Тұтынушылық несие
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Банк ісі кафедрасі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ақша, қаржы, несие пәні бойынша
ТАҚЫРЫБЫ: Тұтынушылық несие,оның түрлері экономикадағы рөлі .
ОРЫНДАҒАН: Ф-12 с\к К тобының
студенті Жунусов Саят.
ТЕКСЕРГЕН:
Қостанай 2018
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1БӨЛІМ.Тұтынушылық несиелендірудің мәні мен мазмұны
1.1 Тұтынушылық несиелендірудің ұғымы және несие жүйесінде алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Тұтынушылық сұраныстың институционалдық
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Тұтынушылық несиелердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.БӨЛІМ. Қазақстанның тұтынушылық несиелері
2.1 Қазақстан Республикасының тұтынушылық
несиелері ... ... ... ... ... ... .. ... 22
2.2 ҚР екінші дәрежелі банктерімен тұтынушылық несиелендіруді талдау...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының
жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке
тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын
арттырады. Сондай-ақ, несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады.
Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу,
ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл
несиелендіру және т.б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.
Қазақстандағы тұтынушылық несиелендiру жүиесi әсiресе белсендi осыдан 3-4
жыл бұрын, жеке тұлғаларды несиелендiру көлемi ұлғая бастаған кезде дами
бастаы. Алғашында несие алу үшiн кепiлдiкке мүлiк берумен қоса, үшiншi
тұлғалардың кепiлдiк беруi қажет болатын, қазiргi кезде ол шарт емес.
Кейбiр банкiлер кепiлдемесi жылына 16-24 пайыздық несиелер бередi.Ел
экономикасы мен банктың секторлар үшiн жергiлiктi несиелендiрудiң маңызы
өсуде, банк жүйесiндегi активтарындағы жергiлiктi несиелендiрудiң үлес 3
есе ұлғая түстi.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор.
Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан жақты іс әрекет етеді,
себебі коммерциялық банктерде несие ресурстарының негізгі бөлігі
қалыптасады. Коммерциялық банктердің базалық қызметі – экономиканы және
халықты несиелендіру. Банктің несиелік операциялары өте табысты болғанымен,
банктік операциялардың ішіндегі ең тәуекелді болып келеді.
Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын
қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар рөлін
атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына
тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін
қанағаттандырады.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілер мен тікелей қарыз
алушыға ұсынылады. Несие беруші — банк, ал қарыз алушы болып қаржылық
ұйымдар немесе қаржылық емес агенттер болуы мүмкін. Қаржылық ұйымдарға
мақсатты қорлар, банктер, арнайы несиелік мекемелер кіретін болса, ал
қаржылық емес агенттерге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кіреді. Бұл
кезде несиелеу объектілеріне меншікті айналым қаражаттары, материалдық
запастар жиынтығы, өндіріс шығындары, сыртқы экономикалық қызметке
байланысты экспорттауға немесе импорттауға арналған тауарлар, азаматтардың
жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтар және басқа да
күрделі жұмсалымдар жатады.
Шығыс елдерiнiң көрсеткiштерiмен салыстырғанда, бiздiң елiмiздегi
несиелендiру нарығының өсу қарқынын байқауға болады.
Қазiргi уақытта Қазақстандағы тұтынушылық несиелендiру нарығындағы бiрталай
өзгердi, ұлғайды.
Бiрiншi ондыққа кiретiн банкiлердiң барлығы жеке тұлғаларды несиелендiру
бойынша өз программаларын ұсынады. Баспана мәселесiн шешуге, автокөлiк
сатып алуға берiлетiн несиелерiнен басқа да көптеген тауар, жиһаздан ұялы
телефонға дейiн сатып алуға берiлетiн несиелер түрлерi қосылуда.
Қазiргi кезде тұтынушылық несие Қазақстан Республикасының экономикасы мен
қаржылық секторының маңызды құрамы.
Тұтынушылық несиелендiру түрiн әрi қарай дамыту үшiн саяси және
экономикалық тұрақтылық шаруашылық заңдылықтарының сақталуы дұрыс орындалуы
қажет. Несиелiк келiсiм-шарт жүргiзген кездегi екi жақтанда бiрдей
сенiмдiлiк болу қажет.
Былайша айтқанда несие немесе несиелiк карточка беру кезiнде, банк несие
алушының несиенi жұмсау, қолдану кезiнде табыс қысқармайтынына,
азаимайтынына сенiмдi болу керек. Несие алушыда банктың қаржылық жағынан
тұрақтылығына сенiмi мықты болу керек.
Егерде екi жақтың бiреуi өз мiндеттерiнен безген жағдайда екiншi жақ заңды
түрде қаржылық жағдайын оперативтi және минималды шығын шығарып өз мүддесiн
қорғауға жағдайы болу керек.
Тауар немесi тұрғын үйдi қарызға сатып алу елiмiздi банкiлерiмен ұсынылған.
Бiрақ, қазiргi кезде Қазақстанда несие көбiнесе табысы жоғары тұлғаларға
берiледi.
1. Тұтынушылық несиелендірудің ұғымы және несие жүйесінде алатын орны.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды
орындаудан көрініс табады.Қазіргі кезде әмбибап банктер банк қызметтерінің
және қаржылық қызметтерінің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын
өнімдердің орны. Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы
натуралистік қарама-қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша
несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру
процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл
теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің
барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен
капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес,
капитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж.
Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша
мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі,
сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие
фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер
барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай – ақ
олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды
деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің,
экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты
дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы”
деген атауға ие болды.Олар несиенің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі
инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
1929 – 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық
теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай
қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстарыстың және
екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар
экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие
салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге
болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы
пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа,
табыс – бағаға әсер етеді. Сондай – ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге
дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер
етпейтінін мойындады.
Батыс және Еуропамен 24 – тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа
Одағы Америка Құрама Штаттан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие
нарығының жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен
ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да
тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның
сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай – ақ ол енді қалыптасып келе
жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының
сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің
жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық
базасы жасалуда.Бірақ,бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға
болмайды,ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы
әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді
– енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса,
ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты
мүлде дамымаған. Тұтынушылық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол
өндірістін ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады.
Қазақстанда ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының
құлдырауынан және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы сенімінің
азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.
Тұтынушылық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық –
түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар- жағар май
материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын
құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені,
тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын – ала төлемін
қамтиды.
Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген
тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы
алғашқысына вексельді,яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді.Бұл вексель
банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы)
мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға
болады. Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк
несиесімен әрдайым аралас болады.
Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк
несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай
қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке
мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз
алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына
несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан
да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының
үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған
ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).
Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі
түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке
орналастырылған уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.
Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты саудаға
өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы
бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені
өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда алады, әрі оның есебінен
несиегерге пайыз төлейді. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет
ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс
саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу
аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық
несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп
қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты
немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің
мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды
толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы,
мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға
беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ
мерзімге бөлінеді.Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған
ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі
қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық
капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы,
тұрақсыздық төлемдерін және тағы басқа. төлеуге болмайды.
Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма – қол ақшасыз түрінде,
жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға,
еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма – қол ақшамен
беріледі.
Несие қарыз алушыларға тек несие келісім шартында қарастырған
мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық
қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған
жағдайда, және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие
келісім шартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.
Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай сандық
және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда мұндай несиені тек банктің
қаржы несие мекемелері ғана беріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық
компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие кооперативтері де,
микронесие ұйымдары да және тағы басқа береді. Алайда, бұл осы несие
формасының мәнін өзгертпейді. Coндай – ақ, қарыз алушылырдың құрылымы да
өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және
xaлықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да және тағы
басқа алады.
Банктің несие салымдарының мөлшері несие ресурстарына байланысты
болады. Бүгінгі таңда банктердің мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес,
сонымен қатар, клиенттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары,
банкаралық нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы несие институттарынан
алынатын қарыз қаражатты құрайды.
Осылармен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзінің
ақша несие саясаты арқылы экономиканы несиелейтін саланы да реттеп отырады.
Ол банктердің несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді
міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен
экономиканы несиелеудің аясын тарылтады. Бұл несиенің тек экономикалық қана
емес, сонымен бірге, әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді.
1.2 Тұтынушылық сұраныстың институционалдық факторлары
Қазіргі әлемді тұтыну қоғамы деп те атайды. Осы қоғамдық тұтыныс бұрыннан
бері жеке адам қызметінің және тұтас алғанда өндіріс пен экономиканың
дамуының басты қозғаушы күші ретінде саналған. Қазіргі уақытта, нарықтық
шаруашылықтың ең негізгі категорияларының бірі болып тұтынушылық сұраныс
табылады. Қазіргі заманғы экономика жағдайында тұтынушылық сұранысқа алуан
түрлі факторлар әсер етеді. Тұтынушылық сұраныс мазмұнының, формаларының,
тұтынушы талғамдары мен қалауларының өзгеруі, нарық жағдайларының,
әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету шарттарының өзгеруі, сондай-ақ,
тұтынушылық сұраныстың нарықтың көптеген аса маңызды үдерістеріне әсерінің
күшеюімен байланысты осы тұтынудың және оған әсер ететін факторлар
табиғатының тәжірибелік маңыздылығы бүгінгі күні арта түсуде. Сонымен
қатар, экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, өнеркәсіптік саясатты
қалыптастыруда, әртүрлі нарықтардың теориясы мен ұйымдастырылуын зерттеуде
тұтынушылық сұраныстың рөлі көтеріліп келеді. Тұтынушылық сұраныс теориясы
неоклассикалық нұсқада сұранысты нарықтың ажырамас элементі ретінде, оның
бағалық және бағалық емес факторларын, сұраныстың баға және табыс бойынша
икемділігін, тоғыспалы икемділігін, икемділік коэффициенттерін, сұраныс
заңын және оның ерекше жағдайларын (Гиффен қайшылығы, Веблен әсері)
зерттейді. Адамдар қажеттілігінің дамуы бойынша, тұтынушы қалауларының
өзгеруіне, тұтынуға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің көбеюіне,
демалысты ұйымдастырудың әдістеріне байланысты тұтынушылық сұраныстың және
оның факторлары мен құрауыштарының арнасы кеңейіп, олардың арасындағы өзара
байланыстар бара-бара күрделене түсуде. Адамдардың тұтынушылық сұраныспен
байланысты іс-әрекеттерінің кеңістігі өмір сүру тіршілігінің барлық
жақтарына еніп келе жатқан қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық
технологиялардың аса қарқынды түрде дамуы жағдайларында тіпті кеңейіп
барады. Адамдар ресурстарының маңызды бөлігін (еңбек, қаржы, уақыт)
өздерінің тұтынушылық сұранысымен, тұтынушылық таңдауымен, көптеген
факторларды анықтап бағалауға байланысты іс-әрекеттерге жұмсайды. Сонымен,
сұраныс дегеніміз – бұл кең мағынада, тұтынушылардың белгілі бір уақытта,
белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып
алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері
мен талаптары [1, 38 б.]. Тұтынушылық сұраныстың дамуының институционалдық
бағыты шеңберінде институционалдық детерминанттар категориясы ерекше
бөліп көрсетіледі. Тұтынушылық сұранысқа әсер ететін осындай
институционалдық факторлар мынадай негізгі белгілерге ие болып табылады:
ресми және ресми емес институттармен тығыз байланыста болу; адамдардың
тұтынушылық таңдауы мен тұтынушылық мінез-құлықтық ісәрекетінде белгілі бір
ережелер мен нормаларды қалыптастыру; адамдар іс-әрекетінің экономикалық,
әлеуметтік, мәдени, психологиялық жақтарын біріктіру. Тұтынушылық
сұраныстың институционалдық детерминанттары осы аталған белгілеріне
байланысты классикалық бағалық және бағалық емес факторлар сияқты қас-қағым
сәтте қалыптаспайды. Өйткені, индивидтер өздерінде өмір бойы ұзақ уақыт
қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына негізделген қалаулары мен
дағдыларын бірден өзгерте алмайды. Сондай-ақ, қандай да ел болмасын, ондағы
қалыптасқан ресми институттар, мәселен, меншік құқықтары, заңдылық базасы,
жұмыс істеп тұрған ұйымдық құрылымдар да жылдам өзгере қоймайды.
Сондықтанда, бағалық және бағалық емес факторларға қарағанда,
институционалдық факторлардың қалыптасу үдерісі өте күрделі. Тұтынушылық
сұраныстың институционалдық детерминанттары әсіресе, жеке тұтынушылық
сұранысқа әсер етеді. Қазіргі уақытта, кейбір жағдайларда нарықтың
жекелеген түрлерінде тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс неоклассикалық
тәртіппен жүрмегендіктен тұтынушылық сұраныстың дамуының институционалдық
бағытының қажеттілігі мен маңыздылығы артып келеді. Адамдар тұтынысының
дамуымен және күрделілігімен, тауарлардың олардың әртүрлі категориялары
бойынша ассортиментерінің кеңеюімен байланысты сұраныстың бағалық факторға
деген тәуелділігі сондай бір салыстырмалық сипатқа ие болып барады.
Тауарлардың функционалдық сипаттамаларына және дизайнының жақсаруына
байланысты сұраныс заңына қайшы келетін құбылыстар да жиі орын алады, яғни
сапасы жоғары тауарға сұраныс оның бағасы өссе де артып отыратындығын
сипаттайтын тура тәуелділік қалыптасуы мүмкін. Институционалдық
факторлардың әсерінен бағалар мен табыстарға байланысты тұтынушылық
сұраныстың байланысы бұзылуы мүмкін. Баға және табыс сияқты дәстүрлі
факторларға қарағанда мұндай дәстүрлі емес факторлардың табиғаты аса
күрделі болып табылады және олар өзіне экономикалық сипаттағы әртүрлі
компоненттермен бірге, психологиялық және физиологиялық сияқты экономикалық
емес факторларды да біріктіреді. Осыған байланысты, қазіргі дамыған қоғам
жағдайында тұтынушылық сұраныстың осындай факторлары бірінші орынға шығады,
сол себепті, мұндағы негізгі мәселелер ретінде халықтың тұтынушылық
сұранысын реттеу қарастырылады, ал тұтынушының алдында не сатып алу
керек? және қай жерден сатып алу керек? деген маңызды сұрақтар туындайды
. Көптеген экономистер тұтынушылық сұраныстың институционалдық
детерминантары ретінде беделді тұтыныс, тұтынушылық несие және тұтынушының
трансакциондық шығындары сияқты дәстүрлі емес факторлары бөліп көрсетеді.
1. Беделді тұтыныс. Беделді немесе ауқатты тұтынудың бірқатар ерекшеліктері
бар: беделді сұраныс құбылысы Веблен бойынша ауқаттылардың парықсыздығымен
тығыз байланысты; беделді сұраныс олигархиялық топтарға тән және ол оның
беделі мен абыройынан хабардар етеді; беделді сұраныс қоғамдық өндіріс үшін
ысырапшылдыққа алып келеді; беделді сұраныс құбылысы жеке меншікпен және ең
алдымен, өндіріс құралжабдықтарын иемденумен байланысты; ауқатты топ
өкілдерінің қоғамдық ысырапшылдығы әмбебап сипатқа ие бола отырып қоғам
дамуының қыр көрсетушілік және жыртқыштық кезеңінің заңды құбылысын
сипаттайды. Қазіргі жағдайларда беделді тұтыныс басқарушылық қызметпен
айналысатын індеттік топтарға ғана тән құбылыс емес, сонымен қатар,
өндірістік топпен де байланысты болып табылады. Соңғы топтың өкілдері
тауарлар мен қызметтерді, соның ішінде, ақпараттық өнімдерді өндірумен
байланысты әртүрлі қызмет түрлерімен айналысады. Оның айқын дәлелі ретінде
әлемдік табыс табудың көшасшысы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы
Б.Гейтстің беделді сұранысын айтуға болады. Беделді сұраныс өндіріс
құралдарына нақты меншікті иемденумен қатар, әртүрлі ресурс көздеріне қол
жеткізетін іскерлік және жеке байланыстар ретіндегі әлеуметтік
капиталды иеленумен де байланысты болып келеді. Шенеуніктер сияқты
субъектілердің байлығы осындай байланыстарды игерумен байланысты
қалыптасады, олардың тұтынушылық беделді сұранысы (қызметтік шетелдік
көліктер, чартерлік рейстер, т.б.) олардың қоғамдық статусын, мүмкіндігін,
беделді орнын және билігін көрсетеді. Беделді сұраныс тек олигархиялық топ
өкілдеріне ғана тән құбылыс емес, сонымен қатар, халықтың басқа да орташа
тап өкілдеріне, яғни салыстырмалы бай адамдарға да байланысты болып келеді.
Беделді сұраныс тіпті төменгі тап өкілдеріне де тән, бірақ ол ерекше сирек
жағдайларда (үйлену тойын өткізу) ғана орын алуы мүмкін. Қаржы саласындағы
жұмыскерлердің де тұтынушылық сұранысын беделді сұранысқа жатқызуға болады.
Олар қымбат киім-кешек, аяқ киім, шетелдік автокөлік маркалары, жабық спорт
клубтарында демалу, атқа міну, гольф ойнау және басқа да сұраныстың
түрлерінен көрініс табады. 2. Тұтынушылық несие. Қазіргі уақытта,
әсіресе елімізде тұтыну несиесіне сұраныс тез қарқынмен өсіп келеді және
банктер де оны белсенді түрде дамытып келеді. Бұл әртүрлі әдістерден
көрініс табады: несие желілерінің алуан түрлілігі; жаңа өнімдерді өмірге
әкелу; әртүрлі әділ бағдарламаларды жасау. Тұтыну несиесін кеңейту үшін
банктер үнемі екі негізгі сенімді механизмді қолданады: белгілі бір
дүкендердегі тауарлардың өткізілуін несиелеумен айналысу және нақты сауда
құрылымдарына қатысы жоқ еркін несие берумен айналысу. Қазақстанда
бүгінгі күні қажеттіліктері мен сұраныстары толығымен қарыз құралдарына
тәуелді болып табылатын тұтынушылардың жаңа бөлігі (сегменті) қалыптасып
келеді. Көбінесе, несиелердің 45%-ы тұрмыстық техниканы, телефондарды,
аудио және бейнетехниканы сатып алу үшін алынады, 20-25%-ы мақсатсыз
несиелерге тиесілі, ал қалған үлесін жылжымайтын мүлік бойынша ипотекалық
несие мен автонесиелеу теңбе-тең бөліседі .
Тұтынушылық несие тұтыну сұранысының негізгі институционалдық
детерминантасы ретінде экономикалық субъектілерге нарықтық мінез-құлықтың
келесідей нормаларын сақтауға итермелейді: қарызға өмір сүру, бұл
қазақстандық тұтынушылардың өмір сүру құндылықтарына біртіндеп еніп бара
жатқан құбылыс; инфляциялық үдерістерге бейімделу;
тұтынушылық сұранысты қысқа мерзімде ғана кеңейтуге ұмтылу. Сонымен,
тұтыну несиесі институционалдық детерминанта ретінде тұтыну сұранысына оны
кеңейту жағына қарай әсер етеді деп айта аламыз. Алайда, құқықтық
нормалардың жеткіліксіздігі мен реттеудің экономикалық тетіктерінің
дамымағандығы кезінде тұтыну несиесі керісінше, тұтынушылық сұранысты
тарылтуы мүмкін, яғни несиеленбейтін тауарларға сұранысты, тіпті басқа
нарықтардың тауарлардың сұраныстарын төмендетіп жіберіп мүмкін. Отандық
экономикада тұтыну несиесінің кейбір салаларда дамуының кері жақтары болуы
мүмкін, яғни несиені уақытылы қайтармау, қаржылық пирамидалар сияқты
бірқатар институционалдық тосқауылдар орын алуы мүмкін. Ұзақ мерзімді
кезеңдерде тұтыну несиесін қайтармаушылық үлесінің артуы банктік саланың
күйреуіне және тұтыну нарығында диспропорцияларға алып келуі мүмкін. Осыны
ескере отырып, банктерге барлық факторларды өлшеп барып қана тұтыну
несиесін беру қажет және оны мемлекет тарапынан саналы түрде реттеу
қажет.Трансакциондық шығындар. Тұтыну сұранысының институционалдық
детерминантасы ретінде трансакциондық шығындар тұтынушылардың игіліктерді
сатып алу келісімдерімен байланысты болып табылады. Қазіргі экономикалық
теория трансакциялар арқылы жұмыс істейді. Тұтынушының трансакциялары ең
алдымен, тауарлармен айырбас жүргізуді сипаттайды. Осындай айырбастаулар
арқылы тұтынушылардың игіліктерді сатып алу тұрғысында меншік құқығын
иемдену бойынша қатынастары қалыптасады. Нәтижесінде, белгілі бір
трансакцияны іске асырғаннан кейін келісімге қатысушы тұлғалардың әл-
ауқаттылық деңгейлері артады – тұтынушы тауарды сатып ала отырып өз
қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырады, ал сатушы өз тауарын сата
отырып өз пайдасын арттырады. Тұтынушылардың трансакциондық шығындарына
тұтыну нарығындағы қазіргі институттар – желілік ритейлорлар әсер етеді.
Сауда желілері тұтынушылардың трансакциондық шығындарын маңызды түрде
қысқарта алады, яғни ақпарат іздеу шығындарын, сатушылармен келіссөздер
жүргізуге кететін шығындарды едәуір төмендетеді. Мұнда сатып алушылар мен
сатушылардың өзара тәртіптері мен қарымқатынастарының ережелері нақты
анықталған, кез-келген тауарға кез-келген уақытта еркін түрде қол
жеткізіледі. Тауарлардың үлкен көлемдегі ассортименті және олардың
маркетингтік тұрғыдан дұрыс орнығуы тұтынушылардың тұтынушылық
сұраныстарының кеңеюін, олардың жекелеген дүкендерге қарағанда үлкен
көлемде тауар сатып ала алуын ынталандырады. Сауда желілерінің ірі
супермаркеттеріндегі тұтынушылық сұраныстың осындай тәртібі көпшілікке
ілесу әсерімен және игіліктерді сатып алуға уақытты үнемдей алумен
байланысты болып келеді. Қазақстандық тұтыну нарықтарында тұтынушылардың
трансакциялары отандық және шетелдік сауда желілерінің өзара бәсекелесу
объектісі болып табылады. Қазақстанда желілік ритейлорлардың даму
көрсеткіші ел тұрғындарының тұтынушылық талғамдарының бірқатар
ерекшеліктерімен байланысты. Осыған байланысты, қазақстандық экономикада
соңғы өнімдерге деген тұтынушылық сұраныстың бірқатар ерекшеліктерін ашып
көрсетуге болады: тұтынушылық сұраныстың үздіксіз өсіп отыруымен бірге
үнемі кейінге қалдырылып отыратын сұраныстың да орын алуы; көлеңкелі
экономиканың аса маңызды ауқымымен байланысты тұтынушылық шығындар мен
табыстардың сәйкессіздігі; өте кең диапазондары бар тұтынушылық қалаулармен
сипатталатын халық табыстарының едәуір теңсіздігі мен дифференциациясы
(қазір елімізде Джини коэффициенті 0,3-ке тең); тұтыну құрылымында
импорттық тауарлар үлесінің артуы; жекелеген тұтынушылардың бағаға деген
толеранттылығы, ал ол өз кезегінде Гиффен тауарлары тізімін арттыруға алып
келеді; тұтынушылардың бір сауда белгісінен екінші бір сауда белгісіне
жылдам ауысып отыруы; белгілі бір тұтынушылық мәдениеттің қалыптасуы;
тұтынушылық сұраныс бағытында мінез-құлықтың үнемі өзгеріп отыруы; отандық
тұтынушылардың беделді сұранысында аймақтық өзгешеліктердің орын алуы.
Қазақстандық экономикада сауда желілерінің дамуына мүмкіндік беретін және
әсер ететін макродеңгейдегі және микродеңгейдегі факторлар да бар.
Макроэкономика деңгейіндегі факторлар: тұрғындардың орташа жалақыларының
және нақты ақшалай табыстарының өсуі; Қазақстанның сыртқы сауда
айналымының өсуі; азық-түлік тауарлары мен тұтыну заттары сияқты ең негізгі
сегментті қамтитын тұтынушылық нарықта отандық сауда желілерінің жоғары
қарқынмен өсуі; қазақстандық нарықты аса қарқынды түрде жаулап келе жатқан
шетелдік сауда ритейлорларының жоғары бәсекелік қабілеттілікке ие болуы;
электрондық коммерция саласында сауда желілері қызметінің негізін құрайтын
ІТ-технологиялардың қарыштап дамуы. Микроэкономика деңгейіндегі факторлар:
желілік емес ритейлор-фирмалардың бәсекелік қабілеттілігінің салыстырмалы
әлсіздігі; басқа елдерде кеңінен таралған бизнесті жүргізудің әртүрлі
формалары мен үлгілерін белсенді түрде қолданып соларды сырттан импорттау;
өндірісті ұйымдастыру, басқару, қызметкерлерді ынталандыру, инвестициялау,
табыс таба білу бойынша желілік ритейлор ретінде қатысатын фирмалардың көп
пайдаға кенелуі. Сонымен, тұтынушылардың трансакциондық шығындарына
тікелей әсер ететін, қазіргі уақытта өзінің өміршеңдігін дәлелдеп үлгерген
және дамудың аса жоғары әлеуетіне ие болып отырған сауда желілері немесе
ритейлорлық желілер бүгінгі күні тұтыну нарығының аса дамыған заманауи
инфрақұрылымдық институты болып табылады. Қорытындысында мынаны айтуға
болады, яғни тұтыну теориясы микроэкономиканың аса маңызды бөлімдерінің
біріне жатады және тұтынушылық таңдау мен тұтынушылық сұраныс теориясының
қыр-сырын зерттеу арқылы біз қандай да бір нақты тауарлар мен қызметтерге
сұраныстардың қалыптасу үдерістерін қарастыруға мүмкіндік аламыз.
Тұтынушылық несие – бұл тұтыну заттарын немесе қызметтерді алу үшін
азаматтарға берілетін несие түрі. Мысалы: тұтыну тауарлары тұрмыстық
техника, жиһаздар т.б, немесе туристік жолдамалар, білім үшін несие.
Банктер тұтынушылық несие туралы әртүрлі тұжырымдайды, дегенмен бұл
несиелендіру түрінің өзгелерден айырмашылығы - тұтынушылық несие ешқашан
бизнеске және іс жүргізуге арналмайды, бұлаға арналған басқа несие түрлері
бар.
Тұтынушылық несиелер түріне байланысты бірнеше категорияға бөлінеді:
- Мақсатты және мақсатты емес. Бұл бөлініске байланысты несиелер нақты
тауарларды сатып алуға рәсімделуі мүмкін (мысалы, тұрмыстық техникаға
арналған несие) немесе несие алушының еркіне қарай жұмсалады.
- Қамтамасыз етілген және етілмеген – қамтамасыз етілген несиелер мүлікті
кепілге алу немесе кепілге алмастан үшінші бір тұлғаның кепілгер болуы
арқылы беріледі.
- Қарызды өтеу мерзімі бойынша– әдетте қысқа мерзімді, орташа және ұзақ
мерзімді қарыз болып бөлінеді.
- Несие алу арқылы тауарлар мен қызметтерді иемденудің өзіндік пайдалы жағы
және кемшіліктері бар.
Пайдасы:
- Қолжетімділігі. Сіз қаражат жинап аламын дегенше әлгі тауар қымбаттап
кетуі немесе ол тауар сатылып бітуі мүмкін. Сіз қалтаңызда қаражат болмаса
да, сол сәтте-ақ рәсімдеп ала-аласыз.
- Тауарқызмет тұтынушылардың көпшілігіне қолжетімді болады және қарызды
қайтару үшін үлкен соманы төлеудің қажеті жоқ, бірнеше ай немесе жылдар
ішінде қарызды бөліп төлей аласыз;
- Көптеген акциялық тауарлар бөліп төлеуді артық төлемсізпайызсыз ұсынады.
Мысалы: 10 000 теңгенің тауарын, 1 жыл бойы артық пайызсыз, бөліп төлей
аласыз.
Кемшіліктері:
- Болашақта түрлі жағдайларға байланысты несиені төлеуге қатысты мәселелер
туындауы мүмкін.
- Несие жүйесі көбінесе адамдарды өздерінің қолжетімділігімен және кейде
тұтынушыға қажет емес тауарларды сатып алуға қатысты жарнамалармен көз
байлайды.
Басқа да қаржылық ұсыныстар сияқты тұтынушылық несиені алмас бұрын барлығын
ой таразысына салып ойланып, ұсынылған қызметтермен мұқият танысып және
оның пайдасы көбірек пе әлде кемшілігі көп пе? деген сұраққа жауап
тапқаннан кейін ғана шешім қабылдаңыз. Бұл үшін несиелік келісімді мұқият
оқу керек және артық төлемнің ақылға қонымдылығын, тауардың немесе
қызметтің өзіңізге қажет па, жоқ па, ойланып алыңыз. Сонымен қатар
банктердің ұсыныстарынан өзіңізге ең қолайлысын таңдаңыз. Мысалы: несиені
банк бөлімшесіне бармастан, комиссиясыз төлеу мүмкіндігі бар ма? Төлем
жасалғанын онлайн бақылап отыра аласыз ба? Туындаған сұрақтарға жауап беру,
қызмет көрсету сапасы қандай? Сақтандыру пайызы жоғары емес па? Банктердің
қызметтері ұқсас болғанымен, өзіңізге қолайлысы міндетті түрде болады. Өмір
болған соң, несие алу қажеттілігі туындайды. Бірақ, көзсіз несиеден
қашқаныңыз жөн. Ойлы шешім барлық жерде керек. Қазақтың жеті рет өлшеп,
бір рет кес дейтін сөзін несиеге алу кезінде де бір ұмытпаңыз.
2. Тұтынушылық несиелердің жіктелуі
Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді
Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған,
экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай
нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен
айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда
нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс
құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін
куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
• коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының
құнына қосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде
берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын,
нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына
несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші:
банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде:
кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген
сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің
басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz