Қысқарған сөздер түрлері


Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері
2. 1. Қысқарған сөздердің жасалу жолдары
2. 2. Қысқарған сөздер түрлері
2. 3. Қысқарған сөздер қолданысынын жайы
2. 4. Қысқарған сөздердің қазіргі қазақ баспа сөзіндегі қолданысы
2. 5. Қысқарған сөздердің ғылым тіліндегі қолданысы
2. 6. Қысқарған сөздер қолданысындағы кемшіліктер
ІІІ. Қорытынды
Қысқарған атауларды дұрыс қолданудағы ұсыныстарым
Кіріспе
Қазақ тіл білімінде көп зерттеле қоймаған, тіл мамандары тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жүрген мәселенің бірі - қысқарған сөздің жай-күйі.
Жалпы қысқарған сөздердің тілімізде пайда болып, қолданысқа ене бастауы кейінгі бір ғасырдың төңірегінде көрініс бере бастаған құбылыс. Қысқарған атаулар негізінен ХХ ғасырдың басынан бастап, тілімізде жасалып, қол-данысқа ене бастады. Оған себеп болған газет-журналдар мен кітаптардың басылып, баспа өнімдерінің көбеюі, қоғам өміріндегі жазба тіл рөлінің артуы, орыс тілінің ықпалы сияқты факторлар. Өткен жүзжылдықтың жиыр-масыншы жылдарынан бері қарай тіліміздегі қысқарған атаулардың қарасы көбейіп, олар баспасөз тілі мен ғылым тілінде біртіндеп көбейе түсті. Кеңестік кезеңде олардың басым көпшілігі тілімізге СССР, КПСС, ЦК, НКВД, КГБ, МВД, совнарком, ревком, комбат, парбюро, колхоз, совхоз түрінде орыс тілінде туындаған қысқарған атаулардың барлығы дерлік олардың орыс тіліндегі қалпын бұзбай енді, солай қолданылды. Ал қазақ тілінде туындаған қысқарған атаулардың барлығы дерлік олардың орыс тіліндегі үлгісі бойынша жасалды. Осылайша бұл кезеңде сөзжасамның бұл түрі тұтастай дерлік орыс тілінің ықпалында болып, орыс тілі қазақ тілі мен бірқатар ұлт тілдері үшін үлгі тіл саналды. Сол себепті Кеңес Одағы тұсында жасалып, қалыптасқан қазақ тіліндегі қысқарған атаулар қабаты тұтастай сол кезеңнің өзіндік сипатын, тілдер арасындағы қатынастың ерекшелігін көр-сетіп тұр. Еліміз тәуелсіздігін алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген соңғы жиырма жылдан астам, уақыт ішінде де тілімізде көптеген қысқарған атаулар пайда болды. Ондай атаулардың АҚҒ БАҚ, ЖАҚ, ҚР, ТМД, ҚазМұнайГаз, Қазтелеком сияқты бірқатары қазір тілімізде орнығып, кеңінен қолданылып жүр. Олардың арасында қысқарған атау жасаудың кешегі кеңестік кезеңде орныққан үлгісі бойынша жасалғандары да, ұлттық ерекшеліктері бар, жаңаша үлгімен жасалғандары да аз емес. Жалпы кейінгі жылдары тілдік қорымыздағы қысқарған атаулардың үлесі күрт өсті. Олар-дың қолданылу жиілігі де артып отыр. Сондықтан тілдегі мұндай құбылыс-тың сырына үңіліп, қысқарған атауларды жиып-теріп, жүйелеп, олардың жасалу және қолданыс ерекшелігін анықтау маңызды міндет. Қазіргі қолданыстағы қысқарған атауларды жинақтап, тақырыбымды осылай алдым.
Зерттеу жұмысына еніп отырған қысқарған сөздер қазақ баспасөзінен соңғы 1 жыл көлемінде жинақталды. Қазіргі қолданыстағы қысқарған сөздердің басым көпшілігі кейінгі жиырма жыл көлемінде жасалған атаулар. Олардың арасында тіл нормаларына сай сәтті жасалып жаппай қолданыла бастағандарымен қатар, сәтсіз жасалымдар мен бірреттік немесе авторлық қолданыстар да бар. Қазақ сөзжасамынының бір түрі ретінде қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері мен қолданысын, жетістігімен мен кемшіліктерін айқындап, оларды түгендеп, жиып-теріп, қысқарымдарды сәтті-сәтсіз демей, мейлінше молырақ қамтуды, тілдік деректерді барын бардай көрсетуді мақсат еттім. Бастапқы бөлімінде жиналған атаулардың жасалу, қолданылу ерекшеліктеріне тоқталдым.
Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері
Қазіргі кезеңде коғам өмірінің қай саласын алсақ та, қысқарған сөздер молынан кездеседі. Олардың өзге тілдерден қалай қабылданып, өз тілімізде қалай жасалып, қолданыс тауып жатқандығын анықтап, бұл бағыттағы жақсы үрдістерді үлгі ретінде ұсынып, кемшіліктерді түзету жолдарын көрсету тіл мамандарының міндеті. Осы тұрғыдан қарағанда кейінгі жылдары тілшілер қауымының қысқарған сөздер мәселесіне көп көңіл бөлмегені байқалады. Соның салдары да анық аңғарылып отыр. Баспасөз беттерінде, ғылыми, танымдық, оқулық әдебиеттер мен салалық сөздіктерде кездесетін қысқарған атаулардың жасалуында, қолданысында көптеген кемшіліктер орын алып жүр. Ондай олқылықтарды уақытында анықтап, түзетіп, қысқарған атаулардың қолданысын қадағалап отырмаса, ретсіздіктің белең алары белгілі.
Сөз қысқарту тәсілі - қазақ әдеби тілі жүйесінде 1920 жылдардан бері қарай, яғни соңғы бес-алты жыл көлемінде ұлттық сипатта бекемдік таныта бастаған сөзжасам әдістерінің бірі. Сөз кысқартудың әріптік, буындық, аралас қысқарту және контракциялық суспенциялық, сондай-ақ шартты қысқарту сияқты түрлері бар [1, 9 б. ] .
Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар әсер етеді. Олар:
а) қазақ тіліне қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастың түбегейлі өзгеруі, қоғам және ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар;
ә) тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады. Қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар [1, 10б. ] .
А. Ысқақов «күрделі атау» сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіліп жұмсалу жолы орыс тілінің әсерінен туғандығын, қысқарған сөздер әдеби тілдің жазбаша нысанында күрделі сөздің белгілі бір түрі болып қалыптасқандығын баяндап, осы термин ұғымына тек қана орыс тіліндегі үлгі бойынша жасалған төрт түрлі жолмен аббревиатураларды жатқызады [2, 124б. ] .
Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарымдар (қысқарған күрделі зат есімдер) өмірмен өзектес дамып келеді. Олар - қоғамдық-саяси ұйымдардың қысқартылған аталымдары, мемлекеттердің, мекемелердің т. б. қысқартылған атаулары жиі ұшырайды. Әсіресе соңғы жылдарда жарнамалық қызметте, баспасөз беттерінде кең қолданыс тапқан. Қысқарымдардың негізгі ерекшелігі - тілдік ықшамдау, үнемдеу зандылықтарына сәйкес туындаған жасалымдар, жаңа мәтіндегі сөздер және тиімді әдіс, икемді тұлғалар [3, 338б. ] .
Қысқарған сөздер қолданыстағы күрделі атаулар негізінде туындайды, жасалады. Лексикалық мағынаның болуы - туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын негізгі талап болып саналады. Олардың тұлғасы мен құрамына ешқандай шек қойылмайтындықтан, туынды сөздің жасалуына негіз болатын сөздің қызметін негізгі түбір сөз де, біріккен сөз де,
қысқарған сөз де атқара беретіндігі белгілі.
Тілдегі үнемдеу, ықшамдау заңдылығы әлем тілдерінің барлығына да тән құбылыс. Бұл заңдылық әр тілде түрліше көрініс тауып, тілдің түрлі салаларына қатысты болып жатады. Қысқарған сөздердің пайда болуы да осы ықшамдау заңдылығымен тікелей байланысты. Яғни, қысқарған сөздер тілдегі үнемділікті қамтамасыз етудің бір тәсілі. Көпбуынды немесе бірнеше сыңардан құралған күрделі сөздерді қысқартып, айтуға, жазуға икемдеп қолдану тілде ертеден бар. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелерін зерттеуші ғалымдар сөздерді әдейі қысқарту кеңес дәуіріне дейін кісі есімдерімен [Садуақас - Сәкен, Қожабек - Қожаш] байланысты орын алғандығын айтады. [1. 261-б] . Біздің пікірімізше, кісі есімдерін бұлайша айтуда сөзді ықшамдау, үнемділіктен гөрі қазақтың сыйлы, елге қадірлі адамдарын, үлкендіт құрметтеу мен кішіні еркелету, әлпештеу сипаты басым сияқты.
Сөз табына қатысы тұрғысынан қысқарған сөздер негізінен заттық немесе абстракті ұғымдарды білдіретін зат есімдер. Қысқарған сөздер екі, үш немесе одан да көп сыңарлардан тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары. Бірнеше сөзден құралып, сөздердің тіркесуі арқылы жасалған түрлі ұғымдардың атаулары қысқарымдарға негіз болады да, олардың құрылымы ықшамдалып, өзгеріске ұшырайды. Күрделі ұғым атаулары фразеологиялық тіркестер сынды бастапқы қалпын сақтай алмай, ықшам нұсқада жұмсалуға көшеді. Мұны басқа зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың өзіне тән сипаты, ерекшелігі деуге болады.
Әдетте, сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған жаңа сөзбен бірге жаңа мағына да туындайды. Мысалы, әкімдік, жасуша, кәденші, қаржыгер, хаттама т. б. Қысқарған сөздер жасалғанда жаңа мағына туындамайды. Соған қарамастан қысқарған сөздер сөзжасам аясында қарастырылады. «Неге бұлай болуы керек?» деген сұрақтың жауабын іздесек, оның ең басты себебі - қысқарған сөздер күрделі толық атаулардың бір нұсқасы ретінде дербес сөз қызметін атқаратындығы. Яғни, қысқарған сөздердің де сөзге қойылатын талаптардың барлығына жауап беретіндігі. Ал тіл білімінде сөздердің белгілі бір мағынасының болуы, дайын қалпында қолданылуы, сөйлемге дайын сөз ретінде кіруі, сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беруі, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаруы, тұрақты бір құрамда жұмсалуы, біртұтас қалыпта жазылып-айтылуы, бір екпінге бағынуы - сөзге қойылатын негізгі талаптар болып саналады. Мұның бәрі сөзге тән негізгі белгілер десек, осы сипаттар- дың барлығы да қысқарған сөздерге де тән болғандықтан, олар тілдегі лексикалық бірліктер тобынан жеке сөз ретінде орын иеленеді. Яғни, сөзжа-самның бір амалы ретінде қалыптасқан қысқарымдар лексикалық бірлік болып табылады.
Қазақ тіліндегі қысқарған атаулардың көпшілігі орыс тілі үлгісімен жасалып келетіндігіне қарамастан, өзіндік ерекшеліктері же жоқ емес. Сондай ерекшеліктердің бірі жөнінде белгілі тілші ғалым Ы. Мамановтың төмендегі пікіріне назар аударған жөн. « Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі болып қолданылады. Орыс тілі мен қазақ тілдерінде қысқарған сөздердің кейбіреулері ғана болмаса (буынның қысқарған), негізінен олар өзгермейді. Ал қазақ тілінде қысқарған сөздердің барлығы да грамматикалық өзгеріске түседі, сөздің негізі ретінде қолданылып, оған түрлі қосымшалар жалғанады. Мысалы, ҚазГУ-ге (, РТС-тан, ВЛКСМ-ның т. б. » -деп жазады ғалым.
Тілші ғалым қысқарған сөздердің сөз негізі болатындығын және олардың грамматикалық өзгеріске түсетін ерекшелігін атап көрсеткен.
Негіз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасымен сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған туынды сөздің лексикалық мағынасы тең болуы да кездеседі. Бұл сөзжасамның дәл осы қысқарту тәсілі арқылы жасалатын сөз түрлеріне тән сипат. Мысалы, Бұқаралық ақпарат құралдары = БАҚ, Дүниежүзілік сауда ұйымы = ДСҰ, Еуразия экономикалық қоғамдастығы = ЕурАзЭӨҚ, Жабық акционерлік қоғам = ЖАҚ, Ұлттық бірыңғай тестілеу = ҰБТ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы = ҚР ҰҒА, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы = ТүркПА т. б.
Бұл сөздердің толық нұсқасы мен қысқартылған нұсқаларының арасына тепе-тендің белгісін қоюға болады. Өйткені мұндай сөздердің екі нұсқасының арасында мағына теңбе-теңдігі сақталған. Яғни, ауызша сөйлеу барысында немесе жазба тілінді «БАҚ» қысқарымы қолданылса, оны тілді тұтынушылар «бұқаралық ақпарат құралдары» деп түсінеді. Қысқарған сөздердің тілдегі қолданысы тұрақтап, жалпыға бірдей танымал болатын деңгейге жеткенде, оның толық нұсқасымен мағыналық және қолданыстық тепе-теңдігі де орнайды.
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздерді тақырыптық және семантикалық топтарға қатысына қарай негізінен халықаралық ұйымдардың атаулары ( БҰҰ, ШЫҰ, НАТО т. б) жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің, орталықтардың атаулары (ҚазҰУ, ТарМУ, ТБМ т. б) географиялық және әкімшілік ( мемлекеттер меноблыстар) атаулары (АҚШ, ГФР, ҚХР және ШҚО, ОҚО, БҚО, СҚО т. б. ) орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының (ПӘ, БҒМ, ТЖМ, СІМ, ІІМ т. б. ), қоғамдық, саяси, әскери, жастар, спорт ұйымдары мен бірлестіктердің, одақтардың, қорлардың атаулары (ЖСДП, ҚСА, КО т. б. ), ғылыми, техникалық, әскери терминология ( ДНҚ, БЖБ, ШТӘ, ЖМ, ТШ т. б. ) жиірек кездеседі. Көптеген тілдерде өте жиі ұшырасатын кәсіпорындар мен өндіріс орындарының, ауылшаруашылық кәсіпорындарының, зауыттар мен фабрикалардың, машиналар мен аспаптардың, әскери техникалардың қазақша қысқарған атаулары елімізде олардың өзі сирек болғандықтан немесе өндірілмейтіндіктен өте аз кездеседі. Ең жиі ұшырасатын қысқарымдар - жоғары оқу орындары мен орталық мемелекеттік органдар
атаулары. Бірігіп, қосылып, қайта құрылып жататындықтан, олардың толық атаулары да, қысқарған атауларды да жиі өзгеріске ұшырап жатады. Мысалы, БАМ (Байланыс және ақпарат министрлігі), ҚазМемҚызПИ (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты), ҚазҰМА ( Қазақ
ұлттық музыка академияс) сияқты атаулар қазір басқаша аталады.
Қысқарған сөздердің жасалу жолдары
Тіл мамандарының арасында қысқарған сөздің бізге қажеті жоқ, бұл қазақ тіліне жат нәрсе деген пікірді ұстанатындары да бар. Алайда бұл пі-кірмен келісудің негізі бар дей алмаймыз. Егер қазақ тіліне қысқарған сөз қа-жет болмаса, оның шынымен-ақ біздің тіліміз үшін жат құбылыс екендігі рас болған болса, онда қазіргі қолданыстағы жүздеген қысқарған атаулар пайда болмас еді. Оны басқа тілдің ықпалымен немесе жекелеген адамдардың қа-лауымен туындаған құбылыс ретінде дәлелдеу қисынсыз. Тіл үнемділікті, аз сөзбен көп ойды жеткізуді ұнатады. Бірнеше сөздің тізбегінен тұратын күрделі атауларды мәтін ішінде қайта-қайта шұбалтып қолдана бермей, ықшамдап беру арқылы ақпаратты мол қамтып, аз сөзбен көп ой айтуға әрі басылым бетінде орын үнемдеуге болатыны белгілі. Бұл жалпы баспасөз тілінде де, ғылым тіліне де тән нәрсе. Қысқарған сөздерді тілде толық мағынасы бар күрделі атаулардың «орынбасары» немесе «алмастырушысы» деп қабылдаған күннің өзінде тіл үшін мұндай «орынбасар» сөздер өте қажет екендігіне дау жоқ. Сол себептен де «біздің тілімізге тән емес» деп қысқарған сөздерден негізсіз бас тартуға да, «қысқарған сөз де сөз болып па» деп оларды жасауға жауапсыз қарауға да, олардың қолданысын бетімен жіберуге де болмайды. Керісінше, оларды жасауға да, тіліміздегі толық мағыналы атауларды жасағандай талғаммен, кәсіби біліктілікпен, үлкен жа-уапкершілікпен қарағанымыз жөн. «Күрделі атауларды қысқартып қолдануда совет дәуірі кезінде тілімізде орыс тілінің үлгісі қабылданды» [1. 207-б] -деген пікірдің негізсіз айтылмағаны анық. Оны теріске шығаруға ұмтылу тарихи шындықты мойындамай, тілдік деректерді ескерусіз қалдыру болар еді. Сондықтан қысқарған атауларды жасау жолдарының орыс тіліндегі түр-лерінің біздің тілімізден де орын алғанын тілдік-тарихи дерек ретінде қабылдаған жөн. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер жасалу жолы-на қарай 4 топқа бөлінеді.
- Әріптік қысқарымдар
Екі немесе одан да көп сөздер тіркесімінен құралған күрделі атаулар құрамындағы сыңарлардың басқы дыбыстарынан құралған қысқарымдар.
Мысалы, АҚ ( акционерлік қоғам ), АҚШ ( Америка құрама штаттары ), ЕК ( еуропалық Кеңес ), ЕКПА ( Еуропа кеңесі Парламенттік Ассамблеясы ), ҚТЖ ( Қазақстан темір жолы ) т. б.
- Буындық қысқарымдар
Күрделі атаулар сыңарларының негізінен басқы буындарынан құралған қысқарымдар:
Мысалы, кеңшар, ұжымшар, Ономком, Терминком
- Аралас қысқарымдар
Күрделі атауларды құрайтын сыңарларының басқы буындары мен бас-тапқы дыбыстарынан құралатын қысқарымдар. Яғни, сөз тудырудың мұндай жағдайында қысқарған сөз жасаудың екі түрлі тәсілі де, әріптік және буын-дық қысқарту да пайдаланылады.
Мысалы, ҚазТАГ, ҚазҰУ, АлМУ т. б.
- Жартылай немесе ішінара қысқарымдар
Бұл қатарға буындық қысқарымдар мен толық сөздердің бірігуінен жасалған сөздер жатады. Күрделі атауды құрайтын сөздердің бәрі буындық қысқарымға ұшырамай, жартылай немесе ішінара қысқартылып, өзгелері сол қалпында қысқарған сөз құрамына енетін қысқарым түрі. Мысалы, Қазбаспа-
сөз, мембағдарлама, мемқызмет, меммүлік, Мемхатшы, мемсыйлық, мемсату, т. б. «Госчлужащий» сөзі кейбір қазақ газеттерінде «мемқызметкер» түрінде қолданылған. Дұрысы - «мемқызметші» болуы тиіс.
Орыс тілінде қысқарымның бұл түрін «частиуносокращенные слова» (пединститут, госбанк, сельхозотел) деп атап жүр. Күрделі атауларды құрайтын сөздердің бірі қысқартылып алынып, екіншісі тұлғасын өзгертпей алынатындығын ескере отырып біз қысқарған сөздердің бұл түрін жартылай қысқарымдар немесе орыс тіліндегідей ішінара қысқарту деп атаған дұрыс болар деген ойдамыз.
Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі болады дегенімізбен, кейбір тілдердегідей туынды сөздердің жасалуына негіз сөз ретінде көп пайдалана бермейміз. Мәселен, орыс тілінде қысқарған сөздер негізінде сөз туындату дәстүрі бар. Мысалы, вузовец, КВНовец, спецовка, чекист, эсеровский т. б. сөздер қысқарған сөздер негізінде туындаған атаулар. Ал бізде негізінен сөйлеу тілінде ҚазМУлықтар, АлМУлықтар, ТЖМдіктер деген сияқты жекелеген қолданыстар кездескенімен, олар жаппай тілдік қолданысымызға ене қоймаған. Қысқарған сөздердің жаңа сөздердің туындауына негіз сөз ретінде жиі пайдаланылмауы, ең алдымен, олардың өздерінің кең тарап, тіл тұтынушылардың бәріне таныс, бірдей ұғынылып, дайын сөз қалпында қолданыла бермейтіндігімен байланысты деп пайымдауға болады. Сондай-ақ
Олардың баспасөзде, ғылым тілінде жиі жазылып, қолданылып жүрген көпшілікке біршама танымалдарының елеулі бөлігінің құрамы қатар тұрған бірнеше дауыссыз дыбыстан немесе екі-үш дауыстыдан келуі де олардың тілде жаппай қолданылуына жол ашып, сөз туғызуға да икемділігін арт-тырмайды. Мысалы, БКТ, АШҚҚҚ, ЖҚКҚ, ЖММК, МЖЗҚ, РЖҚБ, тәрізді бірнеше дауыссыз дыбыс қатар келген немесе ААА, АЭА, ЕАӘК, АОӨАҮО, ОАӨЭЫА, ҮЕҰ бірыңғай дауыстылардан тұратын сөздердің негізінде жаңа сөз туғызу қиын. Бұл қысқарымдар дайын сөз ретінде айтуға, қолдануға икемсіз. Осы тұрған қалпында сөз ретінде қолдану қиындық туғызып жатса, олардың негізінде өрбітіп сөз туғызу мүмкіндігі туралы айтудың өзі артық.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы бар. Кез келген дыбыс қатар келіп сөз құрай алмайды. Бұл дауысты дыбыстарға да, дауыссыздарға бірдей қатысты. Бір сөздің құрамында қ мен ө-нің, к мен ұ-ның, о мен ә-нің немесе ү мен қ-ның қатар тұруы қазақ тілі үшін қалыпты құбылыс емес. Бұл дыбыстар бір-бірімен тіркесе алмайды. Тіліміздің үндестік заңы, дыбыс үндестігі, буын үндестігі бұзылып, дыбыстар тіркесімі заңдылықтары сақталмаса, сөзіміз сөз болудан қалады. Сондықтан не бірың-
ғай дауыссыздан, не бірыңғай дауыстылардан құралғандарын ғана емес, АӨҚО, АІІБ, ӘЫҚ, ЕҚЫҰ, ЕҰЕБ, ЖҮЕҚ, ҮӨҚ сынды дауысты-дауыссызы араласып келген, алайда дыбыстар тіркесімі бұзылып, үйлесім таппай тұр-
ған қысқарымдарды немесе осылар іспеттес бірқатар қысқарған сөздерді сөз негізі ретінде алып, олардан жаңа сөз туғызу мүмекіндігі жоқ деуге болады. Түбірі, негізі сәтсіз жасалған мұндай сөздер арқылы тіліміздің лексикалық қорын байытатын жаңа сөз жасай алмаймыз.
Сөздің жағымсыз ассоциация туғызып, дөрекі дыбысталмай, эстетикалық талғамға сай, құлаққа жағымды естілуі, айтуға ыңғайлы болуы да өте маңызды. Бұл тұрғыдан қарағанда АМҰ, АМЛ, БЖӘ, БӨҚжА, ҚӨТ, МЖӘ, ӨСЕҚ деген сияқты қысқарған сөздер аталған талапқа жауап береді дей алмасақ керек. Естір құлаққа ерсі әрі дыбыстар тіркесімі тұрғысынан үйлесімсіздік орын алған мұндай атауларды қолдануға ешкім құштар болмасы анық.
Кеңестік кезеңде қысқарған атаулардың денін орыс тілінен дайын қал-
пында өзгеріссіз қабылдау дәстүрі қалыптасқан еді. Тілімізге енген ондай кірме қысқарған сөздердің көпшілігі ұзақ жылдар қолданылып, жаппай жұмсалатын дәрежеге жетіп, тілде орнығып та қалған болатын. Қазақ тілі мемлекеттк мәртебеге ие болып, ұлт тіліндегі сөзжасам, терминжасам үдерісі жандана бастағанда тілдің қолданысымызда орныққан сондай күрделі атауларының бірқатарының толық нұсқасы да, қысқарған нұсқасы да қазақша қайта жасалды. Мәселен, колхоз - ұжымшар, совхоз - кеңшар, СССР - КСРО, КПСС - КОКП, ЦК - ОК сынды атаулар сол қатарға жатады. Қазір осы тарихи кезең туралы сөз қозғалғанда жоғарыда мысалға келтірілген атаулардың кейінгі жылдары жасалған қазақ тіліндегі нұсқалары жаппай қолданылып жүр. Бұдан қысқарған сөздерді өзге тілдерден қабылдау мен олардың жасалуына қатысты бүгінгі күннің кешегіден өзгеше өз талабы бар екендігін байқауға болады.
Қысқарған сөздердің түрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz