Мұғалім - мектептің жүрегі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау университеті

Психология кафедрасы

Тұлға психологиясы пәні: Ұстаздық қабілет және оны мұғалімнің өз бойында
дамыту
Курстық жұмыс

Тексерген:аға оқытушы
Болатбекова Н.Ж.
Орындаған:пх-31 тобының
студенті Жайлыбаева.А.К.

Көкшетау 2006 ж.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 - 5
І. Бөлім.
1.1. Педагог мамандығының тарихи
аспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6 - 10
1.2.Мұғалім педагогикалық әрекеттің
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 11 - 19
II-Негізгі бөлім
2.1.Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мен кәсіби
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ..20 - 25
2.2.Педагогтың оқу үрдісіндегі педагогқа лайықты
сапалар ... ... ... ... ... ..26 - 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29 – 30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 31 - 33

Кіріспе

Адамның бойында жақсы адамгершілік қасиеттердің болуы, өнер –білімді
игруі, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Халқымыз Ұстазы жақсы-ұстамы
жақсы, Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса тәрбиеге байланысты
қасиеттерi үздiксiз және бiртұтас бiрлiкте жүзеге асырылады, іске қосылады
дамып, жетiлiп отырады.

Халықтың рухани мәдени дәрежесін көтеру, жас ұрпақты жан-жақты білімді
етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек ету әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдық
қатынастар мен саяси экономикалық саладағы өзгерістер тәуелсіз елдің
білімді ұрпағын қайта тәрбиелеу қажеттілігін туындатады.
Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып
қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ – жас ұрпақты білімді етіп
тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз
ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені
еліміздің ертеңгі-бүгіні жас ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың білмді, саналы
болуы ұстаздарға байланысты екені даусыз. Мұндай өзгерістердің болуына
себеп болған білім берудегі ғаламдық дағдарыс. Бұл дағдарыстың мәні
қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы мен қоғамның өмір сүру жағдайларымен жедел
бейімделе алмаған білім саласы арасындағы қарым-қайшылықтың туындауында
жатыр. Бұл терминді ЮНЕСКО 1991 жылы әлемдік білім бер саласы бойынша
Париждегі отырысында қабылданды. Бұл дағадарыстың пайда болуында бірнеше
себептер бар.
- халықтың білім алуға деген құштарлығын, сол кездегі қызмет көрсетіп
жатқан мектептер қанағаттандыра алмады;
- қаражатттың жетіспеуінен білім беру жаңа талаптарға сай келе алмады;
- жаңа талаптарға білім беру жүйесі іштей өте баяу түрде бейімделді;
- білім беру мен мәдениет арасындағы алшақтық;
- білім беру сапасының төмендеуі;
- жастардың арасында теріс қылықтардың пайда болуы;
Бұл дағадарыстан шығу үшін мектеп пен қоғамның өзара бір-біріне
икемделу жолдарын іздестіру қажеттілігі туып отыр. Оның түпкілікті шешімі
білімнің дәстүрлі түрін.
Қазақстанда бұл дағдарыс білім беру жүйесінде де көрініс алды. Бұдан
шығу үшін еліміз білім берудің құқықтық негізін құрудан бастады. Ең
алдымен ел басымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында (2030) білім беруге
мынадай мақсат қойған:
Білім берудің жңа ұлттық модулін әзірлеу және оны жүзеге асыру.
Сондықтан білім беру жүйесі жаңа бетбұрыс алуда. Білім беруді ізгілендіру
мақсатында 1994 жылы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Бұл
тұжырымдаманың басты міндеті бүкіл тәрбие, білім беру, оқу-ағарту міндеті
және мәдени кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру. Осы
құжаттардың арасындағы ең бастысы 1999 жылы қабылданған Білім беру заңы.
Бұл заңды білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық
құндылықтар. Ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасалған. Бұл міндетті іске асыру үшін мынадай
принциптерді білім беру заңында көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары білім алуға құқылы.
2. Әр азаматтың ақыл-ойының дамуы мен дара және психо-физиологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, білім алудағы жеңілдік беру.
3. Білімнің зайырлығы.
4. Тұлғаның білімін жетілдіру және дарындылықты дамыту.
5. Білім беру процесінің үздіксіздігі, білім мен тәрбиенің бірлігі.
6. Білім беру мекемелерінің оқыту және тәрбиелеу формаларына қарай
әртүрлілігі.
7. Білімді басқарудағы демократиялық көзқарас.
8. Білімнің гуманитарлық және дамытушылық күйде болуы.
9. Білімді, ғылымды және өндірісті интеграциялау.
10. Оқушыларды кәсіптік бағыттау.
11. Білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының
алмасуы оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі. Көп, нұсқалық оқытуға көші
сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалалық жөні бөлек
көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және қабілеттілікті талап етеді.
Шығармашылық – бұл адам өмір шыңдығында өзін-өзі танудағы ұтымды,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.
Адам бойында қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның
рухани күшін нығайтып өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам
туынды ғана емес жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар
өзін-өзі жоюға да қабілетті.
Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-
тірегін қабілеттерін дамыту сол арқылы оған толқынды өмір сүру үшін рухани
күш беру білімнің басты мақсаты. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі
мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып әдіс-тәсілдің
озығы өмірге келуі олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін
қабілеттерін дамыта шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.
Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір
сүре алатын азаматтарды тәрбиелеп шығарамыз.
Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы. Оның
мынау аумалы-төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы
– маңайындағы адамдардың, алдарындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білу.
Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі
мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болу қажет
деп ойлаймыз.

1.1. Педагог мамандығының тарихи аспектісі.
Адам баласының әрбір іс-әрекетінің технологиясы ойластырылып, техника
құралдарымен алмастыру мүмкіндіктеріне жетіп отырғанымыз, біздің даму
сатысының ең жоғарғы белестеріне жеткендегіміздің бірден бір куәсі.
Бүгінгі мұғалім осы заманға лайық па? Мұғалім бейнесін суреттейтін болсақ,
ол біріншіден 45 минуттың қожайыны; екіншіден мектеп, аудан көлеміндегі
барлық іс-шаралардың ұйымдастырушысы; үшіншіден барлық тексерудің соңғы
нүктесі.
Мұғалім мәртебесін көтерудегі іс-шаралардың қолға алғанымен, мұның
гумандық дәрежеде орындалуының ауылы алысырақ. Өйткені әр адамның
біріншіден өзіне деген көзқарасы өзгере қойған жоқ. Әркім өзіндік Мен
дәрежесінде өзін көрсетуге жете қойды деу артық, әлі де болса, жоғарыдан
келген жоспарға сүйену, иек арту орын алып отыр. Көп жағдайда мұғалімнің
осындай халге ұшырауына тек мұғалімнің өзі ғана жауапты. Бұлай деп айтуға
толық дәлел бар. Мысалы, 15-20 жылдық еңбек стажы бар ұстаздарымыздың әлі
де болса, өз әдіс-тәсілдерін талдаудан, өзіндік методикасын жетілдіріп,
өзіндік технологиясын жасаудың орнына дайын әдіс-тәсілдерді енгізуіне,
елдің аузында барды оңтайлап өзіндік етуге құмар. Аттандап, алыстан келген
технология біздің ауыл мектебінің психологиясына, даму дәрежесіне лайық па,
жоқ па, ол жағы көп ойлануды қажет етпейді.
Жетістіктерге қашан жетеміз? Оң-солымызды жіктеп, барымыз Бен жоғымызды
толық талдау жасалған уақытта жетуге болады деп ойлаймыз. Әрқашанда
алдымызға Мен кіммін?, Маған не керек? деген сауалдардың тһңірегіде
өзімізді жетелеп, өз орнымызды анықтағанда ғана, дәл осындай сауалдар
төңірегінде оқушыларымызды ойландыра, жетелей білсек, белгілі бір нәтижеге
жүйелі түрде жетуге болады. Осы орайда, ауыз толтырып айтарлықтай мендік,
өзіндік қасиеттері қалыптасқан ұстаздар ұстаз мәртебесінің біріншіден
мұғалімнің өзіне тікелей байланысты екендігін айқындай түседі.
В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша, нағыз мұғалім балаларды сүйетін, өз
пәнін жетік меңгерген, психология мен педагогиканы терең білуі тиіс.
Тәрбиелік, жоғары мәдениеттілік, өз пәніне, ең бастысы, балаға деген
сүйіспеншілік-мұғалімнен талап етілетін басты мәселе. Мұғалім мен оқушының
қарым-қатынасында балалардың мұғалімге деген жақсы көрушіліктен барынша
шалғай жатқан қорқыныш, сыйламау, жек көру сияқты сезімдерді бастан
кешіретіні жиі кездеседі. Бұл мұғаліммен оқушының жеке бастарының ара
ақтысы мен оқыту әдістерінің сапасына байланысты.
Ізгілендіру принциптері оқытудың әдіс-тәсілдеріне мынадай талаптар
қояды:
- мұғалімнің оқыту негізінде билік жүргізу әдісінен арылуы;
- оқыту үрдісі негізінде – білім беретін мұғалім емес, осы білімді
қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі, балалардың оқуға деген ынтасын
күшейту, өз дербестігін дамыту;
- оқу-тәрбие жұмысына үтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын,
қасиетін дер кезінде айқындау.
Ізгілік бағыттың негізгі идеялары:
- оқушылармен ұнамды қарым-қатынас;
- қысым көрсетпей, еркін ұстау;
- оқушы еңбегін бағалау;
- тұлғаны дамыту;
- өзіндік көзқарас;
- өзін-өзі сыйлау идеясы;
- өз пікірін білдіру.
Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие
алған шәкірттерінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер
етуіне қарай бағаланып, өз алабына сай орындалып отыруы тиіс.
Мұғалім үшін кәсіби біліктілігін арттырудың бір жолы – жеке
кітапханасының болуы. Мұғалім үнемі оқып, ізденіп жүргенде ғана мқғалім.
Халық педагогикасының алтын қазығы, тағылымы мол қағидаларын бүгінгі күннің
өршіл жаңалықтарымен ұштастырып өтырудың ұстаз үшін орны ерекше.
Білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
институты қала мұғалімдерінің білімін жетілдіріп, оларға дер кезінде жан-
жақты әдістемелік көмек көрсетуде атқаратын қызметі зор. Ұжымның алдына
қоыған ауқымды мақсаттары мынадай:
- білім беру қызметкерлерінің кәсіптілік біліктілігін арттыру;
- білім беруде жаңа бын шеберлігі мен біліктілігін жетілдіру;
- мұғалімдердің біліктілігін арттырудың мемлекттік жүйесінің кеңінен
дамуын қамтамасыз ету.
- білім беруде ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін біліктілікті арттыру курстары, арнайы
семинарлар, семинар-практикумдар, мұғалімдердің өз бетінше білімін көтеру
жолдарын қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институтында білім жетілдіру курстары педагог
кадрлардың біліктілігін арттыруда – бұл мектепті жаңарту мәселелеріне
сәйкес оның кәсіби шығармашылық даму үрдісін ізгілендіру болып табылады.
Чғни, шығармашылық даму – адамның алға қойған мақсатын дұрыс шешуі.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі мен таланытын шыңдаудың тағы бір жолы
– алуан түрлі сайыстар өткізу. Бұл сайыстарда заман талап етіп отырған
оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы мен жаңа бағдарламаға сай
педагогикалық тәжірибелер, ғылыми зерттеу жұмыс түрлері көрсетіліп, инстиут
қорына кіруде. Осындай жұмыстардың түрлері арқылы мұғалімдердің
зерттеушілік мәдениетін көтеруге жол қойылды.
Мұғалім – мектептің жүрегі. Жүрек арқылы қан тамырлары тіршілік беріп,
жан бітіріп тұратын болса, мұғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, әдістемелік
құралдарға жан бітпейді, яғни олар мұғалімсіз – жансыз дүние болып қала
береді. Сонымен қатар адами қасиеттерін де дамыту, бала бойына сіңіру мен
қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше.
Мұғалімдер адам жанының хирургі деп бекер айтпаса керек. Сондықтан
ең алдымен мұғалімнің жеке тұлғасы мен оның кәсіптік мәдениетіне айрықа
көңіл аудару қажет. Біріншіден, қай қоғамда болмасын мұғалім сол қоғамның
белсенді мүшесі, белгілі бір әлеуметтік топ болып саналады. Сондықтан
қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси-экномикалық, рухани өзгерістер мен
жаңалықтардан тыс қала алмайды. Сол қоғам қажеттілігі мен сұранысына,
мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тәуелді болатыны сөзсіз. Осыған орай
оқыу мен оның формалары да жаңғырып, заман талабына сай өзгеріске түсіп
отырады. Сол себептін де мұғалімдерді даярлау және міндеті бастыв мәселе
болып табылады.
1. Мұғалімнің шығармашылық еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау.
2. Әлеуметтік жағдайына назар аударып, басқа жағдаяттар мен өзін ұжымды
еркін сезініп, талапты еңбек етуі мен іс-әрекетіне жауапкершілік
туғызу.
3. Мұғалімдердің білім жетілдіру институттары мен ғылыми орталықтардың
арасындағы байланысты тұрақты жүйні арттыру.
4. Заман талабына, қоғам сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес әлемдегі және
бүгінгі озық іс-тәжірибе, жаңа технологиялар инновациялық әдістермен
ұдайы қаруландырып отыру.
5. Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды
ізгілендіру мақсатындағы талап пен тілектеріне, өзіндік іс-тәжірибесіне
тартуға мүмкіндік туғызу.
6. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті
бағыт-бағдар беру, кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі
курстар мен семинарлар, конференциялар өткізіп тұру қажет.
7. Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және
әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөліп отыру. Алдымен мұғалім электронды
ақпараттық құралдармен жабдықталуы қажет.
8. Әлеуметтік қорғалуына, мұғалім мәртебесінің өсуіне әлеуметтік
жеңілдіктер мен ынталандыру жолдарын қарастыру керек.
Педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудағы мектеп басшысының рөлі:
- ұжымдағы орнықты моральдік-психологиялық ахуал қалыптастыру;
- мектеп ұжымының алдындағы мақсат пен міндетінің айқындылығы, соған
байланысты ортақ іске жұмылдыра білдіру шеберлігі дәрежесінің болуы;
- жұмысқа қабылданған жас маман мұғалімінің психологиялық, этикалық
ерекшелікті нақты білуі керек;
- кәсіптік шеберлігінің артуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, өз
білімін көтеруіне жағдай жасау, еркіндік беру. Кәсіптік санатының өсуіне
көңіл аудару;
- жаңа технологиялармен қарулануын, әдістемелерінің түрленіп тұруына
бағыт беру;
- еңбекке ынтасын арттыру жолдарын қарастыру. Әлеуметтік жағдайын
назарда ұстау;
- шығармашылыпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандырып отыру;
- мұғалімнің өзара сенімділік пен достық, әріптестік
жауапкершіліктерін арттыру;
- өз мамандығына деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру;
- кадрлар тұрақтылығы, мұғалімнің оқушы алдындағы беделі мен
мәртебесінің өсуі.
- мұғалімнің оқыту процесіндегі жетекші рөлінінің орнын басты назарды
ұстау арқылы ғана мұғалімнің жеке тұлғасы мен кәсіптік мәдениетін көтере
аламыз.
Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, мұғалімнің жеке тұлғасы, оның
кәсіптік мәдениетінің өрістеуіне жан-жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай
жасалуын ескерген жөн.
Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет – ХХІ ғасырдың есігінен
еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей
білетін, рухани дүниесі бай интеллектуалдық өрісі кең, білім жоғары,
құқықтық-құжаттық мәдениеті заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Сондықтан да Ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын. Ол заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс
істеп, оқу мен тәрбие ісінде еніп жатқан жаңа технологияны шебер
меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары жеке тұлға ретінде ұлағатты бола
алады.
1.2. Мұғалім педагогикалық әрекеттің субъектісі
Мұғалім кызметі өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі арама -қайшылығы мол жан
дүниесіне ене білуде. Әлі толыспаған сәби жанын жасытып, жаралап алмауын
әркашан да есте сактау кажет. Педагогтың балалармен шынайы достык арым-
атынасын ешбір оулыкпен алмастыруға болмайды.
Мұғалімді адам жанынын инженері, мінез - құлық сәулетшісі, ауру шипагері
акыл ой мен естің жаттыктырушысы. ой мен сезім дирижері, адамнын алғашқы
қылығынын әділ қазынасы. Жас өркенді мәпелеуші бағбан...деп атайды. Осының
бәрі - таза шындык. Бірак басқа мамандыктардан мүғалімдердің айырмашылығы
оларға өз еңбегінің жемісін бірден білу жазбаған. Олардың еккен жемісі
көгеріп көктеу үшін ұзак жылдар керек. Мұғалім өзіндегі әлде бір сотқар
баланың бір кезде жасампаздығы мен іскерлігін көру үшін саркылмас күш -
қайрат қажет. Осы күртакандай адамның болашақта туған жерімізді калай
байытып, түлететіндігін алдын ала көре білуі тиіс.
Бұл мамандыктың негізі білім беру ғана емес сонымен қатар тұлғаны
алыптастыру, адам адамды жасау. Сондыктан мұғалімнің жұмысы гуманистік
бағытта болуы тиіс.
Педагогикалық әрекеттің негізгі ерекшелігі: ол басынан ең соңына дейін
адамдар мен өзара әрекет процесі болып табылатындығында. Оның пәні адам,
еңбек құралы адам, еңбек нәтижесі де адам. Бұл педагогикалык еңбекте
мақсаты, міндеті, оқыту және тәрбиелеу әдісі тұлғалық қатынастар
түрінде іске асуы тиіс деген сөз. Бұл ерекшелік оның адамгершілік

аспектісінің маңыздылығын көрсетеді.
Ежелгі грек философы Платон егер етікші өз жұмысын дұрыс атқармаса
онда адамдардың киген киімі жұпыны болады, ал тәрбиеші өз міндетін дұрыс
орындамаса онда мемлекетте бірнеше ұрпақ сауатсыз және надан адамдар пайда
болады.
Мұғалім еңбегінің гуманистік бағыты оның баланың шығармашылығын дамытуға
арналған өмірлік позициясынан көрінеді. Гуманизм сөзі (лат. тілінен -
адамгершілік) деген мағынаны береді. Антика дәуірінде пайда болған бұл идея
көптеген ойшылдардың еңбектерінде орын алдьі. Адамды жоғарғы кұндылык
ретінде санау, оның тұлғасын күрметтеу кез келген халықтын мәдениетінін бір
бөлігі болып саналады. Адамға деген гуманистік қатынас оның жақсы
қасиеттерін қабылдап және бағалау ғана емес, ол адамды толығымен
кемшіліктеріне қарамастан қабылдау болып есептеледі. Гуманизм адамға
тұтастай кемшіліктеріне бағыну емес. керісінше оның осы кемшіліктерін жоюға
көмектесіп, одан әрі шығармашыл түрде дамуына жағдай жасау.
Гуманизм сөзі кең мағынада адамның құндылыктарын, қабілеттерін
көрсетіп оны одан әрі дамыту құқығын тану деген мағына береді. Бұл
мұғалімнің әрекеті оқушынын накты қызығуларына икемделуі тиіс деген сөз.
Педагог ұйымдастырған әрекет оқушыны оқытып қана коймай, сонымен катар онын
қоршаған ортамен келіспеушілігінің туындауына жол бермеуі керек. Тұлғаның
гуманистік бағыты жалпы адамгершілік құндылыктардын негізінде қалыптасады.
Мұғалім жұмысынын гуманистік бағыты онын жақсы әрекетінін негізгі факторы
болып есептеледі. Сондыктан мұғалім тәрбиеде және білім беруде гуманисгік
принципін ұстанғаны жөн. Өйткені ол адамдармен жұмыс істейді және
адамдардың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылады.
Бұл айткан ойымызды дәлелдеу үшін әр жастағы оқушылар арасында
жүргізілген сауалнама нәтижесіне алынған мәліметтерге тоқталайык.
Окушылардың пікіріне сүйенсек , 5 сынып оқушылары
мейірімді, көңілді, керек кезіндс катаң талап қоя білетін, айткан сөзінде
тұратын, бағаны әділ қоятын, сабақты қызықты өткізе алатын мұғалімді
қалайды.
Жоғары сынып оқушылары мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен іскерлігінен
гөрі оның тұлғалык, адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалайтындығы
анықталды. Олар жақсы мұғалім болу үшін ең алдымен
жақсы адам болу керектігін көрсетеді. Мұғалім жаза қолданбаушы, адам жанын
түсініп, оған көмек беруші, қиын жағдайдан алып шығатын жанашыр адам болуын
калайды.
Социологтар өткізген зерттеулерге жүгінсек 7 сынып окушылары ең
алдымен сабақта қызықты өтуін каласа, екінші кезекте оқушыларға деген
құрмет, әділдік. Үшінші қатарда талап кою және пәнін жақсы білу, содан
кейін балаға деген махаббат, ұстамдылык, шыдамдылык.
Окушылардың пікірі бойынша мұғалімнің нашар касиеттері -түсінбеушілік,
әділетсіздік, оқушыларға деген нашар қатынас, жағымсыз қасиеттердің болуы.
Оқушылардың пікірлерін ескере отырып әрбір мұғалім балалармен қарым -
қатынаста олардың әркайсысының табиғи ерекшеліктерін ескере отырып қатынас
жасағаны абзал. Сонда ғана мұғалім оқушылармен дұрыс тіл табыса алып,
олардың жүректерінен орын ала алады.
Мұғалімнің еңбегі бұл әр алуан әрекеттердің жиынтығы. Әрекет сөзінің
мағынасына токталсак ол даму, өзгерудің тәсілі ретінде тарихи формада
көрініс береді. Ғалым А.ІІ.Леонтьевтің айтуынша адам әрекеттері мынандай
структуралық бөліктерлен тұрады: мұқтаждық, түрткі, мақсат, міндет, әрекет,
операция.
С.Рубенштейн, Б.Теплов және т.б. ғалымдардың зертеулері әрекетте
адамның психикалық процестері дамып, акыл-ой, эмоционалдық, ерік -жігер
сферасы, қабілеттері мен мінезі қалыптасады.
Ал педагогикалық әрекет мақсатты түрде өтеді, себебі мұғалім өзіне
міндетті түрде мақсаг кояды. Кең мағыналы пелагогикалық әрекет ол адамдар
өмір бойы жинаған тәжірибені, мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа тарату, адамды
қоғамда белгілі бір әлеуметтік роль атқаруға дайындау және оның дамып,
жетілуіне қолайлы жағдай жасау.
Мұғалімнің аткаратын педагогикалық әрекеттерін ғалымдар В.А.Мижериков
және М.Н.Ермоленко мынандай негізгі екі түрге бөледі. Ол оқыту және
тәрбиелеу.
Оқыту - бұл мектепте оқушының танымдык әрекетін баскаруға бағытталған
мұғалімнің арнайы әрекеті. Оқыту педагогикалық процестің негізгі
компоненті. Педагогикалық процесте оқытуды мұгалімнің оқушылармен тығыз
байланыста әрекет ету процесі деп атайды. Бұл әрекет қандай формада өтсе
де, онда оқу процесінің белсенді түрде қатысуын талап етеді. Оқыту процесін
дайындап, жүзеге асыруда мұғалім келесі әрекет түрлерін орындайды: бір
жағынан оқушыларға беретін мағлуматты саралап, жүйелесе; екінші жағынан оқу
жұмысынын әдісін және білім берудін жүйесін ұтымды ұйымдастырады.
Ғалым И.П.Пидкасистидің айтуынша оқыту әрекетінің пәні ол оқушынын оқу
таңымдык әрекетін ұйымдастыра білу, ал өз кезегінде мұғалімдер жағынан
педагогикалық басқару мынандай компонентерден тұрады:
- Оқыту үрдісінін әр түрлі формаларын ұйымдастыруда өзінін және
оқушылардың әрекетін жоспарлау;
- Оқушының білімді кабылдау және оны тәжірибеде қолдану
тәсілдерін меңгере алу белсенділігін ынталандыру;
- Оқушылардын тапсырмаларды сапалы орындауын қадағалау:
- Оқу нәтижелерін саралау, болашақ нәтижелерді болжау;
Бұл педагогикалық үрдісте мұғалім оқытуға үлкен мән беріп, оны дұрыс
ұйымдастыра алуы тиіс деген сөз.
Мұғалім әрекетінің келесі түрі - тәрбис жұмысы. Ол оқушынын дұрыс
дамуына жағдай жасайтын әр түрлі әрекет түрлерін басқару, тәрбиелік ортаны
қалыптастыруға бағытталған әрекет түрі.
Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екі жағы. Олар бір - бірінсіз
жүрмейді. Оқытуда тәрбиелік әсер етпей болмайды. Керісінше тәрбиелеуде
міндетті түрде оқыту элементтері қолданылады.
Алайда олардың айырмашылықтары да бар екендігін ескерген жөн. Оларды атап
өтсек: оқытудын уакыты бар және ол шектеулі, ал тәрбие үздіксіз жүретін
процесс. Оқыту тәрбиелеуге қарағанда ұйымдастыру және жүзеге асыру жағынан
оңай процесс.
Бұнымен қоса ғалымдар В.В.Краевский. Н.Я.Лернер және М.Н.Скаткин білім
мазмұнының білім және білікпен қоса шығармашылық әрекет және қоршаған
ортаға эмоционалды қатынас тәжірибесі компоненттерін қосады. Бұл
компоненттер тәрбие мсен оқытудын бірлігінсіз жүзеге аспайды.
Көрнекті неміс педагогы А.Дистервег тұтас педагогикалық процесті
тәрбиелік оқыту және оқытудағы тәрбиелік бірлік ретінде түсінген.
Бұл аталған әрекет түрлерін қоса ғалымдар мұғалімнің осылар мен қатар
атқаратын әрекет түрлерін көрсеткен. Олар:
- Мұғалімнің өзін - өзі оқыту және тәрбиелеу әрекеті:
- Басқарушылык оқу мекемелерін басқару;
- Ұйымдастырушылык - оқушылардын мектепте және мектептен тыс тәрбие
шараларын ұйымдастыру;
- Әдістемелік жаңа педагогикалық тәжірибелерді, ғылыми
жетістікгерді меңгеру;
- Мектепте және мектептен тыс үйірме жұмыстарына қатысу;
- Ғылыми зерттеушілік;
Қорыта келгенле педагогикалық әрекет мұғалім оқушынын танымдык
қызығушылығын дамыта алса, сабақта шығармашылық жағдай ұйымдастыра алса,
басты екі педагогикалық әрекетті дұрыс ұштастыра алса ғана жемісті болады.
Педагогикалық әрекеттің негізгі компоненті оның түрткілері.
Л.И.Божовичтің айтуынша түрткі ретінде сыртқы орта - заттары, ойлар,
сезімдер бола алады. ІІ.И.Конюховтің анықтамасы бойынша түрткі -тұлғаның
әрекетін анықтайтын тұрақты себеп, талаптардың жиынтығы. Ол тәрбие
процесінде қалыптасады. Түрткілердің құрылымдық компонентерінс көңіл
аударсак ғалым Б.И.Додонов оның төрт түрін көрсеткен: әрекеттің өзіне
қанағат алу; тұлғаға әрекет нәтижесінің мәнді болуы; әрекет үшін марапаттау
түрткісінің басым болуы; тұлғаға қысым көрсету. Мотивтердің жалпы
аспектісін айтканда Л.Маслоудың мұқтаждык үшбұрышын айтпай кетуге
болмайды. Онла бір жағынан адамнын әлеуметтік, интерактивтік тәуелділігі
көрінсе; екінші жағынан оның танымлыкқ өзін -өзі жетілдіруіне байланысты
өзіндік табиғаты көрінеді.
Ал педагогикалық түрткі бір жағынан педагогикалық
әрекеттін себептерінін әрекеті: екінші жағынан мұғалімнің
құнлылық бағыт -бағдарын білдіретін себептер жиынтығы.
Педагогикалық әрекеттің мотивтерін ішкі және сырткы деп бөлуге болады.
Сыртқы түрткілерге жатады:
- Белгілі бір білім мекемесінде жұмыстын беделді болуы:
- Жеке және кәсіби өсуге мүмкіндік жалақынын жақсы болуы:
- Өзін - өзі жетілдіруге мүмкіндік;
Ішкі түрткілерге өзінің әрекетін үрдіске және онын нәтижелеріне
бағыттау.
Мұғалімнін педагогикалық әрекеті нақты жағдайда
әртүрлі
міндеттерді аткару негізінде жүзеге асады. Өзінің шсберлігін шыңдап, кәсіби
жетілуі үшін мұғалім псдагогикалык әрекеттің құрылымы мен міндеттерін білуі
тиіс. Ғалымдар Н.В.Кузьмин, В.А.Сластенин, А.И.Щербакова оқу - тәрбис
процесінін төмендегідей міндеттерін көрсетеді:
1. Педагогикалык әрекеттің диагностикалық функциясы. Ол
оқушыны таным, оның даму, тәрбиелік деңгейін анықтаумен тығыз байланысты.
Оқу тәрбие процесін окушының психологиялық дамуының ерекшеліктерін ақыл -
ой, адамгершілік тәрбиелігінің деңгейін, отбасылык өмірін білмей жүргізуге
болмайды. Ол үшін мұғалім оқушының қызығушылықтарын, мектептен тыс әрекет
түрлерін біліп, байкампаз болуы қажет.
2. Педагогикалық әрекетін бағдарлаушы - болжаушы функциясы. Ол
мұғалімнін тәрбие бағытын, әр түрлі денгейінін нақты мақсат, міндеттерін
анықтап, оның нәтижесін болжай алу біліктілігінен көрінеді. Бұл
функция оқу - тәрбие процесінің мақсатын, әдісін, формаларын жетілдіруге
мүмкіндік береді.
3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдык
жоспарлык функциясы. Бұл мұғалімнін болжаушылык функциясымен тығыз
байланысты. Мысалы: егер мұғалім окушының ұжымдық
қатынастарын нығайтуды жоспарласа, ол үшін ең алдымен мұғалім тәрбиелік
жұмыстын мазмұнын жоспарлауы тиіс. Бұл әрекеттерді іске асыру үшін сммм
мұғалім психологияны, педагогиканы, ұжымды ұйымдастыру тәсілдерін,
формаларын жетік меңгеріп, өзінің шығармашылық қиялын дамытып
отыру қажет. Осыған сәйкес бұл функция мыналарды қамтамасыз етеді:
- Оқушы меңгеретін оқу материалдарының мазмұнын
ұйымдастыруды және іріктеуді;
- Оқушының әрекетін жоспарлауды:
- Оқушымен әрекет оқу үрдісінде өзінің әрекетін жоспарлауды;
4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы. Ол оқушыны
жоспарланган тәрбиелік жұмысқа қатыстыра алу, оңы ынталандыру
қабілеттерімен тығыз байланысты. Ол үшін мұғалім оқушыларды оқытып
тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтап,
бірігіп жұмыс істеуді жоспарлап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Мектеп мұғалімінің шыгармашылдығы
Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Интернетте жоба бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық - коммуникативтік технологиясының рөлі
Педагогтің тұлғалық сапалары
Ләззат Бәйішқызы
Жастайынан шет тілінде сөйлеуге үйрету
Пәндер