарының іс-
әрекеттеріне зардабын тигізді. Қазақ интеллигенциясын конъюктурашылдық,
жасқаншақтық, науқаншылдық іспетті нашар дерттерге үйір қылып, ұлттық
санасын төмендетті. Осыған байланысты тарих ғылымы қасаң догмадан, партияны
жөнсіз марапаттаудан аса алмады, көзі көріп тұрса да, ұлттық мәселелерден
айналып өтуге дағдыландырды. Яғни, осы тоталитарлық режим кезеңіндегі
Қазақстан тарихына қатысты деректемелер бұрмаланып, тарих ғылымына үлкен
кеселін тигізген болатын.12

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Тарих ғылымын тоталитарлық режим қыспағынан
толық шыққандығын дәлелдеу, яғни тәуелсіз Қазақстан тұсында деректерді
зерттеуде шынайылық принципін басшылыққа ала отырып, Отандық тарихты
тыңғылықты зерттеу. Сонымен бірге отандық ғалымдармен қатар басқа да
шетелдік ғалымдардың еңбектерін талқылау. Зерттеулерде бұрын кеңес дәуірі
тарихын зерделеудің негізіне алынған деректемелердің мазмұнын жаңа
көзқарастар тұрғысынан бағалау.

Ғылыми жұмыстың хронологиясы: Жалпы тоталитаризм кезеңі КСРО тарихы
бойынша И.В.Сталиннің билік басына келуімен басталады. Ал Қазақстан
территориясында Ф.И.Голощекиннің Қазақ өлкесінің басышысы болып сайланған
уақытынан бастап толитарлық жүйе қалыптасты. Бұл режим И.В.Сталин дүниеден
өткеннен кейін де, сонау 50-60 жылдарға дейін де жалғасын тапты.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Тоталитарлық режим кезеңіндегі Қазақстан
тарихына қатысты деректерді шетелдік деректермен салыстыру, зерттеулерде
бұрын кеңес тарихын зерделеудің негізіне алынған деректемелердің мазмұнын
жаңа көзқарастар тұрғысынан бағалау. Тоталитарлық жүйе кезеңіне қатысты
деректердің көлемін анықтау, оған баса назар аудару.

Ғылыми жұмыстың құрылымы және ауқымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен
және бұл бөлім 4 бөлімшеден (1.Тоталитарлық жүйе кезеңіне қатысты
деректерге жалпы сипаттама, 2. Идеологиялық қысым кезеңіндегі қазақ
ғалымдарының зерттеу еңбектері, 3. Отызыншы жылдар ойранының көркем
әдебиетте орын алуы, 4. Сталинизм кезеңіндегі Қазақстан тарихының батыс
деректемесінен көрініс табуы) және қорытынды бөлімнен тұрады. Сондай-ақ
қосымша ретінде семинар сұрақтары, глоссарий, реферат тақырыптары тест
тапсырмалары берілген. Жалпы алғанда барлығы 35 бетті құрайды.

Негізгі бөлім.

а) Кеңестік дәуір деректеріне жалпы сипаттама.

Ресей тарихшысы В.Кабановтың пікірінше, кеңестік дәуір деректеріне
сын көзбен қарау керек. Ол мәселені былай түсіндіреді: әртүрлі жылдарда
кеңестік тарихшылар кеңес кезеңі құжаттары толықтай шынтуайтты болды деген
пікірде болды, бұған көп жағдайда қордаланған мұрағат құжаттарына рұқсаттың
болмауы әсер етті 11. Әрине, бұл пікірмен келісуге болады,себебі ұзақ
жылдар бойы көптеген ұлт зиялыларының халқы үшін қызмет еткен тұстары
мұрағат қойнауларында қалып келді. Дегенмен, кеңес тарихи мектебінің
көрнекті өкілдерінің көптеген іргелі еңбектерінде аса құнды деректердің
көрініс тапқанын жоққа шығара алмаймыз.

Бұл мәселеде ресейлік ғалымдардың талпыныстары назар аударуға
тұрарлық деп ойлаймыз. Олардың кейбір тарихшылары жаңа жағдайда, тарихи
деректерді жіктеудің негізінде, деректің жасалу қағидасы ретінде адам –
қоғам – мемлекет үштігін ұстануда. Мұндайда тарихымыздың кеңестік
кезеңінің барлық құжаттары төмендегідей үш топқа бөлініп жіктеледі: жеке
адамдар жасаған құжаттары; саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құжаттары;
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын құжаттары 2.

Енді Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихына көшелік. Бұл жүзжылдықта
Қазақстан екі түрлі атпен белгілі болған (Ресей, КСРО) империяның құрамында
еді. Сондықтан, Ресей халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары бізге де
тікелей қатысты болды. Үш революция, екі дүниежүзілік соғыс, азамат соғысы,
шетел интевенциясы Қазақстанға да әсер етті. Қазақтар амалсыз Ресейде болып
жатқан оқиғаларға араласуға мәжбүр болды. Ал әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер: Столыпиннің аграрлық саясаты, қоныс аударушылар (переселенцы),
әскери коммунизм, 1921-22 жж. жер-су реформасы, ЖЭС, ірі байларды
тәркілеу, ұжымдастыру,отырықшыландыру, ет дайындау науқаны, 1921 және 1932
жж. аштық, индустрияландыру (1928-30 жж., 1940-50 жж.), тың және тыңайған
жерлерді игеру, жүгері дайындау, кемелденген социализм кезеңі, қайта құру
кезеңі, КСРО-ның құлауы, т.с.с. Бір ғасырдың ішінде осылайша қазақ халқы
ұлы өзгерістердің кезінде өмір сүрді. Әрине, осыдан келіп Отан тарихында
кең көлемдегі құжаттар жинақталды. Міне, сондықтан да кеңес кезеңі
Қазақстан тарихында қызығушылықтар туғызуда. 10

Деректерге әлемде болып жатқан техникалық прогрестер әсер етпей
қоймайды. Жаңа технологиялық жетістіктер кино, фото,фоно құжаттарын,
телефон, радио, электроника, компьютерлік мәтіндерді әкелді. Әрине, бұл
үрдіс тарихи деректерді дамытуға үлкен әсер етті, ғылыми зерттеу
мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейтті.

Фото құжаттар деректің ерекше түріне айналды, тас баспаларға жазылып,
мұрағаттарда сақталды. Арнайы кинофотофоно мұрағаты құрылып, жұмыс жасай
бастады. Бұл құжаттар түрінің отандық тарихта маңызы зор. Әйгілі
әншілеріміз Әміре Қашаубаевтың, Күләш Байсейітованың дауыстары, белгілі
қоғам қайраткерлерінің, асыл азаматтарымыздың сөйлеген сөздері ерекше құнды
құжаттар болып табылады. Бұл құжатттар да деректанулық зерттеу көзі болып
табылады. Біздің ойымызша, фотокинофоно құжаттар белгілі бір дәрежеде
шынтуайтты болып табылады. Өйткені олартарихи шындықты дәл сол күйінде
көрсетеді. Мәселен, аштық, репрессия мәліметтері фотоқұжаттарда анық
көрінеді. Ал деректі фильмдердің дерек ретінде маңызы зор, әртүрлі тарихи
оқиғаларға байланысты құрылған кинолар оқиғаның барысын суреттей алады.
Олар – тарихи оқиға туралы нақты, көзге көрініп тұрған, дәлелденген құжат.
Тіпті, Кеңес өкіметінің саясатын марапаттайтын кинолардың өздері де бізге
нақты деректер бере алады. Ал оны сараптап, талдау тікелей тарихшының
міндеті. Бірақ, аталған құжаттардың да кемшін тұстары бар.кеңес кезінде
фото құжаттарды саясатқа сай реттеу жұмысы да көрінді.21

ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының ең көлемді деректерінің бірі – іс
жүргізу құжаттары. Іс жүргізу құжаттары басқа құжаттармен салыстырғанда
жинақты. Оларды жөндеу, есепке алу, сақтау жолдары стандартты түрде
болғандықтан, ыңғайлы. Жасалу жолдары да бүкіл Кеңес үкіметі жылдарында
өзгерген жоқ (сонау Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы іс жүргізу
құжаттаарының құрылымы қазіргімен бірдей). Мәселен, 1920 жылдары
А.Байтұрсыновтың жазған хаттамасы мен бүгінгі хаттаманың пішіндері бірдей.
Іс жүргізу құжаттарының түрлері де өте көп: хаттама, баянхат, бұйрық,
баяндамалар, есептер және т.б. Кеңес дәуірінде аталған құжат түрлері
толығып, дамып отырды.

Кеңес дәуірінің тағы бір маңызды құжаты – мерзімді басылым
материалдары. Кеңес үкіметінің үгіт-насихат құралы баспасөз болды. Әрбір
қазақ ауылында, тіпті мал фермаларына дейін Правда, Искра, Социалистік
Қазақстан, Қазақстан коммунисі журналдары тарап отырды. Аталған
басылымдар өте көп тарайтын, өйткені, әрбір кеңес азаматы баспасөзбен
танысуға міндетті болды. Осылайша, кеңес саясаты бүкіл халықты бір
идеологияға бағыттап отырды. Дерек ретінде бізге олар көп мәлімет бере
алды, себебі жинақталған материалдар қоғам өмірін дәл сол күйінде ашып
беріп отырды.

Сонымен қатар, кеңес дәуіріндегі құжат түрі – съезд, конференция,
пленум материалдары болып табылады. Олар ерекше құжат түрін құрайды. Сол
үшін де аталған фактілермен кешенді түрде айналысу керек.

Осылайша, соңғы онжылдықтар тарихшыларға зор мүмкіндіктер ашып берді.
Қазіргі заман тарихының деректері ғылыми айналымға енді, зерттеушілер
көбейді. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және сол сияқты жақын шетелдердің
мұрағаттарының қаншама материалдары Қазақстан тарихына енгізілді. Сөйтсе
де, кеңес тарихы әлі түгелдей ашылған жоқ, өз зерттеушілерін күтіп
жатыр.16

ә) Идеологиялық қысым кезеңіндегі қазақ ғалымдарының зерттеу еңбектері.

Кеңестік қуғын-сүргін мен қатаң идеологиялық қысым кезеңі
тұлғалардың тарихи келбетіне баға беру деректанудағы жаңалық саналды. Мұның
алғашқы сүрлеуі әйгілі тарихшы Е.Б.Бекмахановтың қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалысы мәселесіне қатысты ғылыми тұғырнамасын саралаған С.Ф.Мәжитовтің
зерттеуі арқылы салынды.

90-жылдардың басында 30-жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандарға, сондай-
ақ ұжымдастыру мен жаппай террор кезеңінде зардап шеккендерге қатысты
әділеттілікті қалпына келтіру және тақырыпты тыңғылықты зерттеу мәселесі
алғаш рет мемлекеттік деңгейде күн тәртібіне қойылды.

Қазақстан аумағында НКВД лагерьлері Бас басқармасының қызметі мен
тарихын зерделеуге байланысты жұмыстар зерттелінетін проблеманың құрамды
бөлігі етіп алынды. Лагерьлер тарихы Д.Шаймұханов пен С.Шаймұханованың
Қарлаг (Қарағанды, 1999), А.Р.Кукушкинаның Алжир (Қарағанды, 2000),
С.Дильмановтың Қазақстан аумағындағы НКВД – КСРО ІІМ-нің еңбекпен түзеу
дагерьлері (А., 2002) монографияларының зерттеу нысанына айналды. Ғалымдар
ұжымы (А.Росляков, Г.Молдаханова, А.Оразбаев, С.Орынбаев, Ж.Байсалбаева
және басқалар) Қазақстан қауіпсіздік органдарының тарихы (А., 2003) атты
көлемді монография шығарып, 20-50-жылдардағы саяси қуғын-сүргін жағдайын
ауқымды түрде құжаттық негізде зерделеді. 3

Айта кету керек, саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу, оның
құрбандарын анықтау мәселесінде қазақстандық Әділет тарихи-ағарту қоғамы
үлкен жұмыс жүргізуде. Әділет қоғамы өзінің алғаш құрылған сәтінен бастап
ғылыми семинарлар мен конференциялар өткізуге, деректік жинақтар мен
кітаптар шығаруға ұйытқы болды.

Әділет тарапынан Алматыда және бірқатар облыстарда 20-40-жылдары
атылғандардың тізімі – Книга скорби – Азалы кітап жарық көрді. Қазіргі
кезде мұндай кітаптар Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстары (3-
басылым, 1996, 1999, 2004), Маңғыстау облысы (1998), Ақтөбе облысы (1997)
бойынша қайта басылып шықты, бұлар барлық қуғын-сүргінге ұшырағандар, оның
ішінде атылғандар туралы деректі мәліметтер берілген. Тағзым кітабы
(Книга скорби), Қарағанды (2001), Шығыс Қазақстан облыстары (2002) және
басқа аймақтар тізімдері бойынша да жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен
1997 жылдың Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске
алу жылы деп аталуы саяси қуғын-сүргін тарихының проблемаларын зерттеуге
серпін берді. Саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу елімізде тарихшы-ғалымдар
мен ұлт зиялылары тарапынан қызу қолдау тапты. Т.Омарбеков пен
Қ.Алдажұмановтың зерттеулерінде 20-30-жылдардағы күшпен ұжымдастыруға қарсы
шаруалар көтерілістері мен қозғалыстар ауқымы алғаш рет көрсетілді.
Қазақстанның барлық облыстары бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандардың
мәліметтер қорын жасауға қатысты жұмыстар жүргізілді. Зерттеуші
С.Ә.Жәкішева бұл мәліметтерді ТМД елдерінің Қайта оралған есімдер атты
бірыңғай электронды құжаттар қорына енгізілді (Мәскеу қаласы). 4

Кейбір зерттеулерде (А.Б.Тұрсынбаев, А.П.Кучкин және басқалар)
жаппай ұжымдастыру барысында кездескен жекелеген жағымсыз салдарлар туралы
мәселе де ішінара қозғалды, бірақ бұл шаралардың қажеттігі туралы негізгі
қорытындыны теріске шығармады. Бұл тұғырнама ұзақ жылдар бойы басым идея
болып қала берді.

60-80 жылдар әдебиеті ұжымдастыру проблемасына жаңаша көзқараспен
сипатталады. Ұжымдастырудың бірқатар жақтары сынға алынып, оны жүргізу
барысындағы келеңсіз құбылыстар ашылды. Алайда көшпелі және жартылай
көшпелі өндірістен социалистік жолға түсу мәселесі бойынша негізгі
қағидалар қайта қаралған жоқ. Осы ретте 30-жылдардағы ашаршылықтың қайғылы
қасіреттері, қазақ ауылының дәстүрлі өмір сүру қалпын бұзудың ауыр
салдарлары, адамгершіліктен тыс жүргізілген шаруа қожалықтарын ұжымдастыру
әдістеріне тұрғындардың қарсылық білдіруі , бүкіл республиканы дерліктей
қамтыған көтерілістер мен бас көтерулер де зерттеушілердің назарынан
тысқары қалды. Шаруалардың наразылық қозғалыстары бұрынғыша бай-
кулактардың қарсылығы, бандиттік-бастамашылық әрекеттер т.б. ретінде
бағаланды.

80-жылдардың соңында қазақстандық тарихнамада алғаш рет
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары күштеп
ұжымдастыру, байларды тәркілеу, саяси қуғын-сүргін, 1931-1933 жылдардағы
аштық, т.б. трагедиялық оқиғаларды кешенді түрде зерттеуге кірісті. 1988
жылы алғаш рет академик М.К.Қозыбаевтың бастамасымен Қазақстанда және Орта
Азия республикаларында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: тәжірибе және
проблемалар атты Бүкілодақтық ғылыми конференция ұйымдастырылып, онда 20-
30 жылдар басындағы трагедияның себептері мен салдарлары талқыланды. 5

Бұрын айтуға тыйым салынған күштеп ұжымдастырудың сұмдықтары туралы
алғашқы тарихи зерттеулер топтамалары жарық көре бастағаны – өткен ғасырдың
тоқсаныншы жылдарының басы. Атап айтқанда, бұл кезеңнен бастап
Т.Омарбековтың (Халық қаһары. – Жұлдыз, 1991, № 9, 10, 12;
Қазақстандағы халық көтерілісі қалай жазаланды - Ақиқат, 1993, №4),
М.Қ.Қозыбаев, Ж.Б.Әбілғожин, Қ.С.Алдажұмановтың (Коллективизация в
Казахстане трагедия крестьянства. Алматы, 1992; Этноцид. – Егемен
Қазақстан, 1992, 30 мамыр) және тағы басқалардың тарихи-зерттеу мақалалары
шықты.

Академик М.Қ.Қозыбаев жетекшілік етіп, құрамына ғалымдар
Қ.Нүрпейісов, Ғ.С.Сапарғалиев, Ж.Б.Әбілғожин, М.К.Қойгелдиев,
К.С.Алдажұманов, Т.О.Омарбеков, М.Б.Тәтімов, В.К.Григорьев, Ю.И.Романов,
М.Ж.Хасанаев және басқалар енген ҚР Жоғарғы Кеңесі арнаулы комиссиясының
(1991) жұмысы нәтижесінде бұрын құпия жатқан құжаттар ашылып, 30-жылдардағы
аштық пен саяси қуғын-сүргіннің қаралы ақиқатын зерделеуге қол жеткізілді.
9

б) Отызыншы жылдар ойранының көркем әдебиетте орын алуы.

Қазақ прозасында тоталитарлық кезеңде жабық болып келген
тақырыптардың бірі – халқымыз 1928-1933 жылдары бастан кешірген ауыр нәубет
кәмпеске, күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық тақырыбы. Бұл тосын зұлматқа
тарихымыздың қаралы беттері ретінде ғана баға беріліп отырғаны мәлім.

Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістердің орын алуы 1925 жылы
Өлкелік партия комитетінің 1 хатшысы болып Ф.И.Голощекиннің келуіне тікелей
байланысты болғандығына нақты деректер айғақ. Елде жаппай ұжымдастырудың
басталуына байланысты Өлкелік партия комитетінің бюросы 1926 жылы 6
қарашасындағы мәжілісінде Қазақ халқын отырықшыландыру туралы қарарды
бекіту мәселесін арнайы талқыға салады. 7

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Егемен
Қазақстан газетінің 1998 ж. 16 қаңтарындағы санында жарияланған өзінің
Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын атты еңбегінде сол замандағы
солақай саясатқа талдау жасай келіп, былай деп атап көрсетті:

Осындай әсіре белсендінің бірі 1925 пен 1933 жылдардың ішінде
ВКП(б) өлкелік комитетін басқарған Ф.Голощекин еді. Өзінің тұзы кем
болғанша, артық болсын деген сүйікті нақылына сүйеніп, қазақ ауылын қазақ
сыпыртқысымен аршып шығу деген атақты ұранының айтушысына да,
атқарушысына да айналды. Мұның өзі қазақ халқы үшін нағыз тамұқ болып
шықты.

Авторитарлық замандағы қаламгерлер саяси биліктің зорлығымен
жантүршігерлік ауыр тақырыпқа тереңдеп қалам тарта алған жоқ. Қазақ прозасы
шеберлерінің өзі кәмпеске мен ұжымдастыру науқандарын тарихи шындық
деңгейінде көрсетуге мүмкіндік таба алмады. Бір-біріне жалғас осынау екі-үш
саяси-тарихи құбылысты социалистік реализм талаптары шеңберінде ғана сылап-
сипау етек алды.

Ұлт үшін қастерлі тақырыпқа алғашқылардың қатарында Б.Қыдырбекұлының
Алатау (І кітабы), С.Жүнісовтің Заманай мен Аманай, С.Елубаевтың Ақ
боз үй роман-повестері жарық көрсе, іле-шала М.Мағауиннің Сары қазақ,
Ш.Мұртазаның Қызыл жебе романының Қыл көпір бөлімі, А.Мекебаевтың
Қазына сыры, К.Қазыбаевтың Сұрапыл, З.Жәкеновтың Зұлмат, С.Досановтың
Жиырмасыншы ғасыр, Т.Сәукетаевтың Құзғын тойған қыс сияқты шығармалары
жазылды.

Осынау ауыр зұлмат кезеңге қатысты қолда бар деректер мен дәйектердің
көбі өз қалпында сол күйі сақталмаған. С.Мұқтарұлының түсініктерін жазып
әрі материалдарын құрастырған Кәмпеске (Жалын баспасы, 1998 ж.)
кітабындағы сілтемелерге қарағанда, тиісті органдар көптеген құжаттарды
кезінде жойып жібергенге ұқсайды. Оған дәлел ретінде келтірілген
дәйектердің бірі мынау:

Біріншіден, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық архивіндегі
Құпия қор бөлімінде Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің ірі байлар мен
ақсүйек-шонжарларды кәмпескелеу және жер аудару жөніндегі орталық
кәмесиесі 1928-1929 жылдар аралығында жүргізген шаралары бойынша барлығы
927 пәпкілік жеке-дара істер сақталуға тиісті еді. Оның жетеуі (2-, 5-, 7-,
14-, 15-, 16 және 26-істер) 1941-1942 жылдары, ал жиырма бесі (9-, 50-, 59-
, 65-, 73-, 86-, 92-, 93-, 104-, 127-, 133-, 134-, 140-, 141-, 148-, 152-,
180-, 181-, 182-, 200-, 424-, 529-іс пен 530-істер) 1992 жылы бұған дейін
барлығы -32 іс жоғалған болып шықты. Бұл – тек кәмпеске шараларына қатысты
жоғалған істер саны ғана. 24

Аталған еңбекте мұрағаттағы әрқилы құжаттардың табылмай кеткендігі
жөнінде бұдан басқа да мәліметтер келтіріледі.

Нақ осыған ұқсас ақпарат В.Михайловтың Хроника великого джута
атты деректі повесінде де кездесіп қалады.

Енді жоғарыда аталған көркем шығармалардың жазылуына негіз болған
қандай тиянақ көздерін атаған жөн?

Ең алдымен ондай құжаттық негіздерге 20-30-жылдары тарихынан шынайы
да ақиқат деректер беретін большевиктік партия мен кеңес өкіметі
органдарында сол жылдары жауапты қызметтер атқарған Т.Рысқұловтың,
Л.Мирзоянның, О.Исаевтың, Мәскеудегі И.Сталиннің және В.Молотовтың аттарына
жазған және өзара жазысқан хаттарын, сондай-ақ,тарихымызда Бесеудің хаты
деген атпен мәлім болған Ғ.Мүсіреповтің, М.Ғатаулиннің, М.Дәулетқалиевтің,
Е.Алтынбековтың, Қ.Қуанышевтың Ф.Голощекинге жазған хатын және
Ғ.Исқақовтың, І.Қабыловтың, Ж.Арыстановтың, Б.Айбасовтың, Ғ.Тоқжановтың,
О.Жандосовтың И.Сталинге және Л.Мирзоянға жазған хаттарын жатқызуға
болады. Олар қазақ шаруаларының жаппай босқыншылыққа ұшырау және аштан
қырылу себептерін дәлірек анықтауға көмектесіп қана қоймай, осы апаттың
демографиялық көлемін анықтауға қажетті сандық мәліметтер де бере алды.
16

в) 1920-40 жылдардағы Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс
табуы.

Қазақстанның осы заманғы тарихнамасынан кеңестік ұлт саясатының
теориясы мен практикасы жайлы еңбектерді, Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының тарихы, этнографиясы мен мәдениеті жөніндегі зерттеулерді,
оның ішінде докторлық диссертацияларды, сондай-ақ аймақтағы оқиғаларды
көзімен көрген шетелдіктердің күнделіктері мен естеліктерінен көруге
болады. Шетелдік деректанудың маңызды бөліктері ретінде қазақ авторлары
зерттеулерінің методологиясы мен әдіс-амалдарына сыни талдаулар жасауға
арналған жарияланымдарды, бұрынғы Ресей империясындағы түркі тілдес
халықтардың азаттық күресі көсемдері және басқалардың еңбектері мен жеке
мұрағаттарына, сондай-ақ саяси партиялардың бағдарламаларының, үндеулері
мен шешімдерінің мәтініне берілген кең көлемді ғылыми түсініктеме мен
сипаттамасы бар анықтамалық-библиографиялық басылымдарды атап өткен жөн.

Бұл айтылғандар бірінші кезекте америкалық публицист Уильям
Чемберлиннің Орыс революциясы (2 томдық), Кеңестік Ресей, Ресейдің
темір ғасыры жұмыстарына қатысты, бұл еңбектер деректерді кең көлемде
пайдалануымен, халық бұқарасының төңкеріске қатысуы тақырыбына ден қоюымен
ерекшеленеді. Чемберлин, 20-30 жылдар оқиғасының куәгері ретінде, мәселенің
елеулі жағын атап өтеді: егер кеңес тарихшылары шетелдік
интернационалистер деп атаған австрия-венгерлік және басқа да соғыс
тұтқындарының шешуші рөлі болмағанда, Кеңес өкіметін Орта Азия мен
Қазақстанда орнату және нығайту, басмашылықты талқандау мүмкін болмас еді
деген тұжырым жасайды; ол Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы екі
онжылдықтағы пролетариаттың азаттық әперушілік міндеті, аймақтағы саяси
күштерді қайта орналастырудың таптық сипаты туралы мәлімдемелерді теріске
шығарды. 23

ХХ ғасырдың 50-жылдары КСРО-ның саяси құрылысын тоталитарлық деп
бағалаған тұжырымды тұғырнама етіп алған тарихшылар алдыңғы лекке шықты.
Бұл тұғырнама Орта Азия республикалары мен Қазақстанды да қамтып, кешенді
түрде зерттейтін кеңестану үрдісімен жалғасты. Осы аймақтық зерттеудің
шеңберінде және тоталитарлық теория тұрғысында жазылған Р.Смаль-Стоцкийдің
Кеңес Одағының ұлттық проблемасы және орыс коммунистік империализмі
(1952), В.Коларцтің Ресей және оның отарлары (1953), О.Кэроудың Кеңестік
империя: Орта Азия түріктері және сталинизм (1953), Р.Пайпстың Кеңес
Одағының құрылуы: коммунизм және ұлтшылдық (1954), А.Парктің
Түркістандағы большевизм. 1917-1927 (1957), Ч.Хостлердің Түрікшілдік
және Кеңестер: түркі халықтары және оның арман-мүдделері (1957),
В.Монтейдің Кеңес мұсылмандары (1957), С.Зеньковскийдің Пантюркизм және
Ресейдегі ислам (1960), Дж.Уилердің Кеңестік Орта Азияның осы замандағы
тарихы (1964), Кеңестік Орта Азия халықтары (1966) еңбектері және басқа
жарияланымдар жарық көрді. Бұл жұмыстар авторларының проблема тарихнамасына
қосқан ғылыми үлесі патриархалды-феодалдық қарым-қатынастар үстемдік еткен
өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси артта қалушылығы секілді
фактілер мен құбылыстарға сүйеніп, пролетарлық отаршылдық тұғырнамасын
жан-жақты талдап зерттеуінде болды. Осыған байланысты А.Парк,
С.Зеньковский, Дж. Уилер қазақтардың пролетарлық төңкеріс идеяларын
қабылдауға деген саяси құлықсыздығы мен дайын еместігіне баса назар
аударды.

Орыс революциясы деп аталатын өзінің жаңа жұмысында Пайпс,
тоталитарлық үлгінің табанды жақтаушыларының бірі ретінде, орыс ұлттық
дәстүрінің және орыс саяси мәдениетінің тұрақтылығына байланысты, мұсылман
халықтарына қатысты орыс отаршылдық саясатының өзгермейтіндігі жөніндегі
тезисін берік ұстанады. 17

Кейінгі жылдары Э.Олуорд, А.Беннигсен, Э.Уимбуш, Т.Хэммонд, Х.Сетон-
Уотсон, Э.Каррер д’Анкос, Г.Симон, Д.Гейер, А.Каппелер және басқалардың
еңбектерінде жекелеген аспектілердің (революциядағы жалпы мен ерекшенің,
интернационалдық пен ұлттықтың, әлеуметтік пен этникалықтың) терең
зерттелуі есебінен, пролетарлық отаршылдық тұғырнамасы жаңа дәлелдермен
толықтырды.

Алайда, проблемаға жаңа тұғырнамалық тұрғыдан қарау ұлттық
аймақтардағы, соның қатарында Қазақстандағы Қазан төңкерісінің әлеуметтік
табиғаты жөнінде шетелдік авторлар берген бағаға мәнді түзетулер енгізген
жоқ, мұны соңғы кездегі іргелі зерттеулердің бірі – Колгейт университетінің
(АҚШ) профессоры М.Б.Олкоттың Қазақтар еңбегінен байқауға болады.
М.Олкот Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны мақаласында қазақтарды шаруа
шаруашылығына ұжымдастыру шаралары 1930 жылы халықтың жаппай және
тегеурінді қарсылығын тудырғанын айтады. Республиканың партия ұйымдары,
оның басшылары Ф.Голощекин мен И.Құрамысов өлкеде етек алған зорлық-
зомбылық пен талқандаудың бар кінәсін мойнына арту үшін айыптыларды
іздеуге мәжбүр болды. Олар ең алдымен А.Байтұрсынов және Алашорданың басқа
да көсемдері болып шықты.

Азамат соғысының соңына қарай дәстүрлі қазақ қоғамы қиратылып,
Қазақстанның көптеген аудандарында қысқа мерзім ішінде екі рет жаппай
ашаршылық орын алды. 1918 және 1921 жылдары жергілікті тұрғындар арасында
болған ашаршылықтың қамтыған ауқымы туралы бірқатар материалдар АҚШ пен
Еуропа елдері мерзімді баспасөзінің беттерінде жарияланды. 1922-1923
жылдары сауда ісімен Орынбордан Ақтөбеге, одан әрі Арал теңізіне дейін
барған австриялық Г.Крист пен ағылшын Р.Фокстің күнделіктері сол кезеңнің
оқиғалары туралы құнды деректер болып табылады. 23

Қазақтарды жаппай шаруа ұжымына ұйымдастыру (Қосшы, Жарлы т.б.)
қызметі, жер-су реформалары қайсыбір тарихшылардың (Х.Сетон-Уотсон, Э.Карр,
Я.Матли) назарын аударды. Олар большевиктердің аграрлық саясатының
қайшылыққа толы екенін, қоныстанушыларға берілген шұрайлы жерлерді
қазақтарға қайтарғысы келмейтінін атап өтті.

В.Конолли 1921-1922 жылдардағы аграрлық реформалардың басты мақсаты
Кеңес өкіметінің көмегімен мұсылман қоғамына әлеуметтік күйзеліс әкелу
болды, ал бұл реформалар болашақтағы басқа да өзгерістердің басталуының
өзіндік нышаны ретінде қызмет етті деп бағалады.

Қазақстанның көптеген аймағын қамтыған күйзелістер туралы алғашқы
хабарлар америкалық мерзімдік басылым (Нью-Йорк Таймс т.б.) беттерінде
1932-1934 жылдары-ақ көріне бастады. 30-жылдардың қайғы-қасіретін
суреттеген мақалалардың Манчестер Гардиан, Дейли Телеграф, Матен,
Фигаро, Нойе Цюрихер Цайтунг, Газетт де Ла Лозанн, Стампа
беттерінде жарық көрді.

30-жылдардағы қазақ ауылдарын жаппай қамтыған ашаршылық жөніндегі
батыстық жарияланымдардың ішінен Р.Конквестің 1986 жылы Лондонда шыққан
Қасірет науқаны: кеңестік ұжымдастыру және аштан қыру кітабын бөліп
айтуға болады. Автор өз кітабында Х.Сетон-Уотсон бұрынырақта айтып кеткен,
қазақтар арасындағы ашаршылық ұжымдастыру түрінде арнайы ұйымдастырылған
науқанның салдары деген пікірді ұстанады. Конквес батыстық тарихнамадаалғаш
рет байлар шарушылығын тәркілеу және кеңес үкіметінің басқа да жазалау
шаралары салдарынан аштықтан құрбан болған қазақтардың санын анықтауға
тырысты.

Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алуы ғалымдардың идеологиялық
тосқауылдан түбегейлі арылуына, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне
арналған батыстық зерттеулердің құрылымы мен тақырыбының өзгеруіне алып
келді. Батысеуропалық және америкалық деректемеде жас мемлекеттің осы
заманғы проблемаларына жаңаша қарау үрдісі белең алуда. 17

Қорытынды.

Бұл ғылыми жұмыста тоталитарлық режим кезеңіндегі Қазақстан тарихына
қатысты деректер барынша зерттеліп, көптеген мәселелер қарастырылды. Соның
ішінде негізгі бөлімнің алғашқы пунктінде тоталитарлық режим кезеңіндегі
деректерге жалпы сиапттама берілген. Ал екінші бөлімінде идеологиялық қысым
кезеңіндегі қазақ ғалымдарының зерттеу еңбектері туралы айтылып, барынша
нақты мәселелер қарастырылса, үшінші бөлімінде отызыншы жылдар ойранының
көркем әдебиеттерде орын алуы және олардың қандай жағдайда жазылғандығы
жайлы мәселелер көтерілді. Соңғы төртінші бөлімінде КСРО құрамында болған
кезеңге қатысты Қазақстан жайындағы деректемелер келтірілген.

ХХ ғасыр тарихы қазақ халқының өміріндегі аласапыран, аумалы-төкпелі
уақыт болды. Бұл кезеңде әртүрлі деректер өмірге келді. Олардың көпшілігі
ғылыми айналымға түспеген, тың деректер қорын құрайды. Соңғы онжылдықтар
тарих ғылымына көп өзгерістер әкелді. Деректер жарияланды, көптеген тың
тақырыптар ашылды. 1989 жылдан бастап тарихқа көз жүгіртсек, мынадай
үрдісті байқаймыз. Алғашында тарихшылар деректерді дәл сол күйінде жариялай
бастады (фактологиялық материал ретінде). Қалың көпшілік, тарихшылар
көптеген жаңа деректермен танысып, жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бұл
кезеңді отандық тарих ғылымындағы жарылыс (бум) деп атауға болады.
Сондықтан да көптеген зерттеу жұмыстары фактологиялық сипатта болды. Бірте-
бірте тарихшылар біраз деректерді игерген соң, Қазақстанның қазіргі заман
тарихы бойынша теориялық тұрғыда ғылыми жұмыстар пайда бола бастады.

1998 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
Ұлттық тарих жылы деп жариялауы Отан тарихы ғылымының қоғам өміріндегі
орнын одан әрі ғалымдарымыз алдыңғы шептен көріне алды. Тарих ғылымы
теориялық-методологиялық терең зерттеулермен жарақтана бастады. Кеңес
дәуіріне арналған ғылыми еңбектер көбейді.

Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты
Қазақстан тарихына байланысты деректемелік материалдар шығару қолға алынды.
2004 жылы Қазығұрт баспасы С.Сейфуллиннің атақты Тар жол, тайғақ кешу
мемуарын алғаш басылған жылындағы (1927) мәтінін қалпына келтіріп жарыққа
шығарды. Осындай бағытта деректемелік негіз ретінде қолдануға болатын
көптеген еңбектер қайта жарыққа шықты. 1

Жалпы тарихи білімнің тарих ғылымына айналу үдерісін былай
көрсетуге болады: дерек – тарих ғылымы – тарихнама. Тарих ғылымы ешқашан
тарихи деректерсіз жасалмайды. Сондықтан да дерек – қайнар көз, түп қазық,
тарих ғылымының негізі. Ал тарих ғылымы өзінің шарықтау шегінде тарихнаманы
туындатады. Тарихты саралау, зерделеу, ғылыми баға беру – тарихнамашылар
арқылы жүзеге аспақ. Тарихнамашылар ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттарды бір ізге келтіру және стандарттау
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Түркия Республикасы құрылуының Кеңестік басылымдарда жариялануы
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Іс қағаздары компьютерде басуда ескерілетін емле ережелері
Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Сақтардың бейнелеу өнері
Әлихан жаңғырығы. Ә.Бөкейханов өмірі мен өлімі.
Пәндер