Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары


- Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары . . .
- Экономикалық және экологиялық дамудың қайшылықтары . . .
- Тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі қағидалары . . .
- Экономиканы экологияландыру . . .
- Табиғат ресурстарын рационалды қолдану
Қорытынды .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе.
Кез-келген мемлекет алдында көптеген проблемалар болады. Мәселен: кедейшілік, коррупция, лаңкестік әрекеттер, көші-қон проблемалары т. с. с. Солардың ішіндегі ең бастыларының бірі - қоршаған ортаны таза ұстау арқылы халықтың денсаулығын сақтау, ертеңгі ұрпаққа табиғатты таза күйінде жеткізу, жер асты байлығы мен мөлдір су молшылығы.
Қазіргі кездегі адамдар мен табиғат, глобальды масштабта экономика мен экология арасындағы арақатынас жылдан-жылға шиеленісіп барады. Осылайша ХХІ ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық проблемалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әр-түрлі деңгейдегі мінбелерден жиі моындала бастады. Адамзат өзі мекен етіп отырған ортаны бүлдіруге немесе оны өмір сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.
Экология мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе Қазақстан үшін бұл өте маңызды проблема. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі үйлесімсіздікке әкеліп соққанының экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының әсерінен мұндай жағдайдағы шаруашылық мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келеді.
Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу әлсіреп кетті. Соның салдарынан әр түрлі пайдакүнемдік ниетпен қасақана өртеу арқылы, не зиянды заттармен, қалдықтармен ластау арқылы мыңдаған ормандар жойылды және көлікті, жарылғыш және химиялық уларды, электр тоғын қолдану арқылы жануарлар дүниесі аяусыз қырылды. Осылайша экологиялық дағдарысты қоректендіргіш негіз - табиғатты бағындыру идеологиясы, ал жүзеге асыру негізі - мекемелердің, ұжымдардың және жеке адамдардың пайдақорлығы болып табылады. Осыған байланысты ақырғы уақыттарда экология саласына қатысты көтерілген мәселелердің актуалдығы күннен күнге артып келеді.
Жоғарыда көрсетілген дипломдық жұмыстың тақырып өзектілігін ескере отырып, қазіргі кезде Қазақстан республикасы бойынша экологиялық қауіп деңгейі мен бұл мәселелерді шешу барысында экономиканың рөлін анықтау мақсат етілді.
Экологияға, табиғатты қорғау мен пайдалануға қатысты көптеген ғалымдар өз еңбектерін, зерттеулерін жазған. Антикалық философтар Сократ, Платон, ХІХ ғасырда Ж. Б. Ламарк және Э. Реклю, орыс философы С. Соловьев, физик Н. А. Умов экономикалық қатынастардың экологияға әсерін көрсеткен, ХХ ғасырда ноосфера туралы В. И. Вернадский ілімі белгілі болды. 1 Қазақстан бойынша да бірқатар ғалымдар экология мәселесін көтеріп, мақалалар, жұмыстар, еңбектер жазған. Олардың қатарына: Ғ. Сағымбаевтың «Экология және экономика» 2 , С. Мұқаұлының «Наука об окружающей среде» 3 , Қ. Ә. Әлімбетов, А. Райымбековтың «Экономические проблемы охраны окружающей среды» 4 , Сүлейменовтың «Қалдықсыз технология экология қызметіне» 5 , А. Самақованың, «Экология және ана мен бала денсаулығы» 6 және т. б жатқызуға болады. Сонымен қатар Арал мәселесіне байланысты көптеген еңбектер арнаған К. Суханбердин мен В. И. Зуевті, сондай-ақ Қазақстандағы басқа да өзекті экологиялық мәселелерге арнап жазған Б. Нуралиннің, Қ. Жүсіптің, К. Қасымбековтың, А. Әбілдің, А. Бүркітбайұлының басылымдарға шыққан мақалаларын айтпай кетпеуге болмайды. 7 Берілген дипломдық жұмыс осы адамдардың еңбектері, мақалалары, экологияға байланысты қабылданған заңдар, тұжырымдамалар, қаулылар негізінде жазылған.
Экология үшін экономика не істей алады және оған қалай қол жеткізуге болады? - бұл берілген жұмыстың негізгі проблематикасы болып табылады.
І тарау. Экономикалық даму және оның экологияға әсері.
1. 1. Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары.
ХХІ ғасырда бүкіл адамзат өмірінде әлемдік мәселелердің маңызы ерекше өсіп отыр. Әлемнің едәуір бөлігінің жанталаса қарулануы мен даму деңгейінің төмендеуі жағдайына азық-түліктің, шикізаттың тапшылығы, энергетикалық, демографиялық дағдарыстар қосылды. Әлемдік мәселелер бүкіләлемдік және ұлттық ұдайы өндіріске, экономикалық процестердің динамикасына, қоғамдық өндірістің өнімділігін, қоғамдық құрылыстың тиімділігі мен сапалық сипаттарына елеулі әсер етуде.
Әлемдік проблемалар адамның, жалпы адамзаттың сан қырлы мәселелерін қамтиды, атап айтқанда, әлемдік саясат пен экономика, мемлекетаралық және ұлтаралық қатынастар, адамдардың тыныс-тіршілігінің шарттары т. б. 8
Адамзат алдында тұрған әлемдік проблемаларды мынадай үш топқа бөлуге болар еді.
Бірінші топқа интерәлеуметтік проблемалар жатады. Өйткені адамзат әлеуметтік тұрғыдан бірыңғай емес, дүние жүзі халықтары өз мүдделерін қауіп-қатерге тікпей-ақ қарама-қарсы қайшылықтарды шешудің жаңа жолдарын таңдап отыр. Бұл топтағы өз шешуін күтіп отырған мәселелер: соғыс және бейбітшілік мәселелері, қарулануды біртіндеп шектеу, экономикалық және ғылыми-техникалық артта қалушылықты жою. Шын мәнінде жасампаздық бағыттағы игі шаралар әлемдік шиеліністі бәсеңдетіп, халықаралық экономикалық байланыстарды өзара сенімділік, сыйластық принциптері негізінде ғана шешуді қолдайды. Сенімділікті нығайту, екі жақты және көп жақты қатынсатарды дамыту - әлемдік шеңбердегі интрәлеуметтік проблемаларды шешудің бірден-бір жолы.
Екінші топқа жеке адамның өзі мен оның ішкі дүниесі, мәдени-этникалық жүйе мен дүниетаным проблемалары жатады. Бұлар жеке адам және қоғамның өзара қатынасы саласында қалыптасатын проблемалар. Әлемдік әлеуметтік мәселелер халықаралық қатынастар жүйесіне, экономикалық, экологиялық, энергетикалық, дүние жүзіндегі азық түлік проблемаларына едәуір тәуелді. Бұл топқа демографиялық мәселелер, ашарашылық, ауру-індетпен күресу, артта қалушылықты жою, ұлттық мәдениет пен өнерді сақтау және байыту т. б. проблемалар жатады.
Әлемдік мәселелердің үшінші тобына, қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінен туындайтын проблемалар жатады, олар шын мәнінде қоғам тарихының негізі, өндіргіш күштер дамуының бастапқы пункті. Бұл топтың мәселелері өзінің техникалық күш-қуатын ұлғайтқан өскелең, қоғам мен табиғат арасындағы сәйкестіктерді қалыптастыру, ал мұның өзі болса, материалдық өндірістік ұлғаймалы ұдайы дамуының бірден-бір көзі. Адам мен табиғат арасындағы қайшылықтың шиеленісуі, табиғи рессурстарға деген өскелең қажеттіліктердің өсуімен анықталады. Бұл топқа минералды шикізат қорларының шектеулігі, энергетикалық проблемалар, қоршаған ортаны қорғау, әсіресе ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтарды сауықтыру, дүниежүзілік мұхиттың ресурстарын игеру, космос кеңістігін зерттеу мен пайдалану және азық-түлік проблемалары жатады. Қорыта айтқанда әлемдік проблемалар жеке бір мемлекет мүдделерімен шектелмейді, олар кең ауқымды, көп қырлы мәселелерді анықтап зерттеуді, оны бірлесіп шешуді қамтитын проблемалар. 9
Адамзаттың әлемдік проблемаларын шешу үшін дүниежүзілік деңгейдегі бар күш-жігерді біріктіру қажет. Оның аса ірі материалдық-қаржылық, ғылыми-техникалық күш-қуаты бар. Қолда бар мүмкіндіктерді білімділікпен, парасаттылықпен, іскерлікпен адам игілігіне пайдалану қазіргі уақыттың кезек күттірмейтін проблемасы. Жоғарыда аталған келелі мәселелердің ішінен дипломдық жұмыстың негізі - экологиялық мәселелерге тоқталатын болсақ, адамзатқа төнген жойылып кету қауіп-қатері тек жаппай қарулануда ғана емес, сонымен қатар өзінің масштабы мен сипаты бойынша экологиялық қауіпсіздік қаупі бүгінгі күннің келелі мәселесі болуда 10 . Экологиялық дағдарысты қоректендіргіш негіз - табиғатты бағындыру идеологиясы, ал жүзеге асыру негізі - мекемелердің, ұжымдардың, жеке адамдардың пайдақорлығы болып табылады. Сонымен қазір жер шарының барлық жерінде дерлік адам газданған ауамен дем алады, сапасы жағынан күдікті су ішеді, зиянды заттарға толы тағамдар жейді.
Әзірше өндіріске тартылатын заттардың жалпы көлемінен түпкі өнім формасын тек 1-1, 5 пайызы ғана қабылдайды. Қалғаны жүз миллиондаған тонна қалдықтар, улы газдар, қышқылдар, бүлінген заттар. Олар қоршаған ортаны, атмосфераны, су және жер ресуртарын ластайды, флора мен фаунаға зиян келтіреді, жылылық эффектісімен адамзатқа қауіп төндіреді, адам денсаулығына зиянын тигізеді. 11
Кейбір американдық ғалымдардың пікірінше, АҚШ жеткен өмір сүрудің жоғары деңгейіне басқа елдер де жететін болса, ол әлемдік экологиялық дағдарыстың трагедиялық шиеленісуіне әкеп соқтырады. 12
Осылайша қазіргі кезеңде адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түсті. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле басталды. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып, аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан - табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты.
Біріншіден екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі-ақ өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті.
Екіншіден, бұл жылдарда дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап отырсаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық болса, 1850 жылы ол екі есе өсіпті. (1, 200 млн), яғни халықтың екі есе көбеюіне бұл тұста 150 жыл керек болған екен. Ал бұл сан содан кйінгі 100 жылдықта-ақ екі есеге көбейген (2, 500млн) . Ендігі кезекте екі есе өсу үшін не бәрі 40 жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды.
Үшіншіден қалалар көбейіп, оларда тұратын халық саны артты. ХХ ғасырдың басында жалпы халықтың 10 пайызы ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50 пайызға жуықтады, 2001 жылы бұл көрсеткіш 54 пайызға жетті. Осынша көп адамның шағын территорияға жиналуы жерге түсетін салмақты күшейтті, қала мен қала маңының ластануы ұлғайды. 13
Бүгінгі күні материалдық өндіріске баға берудің екі өлшемі (әлеуметтік, экономикалық) қалыптасқан. Ал қазіргі өмір осы өлшемге экологияны да қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын әлеуметтік, экономикалық жағынан дәлелдеумен қатар, оның экологиялық жағдайларын (келетін зардаптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеріп негіздесе, бұл салада қазір орын алып отырған қателікке жол берілмес еді. Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр.
Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз жайылымдарды маусымның өзгеруіне қарай сауатты пайдаланған. Өмірлік тәжірибе оларды табиғатты сақтауға үйреткен. Жайлауды ақырла көшкен ауыл келесі жазда жер қалпына келіп, шөп жетілгенде ғана қайтып келген. Сондықтан да ұзақ ғасырлар бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалыптасуында үлкен өзгерістер болмаған. Қазіргі жағдай тіптен басқаша. Оның пайдаланылған, тапталған, өсімдіктері жаншылған табиғаттың қайта жаңаруына уақыт берілмейді. Шөп жетілмей қылтанақтап шығып келе жатқанда-ақ оны қайта таптау етек алған. Бір кездері игерілместей болған Қазақстанның кең байтақ жері бұл күнде экономикалық қуатымызды арттырып отырған өндіргіш күштердің өсуінің арқасында қоршаған орта жағдайлары ескерілмей, аз уақыттың ішінде экологиялық дағдарыстар аймағына айналды. Бұрынғы Кеңестер одағы жүргізген солақай саясат та бұған көп ықпал етіп, Қазақстандағы экологиялық проблемаларды көбейтіп жіберді. Табиғат байлығы ысырап болды. Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттілікті жалғыз ғана фактор санап, техникалық-экономикалық есепті соған негіздеп құру орын алды.
Қазіргі кезде экологиялық дағдарыстың пайда болуына әсер еткен факторлар қатарына ғылыми-техникалық прогресс жайлы екіжақты пікір қалыптасқан.
Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылым-техникалық өрлеу кінәлі, қазіргі даму жағдайларында ол болмай тұрмайды деген пікірлер айтылады. Кейбір экономикалық әдебиеттерде, мысалы Никитинның «Научно-технический прогресс» деген еңбегінде және т. б. Ғылыми-техниканың қарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. 14
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатты. Ғылыми-техникалық прогресс өндіргіш күшін дамытады, адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартады, оның әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық мағына жағынан ешуақытта айтып қалпына келтіре алмайтындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтижесі. 15
Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, табиғат ресурстарын пайдаланудың артуы және жер шарында адамдардың тез өсуі адам мен табиғат арасындағы қатынасты шеленістіріп, ерекше мәселе етіп көтеріп отыр.
Ғылыми-техникалық революция дәуірінде табиғатқа адам қызметінің әсер ететін күші кең жайылып отыр. Су мен ауаның ластануы, топырақ эрозиясы, жерді, мұнай, газ және көмірдің қорларын ретсіз пайдалану, өсімдік пен жануарлар дүниесіне жасалынған шығындар - мұның бәрі ақиқатқа айналып отыр. 16
Ал кейбір мамандардың ойлары бойынша ғылым жетістіктері табиғатқа зиян келтіруге арналмаған деп есептейді. Сонымен бірге ол қоршаған ортаны қорғаудың да, қалпына келтірудің де тәсілдерін ашты. Табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін немесе қалдықсыз технологяны өндіріске енгізу, өндірісті сумен қамтамасыз етудің қайтымды және тұйық айналымдарын қолдану (бұл су шығынын қысқартады), жылу мен энергияның дәстүрлі көздерін табиғи тыңайуы мен ондағы ылғалдың жиналуын, атмосферадағы газдың тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру - міне, экологиялық дағдарыстың бетін қайтаруға ғылымның берер ақыл-кеңесі осылар. Ғылыми-техникалық өрлеудің қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлердегі талдаудың жүйелілік әдістері үлкен жобалардың шағын кейпін алдын ала түсінуге мүмкіндік береді. Оларды іс жүзіне асырмас бұрын табиғатқа тигізетін залалды есептеп, оны болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет» деп көрсетеді 17 . Ғылым, практика дәлелдегендей интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп отыруына әсер етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ұйымдастырып, ойластырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип тадиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал көлі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жәйлар, аймақтық мәселе емес, ғаламдық дәрежедегі маңызды мәселе болып отыр. 18 Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек.
1. 2. Экономикалық және экологиялық дамудың қайшылықтары
Адамзаттың барлық даму кезеңінде болған адам мен табиғат арасындағы шиеленіс қазіргі кезде әмбебап түрде болып, экономико-экологиялық проблеманың сипатын анықтап отыр: яғни экологиялық регресс арқылы экономикалық прогреске жету.
Неге экономикалық даму осындай нәтижелерге әкелді деген сұрақ туындайды. Жауабы оның қағидаларында жатыр.
Әрқашан да экономика қоғамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Эволюция процесінде қоғамдық қажеттіліктер өсіп, технологияны одан әрі дамытуды қажет етті. Нәтижесінде 20-шы ғасырдағы экономикалық даму ғылыми-технологиялық прогрессіз, өндіріс өсімінің тұрақты сақтауынсыз және қамтамасыз етуінсіз мүмкін емес еді. Ал бұл дегеніміз табиғат ресурстарына тәуелділіктің артуы деген сөз. 19
Табиғат және адам ресурстары, технологиялық білімнің деңгейі, институттар жүйесі экономика қызметінің жағдайын анықтайды. Қоғам әрқашан да табиғат ресурстарына тәуелді болды, бірақ бұл тәуелділік экономикада есепке алынбайды. Адам тұтып, табиғат ресурстарын сақтауға көңіл бөлмейді.
Осылайша, экологиялық және экономикалық дамудың негізгі қайшылықтары келесідей шиеліністерден көрінеді. Біріншіден экономика әрқашан даму үстінде болу керек, ал екіншіден осы даму қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
Экономиканың қарышты дамуы мен адамзаттың әрекеті қандай нәтижелерге әкелді деген сұрақ туындайды. Барлық жер кеңістігінің, яғни теңіз, ауа, судың ластануы, «парниктік эффект», ормандарды жою, шөлейттену, көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жоғалып кетуі - қоршаған ортаға антропогендік ықпалдың негізгі формаларының кейбір көріністері ғана. Нақты фактілерге келетін болсақ, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін зор көлемде минералды шикізат қолданылып, бұл табиғи ресурстардың азаю проблемасына әкелді. БҰҰ-ның қоршаған орта және даму бойынша әлемдік комиссияларының берілгендері бойынша қазіргі кезде жыл сайын 6 млн. га жер шөлге айналуда, ал 20 млрд. өзінің өнімділігін жоюда. 20
Орман кеңістігі 1950-ші жылы құрлықтың 15 пайызын құрса, қазіргі кезде ол 7 пайызын ғана құрайды. Жыл сайын 11 млн гектар орманы жойылады. Осылайша адам баласы алдымыздағы онжылдықтың ішінде өзінің негізгі оттегі көзінен айырылуы мүмкін. Әртүрлі жанармайдың қолданылуынан жыл сайын атмосфераға 20 млрд тонна көмірқышқыл газы шығарылып, 100 жыл ішінде 10 пайызға өскен. Әлемдік теңізге әр жылы 30 млрд. тонна мұнайөнімі, 5 пестицид құйылады. 21
Экономикалық өсу түсінігі. «Қарсы» және «жақтаушы» аргументтері.
Экологиялық қауіп өскен сайын экономистер оның алдын-алу үшін көптеген жұмыстар жасап отыр. Олар экологиялық проблеманың экономикалық себептерін түсіндіруге көңіл бөлуде. Кейбір экономистердің тұжырымдамасы бойынша бірден-бір себеп - экономикалық өсім. Экономиканың қарқынды өсуі, өндіріс қуатының, жалпы ұлттық өнімнің артуы, өнім шығаруының өсуі экономикалық дамудың сипаты болып табылады.
«Экономикалық өсім» терминіне американ экономисі С. Кузнец төмендегідей анықтама берген. Экономикалық өсім - халықтың көбейіп келе жатқан көптеген материалдық қажетіліктерін қанағаттандыра алатын техникалық прогресске негізделген, елдің өндірістік мүмкіндіктерінің ұзақ мерзімді өсуі. 22
Шынында да осы экономикалық өсім қоршаған ортаға әсер ете ме? Бұл сұраққа жауап беру барысында экономистердің көзқарастары екіге бөлінген.
Өсімге қарсы аргументтер.
Экономикалық өсімге қарсы шығушылар, ең алдымен қоршаған орта жағдайының нашарлауына байланысты қам жейді. Олардың пайымдауынша, индустриализация мен экономикалық өсім қазіргі кездегі жағымсыз құбылыстарды, яғни, ластау, өндірістік шу мен қалдықтар, қалалардың нашарлауы, транспотты затордың және т. б. туғызады. Өндірістік процесс табиғат ресурстарын толық өндірмей, тек қана өзгертіп басқа өнім бергендіктен экономикалық өсімнің жоғарыда айтылған кемістіктері пайда болады. Өндірістен өткен барлығы уақыт өте келе қоршаған ортаға қалдық түрінде қайта келеді.
Экономикалық өсім мен өмір сүру деңгейі қаншалықты үлкен болса, соншалықты қалдықты қоршаған орта сіңіруі қажет. Кез келген дамыған қоғамда экономикалық өсімнің одан әрі қарқындауы экологиялық дағдарыс қаупін туғызу негізінде өсе беретін қажеттіліктерін қанағаттандыруды білдіреді. Сондықтан кейбір экономистер экономикалық өсім мақсатты түрде тоқтатып отыруы қажет деген қорытындыға келеді. Бірақ бұған қарама- қарсы пікір де бар.
Экономикалық дамуды жақтаушылар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz