Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу


«Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК
Тіл және әдебиет кафедрасы
Кафедра атауы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстанның солтүстік аймағындағы жер-су атауларының этнолингвистикалық сипаты
Мамандығы: Негізгі бөлім қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Пәні: Қазақ тілі
Орындаған: Жаниев Талғат
Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. д А. Е. Бейсембина
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ___
Хаттама №
«» 2014 жыл
Көкшетау, 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ»
1. 1 Жер-су атауларын зерттеудің тарихи-теориялық негіздері
1. 2 Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
1. 3 Бодандық дәуірлерде Солтүстік Қазақстан топонимикасына өзге халықтар тілінің әсері және қазіргі жай-күйі
1. 4 Жер-су атауларының ұлттық таныммен байланысы және қазіргі кезеңдегі ұстанымдар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақ халқының мекен еткен аумағы аса зор кеңістікті алып жатыр. Оңтүстік Сібір ойпатынан Сырдарияға дейін, Еділ өзенінен Монғол Алтайына дейінгі Еуразия даласы - қазақ ономастикасының көрініс табу ареалы болып саналады. Аталған байтақ өлкедегі топонимдердің өзіндік қалыптасу тарихы, өзгеру себептері бар. Топонимдер белгілі бір этностың өзге этностармен тарихи байланысы арқылы көрініс табатындықтан, оның этнолингвистикалық сипаты бар. Қазақ даласындағы жер-су атаулары бекерге қойылмаған. Мұнда біздің халқымыздың ежелгі замандардан бері, қазіргі күнге дейін бастан кешкен тарихы, қуанышы мен мұңы, арман-тілегі бар. Мысалы, Қалмаққырған, Қалмақкөл т. б. атаулар біздің осы өлкеде қалмақтардың болғанынан, қазақтарға жаугершілік жасағанынан хабар берсе, Қызыләскер, Қызылұйым, Қызыл Қазақстан т. б. атаулар кешегі кеңес заманының белгісі. Ал Атамекен, Береке, Нұрлы көш т. б. атаулар тәуелсіздік алғаннан кейінгі салтанатты күндердің куәсі болып табылады және мұндай атаулар күн санап көбейіп келе жатқаны қуантады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі қазақ тіл білімінде ұлт, тіл, мәдениет арақатынастарының, өзара байланысының жаңаша бағытта зерттелуі ономастикалық материалдарды кешенді түрде, яғни қазақ халқының санасымен, дүниетанымымен, өмір сүрген табиғи ортасымен, ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылығымен, т. б. тұрғыда қарастыруға үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Қазақ тіліндегі өте бай ономастикалық қорда, соның ішіндегі географиялық жалқы есімдер жүйесінде қазақ этносына қатысты орасан мол этнотанымдық ақпараттар жинақталған. Осындай мол ақпараттық байлықты антропоцентристік парадигма аясында қарастыру зерттеушілерге қазақ жалқы есімінің онтологиялық табиғатын, көп қырлы ерекшеліктерін тану мен сипаттауға жаңа жол ашады.
Қазақ даласына кешенді жүргізілетін лингвистикалық зерттеулердің бір нысаны - қазақ топонимиясының аймақтық (регионалдық) жүйесін қарастыру белгілі бір шектеулі аймақтағы жер-су аттарының сол өңірдің этномәдени, рухани тарихымен байланысын зерттеу болып табылады. Аймақтық топонимиялық материалдар сол аймаққа ғана тән лингвотарихи, этномәдени, этнотанымдық тарихына қатысты және сонымен бірге жалпы қазақ топонимиясына тән заңдылықтарды айшықтап, аражігін көрсетіп бере алады. Біздің «Қазақстанның солтүстік аймағындағы жер-су атауларының этнолингвистикалық сипаты» атты зерттеуіміздің өзі осындай ауқымда қарастырылатындықтан, курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін танытады.
Қазіргі заманда егеменді Қазақстанның алдында тұрған экологиялық, экономикалық мәселелерді шешуде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының әр қырынан, жан жақты зерттеудің маңызы асып отыр. Бұл тұрғыда лингвистика ғылымының атқарар жүгі де аз емес. Кез келген топонимдік атаудың артында бүтіндей бір дәуірлер, тұлғалар, оқиғалар тұрғандығы, оның сол өңірде бағзыдан өмір сүріп келе жатқан халықтың тарихымен біртұтастықта өмір сүріп келгендігі әрдайым ескерілуі тиіс.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Солтүстік Қазақстан аймағының жер- су атауларының этнолингвистикалық сипатының алуан қырларын, қазіргі жай-күйін қарастыру, бұдан нақты қорытынды жасау - курстық жұмысымыздың мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Жоғарыда белгіленген мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді алға қойып жұмыс жасау жүзеге асырылады:
- зерттеу жұмысының теориялық өзегі болып отырған жер-су атауларының ғылыми терминдері мен олардың беретін мағынасын айқындау;
- Солтүстік Қазақстан аймағындағы жер-су атауларының тарихи кезеңдерге байланысты өзгеріске түсуі мен қазіргі жай-күйі туралы толыққанды мәліметтер жинап, сұрыптап ұсыну.
Зерттеу жұмысының нысаны: Солтүстік Қазақстан аймағы топонимикасы зерттеу жұмысымыздың нысаны болып табылады.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысымызда математикалық, диахрониялық, индукция-дедукциялық әдістерді тиісінше қолдану жүзеге асырылды. Жұмысты жазуда қазақ тіл білімі мен жалпы география, Қазақстан географиясы бойынша теориялық, практикалық білім дағдылары орнымен қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы. Зерттеу жұмысымызда Солтүстік Қазақстан аймағы топонимикасының этнолингвистикалық сипаты және оның қалыптасу тарихы, қазіргі өзгеру бағыты мен алда атқарылатын жұмыстардың бағыты жөнінде біршама ғылыми жұмыстар жүргізуіміз жұмыстың ғылыми жаңашылдығы болмақ. Ал жұмысымызда ұсынылған болжамдар мен қорытындыларды, өзге де ақпараттық мәліметтерді тіл білімі мен география пәндері бойынша қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және оның тараушаларынан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сонымен қатар қосымшалардан тұрады.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
1. 1 Жер-су атауларын зерттеудің тарихи-теориялық негіздері
Республикамыздағы жер-су атауларын зерттеу өте күрделі мәселелердің бірі. «Жеріңнің аты -бабаңның хаты» деген қазақ халқы. Қазақ даласының қай тұсында болмасын, жер-су атауларының өзіндік қойылу себебі бар. Жер-су атауларын ел тарихымен, мәдениетімен сабақтастырып, оларды қоғамдық әлеуметтік саяси өзгерістермен ұштастыра қарастыру ұлттық тілімізді зерттеудің қоғамдық рөліне қатысты академик Әбдуәли Қайдаров: «Ең алдымен оған тірек болар үш тағаны жазу сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірі), ономастика (жер бетіндегі ескерткіштер), терминология ( оның баю, жаңару көзі) берік емес екенін мойындау қажет», - деп атап көрсетті. Демек, ұлттық ономастиканың қоғамдағы рөлін белгілеу арқылы оны жаңа деңгейге көтеруге болады. Бұл жұмыс ономастиканың негізгі салаларының бірі топонимияны зерттеу арқылы жүзеге асады.
Кез келген аймақтың (аумақтың, регионның, өңірдің, өлкенің) топонимиялық жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан: аймақтың табиғат жағдайларын, сол өлкені мекендеген халықтың көне және жаңа тарихын өн бойында сақтаған, ұлттың материалдық және рухани мәдениеттерінен көрініс бере алатын көптеген жалқы географиялық есімдер жиынтығы, кешені болып келеді.
Осы кезге дейін Қазақстандағы жеке аймақтардың жер-су атауы ерекшеліктерін бейнелейтін атаулар бірлестігінің арнайы жете зерттелмеуі байқалады. Солтүстік Қазақстан - адамзат баласы ежелгі замандардан бері мекендеген, қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар сақ, ғұн, қыпшақ, қимақ тайпалары мекендеген бұл аймақтың топонимиясында жергілікті табиғат жағдайларынан хабар беретін атаулар тобы көрнекі орын алады. Солтүстік Қазақстан аймағы жер-су атауларының өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін атауларды зерттеудің маңызы зор деп білеміз.
«Аймақтық топонимиялық жүйе ұлттық топонимиялық жүйенің құрамдас бөлігі, сонымен қатар өзіндік аймақтық өзгешіліктері бар жүйелік топонимикалық құрылым болып табылады. Топонимиялық аймақтың межелері әкімшілік - экономикалық аумақтық межелерімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ әкімшілік -экономикалық құрылыстың тарихи, саяси, шаруашылық, этномәдени факторлары аймақтық топонимиялық жүйені сипаттауда назарға алынады. Сонымен қатар жергілікті тіл ерекшеліктерінің де аймаққа қатысы ескерілмек» [2] .
Солтүстік Қазақстан - қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына аса зор үлес қосқан көптеген айтулы тұлғалар шыққан қасиетті мекен. Солтүстік Қазақстанның аумағы да орасан кеңістікті алып жатыр. Біз ғылыми жұмысы барысында зерттеу нысаны ретінде алынған аймақтың географиялық орналасымы мен шаруашылық -экономикалық күйіне де тоқталып өтелік.
Солтүстік Қазақстан аймағына Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары жатады. Бұл аймақ Ресей Федерациясымен шектесіп жатыр. Қазақстанның солтүстігінде Астана, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Петропавл сияқты ірі қалалар орналасқан.
Солтүстік Қазақстанның табиғаты әр алуан, тамаша, бай. Бұл өңірде Есіл, Ертіс, Тобыл өзендері ағып жатыр. Осы аймақта Бурабай, Баянауыл сияқты әдемі демалыс -сауықтыру орындары бар. Солтүстік Қазақстанның біраз бөлігін қарағай, ақ қайың, көктерек аралас көлемді ормандар алып жатыр.
Солтүстік Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер дүниесі өте бай. Осында өте көп дәрілік шөптер өседі. Ормандарында бұлан, қасқыр, қоян, түлкілер, даласында киік мекендейді.
Бұл аймақтың ауа райы шұғыл континентті: жазы - аптап ыстық, қысы - суық, аяз. Жаздыгүні жаңбыр жиі жауса, қыста қар көп жауады.
Солтүстік Қазақстан - астығы мол өлке. Республика бойынша дайындалатын астықтың басым бөлігі осы аймақта өндіріледі. Аймақ ауқымында темір рудасы, құрылысқа қажетті табиғи заттар, алтын, көмір қоры мол. Республикамыздың экономикасында бұл аймақ ерекше орын алады.
«Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда 24 қала мен 2 кент бар. Орталық Қазақстаннан солтүстікке қарай Ақмола облысы орналасқан. Облыстың аумағында республикалық маңызы бар Астана қаласы орын тепкен.
Республика халқының 24 пайызы Солтүстік Қазақстан аймағында тұрады. Аймақтың еңбек ресурсы жоғары. Экономикалық белсенді халықтың үлесі 73 пайыз, жұмыссыздардың үлесі орта есеппен 7, 8 пайыз. Солтүстік ауданның урбандалу деңгейі 58 пайыз. Қала халқының үлесі төмен облыстарға Солтүстік Қазақстан (35%) және Ақмола облысы (48%) жатады.
Мемлекетіміздің басқа аймақтарына қарағанда халықтың орналасуы біркелкі, орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 5, 4 адамнан келеді[3] .
Ірі өзен аңғарларында халықтың орналасу тығыздығы жоғары, оңтүстік шығыс аудандарда халық сирек қоныстанған. Аймақ жерінде оңтүстік аймаққа қарағанда шағын ауылдар көбірек және олардың арақашықтығы бір-бірінен ондаған километрге алысырақ орналасқан. Жыл сайын ауылдық елді мекендерден біржолата көшіп кетушілердің саны молая түсуде. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов, Ақжар, Қостанай облысының Жангелдин, Амангелді, Ақмола облысының Еңбекшілдер, Павлодар облысының Ақтоғай, т. б. аудандары халқы жылдар өткен сайын азая түсуде. Және бұл аудандарда тұратын халықтың басым бөлігі қазақтар.
Жыл сайын Солтүстік Қазақстан аймағында ондаған ауылдар болашағы жоқ деп танылып, жойылып жатыр. Бұрынғы Көкшетау облысының Уәлиханов ауданына қараған Қазанғап, Сарыадыр, Қойтас, Домбыралы, Азнабай, Терек, Жанбай т. б. ауылдарының қазіргі күні орны ғана жатыр. Өзге ондаған ауылдар құрып бітудің аз-ақ алдында отыр. Бұл бір ауданның ғана мысалынан алынған дерек. Мұның өзі аталған өңірдің жер-су атауларын тездетіп зерттеп, ғылыми айналымға түсірудің қажеттілігін көрсетеді.
Солтүстік Қазақстан аймағы аудандарының жер-су атауларын тарихи-лингвистикалық тұрғыдан да, этномәдени ерекшеліктері тұрғысынан да зерттеу кезек күттірмейтін іс деп білеміз. Әрі қазақ даласының Ресеймен шектескен солтүстік өңірі - ұлттық топонимикасының тұнығы аса лайланған аймақ болуымен де ерекшеленеді. Мұндай деңгейі тұрғысынан алып қарағанда Солтсүтік Қазақстан аймағы топонимикасындағы мұндай халді Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарымен ғана салыстыруға болады. Аталған аймақтарда қазақ халқы әлі күнге дейін елу пайыздық межеге жете алмай отырғандығы да ономастика мәселелерінің дұрыс шешілуіне қолбайлау болып отыр деп білеміз.
Осы мәселелерді басшылыққа ала отырып, біз өлке топонимдерін зерттеудің тарихи-теориялық жалпы негіздерін қарастырып көрелік.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі адамдар өмір сүру үшін күрес
үстінде өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, өсімдік, жануарлар дүниесімен тікелей қарым-қатынасқа түсті. Олар күнкөріс пен тіршілік жағдайында жер суға, табиғат құбылыстарына тәуелді болып келді. Сондықтан олар, ең алдымен өздерін қоршаған ортаның қыр-сырын, тыныс тіршілігін ұғынуға тырысты. Сөйтіп, адамдар көне замандардан бастап өздерін қоршаған дүниенің тау тасына, өзен көліне, орман-тоғайына, түз даласына, ой қырына ат қойып айдар тағабастады.
«Алғаш пайда болған атаулар күрделі сипатта болған жоқ. Олар әдетте жеке сөздерден тұрды және ол атаулар қайталанып та беріліп отырды. Бірте-бірте ол сөздер географиялық терминдерге айналды. Жалқы есімдер адам санасының дамуымен бірге күрделеніп, екі немесе одан да көп сөздер тіркесінен құрала алатын дәрежеге жетті. Ондай күрделі атаулар құрамында о баста жеке бір обьектінің атауы ретінде пайдаланылған өзен, көл, тау, дала, су сияқты сөздер қолданыла бастады. Бара-бара таңбаланып объектінің атауы ретінде оның сын-сипаты, сапасы және басқа да көптеген қасиеттері негіз бола бастады»[4] .
Ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын, мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикасын, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі топонимика осылай қалыптасты.
Жер-су аттарының шығуы, қалыптасып дамуында лингвистикалық факторлармен қатар табиғат құбылыстарының, жер бедері мен көрік келбетінің ерекшелік сыр сипаты, бейне көріністері, қоғам өміріндегі тарихи, әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістердің жай-жапсарлары тайға таңба басқандай анық та айқын көрініс береді. Олар өткен өміріміз бен тірлік болмысымыздың рухани байлығына тән мәдени ескерткіш ретінде ғана құнды емес, бүгінгі таңда да стратегиялық тұрғыдан зор мән-мазмұнға ие. Өйткені әрбір қоғам өмірі тарих деңгейінде қандай да болмасын, жер-су аттарының қатысынсыз болған емес. Олар заман ағымына сай толысып, қазіргі өмірімізде де ерекше қызмет атқаруда.
Республикамызда миллиондағын жер-су аттарының сыр-сипаттары мен қойылу себептері, аталу заңдылықтары, тарихи даму жолдары ғасырлармен
үндес жатыр. Ғалымдардың болжамына қарағанда республикадағы жер-су аттарының саны орта есеппен бір шаршы шақырым жер бір атауға ие деп есептегенде, кемінде 2, 5 миллионға жуық көрінеді. Бұған қазақтың данышпан жазушысы Мұхтар Әуезовтың: «Біздің қазақ жер аты, тау атын ертеде сол ортаның сыр сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда қандай бір өлкеге барсаңда, жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»[5] деген сөзі дәлел. Ұлан байтақ жеріміздегі осыншама атаулар талай ғасырдың кәрі шежіресі дерлік.
Барлық өңірлер сияқты, Солтүстік Қазақстан аймағындағы жер-су атауларын да екі үлкен топқа бөлуге болады. Олардың бір бөлігі ірі географиялық нысандар атаулары болса, екіншісі кіші нысандар атаулары болып саналады. Бұларды ономастикалық ғылыми терминмен макротопоним және микротопоним деп атайды.
Макротопонимия. Халыққа кеңінен танылып, ресми тұрғыдан белгілі
болған ірі физикалық географиялық нысандар аттары. Макротопонимдер сол территориядағы табиғаттың көріністеріне және байлықтарына, оның ландшафтарына, жер бедеріне, шаруашылығына байланысты болады.
Ал микротопонимия белгілі аумаққа тән ұсақ физикалық географиялық нысандардың, яғни өзен мен көлдердің, көлшік, бұлақ пен бастаулардың, құдық пен жылғалардың, жыра мен сай салалардың, жота мен төбе, төбешік, қыр қыраттарының, шабындық пен пішендіктердің, қыстау мен жайылымдарының аттары. Бұл макротопонимдер және микротопонимдер деген терминдерді тіл біліміне алғаш рет А. В. Суперанская және Э. М. Мурзаев қолданды.
Кіші аймақтық топонимияның ерекшелігі - аудан тіпті белгілі бір ауыл әкімшілік (ұжымшар) территориясы көлемінде микротопонимдік жүйе құра алатындығы.
Микротопонимдерге тән тағы бір басты өзгешелігі - белгілі бір аса көлемді емес (шектеулі) аймақтың аудан, ауыл (ауыл іші немесе маңайы) микротопонимдік жүйесінде болуы. Осыған байланысты микротопоним шартты түрде азғана адамдарға мәлім, уәжділігі жергілікті тұрғындарға ғана белгілі және ұсақ нысан (объект) атауы ретінде карталарда белгіленбеген. Микротопонимдердің осындай сипаттары кіші аймақ(аудан) топонимдерге, яғни аудан аймақтық топонимиялық жүйе бірліктеріне тән деп айта аламыз. Мұның өзі Солтүстік Қазақстан аймағы өңірлеріне тән.
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ішінде сан жағынан молы да, көбі микротонимдер. Олардың өлкеде мейлінше болуының заңды себебі де бар. Солтүстік Қазақстан аймағы табиғат жағдайлары өте алуан түрлілігімен ерекше.
Топонимдердің, әсіресе, эндонимдердің ең негізгі қасиеті олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне ғылыми мәліметтер береді. Мысалы, географиялық атаулардың құрамын зерттеу сол аймақты ежелгі заманда қандай тайпалар, халықтар мекендегенін анықтауға, олардың өткен тарихының ерекшелігін қалпына келтіруге, тараған жерінің шекарасын белгілеуге, орын ауыстыру, бағытын шамалауға, бұрынғы мәдени және экономикалық орталықтарын, сауда жолдарын т. б. білуге болады. Осы мағынада топонимдер тарих, этнология, археология және тіл біліміне нақтылы мағлұмат береді.
Жер-су атауларының пайда болуын, мән мағынасын айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер мен өзгерістерді зерттейтін топонимика ғылымы өз ішінде өзара байланысты бірнеше салалардан тұрады:
- ороним - жер беті бедерінің кез келген атауы;
- зооним - жануар атауларынан пайда болған атаулар;
- фитоним -өсімдік атауларынан пайда болған атаулар;
- антропоним - кісі есіміне қойылған атаулар;
- геолоним - батпақ атаулары;
- гляционим - мұздық атаулар;
- дримоним - орман массивтерінің атаулары;
- этнонимдер - ру, тайпа атаулары;
- мифоним - аңыз, әңгіме, эпостардағы қиялдан туындаған атаулар;
- спелонимдер - үңгір атаулары;
- некронимдер - қорған атаулары;
- инсулоним - арал атаулары;
- ихтоним -балық атауларынан пайда болған атаулар;
- орнитоним - құс атауларынан пайда болған заттар;
- геноним - тек, ген, ұрпақ кезеңінің атаулары;
- космоним - онимнің түрі, галактика мен ғарыш денелерінің, жұлдыздар мен жұлдыз шоғырларының атаулары;
- ойконим - қала, елді мекен атауы;
- хороним - топонимнің түрі, табиғи әкімшілік аумақтық бірліктердің атаулары;
- геоним - кен байлықтарының атауларынан пайда болған аттар;
- гидроним - су нысандарының атаулары, гидронимнің өзінен сала ішілік келесі бағыттарды бөліп көрсетеді;
- лимниним - көл аттары;
- потамоним - өзен аттары, бұлақ аттары, құдық аттары;
- Урбоним - қала ішілік нысан атаулары, урбанонимның өзінен сала ішілік келесі бағыттарды бөліп көрсетеді;
- годоним - көше атаулары;
- агороним - алаң атаулары;
- эмпороним - дүкен атаулары;
- дромоним - жол қатынасы тораптарының атаулары.
Топонимика тіл тарихын зеттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер архаизмдер мен диалектизмдер тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді.
Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Жергілікті географиялық атауларды басқа тілдерге қатесіз берудің іс жүзіндегі жолы, транскрипция және транслитерация әдістері болып табылады. Бұл әдістердің географиялық нысандары картаға, атласқа түсірілгенде, түрлі әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде және коммуникацияның барлық саласында олардың атауларын дұрыс жазуға көмектесетіні анық.
Адамдар өздерін қоршаған ортаны, ондағы түрлі нысандарды белгілеу барысында туғызатын көптеген жаңа атауларына арқау болған күнделікті тұрмыс тіршілігіне қажетті әртүрлі құралдардың атаулары тұрмыс пен тіршіліктің, кәсіпшілік пен шаруашылықтың көріністерін құнды мәлімет берсе, наным сенім, түсінік пен тіл шеберлігінің негізінде қалыптасқан атаулар ұлттық таным түсінік тұрғысынан бастаулардың бірі болып табылады.
Бай халық қазынасының осы күнге дейін зерттеушілер назарын аударып, халқымыздың ғылыми тілінің жасалуына негіз болуының өзін тарихи феномендеуге болады. Бұл жөнінде 1910 жылы шағатай тілінде жарық көрген «Тауарихи хамсий шарқит» кітабында Құрбанғали Халид былай жазған: «Менің өте таң тамаша болатыным қазақ оқымаған халық деген лақап айтылады. Ал жағрапия, астрономия сияқты арнаулы пән оқымай білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған дәлме-дәл ат қойып сөйлейді»[6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz