Шағын бизнестің негізін қалау жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Ел экономикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту . . . 4
- Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің
рөлі мен орны . . . 4
- Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму ерекшеліктері . . . 6
2 Қазақстан Республикасында шағын бизнес дамуының қарама-
қайшылықтары . . . 15
- Қазақстанда шағын және орта бизнестің даму проблемалары . . . 15
- Қазақстанда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды
жетілдіру . . . 20
Қорытынды . . . 27
Қолданылған әдебиеттер . . . 29
Қосымша.
Кіріспе.
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті мынадай бағыттарды ұстануда мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Мемлекеттің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясы және ел басшылығы Қазақстанды ең жақсы дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосу жөнінде аса ауқымды міндет белгілеп отыр. Осы міндетті жүзеге асыру үшін отандық кәсіпкерлік қуатты экономикалық серпілістің локомотиві болуға тиіс. Ал ол қазақстандық бизнестен алда тұрған міндетке сәйкес сапалық тұрғыда түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Қазақстандық экономист ғалымдар шағын кәсіпкерлік пен бизнесті ұзақ жылдар бойы тәжірибелік тұрғыдан біржақты зерттеп келді. Шағын кәсіпорын ірі өндірістің көлеңкесі іспетті, тек қосымша іс-әрекет дәрежесінде қарастырылды. Сол себепті, А. Қошановтың, М. Кенжеғозин, Н. Мамыров, Ж. Ихданов, Қ. Оқаев, А. Сейтқазиева, Ж. Күлекеев, К. Бердалиев, О. Сәбденовтің және т. б ғалымдардың алғашқы тұжырымдары қайсы бір ғалымдар тарапынан толықтай қолдауға ие болған жоқ.
1 Ел экономикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту.
1. 1 Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен орны .
Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы қаңтардың 31-iнде “Жеке кәсiпкерлiк туралы” Заңға қол қойды.
Бұған дейiнгi “Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы” 1992 жылғы 4 шiлдеде, “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” 1997 жылғы 19 маусымда, “Жеке кәсiпкерлiк туралы” 1997 жылғы 19 маусымда қабылданған заңдардың күшi жойылып, мүлдем жаңа тұрпатты заң өмiрге келдi.
“Жеке кәсiпкерлiк туралы” жаңа Заң не үшiн қажет? Әуелi осы туралы ойлану керек. Осыған дейiн қабылданған заңдар Қазақстанда жеке кәсiпкерлiктiң қанат жаюына жағдай жасады: нарық экономикасына өтудiң қиын да күрделi соқпағында тыңнан табылған жол секiлдi түпкi мақсатқа сүрiндiрмей алып жеттi; мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде, орта және шағын бизнестi өркен жайдыру тұсында бұл заңның қай-қайсысы да қолайлы қызмет еттi, соның арқасында жеке меншiк сектор серпiндi дами түстi.
“Жеке кәсiпкерлiк туралы” жаңа Заң не үшiн, қандай мақсатпен қабылданып отыр? Қазақстан бәсекеге қабiлеттi әлемдегi елу елдiң қатарына қосылу ниетiнде. Жақсы бастама. Жақсы бастаманы баянды ету оңай тiрлiк емес. Бұл жолда не бел кетедi, не белбеу кетедi. Ұлттың ұйыса тiрлiк етiп, жұмыла көтерiсетiн жүгi жеңiл болмағалы тұр. Осындай жағдайда мемлекет өз азаматтарының iшкi қуатына сүйенетiнi айдай анық. “Жеке кәсiпкерлiк туралы” Заң осы мақсатта өмiрге келiп отыр деуге де болады. Адамға тыныс алу үшiн таза ауа қандай керек болса, өз тiрлiгiн тез дөңгелентiп жүргiзiп әкету үшiн де сондай жағдай, қолайлы орта қажет. Мемлекет соны жасауға мiндеттi. Тиiстi заң қабылдау арқылы iс-қимыл кеңiстiгi қамтамасыз етiлiп, кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және қорғау тетiктерi iске қосылды.
“Бизнес” термині ағылшын тілінен шыққан, ол іс, қызмет деген мағынаны білдіреді.
XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау қажет.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей ең алдымен капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуіне және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жойылуына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі дамуы жағдайын, да ірі компаниялар айбынының ғылыми-техникалық революцияның болуының шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар “күн” астындағы орын үшін тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындар ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа өндірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әр түрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс орындарының 60% 20 адамнан аз жұмыскерлер бар компанияларға келеді. 80 жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп қарады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтер тарапынан шағын бизнеске әр түрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әр түрлі деталдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндермен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа фирмалар маманданады.
Егер қорытындылауға келсек, шағын және орта бизнестің рөлі төменде көрсетілген алты функциялардан көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс ірі кәсіпорын алыптарына қарағанда нарық конъюктурасының өзгерісін икемді сезінеді.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, “Палороид” типті фотоаппараттар) .
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін қажетті жағдайлар:
- еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
- оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру, яғни жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар) ;
- бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
- шағын бизнесті ұйымдастыруда елдің әр түрлі аймақтарында (облыс орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;
- ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсірісі сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы” 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен рөлі бар.
Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
1. 2 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму ерешеліктері.
“Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту туралы” Елбасының Жарлығы бүгiнгi нарық кезеңiнде келешек көкжиегiне жетелер үмiт ұшқыны. Кәсiп тауып еңбек еткендер ғана тығырықтан шығар соқпақты қай кезде де тапқан.
Кәсiпкерлiк саланы дамыту-экономиканы жандандырудың бiрден бiр жолы екенiн бұл күнде көпшiлiк жақсы түсiнедi. Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық эконмикада маңызы зор. Бұгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер мен iрi фирмалар шағын кәсiпкерлiктiң дамуына жан-жақты араласады. Шағын экономика аудан экономикасында құрылым ретiнде өз бейнесiн айқындай бастады. Кәсiпкерлiк пен шағын бизнестiң негiзгi мақсатының өзi-жұмыс көздерiн ұлғайту арқылы пайдаға қол жеткiзу. Жалры коммерциялық жұмыстың өзi капиталды молайтумен түйiнделедi. Кәсiпкерлiктiң түр-түрiн дамытуға да көңiл бөлетiн мерзiм туды. Қалай десек те кәсiпкерлiк, шағын бизнес тұрмысымызға мықтап енуге тиiс. Жұмыстың осы көлемiнiң өзi ауданда шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту керектiгiне айғақ болар едi. Ол үшiн ұйымдастыру жұмыстарына жете мән берiп, құқықтық-экономикалық жағынан еңбек адамдарының қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Солай болғанда ғана тұрғындардың еңбекке тартылуы артып, олардың көңiлдерiне сенiм мен жiгер ұялайды. Бүгiнгi таңдағы баршамыздың ортақ iсiмiз осыған бағытталуы керек.
Қазiргi қоғам дамуындағы шешушi буын-шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту арта түстi. Оның өндiрiстегi үлес салмағы 23 пайызға дейiн жеттi. Жыл iшiнде өндiрiс көлемi кәсiпкерлiк құрылымдарда 2, 7 есеге көбейдi.
Бiзде шағын бизнес назардан тыс қалды деуге болмас. Шағын бизнес субъектiлерiнiң iс-әрекеттерiн реттейтiн бiрқатар нормативтiк құжаттарымыз бар. Кең ауқымнан шалсақ, соңғы жылдарда өрiстеген реформалардың негiзгi кемшiлiктерiнiң бiрi, ол-мемлекеттiң экономикалық саясаты шағын бизнестi басты бағыттар шеңберiнде қарамауы екенiн көремiз.
Осы күнге дейiн шағын және орта бизнестi қолдау үдесiндегi бағдарламалар, заңдар, жарлықтар мен ұйымдастыру iстерi әдетте жоғарғы жақтан жасалып келдi де шағын бизнестiң шын мәнiндегi өркендеуiне олардың айтарлықтай септiгi тиген емес.
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел-шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсәкелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жылды қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан да көп уақытты қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ-жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар-бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есептелуінің көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15, 7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әр түрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең тараған критерийлердің бірі жұмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар: өнеркәсіп, көлік және құрылыста-300 адамнан көп емес, көтерме саудада-100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында-50, олар осы критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте-770 мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада-230 мың доллар, қызмет көрсету саласында-77 мың доллар.
Ресей Федерациясының қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, шағын кәсіпорындарға :
- өнеркәсіпте-200 адамға дейін;
- құрылыста- 100 адамға дейін;
- көтерме саудада-50 адамға дейін;
- ауыл шаруашылығында-50 адамға дейін;
- ғылымда және өндірістік емес салада-25 адамға дейін;
- бөлшек саудада-15 адамға дейін
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Қазақстан адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж 8 сәуірдегі №499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорныдарға:
- өндірісте, құрылыста және шаруашылықта-50 адамға дейін;
- саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде-30 адамға дейін;
- көлік және байланыста-25 адамға дейін;
- ғылымда және жаңартпашылық қызметте-20 адамға дейін
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Д. Лонгенеке (Longeneker Justin G. ), У. Петтидің (J. William Petty), К. Мурдың (Carlos W. More) зерттеулерінде жеке көрсеткіштер ұстанымындағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынулуда:
- Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларды ғана бизнестің 15-20-дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
- фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
- әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны100 адамнан аспайды;
- ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын болып есептелуі мүмкін.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару-нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс міліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалардың есебінен ашылуда.
1. 1-кесте.
Шағын және ірі бизнесті салыстыру анализі
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл-шағын бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында, сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, бабыстарды басқаруға тіеклей қатыса алады.
Шағын бизнестің басты ерекшелігі-кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, ұжымдық түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізін қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын бизенс қайтадан өз мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстар мен өркениеттіліктің көзі ретінді қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.
Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және ірі бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты-ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру-жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.
Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар бар: жаңа кәсіпорын бастау; бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу; франчайзинг және жанұялық бизнес (1. 1-сурет) .
Бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу біздің экономикамызда әлі аз танымалы құбылыс, бұл негізінен біздің кәсіпорындарымыздың тәжірибелерінің аздығымен түсіндіріледі. Дегенмен бұл шетелде бизнеске кірудің айтарлықтай тараған формасы ретінде мынадай бірқатар артықшылықтарға ие:
- тәуекел мен тұрлаусыздық факторлары сынға жиі ұшырайтын жаңа кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың (тәуекел және тұрлаусыздық) деңгейін төмендету.
- бизнестің жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі бизнес әлдеқашан құрылу сатысынан өткен, жұмыс істеуде, бизнестің басқа контрагенттерімен қарым-қатынас орнатылған.
- жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда әлдеқайда аз келісім баға бойынша бизнесті алу мүмкіндігі.
1. 1-сурет. Шағын бизнестің негізін қалау жолдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz