Халықтық педагогика - тәрбие бастауы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5 бет
1.1Педагогикалық үрдісте халық педагогикасы – бұл ұлттық
қазына ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет
ІІ Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...5-20 бет
2.1 Халықтық педагогика -даналық
педагогика ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..6-7 бет
2.2 Халықтық педагогика - тәрбие
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-11 бет
2.3 Көрнекілік арқылы халықтық тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-14 бет 2.4 Грамматикалық
ұғымдарды халықтық педагогика негізінде
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-18 бет
Халық педагогикасы – оқу
үрдісінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..18-20 бет

ІІІ Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..21-22 бет
Қосымша
№1 ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...23-26 бет
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
7 бет

І. Кіріспе
1.1. Педагогикалық үрдісте халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына.
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы
ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру
проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер
айтты, өмірлік мұра қалдырды. Олар орыс педагогтары К.Д.Ушинский,
Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский, В.И.Водовозов, чуваш
педогогы Г.Н.Волков, татар педагогы Я.И.Хабников, азербайжан педагогы
А.Ш.Гашимов, груин педагогы А.Ф.Хинтибидзе, қырғызстан ғалымы, акдемик
А.Э.Измаилов, қазақтын көрнекті жаңашыл педагогы Ыбырай Алтынсарин,
қазақтын асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев т.б.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында өзі күнбе-күн өмірден сезінетін,
еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның
ең негізгісі - қазақтың халықтық педагогикасы.
Қазақ халкының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық
мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең-
жырлары, ұлттық ойындары ерекше төрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Мектепте бірқатар пәндерді оқытуға байланысты бұл мәселе жан-жақты
талданған. Кейбір пәндерде—математика, әдебиет, биология, еңбек
сабақтарында халықтық педагогика: ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр тиімді
пайдаланылуда. Математиканы оқыту саласындағы зерттеулердің бірі ретінде
педагогика ғылымының докторы, профессор А.Әбілқасымованың ғылыми
жетекшілігімен жүргізіліп жатқан Бастауыш мектептегі математиканы оқыту
үрдісінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану арнайы
курсының оқу бағдарламасын атауға болады. Бағдарламада болашақ бастауыш
сынып мұғалімдеріне қазақ этнопедагогикасын математика сабағында колдануды
меңгерту және сол алған білімдерін мектеп қабырғасында колдануға дайындау
көзделген. Бұл математиканы оқыту үрдісінің нәтижелі болатындығының кепілі.
Ал химия пәні бойынша ұлттық төл оқулықтардың болмауына байланысты бұл
мәселс осы кезге дейін қолға алынбады. Мектепте химия пәнін осы кезге дейін
одақтық бағдарлама бойынша аударма оқулыктар арқылы оқытып келгендіктен,
ұлттық педагогикамен байланыстыру назардан тыс қалды.
Халықтық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың
ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін,
Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларына сүйенбей өте
алмаймыз.
Жұмабаев Мағжанның Педагогика оқулығында оқытудың білімдік жене
тәрбиелік мақсатын ұлттық тәрбиеге негіздегенде ғана оның сапалы білім
берін, жастардың санасын көтеруге жәрдемі тиетіндігі айтысады.
Ахмет Байтұрсынұлы Әдебиет танытқыш еңбегінде, кемеңгер де ойшыл
ақын Құдайбердиев Шәкәрімнің шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете
сипатталады. Д.Әшімхановтың Бес арыс еңбегінде шолу жасағаңда кемеңгер
ойшылдарымыздың қай қайсысы да балаға тәрбие беруде олардың білімін
кеңейтіп көзқарасын қалыптастыруда ұлттық тәлім тәрбиенің әдет-ғұрыптың
алатын орнын баса көрсеткен.
Бұл ғалымдар қазақ халқының болашағы жастарды жан жақты дамыту үшін
нені оқыту, қалай оқыту керектігін айта келіп берілетін білімді ұлттық
педагогикаға негіздеу арқылы орлардың бойында сіңіруге болатынын
дәйектейді. Біз осы бағыт-бағдары барысында халықтық педагогиканы кеңінен
пайдалануды көздейміз.
Халықтық педагогика элементтерін химия сабағында пайдалану жолдарына
орай салаларға жіктедік. Ол сызбанұсқа төмендегідей:
Халықтық педагогиканың әрбір саласы химияның әр бөлімін оқыту
барысында мәтін мазмұнына сәйкес қолданылады. Мәселсн, техникалык, химия
курсын оқытқанда, көбіне, алғашқы химиялық құбылыстарды игеру жайында халық
шығармашылығы туралы материалдар пайдаланылады. Ал жеңіл өнеркәсіп химиясы
мен тұрмыстық химия бөлімін оқыту барысында халық кәсіби, оның ерекшелігі
және қазіргі тың талаптарына сәйкес келетін тұстары туралы мағлұматтар
беріледі.
Қыш, шыны, металдар өңдіру және басқа өнеркәсіптермен байланысты
сарамаңдық жұмыс техникалық химия деп аталады. Мұның алхимиядан айырмасы
сол, тәжірибелік істермен шұғылданған білімді адамдар өндірісте жүзеге
асатын үрдістерді мұқият зерттеп, көпшілікке түсінікті тілмен ұғындыра
білді. Мәселен, Италияның инженері Ваниочо Бирипгучо (1480-1539) — металл
құю, тиын ақша жасау, соғыс техникасын шығарумен шұғылданды. Тәжірибелік
химия түсініктеріне негізделген 10 кітаптан тұратын Пиротехника (пир -
грекше от деген сөз) деген еңбек жазды. Мұнда сол кезде от арқылы жүзеге
асырылатын техникалық үрдістер нақтылы баяндалды.
Дәрігерлік бөлімінде ертеден халық арасында қолданылып келген дәрілік
өсімдіктер, жануарлар, минералдар жайындағы материалдар берілген.
XIV ғасырдан кейін алхимияның беделі түсе бастады. Оған қарсы
шығушылардың және химияның алдына нақты мақсат қоюшылардың саны артты.
Осындай медицина, химия және жаратылыстанудың жалпы мәселелері саласында
өткенге батыл қарсы шығушылардың бірі - Парацельс. Парацельс дәрігерлік
химияның (иатрохимияның) негізін калады. Ол химияның мақсаты алтын алу
емес, дәрі-дәрмек жасау деп жариялады. Парацельстің теориялық пайымдауынша,
денелердің, сонымен бірге адам ағзасынын құрамына күкірт, сынап және тұз
элементері белгілі бір қатынаста кіреді. Осы қатынас бұзылса, адам ауруға
шалдығады. Ағзада күкірттің молаюынан оба ауруы, сынаптың артуынан сал
ауруы пайда болады. Ол Сырқатты емдеу дегеніміз — ағзаның бұзылған
химиялық құрамын қалпына келтіру деген ғылыми болжам ұсынды.
Қазақ дәрігерлік ілімі тарихының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Ұлтымыздың өз алдына емшілік ғылым жүйесінде аурудың себеп-сипаттары
жөніндегі тәлімі, дәрігерлік өнері мен әдіс-амалдары мол.
Қазақ халқынан шыққан ұлы бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бұдан V
ғасыр бұрын Шипагерлік баян еңбегін жазды. Ол жан-жақты энциклопедиялық
туынды. Бұл еңбек қазақ халқының тарихы, ертедегі қазақ халқының саз өнері,
сөз құрауы, дүниетанымы, астрономиясы, философиясы, этнографиясы, өсімдік,
жануарлар дүниелері, ең негізгісі емшілік шипагерлік ұғымы туралы ұланғайыр
мағлұмат береді.
Адамзат қоғамы бұдан мындаған жылдар бұрын химияны қолданып, кейбір
табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Бірақ
ол кезде химияның сырлары әлі құпия болатын, ол өз алдына ғылым болып
қалыптаспаған еді. Бүгінде химия халық шаруашылығының барлық салаларыңда,
күнделікті тұрмысымызға кеңінен еніп отыр. Соңғы кезде жедел қарқынмен дами
бастаған өндіріс салаларының бірі - тұрмыс химиясы. Тұрмыс химиясының
негізгі мақсаты: үй-ішін, жиһаздарды, көрпе-төсекті, киім-кешекті,
қабырғаларды тазалайтын, жуатын құралдар, косметикалық препараттар дайындап
шығару.
Қазақ халқы ерте кезден-ақ күнкөріс тіршілігінде жеңіл өнеркәсіп
химиясын, яғни тамақтар, сусындар дайындау, тері бояу өндірісін қолданған.
Егер күнделікті өмірімізге зер салып пайымдай карасақ, талдап-таразылап
байқасақ, өмірдің әрбір сәтінде химия ғылымының негіздерімен байланысып
жатамыз. Әдетте біз бұған дұрыстап мән беріп, назар аудара бермейміз.
Сонымен күнделікті өмірде кездесетін химияны бұрынғы ата-бабаларымыз
қолданған химиямен байланыстыру оқушының білімін тереңдетіп, химия ғылымына
деген оң көзқарас қалыптастырады.
Халыктық педагогика элементтерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда
жұйелі түрде оқытудың дәстүрлі емес жаңа әдіс-тәсілдерімен ұштастыра
пайдалану химияны оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың химиялық
білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл байлығының, ойлау
қабілетінің дамуына, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу
дағдыларының жетіле түсуіне жол ашады. Ең бастысы, оқушыны жеке тұлға
ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Демек, халықтық педагогика
элементтерін пайдалану - мазмұндык тұрғыдан білім көздерінің бірі.
Сондықтан ол ғылыми негізде жасалған оқытудың құралын және мектептердің іс-
тәжірибесінде сыналған әдістемені қажет етеді.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Халықтық педагогика -даналық педагогика

Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие деген
сол болса керек" деген екен Шәкәрім Құдайбердіұлы. Сол сияқты әрбір ұстазды
шәкірті сезінсе, ол үлкен жемісі болып табылады.
Мектеп қабырғасындағы балаларға адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру
біздің оқыту процесіміздің ең басты бөлігі болуы тиіс. Тәрбиенің бұл түрін
қалыптастыру үшін тілге тиек етіп, орыс педагогтары Сухомлинский,
Макаренко, грузин педагогы Амонашвили еңбектеріндегі даналық -сездерін
пайдаланып келдік. Ал, өзіміз ізденіп, ұлтымыздың ойлы ағартушылары -
Абайдың, Ахмет Байтұрсыновтың, Ыбырай Алтынсариннің ертегілері мен мысал
әңгімелерін пайдалансақ, мұның өзі бір бүтін педагогика емес пе?
Ойдағыдай, айтулы мақсаттарға жету үшін күнделікті сабақтарымызда:
1. Халқымыздың тарихын, географиялық орнын білдіруге,
таныстыруға;
2. Халық педагогикасын зерттеп, сабақта пайдалануға;
3. Орыс тілімен шұбарланған атаулардың баламаларын, қазақша
нұсқаларын зерттеп, ұғындыруға;
4. Халықтың ұлттық ерекшелігін зерттеп, әдебиетін дамытуға,
мәдениетін кеңшен насихаттауға;
5. Ұлттық әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қалыптастыруға күш
жұмсауымыз керек.
Өз тәжірибемде халықтық педагогиканың озық үлгілерін қолданамын. Халық
педагогакасының озық үлгілері бұл күнде оқу-тәрбие ісін ізгілендіру және
демократияландыру, түбірдес пәндердің мазмұнын интеграциялап оқыту, ғылым
негіздерін игерту, жаңа-ақпарат технологиясын қолдану, саралап және даралап
оқыту сияқты жаңа талаптармен ұштасып, білім мазмұнына, әдістемелік жүйеге,
оқу жоспарларына, ғылыми зертеулерге жаңа леп, соны ойлар әкелуде. Өз
сабақтарымда халықтық педагика негіздерін үнемі басшылыққа алып отырамын.
Осы мақсатта Жаңа сөз айдары мен Алтын қақпа лингвистикалық ойынын
өткізуді үрдіске айналдырдым. Мысалы: қазақтың 3 санына байланысты ұғымдар
мен 7 киелі санына байланысты атаулар сөз болып отырады. Бұл әрбір оқушының
тіліне, ұлтына, салт-дәстүріне деген махаббатын арттырады.
Қазіргі кезде халқымыздың ұлтық санасы оянып, рухан дамуының жандануы
жан-жақта сипат алып келеді.. Қай кезде, қай уақытта болмасын, ұрпақ
тәрбиесіне үлкен мән беріліп келеді.
Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген -кезінен бастау
алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі-
халықтық педагогика.
Халықтық педагогика дегеніміз не?
Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бергі ата-бабадан
қалған, ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие
жөніндегі, баланы бағып-қағып өсіріп, азамат етіп шығару мәселесі туралы
жинақталған іс-тәжірибесі. Терең мағынасында, ол - адамды зерттеу, жан-
жақты білу, адамдық болмысын анықтау. Халық педагогакасының қағидалары бір
ұрпақтан екінішсіне жалғаса отырып, бірте-бірте сұрыпталып, өңделіп,
қорланып, бай тәжірибемен кемелденіп, (халық айтса, қалт айтпайды) дегендей
дәрежеге жетіп, үнемі дамып отырады.
Халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Мәртебесін төрі деп білген,
ізеттілігін келінінен таныған, татулығын абысынынан тапқан, қызын - арға,
ұлын - нарға балаған, дархандығын даласымен өлшеген, еткірлігін - қылышқа,
намысын найзаға теңеген. Балалардың рухани өсіп отыруы назардан тыс
қалмаған.
Өз тәжірибемде бастау алған Ата балаға сыншы дегендей - әкелер
тәрбиесі, Баланы - жастан, келінді – бастан дегендей - әжелер тәрбиесі
сияқты ғасырлар сынынан мүдірмей өткен халықтың тәрбие этикасы замандар
бойы өз жемісін беріп, өмір көшіне ілесіп келеді.
Халқымыздың өткені бүгінге үлгі болсын деген ниетпен жыл сайын
мектебімізде Наурыз мерекесінің қарсаңында ата-аналарды қатыстырып, Аппақ
менің ақ әжем, Әке көрген оқжонар, Қазақтың келіндері-ай, Жігітке
жеті өнерде аз сайыстарын еткізіп отырамын. Осы сайыстар арқылы балалардың
рухани өсіп-отыруына назар аударамын.
Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздейді.
Екіншіден, олар балаларды қайырымдылыққа, иманды болуға тәрбиелейді.
Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулиды. Төртіншіден, тазалыққа
жастайынан қалыптастырады. Осы тәрбие түрлерін үнемі пайдаланып отырамын.
Бала тәрбиелеу әрбір ұлағатты ұстаздың іс-тәжірибесіндегі негізгі ұстаным
деп айта аламын. Олар мыналар:
1. Тән мен тазалық тәрбиесі;
2. Еңбек пен өнер тәрбиесі;
3. Ақыл-ой тәрбиесі;
4. Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі;
5. Сыр мен сымбат тәрбиесі.
Менің тәрбием - өз тәжірибем деген айқын ұстанымды әр күнгі
тәрбиемнің негізі етіп аламын. Жақсыдан - үйрен, жаманнан - жирен
дегендей, өз әріптестерімнің, ұлағатты ұстаздардың іс-тәжірибесінен әрқашан
үлгі-өнеге алып бтырамын. Бала тәрбиесі - үлкен еңбек дегенді мектепте
балалармен жұмыс жасайтын адам ғана түсіне, сезіне біледі.

2.2 Халықтық педагогика - тәрбие бастауы

Қай заманда болса да адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі -
есті де еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу.
Әр халық өз ұрпағының адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі
ниетті, ар-ожданды болып өсуін калайды. Бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына
байланысты шешіп отырған. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып,
сыннан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланып
келген. Қай ұлттың болса да халықтық педагогикасына үңіліп, осыны көруге
болады.
Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып-терген мол
тәжірибесі, зандылықтары бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін
жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырады.
Тәрбие тек мектеп қабырғасында ғана болмайтыны анық. Ананың бесік жырынан
бастап о дүниеге жөнелгенше адам өмірі үйренумен өтетіндігінде дау жоқ.
Ежелгі 622 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мұсылман халықтарының
тәрбиесіне басшылық етіп келген қағидалы да ұлағатты сөздері халықтық
педагогиканың негізін қалаған, түпкі нұсқасы болған. Мұхаммед Пайғамбардың
сөздері, өнегелі істері туралы баяндалып, таңдаулы хадистері өмірмен
ұштастырыла, халықтық педагогиканың нұскалары жасалды. Бұл педагогика -
өмір тәжірибесінен өткен, тұндырылған жұйелі түрде реттелген тәлімдік
тәрбие нұсқасы. Барлық тәрбие негізі Ислам дінімен тікелей байланысты
болды. Бұл бағыт - ғасырлар бойғы тәрбиенің тазартылған тұнығы.
Х-ХІІ ғасырда бүкіл адамзаттың мәдениеті мен әдебиетіне жаңа үн беріп,
түрлендіріп байытушы біртуар алып тұлғалар дүниеге келді. Омар Хайам, Әл-
Фараби, Махмұд Қашкари, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұн сияқты
ғалымдардың ғылыми еңбектері әр түрлі қырынан танылып, әлем жұртшылығына
мәлім бола бастады. Батыстың педагог ғалымдары бала тәрбиесіне, оның мінез-
кұлық, этика мәселелеріне қаншалықты көңіл белсе, шығыс ғалымдары да бала
тәрбиесіне соншалықты үлкен мән беріп отырған. Бұл аты аталған ғалымдар
тәрбиенің қай кезден, қандай ортадан басталатынын қадағалап, ұрпаққа
берілетін тәрбие тек ата-аналар мен ұстаздар қауымына ғана міндетті емес,
ол - бүкілхалықтық іс екенін айқындаған.
Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин де осы ұлгіден
тысқары шыққан жоқ. Оның көптеген шығармаларынан шығыстық тәрбие үлгісі
айқын сезіліп тұрады. Ғалымдар торбиенің қай саласын сөз етсе де, дінді
одан алшақтанады. Өнерге де тыйым салмады. Олар жалпыға пәрменді тәрбие
үшін Алланың бірлігіне, пайғамбардың хақтығына көз жеткізіп, иландырып
алуды басты мақсат тұтты.
Әрбір жан иесі – адам ер болсын, әйел болсын, өз туған халқының дінін,
тілін, ата мирасын, салт-санасын, дәстүрін, мұрасын, тәртіп-тазалығын,
елінін бүгінгісі мен келешегінін бүтіндігін, халқының арманы мен мүддесін
қорғауға, оны дамытып жетілдіруге адал ниет, ақ пейілмен қызмет етіп, елін,
жерін жаны мен қорғауға ТИІСТІ ден білмек керек.
Әрбір адам қай кезде болсын, кімге болсын жақсылық істеуді жадынан
шығармағаны дұрыс. Жақсылықты жалпы халыққа жасаған абзал Әркім әрқашан
өзіне абай болмақ керек. Керісінше сөйлемей, теріс ой ойламау кажет.
Біреудің істеген енбегін зая кетірмей, еңбегіне қарай бағасын беру керек.
Жақсылықты ең алдымен өз жақынына істе. Қарт-қарияларды ізет-құрмет
көрсетіп сыйлай біл. Білмегеніңді үйренуден намыстанба, үйрене білсең,
өкініштен аулақ боларсың. Халықтың жақсы-жаман істері мен мінез-кұлқына көз
қырын салып, олардың пайдалы және зиянды істерінің қандай нәтиже беретінін
бақылап, ой елегінен өткізу керек.
Кім де кім өнерсіз болса, ол өнегесіз. Оның ешкімге пайдасы тимейді.
Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесі жоқ, сиықсыз ағаш тәрізді. Өзіне де,
өзгеге де пайдасыз болады. Сол үшін де өнерге ұмтылып, оны таңдай білу
керек.
Адам өзін-өзі билеп, өнер-білім үйренген жағдайда ғана баянды бақытқа
қолы жетеді. Жалпы, білім мен өнердің негізгі арқауы-әдеп, қанағат, ұят,
пәктік, ұстамдылық, мейірімділік, иман екен.
Қазақтың халықтық педагогикасы бұл - ұлан-ғайыр, шалқып жатқан мұхит
сияқты кең дүние.
Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты - жастардың бойына көргенділік,
еңбек-сүйгіштік, карапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді дарыту, болашақта
еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеу.
Әлем әдебиетінің алтын қорына сарқылмас үлес косқан алып Абайдың
педагогикалық көзқарасы, бала тәрбиесі жайлы нақыл сөздері - ұлкен қазына
болса, Абайдың поэзия саласындағы қатарласы - Мағжан Жұмабаев тек ұлы ақын
ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогінің бірі. Оған дәлел -оның
педагогика саласындағы дәрістері мен еңбектері.
1922 жылы өзінің осы Педагогика еңбегі жайлы ол: шамам келгенше
қазақ жанына қабыстыруға тырыстым, – деп жазады. Тек қазақ педагогикасымен
шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, орыс, Ертеде Рим, грек
ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болған. Әсіресе, мұғалімдерге аса
қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. Баланы өмірге
келген бірінші минутынан бастап оқытпайды, тәрбиелейді, бала өмірі
тәрбиеден басталады. Сондықтан да болар баланы жастан деп қазақ тегін
айтпаса керек.
Тәрбиені 4 түрге бөледі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық
тәрбиесі, құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс
берілсе, оның тәрбиесі тұгел болғаны, - дейді.
Әлемдік педагогиканы меңзей отырып, Мағжан халықтық педагогиканы
есінен бір сәт шығармайды. Оны жалпы педагогиканың ең негізі етіп қояды.
Бала тәрбиесінде ұлттық педагогиканың алатын орны ерекше екенін мысалдар
келтіре отырып дәлелдейді. Ұлттық педагогиканың құнды жақтарын пайымдап аша
отырып, оның кем-кетіктерін, жаман жақтарынан безуге шақырады.
Әр елдің ұлттық мектебі, педагогикасы, ұлттық тәрбие, оқуы болуы
керек. Халықтық тәрбиесіз бүгінгі жас жеткін-шектерді өз елін, халқын,
тарихын, мәдениетін сүюге тәрбиелеу мүмкін емес.
Мағжан тіл туралы ерекше тоқталып, үлкен сезіммен жазған: Тілсіз ұлт,
тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт
кұрымақ.Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт - тіл болуы. Ұлттың тілі кеми
бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді...
Адам шын ізгі адам боламын десе, халык ісі, халық пайдасы жолында
құрбан бола білсін деген өсиет айтады. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез
шеше білетіп, тұрмыстың тұнғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін,
адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып
шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар күшін
жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек, - деп жазды ақын, педагог
М.Жұмабаев.
Көрнекті ақын М.Әлімбаев ұзақ жылдық тәлімгерлік ой-пікірлердің
жиынтығы ретінде Халық - ғажап тәлімгер атты педагогикалық ой түйіні
туралы еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ақын қазақ халқының мақал-
мәтелдері мен қара өлеңдеріндегі халықтық педагогика мен Абай поэзиясындағы
азаматтық тағылым хақында сөз қозғаған.
Халық тағылымдарының фольклорлық шығармалардан, этнографиялық
материалдардан, ұлттық салт-дәстүр мен ойын түрлерінен өзекті орын алу
себебін аша келіп, оны халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен
байланысты өрбіп, бала тәрбиелеудегі педагогикалық мақсат-мүддесінен
туындайтынын жақсы ашып керсеткен.
Ұл он беске келгенде қолға ұстаған қобызың,
Ұл он бестен асқан соң, тіл алмаса, доңызың деген мақал-мәтелдерді
талдай отырып, бала тәрбиесіне ата-ананың байланысты екенін, дұрыс тәрбие
бере білген ата-ана оны бабына келтіріп, колға ұстаған музыкалық аспаптай
сайрата білетінін, ал дұрыс тәрбие бермесе, баланы бұзып, алып, кейін оның
жейтінін ескертеді. Бұл пікір ойшыл педагогтардың ...тәрбиеде үлкен мән-
мағына жатыр, баланы елін сүйер нағыз ер ету де, қолынан ештеңе келмейтін
ез ету де тәрбиеге байланысты деген ұлағатты өсиеттерімен ұштасып жатыр.
Қазақ халқының ежелден үл тәрбиесі мен кыз тәрбиесі бөліп қарауы, бала
тәрбиесіндегі отбасының, жолдас-жораның рөлі де автор назарынан тыс
қалмаған.
Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін отбасы үлкендерінің баланы 40-ка
келгенше, бала деп өбектей қарап, шырылдап бөйек болатыны немесе айттым
бітті, кестім үзілді деп өктем сөйлеп, өз сөзін үкім ретінде қолданатын
ата-аналардың да бар екені белгілі.
Ақын бұл жерде бала тәрбиесі бақ ағашын күтуші бағбан ісімен пара-пар
екенін айта келе, халқымыздың балаңа бес жасқа дейін падишаңдай қара, он
бес жасқа дейін көмекшіңдей қара, он бестен асқан соң ақылшы досым деп
сана деген өсиетін естен шығармау керек екенін орынды еске салады.
Тәрбие тілден басталатыны, білім мен өнердің оқу, тоқу, талаптану
арқылы келетінінің айта келіп Білімсіз бұлдіреді, ата-анасын күйдіреді,
Білімдіге өміріңді байла деген халық қағидаларын ұстанады. Білім мен
тәрбие ордасы - мектеп, ал білімгер ұлы тұлға – ұстаз бойынан білімділік,
әділділік, талап қойғыштық, ұстамдылық сияқты қасиеттердің үнемі көрінуін
қалайтынын жазады.
Елім деп еңіреген ұлдың алдына халықтың қояр талабын таңдап бере
білген. Ар, намыс ерліктің жүректегі отын тұтатар оттығы екенін жақсы
талдаған.
Таланттың тәрбиемен жетілетіні, мақсатқа жету үшін, таланттың жемісін
көру үшін үздіксіз ізденістің, еңбектенудің қажет екенін жастардың есіне
салады. Алып та халықтан үйренеді деп парасатты ой пайымдайды.
Халық педагогикасы, ұлттық сана - сезімнің өсуі өз халқының тарихына,
өның мәдени қазыналарына, дәстүріне деген ықыласты оятты.
Халық ұғымында адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық
пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық, ерлік пен өздік-адамдық
қасиеттердің бір-біріне қарама-қарсы сипаттары.
Халық даналығы жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, жақсының
жақсылығын халқына тигізер пайдасына қарай бағалайды.
Есте жоқ ескі заманнан бері халқымыз жыл мезгілінің, күн тәулігінін
қай кезінде болсын құдайы қонақпын деп келген адамды танысын-танымасын
құрақ ұшып қарсы алып, барын беруді бұлжымас дәстүр етіп ұстантан. Бұл
қазақтың меймандостық дархандығын ғана емес, жанының жайсаң, адамдық
рухының биіктігіне дәлел.
Ата-бабалардың тәрбиелік дәрісін кұндақта жатқан күнінен естіп өскен
есті ұрпақ ержүрек, мәрт мінез, ақкөңіл, дархан мінезді халқына лайық болып
өсетіні анық. Кешегі Ұлы Отан соғысында жауға күйрете соққы берген Бауыржан
Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Мәншүк
Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты батыр ұл-қыздарының ерлік істері - мұның
айқын айғағы. Қиын-қыстау, тар жол, тайғақ кешулерде оларды алға жетелеген
асыл мұраттардың қайнар көзі - алтын бесігіне дарыған тәрбиесінде,
адамгершілікті марапаттайтын бесік жырының әдемі әуенінде, уызына жарып
ескен құдіретті ана тілінде еді.
Бүгінгі күнгі басты мақсат-халқымыздың ізгі адамгершілік қасиеттерін
бойына сіңіріп, оқушылардың имандылық мінез-құлқын қалыптастыру,
ізеттілікке тәрбиелеу.

2.3 Көрнекілік арқылы халықтық тәрбие беру

Шәкірт бойына халқымыздың сан ғасырлар бойы жасалып келген сарқылмас
асыл мұрасын сіңіру әр сабақ сайын, сыныптан тыс шаралар кезінде де
үздіксіз жүзеге асуы керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні балаға алықтық
тәрбие берудің таптырмас құралы деп айта аламын, себебі қазақ тілі мен
әдебиеті халқымыздың асыл қазынасының өзі емес пе?!
Әр сабақта өтілген тақырыпты меңгерту үшін әркім өз білгенінше
көрнекіліктер жасайды, ізденеді. Тиімді жасалған көрнекілік - жүйелі де
сапалы білім берудің бірден-бір жолы. Ал егер ол көрнекіліктерді ата-
бабадан қалған асыл мүраға негіздеп ұлттық бояуда жасаса, шәкірттерге
біліммен қоса халықтық тәрбие берудің таптырмас құралы болары анық.
Сабақтарыма көрнекілікті үнемі халықтық дәстүрге, ойынға негіздеп
жасаймын. Қайталау сабақтарында Бәйге, Ақсүйек ойындары арқылы жарыс
сабақ өткізсем, ал жаңа тақырыпқа байланысты басқа да ойын түрлерін ойлап
шығардым. Мәселен, Абайдың Жазғы тұрым өлеңін өткен кезде сабақты бекіту
мақсатында жайлау, күздеу, қыстау туралы, қазақ халқының тіршілігінің
малмен байланысты болғандығынан көшіп-қонып жүргендігін, көшсе көлігі түйе
екендігін айттым. Сонан соң Қазіргі мына ауылды көшіруге көмектесейік,
жайлауға көшу үшін түйе қомдаймыз деп тақтаға шөгіп жатқан түйенің
бейнесін ілдім. Алдын ала дайындап алып келген қом, оған тиейтін сандық,
кебежей бесік, домбыра, т.б. заттардың кішкентай суреттерін үстел үстіне
тастадым. Енді рет-ретімен түйедегі қомға орналастыру керек. Ол үшін
тапсырмаларды (суреттердің артын жапсырылған) орындау керек. Бұл жұмыс
арқылы оқушылар халқымыз төрт түлікті неліктен қадірлегенін, оның
пайдасының қом деген не, ол не үшін керек болғанын, халқымыз көшіп-қонып
жүргенде де домбырасын қастерлеп ер үйдің ұстағандығын, еңбекқорлығын, т.б.
біліп есте сақтайды.
8-сыныпта Қалқаман-Мамырды өткенде жастардың Мамырдың үйіне
бастаңғыға жиналатындығы айтылады. Қалқаман балалары тұрмақ ауыл балалары
да бастаңғы дегеннің неде екенін білмейді. Осы жерде мен былай түсінік
бердім Халқымыздыңжақсы дәстүрлерінің бірі - бастаңғы жасау. Үлкендер
жолға шығып немесе қонаққа кеткенде үйде қалған қыз-бозбалалар өздері оңаша
тамақ пісіріп, көрші-көлемдегі құрбыларын шақырады. Ән салып, домбыра
тартып, әзіл-қалжыңдары жарасып отырыс құрады. Өнер жарысы болады. Осыдан
соң Ал, балалар, сендер де бастаңғыға бара аласыңдар. Міне – бастаңғы
дастарханы. Сіздерді күтіп тұр. Бірақ онда бару үшін мына үстел үстіндегі
ұлттық тағамдарды дастархан (үлкен етіп салынған сурет) үстіне апарып қою
керек. Қане, кім қай тағамды қояды? деп тағамдардың суретін көрсетемін
(құрт, қазы-қарта, шұжық, бауырсақ, құырдақ, ет, ірімшік, т.б.). Оқушылар
кезектен шығып әлгі тағамдарды алғанда артына жасырынған тапсырманы
көріп, оны орындауы керек. Орындай алмаса бастаңғыға бармайды.
Қазақ тілі сабағыңда тақырыпты бекіту үшін тиімді деп есептейтін
Текемет салу, Ат ерттеу жұмыстарын жүргіземін. Ат ерттеуде тақтаға
үлкен етіп қатты қағаздан қиын салынған атты іліп, оны ерттеуге қажетті
жабдықтарын (тоқым, ер, жүген, т.б.) әкелемін. Окушылар заттың артындағы
тиісті тапсырмаларын орындап қана қоймайды, атты ерттеуді, оның реттерін
үйренеді. Тапсырмалар да аттың ертоқымының жасалу жолдары, әр әбзелдің
атқаратын қызметі, аттың айдасы т.б. туралы мазмұнда беріледі. Мысалы:
Тоқым - ер стынан салуға былғарымен қапталып киізден жасалған әбзел.
Тақырыпқа сәйкес талдау жасалады.
Текемет салу жұмысында: үлкен етіп салынған әженің суреті, алдында
жасалына бастаған текемет, әженің қолында бояулы жүн. Ендігі біздің
жұмысымыз - текемет салуды аяқтау. Ол үшін алдын ала текеметтің шет
оюларын, шаршы оюларын дайындап әкеліп қойдым. Артындағы
тапсырмаларын орындауға келген оқушы алдымен қай оюды салу керектігін
біліп, оюларды ретімен алу керек. Бұл арқылы оқушылар әсемдікке,
шеберлікке, ұлттық өнерімізді қадірлеуге үйренеді. Ал, балалар, мына әже
жалғыз өзі текеметін бітіре алмай жатыр екен, көмектесейік! дегеннен-ақ
үлкенге сый-құрмет, өздерінен көмек керек екенін естеріне тағы бір салып
өтеді. Тапсырмаға текемет неден жасалатындығы, оның пайдасы, оған салынатын
ою түрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Этнопедагогика пәні.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының cалт-дәстүрлерімен таныстыру
Халықтық педагогикағы ән-жырлар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Халық педагогикасы білім беру саласындағы халықты педагогикалық тәрбиелеудің тәжірибесі
Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары
ОҚУШЫЛАРҒА ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
Пәндер