Вексель бойынша есеп айырысу есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
--------------------3

І – тарау. Есеп айырысу және оның түрлері---------------------------- -------
----6
1.1 төлем тапсырмаларымен есеп айырысу---------------------------- ---------
------6
1.2 чектермен есеп айырысу---------------------------- ----------------------
------------8

ІІ – тарау. Вексельдер көмегімен есеп айырысу түрлері----------------------
10
2.1 вексельдер туралы түсінік---------------------------- -------------------
-----------10
2.2 вексельдер арқылы есеп айырысу---------------------------- --------------
-------15
2.3 вексельдермен есеп айырысу түрлері---------------------------- --------
-------18
2.4 банктердің вексельдермен операциялары----------------------- ----------
-----23

ІІІ - тарау. Вексель бойынша есеп айырысу есебі----------------------------
--28
3.1 сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі-------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------28
3.2 тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алу үшін берілетін вексельдердің
есебі------------------------------ ----------------------------------- ------
-------------------30

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
--------------32

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
----------35

КІРІСПЕ
Есеп айырысу – төлем жүргізу арқылы қаражаттық міндеттемелрді жабу. Ол
қолма-қол ақшамен немесе банк-несиелік ұйымдр арқылы ақша аударып
жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз төлемдер төлемдік тапсырмалар, аккредетив,
чек және инкасса бойынша да, сондай – ақ, заңда қарастырылған басқа
формалармен де төленеді. Есеп айырысу жүйесін ұйымдастыруда әрбір елдің
өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, бірақ олар мынадай жалпы принциптермен
есеп айырысу операцияларына негізделген:
- қолма-қол ақшалармен төлеу;
- есепшоттан нақты ақшаларды алу;
- ақшаны төлем тапсырысы бойынша аудару;
- қаржыны бір есепшоттан бсқа есепшотқа дебеттік (чек арқылы) немесе
ақшалай аудару.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,
келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы
көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем акшасыз тәртіпте орындалуы
керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-
тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және занды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк
шоттары — бұл банк мен клиентгер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
олерация түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол
сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататың
субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын
және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын окшаулап сақтау үшін және
тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінін әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы каражатты есептен шығаруға
соттың мемлекетгік салық кызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген
зандарда көзделген баска жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан тәлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді:
➢ Қолма-қол ақшаны аударуды;
➢ төлем тапсырманы ұсынуды;
➢ чектерді беруді;
➢ вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
➢ төлем карточкасын пайдалануды;
➢ тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
➢ тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
➢ инкассалық жарлығың ұсынуды республиканың заң актілерімен
белгіленген басқа да әдістерің пайдаланады.
➢ Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
➢ төлем тапсырма;
➢ чек- вексель-тапсырма-талап төлемдері;
➢ кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары
болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Вексель -белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық
міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі
өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы
төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельдер эмитенттер
бойынша:
• қазынашылық және жекеше;
• төлем түрі бойынша: жай және аударылмалы;
• төлем кепілділігінің барлығына қарай: қамтамасыз етілген және
қамтамасыз етілмеген;
• төлеу тәртібі бойынша: мерзімділік вексель және ұсынушылық вексель
болып бөлінеді.
Вексельдерді толтыру мен ресімдеу белгіленген ережені сақтауды керек
етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңда, яғни вексель деген жазу
жазылып, оның ұсынылған күні мен орны (жері, вексельдің сомасы пайызы,
төлеу мерзімі көрсетілуі қажет.

І – тарау. Есеп айырысу және оның түрлері
1.1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына
ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы
тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық
құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға
алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем
тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілерден төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларды қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке
алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда
ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де қағаз
ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес
анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте
қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі ал
екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып
қайтарылады. Төлем тапсырманың нысаны 201 бетге келтірілген.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері)
көрсетіледі:

- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды
(ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК
немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі -
резиденттік белгісін, ал екіншісі - экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар - аудару жасалғаң ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы
көрсетіледі;
- бенефициар банкісі — бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген
(идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық
айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымының коды — ҚР УБ нормативтік-құқықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды — салықтарды кері
қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні — ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік
шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
калдырылган болып бөлінуі мүмкін.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп
жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент,
жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың
атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын,
онын немірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол
орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді.

1.2 Чектермен есеп айырысу
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем
чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз
мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып
табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған
міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі — депозиттермен
қамтылған, ал екіншісі — қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің
төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде
жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек
берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың
негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек
берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін
әзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді
беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы
чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп
айырысу шотының төлем құжаттарына қол кою қүкығына ие тұлғалар қолдарын
қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер
жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге
болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және
чектің түбір тегінде қиғашынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі
қойылады және кітапша иесінің колы қойылады.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады,
егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе
түзетулар бар болса);
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі
бестен кем болмауы керек);
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен
сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады.
Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік
палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өнделуін тез арада тоқтатады.
Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі — банкте қалса;
екіншісі — көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі — Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті
беруші банкке қайтарылады.

ІІ – тарау. Вексельдер көмегімен есеп айырысу түрлері
2.1 Вексельдер туралы түсінік

Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни векселъ иемденушіге береді. Вексельдің мәні —
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель
иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель — тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан еңбір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған
елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде
электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны сағаттың
ішіндегі орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германидағы вексель ақша
айналымының 20-25%-ін құрайды).
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым
қаржысының уақытша жетіспестігін вексельмен толтыру онша қиын емес Ол
үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе
тауар-ақша айналымын жеделдетеді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасу кезінде,
төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, шаруашылық
байланыстарының үзіліп және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер
жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген ынта аса
түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің
өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыра ережелік құжаттар
пайда болды.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық
қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша
қаражатын болу. Вексель айналымының негізі — серіктердің бірін-бірі еркін
тыңдаушымен және бірін-бірі бақылуымен жасалатын несиелік келісім.
Всксельді шығару және оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның
маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель
берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады.
Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және
басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші серіктестің тек вексель
алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте
маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігін
де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және
сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты
орындауға ұмтылуы, нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
• Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, ягни қарызды қандай жағдайға,
не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
• Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға
алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
• Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші
оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді

айналым қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнында пайдалануға мүмкіндік
береді. Сол себепті векселді сауда ақшасы деп те атайды.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель, немесе
тратта болып екіге бөлінеді. Жай векселъді төлеуші, яғни вексель беруші
жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай сомаға толтырылды,
қай уақытта және қай жерде өтез керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге
береді Сонымен бірге, вексель берушінің аты-жөні жазылып, қолы қойылады.
1. Вексельді сатып алушы сатушыға береді (векселі беруші — вексель
иемденушіге);
2. Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді
(вексель берушіге);
3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем етеуді ұсынады;
4. Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді —
вексельді өтейді.
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет
жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай-ақ белгіленген
уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (немесе
тратта) пайдаланылса, онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе
жеке тұлғалар қатысады - әлбетте үш-төрт және одан да көп
контрагенттер қатысуы мүмкін.
Аудармалы вексель деп несие берушінің қарыз алушыға (трассатқа)
вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге (ремитентке) төлеу жөніндегі
берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда
ғана қарыздар болып есептеледі.
Акцепт дегеніміз — есеп айырысуда төлеушінің (акцептанттың) өз
қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір
түрі.
1. Векселъ беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) яғни қарыздарға
тауарды және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
2. Төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт берген оны вексель
берушіге (трассантқа) қайтарады;
3. Вексель беруші (трассант) акцепттелген вексельді ремитентке —
аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
4. Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
5. Трассат банкке вексельді төлеуге беріп және сонымен бірге вексельдің
сырт жағына оның төленгені жөнінде

белгі заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп,
кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық
шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық
катынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
6. Ремитент вексельді несие берушіге жібереді.
7. Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың
банкіне жібереді;
8. Ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.
Төлем уақыты келгенде несие беруші несиені өтеу ушін трассатқа, яғни
вексельді акцепттеген төлеушігі вексельді ұсынады. Трассат ақшаны несие
берушіге аударған соң вексельді жояды. Өз кезегінде, несие беруші трассатқа
(төлеушіге) қарыздар болуы мүмкін оған бұл жағдайда төлеу үшін вексель
жіберілуі мүмкін. Ойда трассат несие берушіге вексельді өтеу үшін
қабылдағаны туралы айтады. Сол сияқты ремитентке несие берушіге қарыздар
болуы мүмкін, бұл жағдайлар ол вексельге вексельді басқа біреуге аударғаны
туралы белгі жазып, несие берушіге берген өзінің міндеттемесін жояды.
Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайдайда "индоссамент"
деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссант жазады, ал
индоссаментті алған адам индоссант деп аталады. Вексельді өтеу үшін екінші,
үшінші адамдарға аудару процессі индоссацинк деп аталады. Вексельді төлеуде
индоссант та басқа вексель иемденуші адамдармен қатар міндетті.
Біздің мысалда келтірілгендей ремитент вексельді екі түрлі пайдалануы
мүмкін:
Төлеу үшін трассатқа ұсынуы керек;
ия болмаса вексельдің сырт жағына аудару туралы белгі қойып, басқа
адамға төлеу құқығын беруі мүмкін.
Бұл жағдайда векселъ иемденуші:
Біріншіден, төлем уақыты келгенше вексельді өзінде сақтап, ал төлем
уакыты келгенде оны өтеуге ұсынуы керек;
Екіншіден, төлемді өтеу үшін вексельді үшінші адамға (ол адам басқаға)
беруіне болады;
Үшіншіден, вексельді кепілге беріп, банктен несие алуына болады.
Вексельді толтырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтер қол
қояды. Егер вексельді жеке адам берсе, онда ол өзі кол қояды. Вексельде
қажетті реквизиттер (мәліметтер) болуы шарт:
• Вексельдік таңба, яғни "вексель" деген құжаттың аты құжат толтырылған
тілде көрсетілуі керек;
• Төлемнің уақыты көрсетілуі керек;
• "Міндеттеме бойынша келісілген соманы төлеу керек;
• Төлем өтейтін жер көрсетілуі керек;
• Кімге және кімнің үкімі бойынша телем төленді;
• Вексельді толтырған жері және уақыты;
• Вексель берушінің қолы.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, ақша құндылықтарының
қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола олардың кепілімен несие
алу үшін және банкте есепте болып мақсатымен беріледі. Демек, жалған
вексельдегі ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.
Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі вексельдің
сенімділігі. Оны арттырудың бірнеші жолдары қарастырылған. Оның
біреуі – акцепт айналым операциялар. Вексельдің акцепті дегеніміз
төлеушінің вексельді - төлеуге берген келісімі. Егер акцептанттың
рөлін банк атқарса, онда вексель бірінші класты (яғни қатерсіз)
міндеттеме құқығын алады. Вексельдің акцепті міндетті емес, бірақ ол
нарықты вексельдің еркін айналуына жағдай жасайды.
Вексельдің авалы — вексель бойынша кепілдік. Авал беруші банк (авалшы)
вексель беруші (егер жай вексель болған жағдайда) немесе акцептант
(аудармалы вексель болған жағдайда) тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны
төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлеу мерзімі келген кезде вексель төлеу
үшін тікелей банкке жібереледі. "Аваль бойынша есептелген" деген сөзді
вексельдің бет жағына немесе қосымша қағазға (аллон жеге) жазады. Вексельді
етеудің бұл түрі - аваль акцептке қарағанда сиректеу қолданылады. Банктер
вексель бойынша бұдан да басқа бірсыпыра операциялар жүргізеді. Мысалы,
айналымдағы вексельдерді есептеуді коммерциялық банктер жүргізсе, оларды
қайта есептеумен мемлекеттің Орталық банкі шұғылданады. Сол сияқты банк
вексельді кепілдікке алып, несие береді және вексельдермен комиссиялық
операциялар да жүргізеді. Айта кететін жәйт, вексельдерді есептеу және оны
кепілдікке алу операцияларының негізінде коммерциялық несие банктік несиеге
айналады, яғни несиенің бір түрінен оның екінші түрі пайда болады.
Қорыта айтқанда, банктер вексель бойынша неше түрлі операция жүргізіп,
бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшандатса, екінші жағынан
өздеріне пайда түсіреді.

2.2 Вексельдер арқылы есеп айырысу

Вексель — біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель) — талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады.
Аударма вексель (тратта) — вексель берушінің (трассантгың) үшінші
тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның
бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде
көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы
туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас
болып келеді.
Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде
толтырылса, онда сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша
сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның
(төлеушінің) атауы — тек аударма вексельде, төлеу мерзімің төлем жасалатын
орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын,
сол тұлғаның атауын, вексель жасалған құн мен орнын көрсетеді және онда
вексельді берген тұлғаның қолы койылады.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын
вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші
тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде
немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында
төленуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде "Бұйрыққа емес" немесе осыған
ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым
цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не
вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді
акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына,
жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына
болады.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады.
Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол
қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды
иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті
өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде
вексельді банк аркылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк
толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір
уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін.
Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын
аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған
мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем
жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге
ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын
төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен
бастап жүреді. Үсынғаннан кейін белгілі бір уақытга жасалған аударма
вексель бойыншатөлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдіру
күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған
акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнін соңғы
күнінде жасалған болып есептелінеді.
Вексель ұсатушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға
мәжбүрленбеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем жасауды төлем жасаушы өз
тәуекелділігіне алады.
Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын
төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:
1) акцептен толық немесе ішінара басқтартқан орын алса;
2) егер де төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен
оның жағдайын сот аныктамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз
болмаған жағдайда;
3) вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп
танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын талем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға
регрестік талабы (искы) вексель бойыншателем мерзімінен кешіктірілмей
ұсынылуы мүмкін.

2.3 Вексельдермен есеп айырысу түрлері

Вексель - бір жақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң
белгіленген нысандағы төлем құжаты. Вексельді шығару мен айналым тәртібі
Қазақстан Республикасының 28.04.1997 ж. № 97-1 Қазақстан Республикасындағы
вексельдік айналым туралы Заңымен реттеледі.
Жай вексель (соло) - вексель берушінің алғашқы талабы бойынша
төленетін нәрсесіз алдын-ала шартталмаған міндеттемесі бар векселі немесе
белгілі бір уақытта вексель ұстаушыға вексельде көрсетілген ақша сомасын
болашақта төлеу. Мұндай вексель бойынша векселъ беруші төлеуші емес, үшінші
тұлға (трассат) акцент арқылы өзіне вексельді төлеуге міндеттеме
қабылдайды. Алайда сол сәтке дейін вексель бойынша вексель беруші жауапты
болады.
Аударылатын вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанта) еш
нәрсесіз алдын-ала шартталмаған ұсынысы (бұйрық) бар вексельді үшінші
тұлғаға (трассата). төлеуге бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке)
немесе оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не болмаса
вексельде көрсетілген ақша сомасын талап ету бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп айырысу операцияларының есебі
Ақшалардың бухгалтерлік есебі
Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу
Вексельдер мен операциялар есебі және банктік карточкалармен есеп айырысу есебі
Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу
Ақшасыз есеп айырысулардың есебі
Кассадағы ақшаның есебі
Ақша қаражаттарының есебі жайлы
Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Ақша қаражаттарының есебі
Пәндер