Халықаралық сауда мәселелерін зерттеген ғалымдардың теориялары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау. Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда ... .5
1.1. Халықаралық сауда
тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Халықаралық сауда мәселелерін зерттеген ғалымдардың теориялары ... .6
ІІ-тарау. Осы заманғы халықарлық
сауда ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1. Халықаралық сауданың ерекшеліктері, серпіні және тауарлық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2.Осы заманғы халықаралық сауданың қайшылықтары. Дүниежүзілік сауда
ұйымының
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3.Қ.Р президенті Нұрсылтан Назарбаевтың халыққа жолдауы,
“Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан” ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 33
Қосымша материялдар
Кіріспе.
Аталмыш курстық жұмыс халықаралық сауданың экономикалық
қатынастардағы орны мен рөлін, оның ерекшеліктерін, артықшылықтарын және
халықаралық саудадағы протекционизмді талдап, зерттеп көрсетеді. Осы
курстық жұмыстың бірінші бөлімінде біз халықаралық сауданың
тұжырымдамаларымен және халықаралық сауда мәселелерін зерттеген ғалымдардың
теорияларымен таныс боламыз. Ал екінші бөлімінде осы заманғы халықаралық
сауданы қарастырамыз, яғни оның ерекшеліктерін, серпінін, тауарлық
құрылымын және бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін талдаймыз. Сонымен қатар,
халықаралық сауда қатынастардағы протекционизмді де атап өтеміз және
Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы жолдауын көрсете кетеміз.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең дамыған түрі
халықаралық сауда. Сауданың үлесіне халықаралық экономикалық қатынастар
көлемінен 80 пайызы тиеді.
Әрбір ел үшін сыртқы сауданың рөлі жоғары. Ол жөнінде Дж. Сакс
былай деген: әлемдегі әрбір елдің экономикалық табыстылығы сыртқы саудаға
байланысты. Қандай да болмасын бір ел әлемдік экономикалық жүйеден
бөлектеніп күшті экономика құра алмайды.
Сыртқы сауда деп төленетін әкелу (импорт) мен төленетін әкетуден
(экспорт) тұратын бір елдің екінші бір елмен саудасы түсініледі. Көп түрлі
сыртқы сауда қызметі тауарлық мамандану бойынша дайын өнімдер, машина және
құрал- жабдықтар, шикізат пен қызмет саудасынан тұрады.
Халықаралық сауда деп әлемнің барлық елдері арасындағы төленетін
жиынтық сауда айналымы аталады. Сонымен бірге халықаралық сауда түсінігі
өте тар шеңберде де қолданылады: мысалы, өндірісі дамыған елдердің жиынтық
тауар айналымы, қандай да болмасын құрлықтың, аймақтың жиынтық тауар
айналымы және т.б.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: Көптеген ірі рыноктар
арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика
мен еркін сауда құруды талап етеді. Тұйықтық пен өз нарығын оқшаулау
әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрлықтар арасын әлдеқайда жылдам
жағдайды,- деп атап көрсетті.
Барлық мемлекеттер де ұлттық сыртқы сауда саясатын таңдайды. Соңғы
екі жүз жыл ішінде бұл тақырыпқа қызу пікір таластар жүріп келеді. Өткен
жүз жылдықта фритредерлік (еркін сауда) және протекционистік (қолдампаздық)
саясаттар сыртқы саудаға өзінің ымырасыз түрінде тән болды. Қазіргі кезеңде
бұл екі бағыт бір-бірімен өзара байланысты және қабысып жатады. Бірақ бұл
қарама қайшылшықты бірлікте еркін сауда принципінің жетекші рөлі көрінеді.
Алғашқы рет еркін сауда саясатын А.Смит Халықтардың байлығының табиғаты
мен себептерін зерттеу (1776 ж.) деген еңбегінде, өзінің халықаралық сауда
теориясын негіздегенде анықтама берді. А. Смит: айырбас әрбір елге тиімді,
әрбір ел онан абсолютті артықшылыққа ие болады- деп дәлелдеді.
І-тарау. Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда.
1.1. Халықаралық сауда тұжырымдамалары.

бөлектеніп күшті экономика құра алмайды [7,б.61].
Халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болатын халықаралық сауда
әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасындағы байланыстарының түрі болып
табылады және олардың өзара экономикалық тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми - техникалық революция әсерімен болатын елдер
экономикасындағы құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіптік өндірістің мамандануы
мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың өзара әрекетін күшейтеді. Ол
халықаралық сауданың белсенділігінің артуына әсер етеді. Халықаралық сауда
өндіріске қарағанда жылдам өседі. Сыртқы сауда айналымының зерттеулеріне
қарағанда әлемдік өндірістің 10 % өсіміне 16% әлемдік сауданың артуы
сәйкес келеді. Сонымен өндірістің дамуына қолайлы жағдай туады. Саудада
кемшіліктер, кідірістер болса, онда өндірістің дамуында да төмендеу үдірісі
болады.

жағдайды,- деп атап көрсетті [82,б.15].

қарама қайшылықты бірлікте еркін сауда принципінің жетекші рөлі көрінеді.
1.2. Халықаралық сауда мәселеллерін зерттеген ғалымдардың теориялары.
Алғашқы рет еркін сауда саясатын А.Смит Халықтардың байлығының
табиғаты мен себептерін зерттеу (1776 ж.) деген еңбегінде, өзінің
халықаралық сауда теориясын негіздегенде анықтама берді. А. Смит: айырбас
әрбір елге тиімді, әрбір ел онан абсолютті артықшылыққа ие болады- деп
дәлелдеді [7,б.64].
А. Смиттің талдауы классикалық теорияның бастаушы нүктесі болып
табылады, және ол еркін сауданың барлық түрлері үшін негіз болып саналады.
А. Смиттің пікірі бойынша еркін сауда принципі әрбір елге өзінің күшін
басқаларға қарағанда арзан және жақсы жасай алатын өнімдерге жұмсауға
мүмкіндік береді. Ол еңбек бөлінісінің негізінде пайда бола отырып,
айырбастың, халықаралық сауданың артуына әсер етеді, және қатысушыларға
пайда алып келеді. Бұндай артықшылықтар әрбір елдегі өндірістегі абсолюттік
шығындардың айырмашылығын табу жолымен анықталады (тауар бірлігін шығаруға
жұмсалған адам күшінің саны).
Бірақ бұл пікірді әрі қарай дамытсақ мынадай қорытындыға келуге
болады, егер бір ел шетелден барлық затты арзан бағамен, шектеусіз сатып
алатын болса, онда ол барлық тауарды шетелден алуға мүдделі болуға тиісті.
Ал өзі сату үшін бір нәрсе өндіре ме? Оған ешқандай кепілдік жоқ. Бірақ бұл
жағдайда сатып алынатын заттарға қалай ақы төлейді? Ақырында абсолюттік
артықшылықтар теориясы тығырыққа алып келеді . Давид Рикардо өзінің Саяси
экономиканың басталуы және салық салу деген еңбегінде классикалық теорияны
тығырықтан шығарды. Ол халықаралық мамандану өлшемін таба отырып, екі ел
арасында қандай мөлшерде айырбас жасау тиімді және қажет екендігін
көрсетті. Әрбір ел өте көп артықшылығы немесе өте аз әлсіз және
салыстырмалы пайда өте жоғары болатын өндіріске мамандануға мүдделі, -
деді. Оның пікірлері салыстырмалы артықшылықтар теориясы деп аталды. Давид
Рикардо халықаралық айырбас барлық елдер мүддесі үшін мүмкін және қажет
екендігін көрсетті. Ол әр тарап үшін оның ішінде тиімді айырбас жасауға
барлық зонаны белгіледі. Мысалы, Франция мен Партугалияда Шотландияға
қарағанда вино өндіру арзан. Ал Шотландияда қолдан жүзім өсіретін бақ
өсіріп, вино өндіру ақылсыздық болар еді. Мысалы өндіру үшін қажетті еңбек
көлемі:
Мауыты ( 1 дана )
Шарап ( 1 бөшке)
Партугалияға 90
80
Англия 100
120
Бұл мысалдан екі түрлі тауар өндіруден де Партугалия абсолюттік
артықшылыққа ие екендігін көреміз. Бірақ Давид Рикардо айтарлықтай
Партугалия үшін шарап сатқан тиімді, оның артықшылығы мауытыға қарағанда
анағұрлым көп. Салыстырмалы артықшылықтардағы айырмашылық әр ұлтқа
айырбастан ұтуға мүмкіндік береді. 1 бөшке шарапты ( 80 бірлік ) 120
бірлікке Англияға сатып , одан Партугалия 1 , 2 дана мауыты ала алады. Егер
сондай еңбек ( 80 бірлік ) Партугалияда мауыты өндіруге жұмсалса , онда ол
89 бірлік мауыты алуға мүмкіндік берер еді. Басқаша айтқанда , шарап
өндіріп мауыты сатып алу жөніндегі Партугалияның ұтысы:
Джон Стюарт Милль Саяси экономия негіздері (1848ж.) деген
еңбегінде, қандай бағамен айырбас жасауға болатынын көрсетті. Милль бойынша
, айырбас бағасы сұраныс және ұсыныс заңына сәйкес , әрбір елдің
экспортының жиынтығы импортының жиынтығын төлейтіндей денгейде белгіленеді.
Бұл халықаралық құн заңы немесе халықаралық құн теориясы, - Милльдің
басты еңбегі. Халықаралық құн теориясы елдер арасындағы тауар айырбасын
оңтайландыратын бағаның болатынын көрсетті. Ол сұраныс пен ұсыныс тәуелді
нарық бағасы.
Халықаралық тауар ағындарының бағыттары құрылымы немен анықталғандығы
туралы , осы заманғы көзқарастар негізін, шведтік экономист ғалымдар Эли
Хекшер және Бертиль Олин қалады.
А. Смит пен Д. Рикардо тауар өндіруге әсер ететін басты фактор еңбек,
баға еңбек шығындарына байланысты қалыптасады деп санады, яғни олар
еңбектің құн теориясын жақтады.
Кейінгі зерттеулер өндірістің жер және капитал сияқты басты
факторларын қолдануға мүмкіндік берді. Егер еңбектің нарықтық бағасы
жұмысшылар алатын еңбекақы болса, капитал бағасы пайыздық мөлшерлемемен ,
жер құны – жер рентасы мөлшерімен анықталады. Осы ғасырдың 30- жылдары швед
ғалымдары Э.Хекшер мен Б:Олин, Д. Рикардо доктринасын дамытты.
Олардың теориясының негізгі бағыттары мыналар:
1. елдерде өндіру үшін артық өндірістік факторлары бар тауарларды
экспортқа шығару және керісінше , өндіру үшін аз, жетімсіз
факторлары бар тауарларды импорттау үрдісі байқалады;
2. халықаралық саудада , белгілі бір жағдайда факторлық бағалардың
теңесуі үрдісі көрінеді;
3. тауар экспорт өндіріс факторларының орын ауыстырылуымен алмасуы
мүмкін;
Э.Хишер және Б.Олин , Д.Рикардоның ізбасарлары бола тұрып, еларалық
тауар және капиталдың орын ауыстыруына қиындық келтіретін әр түрлі
шектеулерге қарсы болды.
1948 жылы американ экономисі П.Самуельсон және В.Столпер Хекшер-Олин
теоремасының дәлелдемелерін жақсартты. Олар өз теоремаларын ұсынды: өндіріс
факторлары бірыңғай, техника біркелкі, жетілген бәсекелестік және тауарлар
сатуға қолайлы болғанда , халықаралық айырбас елдер арасындағы өндіріс
факторларының бағасын теңгереді.
Д.Рикардоның үлгісіне негізделіп , Э. Хекшер , Б. Олин және
П.Самуельсон толықтырған сауда тұжырымдамасында сауда өзара жай айырбас
түрінде ғана емес, сонымен қатар елдердің даму денгейі арасындағы
айырмашылықты азайтатын құрал есебінде қарастырылады.
Сыртқы сауда теориясы американ экономисі В.Леонтьев тарапынан
Леонтьев парадоксы деген атпен әрі қарай дамытылды. Парадокстың мәні
мынада , В.Леонтьев Хекшер-Олин теоремасын қолдана отырып, американың
экономикасы соғыстан кейінгі кезеңде капиталға қарағанда еңбекті қажет
сінетін салаларға маманданғандығын көрсетті. Басқаша айтқанда американың
экспорты импортқа қарағанда еңбекті көп, ал капиталды аз қажет етеді. Бұл
қорытынды оған дейінгі АҚШ өте жоғары капитал қажет сінетін тауарларды
импорт жасамай экспортқа шығаруы тиіс болатын.
Онан кейінгі жылдары В. Леонтьевтің жаңалығы өте кең тарады. Әр елден
көптеген экономистер Леонтьев парадоксын түсіндіру мақсатында пікір
таластырды. Нәтижесінде салыстырмалы артықшылықтар теориясы әрі қарай
дамыды. Ол өзіне техникалық прогресс және оның таралуының тең еместігі ,
қаржылардың фирма сыртындағы экономикасы , елдер арасындағы еңбек ақы
айырмашылығы және т.б. түсініктерді кіргізе бастады.
Халықаралық сауда мәселелерін зерттеген батыс елдері ғалымдарының
еңбектерінде сыртқы сауда мультипликаторы теориясы кең тарай бастады. Бұл
теорияға сәйкес, сыртқы сауданың (оның ішінде экспорттың) ұлттық табыстың
өсу қарқынына , еңбекпен қамтылу деңгейіне , тұтыну мен инвестициялық
белсенділікке тигізетін әсері, әрбір ел үшін белгілі бір өзара
байланыстармен сипатталады және ол есептеліп белгілі бір коэффицент –
мультипликатор түрінде көрсетіледі.
Экспорттық тапсырыстар алғашқы кезде өнім өндіру көлемін ұлғайтады, өз
кезегінде ол сол салаларда еңбек ақының өсуіне әсер етеді. Онан кейін
екінші кезекте тұтыну шығындары қозғалысқа келеді. Бұдан шығатын қорытынды
, Қазақстан үшін экспортқа өнім шығаруды арттыру өте тиімді.
ІІ-тарау. Осы заманғы халықарлық сауда.
2.1. Халықаралық сауданың ерекшеліктері, серпіні және тауарлық құрылымы.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары
қарқынымен дами бастады. 1950-1994 жылдар арасында әлемдік сауда айналымы
14 есе өсті. Батыс мамандарының баға беруі бойынша , 1950-1970 жылдар
арасындағы кезеңді халықаралық сауданың дамуындағы алтын ғасыр деп
сипаттауға болады. Атап айтқанда осы кезеңде әлемдік экспорт жыл сайынғы 7
пайыздық өсімге жетті. 70 жылдары ол біршама төмендеді. (5%). 80- жылдардың
соңында әлемдік экспорт біраз жанданды (1998 жылы 8,5 пайызға жетті). 90
жылдардың басында уақытша аздап төмендеп , 90 жылдардың екінші жартысынан
бастап халықаралық сауда қайтадан тұрақты жоғары өсім көрсетті.(7-9 пайыз)
Халықаралық сауданың айтарлықтай тұрақты орнықты өсуіне келесі
факторлар әсер етеді:
• Бейбітшілік жағдайында мемлекетаралық қатынастарды тұрақтандыру;
• Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, өндірістің және капиталдың
инвестициялануы;
• Негізгі капиталдың жаңартылуына, экономиканың жаңа салаларын
құруға , ескі салаларын қайта жаңғыртуға әсер ететін ғылыми-
техникалық ревалюция; Әлемдік нарықта халықаралық
корпарациялардың белсенді қызметі;
• Жаңа коммерциялық ақиқаттың , стандартталған тауар үшін жалпы
әлемдік нарықтың пайда болуы;
• Халықаралық сауда ұйымының іс шаралары арқылы халықаралық
сауданы реттеу (ырықтандыру);
• Көптеген елдердің негізгі әлемдік валютаның сауда және төлем
балансының салыстырмалы тұрақтылығын қолдайтын халықаралық қаржы
– экономикалық ұйымдардың , мысалы халықаралық валюта қорының
қызметі;
• Әлемдік банктің әлемдік экономиканы тұрақтандыруға бағытталған
қызметі келесі сыртқы сауданы ырықтандыру, көптеген елдердің
импортқа шек қойылуын жоюы және кедендік баждың әжептәуір
төмендетуі, еркін экономикалық аймақ құруы;
• Сауда экономикалық интеграция үдерісін дамыту: аймақтық
кедергілерді жою, ортақ нарық, еркін сауда аймағын қалыптастыру;
• Бұрынғы колониялды елдердің саяси бостандық алуы. Олардың ішінен
экономикасының үлгісі сыртқы нарыққа бейімделген елдердің
бөлініп шығуы.
Әлемдік сауданың 90 жылдардың ортасында жылдам өсуі негізінен
АҚШ, Италия, Канада, Испанияда импорттың шұғыл артуы экономикалық
ынтымақтастық және даму елдері тобының ішіндегі сауданың кеңеюі,
сонымен бірге Қыйыр Шығыстағы (Жапониядан басқа) және Латын
Америкасындағы дамыған елдердегі шаруашылықтың конюктураның
жақсаруымен байланысты.
Егер сауда кедергілерін жою табысты жалғасын тапса, онда жақын
арадағы 10 жыл бойы (2000 жылдан бастап) тауарлар нарығының
сыйымдылығы жыл сайын орташа 6 пайызға өседі. Бұл 60 жылдардан бері
өте жоғары көрсеткіш болады. Қызмет саласындағы сауда бұдан да жоғарғы
қарқынмен артады, оған ақпарат пен байланыс саласындағы табыстар біраз
әсер етеді.
Соңғы 15 жыл ішіндегі әлемдегі тауар айналымының тұрақты өсуі,
оның жалпы ішкі өнімінің өсу қарқынынан жоғарлығы , барлық елдердің
халықаралық еңбек бөлінісіне күштірек тартылып жатқанын куәландырады.
Әлемдік экспорт 2 еседен артық өсті, яғни 1980 жылдан 1997 жылға дейін
2 триллион доллардан 5,5 триллион долларға жетті. Бұл 80 жылдары
экспорт көлемінің 70 пайыздан және 90 жылдардың бірінші жартысында 30
пайыздан артық өскенін көрсетеді. Импорт көрсеткіштері де бұл сандарға
жақын.
Жобалы бағалау бойынша 2002 жылы әлемдік сауда айналымы 11,9
триллион долларға жетті.
Көрсеткіштер 2002 2003 2004 2005 2006
Тауар айналымы 7656 10116 10359 11309 11812
Экспорт
(млрд.долл) 3809 5033 5100 5574 5824
Импорт
(млрд.долл) 3847 5083 5259 5735 6018
Халықаралық сауданың өзгерістерін талдау, оны екі аспектіде
қарастыруды қажет етеді: Біріншіден, оның толық өсу қарқыны
(экспорттық, импорттық) және өндірістің өсуімен салыстырғанда;
Екіншіден құрылымдағы өзгерістер: тауарлық (негізгі тауарлар мен
қызмет топтарының қарым-қатынасы) және географиялық ( аймақтар ,
елдер топтпры және жеке елдердің үлесі).
Біріншісіне байланысты мыналарды айтуға болады: әлемдік сауда
айналымының әлемдік нарықтың сыйымдылығының артуымен байланысты
тұрақты басым қарқынымен өсуі, халықаралық сауданың жаңа сапалық
көрсеткіштерінің сипаты болып саналады.
Әлемдік сауданың қарқынды дамушы секторы қайта өңдеу өндірісі
өнімдерін , ерекше ғылымды қажет сінетін тауарларды сату болып отыр.
Мысалы ғылымды қажет сінетін өнімдер экспортты көлемі бір жылда 500
миллиард доллар, өндірісі дамыған елдердің жоғарғы техналогиялық
өнімінің үлесі 40 пайызға жақындайды.
Машина және құрал жабдықтармен сауданың маңызы да әжептеуір
артты. Бұнда басты үрдіс дамыған елдер арасындағы осы тауар тобымен
сауда болып табылады. Осындай сауданың өсуі қызмет айырбасы көлемінің
артуына әсер етеді. Ол ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық ,
қаржылық-несиелік сипаттағы қызметтер.
Машина мен құрал жабдықтармен белсенді сауда қызметтің жаңа
түрлерінің пайда болуына алып келді: инженеринг, лизинг, консалтинг,
ақпараттық есептеу қызметтері. 1980 – 1992 жылдар арасында өндірісі
дамыған елдерден машина және құрал - жабдықтардың экспорты үш есе
артты. Өте жылдам қарқында электротехникалық және электрондық құрал –
жабдықтардың экспорты артып келеді, машина техникалық өнімдер
экспортындағы олардың үлесі 25 пайыздан асады.
Халықаралық сауданың жылдам дамып келе жатқан саласының
бірі химия өнімдері мен сауда. Шикізат пен энергия ресурстардың
пайдаланудың өсу үрдісін атап айтуға болады. Бірақ шикізат пен
сауданың өсу қарқыны әлемдік сауданың артуының жалпы қарқынынан төмен.
Ол шикізатты айырбастайтын өнімдердің шығарылуына, олардың үнемді
пайдаланылуына, қайта өнделіуінің жақсаруына байланысты болды.
Азық түлікпен әлемдік саудада оларға сұраныстың азайғандығы
байқалады. Оның себебі азық түлік өнімдері өндірісінің өнеркәсібі
дамыған елдерде кеңейуі болып табылады.
Бұның бәрі әлемдік сыртқы сауда айналымының тауарлық және
геогрфиялық құрылымының түбегейлі өзгеруіне әсер етеді. Соңғы 15 -20
жыл ішінде негізгі дамыған, дамушы және бұрынғы социалистік елдер
тобының үлесі өзгеріссіз сақталып келеді. Бірінші ел тобының үлесі 70
– 76 процент, екіншілерінікі 20-24 процент , ал сонғы елдер тобының
үлесі 6-8 пайыздан аспайды.
Әлемдік сауданың ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы (екінші
дүниежүзілік соғысқа дейінгі) және онан кейінгі жылдардағы құрылымын
қарасақ өте үлкен өзгерістерді байқаймыз. Егер осы ғасырдың бірінші
жартысында әлемдік сауданың 23-сі азық түлік және шикізаттар үлесіне
тисе, қазіргі кезде олар тауар айналымының ¼-ін құрайды. Қайта өңдеу
өнеркәсібі өнімдерінің саудасының үлесі 13-тен ¾-ке дейін өсті.
Әлемдік сауданың 13 – і машина және құрал жабдықтардың үлесіне тиеді.
Қызметтер қазіргі кезеңде әлемдік тауар айналымының ширегін
құрайды .
2.2. Осы заманғы халықаралық сауданың қайшылықтары.
Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлі.
Әлемдік саудадағы болып жатқан үрдістерді талдай келе оның басты
үрдісі ырықтандыру екендігін көреміз. Кедендік баж денгейі әжептәуір
төмендеді, көптеген шектеулер , квоталар жойылды және тағы басқа.
Бірақ, әлі де біраз шешімін күткен мәселелер бар. Оның біріншісі, бір
біріне қарсы тұрған елдердің экономикалық топтары, сауда экономикалық
блоктары денгейіндегі қолдампаздық үрдістердің өсуі.
Сауда экономикалық блоктардың қалыптасуының алғашқы ауқымы болып
еркін сауда аймағының құрылуы саналады. Әлемдік банктің бағалауына
қарағанда осындай аймақтар шеңберінде әлемдік сауданың 60 пайызға
жуығы іске асырылады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары – европаның
еркін сауда қауымдастығы, европалық одақ, Солтүстік Америкалық еркін
сауда аймағы (НАФТА) , Азиялық Тынық Мұхиттық Экономикалық
ынтымақтастық ұйымы (АТЭС) және тағы басқа.
Өте ірі бірнеше аймақтық блоктарының құрамы төменде келтірілген:
1. Европалық Одақ (ЕО) – Австрия, Германия, Ұлыбритания,
Италия, Ирландия, Франция, Испания, Партугалия, Финляндия,
Швеция, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
2. Солдтүстік Америкалық Еркін Сауда келісімі (НАФТА) – АҚШ,
Канада, Мексика.
3. Европалық еркін сауда қоғамдастығы (ЕАСТ) – Исландия,
Норвегия, Швецария, Лихтенштейн;
4. Азиялық – Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС)
– Австралия, Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жаңа
Зеландия , Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия, Филиппины,
Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Жапония, Қытай, Канада,
АҚШ, Мексика, Чили,
5. Меркосур – Бразилия , Аргентина, Парагвай, Уругвай.
6. Оңтүстік Африкалық даму континенті (САДК) – Ангола,
Боствана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврики, Намибия,
Оңтүстік Африка Республикасы (ЮАР), Свазиленд, Танзания,
Зимбабве.
7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одақ (ЮЭМОА) –
Код-д Ивуар, Буркина-фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин,
Мали.
8. Оңтүстік – Азиялық аймақтық ынтымақтастық қауымдастығы
(СААРК) – Индия, Пакистан, Шри-Ланка, Бангладеш, Мальдивы,
Бутан, Непал.
9. Анд пакті – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.
Осындай блоктардың құрылуына саяси , экономикалық, тарихи
сипаттағы объективті үдерістер алып келді. Бұндай үдерістердің
белсенділігінің артуы , бір жағынан , блоктар, аймақтар шеңберіндегі
халықаралық сауданың дамуына жағдай жасайды, екіншіден – ол үшін әр
бір жабық құрылымға тән кедергілер туғызады. Ортақ, ғылыми әлемдік
нарық жүйесін құру жолында көптеген кедергілер және қарама қайшылықтар
бар. Олар сауда – экономикалық топтардың бір-бірімен өзара әрекет ету
кезінде туындайды.
Еркін сауда аймақтарын құру әлемдік шаруашылыққа түбегейлі
өзгерістер енгізбейді. Елдердің экономикалық блоктарға топталуы, еркін
сауда пікірін іске асыру сөзсіз ілгерішілдікті, немесе қолдампаздық
принциптерінің алдындағы бас июді көрсетпейді. Еркін сауда немесе
Қолданпаздық диллемасы өзінің маңызын жоймайды. Ол сыртқы сауда
қатынастарының басқа денгейіне көшеді. Онда мемлекеттер топтарының
экономикалық саясатты таңдаудағы үшінші елдерге қатысты шешімдері
анықталады. Тіпті жеке сауда – экономикалық топтар шеңберіндегі елдер
арасында да Саудалық соғыстар (ЕО елдері арасындағы тірескілік,
жүзімдік, майлық соғыстар), қарама қайшылықтар туындайды. Сауда
экономикалық блоктарға қатысушы елдер , әлемдік нарықтағы жағдайдың
күрделілігін және қарама қайшылығын түсіне отырып, ол мәселелерді
дұрыс шешуге тырысады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Р.Руджеро , ДСҰ
– на қатысушы елдер үкіметтерін, көптарапты сауда жүйесін дамытуға
жағдай жасауға шақырды. Оның пікірі бойынша бұл мәселе аймақтық жүйені
тәртіпке келтіруден де маңызды. Ғаламдық еркін сауда аймағының
қалыптасуына 2020 жылы қол жетеді деп күтіледі.
Халықаралық сауданы реттеуде, оның дамуы жолындағы кедергілерді
жоюда және ырықтандыруда халықаралық экономикалық ұйымдар маңызды рөл
атқарады. Сондай ұйымдардың ең негізгісі – Тарифтер және сауда
жөніндегі бас келісім (ТСБК) болып саналады. Бұл ұйымды құру туралы
келісім шартқа 1947 жылы 23 ел қойды және 1948 жылы күшіне енді. 1995
жылдың 31 желтоқсанында ТСБК өзінің әрекетін тоқтатты, оның орнына
Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды.
ТСБК – қатысушы елдердің өзара саудасын жүргізу тәртібі және
мемлекеттік реттеу жөнініде принциптер, құқықтық нормалар келтірілген
көптарапты халықаралық келісім. ТСБК өте үлкен халықаралық экономикалық
ұйымдардың бірі болды, оның қызмет ету аясы әлемдік сауда көлемінің 94
пайызын қамтиды. ТСБК – құқықтық тетігі бірнеше принциптер мен нормаларға
негізделеді:
• саудада дискриминация жасамау, ол бір жағынан, экспорт, импорт
және көліктік операциялар, және олармен байланысты кедендік баж
және алымдар туралы өте жоғары қолайлылықтар режимінің, басқа
жағынан, импорттық және отандық өндіріс тауарларын ішкі салықтар
мен алымдар және ішкі сауданы реттейтін тәртіптерге құқықтарын
теңгеретін, ұлттық режимнің өзара берілуімен іске асырылады;
• өте жоғары қолайлылықтар режимі, ол келісуші тараптардың олардың
бір – біріне үшінші тараптың пайдаланатын барлық құқықтарын,
артықшылықтары мен жеңілдіктерін беруімен білінеді. Бұл принцип
тауарды әкелу мен әкетуге, кедендік бажға, өндіріске, теңізде
жүзуге, заңды және жеке тұлғалардың құқықтық жағдайларына
таралады;
• ұлттық нарықты қорғаудың тарифтік құралдарын басым түрде
қолдану, импортық квоталар мен басқа да тарифтік емес
шектеулерді жою;
• көп тарапты келіссөздер жүргізу арқылы кедендік тарифтерді
прогрессивті төмендету;
• дамушы елдермен саудаға жеңілдік режимін беру;
• туындайтын саудалық дауды келіссөз жүргізу жолымен шешу;
• өзара саудалық – саяси келісім беру.
ТСБК қызметі бірнеше раундқа біріккен көп тарапты келісімдермен іске
асырылды. ТСБК жұмыс істеген уақытынан бері 8 раунд өткізілді. Соның
нәтижесінде орташа кедендік баж 10 есе төмендеді. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін ол 40 % болатын, ал 90 – жылдары 4 пайызға дейін түсті. 1996
жылдың басында ТСБК құрамында 130 ел болды. 1996 жылдың қаңтарынан бастап
ТСБК-ді Дүниежүзілік сауда ұйымы алмастырды. Оның негіздеуші – мүшесі 82 ел
болды. 1998 жылы ДСҰ-ның мүшелерінің саны 132 елге жетті. ДСҰ-на ТСБК
принциптерімен қатар Қызмет саудасы туралы келісім және Интеллектуалдық
меншіктің саудалық аспектілері туралы келісім кірді. Жаңа ұйым халықаралық
қызмет және интеллектуалдық меншік айырбасын да реттейді және инвестицияны
қорғауды бақылайды. Оның құзыры 5 трлн.долл. сауда айналымына тарайды. ДСҰ-
ның қызметі дүниежүзілік экономикаға жыл сайын 250 млрд.долл. қосымша табыс
әкеледі. 90 жылдардың соңында кедендік тарифтер мөлшерлемесі дамыған
елдерде 3 пайызға дейін төмендеуі тиіс.
ТСБК кезеңінде мемлекеттер кедендік баждың төмендеуін тарифтік емес
кедергілермен жапты. Оған ұлттық өндіріске дотациялар беру, әр түрлі
стандарттар мен нормалар енгізу, тауарлар сертификациясы жатады.
Қазақстан Республикасы болашақта Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу
міндетін алға қойып отыр.
2.3. Қазақстан республикасынын президентi
Нұрсұлтан Назарбаевтын 2007 жылғы жолдауы.
“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”
I бөлім
"Қазақстан-2030"
Стратегиясының 10 жылдығы - Қазақстан экономика мен өз
мемлекеттілігінің берік іргетасын қура отырып, дамудың жаңа
кезеңіне сенімді қадам басуда
Қымбатты қазақстандықгар!
Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!
Ханымдар мен мырзалар!
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге
дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын тандап,
жылдан жылға алемдік қоғамдастықта барған сайын зор кұрмет пен беделге қол
жеткізе отырып, алға қарай нақ сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын
қамтамасыз етіп, біз кағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның
өзі Қазақстанның одан өрі дамуын түрлаулы, осы заманғы және болашағы зор
экономикалық, әлеуметтік, саяси жөне әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік
береді.
Бүгін мен сіздерге еліміз бен қоғамымыздың одан өрі дамуы жайындағы өз
пайымымды баявдамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде
тарихи ауідымдағы аршыңды самғау жасауына мүмкіндік туғызады.
Әңгіме еліміздің елемдегі бәсекеге кабілеггі елу елдің клубына карай
ілгерілеуі жөніндегі нақты кадамдары туралы болмақ, бұл жайында аддыңғы
жолдауда да айтылған еді.
1997 жылы сіздер мен ұ сынған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму
Стратегиясын қолдадыңыздар, онда біздің қоғамның келешек мүмкіндіктері мен
біздің мем-лекеттің ұлық мүратына деген көзқарас таныстырьшған болатын.
Бұл әлі қанаты қатая қоймаған жас тәуелсіз мем-лекеттің ұлы таңдауы
еді. Сол кезде осы Стратегия турасында күмән аз бола қоймағанын білемін.
Сол уақытта, естеріңізде болар, біздің жинақгаған қорымыз негізінен
зілбатпан өлеуметтік-экономикалық проблемалардан жөне егеменді даму мен
либералдық реформалардың азын-аулақ алғашқы төжірибелерінен ғана тұратын.
Сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz