Өзіне меншікті өндіріс шалафабрикатының есебі


Мазмұны
Кіріспе 3
I Бөлім. Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі.
- Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру 4-13
- Үстеме шығындардың есебі 14-16
- Көмекші өндірістің шығындарының есебі 17-19
II Бөлім. Негізгі өндіріс шығындарының есебі
- Негізгі өндіріс шығындарының есебі 20-24
- Өндірістегі ақауларды есепке алу 25
2. 3 Өзіне меншікті өндіріс шалафабрикатының есебі 26-27
Қорытынды 28-29
Қолданылған әдебиет 30
Қосымшалар 31-33
Кіріспе
Аталмыш пән - Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм. Онда ақша және несиенің теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірудегі техникалық институттарының рөлі мен алатын орны зор. Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі» болғандықтан, курстық жұмыстың басты мақсаты жұмсалған шығындардың есебін тереңдетіп оқыту, ол арқылы осы тақырыптың теориялық білімін нығайту және арттыру болып табылады. Кәсіпорынның жекеленген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер,
сондай - ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу- машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу- механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т. б. Субъекті шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
- Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекеленген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай - ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу- машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу- механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т. б. )
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарынан кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперементтік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперементтік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа тарапта жұмыстардыатқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін
маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара өндіріс - өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді; дайындық -қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімніңөзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым бойыеша есепке алынады.
Сериялық өндіріс бір келкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған, аспаптар мен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өндеуде неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі. Шығарылатын өнімдердің ассортименті көп болғанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі тек шығындары есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.
Кез келген өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз ету керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу, қызмет көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдпу үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері ьойынша жіктелуі мүмкін:
- Шығындардың туындайтын орындары бойынша; өндіріс тізбесі бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
- Қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;
- Шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей - өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни бірнеше өнім түрлерінөндірумен байланысты бөліп бөлінеді;
- Өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы - шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін; тұрақты - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар;
- Шығыстар түрі бойынша; экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбекақы шығындары; еңбек ақыдан айдарылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы; басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі бойынша:
- Өндірістік;
- Коммерциялық;
- Әкімшілік.
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізгі болып табылады, олардың сызбасын мынадай етіп салуға болад Өндірістік өзіндік құны (1-сызба)
Өндірістік Активтер (дайын Сатылатын
Өзіндікқұнғаөнім, аяқтал- өнімнің
Қосылатын маған өндіріс өзіндік құны
Шығындар және т. б. )
Өндірістік Сатылатын
Өзіндік құнға жұмыстардың,
Қосылатын қызметтердің
Шығындар өзіндік құны
Жұмыстарды атқарған,
Қызметтерді көрсеткен
Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар немесе міндеттемелердің өсуіне әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтілед.
«Цехтар бойынша шығындар» ведомысы, онда 90, 92, 93 және 95 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 және 95 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындардын жинақтауды жүзеге асырады.
«Цехтар бойынша шығындар» ведомысына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
- «Материалдар шығындарын бөлу» кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастарына көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбекақы шығыстары; еңбекақыдан аударылатын аударымдар;
- «Негізгі құрал - жабдықтар амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал - жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі;
- «Материалдық емес активтер амортизациясының есебін» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизациясының сомасы көрсетіледі;
- «Көмекші өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі. Өндіріс есебін ұйымдастырудың схемесы төменде келтірілген.
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
(2-сызба)
Өндіріс шығындарының талдамалық есебі калькуляция объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілірін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80 бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың бас жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың өозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Жабық бухгалтериясы жабық болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір «ноу-хауты» және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, «Жаңалықтарды» өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясын ақпараттың сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшінде «Жабық» болуы мүкін.
Қаржылық және өндірістік арасындағы өзара
қарым-қатынастары бухгалтериясының (3-сызба)
Есепті кезең басында аяқталмаған өндірістің қалдықтары
1340-шоттарында есепке
алынады
Есепті кезеңге өнімге, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге жұмсалған барлық шығындарды берілед.
Есепті кезеңді өндірістік өнімді, атқарылған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді беред.
Есепті кезеңде өзі өндірген шалафабрикаттарды өткізу үшін береді
Есепті кезеңде өндірісте пайдаланбаған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, ақауларды қайтарады
Есепті кезеңнің соңында 8010, 8020, 8030- шоттары бойынша аяқталмаған өндірістің өзіндік құны беріледі
Жаңа есепті кезеңнің басында 1340-шоттарындағы есепке алынған аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі
Транзиттік шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып, шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша 3 категорияға бөлінеді:
- Шығындарға кеткен тікелей материалдар;
- Шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
- Үстеме шығыстар. Үстеме шығыстардың есебі
Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көрмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелеі дайын өнім түрлеріне бірлігіне жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
- Кешендік сипаты- шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
- Екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізіне ол шаруашылыққа есеп саясатына сәйкес көрініс табады:
- Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп пропорционалды тартылады.
- Тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп пропорционалды таратылады
- Өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп пропорционалды етіп тартылады
- Алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады
- Басқа да тарату базалары бойынша таратылады құрал -жабдықтың жұмыс сағатына және т. б.
Құрал-жабдықты пайдаланумен және күтіп-ұстау шығындары бойынша сметалық мөлшерлемесін есептеу
Қатар №
Топтары бойынша құрал-жабдықтардың атауы
Құрал-жабдықтарды пайдаланумен және күтіп ұстау шығыстарының топтары бойынша жылдық сомасы (мың тг. )
Бір құрал-жабдықтың жыл бойында жасайтын (істейтін) машина-сағатының саны (сағ. )
Бір машина-сағатының нормативтік мөлшерлемесі(тг. )
Құрал-жабдықтың топтары бойынша машина-сағатының коэффициенті
Машина-сағатының жылдық коэффициентінің саны
Бір бұйынша ай ішіндегі тиесісі
Сметалық мөлшерлемес(тг. )
машина-сағатының саны
Келтірілген машина-сағатының саны
Есептелген оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, технологиясы және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің незінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Есептелген сметалық мөлшерлеменің негізінде құрал-жабдықты пайдалану және күтіп-ұстау шығыстарын өнімді шығару туралы мәліметтерін тарату үшін келесі есептеулер жасалады. Мысалға, құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары 2775360тг. құраған. Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды таратқан кезде, оның сол тиесілі бөлігіне жататын ақаудың өзіндік құнын ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық мөлшерлемені анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды жөндеумен айналысатының жұмысшының жалақысы 18 тг. болса, ал оның сметалық нормативтік мөлшерлемесі 7, 5тг. құраған, бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиесілі сомасы арқылы анықталған.
Жалпы, үстеме шығыстар негізгі жалақының деңгейіне байланысты етіп таратылады, ол мынаны құрады:
- Негізгі өндірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы-4929000тг. ;
- Көмекші өндірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы-319тг. ;
- Ақауды жөндеумен шұғылданатын еңбеккерлердің жалақысы-7200тг. ;
Үстеме шығыстарының жалпы сомасы 3460700тг. құраған. тарату коэффициенті мынаған тең:
0, 42586941(3460700/(4929000+319+7200) ) .
- Көмекші өндірістің шығындарының есебі
Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы және жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.
«Көмекші өндіріс қызметін таратудың» талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің және жеке өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсықызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс.
Екінші бөлімнің деректері «Цех шығындарының» негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де 8030-шоты кредиттеледі.
Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелерінің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.
Қарапайым өндіріс біртекті, күнделегі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар электр станциялары, буқазандық, комплессорлық және огттегі станциялары, автомобидь көлігі болмайды.
Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдарын, өнімдерін, жұмыстарын және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік үлгілік, аспаптық, ыдыс цехтары жатады.
Қарапайым өндірістің калькуляциясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өнімнің санына бөледі.
Нықталған өімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға8030 шотының кредитінен есептен шығарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz