Сыңарлары мағынасыз қос сөздер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Қос сөздердің қазақ тілі білімінде зерттелуі.

1. 1 Күрделі сөздердің табиғаты және оның түрлері . . . 5

1. 2 Қос сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі . . . 10

2 ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ӨЗГЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДЕН ЕРЕКШЕЛІГІ.

2. 1 Қос сөздердің семантикалық сипаты . . . 20

2. 2 Сыңарлары мағынасыз қос сөздер . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Сөз - күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз.

Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі- профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары » деген тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. Сонымен қатар К. Аханов, Ә. Керімов, А. Есенғұлов, Н. Сауранбаев, Н. Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау;

- қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау;

- қосарлау немесе қайталау арқылы жасалған сөздер жаңа мағынаға ие бола ма? деген сұраққа жауап іздеу.

Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеу жұмысында талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері қолданылады.

Зерттеу нысаны: Қос сөздердің қазақ тілі білімінде зерттелуі.

Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ тілі.

Курстық жұмыстың құрылысы: Курстық жұмысы үш бөліктен (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен) тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан, әр тарау бірнеше тақырыптан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. 1 Күрделі сөздердің табиғаты және оның түрлері.

Әр түрлі жүйеге жататын түрлі тілдерде күрделі сөздердің жасалуында айырмашылықтар бар. Бұл жағдай күрделі сөз туралы түрлі пікірлер туғызуы заңды деп санаймыз. Түркі тілдерін зерттеуші тіл мамандары өздерінің еңбектерінде күрделі сөз мәселесіне де назар аударып, ол турасында байқағандарын көзден таса қалдырмаған. Түркі тілдеріндегі күрделі сөз мәселесінің зерттелуі туралы А. А. Юлдашев былай дейді : «Сложные слова которыми изобилуют тюркские язык, особенно их терминология до сих пор не получили удовлетворительной разработки ни в словарях, ни в грамматических описаниях». Күрделі сөз мәселесінің осы жағдайы қазір де өзгеріп кеткен жоқ. Бұл күрделі сөздерді зерттеудің қажеттілігін, өзектілігін білдіреді. Күрделі сөздерге ғалымдар түрлі анықтама беріп жүр.

Күрделі сөздерге бай тілдер тобында ғалымдар ағылшын тілін жиі атайды. Сондықтан ағылшын тілі мамандарының күрделі сөзге берген анықтамаларынан бастаған дұрыс деп ойлаймыз. Ағылшын маманы А. И. Смирницкий сөзді дара сөздер, туынды сөздер, күрделі сөздер деп бөліп ; күрделі сөздердің құрамына екі я одан да көп түбір морфемалар кіреді дегенді айтады. Ағылшын тілінде күрделі сөзге беріліп жүрген анықтамалардың көбі бір- біріне ұқсас. О. Есперсен, Г. Марчанд, Р. В. Зандворт сияқты ғалымдардың күрделі сөзге берген анықтамаларында да оның құрамы екі не одан да көп болуы, бір сөз, бір лексикалық бірлік болып саналатыны үнемі аталып отырады. Лингвистикалық терминдер сөздіктерінде ол белгілер сақталған.

Осы ғалымдардың біразы күрделі сөздердің анықтамаларына олардың бір белгісі ретінде А. И. Смирницкийден басталып қолданыла бастаған «цельнооформленность » деген терминді біртұтас сөз деген ұғым мәнінде қоса қолданады. Солардың бірі О. Д. Мешков «Словообразование современного английского языка » деген еңбегінде түрлі ғалымдар берген анықтамаларды қорыта отырып, өз анықтамасын береді.

Түркі тілдерінің грамматикалық құрылысына арналған еңбектерде күрделі сөздердің компоненттері сабақтаса да салаласа да байланысатыны сөз болады.

Мәселен, Н. К. Дмитриев «Башқұрт тілінің грамматикасы» деген еңбегінде жалаң сөздермен қатар, екі не одан да көп сөздердің тіркесінен пайда болған күрделі сөздердің де болатынын айта келіп, оған мысал ретінде билбау, оккош (лебедь) тошбош (пескарь) тәрізді жалпы және Тимурбулат тәрізді кейбір жалқы есімге жататын сөздерді келтіреді.

Күрделі сөзге қатысты пікірлерді басқа түркологтардың да еңбектерінен кездестіруге болады. Мәселен, А. Н. Кононов « Қазіргі өзбек әдеби тілінің грамматикасы» деген еңбегінде құрылысы жағынан сөздерді жалаң және күрделі деп екіге бөліп, жалаң түріне от, қизил, езмоқ, ал күрделіге оққұш, қулорра, муз ерар, күз еши деген мысалдарды келтіреді де, күрделі сөздерді өз ішінен біріккен сөз, жалғыз күрделі сөз, қос сөз деп үшке бөледі. Біріккен сөзге мысал ретінде қай оғайни, билагузук, алабуға тәрізді сөздерді келтіреді. Мұның басқалардан айырмашылығы компоненттері кейбір құрылымдық, дыбыстық және мағыналық өзгеріске ұшыраған, сыртқы пішіні жағынан жай сөз тәрізді құрамындағы дауыстылары үйлесімді, бір екпінге ие. Кейбіреулері дыбыстық, мағыналық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы түр- түрпатын өзгерткені соншалық, оны этимологиялық талдау арқылы болмаса, қандай сөздерден біріккенін білу қиын дегенді айтады.

Қарақалпақ тілінің грамматикалық құрылысына байланысты еңбек жазған М. А. Баскаков сөз табының жасалу тәсіліне тоқтала келіп, зат есімдер аффикс арқылы жасалуымен қатар сөздердің тіркесуінен де жасалады дейді . Сөз тудырудың синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерді ол құрама және күрделі деп екіге бөледі. Құрама зат есімдерге бір- бірінен анықтауыш пен анықталушы сөз ретінде келіп, бірақ лексикалық тұтас бір бүтін тұлға ретінде танылатын сөздерді жатқызады. Мысалы, джанывар « животное», киндик шеше, адамзат, егей бала тәрізді сөздерді келтіреді. Ал күрделі зат есімдерге сөздердің қосарлануынан пайда болған төбе-төбе, ел- жұрт, юсти-баси, кёрпе- тёсек, бала- шаға, шай-май тәрізді сөздерді келтірген.

Ал, енді әртүрлі тілдерде күрделі сөзге беріліп жүрген анықтамаларды қорыта келгенде, онда күрделі сөздердің төмендегі белгілеріне ғалымдардың назар аударғандығын байқаймыз.

1. Күрделі сөздің құрамы екі не одан да көп сыңарлардан құралатыны.

2. Күрделі сөз біртұтас сөз, бір мағына лексикалық бірлік екені.

3. А. И. Смирницкийден басталған сөздің бір белгісі ретінде көрсетілген «цельнооформленность» деген ұғым. Рас, А. И. Смирницкий оны ішкі мағына бірлігі мен сөздің сыртқы бірлігі ретінде түсіндірген.

4. Сөйлемде жеке сөз ретінде бөлінуі.

5. Сөйлемде мағына және грамматикалық жағынан тұтастығы арқылы бөлінетін сөздер тобы.

6. Сыңарларының негізгі және туынды сөз болып келуі.

Қазақ тіл білімінде де ғалымдар күрделі сөздің осы негізгі белгілерін оған анықтама бергенде ескеріп отырғаны анықталды .

А. Ысқақов күрделі сөзге төмендегідей анықтама берген : « Күрделі сөз деп кемі екі я одан да көп дара сөзден, жалаң я туынды түбірден құралып, ритм-ырғақ жағынан бір ұдай лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика- грамматика жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз». Бұл анықтамада күрделі сөз ең кемі екі сөзден тұратыны, бір ырғақпен айтылуы, мағына тұтастығы, бір сөз ретінде тілде қалыптасқанына автор мән берген. Ол өз еңбектерінде күрделі сөздердің аса маңызды мәселелерін қамтып, дұрыс тұжырымдар жасаған бірқатар тың проблемалар қойған «күрделі сөздердің, әлі де анықталмаған мәселелері көп. Ол мәселелердің негізгі түйінділері біріккен сөздер мен фразалық тіркестердің, біріккен сөздер мен идиомалық тіркестің араларын ашу, олардың ара қатынастарын анықтау мәселелерімен байланысты», - дейді. Аталмыш еңбектерінде күрделі сөзге қатысты әр жерде айтқандарынан мағына тұтастығын, тұтас тұлғалануын, белгілі бір сөз табына телулі болуын, сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқаруын бір екпінді иеленуін тірек еткендігі байқалады.

Ж. Шакенов - күрделі сөздерді арнайы зерттеген ғалым. Ол күрделі сөзге төмендегідей анықтама берген : «Күрделі сөз деп екі я одан да артық сөздердің тізбегінен құралып, лексика-грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі жағынан бөлшектенбей, тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын тұлғаны айтамыз»- дейді. Мұнда да ғалым күрделі сөздің құрамына лексикалық, грамматикалық тұрғыдағы тұтастығы, сөйлемде бір мүше қызметін атқаруы, бір ұғымның аталымы [номинация] қызметін атқаратындығына мән

берген .

Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым К. Аханов та күрделі сөзге өзінше анықтама берген. Ол: «күрделі сөздің сыңарлы жеке тұрғандағы мағынасынан да, қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы немесе тіркесі тұтасқан күйінде бір бүтін сөз - күрделі сөз ретінде ұғынылады » [1, 49] - деп анықтаған. Ғалым анықтамасында күрделі сөздің құрамындағы сыңарларының жеке тұрғандағы мағынасы мен қызметінен алшақтап, бір бүтін сөз ретінде танылатынына назар аударған.

К. Аханов « Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде «сөзге соның ішінде күрделі сөзге де тән және оны сөз тіркесінен ажырататын жалпылама белгілер делініп семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілері айтылып жүр.

1. Семантикалық тұтастық белгісі. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлардың мағыналық дербестігі мен грамматикалық дербестігінің күңгірттенуі немесе жойылуы сөздің бұл түрінде семантикалық тұтастықтың пайда болуына әкеледі. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық емес, олар тіркескен күйінде біртұтас лексикалық мағынаны білдіреді.

2. Морфологиялық тұтастық белгісі. Күрделі сөзде жалаң сөз тәрізді түрленіп, көптеледі, септеледі, жіктеледі. Оның сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға (формаға) ие болады. Күрделі сөздің жеке сыңарлары өздігінен белгілі бір парадигматикалық қатардың мүшелері бола алмайды. Күрделі сөз тұтасқан күйінде ғана парадигматикалық қатарға мүше ретінде ене алады. Мұның өзі күрделі сөздің морфологиялық жақтан тұтастығын, бір бүтін екендігін көрсетеді.

3. Синтаксистік тұтастық белгісі. Күрделі сөздің синтаксистік тұтастық белгісі дегеннен әдетте, оның синтаксистік жағынан (сөйлем мүшесі болуы жағынан) бөлшектенбей, сөйлемде бір ғана мүше болуы ұғынылады. Мысалы, қолғап, қарақұс деген сөздердің қол, қара дегендері өз алдына, қап, құс дегендер өз алдына бір-бір мүше емес, сөйлемде қол мен қаптың екеуі қосылып бір-ақ мүше. Өйткені бұларда қол, қара деген сөздер анықтауыш. Қара құс деген тіркестің өзі де құстың белгісі бір аты болмай, бір құстың түсін ашу болса, онда, екі сөз болып, қара мен құстың екеуі сөйлемде екі мүше бола алады. Мысалы, қарға -қара құс десек, қандай құс? деп сұрауға болады. Сонда қарға ақ құс емес, қара құс деп түсін ашып беруге болады. Ал қара құс дегендегі қараны бұлайша бөліп ала алмаймыз. Өйткені қара әуелде құстың түсін көрсету үшін жұмсалғанмен, бәрі де онысынан қалып, құс деген сөзбен қосылып, құстың белгілі бір атасының ұлын атайтын сөз болып кеткен. Сондықтан қарақұс деп, кейде түсі қара болмайтын құстарды да атай береміз. Мысалы, Қарақұстың қазақ тілінде ақ-сар деп аталатын бір түрі бар. Мұның түсі қара емес, сары болады. Солай да болса, оны да қара құс дейміз .

Күрделі сөздердің қай-қайсысы болса да әуел бастағы жай сөз тіркесінен шыққан. Бұлардың қалыптасуларына әрқилы синтаксистік амал-тәсілдер негіз болған. Кейбір сөздер бастапқы синтаксистік жай сөз тіркестерінің компоненттері бір-бірімен бірігу арқылы (бүгін, биыл, ағайын) туса, кейбір күрделі сөздер жарыса, қабаттаса қолданылған компоненттердің қосарлануы арқылы ( жер-су, ел- жұрт т. б) жасалған.

Күрделі сөздер құрылымы жағынан да, жасалуы жағынан да, сөз таптарына телінуі жағынан да алуан түрлі болып келеді.

Күрделі сөздер: күрделі біріккен сөздер, күрделі кіріккен сөздер, күрделі қос сөздер, күрделі қысқарған сөздер және тіркескен болып бөлінеді.

Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, биыл, бүгін, тоқсан, қарлығаш тәрізді сөздер жатады. Тіл мамандарының қай-қайсысы болмасын кіріккен сөздерге компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы тұр-тұрпатынан өзгерген сөздерді жатқызады. Мысалы: бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы бәй деген элемент әуел баста бай формасында болғаны, кейін соңғы компоненттердегі жіңішке дауысты дыбыстың ықпалынан «а» фонемасы, «ә» фонемасына айналып, бәйшешек, бәйтерек болып қалыптасып кеткені мәлім.

Біріккен сөздерге: қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке, итмұрын, қарақұс, аққу тәрізді сөздер жатады. Біріккен сөздер біріншіден кейбір жұрнақтар арқылы туынды сөздің жасалуына негіз болады. Мысалы, ақсақалды, аққудай т. б. Екіншіден, кейбір терминдік атаулардың құрылымын жасауға қатысады. Мысалы: тасбақа, өнеркәсіп, құндыз .

Күрделі сөздердің бір түрі - қос сөздер. Қазақ тілін зерттеуші мамандар қос сөздерді қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деп, екі үлкен топқа бөліп қарайды. Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздер екі рет қайталануы немесе сол сөздің бір дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы, тау-тау, үй-үйге, шай- пай т . б.

Ал, қосарлама қос сөздер әр басқа екі сөздің қосарлануынан жасалады. Мысалы, әке-шеше, дәм-тұз, тау-тас т. б.

Күрделі қысқарған сөздер әрі ықшамдалып, әрі бірігіп жасалады. Күрделі қысқарған сөздер ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси терминологияда, мекеме, ұйым аттарында ұшырасады. Күрделі атаулар мынадай жолдармен ықшамдалады:

а) Күрделі атаудың әрбір сөзінің басқы дыбысынан құралады: ТМД, АҚШ, ХҚТУ.

ә) Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөзінің басқы дыбыстарынан құралады: ҚазМУ, АлМи;

б) Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан құралады: партком, совхоз, обком ;

в) Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің басқы буыны мен соңғы сөздің бірігуінен құралады: мединститут, пединститут т. б.

Күрделі сөздердің келесі бір түрі - тіркескен сөздер. Мысалы, су жылан, түлкі тымақ, қоңыр ала, көк ала, он бес, сатып ал, екі жүз, алып қайт, күні кеше т. б. Осындағы су жылан, түлкі тымақ сөздері зат есімдерден; көк ала, қоңыр ала сын есімдерден; екі жүз, он бес сан есімдерден; сатып ал, алып қайт етістіктерден; күні кеше үстеуден жасалып тұр .

Жоғарыда аталып өткен күрделі сөздердің бір түрі күрделі кіріккен сөздер жайлы профессор Қ. Жұбанов өз пікірін білдірген. Ол кісі 1930 жылдардың өзінде-ақ қандай сөздерді кіріккен сөз дейміз, кіріккен сөздердің қандай белгісі болады деп сауал қойып, соған берген жауабында: «Бірнеше сөзден құралған болса да, кіріккен сөздер бір-ақ нәрсені атайтын, бір-ақ сөздің орнына жүретін болу керек. Екінші, кіріккен сөз болу үшін, мұның ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысы сөйлемде өз алдына бір-бір мүше болмай, бәрі жиналып барып сөйлемнің бір-ақ мүшесі болу керек . . . Үшінші, кіріккен сөздердің қайсы біреулерінде біреуінің не екеуінің де формасы жай қалпындағыдан өзгеріп басқа түрге түседі. Төртінші, кіріккен сөздердің бір айырмасы - мұнда екпін біреу-ақ, онда кірігуші сөздердің ең соңғысында ғана болатындығы» - деп тұжырымдайды.

Профессор Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі изафеттік топтың түрлеріне тоқтала келіп: «Бірінші топтың өзгешілігі -олар синтаксистік шеңберден шығып, морфология, оның ішінде сөз тудыру жүйесіне айналған тәсіл . . . Изафеттің бұл түрі қазір тұтас бір атау болып ұғынылады»- дейді. Мысалға, қаламұш, баскиім, желбеу дегендерді келтіреді де сөйлемге бір мүше болатынын айтады .

Қазақ тіл біліміндегі біріккен сөздерді зерттеумен шұғылданған екінші тіл маманы Г. Жаркешева: « . . . біріккен сөз дегеніміз семантикалық бір мағынаны білдіретін, сөйлемнің бір ғана мүшесі болатын, біріккен екі сөздің аралығына дыбыс үндесу заңы әсер ететін сөздер деп түсіну керек», - дейді. Сонымен,

Г. Жаркешева біріккен сөздердің ерекшеліктері дегенге мағына тұтастығын, сөйлемге дербес бір ғана мүше болуын, компоненттерінің қалыптасуына дыбыс үндесу заңы қатысуын жатқызады.

Сонымен, күрделі сөз, оның табиғаты мен морфологиялық құрылымы және түрлері жайындағы жоғарыда айтылған мәліметтерді жинақтай келгенде, күрделі сөз кемінде екі түбірдің бірігуінен, тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалады. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар әр басқа ұғымды емес, бәрі жиналып келіп бір ғана ұғымды білдіреді. Күрделі сөздің шыққан тегі - сөз тіркесі. Тілдің даму барысында сөз тіркестері семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөздер жасалған.

1. 2 Қос сөздердің қазақ тілі білімінде зерттелуі.

Түркі тектес халықтарда көп қолданылған, олардың сөздік қорындағы сөздік тұлғалардың бірі - қос сөздер. Сондықтан көптеген ғалымдардың назарын аударып зерттеу еңбектерінің объектісі болды. Сол жайында тоқталайық.

ХІХ ғасырда И. Н. Ильминский, К. Фой, И. Гигонов, А. Казембектің қызығушылығын тудырған бұл сөз тұлғаларының зерттеулеріне кейін түркологтар Н. К. Дмитриев (“Парные словосочетание в башкирском языке” 1930 г. ), И. А. Баскаков (Ногайский язык и его диалекты), Е. У. Убрятова (“Парные слова в якутском языке” 1940 г. ), Б. Орузбаева (Некоторые заметки о парных словах), Б. Қыдырбаев (Қарақалпақ тилиниң грамматикасы), В. А. Агонин (“Повторы однородные парные сочетание в современном турецком языке” 1957 г. ), Ә. Қайдаров (“Парные слова в современном уйгурском языке” 1949 г. ), М. И. Адилов (“Система повторов в азербайжанском языке” 1959 г. ), М. Абдурахманов (“Парные слова в тюркских языках” 1975 г. ) ат салысты. Сол кезеңдегі басқа да түркологиялық еңбектерден қос сөздер сөзжасам объектісі ретінде аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудың жемісі болғанын көреміз.

ХХ ғасырдың бірінші жартысы түркология тарихында көптеген түркі тілдерінің ғылыми грамматикаларының жарық көруімен сипатталады. Бұл грамматикалардың барлығына ортақ ерекшелік - сөзжасамның екі тәсілі ғана -аффикстік және сөздердің бірігуі мен қосарлануы көрсетіледі. Бұған Е. Самойловичтің (“Краткая учебная грамматика современного османо-турецкого языка” Л. Гос. акад. тип. 1925 г. ) . В. Гордлевскийдің (“Грамматика турецкого языка” М. 1928), С. Ястремскийдің (“Грамматика якутского языка” М. 1938 г. ) .

И. Батмановтың (“Грамматика киргизкого языка” ч. ІІ Фрунзе, 1939), А. Кононовтың (“Грамматика турецкого языка” М. Л. 1941 г. ), Н. Дмитриевтің (“Грамматика кумыкского языка” М. Л. 1940), Л. Харитоновтың (“Современный якутский язык” М. І Якутск, 1947 г. ) еңбектері дәлел. Аталған еңбектерде қос сөздер әр сөз табының аясында қарастырылады, аздаған мысалдар келтіріледі. Осы тақырыпқа арнайы жазылған еңбек деп Н. К. Дмитриевтің мақаласын атауымыз керек [1940, 501-516] . Автор башқұрт тілі деректерінің негізінде қос сөздердің жасалуы, түрлері, мағыналары жөнінде ғылыми тұжырымдар жасайды. Отызыншы жылдардан бастап түркологияда қос сөздерге байланысты көптеген мақалалар

жарық көріп диссертациялар мен монографиялар жазылды.

Қазақ лингвистерінің біраз тобын бұл тақырып бейтарап қалдырмаған. Осы мәселе төңірегіндегі зерттеулерді сала-салаға бөліп, саралағанда, морфологиялық, этимологиялық, стилистикалық тұрғыда қарастырылған бірталай еңбектерге кездесеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос сөз
Қос сөздердің түрлері
Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар
Қос сөздер мен олардың жасалу жолдары
Қос сөздердің жасалуы
Қос сөздердің қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
Абай жолы шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі
Туынды сөздердің зерттелуі, қалыптасу негіздері
Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы, аналитикалық тәсіл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz