Топтастыру технологиясы
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Қостанай гуманитарлық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудағы жаңа инновациялық технологияларды қолдану
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім
Орындаған: Қуанышбаева Г.Н.
Ғылыми жетекшісі: Нұржан Г.Т.
Қостанай қаласы 2016 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 І. Білім
беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Оқытудың жаңа технологиясы туралы
түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ..5
1.2 Дебат технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...7
1.3 Компьютерлік
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .8
ІІ. Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалану ... 9
2.1 Ақпараттандыру технологияларды қазақ тілінде
қолдану ... ... ... ... ... .9
2.2 Дамыта, проблемалық оқыту технологиялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.4 Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы бойынша синоним сөздерді
оқыту

... ... ... ... ... ... ... ..18
2.5 Деңгейлік тапсырмалар арқылы фразеологизмді оқыту ... ... ... ... .22
2.6 Интерактивті тақтаның жұмыс жасау
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда инновациялық әдістермен
қазақ тілінің лексикасын оқытатын мұғалімдер аз. Бұл сала әлі зерттелінбей
жатыр. Сол себепті курстық жұмысты осы мәселеге арнадық. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық кәсіптік адамгершілік рухани, азаматтық
және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Оқу
тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бұл айтылғандар курстық
жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсете алады деп ойлаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Аталған мәселені зерттеудегі
басты мақсаты – қазақ тілі сабақтарын инновациялық әдістер арқылы оқыту
жолдарын анықтау. Алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- қазақ тілінің лексикасын оқытуда инновациялық технологияның
оқушылардың даму деңгейіне тигізетін ықпалының тиімділігі мен нақтылығын
анықтау;
- технологиялармен оқытудың тиімді жолдарын көрсету;
- инновациялық әдіспен оқытудың сабақ жоспарларын көрсету;
- жаңа технологиялардың маңыздылығын, білім жүйесіндегі қызметін
айқындау.
Қоғамдық өмірде көрініс тапқан сан-салалы сапалық өзгерістер,
жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен
қарауға итермелеуде. Өйткені, оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де,
дүниеге көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-өнегесі
арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу
педагог-мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына бірден-бір әсер ететін қоршаған ортасы. Кез-
келген адам баласының дамуына, сана-сезімінің қалыптасуына әсер тигізетін
өзі өмір сүріп отырған қоғамы. Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың
өркендеп қанат жаюы жеке тұлғаның дамуына орасан зор әсер етеді.
Педагог дегеніміз кім? Әркім өз мұғалімдерін біледі, есінде сақтайды.
Ең алғаш қолына қалам ұстатып, жазуды үйреткен адамды ешкім де ұмыта
қоймайтын шығар. Оқушы өмірінде көптеген мұғалімдер кездеседі. Бірақ соның
ішінде санаулылары ғана бала есінде қалады. Бұның себебі, баланың ойы мен
жүрегіне жол тапқан, бас әріппен жазылатын ұстаздың аз болатынынан шығар.
Технология - шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін грек сөзі.
Педагогикалық технологияға әдіскер-ғалымдар мынадай анықтамалар береді:
"Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен
тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы,
педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев)",
"Оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько).т.б.
Ғалым-әдіскерлердің берген анықтамаларына сүйене келгенде, жаңа
технология дегеніміз педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген
қорытынды жасауға болады. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын
зерттейтін ғылым ретінде сипатталады.
Сабақ процесінде белгілі бір технологияны қолдану арқылы мұғалім
жоғары нәтижеге жетуді мақсат етеді. Бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Ахмет Байтұрсынұлы: "Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің
керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол
жолдан балалар қиналмай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру
үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа
түзеп отыру... Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм
сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете
білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы,-"десе,
Бауыржан Момышұлы: "Арпаласып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты,-
" дейді.
Әрине, шеберлік бірден пайда болмайды. Ол жылдар өткеннен кейін үлкен
ізденістер мен орасан еңбектің арқасында келеді. Педагогикалық шеберлік сан
қырлы, әралуан. Оның күрделілігі мұғалімнің еңбек нысанасының өзіндік
ерекшелігімен түсіндіріледі. Шебер мұғалім сабақ процесінде, сабақтан тыс
уақытта да үнемі ізденіс үстінде жүреді. Осы ізденістің арқасында үлкен
жетістіктерге жетеді.
.
І. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
1.1. Оқытудың жаңа технологиясы туралы түсініктер

ішінде санаулылары ғана бала есінде қалады. Бұның себебі, баланың
ойы мен жүрегіне жол тапқан, бас әріппен жазылатын ұстаздың аз болатынынан
шығар.
Ахмет Байтұрсынұлы: "Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге
керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін
нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл
сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, өсіп
жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретінін білерге керек. Баланың ісіне,
түсіне қарап, ішкі халынан хабар аларлық болу керек,"- деп бала өміріндегі
мұғалімнің рөлін айқын ашып айтады.
Қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин "Хрестоматиясында" баланың
жас ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерімен санаса отырып: "Мұғалімнің
жұмысы - балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы
олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол
балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесу, шыдамдылық етуі керек,
әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіруі керек, мәнерлі сөз,
орынсыз терминдерді пайдаланбау керек,-" деген болатын. Ол бала тәрбиесінде
педагогтің білімі, тіпті сөйлеген сөзінің ерекше мәнге ие болатынын айтып,
білім беруде мұғалімнің әдіс-тәсілдермен жан-жақты қарулануын қалайды.
Нағыз педагог әр уақытта балаларға жақын болады. Оның ұжымдағы беделі
жоғары, балаларды қызықтыра біледі, оның сабағын балалар ерекше ықыласпен
күтеді. Оның сабақтарында тамаша тәртіп болады. Тәртіп болу үшін қатал болу
шарт па, біздіңше олай емес сияқты. Мәселен, қатал мұғалім кез-келген
сыныпқа кіріп келіп, шулап жатқан балаларға "отырыңдар" деп талап етті
дейік, бірақ сонда балалар тез орындарына отыра қоюы мүмкін бе? Бұлай болу
сирек кездесетін шығар. Керісінше, мінезі жұмсақ, бірақ кәсіби шеберлігі
жоғары мұғалім "Оспанов, орныңа отыр" деп бір ғана оқушыға ескерту айту
арқылы, бүкіл сыныпты тыныштандыруы мүмкін. Бұл мұғалімнің шеберлігіне
байланысты нәрсе.

Сабақ процесінде, белгілі бір технологияны қолдану арқылы мұғалім

түзеп отыру... Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм

уақытта та үнемі ізденіс үстінде жүреді. Осы ізденістің арқасында үлкен
жетістіктерге жетеді.
Сабақ процесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы да немесе
қолданбай да жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Ол сабак процесін
дұрыс, жүйелі ұйымдастыра білуіне де байланысты. Мұғалім оқушының
сабақтағы белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын әдіс - тәсілдерді
ұтымды, орынды қолдана білу арқылы оятады. Сабақты бір сарынмен өтпей,
өзгертіп отыру тағы да мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. Мұғалімнің
шеберлігіне оның білімі, дағдысы, оқушымен қарым - қатынасы, бейімділігі,
қабілеті, жүріс-тұрысы, киген киімі, сөйлеген сөзі де кіреді. Міне,
осылардың бәрін бір басына жинақтай білген ұстаз белгілі бір жетістіктерге
қол жеткізеді. Мұғалім бала жанын түсіне білу керек.
Балаларды түсіну дегеніміз - демек олардың позициясында тұру, олардың
сезімін бағалап, қам-қарекеті мен ісін елеулі түрде қабылдау, олармен
санасу деген сөз. Олардың қам-қаракеті мен істеріне немкұрайлы емес,
ілтипатпен қарап, мүдделі, іскерлік көңіл болу керек.
Балаларды түсіну дегеніміз - оларға өктемдік көрсетпей, олардың
бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілігінің өркенін жаю деген
сөз. Баланың көңіл құбылысы мен жүрек тебіренісін, оның сезімі мен
талпынысын түсіне отырып, әрі балалар өміріне өзінің ең жақын адамындай
қоян-қолтық араласа отырып, педагог баянды тәрбиеге қол жеткізе алады.
1.2. Дебат технологиясы.
Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның дамуына көмектеседі.
Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге
зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технологиясына
құрылған зерделік ойынға екі топ қатысадыбекітуші топ және даттаушы топ.
Әр топтың құрамы да шектеулі болады3-5 оқушы. Дебат техникасы белгілі бір
уақытты мөлшерлейді. Пән бойынша сабақ немесе сыныптан тыс шара осы уақытқа
сәйкестендіріледі. Ойын топтардың бағытын анықтау үшін жеребе тартудан
басталады. Бағыттары анықталған соң әр топтың дайындығына 15 минут уақыт
беріледі. Тақырып күрделі болса, мұғалім тақырыптарды алдын-ала беріп
қоюына болады. Бұл топ мүшелерінің көп материалдар жинауына, зерттеу
жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді.
Әр топқа дауыс беру үшін сыныптағы балаларды да екі топқа бөлуге
болады. Топ мүшелерінің өз бағытын қорғай алуын бақылау үшін бір оқушы
бақылаушы болады. Әр топ басшысы өзін және топ мүшелерін таныстырғаннан
кейін әр топқа өз бағыттарын қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Қарама-қарсы
сұрақтарға 3 минут беріледі. Бұған бүкіл сынып оқушылары қатысуға болады.
Бұл кезеңнің мақсаты - оппоненттердің сөзіндегі түсініксіз жайттарды
нақтылау, қарсы топты қандай да бір сұрақтармен бағытынан жаңылдыру, кейін
талдау кезінде осыны пайдалану. Оппонент сөзінен, тілінен, пікірінен
кемшілік табу. Топтарға қосымша дайындыққа 8 минут уақыт беріледі. Ең
соңында бақылаушы екі топтың өз бағыттарын калай қорғағандарына талдау
жасайды. Жеңімпаз топ айқындалады.
Дебат технологиясын қолдану кезінде оқушылардың сөйлеу мәдениеті
артады. Мұғалім бұған баса назар аударуы қажет. Мысалы, Нұрлан мырза, Айгул
ханым тәрізді тіркестерді қолдану, қарсы топтың пікірлерін байсалдылыкпен
тыңдау.
Дебат технологиясы баланың ойлау стилінің бес түрін де синтезатор,
идиалист, прагматик, аналитик, реалист дамытады. Сөйлесім әрекетінің
түрлерін жетілдіреді. Жалпы мәдениеттен, пәннен терең білімділігін
дамытады. Оқушы өзінің ойын жинақы түрде дәл, анық, түсінікті, дәлелді
жеткізуге тырысады. Пәнге қызығушылығы мен ойлау кызметінің белсенділігі
артады. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады. Тарихи құжаттармен,
статистикалық мәліметтермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге
дағдыланады. Бірақ мұғалім кез-келген тақырыпты дебат технологиясы бойынша
өткізуге болмайтынын ескергені жөн.
1.3. Компьютерлік технологиялар.
Қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану оқушының сабаққа деген
қызығушылығын арттырады. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс
істеуге қызығады. Тілдің салаларын өту кезінде бір жүйеге құрылған
тапсырмаларды пайдалануға болады. Тест тапсырмаларын компьютер арқылы
беріп, білімдерін тексеруге болады. Компьютер оқушының ақыл - ойын
дамытумен бірге, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.
Топтастыру технологиясы. Әдіскер В.К.Дьяченконың пікірінше, топтастыра
оқыту оқыту тәсіліне қатысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ
ұйымы, лекция-семинарлық жүйе, белл-ланкастерлік жүйе, зертханалық-
топталған әдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады.
Белл-ланкастердік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші
мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң
жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді.
Трамп жүйесін пайдаланған кезде мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды
орындау үшін сыныпты топтарға бөледі. Әр топтың басшысы сайланады. Әр топ
өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы
орындауға қатысқандары сараланады.
Ұжымдық оқыту технологиясы. Бұл технологияның негізгі әдісі -
тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты-жеті адамнан тұратын топ құрылады.
Мұғалім әр топқа дайындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке-
жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір-бірімен тапсырма алмасады. Сонда әр
топтағы оқушы алты-жеті тапсырма орындайды. Тапсырмаларды орындап болған
соң топ ішінде талқылайды. Тапсырмаларды келесі топқа беріп. Олардың
тапсырмасын алады. Мысалы, бір сыныпта 15 оқушы бар делік. Осы он бес
оқушыны мұғалім үш топқа белуіне болады. Сабак соңында бұл технология
бойынша әр оқушы он бес тапсырманы орындаған болып шығады. Мұғалім бақылау
жұмыстарын сынақ немесе тест түрінде қабылдайды.
Дамыта оқыту технологиясы. Бұл технологияда баланың ізденушілік,
зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін оқушы осы
уақытқа дейін өзінің алған білімінің жеткіліксіз екендігін сезінетіндей
болуы қажет. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы мен қызығушылығы
артады. Сабақ оқу мақсатының қойылуы, оны шешудің жолдарын бірлестіре
қарастыру, шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тәрізді бөліктерден тұрады. Оқушы
теориялық материалды жалаң, жаттанды түрде емес, қарапайым бақылаулар
жасау, зерттеулер жүргізу арқылы меңгеруі керек. Дамыта оқытуда қойылатын
сұрақтар ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей проблемалы сұрақтар болуы
қажет. Дамыта оқытуда сабақта жаңа материалды талдауға көп көңіл бөлінеді.
Талдау ізденістен тұрады. Талдау жасау барысында мұғалім баланың ой-пікірін
бақылауға мүмкіндік алады. Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім оқушыларды "жақсы
оқитындар", "жаман оқитындар" деп бөлмей, барлық балардың дамуы үшін жағдай
туғызуды мақсат етіп қояды. Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас
ынтымақтастыққа, өзара сыйластыққа негізделеді.
ІІ. Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалану
2.1 Ақпараттандыру технологияларды қазақ тілінде қолдану
Оқытуды технологизациялау идеясын әйгілі педагогтар қолдады. И.Г.
Песталоции өзінің педагогикаға енгізген ең маңызды еңбегі ретінде білім
беру механизімін есептеді, оны қолдана отырып, әрбір дайындығы жақсы
мұғалім кез келген оқушыны тәрбиелей алады деп санады.
Ал Шығармашылық педагогикасы бағытының өкілдері: Гансберг, Линде,
Шаррельман алдын ала анықталған технология арқылы баланың қайталанбас жеке
тұлғасына әсер етуге болмайды деп есептеді. Өйткені жеке тұлғалар қанша
болса, оларды тәрбиелеу жолы да сонша деген негізге сүйенді. Осы бағыттың
айтулы өкілдерінің бірі Вейс: Кез келген әдістің күші оны қолданып отырған
мұғалімнің тұлғасына байланысты, мұндағы мүғалім тұлғасы еркін, жан-жақты
дамыған ерік-күшімен баланың бұкіл өміріне шешуші әсер етеді.
ЮНЕСКО-ның анықтамасында айтылғандай, педагогикалық технология -
техникалық және адам ресурстары мен олардың өзара әсерін ескере
отырып, білім беру мен оны меңгеру процесін құрудың, қолдану мен
айқындаудың жүйелі әдісі, ол білім беру реформаларын оптимизациялауды
көздейді.
Ғылыми-техникалық прогрес нәтижесінде қазіргі заман өндірісі
негіздерінің өзгеруі, жаңа машиналар мен технологиялардың пайдаланылуы -
жұмысшы еңбегінде интеллектуалдық, еңбек, шығармашылық функция
үлесінің артуына әкелуде, сонымен бірге оқушылардың мектепте алатын
білім, іскерліктер мен дағдылар жүйесіне өзгерістер енгізілуде. Олар білім
беру стандарттарында айқын көрсетіледі.
80-жылдардың басынан бастап оқытуды компьютерлендірудің жаңа бағыты -
интеллектуалды оқыту жүйелері жедел дами бастайды, ол жасанды, интеллект
саласындағы жұмыстарға негізделген еді.
Компьютерлік технология терминін ақпараттық технологиялар термині
ығыстырып келе жатқаны туралы В.С. Кукушин айтып өтті.
Жалпы, компьютер білім беру саласында әр түрлі қызмет атқарады:
а) зерттеу пәні ретінде;
э) оқу-тәрбие процесінің құралы ретінде;
б) педагогтік баскару жүйесінің компоненті ретінде;
в) білім беру мекемелерін басқару компоненті ретінде;
г) ғылыми-педагогтік іс-әрекеттің құралы ретінде көрсетіледі.
Компьютерді техникалык құрал ретінде қолдану мазмұны, сипаты және
материал күрделілігі, жас ерекшелігіне сай, оқу және тәрбие процесін алатын
орны (жаңаны кабылдауға даярлау, жаңа ақпарат беру, жалпы мазмұн немесе
ұғымдар мен пайымдар жүйесі, алынған білім, іскерлік, дағдыларды бекіту,
жалпылау немесе меңгеруін тексеру) арқылы сипатталатын мақсаттылық арқылы
жүзеге асады.
Қазақ тілін оқытуда компьютерді қолданудың педагогикалық аспектілері
Тілдің қарым-қатынас қызметі байланыстырып сөйлеумен тікелей қатысты.
Өйткені, тіл арқылы қарым-қатынас жасау байланыстырып сөйлеу арқылы ғана
жүзеге асады. Ал байланыстырып сөйлеуге үйрету тілдік материалды оқыту,
оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызша және жазбаша сауатты сөйлей әрі
жаза білу, тілдің грамматикалық құрылысын, яғни грамматиканы оқыту аркылы
жүзеге асады.
Сөйлеуді, яғни, тілді И.Г Шавлов екінші сигнал жүйесі ретінде атап:
...сөз болса, болмыстың екінші арнаулы ерекше түрі біздің сигнал жүйемізді
кұрды, ол бірінші сигналдың сигналы болады. ,..ол ешбір теңдесі жоқ кең
көлемде, жануарларды шартты тітіркендіргіштеріне сан жағынан да, сапа
жағынан да ешбір салыстыруға болмайтын өте күрделі тітіркендіргіш, - деген
еді.
Егер бастауыш сынып оқушылары үшін көрнекіліктер өте үлкен рөл
атқарса, орта буынға сыныптары оқушыларының қызығушылықтары жан-жақты бола
бастайды.
Оқу әрекетінің психологиялық табиғаты жайында, окушылардың біршама
бөлігінің не себептен сабақ үлгере алмайтыны сөз болғанда, төмендегідей
себептері анықталды. Үлгермеушілік негізінен екі түрлі себепке байланысты
туып отырады. Бір жағынан, оқыту тәсілдері мен бағдарламаның олқылықтары,
оқушыға берілетін білім мөлшерінің нақты белгіленбеуінен туса, енді бір
жағынан, оқушылардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне байланысты
(оқуға шамасы келмеу) болып отырады. Психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты болатын үгермеушіліктердің бес тобын ашып отыр. Сабақ
үлгермейтін балалардың 1 -тобына мүғалім бақылауынан біраз уақыт шығып
қалған оқушылар кіреді. Мәселен, 5-6 апта бойы ауырып, сабаққа бара алмаған
оқушыға мұғалім тарапынан жәрдем көрсетілмесе, оқушыда оқуға деген енжарлық
пайда болады.
2-топқа ми ауруларымен ауырған (ақыл-ойы кем) балалар жатады. Осындай
балалар тек арнаулы мектептер арқылы білім алуы тиіс.
3-топқа туысынан мүкіс еститін, не естуі кейіннен нашарлаған балалар
жатады. Мұңдай балаларды акыл-есі кем балалар оқитын мектепке жіберу дұрыс
емес. Нашар еститін балалар өздеріне арнайы ашылған мектептерде ғана оқуы
керек.
4-топқа түрлі аурулармен ауырып, организмі әлсіреген балалар жатады.
Осы топтың балалары санаториялық мектептерде оқыса, оку бағдарламасын жақсы
меңгеріп кете алады
5-топқа нашар мінезді балалар (сотқар, қасарыспа, қыңыр т.б.) жатады.
Үлгермеушілердің 1, 3, 4-тобындағы балалар жетілдірілген әдістермен
оқытылса, олардың оқу керенаулығы жойылып, ақыл-ойының белсенділігі
біртіндеп артатын болады.
Балалардың сабақ үлгермеушілігінің көзін неғұрлым ерте табу, сондай-
ақ, оларға қажетті психологиялық шараларды таңдай білу - әр мұғалім
ойластыратын негізгі мәселе. Бұл сонымен бірге педагогика, психология
ғылымдарының әлде де болса тәптіштеп зерттей түсетін зор мәнді ғылыми
проблемасы.
Психолог СЛ.Рубинштейн: Дағды саналы түрде автоматтандырылған қимыл-
әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматтанған тәсілі
ретінде қызмет атқарады,- дейді. Дағдының психологиялық механизмдері -
жоғары жүйке жүйесіне бағытталатын шартты рефлекстер жүйесі, оның бірінші
сигналдық жүйеде жасалуы. Басқаша айтқанда, дағды әрекеттің адам бойында
орнығуы.
Көрнекті ғалым Я.А.Каменский дидактиканың алтын ережесі деп атаған.
Көру анализаторы есту анализаторына қарағанда артықшылығы: көз ақпараты
секундына миллион бит көлемінде, құлақ - тек ондаған мың бит көлемінде
өткізе алады. жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық дейді.
Мақсаттары мен міндеттеріне қарай оқытушы компьютерлік бағдарламаларды
көрнекілік, кеңес беруші, тренажер - бағдарламалар, оқытып бақылау
бағдарламалары, операциялық орталар деп бөлуге болады. Ойын бағдарламалары
оқу мотивациясына, шығармашылық ойлауға жағымды әсер ете отырып,
инициативаны көтермелейді, өз қызығушылықтарын ортақ мақсатқа бағындырып,
бірлесе іс-әрекет етуге жұмылдырады. Ойын оқу пәнінің тар шеңберінде қалып
қоймай, салалас пәндермен нақтылы практикалық білімін арттыруға ықпал
ететіні белгілі.
Қазак тілі сабағында компьютерді окыту құралы ретінде колданудың
тәсілдері. Барлық топпен де кіші топтармен де, жеке оқушылармен де жұмыс
жүргізуге болады. Бұл тәсілдер ақпаратты құралдардың жетіспеушілігінен
туындап отырған жоқ, қайта керісінше, дидактикалық мақсатты көздеуден пайда
болды. Егер топта тек мұғалімнің компьютері болса немесе мұғалім ұжымдық
жұмыс түрін ұйымдастырғысы келсе, онда ол мұғалім компьютерінің көмегімен
жұмыс түрін ұйымдастыруына болады. Мысалы: амоним, синоним, антоним
тақырыптарына жаттығулар жүргізгенде, ортақ проблемалық сұрақ қою, оны
бірлесе отырып, шешуді айтуға болады. Кейде мұндай ұжымдық жұмыс
оқушылардың компьютерлерде жеке отырып, орындайтын тапсырмаларына қарағанда
нәтижелі болуы да мүмкін.
Таным теориясы бойынша оқыту үрдісінде ең маңызды кезең оқушылардың
қабылдауын дұрыс ұйымдастыру, яғни қабылдаудың айқындылығы оқытудың негізгі
принципін құрайды.
Белгілі әдіскер, ф. ғ. д„ профессор Н.Оралбаева өзінің
К.Жақсылықовамен бірге жазған Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту
әдістемесі еңбегінде казақ тілін оқытуда қандай әдістерді қолдануға
болатыны туралы былай дейді:
Ғылымда танылып жүрген әдіс-тәсілдерді ескеріп, қазақ тілін оқьпу
тәжірибесін жинақтай келе төмендегідей әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады:
баяндау, түсіндіру, оқушыны ойландыру, жалқылау, жалпылау әдістері,
әңгімелесу, еліктеу, жаттықтыру, оқушының ана тілінің материалдарын
пайдалану әдісі, көрнекі құралды пайдалану; техникалық құралды колдану,
саяхаттарды, сөйлесуде үйрету үшін пайдалану әдістері Енді осылардың
қатарына компьютерлік бағдарламалар оқытуды да қосатын кез келді .
Ә. Исабаев Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері кітабында
қазақ тілін оқытудың жеті принципін көрсеткен:
Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.
Оқытудың шамаға лайықты жүйелілік принципі.
Оқытудың белсенділік, сапалылық принципі.
Жеке тұлғаны дамыта отырып, даралап, саралап оқыту принципі.
Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді ұлттық рухани тәрбиемен, өмірмен
байланыстыру принципі.
Көрнекілік принципі.
7. Оқушының білімге құмарлығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу
принципі
Заман талабына сай оқыту принциптері ізденуді, зерттеуді қажет ете
береді. Компьютерлік оқыту кезінде бұл принциптерді жүзеге асыра білу
мұғалімнің, программистің шеберлігіне тікелей байланысты, компьютерлік
оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуел.
2.2. Дамыта, проблемалық оқыту технологиялары
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,
бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба,
әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап
адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің
мақсат-міндеттерін анықтайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді.
Бірі – жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылық факторды қуаттаса,
екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне,
меншіктеуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу, білім алу деген сөз.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі - дейді А.Б.
Тұрғынбаев. Кез-келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз
бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту
жайлы сөз етпекпіз.
Даму ұғымы философиялық сөздікте: ... мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, - деп
түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен
дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа
сапаға көшеді. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу – белгілі бір зат
пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа
сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың
зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың
қатысатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында
қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының
ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының
нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-
ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және
ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері,
талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары. яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән
қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары
болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған
ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже
бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы
белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат
ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі. Ең
бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да
басқа екеуінен ерекшеленіп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты
күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л. С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген
көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі
аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік экономикалық және мәдени
салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту
теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа
сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын
талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің
бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық
кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта
қаланатындығы баршаға белгілі.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның
практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды
инновациялық процесс немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.
Мәселеге тереңдемей тұрып, алдымен инноватика ұғымының мәні,
латынның in-novus деген сөзінен шыққан, жаңарту, өзгерту мағынасын
беретіндігіне тоқталған дұрыс. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер,
құралдар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz