Ғабиден Мұстафиннің өмірі
Ғабиден Мұстафин прозасындағы тарихи шындық
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1 Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы 5
... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ғабиден Мұстафиннің өмірі 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жазушының шығармашылығы 7

2 Ғабиден Мұстафиннің прозасындағы тарихи шындық 13
... ... ... ... ... ... ...
2.1 Ғабиден Мұстафиннің шығармаларында тарихи шындықты көрсетудегі
суреткерлік шеберлігі (Шығанақ, Қарағанды, Миллионер, Дауылдан кейін
романдары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2.2 Ғабиден Мұстафиннің шығармаларында тарихи шындықтың
көріну ерекшеліктері ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланған әдебиеттер 30
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты. Ғабиден Мұстафин әдебиетімізде өзіндік орны бар
қаламгер. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере
алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны
аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым
еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір
тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел-жұртының арман-
тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан
түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты
өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын,
баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді күескер биігінен таймау – Ғабиден
Мұстафиннің рухани келбеті.
Қазақ әдебиетінің кең оқырман қауымына атақты Қарағанды, Шығанақ,
Дауылдан кейін, Миллионер сияқты көрнекті туындыларымен әйгілі болған
Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын
дәулетті отбасында өмірге келеді. Жасынан дарынды бала әуелі ауыл
молдасынан оқып сауатын ашады. Басқа оқу жоқ еді,-дейді ол кейін жастық
шағын қыңжыла, мұңая еске алып.
Жазушы өмірінің нағыз творчестволық табысты жылдары 40-жылдардан
басталады. Оның Шығанақ (1945), Миллионер (1947), Қарағанды (1952),
Дауылдан кейін (1959), Көз көрген (1963) романдары осы жылдардың
жемісі. Ғ. Мүсірепов өткен дәуірдегі қазақ поэзиясының даму тарихына
байланысты әр жылдарда жазылған жазбаларында Сәкен, Ілияс, Сәбит, Әбділда,
Қуандық, Қалихан, Берқайыр т.б. бүгінгі поэзия өкілдерімен қатар ұлы Абайға
арналған Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны атты
көлемді зерттеу мақаласын, өлең тілінің мәселелеріне арналған Әдебиет тілі
жайында тақырыбында мәні мен маңызы жоғары, құнды еңбектер қалдырды. Ана
тілінің тазалығы мен өркендеуінің күресушісі болған көркем сөз зергері - Ғ.
Мүсіреповтің өлең туралы пайымдары да өзінің өміршеңдігімен ерекшеленеді.
Қазақ әдебиетінде сөз өнерінің, жанрлық жағының жетілуіне үлес қосқан
Мұстафинның өзіндік стилін танытқан шығармалары қаншама. Халықтың бейнелі,
қанатты сөздерін орынды пайдалана отырып, өз тарапынан да өткір, ықшам сөз
тіркестерін жасай білген. Абай өнегесін бірнеше түрлі сипатта сабақтастыра
алды. Бірінші, Ғ. Мұстафин де Абай сияқты тақырыпты өз дәуірінен, бірге
тыныстап, қатар тіршілік жасап жүрген замандастарының іс- әрекетінен,
көзімен керіп, бастан кешірген өмір шындығынан іздеп тапты. Екінші, сөз
енері жайлы Абай қойған талап деңгейіне ден қойды. Абай өлеңіндегі көптеген
жолдардың мақал-мәтелге айналып кеткені секілді.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ әдебиеті ғылымында жазушылар шығармашылығы,
не болмаса әдеби мұрасы кейінгі кезде жан-жақты қарастырылып жүр. Жазушылар
халық тағдырын, хал-ахуалын, жағдайын еш мүдірмей суреттеген. Халықтың
жоғын жоқтап, мұңын зарлаған. Сол ғалымдарыдың ішіне – Ғабиден Мұстафинді
жатқызуға болады. Оның шығармалары зерттеліп жүргенімен, әлі күнге дейін
сараланып, зерттелмеді. Біздің курстық жұмыстың да өзектілігі осы ойдан
туып отыр. Жұмыста жазушы шығармашылығын тұтас емес, тек тарихи оқиғамен
тұспа-тұс келетін шығармаларын қарастыруды жөн көрдік.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың басты мақсаты –
Ғабиден Мұстафиннің прозасындағы тарихи шындықты зерттеу. Осы мақсатқа жету
үшін курстық жұмысқа мынадай нақты міндеттер қойылды:
- Ғабиден Мұстафиннің өмірімен танысу;
- Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығымен зерттеу;
- Жазушының шығармаларындағы тарихи шындықты көрсетудегі суреткерлік
шеберлігін анықтау;
- Ғабиден Мұстафиннің шығармаларында тарихи шындықтың көріну
ерекшеліктерін айқындау.
Жұмыстың өзектілігі.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеуші-ғалымдардың теориялық еңбектері мен
мақалалары, жазушы Ғ.Мұстафинның әр тарихи кезеңде жазылған шығармалары
курстық жұмыстың дерек көздеріне айналды.
Зерттеудiң әдiстерi. Тақырыпты зерттеуде талдау, жүйелеу, жинақтау,
тұжырым жасау, кезеңдестіру әдiс-тәсiлдерi қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы
1.1 Ғабиден Мұстафиннің өмірі
Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы
Жауыр тауы – 20.1.1985, Алматы) – жазушы, қоғам қайраткері. Білім іздеп,
1916 жылы Спасскідегі қазақ орыс мектебінде сауат ашып, 2-3 сыныптық білім
алған жазушының нағыз халықтық талантты өз кейіпкерлерінен де көрінеді. Осы
арқылы өз талантын ұштап, қарымды қаламгерге айналған жазушы халықтың мол
құрметіне бүгінде бөленіп отыр. Алғашқы сауатын зауытта ашқан Ғабиден
Мұстафин кейінгі білімді өмірден алады. Ол төңкерістен кейінгі жылдары
ауылда жүргізген кеңестік шараларға қатысып, әр түрлі қызметтер атқарды.
1925 жылы көктемде Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылордаға оқу
іздеп келдім, дейді жазушы. Оқуға түсе алмай, қызмет істеуге тура келеді.
Қазақстан жоғарғы сотында қатынас қағаздарды тіркеуші бола отырып, газет
оқуға үйрендім... 1925 жылдың күзінен бастап Еңбекші қазақ газетіне ұсақ
хабарлар жаза бастадым. Келесі жылы (1926) очерк, фельетондар жазуға,
Сәбиттің Ақбөпесіне еліктеп, әңгіме жазуға кірістім.
Астанаға келу, мәдениетті ортада қызмет істеу, оның үстіне өзінің
жасынан әдебиетке құмарлығы болашақ жазушыға үлкен ой салады. Ғабиден
Мұстафин жазушы болуды армандайды. Ол сот орындарынан келіп түскен
еңбекшілердің арыз-шағымдарымен таныса отырып, ел ішіндегі әр түрлі
бұзықтықтар туралы, сол замандағы халықты қанап келген небір пайдакүнем,
арамдық аразы бітпеген байлар мен атқамінерлердің озбырлық, парақорлық
қылықтарын әшкерлейтін мақалалар, шағын әңгімелер жазады. Оның алғашқы
әңгімесі-Сәрсен мен Мұқаш 1927 жылы Жыл құсы альманахында жарияланады.
Ғабиден Мұстафиннің алғашқы әңгімелері 1929 жылы Қызылорда қаласында
жарияланып,басқа әңгімелері басылып шығады.
1930 жылы Ғ.Мұстафин өзінің туған жеріне қайтып барады. Онда жаңа
ашылған өңдіріске орналасып, әр түрлі жұмыстар атқарады. Мен келгенде
Қарағандыға ағылшындардан қалған бес-алты жаман барактар, 30-40 жұмысшы
ғана бар еді. Олар темірді қайламен қазып сыртқа, темір шелекпен қол бұрау
арқылы шығаратын. Шахта дегендері бір ғана құдық... жұмысты жер қазудан,
темірдің тотын қырудан бастап, бірнеше сатылардан өткен соң, токарь болып
шықтым,-дейді ол. Осы отызыншы жылдар ішінде, жазушы бірталай уақыт
Қарағандыда, Новосибирскіде, Алматыда баспасөз маңында істейді. Бұл оның
жазушылық өнерге төселу, іздену жылдары іспетті.
Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із
қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады. Ғабиден Мұстафин
мұрасы - осынау қағиданың дәлелі мен айғағы.
Жиырмасыншы жылдар туған еліміз үшін аса бір маңызды кезең еді.
Ауылдағы негізгі тартыстар, Азамат соғысынан кейінгі ауыртпалықтар, әлі оңы
мен солын айыра бермейтін кедейлердің қиын хал-күйі төңірегінде өрбитін.
Жастайынан талай қиянат көрген болашақ жазушы қайнаған өмір ағымынан сырт
қала алмады. Өзінің алғашқы қадамы туралы көргенімді, сезгенімді
жазатынмын,-дейді Ғабең. Демек, жазушылық өмірінің алғашқы сәтінен бастап
бүкіл өнер жолына үлкен әсер осындай тартыстардың қызу ортасы еді[1, 64
б.].
Жас талапкер өзі көрген, сотқа келіп түскен шағымдарда айтылған қиянат,
мұң-шер, жапа шеккен адамдар туралы нақтылы оқиға негізінде жазған
хабарлам, очерк, фельетондарын Еңбекші қазақ (қазіргі Егемен Қазақстан)
газетіне жариялап жүрді.
Сөйтіп, Ғабиден Мұстафин алғашқы қалам тартысынан-ақ өзінің өзекті
тақырыбын - бүгінгі қайнаған өмірді дәл тапты. Тұңғыш кітабы Ер Шойынға
(1929) арқау болған да өзі жақсы білетін ауыл өмірі, кедейдің сана-сезімі,
таптық күрес еді. Ер Шойын - жазушының ғұмырлық тақырыбын белгілеген,
өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.
Белгілі сыншы-ғалым З. С. Кедрина жазушының өнер жолын саралай келіп,
оны тың тақырыптарға алдымен баратын батылдығын, жаңашылдығын
творчестволық барлауда деп, басып айтты. Жинаққа кірген тұңғыш шығармасы-
Сәрсен мен Боқаш (1927-1928), Ер Шойын, Қан, Қашқын сияқты
әңгімелерінде ауылда өтіп жатқан таптық тартысты нақтылы оқиға-көріністер
арқылы реалистік дәлдікпен бейнеледі. Жазушының ыстық ықыласы қаналған тап
жағында. Көркем образдар арқылы: Адал еңбегінің қызығын көрмей, адам!
деген ардақты атқа қолы жетпей қиналған адал жандар осылар! - дейді
жазушы. Байдың малын бағып, байлығын көбейтіп жүрген құтты қол жандар жас
жазушыға адамгершілік пен ақиқаттың өзіндей көрінеді. Осындай жандарды
сүліктей сорып, басын көтертпей езгіге салған үстем тапты автор
жиіркенішпен, жек көре суреттейді. Жазушының мақсаты айқын, мүддесі ашық -
кімді жақтайтыны, кімді даттайтыны түсінікті. Таптық күресте қажыр-қайрат,
ұйымшылдық қажеттігін суреттеген-Ер Шойын жинағы тартыстың әлі
толастамаған кезінде шыққанын ескерсек, кітаптың әлеуметтік, тәрбиелік мәні
ерекше болғанын түсіну қиын емес.
Жас қаламгердің шығармаларында кейбір біркелкілікке құрылып, жинақтау
сипаты, көркемдік мәнерлеу, тіл шеберлігі жетпей жатқанмен, алғашқы
қадамынан-ақ автордың азаматтық белсенділігі, мақсатының айқындығы анықтала
түседі.
Бірақ, Ғ. Мұстафиннің ізденісі жеңіл болды, қиыншылыққа кездеспеді
десек, шындықтан ауытқыр едік. Жас кезінде жүйелі білім ала алмаған
жазушыға өмір – білім бұлағы, еңбек - өнер шырағы болды. Баяу қалыптасып,
жеңіл шығармалар да жазды, бірақ тынымсыз еңбек, іздену, оқу білімді,
парасатты, қайраткер жазушыға айналдырды.
1933 жылы Ғ. Мұстафин Қарағанды пролетариаты газетінің жауапты
секретары қызметіне тағайындалады. Бірақ көп кешікпей қазақ тілінде Қызыл
ту атты жаңа газеттің ашылуына байланысты Новосибирь қаласына
ауыстырылады. Өмірлік тәжірибесі байыған журналист ретінде, қаламы төселген
- Ғ. Мұстафин 1938 жылы газет жабылысымен Алматыға көшіп келеді. Бұл менің
тоғыз жыл бойы жазушылықтан қол үзіп кеткен, қайта оралған шағым, - деп
жазады Ғабең.
Астана жазушыға көп әлеуметтік-қоғамдық жағдайды жаңа биіктен
бағалауына, әдеби-мәдени өмірмен етене араласуға мүмкіндік береді. Сол бір
идеология майданы шиеленіскен таптық тартыстың қызу жылдарында қаламгер,
өзі айтқандай, күресші өнердің шебінде болды. Оның көз алдында жалынды ақын
Сәкеннің, Cәбит пен Бейімбеттің, ұлы Мұхтар мен Ғабиттің үлгі тұтар жарқын
бейнелері тұрды. Дәл осы жылдары әдебиетті көп оқып, көп үйренді. Жаңа
өмірдің әсерімен философиялық, эстетикалық көзқарасы қалыптасып, әдеби
талғамы биіктей береді. Көптен көңілін қобалжытқан етене жақын тақырыбы –
Қарағанды шахтерлерінің өмірінен Өмір мен өлім атты тұңғыш романын жазады
(1939). Бұл - оның үлкен қаламгерлік жолының бастауын аша түскен кітап еді.
Он жыл (1939-1948) Әдебиет майданы (қазіргі Жұлдыз журналында
қызмет істей жүріп, басында әдеби қызметкер, кейін редактор) ел өмірімен
кең танысып, жазушылық еңбекке біржолата бет бұрады. 1942 жылы Айғақ атты
шағын пьеса, Тұтқын, Күлмеген адам, Құлаған құз, Керуен секілді
әңгімелер жазды. Жазушының кемел кезі басталады[2, 51 б.].
1.1 Жазуышының шығармашылығы
1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, “Қарағанды
пролетариаты” (қазіргі “Орталық Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы,
Новосібірде шыққан “Қызыл ту” газетінің, “Әдебиет майданы” (қазіргі
“Жұлдыз”) журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар одағы
басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерін атқарды.
1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған “Өмір не өлім” атты
тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын
белгілеген еңбек еді. Қаламгер алғашқы романынан-ақ қазақ топырағындағы
өндіріс тақырыбын қозғады. Шығармада бұрын жабылып қалған өндірістің
Кеңестік кезеңде қайта ашылуы суреттеледі. Автор осы жолдағы күресті
кейіпкерлер әрекеті арқылы біраз шиеленістіріп, жұмысшы табының бейнесін
жасады. Бірақ тартыстың жасандылығы роман кейіпкерлері бейнелерінің әлсіз
шығуына, композициясының босаңдығына әсер етпей қоймады. Кейін бұл
тақырыпқа қайта оралып, Мұстафин Ғабиден дәуір шындығы мен өндіріс
адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға жетті. Соғыс жылдарында “Құлаған
құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”,
“Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын туындылары өмірге келді (“Жиырма
бес”, 1953).
Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, тары дақылынан мол
өнім алуда дүниежүзіне танымал болған - Шығанақ Берсиев өмірінен “Шығанақ”
повесін жазды (1945). Соғыс жылдарында еңсесі түскен елге ерен еңбегі
арқылы көмек көрсетіп, демеу болған Ақтөбелік диқан-Шығанақтан да басқа
мұнда еңбек адамдарының кесек тұлғалары көрініс тапқан. Шығармада қажырлы
еңбектің нәтижелі жемісі сөз етіледі. Ауыр арпалыс нәтижесінде жеткен жаңа
өмірдің күрделі де қиын жолын үлкен суреткерлікпен жазады. Бұл өз кезеңінде
ұрпақты еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа жетелейтін, тәрбиелік
мәні жоғары шығарма болды. “Миллионер” повесі (1948) соғыстан кейінгі халық
өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған. Повесть бірнеше шет тілдерге
аударылған (ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр,
қытай, т.б.), шығарма желісі бойынша осы аттас пьеса да жазылған. Ол
“Қарағанды” (1952), “Дауылдан кейін” ('1960), “Көз көрген” (1963)
романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен
қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті
өкілдерінің қатарына көтерді.
Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан
өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20- ғасырдың басындағы
дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген
ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин өзі өмір сүрген
дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері
ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді.
Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған-
“Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол
өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман.
Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін
пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды
бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды
көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным
тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының тереңдігімен
ерекшеленетін-“Дауылдан кейін” романы 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ
ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы,
психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты
ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы
саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық
пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен
тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін
мемуарлық триология жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді”
дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс
өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы[3, 78 б.].
Қаламгер туындылары ерекше қуат-жігерге, қуанышқа толы. Ғабиден
қаһармандары – өз еңбектерімен тарихи табыстарға жеткен жандар. Олар аға
буынның қажырлы рухын, биік мақсаты мен арманын, мағыналы ғұмырын паш
етеді. Жомарт, Жанат, Алма секілді жастардың халық алдындағы перзенттік,
азаматтық парызды ақтау талабынан туған ізденісі мен махаббатты қастер
тұтатын қасиеті – қазіргі ұрпақтың рухани тәрбиесінде жәрдемі болары
сөзсіз. Мұстафин шығармаларының елеулі ерекшелігі оның өзіндік стилінде. Ол
сөйлемді қысқа құрып, аз сөзге көп мағына береді. Тілі қарапайым да жатық,
ұғымға жеңіл, оралымды, ұтымды. Халықтың қанатты, бейнелі сөздерін орынды
пайдаланумен қатар өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жиі
қолданады. Әдеби-сын мақалаларында елдің, ұлттың жайын қозғап, әдебиеттің
бүгіні мен ертеңі, дамуы турасындағы тың ой - тұжырымдарын жазды (“Ой
әуендері”, 1974).
Көркем сөз жайлы Абай айтқан талап, талғам - өлшеусіз өнеге. Қазақтың
жазба әдеби тілінің тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің басында тұру бақыты
Абайға біреудің ұсынысы бойынша берілген мәртебе емес, уақыт өлшемінен
сараланған даналық ойға, ақындық қуатқа, көркемдік даралыққа, әлемдік ой-
сана парасатымен бәйге алаңынан үн қатқан озат ойлы классикті мойындаудан
барып қалыптасқан шынайы пікір, корреспондент мүшесі болған.
Абайдың эстетикалық ойларының негізгі мәні, оның көркемдік туралы ұғым-
нанымы айқын белгі беретін Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы... деген
өлеңін еске түсірейік. Өзінің даналық болмысы, сөз өнеріндегі даралық
сипаты поэзия әлемінде ерекше биіктікке көтерілген Абайдың әдебиетке қояр
негізгі көркемдік талғам-талаптарын өлең сөзге байланысты білдіруі заңды
еді. Абай айтқан талап-тілектердің бастыларының бірі көркем шығарманың
мазмұнды, идеялы болып келуіне айырықша зер салса, екіншіден, мазмұн мен
түрдің үйлесімін қадағалауды, бірлігін сақтауды қатты көздеген.
Өнер әлеміндегі Абайдың осы өнегелік сипаты өзінен кейінгі қазақ
әдебиеті үшін тың идея, соны түр, жаңа көркемдік үлгілердің бастау көзі
ретінде күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, әрқашан бағдар бола беретін
құбылыс. Абайдың өнегелік қырларының бағдары сала-сала. Бүгінгі қазақ
жазушыларының ішінде одан үйренбеген, оның көркем өнерге қойған талап-
тілектерін басшылыққа алмаған ақын-жазушы жоқ десек артық емес. Алайда ол
талаптарды бойына сіңіре білу әр жазушының талант-дарынына, зерттей
ізденіп, кеңіліне зерделеп тоқи білуіне байланысты. Әдебиеттегі Абай
тұлғасының биіктігі, классик өнер туындысын жасай алуы, көркемдік үлгіні
ерекше меңгеруімен қатар өзі өмір сурген ортаның, қоғамдық қатынастардың
реалистік бейнесін жасай білуінде. Өз заманының мінез-құлқын зерделеп,
бүгінгі дәуірі мен кешегі күндерін саралап, болашақ өмірді пайымдап
алуында. Қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Мұстафин шығармаларында Абай
өнегесі, Абай дәстүрі берік орын тепкендігі, жазушының алдына жаңа идеялық
мақсаттар қойып, өз дәуірінің көркем бейнесін жасай білуде Абаймен үндестік
танытқаны айқын. Ондаған әңгімелері мен бірнеше шағын пьесаларын былай
қойғанда, Шығанақ, Миллионер, Қарағанды, Дауылдан кейін, Көзбен
көрген сияқты роман, повестері арқылы жазушы қазақ әдебиетінің дамуына,
көркемдік жетістіктерге жетуіне мол үлес қосты. Жазушының қатар түзген бұл
шығармалары бір-біріне жалғасып жатқан үлкен кезенді қамти отырып, 20-
ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының көркем шежіресін жасады деуге
болады.
Осы тұрғыдан келгенде Мұстафин Ұлы ақын дәстүрін, Абай өнегесін бірнеше
түрлі сипатта сабақтастыра алды. Бірінші, Ғ. Мұстафин де Абай сияқты
тақырыпты өз дәуірінен, бірге тыныстап, қатар тіршілік жасап жүрген
замандастарының іс-әрекетінен, көзімен керіп, бастан кешірген өмір
шындығынан іздеп тапты. Екінші сөз өнері жайлы Абай қойған талап деңгейіне
ден қойды. Әр сөздің, әр сөйлемнің көркем құрылуы мен ондағы ойдың терең де
мағыналы болып шығуына ерекше назар аударды. Жазушының жоғарыда айтылған
шығармаларыныңқай-қайсысында болсын, мақал-мәтелге айналып кеткен жолдар аз
көздеспейді. Аз сөзге көп мағына беріп, сөйлемді қысқа құруы, тілінің
қарапайымдылығы, ұғымға жеңіл, жатық өрі ұтымды, оралымды болып келуі
Мұстафинның өзіндік стилін танытады. Халықтың бейнелі, қанатты сөздерін
орынды пайдалана отырып, өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жасай
білген. Абай өлеңіндегі көптеген жолдардың мақал-мәтелге айналып кеткені
секілді
Мұстафин шығармаларында көздесетін: Біткен іске сыншы көп, піскен асты
жеуші көп, Сыншының бәрі бірдей мінші ме, жеушінің бәрі бірдей енші ме?,
Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны
білер ме едік?,Теңіздей терең халық ішінде алмастай асыл ойлар жатыр,
Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық.
Барды қанағат тұтып, жоқты іздемеу - мешеулік т. б. тәрізді бейнелі
тіркестер қанатты сөздерге айналуы соның айғағы. Кейіпкер образын сомдау
барысында портрет жасау шеберлігі де оның өзгеше өнерпаздық қырын айғақтап
тұрғандай. Осының бәрі де - Абай тағылымын өнеге тұтып, Абай дәстүрін
сабақтастыра білудің жемісі. Аз сөйлеп, көп толғану тағылымын әбден бойына
сіңірген жазушы әдебиет жайлы ойларын да айтуға міндетті тұста ғана сыншыл
зерде, биік талғам деңгейінен сүзгіден еткізіп, сығымдап беріп отырған.
Әдебиет - адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындардың бірі дей отырып,
сөз өнері жайлы былайша толғанады: Әдебиет-ойдың, тілдің жемісі. Алғыр тіл
күн шалмағанды шалады, қараңғы көңілге сәуле бере алады, суық көңілді
жылыта алады. Осылайша әдебиеттің маңызы, міндеті жайлы, әр көздегі қазақ
әдебиетінің белгілі өкілдері, олардың шығармалары туралы толғаныстарын
білдіріп отырған. Өзінің әдеттегі жинақы да қысқалықты бағдар тұтатын
қалпын сақтай отырып, Ұлы Абай мұрасы жайлы да ойын бір мақаланың аумағында
сабақтаған. Абайға арналған Жұлдызы өлең-жырдың сөнбейтұғын атты
мақаласын Ғ. Мұстафин 1971 ж. Ұлы ақынның жүз жиырма бес жылдық мерейтойына
арнап жазған. Жазушының 1978 жылы шыққан Ой әуендері кітабында басылып,
кейін бес томдық шығармалар жинағының бесінші томына енгізілген. Мақалада
Абайдың әдебиеттегі тарихи орны, ақындық тұлғасы жайлы сыр толғанады.
Әдебиет, шын мағынасындағы әдебиет жойылмайды. Өз тұсындағы қауым
тіршілігін, табиғат тіршілігін кейінгі ұрпақтарға, кейінгі қауымдарға
жеткізіп беріп отырады. Осының мысалдарын алыстан іздемей-ақ, өзіміздің
қазақтың фольклор, эпостарынан немесе Абай шығармаларынан көріп, біліп
келеміз дей келіп, ұлы ақынның шығармашылығындағы ерен үлгі мен жан-
жақтылығына, аудармашылық шеберлігіне тоқталады. Абай шыңы бәрімізден
жоғары тұр. Орыстың үлкен әдебиетшілері, айтқандай-ақ Пушкиннің, Толстойдың
орны бос тұр демекші, біздің Абайдың да орны бос тұр, - дейді жазушы. Абай
талантының қайнар көзі, даналық сипатының негізі жайлы ойын былайша
өрбітеді: Әрине, ешбір шың тек өзі ғана тіп-тік шығып көтерілмейді. Шың
неғұрлым биік болса, солғұрлым оны қоршаған төбе, шоқылар да көп болмақ.
Абайды Абай еткен - алдымен өзінің халқы. Тастақ жерге өсімдік өспейді.
Абайды өсіретін ортасы - әріден келе жатқан халықтың мұрасы, Шығыстан,
Европадан алған білім нәрлері. Аз сөзге көп мағына сыйдырып айтылған бұл
жолдарда тарихи баға, терең тұжырым жатыр. Біріншіден, Абайдың өз ортасына,
кейінгілерге еткен ықпал, әсері пайымдалса, екіншіден, Ұлы ақынды өсірген
құнарлы топырақ, қасиетті орта зерделенеді.
Ғабең жарықтықтың жөні бөлек жан еді ғой! Көзі тірісінде абыройына
әжім, азаматтығына көлеңке түсірмей өмірде де, өнерде де ар тазалығын асқақ
тұтады. Сондықтан да өзіндегі ізгі адамгершілік, биік парасатымен нұрланған
ұлы талантты келбеті үзеңгілестерінен әрдайым оқшау тұратын. Жалған
жайдарылық, жасанды кербездік, күмәнді кемеңгерлік, арзан абырой, татымсыз
тәкаппарлық, дәйексіз ділмәрлік, жайдақ жағымпаздық, жаяу жалтақтық, іші
есеп сұйық сыпайылықтан о бастан бойын аулақ ұстаған ұстаздық үлгісі мол әз
ағаның салқын сабыр, саналы баламдарына жүгінбей жүрген күніміз болмайтын.
Кейде қаңқу сөзден қиянат, қайырымнан қағажу көре бастағанымызда төрелікті
Ғабеңнен іздеп, пәтуәлі ақылды өз аузынан тыңдап сабамызға түсіп, сабырға
келіп қайтатынбыз[4, 61 б.].
Өнердегі ірі тұлғалардың еліктерлік ерекшелігімен қатар өзіне тән
осалдығы болатыны мәлім. Осалдығын өзгешелігім деп танығандардың таразысы
жеңілдей, табиғи талантының құнын кемітіп алатын науқасы және бар.
Төңірегімдегілерден айбыным асып, мысым басып тұрса, өзгеден гөрі өзімді
сыйласа, қоғадай жапырылып тұрса деген мәнсіз мансап құмарлық, көр кеуде,
миғұла менмендіктен туындайтын пендешілік пиғылдан атымен ада Ғабеңнің
қарапайымдылығы сорлатқанда бойымыздан табыла бермейтін қасиет еді. Көп
жылдан бері оқи, көре-біле жүре Ғабеңмен сапарлас болғанда өз бойымыздағы
мін-мінезді аңғарып қалу онша қиындыққа түспейтін. Озат өзгені де, өзіндегі
өнерді де пір тұтып, пәк ұстаған Ғабеңнің көзге ұрып тұрған кемшілігін
байқамаған біздердің көңілімдегі оның ағалық мейірімі мен әділ қазылығы,
ұзтаздық үлгісі мен асқақ азаматтығы ұялап қалыпты. Қысқасы, Ғабеңнің жүріс-
тұрысы, мінез-құлқы, есепсіз еңбекқорлығы мен өнердегі қатаң талапты
алдымен өзіне қоятындығы өнеге ғана емес, өлшем еді.
Ғабең туындыларының өмірлік өзегі – шынайы шындығында жатыр. Жалған
бояу, жасанды оқиғалар Ғабеңе жат. Кейіпкерлерінің тілі де қарапайым,
әшекей, әлем-жәлемнен аулақ – табиғи. Жағымды-жағымсыз дегендердің де ара-
салмағы дәуір, заман шындығынан алшақ кетпейді. Жазушы еш уақытта жек
көргенін жерлеп, жақсы көргенін жалаулатып жатпайды. Сөйте тұра оқушы
кімнің кім екенін анық таниды. Оның бәрі жазушының талқысынан тумайды,
кейіпкердің мінез-құлқынан, іс-әрекетінен өрбіп кетеді.
Ғабең көбіне оқиға қуаламайды, оқиғадан гөрі адам психологиясына ықылас
аударады. Кейде жайдары юмор, мәнді мысқыл, кексіз кекесін, зілсіз әжуаның
өзімен-ақ портрет бояуларын құлпыртып отырады.
Ғабеңдей сөз зергерінің шығармаларындағы таныс бейтаныстары замана
куәгерлеріндей талай буынның сырласына айналатынына күмән жоқ. Өйткені, ұлы
суреткердің мол мұрасында келер ұрпақтың ата-бабаларының қуаныш-қайғысы,
жеңісі-жемісі, зар-мұңы, арман-аңсауы, сыр-сипаты, тірлік-тынысы, ой-өресі,
қиял-қанаты жатыр. Демек адам баласының тарихи тәжірбиесінде ондайға
оралмайтын ұрпақ болмайды[5, 37 б.].
2 Ғабиден Мұстафиннің прозасындағы тарихи шындық

суреткерлік шеберлігі(Шығанақ, Қарағанды, Миллионер, Дауылдан кейін
романдары)
Ұлт прозасының майталман шебері-Ғабеңнің қаламынан туған жазбалардың
бірқатарын әдебиет мәселелеріне арналған еңбектері құрайды. Ой әуендері
(1978) – жазушының мәдениет пен әдебиет саласына байланысты әр уақытта, әр
кезеңде айтылған ой-пікірлері мен тұжырымдарының қорытындысы іспетті жинақ.
Кітапта көркем әдебиеттің өзге де жанрларымен қоса қазақ поэзиясының
белгілі, көрнекті өкілдерінің шығармашылығына қатысты автордың эстетикалық
ой-пайымдары топтастырылған. Айталық, Абай ақындығын, шығармашылық тұлғасын
баяндауға арналған Жұлдызы өлең-жырдың сөнбейтұғын (1971) мақаласында
ақынның ұлт әдебиетінде, оның поэзиясында алатын орнын анықтай келе: Біз
қазір қанша толдық десек те, бәріміз жабылып қазақ әдебиетіне бір Абай
енгізген жаңалықтарды енгізе алдық па екен? Ғалым жазушы Ғ.Мұстафиннің
қазақ әдебиеті сыншысы көзімен қараған сыни мақалаларында да поэзия туралы
ұғым-түсінігі, өлең өнері хақындағы ойлары кең қанат жая түседі. Поэзия
ұғымды болуымен қоса әсерлі болсын, – дейді автор, – өйткені, ұғымдының
бәрі әсерлі бола бермейді. Әсердің өзі әрқилы. Бір әсер – өмір бойы ойыңнан
етпейді, бір әсер – сол арада қалып қояды. Поэзиядан біз ұмытылмайтын күшті
әсер іздейміз,-дей келгенмен поэзия ұғымын халыққа танытуда өзіндік, мол
қырын танытқан классик жазушы Ғ.Мұстафиннің прозалық туындылары халықтық
сипатын алған көркем туындылар. Ғ.Мұстафиннің алғашқы әңгімелерінің
тақырыбы қазақ ауылындағы еңбек тақырыбы, кейіпкерлері төңкерістің
арқасында теңдікке қолы жетіп, өздерін бұрын шексіз қанап келген үстем тап
өкілдеріне қарсы күресіп, жаңа өмір құруға кірісе бастаған ауыл кедейлері.
Қазақ ауылының еңбекшілдер ортасында бақытқа жету мұраттары. Нағыз шын
мәніндегі еңбектің нәпақасын тауып, ерлік пен өрлікті қатар ұстаған халық
мұраттарын терең жазады. Кітапшаның мазмұнын, деп жазды жазушы Ер Шойын
жинағының алғы сөзінде, ауылдың жалшы кедейлері көрсетті Мен соларды
қорытып, көзге елестетуге тырыстым. Жинақ ішіндегі ең көлемді, әрі
тақырыбы жағынан елеулі әңгіме – Ер Шойын [6, 41 б.].
Бұл әңгімедегі бұрыңғы бай жылқышысы Шойынның таптық сезімінің оянуы,
оның Күржікке қарсы шығуы, Күржіктің кәмпескеленуі мен теңдік алған
кедейлердің ұйымдасып, еңбекке крісуі суреттеледі. Шойын әуелде өзін қанап
жүрген езушілерге іштей наразы ғана болса, кейін байға қарсы басқаларды
үндейді. Әңгімеде Шойынның сана сезімі тартыс, жауларға қарсы күрес үстінде
өсіп, жетіле түседі. Шойын тап күресі жолында көптеген қиыншылықтардың
бәрінде басынан кешіріп, бірақ ақырында жеңеді. Сол кездегі екі орта
арасындағы таптық күрес тек Ер Шойын әңгімесі ғана емес, бұл жинақтағы
басқа да көптеген әңгімелердің негізін құрайды. Екі орта арасындағы
әлеуметтік күресте үстемдіктен тайып бара жатқан тап та аянып қалмайды,
өздеріне қарсы шыққан кедейлерден кек аламын деп, мерт болған бай баласы
(Кек әңгімесі), қолына тиген теңдікті қара басының қамына пайдаланып,
байығысы келген Шағатай (Шағатайдың жатағы) әрекеттері ауылдағы
әлеуметтік өзгерістердің адамдар арасында әр түрлі психологиялық
цитуациялар туғызғанын көрсетеді. Жазушы өткен заманның озбыр моралі мен
үстем таптың зұлымдық әрекетін әшкерлей отырып, бай мен болыстың қаһарына
ұшыраған жадау тіршілік иелерін анық көрсетеді.
Ер Шойын жинағы жиырмасыншы жылдардағы шиеленіскен орта күресі
жағдайында жазушының позициясын айқын көрсеткен елеулі әдеби мұра. Алайда
көркемдік сапасы, тіл шеберлігі, образдарының жандылығы жағынан автордың
тәжірбиесіздігі мен қаламының балаңдығы көрініп тұрғанымен, кітап сол
кезеңнің күн тәртібін жырлауына елеулі үлес қосты. Осыдан кейін жазушы
ізденіп, соның арқасында Ғ.Мұстафин жазушылық тәжірбиесін жинақтады.
Болашақ эпикалық шығармаларына материал жинады. Соның нәтижесінде қырқыншы
жылдардың ішінде ақ ол өзінің Өмір не өлім, Шығанақ, Миллионер сияқты
көлемді туындыларын жариялап, романист есебінде танылады. Қырқыншы жылдар
кезінде Ғ.Мұстафинің соғыс, майдан жайы, жауынгерлердің батырлық
күрескерлігі, соғыс кезіндегі халықтық сипат жайынан хабар берер
суреткерлік тұрғысынан қаншама туындыларын жарыққа шығарды. Соғыс кезінде
жазылған кейбір шығармаларда тылдағы ауыр еңбекті, оның екпінді ерлерін
көрсетті. Сондай шығармалардың бірі – Шығанақ романы. Белгілі әдебиетші
ғалымдар М.Базарбаев, Ә.Нарымбетов Қаһарлы күндер әдебиеті атты
еңбектерінде: Шығанақ романы тылдағы совет шаруаларының Отан соғысы
кезіндегі майдан үшін қажырлы еңбегін терең көрсете алған тәрбиелік маңызы
көркем шығарма [7, 46 б.].
Шығарманың көркем образын жасауда Социалистік еңбек ері, соғыс
жылдарында тарыдан дүние жүзілік рекордты мол өнім алған Шығанақ Берсиевтің
шығармашылық ісін, еңбекқорлығын, ұйымшылдық бірлігін, еңбек қуанышқа толы
қызықты өмірін көрсетті. Шығанақ романында: Жанбота ауырып қалған
Шығанақтың учаскесінде жұмыс істеп, ерлермен бірдей еңбек етеді. Осының
нәтижесінде Шығанақтың ең соңғы рекорды гектарына 200 центнерден асады. Бұл
хабарды естіген агробиолог ғалым, академик Т.Д.Лысенко Бұрын-соңды дүние
көрмеген, орасан егіннің мастері болған сізге кішілікпен бас иемін.
Мәртебеңіз аса берсін. Денсаулығыңызды, ұзақ өмір сүруіңізді тілеймін деп
телеграмма береді.
Миллионер Шығанақтың заңды жалғасы тәрізді. Мұңда жазушы колхоздың,
ауыл адамдарының Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі жаңашыл дамуға бет
алған жолын, бақытты өмірін суреттейді. Бұл повестегі тартыс жазушының
бұрыңғы шығармаларындағыдай тап жауларымен күрес емес, ескі мен жаңаның
күресі. Ғ.Мұстафин миллионер колхоз жайын романтикаға беріле, қызыға
жазады. Повестегі колхоз жайы, еңбек көрінісі, адамдар, олардың ісі барығы
да зор әсер қалдырады. Повестің кейіпкерлері де, ісі, сөзі, мінезі, кескіні
келбеті ойына қарай ажыратылатын әр түрлі адамдар.
Қарағанды романын жазушының өмірлік тәжірбиесінің шырынындай десек,
артық бола қоймас. Бұл тақырыптың жазушы үшін етенелігі сонда оның балалық
жастық шағы сол ортада, Қарағанды жұмысшыларының ортасында өтті. Ескі
жұмысшылардың қайта тууы мен жаңа қосылған ұрпақтың жұмысшылыққа
тәжірбиеленуін өз көзімен көрді. Осы көзімен көргендерін көкейімен
түйіндеп, романға арқау етті. Қарағанды романының материалдары жазушының
өмір шыңдығы еді. Ғ.Мұстафин жаңа Қарағандының ашылу негізінде жаңа
өңдірісте адамдар арасындағы туған жаңаша қарым қатынасты қоғамдық ой
сананың жетілуін бір кездегі бейнет көрген қараңғы жұмысшылар ортасынан
білімді маман интеллегенцияның өсіп шығуын суреттейді. Қарағанды өңдірісін
игеру ісіне қатысқан орыс, украина жұмысшыларының достық саясатын жүзеге
асырып, республиканың жаңа бейнесін жасау романның басты тақырыбы болып
есептеледі.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы бір туар алыптары, ұлт сөз өнерінің
көрнекті зергерлері Ғ. Мүсірепов және Ғ. Мұстафин сынды көркемөнер
шеберлері тек қана әдебиетте ғана емес, сондай-ақ әдебиеттану ғылымында
айтуға лайық толымды еңбектер туғызғанын айту – парыз. Тек өз шығармасына
қатаң талап, үлкен жауапкершілікпен қарай алатын жазушы ғана күллі
әдебиеттің жағдайына жаны ашып, болашағына қамқорлық жасай алады. Сондай
тұлға, әдебиетіміздің тарихында өшпес ізін қалдырған Ғ.Мұстафин көркем
проза оқитын, кітап сүйер қауымның шебер жазушысы.
Миллионер (1947) романы – кезінде бүкілодақтық сын назарына ілініп,
жақсы бағаланған шығарманың бірі. Ол кезде қазақ әдебиетінде мұндай
ілтипатқа ілінген туынды бірен-саран ғана болатын. А.Фадеев 1948 жылы:
Қазақ әдебиеті профессионал үлкен әдебиет болып, бүкілодақтық әдебиеттің
дәрежесіне көтерілген және сол арқылы дүниежүзілік аренаға шыққан әдебиет,
- деп жетістіктер қатарында Миллионерді де атап өткен еді[8, 46 б.].
Бұл шығарманың сонылығын бірсыпыра өрнектері белгілеген болатын. Ең
алдымен, мұнда ауыл өмірін күрт көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, колхозды
электрлендіру секілді мезгілдің ділгір, жанды проблемалары көтерілген.
Колхозда, ауыл шаруашылығында сапалық өзгерістер басқарудың жаңаша
тәсілдері керектігі күн тәртібіне мықтап қойылған еді. Онан соң қызғылықты
адам типтерінің жасалуы, олардың өмірден алынған шыншылдығы батыл
суреткерлік ізденісті танытатын. Мәселен, Жақып сынды колхоздың байырғы,
тәжірибелі басшысының бейнесі, оның уақыт талабынан артта қала бастағандығы
романда сенімді көрсетілген. Ақырында, Миллионердің тартымды тілі
шығармаға өзгеше ажар беріп тұрғанын атап өтер едік. Міне, осы және басқа
сипаттары Миллионерді сол кездегі көптеген сүреңсіз шығармалар қатарынан
оқшау, озық көрсетті. Ауыл шаруашылығын өркендетудің көкейкесті мәселелерін
күн тәртібіне ерте қоя білгендігінің өзі шығарманың актуальділік мәнін
арттырған. Кейінірек, 50-жылдарда орыс совет жазушысы В.Овечкин колхоз
құрылысында орын тепкен кейбір олқылықтарды талдап, өте пайдалы ойлар
айтқанын білеміз.
Бұл шығармадан Ғ.Мұстафиннің суреткерлік даралығы, көркемдік тәсілі,
қаламгерлік мәнері айқын танылды. Әсіресе, ол өмірдің
романтикасын анық, айқын мінезді қаһармандарды, олардың іс-
әрекетінің дәйектілігін көрсетуді мақсат тұтады. Шығанақтар, Жақыптар,
Жомарттар алған бетінен қайтпайтын, тегеурінді, арман жолында барлық ақыл-
қайратын жұмсайтын жандар болып сипатталады. Бұл -қаһармандар бойына
тартымдылық, істеріне өршілдік нышан дарытады. Кейіпкерлер өмір
байланыстарының кең айдынында емес, белгілі түйінді, жолайрық тұстарында,
мінез ерекшелігі ашылмай қоймайтын ситуациялар үстінде әрекет етеді. Өмір
процесінің өзін емес, нәтижесін, сол процесс туралы бастауыш ойды көрсету
романтик жазушылардың Каламына хас әдіс болатын. Озық совет адамдарына тән
ұдайы ұмтылушылықты, қол жеткен табысты місе тұтпай, асаналық іздеушілікті
суреттеу жазушыны көркемдік тәсіл асағынан романтиктермен үндестірген.
Өзінің творчестволық лабораториясын сөз еткен мақалаларында Ғ.Мұстафин
асазушылық өнерде ұстаз тұтқан есімдерді, өмір фактілерін жинақтау
принциптерін аңғартқан. Сол пікірлер оның күллі сурегкерлік өзгешелігін
түсінуге кілт секілді. Ой әуендері (1978) деп аталған мақалалар жинағында
автор өте қызғылықты тұжырымдар жасаған. Қаламгердің бір ғана шығармасында
емес, барлық туындыларында да жетекшілікке алған принципі айтылғандықтан,
біз осы кітаптан ұзақ та болса үзінді келтіруді жөн көрдік:
...Түптеп келгенде, шығарманың тағдырын шешетін-ой. Ой деген қисапсыз
көп, шексіз үлкен. Сол көптің ішінен таңдай білші! Сол үлкеннің шетінен
бойына шақтап ала білсе, жазушы сәтті бір қадам алға басқаны. Ойларға мен
тек социализм тұрғысынан қарадым. Неғұрлым социализмді жақтаған, оны
жасаушыларға жәрдем еткен ой солғұрлым күшті, әрі әдемі көрінеді маған.
Сондықтан үлкенді-кішілі еңбектерімнің бәрі совет жерінде болып жатқан
ғажайып өзгерістерді, қазақ халқының арманын, әрекетін бейнелеуге арналды.
Бейнелеу тіпті қиынға соқты. Дүние - дүние, әдебиет - әдебиет болғалы
біздегі өмір, біздікіндей қауымды білмеген екен. Тарих үлгі түгіл нобай,
жол түгілі сүрлеу тауып бере алмады. Өмір не өлім романын жазғанда менің
аласұрған ойым совет қауымына теңеу таба алған жоқ, әйтеуір совет
адамдарынан барлық адамдардан жоғары қоюды көздеді... Табысым мейлі таудай,
мейлі теңгедей болсын, барын Гюго мен Горькийге бағыштадым. Ақылды,
сабырлы, ер, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz