Экологиялық мәселелерді экономика тарапынан шешу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе.
I тарау. Ғылыми-техникалық даму оның экологияға әсері.

1.1. Экономика мен экология, олардың қайшылықтары.

1.2. Қазіргі кездегі экологиялық катастрофаның масштабы.

1.3. Қоршаған орта қорғалуы.

II тарау. Экономиканың экологияға әсері.

2.1. Экологиялық мәселелерді экономика тарапынан шешу.

2.2. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану.

2.3. Экономиканы экологияға бейімдеу.

Қорытынды.

Сілтемелер

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі.

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы
күрделене түскені мәлім.Адамдар мен табиғат, глобальды масштабта эко-номика
мен экология арасындағы арақатынас жылдан-жылға шиеленісіп барады.
Ғылымның, техниканың және өнеркәсіптің дамуы, урбанизация про-
цесінің кеңеюі қоғам мен табиғаттың арақатынасын қиындатты, қоғамның
бақылаусыз әрекеті табиғи ортаның бұзылуына әкеліп соқты.
XXI ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық проблемалардың
бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі
деңгейде көріне бастады. Экологиялық жағдайдың күн санап күрделенуі –
адамзат қауымының сауатсыздығынан.
Біз тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформа-
лар мен экономикалық тоқыраудың қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару
және бақылау жүйесіндегі үйлесімсіздікке әкеп соққанының, эко-номикалық
мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуы-ның куәсі болдық.
Қаржы тапшылығының әсерінен бұндай жағдайдағы шаруашылық мәселесін шешкен
кезде экологиялық және табиғатты қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық
мүдде басым болып келеді.
Қазақстан мемлекеті әлемнің дамыған елдеріндей өзінің экономика
салаларын нарықтық қатынастың сұранысы мен талабына сай күрделі өзге-
рістерге бағыттай отырып даму үстінде. Осыған байланысты табиғи ресур-тарды
ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесін құру қа-жеттілігі
туындап отыр. Бұл проблеманың маңыздылығы уақыт өткен сайын арта түспек,
өйткені шешімін кейінгіге қалдырған сайын қоршаған ортамызға әкелетін
экологиялық-экономикалық зияны ұлғая түспек.
Адамзат баласы Жер атты көгілдір кеңістікте өсіп-өнді,
жетілді,жетілгенмен қоймай оның табиғи игіліктерін қорқаулықпен рәсуә етіп,
осы асыл мекенді кез-келген уақытта қара күйедей кеулеп, құртып жібере
алады-деп жазып еді бір дана.
Атақты жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің естеліктерінде: Ең соңғы
тірлік тау етектерінде, қалың орманда ғана қалады. Бір замандарда ол да
тынышталады. Бітеді. Жер өмірін тексеріп жүрген дүние жүзі ғалымдарының
әзірше жұқалай ескертіп жүрген тірлік қауіптерінің түрі осыған соға-тын
сияқты,-деп еді.
Асылы, осы сөздер расқа айналатын тәрізді. Өйткені, жыл сайын құл-
дырап бара жатқан әлемнің, әсіресе,Қазақстанның экологиялық ахуалы мұ-
ны айқын аңғартып отыр.
Бұрын біздің елімізде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер
бар,-деп мақтанушы едік, қазір планетамыздағы күллі ауруларды Қазақ-
станнан таба аласыз,-деп айта аламыз.Міне осы сынды мәселе, басқа да
ауқымды жайттар төңірегінде сөз қозғау, айналып келгенде, тақырыптың
өзектілігі болмақ.

Тақырыптың зерттелу сипаты.

Экологияға, табиғатты қорғау мен пайдалануға қатысты көптеген ға-
лымдар өз еңбектерін, зерттеулерін жазған.Сонау антика заманының фило-
софтары Сократ, Платоннан бастап, XIX ғасырда Ж.Б.Ламарк, Э.Реклю, орыс
философы С.Соловьев, физик Н.А.Умов сынды ғалымдар экономика-лық
қатынастардың экологияға әсерін көрсеткен.Қазақстандық ғалымдар-Ғ.Сағымбаев
Экология мен экономика, С.Мұқанұлы Наука об окру-жающей среде,
Қ.Ә.Әлімбетов, А.Райымбеков Экономические проблемы охраны окружаюшей
среды, Сүлейменов Қалдықсыз технология эколо-гия қызметіне, А.Самақова
Экология және ана мен бала денсаулығы, т.б. экология мәселесін көтеріп,
өздерінше ат салысқан. Сонымен қатар Б.Нуралиннің, Қ.Жүсіповтың,
К.Қасымбековтың, А.Әбілдің, А.Бүркітбай-ұлының мақалаларын да айтпай кетуге
болмайды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Тақырып өзектілігін ескере отырып, қазіргі кездегі экономикалық мә-
селелер мен оны шешудегі экономиканың рөлін анықтап, арналарын ашу жұмыстың
н,егізгі мақсаты болмақ.
Осы мақсаттың негізінде мынадай міндеттер алға қойылды:
1. экономика мен экологияның қайшылықтарын айыру;
2. қазіргі кездегі өзекті экологиялық проблемаларды қарастыру;
1. осы проблемаларды шешудегі экономиканың қаншалықты әсер ететінін
анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы.
Жұмыс, негізінен, кіріспеден,екі бөлім, қорытынды мен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр бөлім өз ішінен бөлімшелерге бөлінген.
Кіріспеде зерттейтін тақырыптың өзектілігі, зерттелу сипаты,жұмыстың
мақсат-міндеттері анықталған. Бірінші тарауда ғылыми-техникалық да-му
мен оның экономикаға әсері қарастырылған. Ал екінші тарауда эко-
номиканың экологияға әсері жан-жақты сөз етілген . Қорытындыда не-гізгі
тұжырымдамалар берілген.

I тарау. Ғылыми-техникалық даму және
оның экономикақаға әсері.

Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін
ұйымдастыруда адамзаттың алдында бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты
қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Бүкіл жер бетіндегі
экологиялық жағдайдың өзгеруі ғылыми-техникалық өрлеу-мен тікелей
байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем елдері-нің көбі-ақ
өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Өнеркәсіптің дамуы жер қой-науындағы
қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ласта- нуын
күшейтті. Екіншіден, бұл жылдарда дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да
үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті.
Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген тұтыну қысымын өсірді. Үшіншіден,
қалалар көбейіп, оларда тұратын халық саны артты.
XX ғасырдың басында жалпы халықтың 10%-ы ғана қалада тұрса, ға-сыр
аяғында бұл 50%-ға жуықтады, ал 2001жылы бұл көрсеткіш 54%-ға же-
тті. Осынша көп адамның шағын территорияға жиналуы жерге түсетін сал-мақты
күшейтті, қала мен қала маңының салтануы ұлғайды. Осылардың салдарынан
Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр.
Қазіргі кезде экологиялық дағадарыстың пайда болуына әсер еткен факторлар
қатарына ғылыми-техникалық прогресс жайлы екі жақты пікір қалыптасқан.
Дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен арақатынас жасау үшін жа-ңа
білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып қойған жоқ, қоршаған ортаны
сақтаудың, қалпына келтірудің, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану-
дың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да үйренді. Қазіргі күшті электронды-
есептеуіш машиналар,жүйелі талдау әдістері үлкен жобалар мен жұмыстар-дың
табиғақа тигізетін зиянын алдын ала тексеріп білуге,болдырмауға мүм-кіндік
береді. Сондықтан ғылыми-техникалық прогресті кінәламай, керісін-ше, оның
көмегімен қажетті тексеру, талдау жасап, дұрыстығына көз жеткі-зіп барып,
ірі құрылыстарды жобалауға және тұрғызуға қолайлы да пайда-лы.
Ғылыми-техникалық прогрестер қоршаған ортаны сақтауға, оның лас-
танбауын қамтамасыз етуге толық мүмкіншілік береді. Сондай ақ:
- қалдықсыз немесе қалдығы аз технологияны іске қосу арқылы табиғат
байлықтарын үнемдеуге, ортаның ластануын болдырмауға, не азайтуға
болады;
- айналымды немесе оңашаланған су жүйелерін өндіріске кеңінен енгізіп, су
қорларын үнемдеуге, оның ластанбауын қамтамасыз етуге болады;
- ағаштар отырғызып, ормандарды қалпына келтіру арқылы ауадағы газдар-дың
қалыптасқан теңдестігін сақтауға, су қорларын молайтуға болады;
- дағдылы отын түрлерімен энергия қуаттарының қорлары таусылмайтын басқа
энергия түрлерімен алмастыру арқылы пайдалы кеңдерді үнемдеуге, табиғаттың
өзгеруіне жол бермеуге, ауадағы көмірқышқыл газды азайтуға болады.
Аталған және олардан басқа да ғылым мен техника ұсынған әдістер,тә-
сілдер мен жолдар жеріміздің көркін, байлығын сақтауға көмегін тигізетіні
анық. Тек соларды қолдануды меңгеріп, жаңа технологияны дұрыс пайда-лана
білу керек.
Қоғам қажетін үнемі бірінші орынға қойып, оның дұрыстығын тек тех-
никалық тұрғыдан қарасақ, көптеген қателіктер жіберіп, орны толмас ұты-
лыста қалуымыз мүмкін.

1.1.Экономика мен экология қайшылықтары.

Қоғамның барлық даму кезеңінде болған адам мен табиғат арасындағы
шиеленіс қазіргі кезде экономико-экологиялық проблеманың сипатын анықтап
отыр: яғни экологиялық регресс арқылы экономикалық прогресске жету.
Экономика қоғамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған. Эволюция процесінде қоғамдық қажеттіліктер өсіп, техника-
ны одан әрі дамытуды қажет етті. Нәтижесінде 20-шы ғасырдағы экономи-
калық даму ғылыми-техникалық прогрессіз, өндіріс өсімінің тұрақты сақ-
тауынсыз және қамтамасыз етуінсіз мүмкін емес еді. Ал бұл табиғат ресур-
старына тәуелділіктің артуы деген сөз.
Осыған келіп экологиялық және экономикалық дамудың негізгі қай-
шылықтары келесідей шиеленістерден көрінеді:
1.Экономика әрқашан да даму үстінде болу керек.
2.Осы даму қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
Жалпы мемлекеттің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі бір-
бірімен тығыз байланысты. Қазіргі таңда экология мен экономика салала-
рының ықпал ету механизмі күрделі және алуан түрлі:
- экологиялық проблемаларды болдырмау сылтауымен нақты экономика-лық
мақсаттар орындалады;
- экономикалық проблемалар экологиялық проблемалардың арқасында жү-зеге
асады;
- экономикалық проблемалар экологиялық проблемалардың пайда болуы-
мен қалыптасады;
Сондықтан да экологиялық қауіпсіздік маңызды мәселелердің біріне
айналып отыр.
Экологиялық және экономикалық қауіпсіздік, адамзат қауіпсіздігі са-
ласына кіреді. Қазір экологиялық сауықтыру мәселесі мәнділігі мен маңыз-
дылығы жағынан бірінші орынға шығып отыр.
Экологиялық және экономикалық ұауіпсіздік қоршаған ортаны эконо-
мика жолдарымен қорғаудың негізгі қағидасы болып табылады. Осыған
байланысты қоршаған ортаны қорғау шаралары экологиялық қауіпсіздік тұр-
ғысынан бағалануы керек.
Ғылыми әдебиеттерде экологиялық қауіпсіздікке төмендегідей анықта-
ма береді: Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз азаматтардың әлеуметтік, эко-
номикалық, экологиялық құқықтарының және заңдық мүдделерінің, қоғам-ның
және мемлекеттің материалдық, мәдени және басқа да мүдделерінің ан-
тропогендік әсер етудің нәтижесінде туындаған қоршаған ортаның жағым-сыз
факторларының зардабынан, сонымен қатар экологиялық авариялар мен
апаттардың залалдарынан қорғалу жағдайы.
Тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі-тұлғаның,
қоғамның және мемлекеттің қоғам мен табиғаттың арақатынасы барысында-ғы
маңызды мүдделерін мына қатерлерден қорғау жағдайы:
1.Табиғи объектілер тарапынан табиғи жағдайы ластаудың салдарынан мы-
налардың нәтижесінде бұзылады:
-антропогендік қызметтің;
-алдын ала қалау (экологиялық диверсия, экономикалық агрессия жолдары-мен);
-табиғи апаттар;
2.Табиғи объектілерді жою, бүлдіру салдарынан табиғи ресурстармен қамта-
масыз етілмеудің немесе оларды Қазақстаннан тыс жерге жетудің нәтижесін-де.
Экологиялық қауіптіліктің негізгі факторлары мыналар болып табыла-
ды:
1) адамдардың жас ұзақтылығының төмендеуі;
2) ерекше экологиялық жағдайдағы аумақтардың артуы;
3) радиоактивті ластанған аумақтардың ұлғаюы;
4) техногендік қауіп-қатердің өсуі;
5) сулардың сапасының артуы;
6) әуе бассейнінің ластануы;
Осы жағдайлардың негізінде Қазақстан Республикасының Экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасы жасалған. Онда ішкі және сыртқы саясат, құқық-тық
және экономикалық механизмдер, қоршаған ортаны қорғауға және қам-тамасыз
етуге, табиғи апаттардың және өнеркәсіптік авариялардың алдын алуға керекті
қызметтердің бағыттары көрсетілген.
Сонымен, Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық қауіп-
сіздікке құқықтық статус беру үшін мынадаймаңызды қағидаларды ұстанған жөн:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға көп көңіл бөлу;
- болашақ ұрпақтың қолайлы қоршаған ортаға байланысты қажеттіліктерін
қанағаттандыру;
- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- кейбір аймақтардың бастапқы табиғи-экологиялық жүйелерін қалпына кел-
тіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану үшін экономикалық ынталандыру
шараларын еңгізу;
- қоршаған ортаны қорғауға қоғамдық бірігулер және жергілікті өзін-өзі бас-
қару органдарының, халықтың белсенді және жария түрде қатысуы;
- қоршаған ортаны қорғау істеріне халықаралық бірлесу.
Жалпы экологиялық қауіпсіздік мәселелері мыналарға негізделеді:
адам-зат пен табиғаттың өзара байланысын мойындауға; қоғам мен табиғаттың
арақатынасы кезінде әлеуметтік-экономикалық механизмді құру міндеттілі-гін
түсіну; табиғи объектілер үшін экологиялық сынды және қауіпсіз техно-
логиялар мен техникалардың керектігін ұғыну.

1.2.Қазіргі кездегі экологиялық катастрофаның масштабы.

Табиғаттың тынысы тарылып, экологиялық ахуал күн өткен сайын ауыр-
лап бара жатқаны бұл күндері әркімге-ақ белгілі. Соңғы жылдары тіпті күн
тәртібінен түспейтін проблемаға айналды.
Тұрақты даму әрмемлекеттің мәнді де маңызды мақсатына айналып
отырған қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздік, адамзат тіршілігінің
бесігі-қоршаған орта мен табиғатты қорғау әрбір саналы адамның ойы мен
ісінде, күнделікті қызметінде басты нысана, қажеттілік ретінде қалыптасуы
тиіс. Оған ешкімнің де немқұрайды қарауға қақысы жоқ. Өйткені бүгінгі
табиғат тынысы, таза да қауіпсіз қоршаған орта ертенгі ұрпақтарымызға
аманат ре-тінде қалуы керек. Сондықтан экология мәселелері мемлекеттік әр
деңгейде қарастырылып жолға қойылып жүр.
Барлық жер кеңістігінің, яғни теңіз, ауа, судың ластануы,
парниктік эф-фект, ормандарды жою, шөлейттену, көптеген өсімдіктер мен
жануарлар дү-ниесінің жоғалып кетуі-қоршаған ортаға антропогендік ықпалдың
негізгі формаларының кейбір көріністері ғана. Ал нақты фактілерге сүйенсек,
екінші дүние жүзілік соғыстан кейін зор көлемде минералды шикізат
қолданылып, бұл табиғи ресурстардың азаюынаәкелді. БҰҰ-ның қоршаған орта
және даму бойынша әлемдік коммисияларыныңберген мәліметтері бойынша қазіргі
кез-де жыл сайын 6 млн. га. жер шөлге айналуда, ал 20 млрд. өзінің
өнімділігін жоюда. Сонымен қатар шөлейттердің территориялары кеңеюде:
Сахара жыл сайын оңтүстігіне қарай 48 км-дей жылжуда.
Орман кеңістігі 1950 жылы құрлықтың 15%-ін алса, қазір 7%-ін алып
жатыр. Жыл сайын 11 млн. га. орман шабылады. Жыл сайын 20 км.кв. тропи-
калық орман өртелуде. Алуан түрлі жанармайдың жағылуы нәтижесінде жыл сайын
атмосфераға 20 млрд. тонна көмірқышқыл газы лақтырылады. Бұл парниктік
эффектін тудырады, яғни климаттың жылынуына әкеп соғады.
Арал теңізінің жоғалуы – адамзат тарихындағы масштабының ауқымды-
лығымен және тіршілікті жоятын салдары бұрын болмаған. Еуразия матери-
гінің орталық бөлімінде континенталды климатты жұмсартқан, алып су қо-рының
құрып кету апаты. Бұл Қазақстан және Түркіменстанның кең террито-рияларының
климаттық жағдайларын ғаламдық өзгерістерге әкеледі. Қазір әсіресе белгілі
ғалым – экономистің сөзі өте маңызды: Мәдениет, егер ол ретсіз дамыса, ал
саналы түрде бағыталмаса, өзінен кейін щөлді қалды-рады.1
Жыл сайын мұхитқа 30 млрд. тоннадай мұнай өнімдері, 50 000 тонна
пестицид, 5000 тонна қорғасын лақтырылуда. Міне осыған қарап-ақ эколо-
гиялық жағдайдың соңғы кезде күрт төмендегенін яғни нашарлағанын бай-қауға
болады.

Экономикалық өсу түсінігі.
Қарсы және жақтаушы аргументтері.

Экологиялық қауіп өскен сайын экономистер оның алдын алу үшін көп-
теген жұмыстар жасауда. Олар экологиялық проблеманың экономикалық се-
бептерін түсіндіруге көңіл бөлуде. Кейбіреулері оның себебін экономикалық
өсіммен түсіндіреді. Экономиканың қарқынды өсуі, өндіріс қуатының, жал-
пыұлттық өнімнің артуы, өнім шығаруының өсуі экономикалық дамудың си-
паты болып табылады.
Экономикалық өсімінің анықтамасын американ экономисі С.Кузнец бы-
лай берген : Экономикалық өсім – халықтың көбейіп келе жатқан көптеген
материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын техникалық прогресске
негізделген, елдің өндірістік мүмкіндіктерінің ұзақ мерзімді өсуі.
Экономикалық өсімнің қоршаған ортаға әсеріне байланысты экономис-
тердің көзқарастары екіге бөлінген.
Өсімге қарсы шығушылар қоршаған ортаның нашарлануына қынжыла
отырып, индустриалиализация мен экономикалық өсім қазіргі кездегі жағым-сыз
құбылыстарды туғызатының айтады. Ал өсімді жақтаушылар экология-лық
экологиялық дағдарыс экономикалық өсіммен емес, құн, бағаның дұрыс
қойылмауынан деп есептейді. Олардың позицияларының мәні: Ластауды шектеу
үшін экономикалық өсімді емес, ластаудың өзін ғана шектеу керек.
Қорытындылай келе, қазіргі кезде экономикалық өсімді тоқтатуға бол-
майды, себебі оның кері байланысы бар. Ол үшін қоршаған ортаны ластамай,
қоғамға қажетті материалдық байлықтарды қалыптастыратын даму деңгейін
қамтамасыз ету қажет.

1.3.Қоршаған орта қорғалуы.

Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтама-
сыз етудің өте жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуы-ның,
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқа-рушы
органдарының жақсы ұйымдастырылған және аумақтық бөлшектелін-ген жүйесін
қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жылдары болды. Бұл қоршаған
ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайда-лану саласындағы
мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз
етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген он жылдықтар бойы қоршаған ортаға экс-
тремальды жоғары техногендік жүктемелермен, негізінен, табиғат пайдалану-
дың шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан экологиялық жағдайдың түбе-гейлі
жақсаруы әзір болған жоқ және ол бұрынғысынша биосфераның тұрақ-
сыздануына,қоғамның тіршілік әрекетіне қажетті қоршаған ортаның сапасын,
оның қолдану қабілетін жоғалтуға алып келетін табиғи жүйелердің тозуымен
сипатталады.
Қазақстан Республикасы халқының тұрмыс деңгейі жақсарғанымен, ден-
саулығы зардап шегуде. Біздің республикамыздың көптеген аймақтарында жағдай
тек қана қолайлы емес, апатты жағдайда болып отыр. Қоршаған орта-ны
ластайтын және табиғат жүйелерінің деградациясын тудыратын негізгі көздері
өндіріс, ауыл шаруашылық, және т.б. антропогендік факторлар болып табылады.
Айналаны ең көп ластайтын мұнай – газ саласы, жылу энергетика-лық
кешендердің кәсіпорындары болып табылады. Қоршаған орта барған сайын
радиациялық, химиялық және т.б. да қауіпті ықпалдарға ұшырап отыр. Осылайша
қазіргі заман экологиялық тауқыметтері адам қолымен жасалып, бүкіл
тіршілікке қауіп төндіріп келеді.
Қалалардың өсуі оның тұрғындарының тіршілікке қолайсыз жағдайлар-
дың ( ауаның ластануы, шуылдың күшейе түсуі, халықтың тығыздығынан туатын
зиянды жағдайлар, адамның табиғаттан қашықтай түсуі.) орнығып, арта түсуіне
әкеп соқтыруда. Сондықтан да бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының
мәлімдемесінде бейбітшілік сақтаудан кейінгі жер бетінде-гі ең маңызды әрі
шұғыл мәселе – қалаларды дұрыс жоспарлап сала білу деп көрсетілген. Шынында
да қазір айналадағы ортаның ластануы жол берілер шегінен асып асып кетті.
Әртүрлі деректерге жүгінсек, жер жүзінде 200 – ден 300 млрд. тоннаға дейін
түрлі қалдықтар жинақталған, оның 50 млрд. тонна-сы біздің елімізде
көрінеді ( И.В.Петрянов – Соколов, 1987 ж.). Ластанудың халық шаруашылығы
мен табиғатқа тигізген зияны 1980 жылы 30 млрд. сом болса, 1990 жылы
шамамен 48 млрд . сомға жеткен.
Енді қоршаған ортаны қорғау бойынша қолданылатын іс –шараларға кел-
сек, Қ.Р. қоршаған ортаны қорғау министірі А.Самақованың ақпараты бойын-
ша табиғат қорғау заңдарының сақталуын бақылау мақсатында 2002 жылы 29549
кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында 67626 заң бұзушылық әрекеттер анықталып, 78 млн. теңге
соммасына 6211 айыппұл салынды, 436 материал құқыққорғау органдарына
тапсырылды.
Мұнай – газ өндіруші және қайта өндеуші шетелдік, бірлескен кәсіп-
орындарда құқыққорғау заңдарының бұзылуы әлі де орын алуда.
Қоршаған ортаны қорғау мына жағдайлар арқылы жүзеге асасды:
1. табиғатты қорғауға арналған шараларды жоспарлау және
қаржыландыру.
1. ластаушы заттарды шығаруды шектеу.
1. табиғи ортаны ластағаны үшін төлем ақы салу.
1. табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру.
1. табиғат ресурстарын пайдаланған үшін салық салу.

II тарау. Экономиканың экологияға әсері.
2.1. Экологиялық мәселелерді экономика
тарапынан шешу.

Тарих барысында адамзат әрекеті әрқашанда жағымсыз сипатта болды деп
айтуға болмайды. Адамдар табиғатты қорғау үшін әр түрлі жолдар іздеген. Бұл
туралы антикалық философтар (Сократ, Платон), кейін 19 ғасырда биолог
Ж.Б.Ламарк пен Э.Реклю жазған. Атақты орыс философы В.С.Соловьев ең бірінші
болып экономикалық қатынастар мен табиғат қорғауды сәйкестендіріп,
байланыстырған. Орыс физигі Н.А.Умов 20 ғасырда табиғат ресурстарының
шектеулігіне қоғамның назарын аудартқан. 20 жылдары Вернадский ноосфера
туралы білім жазған.2
Осылайша, адамзатта өз проблемаларын шешу үшін потенциалы бар, енді
оны тек рационалды қолдану қажет.
Экономика және экология қалайша өзараәрекеттесуі мүмкін? Бұл сұраққа
табиғат ресуртарын үнемді қолдану, тұрақты даму қағидасы, экономиканы
экологизациялау негізінде жетуге болады деп дауап беруге болады. Осы жолдар
төменде толықтай қарастырылады.

2.2. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану.

Қазіргі кезде шектеусіз ресурстар жоқ. Осы жерде табиғат ресурстарына
деген адам қажетілігі мен оларды рационалды қолданудың талаптарымен
сәйкестендіру проблемасы туындайды. Осындай мүмкіндіктерді экономика нақты
ұсынады.
1.Шикізатты екінші рет қолдану, регенерация-өндіріс және қоқыс
қалдықтарын қайта өңдеу.
Осылайша мысалы макулатураны қайта өңдеу жаңа қағаз өндіруді екі есе
қысқартады. Қалдықтан қалған органикалық масса тыңайтқыштарды алу үшін
қолданылады.
Қалдықтырды қайта өңдеу қазіргі кезде қолданыстан шыққан. Қоқсыты тек
қана жинақтап, қайта өңдемейді. Оның жинақталуымен қалайша күресуге болады?
Оның әдістерін ежелде-ақ көрсеткен. Б.д.д. 500 жыл бұрын Афиныда эдикт
қабылданады. Эдикт бойынша қоқысты далаға шығаруға болмайтын. Қаладан 1
шақырым жерде орналасқан қоқысқа арналған орындарға апаратын болған. Кейін
келе орлар қазылып, көметін болыпты. Сол кездің өзінде қоқыстардың
зияндылығын білген екен.
АҚШ-та қалдықтарды сақтаудың негізгі тәсілі қымбатқа түсіп,
территорияның кемуіне әкелетініне қарамастан жер астына көму болып
табылады. Бұл әдіс экономистердің пікірінше ең тиімдісі болып табылады.
2. Ағымдағы суды өңдеу. Берілген технологияның негізінде қалджық
шығаратын бактериалдық процесті қолдану жатыр. Судың жетіспеуінің алдын
алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен суды тиімді пайдалану мен оны
территориалдық жағынан таралуын өзгерту жатады. Судың сарқылуы мәселесін
шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;
1) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық цикл)
1) ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде
пайдаланбау.Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;
1) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек
құбырмен беру.Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол
бермеу;
1) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою.Нақты бағалау
нәтжесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау
әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты. Суды
тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже
береді3.

3. Өндірістік территорияларды рекультивациялау-қайта қолдану мақсатымен
бүлінген ортаны қалпына келтіру. Мысалы Англияда көмір қалдықтары болған
үлкен территорияға өсімдіктер отырғызылып, 20 жылдан кейін топырақ қайта
қалпына келіп, ал жер егіншілікке берілген.
4. Жаңа энергия көздерін қолдану: жел, күннің көзі, судың тасуы мен
қайтуы. Күн-энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады.Оны
тікелей немесе жанама, яғни, фотосинтездің өнімдері,судың айналымы, ауа
массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады.
Көбіне күн энергиясын жинау әртүрлі коллекторлардың көмегімен
жүргізіледі. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АҚШ, Израиль, және
т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады.
Парниктерде қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға
болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу
сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады.Олар: тастар, су, металл, құм
және т.б.болуы мүмкін. Күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп
шығарады.Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның, Орта Азияның оңтүстік
бөліктерінің теплицаларында кеңінен қолданылады.
Күнді электр энергиясын өндіруде пайдалануға болады. Күн энергиясын
электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады.
Бірақ, фотоэлементтерді қолданудың қиындығы олардың өте қымбат болуы мен
үлкен аудан алуына байланысты. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың
жекеленген салаларын толық күн энергиясымен электрификациялау жобалары
жасалынған.Мұндай энергияны пайдалану жоғары дәрежедегі экологиялығына
байланысты дәстүрлі жолмен алынған энергиядан пайдалы болып шығады.
Күн энергиясын электр энергиясына айналдырудың екінші жолы, бұл-
турбогенераторды қозғалысқа келтіретін суды буға айналдыру процесі. Бұл
жағдайда күн сәулелерін жинайтын көптеген линзалар бар энергомұнаралар және
арнайы күн тоғандары жасалады
Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады.
Фотосинтез энергиясыналудың ең қарапайым жолы-органикалық
заттыжағу.өнеркәсіптік даму жолына түспеген елдер үшін бұл негізгіәдіс
болып табылады.Бірақ, органикалық затты басқа отын көзіне айналдыру жолын
пайдаланғанда алдымен оны экологиялық жағынан тиімді түрге, яғни,
органикалық затты биогазға, не этил спиртіне айналдырып алу қажет.
Ертеден келе жатқан энергия көзі ретінде желдің рөлі ерекше. Жүздеген
жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді
(мысалы, диірмендер, ағаш кесу құрылғылары және т.б.). Бірақ, оны электр
энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза
бастады. Зерттеулер жел двигательдерінің үнемі жел тұрып тұратын аудандарда
жергілікті халықтың энергияға деген қажеттілігін қамтамасыз ете алатындығын
көрсетті. Бірақ, ірі жел құрылғылары бағасының қымбаттығына, қатты шу мен
вибрацияға байланысты өзін ақтамайды.жел турбиналарын жеке үйлерді,
энергияның қажеттілігі үлкен емес, шағын өнеркәсіп орындарын қамтамасыз
етуде қолдануға болады.жел энергиясын пайдалану жұмыстары Канадада,
Нидерландыда, Данияда, Швецияда, Германияда және т.б. елдерде жүргізілуде.
Теңіз, мұхит және термалдық сулардың энергетикалық ресурстарын
пайдалану. Теңіздер мен мұхиттардың су массалары энергетикалық ресурстарға
бай. Оларға судың толысуы мен қайтуы, теңіз ағыстарының энергиясы, сонымен
қатар әр түрлі тереңдіктердің температураларының градиенті жатады. Бұл
энергияны өндіру бағасының қымбат болуына байланысты қазір өте аз мөлшерде
қолданылуда.4
Дүние жүзінде қазір 2-3 толысу-қайту электростанциялары жұмыс
істейді. Мұндай электростанциялардың аз болуы тек өндірілетін энергияның
қымбаттығына ғана емес, сондай-ақ жоғары дәрежеде экологиялық болмауына да
байланысты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі
Ұлттық экологиялық проблемалар
Муниципалдық менеджмент
Экономика пәнінен дәрістер
Мемлекеттің функциялары
Алматы облысы обл
Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны
Аймақтық экономика дамуының теориялық негіздері
Инновациялық қызметті реттеу
Пәндер