Діни экстремизм мен терроризмнің оппозициялық биліктік сценариі


Мазмұны
Кіріспе2
1 Қазіргі заманғы терроризмнің шығуы және оның мәні3
1. 1 Терроризм түсінігі және оның пайда болу себептері. 3
1. 2 Қазақстан және Орталық Азияда экстремизм мен терроризмнің таралуы9
2 Терроризм қылмысымен күресудің жолдары мен әдістері. 19
2. 1 Терроризммен күрестің әлемдік тәжірибесі. 19
2. 2 Қазақстан Республикасында терроризм мен эктремизмге қарсы іс-әрекет механизмі және құқықтық реттеу28
Қорытынды33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 34
Кіріспе
Курстық жұмысымның тақырыбы: «Терроризмнің пайда болуы мен онымен қазіргі кездегі күресу жолдары».
Өзектілігі: соңғы уақыттарда әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан жан түршігерлік сан-қилы оқиғалар көп мемлекеттер үшін терроризмнің аса күрделі проблемаға айналып отырғандығын көрсетсе керек. Замана дерті саналатын осынау қоғамдық қауіпті көріністің кең етек алып, өрттей қаулап бара жатқаны мемлекетаралық және ішкі саяси, әлеуметтік - экономикалық, тарихи, ұлттық, діни, тағы басқа факторлардың үлкен қайшылықтарға ұрынуымен түсіндірілмек.
Осынау жағдайды ескере отырып, соңғы кездері әлемдік қауымдастықтар терроризмге қарсы күрес шараларын белсенді түрде ұйымдастырып жүзеге асыруда.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бәрі терроризмге тікелей душар болмағанын атап өткеніміз жөн. Бұл сөз жоқ, республика басшылығының реформа барысындағы салауатты саясатының жемісі болса керек. Алайда, егеменді Қазақтанның әлемдік қауымдастық елдер қатарына енуімен қатар террористік топтардың оған деген қызығушылығының пайда бола бастағаны да жасырын емес. Сонымен қатар дипломатиялық, коммерциялық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық байланыстар да күн санап артып келеді. Көптеген мемлекеттер Қазақстанда өздерінің дипломатиялық, сауда, тағы басқа өкілеттерін ашуда. Олардың арасында террористік және экстремистік әрекеттерге ұшыраған ұйымдар да, азаматтар да бар (АҚШ, Израиль, Иран т. б. ) .
Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріндегі қанды оқиғалар экстремистік топтардың өз мұраттарына жету үшін ештеңеден тайынбайтындығын тағы да дәлелдеп бергендей. Демек, тап осындай ахуал кез келген уақытта біздің елімізде де орын алуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты. Терроризмнің түсінігін ашып көрсетіп, бұл құбылыстың шығу себебін талдау. Осының нәтижесінде терроризммен күресудің әдістері мен жолдарын сараптап, онымен күресудің механизмі мен стратегиясын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазіргі заманғы терроризмнің шығуы және оның мәні
1. 1 Терроризм түсінігі және оның пайда болу себептері
ХХ ғасырдағы терроризм адамзат тарихында алғаш рет геосаяси, ішкісаяси, ұлттық және идеологиялық мүдделерді қорғау мен оны ілгері бастыруда күшті қарулардың біріне айналып отыр.
Терроризм - қазіргі заманда әр түрлі нысанда кеңінен таралған, алдын ала болжануы қиын аса қауіпті құбылыс. Сондықтан терроризмді құбылыс ретінде зерттеу өте қиын. Ең алдымен, бұл терроризм ұғымының жан-жақты қабылданған ортақ түсінігі болмағандығымен тікелей байланысты. Терроризмде сірә, барлығына келеңсіздік туғызатын жалғыз аспект бар, ол - күш көрсету. Тіпті террордың идеологтары мен орындаушыларының өздері террордың күш көрсету екендігімен келіседі. Бүкіл әлемдік адамзат тарихында адамдар күш көрсетуді жиі пайдаланды және қазір де одан бас тартып отырған жоқ. Сонымен "күш көрсету" дегеніміз қоғамдық қатынастардың жаңа формасы да, өзіндік ерекшелігі бар "жаңа әлемдік тәртіптің" де, қазіргі заманғы мәселелерді шешудің де ерекше түрі емес. Күш көрсетуге сүйенетін террор негізінде ешқандай жаңалық әкелмейді. Оның террор ішіндегі басқа элементтерден өзгешелігі, террордың күш көрсетуді мақсатқа жетудің жалғыз жолы ретінде таңдап алуы болып табылады.
Терроризмнің ең қысқа және айқын анықтамасының бірі: "терроризм дегеніміз саяси мақсаттағы дәлелді күш көрсету"1 -дей отырып, күш көрсету терроризмдегі басты орындардың біріне қойылады. ХІХ ғ өзінде - ақ террор идеологтары (Бланки, Мост, Гейнцен, Бакунин) күш көрсетуді адамзаттың неғұрлым әділетті әлеуметтік құрылымға "жылжуының" қажетті нысаны - деп саналады. Сонымен, жер бетінде неліктен әділеттілік орнату ісінде күш көрсетудің айтарлықтай маңызы бар деген пікір орын алып келеді. Дегенмен бұл идеяның түп тамыры тереңде жатқан болуы керек. Сондықтан бар мәселе заңды қоғамның да, терроризмнің де әділеттілікті қалай түсінуінде жатқан сияқты. Егер жалғыз адам немесе адамдар тобы қоғамды өзгертуге бағытталған белсенді әрекеттерін әділетті деуге құқықты болса, онда олардың пікірі бойынша жүзеге асырылатын террор өзін-өзі ақтайды. Бұл терроризмнің аса маңызды шегі болып табылады.
Соғыс саясаттың жалғасы болып табылса, сондай-ақ террор да қоғамды экстремалды, бірақ заңды құралдар арқылы, қайта құрудың формасы болып табылады.
Қазіргі кездегі терроризмнің негізгі қозғаушы күші осы заманның әралуан шешілмеген мәселелері болып табылады. Әр түрлі елдердің дамуы арасындағы айырмашылық, дамушы елдердің дамыған елдерге қарағанда тұрмыс жағдайларының нашарлығы, кедейлік, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, сауатсыздық, дамушы елдердің жоғарғы билік өкілдерінің кез-келген жолмен билікті сақтап қалуға ұмтылуы - осының барлығы ақырында терроризмнің туындауы үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл туралы "Орталық Еуразия" жобасының директоры Э. Рихтер "терроризм теңсіздік, әділетсіздік пен қуғындау орын алған жабық қоғамдарда өркендейді" деп көрсетеді2. Алайда, терроризмді әлеуметтік-экономикалық факторлармен ақтауға болмайды.
"Көбінесе террористер экономикалық сәтсіздіктерге, саяси қуғын мен әлеуметтік теңсіздікке өздерінің қанды акцияларын ақтайтын жағдай ретінде оларға сілтеме жасайды. Әрине бұл жағдайлар барлығына белгілі. Алайда олар бейбіт адамдарға қатысты жасалатын тікелей және психологиялық күш көрсету актілерін ақтай алмайды"3.
Әлемнің түрлі елдеріндегі террористік әрекеттерге жасалған талдау оның көп түрлі және көп қырлы құбылыс екендігін дәлелдейді. Халықаралық құқықта да, терроризм ұғымының нақты және ортақ анықтамасының болмауы да осыған байланысты. Сондықтан терроризмнің мәнін түсіну үшін оған түсініктемелік жұмыс жүргізейік. Терроризм ұғымы "террор", "террористік акт" түсініктерімен тығыз байланысты. "Террор"- (terror) - латын тілінен аударғанда, "қорқыныш, үрей" деген мағынаны білдіреді. Құқықтық ортада "терроризм" ұғымының кеңінен таралған немесе дәлме - дәл анықтамасы жоқ. Сондықтан бұл ұғымды түсіну үшін анықтамалық әдебиетке жүгінейік. Мысалы, С. И. Ожеговтың орыс тілі сөздігінде: "террор-саяси қарсыластарды күш жұмсау арқылы жою, тіпті өлімге бұйыруға дейін бару" деп көрсете отырып, "террорлауды - террормен, күш көрсетумен қорқыту", "террорист" - жеке террорлық актіге қатысушы немесе қолдаушы " деп анықтайды4.
Бұл жерде терроризм жеке түрде көрсетіліп отыр, бірақ террор бұқаралық сипатта да болады. Сондықтан бұл анықтама терроризмге тұтастай түсінік бере алмайды. Бұл жағдайда біз тағы бір -шетел сөздерінің сөздігін алып қарастырамыз. Онда: "террор-күш көрсету шаралары арқылы саяси қарсыластарды басу, қорқыту саясаты"5 - делінген. Бұл жердегі "қарсыластарды" деген сөз террордың бұқаралық сипат алғанын көрсетеді.
Ал, террор туралы анықтаманы "әскери энциклопедиялық сөздікте" өте қатаң түрде келтіреді. Онда былай делінген: "террор-саяси немесе таптық қарсыластарды күш көрсетудің барлық құралдарымен қорқыту тіпті адамдарды жоюға дейінгі әрекетке бару"6. Бірақ мұның барлығы локальды түрде көрінеді, себебі саяси қарсыластар барлық уақытта белгілі бір шеңберде өмір сүреді. Мысалы, мемлекеттік, биліктік парламенттік, ресми құрылымдар мен институттік шеңберлерде. Сондықтан ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ басындағы бұқаралық сипат алып отырған террорға бұл анықтама әлі де болса сәйкес келмейді.
Сонымен, өмірде кездесетін террор мен терроризмнің әртүрлі анықтамаларын салыстыру арқылы талдау жасаған кезде, біздің түсінетініміз, жоғарыда көрсетілген түсініктердің бір-бірінен алшақтығы мен айырмашылығы және олардың қазіргі уақытқа сай келмейтінінбайқауға болады. Сонымен қатар "террор" мен "террористік акт", ”террор" мен "терроризм" және тағы басқа түсініктердің ара қатынастылығының жоқтығы да көзге көрінеді. Осыдан келіп бұл сөздердің мағналық шатасуы келіп шығады, себебі "террор" деген түсінікке әртүрлі мазмұн араласып кетіп отыр. Мысалы, террор әдіс ретінде ерекше, біртұтас құбылыс - терроризммен шатастырылып отыр. Сондай-ақ, террорды күшейту әдістерімен орындалатын саясатпен де шатастырады.
Сонымен, терроризм түсінігін сараптай келе, нақты анықтама Қазақстан Респуликасының "Терроризммен күресу туралы" Заңында көрсетіліп отыр деген тұжырымға келуге болады. Бұл Заңда:"
Сонымен, терроризм түсінігін сараптай келе, нақты анықтама Қазақстан Респуликасының "Терроризммен күресу туралы" заңында көрсетіліп отыр деген тұжырымға келуге болады.
Бұл заңда: «Терроризм-мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Мұндай іс-әрекеттерге-стратегиялық және өмірлік маңызы бар обьектілерді, мемлекеттің коммуникациясын, халықты қамтамасыз ету жүйесін, мүлікті және басқа да материалдық обьектілерді жою немесе жоямын деп қорқыту, мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердіә өміріне қастандық жасау, шетел мемлекетінің өкіліне немесе халықаралық ұйымның қызметкеріне шабуыл жасау, жеке тұлғаларға қатысты күш көрсету немесе күш көрсетемін деп қорқыту, тұлғаларға қатысты күш көрсету немесе күш көрсетемін деп қорқыту, тұлғаларды кепілге немесе басып алу жатқызылады».
Терроризмнің мәнін түсіну үшін, бірінші, оның элементтеріне тоқталайық;
-Террористік акт.
- Террористік акция.
-Террористік қызмет.
-Террорист.
-Террористік әдіс және құрал.
-Террористік ұйым.
Террористік акт терроризмнің басты және негізгі элементі болып табылады. Террористік актісіз терроризм де болмайды.
Террористік акт - терроризм мақсатына жету үшін әдейі жасалынатын іс-әрекет. Мұндай әрекеттерге жарылыс және ұшақтарды айдап әкету, өндіріс орындарында диверсия ұйымдастыру, жасау, кепілге алу, тағы басқа әрекеттер жатады. Террористік актілердің өзі шын мәнінде ресми мәлімдеген мақсаттарына жете алмайды. Көп жағдайда бұл тек террористердің өздерінің талаптары мен мүмкіндіктерін көрсету үшін жасау болып табылады. Террористік актілерден кейін көп жағдайда оның ұйымдастырушылары мен орындаушылары көпшілік алдында оны орындағаны үшін жауапкершілікті мойнына алады. Сондықтан басты мақсаттарына жетпесе де, олар аралық мақсатқа жетеді.
Террористік акция - ол терроризмнің мақсатына жетуге және террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.
Терроризмнің орталық элементі - ол террористік қызмет. Бұл туралы Қазақстан Республикасыныңә «Терроризммен күресу туралы» Заңында нақты анықтама берілген: «Террористік қызмет - террористік сипаттағы қылмыс жасауға бағытталған әрекет». 7
Ол төмендегі әрекеттерді қамтиды: терроризм идеологиясын тарату, террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау, террористік акцияларды өткізуге арандату, террористік мақсатта күш көрсетуге шақыру, террористік акцияларды жасау мақсатында қылмыстық ұйымдар немесе заңсыз әскериленген құрылымдарды ұйымдастыру, террористер мен террористік ұйымдарды қаржыландыру, террористер құрамына тарту.
Террорист - бұл террористік қызметті және терактіні жүзеге асыратын тұлға. Террористер бастамашылар (инициатор), ұйымдастырушылар және орындаушылар болып бөлінеді.
Террористік әдіс - бұл террористік актіні жүзеге асыратын әдістер. Мұндай әдістер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кейбір террористік ұйымдар саяси тұлғалардың өміріне қастандық жасаса (Испаниялық ЭТА), ал кейбіреулері жарылыс жасауы мүмкін.
Террористік ұйым - ол террористік акцияларды жасау үшін екі немесе одан да көп тұлғалардың тұрақты түрге бірігуі. Мысалы, терроризмнің субъектісі жеке тұлға («фанатик-экстремист»), ал арнаулы террористік ұйымдар («Аль-Каида», «Хамас», «Исламдық Джихад») және тіпті көптеген мемлекеттер (кейбір Ислам елдері, тәлиптер режиміндегі Ауғаныстан) болуы мүмкін.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа террористік шабуыл терроризм туралы кәдімгі көзқарасты мүлде өзгертті. Осы жағдай ХХІ ғасырдың басында нағыз бұқаралық сипат алып, осының нәтижесінде адамзат бірте - бірте локальді терроризмге көндіге бастады. Тіпті Ирландиядағы, Испаниядағы, Израильдегі және Палестинадағы ондаған жылдарға созылған терроризм осы елдер мен аймақтардың локальді мәселелері ретінде қаралады. Қазіргі әлем үшін басты фактісі болып, жоғарыда айтылған локальді жөргектен өсіп шыққан терроризмнің халықаралық сипаты мойындалды. Басты қажеттілік осы феноменді тез арада түсіну болса, басты проблема күнделікті өмірден терроризмді шеттету мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар террористік актінің келесі белгілері болады.
- Зорлық - зомбылықтың ең дөрекі нысандарын қолдану немесе қолдану қаупімен қорқыту;
- Террористік актінің мақсаты оның нәтижесінде туындайтын құрбандықтар мен қиратулар шегіне асып түседі.
- Террористік актінің мақсатына оның тікелей құрбандары болып табылмайтын тұлғаларға психологиялық жолмен әсер ету арқылы қол жеткізіледі.
- Терроризм құрбандары олардың нақты маңызына қарай емес, символикалық мәніне қарай таңдалады.
Террористік актіні мынадай жағдайларда халықаралық сипаттағы қылмыс деп дәрежелеуге болады, егер:
1) Террорист және террористік акті нәтижесінде зардап шегетін тұлға бір немесе әр түрлі мемлекеттердің азаматтары болса, алайда қылмыс аталған мемлекеттің аумағынан тыс жерде жасалса;
2) Террористік акт халықаралық қорғау аясындағы тұлғаларға қарсы бағытталған болса;
3) Террористік акт бір мемлекеттің аумағында дайындалып, басқа мемлекеттің аумағында жүзеге асырылса;
- Бір мемлекеттің аумағында террористік актіні жүзеге асырған террорист басқа мемлекеттің аумағында жасырынса және оны ұстап беру туралы мәселе қойылса;
Қазіргі біздің заманымызда терроризмнің сипаттамасы үзбей күрделеніп, олардың әдістері тез арада жетілуде. Террористік актілерден антигуманистік принциптері тез күшейіп, бұл бір жағынан бұқаралық сипатта болса, екінші жағынан осының нәтижесінде қатыгездікке ие болып отыр. Исламдық фанат - шахидтердің АҚШ-қа қарсы 2001 жылдың 11-ші қыркүйегіндегі террористік актілері мынаны көрсетті: терроризм әлемдік масштабтағы ұйымдасқан күшке айналып, өзінің құрбандарының масштабы бойынша ол тұрақты соғыс әрекетінің деңгейіне жетіп отыр. Сонымен, терроризм түсінігін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мына сөздерімен қорытындылауға болады:
"Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда, қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие". 8
Терроризмнің қайнар көзі мен себептерін білу террористік бағыттағы қылмыстарды тергеуге және оның алдын-алуға немесе жоюға көмектеседі. Қ. Р-ның "Терроризммен күресу туралы" Заңында террористік қызметтің себебі мен жағдайын анықтау және жою, терроризммен күресудің негізгі мақсаты деп көрсетілуі кездейсоқ емес.
Әлемдік ғылымда терроризмнің пайда болуы табиғатына әсер ететін екі жол бар:9
1. Биологиялық жол - адамдардың күш көрсетушілік мәні, яғни адамдардың басқа адамның мүдделеріне қауіп төндіруі;
2. Әлеуметтік жол - әлеуметтік қарама-қайшылықтың шығуы. Бірақ бұл жерде бұған қарсы мынадай мысалды келтіруге болады: терроризм тұрақты қоғамдарда автономды түрде әрекет етеді.
Мысалы, Испаниядағы сепаратистік ұйым Эта, Жапониядағы Ревалюциялық Қызыл Армия. Терроризмнің маңына қалың бұқараны біріктіретін масштабты идеяның бар болуы, оларға қажетті заңдылықты әкелетін сияқты. Заңдылықты жұртқа көз - қылып, олар өзінің халқын азат етумен бақытты етеміз деп, шетелдерде өздерін жақсы жағынан көрсеткісі келеді.
О. М. Хлобустов және З. Г. Федоровтың ойы бойынша терроризмнің пайда болуына жалпы қылмыстың өсуі әсер етеді дейді. 10
М. В. Назаркин терроризмнің базалық себептеріне әлеуметтік шиеленістерді жатқызады. 11
В. Л. Васильев терроризмнің шығуының феномені мен дамуын былай қарастырып: "көптеген тарихи, этнопсихологиялық, саяси және басқа факторлардың өзара әрекет етуінің нәтижесі. "12
В. Малисон мен С. Малисон "Терроризмнің көптеген себептері негізгі әділетсіздіктер мен кәдімгі адам құқығын таптауда жатыр" деп есептейді. 13
Халықаралық терроризмнің түбірлі себептерін 1979 жылғы халықаралық терроризм туралы арнайы комитет былай деп көрсетті. "Неоколониализм, расизм, агрессия саясаты, шетелдік оккупация және оның салдарлары: әділетсіздік, теңсіздік, құлдық қанау, қысым". 14
Жоғарыда көрсетілген барлық зерттеушілердің айтуы бойынша әлеуметтік қарама-қайшылықтардың комплексі шын мәнінде барлық әлеуметтік шиеленістердің негізі мен алғашқы себебі болып келеді. Бірақ бұл терроризмнің ерекшелігін ескере бермейді.
Қалыптасқан жағдайда жасалған талдау қазіргі заманғы терроризмнің саяси-діни бағытта екенін көрсетеді. Олардың пайда болу негізіне бірқатар мемлекетаралық және мемлекеттік ішкі саяси, әлеуметтік, экономикалық, тарихи-аумақтық, ұлттық, діни және басқа да сипаттағы шиеленіс тудырушы факторлар жатады. Бұл тұрғыда неғұрлым үлкен қауіпті террорды өздерінің мақсаттарына жетудің әдісі ретінде пайдаланатын ислам фундаменталистерінің экстремистік акциялары мен ұмтылыстары төндіреді.
1. 2 Қазақстан және Орталық Азияда экстремизм мен терроризмнің таралуы
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азия аймағында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тек әлеуметтік-экономикалық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени және идеологиялық мәндегі күрделі мәселелерге тап болды. Іс жүзінде барлық Орталық Азиялық елдер исламның саясаттануының өткір мәселесімен бетпе-бет келіп, сол кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі аймақтарда діни экстремизм мен терроризмнің таралу мүмкіндігінің басты алғышарты болды. 15 Осы жағдай туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің "Сындарлы он жыл" деген еңбегінде былай деді: "Ғаламдық қарама-қарсылық сейілгеннен кейінгі "идеологиялык ваккум" ахуалында, көптеген мұсылман елдерінде (соның ішінде, бұрынғы КСРО республикаларында) исламды қауырт саясиландыру байқалды. Индустриялы елдердің экономикалық дамуы мен басқа мемлекеттер арасындағы бел алған пропорциялық сәйкессіздік батыстық либерализмнің кердең қадамына жел беріп, бұқара көпшіліктің санасына бүгінгі дүние тіршіліктің әділетсіздігі туралы ұғым ұялатты. "16
Сонымен исламды саясиландыру ықпалында жоғарыда айтылған елдерде діни экстремизмнің әртүрлі формада таралуы көп жағдайда біркелкі белгілер мен ұқсас факторлардың нәтижесінде болып отыр. Орталық Азиялық елдермен бір экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени кеңістікте тұрған Қазақстанда діни экстремизмнің шығуы мен таралуының кейбір жақтары орын алуы мүмкін. Н. Ә. Назарбаевтың еңбегінде бұл туралы былай көрсетілген:"Қазірдің өзінде Орталық Азиялық аймаққа халықаралық экстремистік және террористік топтар ықпалының тарай бастауы біздің аймақ үшін де айқын қауіп-қатер болып отыр. Соңғы кездері Орталық Азия республикаларында, осы елдердің саяси тұрақтылығын бұзуға қауіп төндіретін үгіт-насихат тактикасы халықаралық террористік ұйымдар тарапынан мейлінше қарқын алып отырғанын байқамауға болмайды. 17
Исламды саяси мақсатта қолдану ТМД елдерінің біразында әртүрлі формада көрінеді. Мысалы, ислам жалауын автономия құру мақсатында қолдануы - Грузияда Аджария, Молдовада Гагаузия, Ресейде Татарстан, Башқұртстан, Ингушетия, Дағыстан және Шешенстан.
Діни экстремизм мен терроризмнің исламдық бағыттағы Орталық Азия кеңістігінде таралуы мынадай обьективті себептерге байланысты болды.
Біріншіден, мұсылмандық дәстүрлерді ұстанушы халықтар өмір сүріп жатқан Орталық Азия елдерінде коммунистік идеология құлағаннан кейін "идеологиялық ваккум" орнықты. Бұл ваккум іс жүзінде ислам идеологиясымен толтырыла бастады, сөйтіп мұсылман қауымы қоғамдық күшке айнала бастады.
Екіншіден, өзіндік мемлекеттілік алған халықтарда бірден ұлттық сана-сезім оянып өсе бастады. Сондықтан бұл елдердің (Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан) басқару режимдері исламдық дәстүрлердің қайта өркендеу процесін жан-жақты қолданып отырды.
Сөйтіп, ислам дін басыларының ықпалының күшейгені соншалық, олар енді саяси билікке ұмтыла бастады.
Үшіншіден, оңтүстікте "темір шымылдықтың" ашылуына байланысты ислам дүниесіне идеологиялық ағымдардың кіруіне мүмкіндік жасалды. Бұл мұсылман елдері өзінің Орталық Азиялық аймағының бай табиғи ресурстарына деген қызығушылығын жасыра отырып, оны "бірыңғай ислам дүниесін" құрамыз деген идеологиялық бүркемелеумен жабуға тырысты.
Төртіншіден, бұл елдерде әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтардың болуы, кейбіреуінің экономикалық артта қалуы қарсылық қозғалысының өсуіне әкеп соқты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz