Қарым - қатынас ұғымы
Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Педагогика және Психология Факультеті
Педагогика кафедрасы
Кабдырахманова Асем Жаркынкызы
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БАСҚАРУДЫҢ БІР ТҮРІ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекшісі: Ермаганбетова А.Ж
Қостанай, 2017
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Білім беру процесіндегі қарым-
қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қарым-қатынас
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 5
1.2 Қарым-қатынастың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъекттерінің өзара
әрекеттесу формасы ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Педагогикалық қарым-қатынас бағыттылығы, ерекшелігі, бірліктері және
деңгейлік
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..15
2.2 Тиімді қарым-қатынас - педагогикалық шеберліктің
негізі ... ... ... ...24
2.3 Педагогикалық қарым-қатынастағы
кедергілер ... ... ... ... ... ... . ... ... . 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.31
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
КІРІСПЕ
Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты
мақсаттардың бірі көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің,
қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып
табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық
негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі
мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба - қазақ тілін мемлекеттік тіл
ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің
білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық
деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын
тәрбиелеу мен оқыту процесі деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі
арқылы жүзеге асады.
Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі
қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық
дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым- қатынас
саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім
беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты
жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н.
Мясищев) еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық іс-әрекеттің
түрі ретінде қарастырылады. Тұтас педагогикалық үдерістің (З.Ж. Жанабаев,
М.С. Молдабекова), өзара қатынас мәселесінің (Р.Г. Баранцев, Е.Н.Князева,
М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы ересектер арасындағы
педагогикалық қарым-қатынастың дамытушылық функциясымен тығыз байланысты
шығармашылық әлеуетінің зор екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың ортасында дүниенің әр түпкірінде қарым-қатынас мәселесіне
арналған зерттеулер шамаман бір уақытта пайда болып, тарала бастады. Мұндай
зерттеулер ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер
ерекше орын алады. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара
қатынас жасауының ерекше формасы.
Зерттеу өзектігі: қарым-қатынас - басқарудың бір түрі тақырыбының
маңыздылығы және күрделілігі.
Зерттеу пәні: қарым-қатынас - басқарудың бір түрі.
Зерттеу объектісі: қарым-қатынас.
Зерттеудің мақсаты: қарым-қатынас - басқарудың бір түрі аспектісін
толық жүйелі түрде анықтап тақырыптың шымылдығын ашу. Қарым-қатынас -
басқарудың бір түрін жалпы түрде қарастыру болып табылады.
Зерттеудің міндеттері: тақырыпты ашу барысында өзіме келесі
міндеттерді қойдым:
- қарым-қатынас ұғымын қарастыру;
қарым -қатынастың жалпы сипаттамасын анықтау;
- педагогикалық қарым-қатынас бағыттылығы, ерекшелігі, бірліктері және
деңгейлік кұрылымын зерттеу;
тиімді қарым-қатынас - педагогикалық шеберліктің негізін ашу;
педагогикалық қарым-қатынастағы кедергілер көрсету.
Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Білім беру процесіндегі қарым-қатынас
1.1 Қарым-қатынас ұғымы
Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті - білікті мамандарды
дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына
қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің болашақ дамуына арналған Қазақстан
- 2030 бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және
жаһандануы арқылы мәдениет жасаушылық, интеграциялық рөліне ерекше мән
берген болатын. Осыған байланысты елімізде жоғары білім беру саласы соңғы
жылдары өзгерістерге ұшырап, жаңа бағыт іздеу жолында.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылгы 18 ақпандағы Қазақстан халқына
жолдауында: XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелуі анық
делінген. Өскелең ұрпақ жан-жақты тәрбиелі, білімді болғанда ғана еліміздің
болашағы жарқын болмақ [1].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның
егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және
өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мекемелерді қалыптастырудағы
басты шарттардың бірі. Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар, жедел
ақпараттану, жаңа стратегиялық бағдарлану, экономикалық саладағы түбегейлі
өзгерістер заманы адамзат қоғамы алдына аса күрделі міндеттерді қойып отыр.
Өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған жағдайда ұлттық білім беру
жүйесінің де жаңа талаптарға сай бейімделуі, жаңа реформалы қайта құруларға
ашық болуы табиғи құбылыс. Бүгінгі күні қалық жұртшылық назарына ұсынылып,
бүкіл халықтық талқылау жүріп жатқан ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы осындай заман талабынан, объективті
себептерден туындаған дүние [2].
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007ж.) және үздіксіз
білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында (2009 ж.) келешек қоғам
мүшесі, болашақта оның белсенді қайраткері болатын ұрпақпен, олардың білім
алып, дамуымен айналысатын мамандарды білімді де, парасатты, шебер де,
іскер етіп даярлауға баса көңіл болу керектігі атап айтылған. Осы тұрғыдан
алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман даярлау мәселесі қай кезде
де ең өзекті істің бірі.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының негізі
ұйытқысы осы бастауышта құрылатыны педагогтардың да, психологтардың да
еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын,
баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға - мұғалім. Мұғалімнің
білім беру барысында орынды қолданған әдіс-тәсілдері, қарым- қатынасы, әр
түрлі іс-әрекеттері негізінде оқушының жеке бас қасиеті қалыптасады.
Болашақ мамандардың мектеп оқушыларымен тіл тауып, бірден іске кірісіп
кетуі оңай мәселе емес. Ондай икемділік үздіксіз жүргізілетін, ғылыми
тұрғыда ұйымдастырылған педагогикалық білім мен дағдының негізінде жүзеге
асады. Сондықтан да жоғары білімді мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу
орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-қатынастық
құзырлығын қалыптастыру мәселесі ерекше. Демек, жаңаша білім беру - жаңа
білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс
нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен
ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін
оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болған болса, ал
қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға
дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны
баршамызға аян.
Нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесі ұғымының ҚР білім саласына
енуіне байланысты білім, білік, дағды, тәрбие, білімділік, дайындық
ұғымдары автоматты түрде құзыр, құзырлылық ұғымдарымен алмастырылып,
практиктердің қолданыстағы үйреншікті сөзіне айналып кетті.
Заман талабына сай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-
қатынастық құзырлығын жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарының оқу-
тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі нақтылана түсуде. Осыған
байланысты оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынасын қалыптастыру
мәселелерін зерттеу - әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен қатар
көтерілген өзекті мәселелердің бірі.
Қарым-қатынастық құзырлықтың қалыптасу проблемасын ғылыми әдебиеттерде
зерттеген И.Л. Бим, М.Н. Вятютнев, Д.И. Изаренко, Е.Е. Косило, Н.А. Морева,
Н.К. Присняжнюк, А.Н. Щукин және басқалары. ЖОО- ның педагогикалық
үрдісінде қарым-қатынастық құзырлық тәрбие мен білім беру міндеттерін іске
асыруының қызметін атқаратындығы анықталған.
Қарым-қатынасты білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі
құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады.
Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің бір бөлігі, оның бөлінбейтін бөлшегі
іспетті адамзаттың дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы.
Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас құзырлығы студенттердің
саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік
құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Қазақ жазушылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов және т.б.
еңбектерінде қарым-қатынас мәдениеті жөніндегі маңызды пікірлері көрініс
тапқан. Ал қарым-қатынастың психологиялық мүмкіншілігі жайлы пікірлерді
Қ.Б. Жарықбаев, Ә.Алдамұратов және т.б. зерттеген [3].
Психология ғылымында қарым-қатынастың теориясы былайша қарастырылады:
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың
ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас мәселесін психология,
философия, әлеуметтану - осы сияқты әр саладағы ғылымдар жан-жақты
зерттейді. Мысалы: 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік
психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтан
қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты үрдіс
сияқты талданады.
Леонтьев А.А. қарым-қатынас ұғымын әмбебап қарым-қатынасты іс-
әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау
керек деп есептейді.
В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылық потенциалына ие
дейді.
Қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені
де белгілі.
В.А. Мясищевтің еңбегінде қарым-қатынас белгілі бір жағдайда бір-
біріне қатысты немесе бір-біріне әсер ететін нақты тұлғалардың өзара
әрекеттерінің үрдісі сияқты түсіндіріледі.
А.А. Бодалев қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі, іс-әрекет
субъектісі және жеке қасиеттері ретінде дамуының негізгі факторы болатынын
атап өтеді. Қарым-қатынастың тәрбиелік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуге
ғана емес, тұлға интелектісінің дамуына тоқталған.
Қарым-қатынасты философиялық тұрғыда талдаған көпке танымал
ғалымдардың бірі - М.С. Каган. Ол қарым-қатынасты субъект арқылы өзара
әрекеттесу деп түсінеді.
Субъект философияда, әсіресе қазіргі кездегі психологияда да өзіне
үлкен назар аудартуда. Ресейлік ғалым С.Л.Рубинштейннің айтуынша,
философияның негізгі мәні түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету
тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу. Мұның ішінде іс-әрекет
субъектілерді қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету
енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни, өзіне оның екі өзара байланысты -
педагогикалық жэне оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субъектілерін
талдау - жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында
жатыр [4].
Жалпы педагогикалық сөздік бойынша субъект - басқа адамдарда және
өзінде өзгеруді қамтамасыз ететін, заттық-тәжірибелік белсенділік пен
танымды тасымалдаушы. Адамның субъектілігі оның өмір іс-әрекетінде, қарым-
қатынасында, өзіндік санасында көрінеді.
Бұл жерде сөз болып отырған дәстүрлі оқытушы-студент, студент-
мұғалім субъектілер қатынасы өзгеше сипатқа ие болып отыр. Оқытушы мен
студенттің қарым-қатынас мәселесі дәл қазіргі уақытта психологиялық-
педагогикалық зерттеу нысанына айналуда. Бұл мәселені шешудің басты жолы
психологиялық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының қабырғасында
ескерілуі тиіс. Сондықтан студенттің қарым-қатынас дағдылары мен
икемділігін қалыптастыру, яғни, студенттің іскерлік психологиялық қарым-
қатынас кезіндегі әртүрлі жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру
қабілеттеріне ие болуы, студенттермен жағымды қарым-қатынас позициясын
құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса
маңызды болып табылады. Білім беру үрдісіне қатысатын мүшелердің
әрқайсысының өзіндік міндеттері мен құқықтары бар. Оқытушының міндеті -
оқыту технологиясын талдай отырып, студенттердің білімге құштарлығын ояту,
өзіндік икемділіктерін ашу, шығармашылықпен айналысуын ұйымдастыру
негізінде білім беру сапасын көтеру. Студенттің міндеті - оқу, сабаққа
кешікпей келу, тәртіп бұзбау, білім беру үрдісі мен білім мазмұнына
қанағаттану құқығы бар.
Оқытушының әлеуметтік тұлға бейнесінің қалыптасуы психологиялық қарым-
қатынас мәселесіне келіп тіреледі. Жеке адамның әлеуметтенуі өзінің
қоғамына тиесілі өзара қатынастар, кәсіби әлеуметтік талаптарға байланысты
болады. Демек, қарым-қатынас - студенттің тұлға ретінде жетілуіне пайдасын
тигізетін құбылыстардың бірі, яғни, қарым-қатынас арасында өзге тұлғаларды
қабылдап, олардың сөйлеу мәдениетіне бейімделеді.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның қоғамдық рухани және материалдық
құндылығы қалыптасады, жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз
қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет
барысындағы субъектісіне айналады, табиғат пен дүниені таниды, олармен
қарым-қатынасын дамытады.
Қазіргі қоғам өмірінің өзгерістеріне орай қарым-қатынас механизмдері,
оны жетілдіру амалдары қызығушылық туғызып, зерттеудің қарқынды саласына
айналуда. Адамның барлық қадір-қасиеті басқа адамдармен қалай қарым-қатынас
жасағанынан байқалып тұрады. Оның бағыт-бағдары, білімді меңгеруі, есте
сақтауы, эмоциясы мен қызуқандылығы қарым-қатынас жасау барысында көрініс
береді. Адамның қарым-қатынасына ұлттық ерекшеліктерінің әсері өте үлкен.
Олардың психологиялық, педагогикалық алғышарттарын ашу қарым-қатынасты
қалыптастыруға ықпал етеді.
Студенттің әлеуметтенуі екі ұстанымға ие: еліктеу және иілімді.
Болашақ оқытушының бейнесін қалыптастыру үшін студент кәсіби ортада
педагогпен қарым-қатынас барысында жалпы құндылықтарға ие болып,
психологиялық ерекшеліктерге назар аудару қажеттілігі туындайды. Қарым-
қатынасқа қажетті дағды мен икемділікті қалыптастыру үшін әлеуметтік фактор
әсер етеді. Сондықтан да психологиялық қарым-қатынасқа әсер ететін
жағдайлар мен факторлар бір-бірін толықтырады және байланыстырады.
Қазіргі оқу орындарында оқытушылардың рөлі артып, оның студенттерге
психологиялық жэне педагогикалық әсер ету арқылы кеңейді. Оқытушы білім мен
ақпараттың бағыттаушысы болып қана қоймай, педагог, психолог, психотерапевт
болуы керек. Бұған оның педагогикалық қызметінің жетістігі мен беделі
тәуелді. Оқытушының беделі - оқу-тәрбиелеу үрдісінің жетістігіне әсер
ететін ұжымдастар мен студенттер және өзара қатынас барысында білінетін
ұйымдағы оның кәсіби, психологиялық, тұлғалық сипаттамасы. Оқытушының
беделі - оның білімділігіне, адамгершілігіне байланысты болып келеді.
Қазіргі таңда студенттерге оқытушының жеке тұлғасы, оның ашық, қайталанбас
дербестігі тәрбиеленуші және психотерапевт ретіндегі беделі әсер етеді [5].
Егер оқытушы студентпен дұрыс қарым-қатынас орната алмаса, қызықтыра
алмаса, оның қызығушылығы жоғала береді. Ал егер де оқуды өмірде болып
жатқан жан-жақты ақпараттармен байланыстырса - білім сапалы түрде
қабылдануы әбден мүмкін. Осы орайда қарым-қатынастық құзырлық қазіргі
таңда педагогикалық мәселе ретінде қарастырылуда.
Ал Қ.Құдайбергенова Құзырды әртүрлі кенеттен болған жағдаяттарда
мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу
қабілеті, білім мен өмірлік жағдаят арасындағы байланысты орнату
мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық
қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу
дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру
ұсынылады деген тоқтам жасайды.
Субъект-субъектілік қатынас Білім
Сойлеу-тілдік Іскерлік мәдениеті
Әлеуметтік-мәдени Дағды ерекшелігі
Мінез-құлықтық сипаты Тәжірибе
Қарым-қатынастық құзырлық - әлеуметтік-мәдени, сөйлеу-тілдік
мәдениетті де қамтиды. Қажетті тілдерді білуді, қоршаған орта және
адамдармен, болып жатқан уақиға, хабарлармен тұрақты байланыста, топта
жұмыс істеу дағдылары, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерде болуды қамтиды
[6].
Сонымен, жаңа ғасырда бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік
маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика
дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық
қабілеттің негізінде іске асатыны белгілі. Осындай қабілеттердің дамып,
қалыптасуына жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдісі шешуші рөл
атқарады.
Қазіргі жоғары оқу орындарының оқу ортасы білім беру үрдісіне
қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз ете отырып,
студенттердің өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасап,
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі тиіс. Студент өзінің танымдық
әрекетін ұйымдастырушы ретінде ұсынылған білім мазмұны нұсқаларын таңдау
құқығын және өзінің өмірі мен қоршаған орта сапасын арттыру үшін оларды
қолдану тәсілдерін пайдалануға ерікті. Сонда ғана оқыту үдерісіндегі қарым-
қатынастық құзырлықтың қалыптасуына жол ашылады [7].
1.2 Қарым -қатынастың жалпы сипаттамасы
С.И. Ожегов сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік ,
және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеуметтанулық,
психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара
әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен
қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге
асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері
жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия,
психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика — осы сияқты, саладағы
ғылымдар әр жақты зерттейді. Мысалы, Л.П.Буева іс-әрекет пен қарым-қатынас
өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, М.С. Каган қарым-
қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрылым мен атрибутына тән деп
қарастырады. М.В.Соковин адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс- әрекет,
қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады [8].
Қарым-қатынас - адамдар арасында ақпарат алмасудағы, сондай-ақ
серіктесімен бірін-бірі ұғынудағы және түсінудегі әрекеттің күрделі
процесі. Педагогикалық процестің ерекшелігі түрлі әлеуметтік-рөлдік және
оның субъектісінің функционалдық позициясына негізделген. Қарым-қатынас
стилі мен жетекшілік өмір сүру аясында оқыту мен тәрбиелеудің
тиімділігімен, сондай-ақ тұлғаны дамыту ерекшелігімен және оқу тобында
тұлғаралық қарым-қатынасты қалыптастырумен анықталады.
Педагог-қоғамдық тіршілік иесі, өмірінің көп бөлігін ол адамдар
арасында өткізеді және соған байланысты оның адамдармен қарым- қатынасы,
оның жетістігі, көңіл- күйі, денсаулығы қаланады. Ол қандай болуы тиіс?
Қарым-қатынас - адамдар арасында ақпарат алмасудағы, сондай- ақ
серіктесімен бірін- бірі ұғынудағы және түсінудегі әрекеттің күрделі
процесі. Қарым-қатынас субъектісі тірі тіршілік, яғни адамдар болып
табылады. Негізінде қарым-қатынас кез келген тірі нәрсеге тән, алайда адам
деңгейіндегі қарым- қатынас процесі вербальды және бейвербальды актілермен
байланысты саналы түрде құрылады.
Бүгінгі күні өнімді ұйымдастырылған педагогикалық қарым- қатынас
педагог пен бала арасында туындауы тиіс педагогикалық қызметтегі нақты
психологиялық жанасуды қамтамасыз етуге негізделген. Оларды қарым- қатынас
субъектісіне айналдыру, өзара әрекеттесу процесінде туындаған түрлі
психологиялық кедергілерді жоюға көмектесу, балаларды үйреншікті
ұстанымынан әріптестік ұстанымға ауыстыру және оларды педагогикалық
шығармашылық субъектісіне айналдыру керек. Бұндай жағдайда педагогикалық
қарым - қатынас толықтай педагогикалық қызметтің әлеуметтік-психологиялық
құрылымын түзеді. Педагогикалық қарым- қатынас оқыту мен тәрбие беруде
білім алушының тұлғасына әсер ететін құрал ретінде қызмет етеді.
А.Бодалевтың зерттеуінде педагогикалық қарым-қатынас педагог пен
тәрбиеленуші арасындағы шектеулі әлеуметтік- психологиялық жүйе ретінде
көрсетіледі. Оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелік әрекет көрсету,
коммуникативтік құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру болып
табылады [9; 1906.].
А.Сухомлинский бұл туралы былай деп жазды: Мектеп қабырғасында
айтылған әрбір сөз ойланып айтылған, дана, толықтай салмағы бар сөз болуы
тиіс, бұл нақты тірі адамға айтуда ерекше маңызды, сөз қадірін ұмытпауымыз
керек, керісінше сөздің құны үнемі өсіп, артып отыруы тиіс
[10; 3406.].
Педагогикалық процестің ерекшелігі тәрбие процесін әлеуметтік-
психологиялық қамтамасыз ету қызметінен келіп туындайды. Педагогтың
тәрбиеленушімен қарым-қатынасын ұйымдастыру функциясы оқу тапсырмасын шешу
құралы ретінде қарастырылады.
Педагог алдында тұратын неғұрлым күрделі тапсырма санына
коммуникативтік біліктілікті дамытудың жоғары деңгейіне жататын өнімді
қарым- қатынасты ұйымдастыру кіреді. Бұл қайталанбайтын процесс болуы үшін
балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыру қажет. Бұл жерде қарым- қатынас
стилі маңызды роль атқарады.
Педагогикалық процестің ерекшелігі түрлі әлеуметтік-рөлдік және оның
субъектісінің функционалдық ұстанымына негізделген. Педагогикалық қарым-
қатынас процесінде мұғалім өзінің әлеуметтік-рөлдік және функционалдық
міндетін оқу және тәрбие процесін басқаруда тікелей немесе жанама түрде
жүзеге асырады. Қарым-қатынас стилі мен жетекшілік өмір сүру аясында оқыту
мен тәрбиелеудің тиімділігімен, сондай-ақ тұлғаны дамыту ерекшелігімен және
оқу тобында тұлғаралық қарым-қатынасты қалыптастырумен анықталады.
Мектеп оқушыларының қарым-қатынасы пайдалы, әлеуметтік құнды болуы
үшін мұғалім ең аз дегенде еш проблеманы шешуі керек: ұжымда жеке мазмұнды
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызу; баланы сөйлесуге үйрету; мектеп
оқушыларымен сенімді жанасуды орнату [11,1416.]. Педагогтың сабағында
барлық педагогикалық процесс коммуникативтік құрылымда меңгерілуі тиіс,
үнемі педагогикалық әрекетте таңдалған әдісті аталмыш кезеңде қарым-қатынас
ерекшелігімен сәйкестеп отыру қажет.
1938 жылы неміс психологы К.Левин бірінші болып қарым-қатынас стилін
экспериментальды зерттеді. Бүгінгі күні педагогикалық қарым- қатынастың
көптеген стилі белгілі, бірақ негізгілеріне тоқталайық.
Авторитарлы стильде өзіне тән үрдісті қатал басқаруда және барлық
көлемдік бақылауда оқытушы көбінесе өз әріптестеріне тез ескерту жасайды.
Көзге түсетіні - бір топ мүшесіне әдепсіздік танытып, ал басқаны дерексіз
мақтау. Авторитарлы оқытушы жұмыстың жалпы мақсатын түсініп қана қоймай,
сонымен бірге тапсырманы қалай орындайтынын көрсетеді, кім кіммен жұмыс
жасайтынын бірден анықтайды және т.б.
Тапсырма мен оны орындау тәсілін оқытушы рет-ретімен береді. Адам
неғұрлым өзінің орындап отырған жұмысының мақсатын, аталмыш кезеңнің
функциясын және алда не күтетінін білмесе бұндай тәсіл қызметтік дағдыны
төмендетеді. Тағы да байқауға болатын нәрсе, ол әлеуметтік қарым- қатынаста
тұлғааралық орнатылым жоспарында қызметтің рет-ретімен жүруі және оны қатал
бақылау мұғалім тарапынан білім алушының жеке мүмкіндігіне сенімсіздік
танытуы екендігін куәландырады. Барлық жағдайда оның көз алдында білім
алушы жауапкершіліктің төмен деңгейінде және ең қатал қадағалауды талап
ететін болып көрінеді. Бұл үшін авторитарлы оқытушы үшін кез келген бастама
қажетсіз еріктіліктің туындауы ретінде
қарастырылады. Зерттеулер дәлелдегендей жетекшінің өзін өзі ұстауы
дегеніміз өзінің жеткіліксіз құзіреттілігін және беделін жойып алудан
сақтануымен түсіндіріледі. Егер кімде кім жұмысын басқа жағынан жақсарта
алмаса, оның ешнәрсені қарамағанын көрсетеді. Бұдан басқа авторитарлы
көшбасшы ереже ретінде өзінің қамқорлығындағылардың жетістігін субъективті
түрде бағалайды, ескертулер тек жұмыс бабына қатысты ғана емес,
орындаушының тұлғасына да қатысты болады. Білім алушыларға өз көзқарастарын
білдіруге, бастама көтеруге, өздеріне қатысты мәселелерді шешуге
атсалысуына мүмкіндік бермейді. Мұғалім оқушыларға талап етумен бірге
олардың орындағандарына қатаң бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Авторитарлы
стильде басшылық негізгі бағытты автократикалық жүйеден алады. Ең соңында
барлық шешімді өзінің орнатқан тәртібіне сай мұғалім өзі қабылдайды.
Басшылықтың либеральды стилінің негізгі ерекшелігі істің барысы
бойынша оқу-өндірістік процестен жетекшінің босатылуы және болған оқиға
үшін өзін жауапкершіліктен босатуы болып табылады. Оның апробациялану
нәтижесі - орындалған жұмыс көлемінің неғұрлым аз болуымен және оның
сапасының төмендеуінен көрінеді.
Бұндай топтағы оқушылар өздеріне ешқандай жауапкершілік жүктелмегенін
біле тұра жұмыстарына қанағаттанбайтындығын атаған маңызды. Басшылықтың
либеральдық стилінде мұғалім оқушылардың өмір сүру негіздеріне
мүмкіндігінше араласпауды көздейді, басшылықтан олар алыстап, әкімшілік
нұсқаулары мен міндеттерін формалды түрде атқарады. Бұндай стилдегі
басшылықта мұғалім өзінің эмоциялық жағдайын жүзеге асыра алады.
Демократиялық стильде бірінші орында тұлға емес, дерек (факт)
бағаланады.
Демократиялық стильдің ерекшелігі топ өз ұйымының алдында тұрған
жұмыстардың жүруіне белсене қатысады. Нәтижесінде оқушылардың өзіне деген
сенімділігі артып, өзін өзі басқаруға белсенділігі пайда болады. Онымен
қоса бастаманың көбеюінен тұлғалық қарым-қатынаста сенімділік пен достық
нығая түседі. Егер авторитарлы стильде топ мүшелерінің арасында жауластық
үстем болса, демократиялық басқаруда оқушылардың жұмысқа деген қызығушылығы
пайда болып қана қоймайды, сонымен бірге өзара тұлғалық қарым-қатынасы дами
түседі. Басшылықтың демократиялық стилінде мұғалім ұжымға арқа сүйейді,
білім алушылардың өздеріне сенімділігін арттыра түседі. Ұжым қызметін
ұйымдастыруда мұғалім тегі арасында бірінші болу позициясын алуға
ұмтылады. Мұғалім оқушылардың жеке проблемалары мен істеріне үңіле
бастайды.
Оқушылар ұжымдық өмірдің мәселелерін талқылап, таңдау жасайды, алайда
соңғы шешімді мұғалім шығарады. Бұл стильдің негізінде педагогтың биік
кәсіби бірлігі мен оның этикалық белгісі жатыр. Оқушылармен біріккен
шығармашылық ізденушіліктің ұлғаюы - мұғалімнің коммуникативтік қызметі
ғана емес, сонымен бірге оның педагогикалық қызметке қатысының толықтай
жоғары деңгейде болуында. Театр педагогы М.О.Кнебель
педагогикалық сезімнің сені жастарға қарай қуып, оларға жол табуға
итермелейтінін... байқайды.
Мұндай қатысым стилін В.А.Сухомлинский өз қызметінде байқайды. Осы
негізде В.Ф.Шаталов балалармен өзара қатынаста өз жүйесін қалыптастырады.
Бұл қатынас стилін сәтті бірлескен оқу-тәрбие қызметі ретінде қарауға
болады. Педагогтың тәрбиеленушілермен қарым-қатынас жүйесі туралы
А.С.Макаренко мұғалім бір жағынан аға жолдар және нұсқаушы болуы тиіс, ал
басқа жағынан бірлескен қызметтің қатысушысы болуы керектігін айтады.
Педагогтың ұжыммен қарым-қатынасында белгілі бір бояу ретінде достықты
қалыптастыруы өте қажет.
Педагог пен бала арасындағы қатынас нұсқалары туралы ойлай келе
А.С.Макаренко былай дейді: Ешқашан педагог пен басшылық өз тарапынан тілге
ерік берулеріне болмайды. Екінші жағынан, педагог пен басшылық
тәрбиеленушілер алдында айқайшы, ашуланшақ болуына жол жоқ.
Педагогта қажетті қарым-қатынас тәсілдерінің болмауы, қарым- қатынас
технологиясын білмеуі нақты бір рөл ойнайды. Педагогта кәсіби қарым-қатынас
дағдысының болмауы мұғалімнің жеке шығармашылығының және оның тиімділігінің
төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Көптеген зерттеулер мен эксперименттер
нәтижесінде педагогтар мен психологтар мұғалімге коммуникативтік қабілетті
дамыту үшін келесі құралдарды қолдануды кеңес етеді:
- Мектеп-қоғамның бөлшегі, педагогтың балаға қарым-қатынасы - қоғамдық
талаптардың көрінісі. Осыны ұғыну керек.
- Мұғалім педагогикалық позициясын ашық жариялауға міндетті емес. Бала үшін
педагогтың сөзі мен іс-қимылы тек міндетті орындау ретінде ғана емес, оның
жеке сенімін ояту ретінде ұғынылуы керек.
Педагогтың шыншылдығы - тәрбиеленушімен байланыс жасаудың берік
кепілі.
- Жеке тұлғаны адекваттық бағалау. Өзінді тану, өзінді басқару әрбір
мұғалімнің үнемі жұмысы болуы керек. Негізгі назар аударатын нәрсе өзінің
эмоциялық жағдайын басқару біліктілігін талап ету: тәрбие процесінде ызалы
дауыс көтеру, айқай т.б.
- Педагогикалық мақсатты түрдегі қатынас мұғалім мен оқушы арасындағы өзара
сыйластыққа құрылады. Әрбір оқушыны тұлға ретінде сыйлау, құрдастары
алдында өзіне сенуіне жағдай жасау, тұлғаның жағымды жақтарын дамытуға
қолдау көрсету қажет.
- Педагогқа баланың өз күшін, кең эрудициясын көрсетуге қамқорлық жасау
керек.
- Қырағылықты дамыту, эмоциялық жағдайларды түсіну, жағдаяттарға қорытынды
шығаруда шығармашылық жол табу, оқушылар, ұжымдастар, ата-аналар алдында
білімділікпен шешім қабылдау қажет.
- Мұғалімнің сөйлеу қызметінің азаюы есебінен оқушының сөйлеу кызметінің
артуы - мұғалімнің қарым-қатынас шеберлігінің маңызды көрсеткіші.
Жетістігі маңызды емес оқушы алдында да мақтау айтуға жомарт болған дұрыс.
Басқалар алдында мақтау керек, ал оңашада ескертуге болады. Бұл үшін
мұғалімнің сөйлеу шеберлігі дұрыс болуы керек. Егер сіздің дауыс ырғағыңыз
қойылмаған болса, көзқарасыңыз, қимылыңыз дұрыс болуы тиіс.
Педагогикалық мақсатта өз оқушыларының ата-аналарын одақтас етуге болады.
Екі жақтан да әңгіме мазмұны қызықты болғаны дұрыс [13; 4 б].
Осылайша педагогикалық атмосфера стильге байланысты орнығады,
барлық педагогикалық процеске қатыстыларға эмоциянальды игілікті тілей
отырып, біз егер педагог жоғарыда келтірілген кеңестерге көңіл аударса,
онда қарым-қатынас процесіндегі көптеген қиыншылықтар мен проблемалардан
айығуға болады деп ойлаймыз.
2 Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъекттерінің
өзара әрекеттесу формасы ретінде

деңгейлік құрылымы
Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына
(деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан
және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс- әрекетті анықтауға
мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың
оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл - аксиалды-ретиалды,
тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-
қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл
жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және
интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Функционалды түрде - бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің
қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық
үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектті бағыттылықпен, көп
ақпараттылықпен, көрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда
құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім
беру процесінің субъекттерінің өзара эрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан
көрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе
педагогикалық жүйе ерекшеліктерімен анықталады.
Н.В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе - қоғамдық - тарихи
түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік,
педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе
педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші
тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде
оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты,
міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты,
құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін
айрықша маңызды.
Осы кең контексте педагогикалық қарым-қатынас ...оқушылардың
мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп
оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың
эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, психологиялық кедергінің
пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мүғалімнің (кеңірек алсақ-
педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы
ретінде анықталады. Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы
әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын
оңтайландыру шарты екенін қосайық.
Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп
объектті бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара
әрекеттесуінің өзіне олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-
ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін
игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді
қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем
дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне,
үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, дамудың болашақтағы бағыттары)
және игеру пәніне (меңгеру).
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас оның субъекттеріне үш
жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық, әлеуметтік және пэндік.
Мұғалім (оқытушы) қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана үйренушімен
жұмыс істей отырып, үнемі оның нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды,
және керісінше, сыныппен, яғни фронталды жұмыс істей отырып, әр үйренушіге
әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі
аталған сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып, тұлғалық
бағдарланған, әлеуметтік бағдарланған және пәндік бағдарланған қарым-
қатынас элементтерінің органикалық үйлесімінен көрінеді. Бұл жерде аталған
элементтердің бәрін қамтитын, педагогикалық қарым-қатынас, аддитивті қаралу
емес ол принципиалды жаңа сапаға ие.
Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі. Педагогикалық қарым-
қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне
тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын
көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың
оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен
теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол
адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен
күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген
деңгейінде - мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы
ұйымдастырылған процесте жүзеге асады. Педагогикалық қарым-қатынастың
оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл -
мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты
әрекеттесуінің органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей, ...
мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты
оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас
тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен
қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де
табиғи... [14].
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, Адам-
Адам схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының
өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың,
тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен
пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің жэне т.б. кез-
келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас
жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие,
алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ.
...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен
адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты,
ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген
ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық
қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге
әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен көңіл- күй серпілісін
көрсете алса, - онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ
рухани үйлесімді, өмірде жиі болатын Тұлға аралық қақтығыстарды
адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады... [15, 4
6.].
Өзара әрекеттесудің осы түрлері үшін ортақ болып табылатын К. Роджерс
белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының маңызы
бар. Бұл функцияның маңыздылығы соншалықты болғандықтан, К. Роджерс
мұғалім, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - мұғалім
оқушыға өзін көрсетуге, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге
көмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-
қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық өзара
әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының өз маңыздылығын көтеруіне және оның ары-
қарай дамуына ықпал етеді [16].
Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда
оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның бар екенін
белгілеуге болады.
Педагогикалық қарым-қатынас бірліктері. Педагогикалық қарым- қатынасты
талдауда қарым-қатынастың педагогикалық және өзіндік коммуникативтік
бірліктері түсініктерінің жігін айырып алған жөн. Бұл түрлі құбылыстар
қаншалықты ажырамас болса да біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асады.
Коммуникативті міндеттіц педагогикалық міндетке, әсер етудің таңдалган
әдісіне барабарлығы, - қарым-қатынас процесінің және жалпы педагогикалық
әсер етуді өнімділігінің міндетті шарты [17]. Педагогикалық міндет
үйренушілердің белгілі бір оқу материалын игеруімен байланысты (мысалы, осы
материалды түсіндіруді, оның түсініктемесін, жүйелілігін, әрекеттің
жалпыланған тәсілдерін өндіруді ұйымдастыру және т.б.), ал коммуникативтік
міндет - үйренушілерге әсер етудің қандай тәсілдерімен, оны қалай тиімдірек
іске асыруға болады деген сұраққа жауап. Осы жерде педагогикалық қарым-
қатынастың түрлі жағдайларында белгілі бір коммуникативтік міндетті жүзеге
асырушы тілдік әрекеттер жайлы сұрақ туындайды, оған педагогикалық ситуация
мен коммуникативтік акт сипаты жатады.
Педагогикалық ситуация оқу процесінің бірліктері - сабақ пен дәрісті
анықтау контексінде қарастырылады. Ол сабақ мақсатымен, міндеттерімен,
кезеңдерімен, оның мазмұнымен, оқу-педагогикалық бірлескен іс-әрекет
субъекттерінің өзара әрекеттесу сипатымен сипатталады. Негізіне байланысты,
педагогикалық ситуацияны түрліше бөлуге болады. Қатынас формасы бойынша ол
іскерлік (жеке), ресми (ресми емес), формалдық (формалдық емес) болуы
мүмкін. Сабақ (дәріс) кезеңдері, бөліктері бойынша педагогикалық ситуация
оқу материалымен таныстыру ситуациясы (онда бағдарлану, ұғыну, анықтап алу
және т.б.), әрекет тәсілдерін жаттықтыру (әрекеттің жалпыланған тәсілдерін
өндіру), бақылау және бағалау, әрекет тәсілдерінің игерілген білімдерін
бақылау және бағалау бола алады. Еңбектестік динамикасы бойынша араласу,
серікпен жұмыс істеу, еңбектестіктен шығу, оны аяқтау ситуациялары
анықталуы мүмкін. Окудағы өзара әрекеттесу сипаты бойынша бұл еңбектестік,
бәсекелестік, қақтығыс, конфронтация ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz