Тінтудің міндеттері


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
1. ТІНТУДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. 1 Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері……… . . . 4
1. 2 Тінтудің міндеттері . . . 10
1. 3 Тінтуді жүргізу туралы шешім қабылдау және оның қатысушылары…… . . . 15
2. ҮЙ-ЖАЙҒА ТІНТУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Үй-жайға тінту жүргізудің дайындық сатысы . . . 19
2. 2 Үй-жайға тінту жүргізудің психологиялық негіздері . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
КІРІСПЕ
Тақырыптағы өзекті мәселесі қылмыстылықпен табысты күрес жүргізумен байланысты бағыттардың бірі- арасында тиімдісі болып жекелеген тергеу әрекеттерінің сапасын арттыру болып табылады. Қылмыстарды тергеу мен ашу тарапынан қараған кезде, олардың бірі- тінту. Оны жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен қамтамасыз етілетін азаматтардың жеке өміріне, тұрғын үйі мен меншігіне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы қозғалады. Айғақтардың алудың тиімді әдістері бола отырып, тінту тікелей азаматтардың жеке мүдделеріне кірісумен байланысты, сондықтан, заңмен бекітілген ережелер тергеу органдарынан аталған тергеу әрекетін жүргізген және белгілеген кезде аса абай болуды талап етеді. Осы талаптарды орындау заңдылықтың сақталуының маңызды шарты болып табылады [1] .
Тақырыпты зерттеудегі мақсаты әдетте, қылмыскерлер жасаған әрекеттерін, қылмыстық жолмен қолға түсірген қылмыс құралдарын, заттарын мұқият жасырады. Аталғандарды дер кезінде және толық анықтау мен алу, кінәлілерді табу мен қылмыстық істер жөнінде объективті шындықты қалпына келтіруде үлкен маңызға ие. Заңға сәйкес, белгілі бір үй- жайда немесе нақты адамдға тінту жүргізу үшін жеткілікті деректер талап етіледі (ҚР ҚІЖК 230 бабы) . Бірақ, аталған нұсқаманы заң шығарушы тергеуші шешуіне берілген белгілі бір субъективті нәрсе ретінде қарастырмау керек. Заңмен белгіленген тәртіппен жинақталған қандай да бір деректердің жиынтығы қажет. Солай бола тұра, олар ішкі істер органдарының жедел іздестіру әрекеті нәтижесінде алынған болуы керек. Сондықтан, тінту жүргізу туралы шешім тергеушімен оны жүргізуді кенеттен және нәтижесінің тиімділігін ескере отыра қабылдану керек.
Тақырыпты зерттеудегі міндеті жоғарыда аталғандармен байланысты, біз «тінтудің процессуалдық және криминалистикалық ерекшеліктеріне» арналған жұмысымызда заңдық, арнайы криминалды әдебиеттерді комплексті зерттеу нәтижесінде біздің ойымызша маңызды болып табылатын тінтудің түсінігі және оны жүргізудің іс жүргізу мәселесі, міндеттері, дайындау және жоспарлау, тінтудің психологиялық негіздері мен жүргізудің тактикалық әдістері сияқты мәселелерді қарастырамыз. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстарды тергеген кезде тінту жүргізудің маңыздылығы мен аталған тергеу әрекетін жүргізу барысында анықталатын фактілік мәліметтер шеңберін анықтаудың маңыздылығын көрсетуді мақсат етіп қойдық [2] .
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе - жұмыстың кіріспесі болып табылады да зерттеудің мақсатын, қажеттілігін, көтеріліп отырған тақырыптың қажеттілігі мен тәжірибелік мәнін көрсетеді. Негізгі бөлім зерттеудің нәтижесін береді де, екі тараудан тұрады. Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері жинақталған. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі берілген.
1. Тінтудің түсінігі мен міндеттері
- Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Қылмыскерлер жасаған қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға тырысады. Құқық қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің басты міндетіне осы қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез арада ізін суытпай тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық дәлелдемелерді тез арада тауып алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмек көрсететін тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады. Тінтуді сипаттау және оның мазмұны, шектері және мүмкіндіктерін көрсету үшін, сондай ақ оның тергеу әрекеттері жүйесінде орнын анықтау үшін тінту түсінігіне тоқталу қажет. Алғашқы кеңестік криминалистика оқулықтарында тінту түсінігі берілмеген, ол тінтуді басқа тергеу әрекеттерінен, әсіресе, тергеулік қараудан айыруды қиынға түсіреді. Оқулықтардың тарауы былай басталған болатын-тергеушіде қандай да бір адамда немесе қандай да бір мекемеде тергеліп жатқан іске қатысты маңыздылығы бар екендігі жөнінде жеткілікті деректер бар болған жағдайда немесе іс бойынша тергеуден, соттан немесе үкімді орындаудан жасырынған тұлғалар табылғанда тінтуге рұқсат етіледі. Тура осыған ұқсас санкциямен 1938 жылғы оқулық шектелген болатын: « . . . қандай да бір үй-жайда немесе қандай да бір тұлғада іс үшін маңызы болуы мүмкін заттар бар екендігі жөнінде жеткілікті негіздер бар болған жағдайда ғана тінту жүргізіледі» [3] .
Кейініректе кейбір авторлар тінтуді «жедел- тергеу» немесе «тергеу-жедел» іс-шарасы деп атаған. Солай бола тұра, заңдық табиғаты мен міндеттері, әдістері мен жүргізілу формалары бойынша әртүрлі процессуалдық әрекеттер мен жедел іс-шараларының қосылуын көздемеген.
Тергеу іс жүргізу нормаларымен бекітілген формалары, тәртіптер мен жағдайларда қылмыстық іс бойынша сот деректерін алу мақсатында тергеу органдары жүзеге асыратын тергеу әрекеті болып табылады. Осымен бірге жүргізілетін жедел-іздестіру шаралары іс жүргізу маңыздылығына ие емес, олар тінту мазмұнына кірмей, тек көмекші роль атқарады. 1950 жылғы криминалистика оқулығы тінтуді былай анықтаған: «тінту дегеніміз- кінәліні әшкерелеу мен қылмысты ашу үшін маңызды болып табылатын объектілерді қандай да бір тұлғадан немесе қандай да бір үй-жайдан алуды мақсат тұтатын жедел-тергеу әрекеті». Бұл анықтамада «жедел-тергеу әрекеті» деген түсінік қате қолданған (әрекет не тергеу, не жедел немесе жедел-іздестіру, бірақ жедел-тергеу емес бола алады), бұнда тінтуді басқа тергеу әрекеттерінен айыратын негізгі белгі көрсетілмеген.
Тінту- тергеудің тактикалық әдісі болып табылады деген оймен де келісуге болмайды. Тактикалық әдіс- ол қандай да бір тергеу әрекетін өткізудің неғұрлым рационалды тәртібі, мақсатты әдісі болып табылады. Мысалы, тінтіліп жатқан тұлғаға бақылау жүргізу- тінтудің тактикалық әдістерінің бірі болып табылады. Ал тінтудің өзі- жасалу кезінде көптеген тактикалық әдістер қолданылатын тергеу әрекеті болып табылады. Осылайша, көптеген авторлар әртүрлі формулировкада тінтуді іс үшін маңыздылығы бар заттарды анықтау мен алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті ретінде анықтайды. Осы тектес анықтамалардың толық еместігі- олардың тінту мақсаттарын анықтап, ерекшелейтін белгілерді түйіндірмейтіндігінде. Ал мақсаттарды атап өту тергеу әрекетін сипаттау үшін жеткіліксіз болып табылады.
Анықтамада тергеу әрекетінің мазмұны көрсетілуі керек. Оның мазмұны мынада- тексеріс, үй-жайлар мен ғимараттарды, аймақтар учаскелерін, жекелеген азаматтарды тексеріп қарау. Тінту - ол ең алдымен құзыретті тұлғалармен жүзеге асырылатын іздеу процесі болып табылады.
Бірақ, аталған белгі толық көлемде тінтуді сипаттамайды, себебі қажетті заттар немесе тұлғаларды табу, қарау мен іздестіру шаралары кезінде де жүргізіле алады, мысалы, іс бойынша іздеу. Тінтудің ерекшелігі сол, ол азаматтардың жеке мүддесі аумағына кірісуімен байланысты, олардың тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқықтарын шектейді және мәжбүрлеу сипатында болады. Сол себептен де тінтуге негіздер де (фактілік және құқықтық), оны жүргізудің іс жүргізу процесі де қосымша кепілді құқықтары мен тұлғаның заңды мүдделерімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тінтудің мақсаты жасырынған заттар мен жасырылып жатқан тұлғаларды анықтау деп есептеу дұрыс емес болып табылады. Тінту әр кезде анықтауға бағытталмайды, оның мақсаты тінту жүргізіліп жатқан орында ашылған сақталып жатқанды табу және алу болуы мүмкін. ҚР ҚЖІК 230 бабы көрсеткендей, тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу, сонымен қатар, іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін.
Жоғарыда аталған түсініктер мен анықтамаларды қоса отырып 1961 жылы А. Р. Ратинов тінтуге мынандай анықтама берген: Тінту- бұл тергеу әрекеті, оның мазмұны үй-жайлар мен ғимараттарды, аумақ учаскелерін, жекелеген азаматтарды мәжбүрлі түрде іс үшін маңызы бар заттарды табу және алу мақсатында, сонымен қатар іздестіріліп жатқан адамдарды табу мақсатында жүргізілетін тексеріп қарау [4] .
Осылайша, тінту ҚР ҚІЖК 230 бабымен көзделетін тергеу әрекеті болып табылады, оның негізгі мазмұны ғимараттарды немесе өзге де орынды, тұлғаны, іс үшін маңызы бар, қылмыстық жолмен алынған қылмыстық құралдарды, заттар мен құндылықтарды, сонымен қатар өзге де заттар мен құжаттарды алу мақсатында мәжбүрлі түрде жүргізілетін тексеріп қарау. Көп ретте іздестіріліп жатқан адамды, жануарларды немесе мәйіттерді табу үшін
Сонымен қатар Н. Г. Шуруханов тінтуге келесідей анықтама береді. Тінту - ұйымдастырушылық-тактикалық мағынада комплексті әрекет, ол жоспарлы шараларды жүргізу мен одан кейінгі қылмысты ашу үшін маңызды заттарды (құжаттарды) алумен байланысты. Сонымен қатар тінту мүлікті немесе құндылықты азаматтық іс үшін немесе мүлікті мүмкін болатын конфискация үшін табу немесе алу қажет болған кезде жүргізіледі. Тінтуге өте ұқсас тергеу әрекеті болып алу табылады. Бірақ, олардың арасында кейбір айырмашылықтар бар, біріншіден, алу тек нақты анықталан заттарға байланысты жүргізіледі, ал тінту кезінде алуға жататын заттар тек болжамды түрде белгілі болуы мүмкін, ал кейбір кезде мүлде белгісіз болуы мүмкін. Екіншіден, алу кезінде оларды тауып алу керек (ҚР ҚІЖК 230, 231 баптары) . Егер нені алу керек екені немесе қажетті зат қайда екені белгісіз болса, онда алу емес тенту жүргізіледі. Тінту мен алудың ара қатынасын алып қарағанда, тінту жүргізудің заңмен бекітілген ереже бойынша, ізделіп жатқан заттарды беру туралы алдын-ала талабы мен өз бетімен берілгендігі алу керек екенін атап өту керек. Бірақ, алу осымен бітеді, ал тінту осыдан тек басталады. Егер тергеу жүргізуші тінту кезінде талап етілетіннің барлығы толығымен берілген және оған басқа заттар қажет болмаса, тінту кезінде заттарды бергенде іздестіру жүргізілмейді. Бұл жағдайда тінту берілген заттарды алумен аяқталады да, тінту хаттамасында бұл туралы белгі жасалады (ҚР ҚІЖК 234 бап) .
Бірақ, көп уақытта жекелеген ізделіп жатқан заттарды беру одан кейінгі талап етілетін іздестіруді жоққа шығармайды. Тінту жүргізушіге алдын ала белгілі заттармен қатар, іздестіруге тек болжамды түрде белгілі немесе мүлде белгісіз заттар жаттады, ал оларды тауып, орнында зерттегенде ғана іске қатысты бар екені танылуы мүмкін. Тінтудің оқиға болған жерді қараумен де кейбір ұқсастықтар бар екені аталған болатын: қараудың міндеттерінің бірі, тінту кезінде сияқты, іздер мен заттық деректерді табу және алу болып табылады. Екі кезде де іздестіруге бірдей заттар жатуы мүмкін. Көп реттерде қаралатынжәне тінтілетін заттар біркелкі блуы мүмкін. Осыдан тінту мен оқиға болған жерді қарау кезінде бірдей құралдар мен әдістерді қолдану шығады. Мысалы, тінту кезінде де, оқиға болған жерді қараған кезде де бірдей дәрежеде еден ашылуы мүмкін, жиhаздан оның сырты алынуы мүмін, щуп немесе минаіздегіш қолданылуы мүмкін. Екі жағдайда да іздестірудің мұқияттылығы әрине әртүрлі бола алмайды [5] .
Тінту мен оқиға болған жерді қараудың айырмашылығы, ең алдымен, тергеу әрекеттерінің мақсаттарында. Тінтудің мақсаттары үшін маңызды заттарды табумен шектеледі. Оқиға болған жерді қараудың мақсаттары әлдеқайда кең. Материалдық іздер мен заттық дәлелдерді табудан басқа (бұл оны тінтудің кейбір түрлерімен жақындастырады), қарау ең алдымен жалпы міндетке де ие- оқиға болған жердің жағдайын қарау мен зерттеу (бұл жағдай тінтуге тән емес) . Тінту хаттамасында қандай объектілер тінтілгені, қайда және не табылғандығы жазылу керек, бірақ осымен тінтілетін объектілердің сипаттамасы аяқталады. Жағдайды, аумақ учаскілерінің орналасуын, ғимараттар мен заттарды зерттеу мен сипаттау қарауға тән болады. Егер осы мәлеметтердің дәлелдемеллік маңызы болса, егер бұндай зерттеуде қажеттілік болса, онда тінту емес, қарау жүргізілуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, қарауға «оқиға болған жер» деген түсінікке сиятын объект жатады, ал тінтуге- негізделген болжамдарға сай, іс үшін маңызы бар орын жатады. Солай бола тұра тінтуге тек анықталған тұлғалардың қарауындағы, оларға тиесілі болады немесе олармен қандай да бір қатынаста болатын объектілер жатады: үй және аула құрылыстары, бау-бақша учаскесі, қызмет немесе өндіріс орнындағы жұмыс орны.
Сонымен қатар, кейбір жағдайларда тұлғалардың мүлкі қамауға алынады. Бұл әрекет азаматтық талап арызды қамтамасыз ету үшін және мүлікті мүмкін болатын конфискация үшін қажет, аталған заттарға билік ету, пайдалану және сақтау сот шешімінсіз болмайды. Мүлікті жазып алу тінтуден тыс жүргізілуі мүмкін. Осы жағдайда аса құнды заттар, бағалы қағаздар, сақтау кітапшалары мен акта сомалары алуға жатады да қалған жазып алынған мүліктің бәрі мүлік иесінің жанұя мүшелеріне немесе өзге де өкілетті тұлғаларға сақтауға беріледі. Тінту жасау алдында тергеуші алдымен оны жүргізу туралы қаулы шығаруы керек (ҚР ҚІЖК 232 бап) . Қаулының кіріспе бөлімінде оның шығарылған күні, тергеушының жұмыс орны, тегі, инициалдары, сыныптық шені немесе атағы тінту қай қылмыстық іс бойынша жасалатыны көрсетілуі керек. Сипаттау бөлімінде тергеуші іс үшін маңызды болып табылатын заттар мен құжаттар анықталған тұлғада бар екені туралы болжам жасауға мүмкіндік беретін негіздерді және оларды алу жолымен қолға түсіру мүмкін еместігі, сондықтан тінту жүргізу керектігін жазады. Егер тінтуге негіз болған ақпарат көзін келтіру істі ашу мен тергеуге маңыздылығы болмаса оларды жазбайда, бірақ әр уақытта тінтудің себебі мен мақсаттары жазылады. Кей кезде болатын оларды жасыру әрекеттері, біріншіден жазбаша болып табылады, себебі бұл кезде тінтілетін тұлға негізделмеген тінтуге шағымдана алмайды; екіншіден, әдетте тінтілетін тінту не мақсатпен жүргізілетінін біледі, сондықтан бұны одан жасыру мақсатсыз болып табылады. Қаулының резолютивті бөлімінде тінту қай ғимаратта (немесе басқа да орында) жүргізілетіні және онда кім орын алатыны жазылады. Егер үйде, пәтерде, бөлмеде бірнеше тұлғалар тұрса онда осы орынды жалдайтын басты адамның немесе егер ол жеке меншік болса оның иесінің тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Қызмет орнында тінту жүргізу қажет болса, онда кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның атауы, сонымен қатар тінту жүргізу керек нақты орынды атап көрсету керек [6] .
Егер тінтуді тергеушінің өзі жүргізбейтін болса, онда бұл тергеу әрекеті кімге тапсырылатыны қаулыда көрсетілуі керек. Қаулының соңында тінтілуші қаулы оған хабарланған екенін куәләндіру үшін орын қалдырылады. Тінту жүргізуші тергеуші қаулысымен бірге тінтудің қажеттілігін дәлелдейтін қылмыстық істің барлық материалдары берілген прокурордың немесе оның орынбасарының санкциясымен өткізілуі тиіс. Санкция тергеушінің тінту жүргізу туралы қаулысына сәйкес резолюция ретінде беріледі және прокурордың қолымен және прокуратура мөрімен куәләндіріледі. Ерекше жағдайларда егер іздестірілетін және алуға жататын объект оны анықтауда ақырындау салдарынан бүлінген немесе қылмыстық мақсатта қолданылуы мүмкін деген нақты күмән болса, тінту прокурор санкциясынсыз да жасала алады, бірақ одан кейін 24 саған кешіктірмей, міндетті түрде тінту жасалғандығы туралы жолдама беру қажет. Аталған хабарламаны алғаннан кейін прокурор жасалған тінтудің заңдылығын қарайды да ол туралы қаулы шығарады. Егер, жасалған тінту заңсыз деп табылса, онда ол іс бойынша дәлел ретінде келтріле алмайды (ҚР ҚІЖК 232 бап) .
Қалыптасқан тергеу тәжірибесіне анализ жасай отыра, күттірмейтін жағдайлардың үлгілі тізімін келтіруге болады:
- Қылмысты жасаған немесе жаңа ғана жасаған тұлға қылмыс орнында ұсталып қалды, тінту жасауға асықпаса, онда онымен бірге қылмысқа қатысқандармен немесе өзге тұлғалармен заттық дәлелдемелер немесе өзге де дәлелдеуші заттар мен құжаттар жойылуы мүмкін.
- Тінту жүргізудің қажеттілігі оқиға болған жерді немесе өзге де тергеу шарасы болған жерді тексеру кезінде анықталады. Бұл кезде тергеуші
- тергеу әрекетін тоқтатпай-ақ полиция қызметкерлеріне немесе өзге тергеушіге тінтуді жүзеге асыруды тапсыра алады.
- Тінтуді жүзеге асыру жеке тұлғалармен қолданатын тұрғын- үй немесе құрылыстарда мүмкін бюолатын қылдмыскерлерді табу және ұстау үшін қажетті тінтудің уақытында жүргізілмеуі көзделіп жүрген адамның жасырынуына әкелуі мүмкін.
- Өткізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде кез- келген уақытта жасырынуы, сатылуы немесе басқа тұлғалараға барілуі мүмкін іс үшін маңызды заттардың немесе құжаттардың белгілі бір жерде немесе белгілі бір тұлғада бар екенін жорамалдауға негіз береді, бұл келешекте қылмысты ашуда ққиындық туғызады.
- Жедел тінту әрекетін жүргізудің қажеттілігі тергеушінің мекен-жайынан елеулі қашықтықта прокуратура орналасқан жерде өтуі және санкцияның алуына көп уақыт кетуіне байланысты пайда болады.
Санкциясыз тінту жүргізілгені туралы прокурорға хабарланған уақытта оның жүргізілуіне себеп болған барлық материалдар ұсынылады. Жалпы ереже бойынша тінтуді тінту өндірісі жөнінде қаулы шығарған тергеуші (немесе анықтауды жүргізетін тұлға) жүргізге тиіс. Алайда, ҚР ҚІЖК 199 бабына сәйкес тергеуші тінту өндірісі жөнінде қаулы шығаруға және оны жүзеге асыруға тергеу органдарына тапсыруға құқылы. Іс тергеушілер тобымен қаралатын жағдайларда ереже бойынша тінту өндірісі жөнінде қаулыны тергеушілер тобының жетекшісі қабылдайды, ол тінту топ құрамына кіретін тергеушілердің біріне тапсырылуы мүмкін. Тінту өндірісі жөніндегі қаулыда, егер тінту қаулыны шығарған тұлғадан өзге тұлғаға жүзеге асырса міндетті түрде тінту жүргізетін тұлға көрсетілуі тиіс. Егер топқа кіретін тергеушінің біреуі топ жетекшісінен территориалдық алыстатылған аймақта болса және тінту жүргізудің жеделділігі туса, тиісті қаулы таргаушімен қабылданылуы мүмкін. Тінту өндірісі жөнінде қаулы қабылдаған тергеу органының тергеушісі немесе қызметкері оның дұрыстығына жауапты болады. Ал тінтуді жүзеге асырудың заңдылығы және оның нәтижесінің заңдылығы үшін оны жүргізетін тұлға жауапты болады [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz