Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Шағын бизнесті дамытудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 5
1.1 Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті нығайту мен дамыту
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2 Шағын бизнес және оның экономикадағы рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1 Шағын бизнес – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарттары ... 21
2.2 Шағын кәсіпорындар қызметінің экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
2.3 Нарық жағдайында шағын бизнесті дамыту
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 32

Кіріспе

Өзектілігі: Нарықтық қатынастарға көшу барысында Қазақстан
Республикасында жүргізілген экономикалық реформа, біздің елімізде барлық
аймақтарда және экономиканың барлық салаларында еркін бизнесті дамытудың
жаңа бағыттарын ашты.
Әсіресе бизнестің шағын түрі өзінің ықшамдылығымен қоса қолайлылығымен
ерекшеленеді. Ішкі және сыртқы нарықтық конъюнктураның жылдам өзгеруіне дер
кезінде бейімделе біліу де ұсақ бизнестің өміршеңдігін айқындайды. Сондай-
ақ, белгілі бір өнім түрін өндіруге мейлінше тез бейімделіуі және жаңа
технологияларды ендіруге жылдам ықшамдала білуінің қасиеттері шағын
бизнестің бұл түрінің экономикалық табыстардың ең шешуші кепілі бола
алатындығын дәлелдеді.
Осы орайда бүгінгі күнге дейін шағын бизнесті басқару мәселесінде
кездесетін қателіктер болуы оны басқаруға орасан күш-жігермен қатар, білім
мен білік, өмірлік тәжірибе қажет екендігін көрсетеді. Сонымен, шағын
бизнестің жеткілікті дәрежеде дамымай жатқандығының басты себептерінің
бірі ретінде жекелеген кәсіпкердің өз кәсіп орнын басқарудағы ұйымдастыру
тәжірибесінің тапшылығын атап өтуге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – шағын бизнес және оның экономикадағы рөлі
тұжырымдамасын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең зерттеу, және де шетелдік
тәжірибесін Қазақстан тәжірибесіне енгізудің оңтайлы жақтарын қарастыру.
Бұл мақсатқа сай келесі міндеттірді атқару керек:
- шағын бизнестің даму деңгейіне байланысты нарық конъюктурасының
өзгеруін тез сезіну;
- айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы
ресурстарын шоғырландыру;
- аз ғана алғашқы капиталды пайдалану;
- бәсекелестік ортаны құру;
- тұтынушыларға жақын орналасу;
- инновациялардың көбін ұсақ бизнес арқылы өндіру;
- жұмыспен қамту мәселелерін шешу;
- әлеуметтік шиеленісуді жою;
- ғылыми–техникалық прогрестің дамуына ықпал ету.
Сонымен қоса, шағын бизнес –қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының
негізі орташа топтың пайда болуына әлеуметтік–экономикалық алғышарт-тарды
құрады.
Қазіргі кезде ұсақ бизнеспен қол жеткізген нәтижелер бойынша республика
дамыған және дамушы мемелекеттермен қатар, тәуелсіз мемелекеттер достығының
(ТМД) жеке елдерінен артта қалды. 2012 жылдың басында Қазақстанда 449,9 мың
ұсақ бизнестің субъектілері үшін (ЖІӨ) жұмыс істеді. Олармен ЖІӨ-нің 20,4
пайызы ғана өндірілді, ал ел бюджетіне млрд. тг, аударылды, халықтың 21,0%
жұмыспен қамтылды, бұл экономикасы дамыған елдер нәтижелерінен 2-4 есе
төмен. Сонымен қатар, экономиканың осы секторына экономикасы дамыған
елдерде қалыптасқан деңгейден, бәсекелестік қабілеттілігінің арытта қалу
факторының үдейе түсуіне тән. Осыған байланысты сыртқа шығарылатын
инновациялық жеке зерттеулер мен өнімдердің өндірісі жоқ деуге болады.
Жоғарыда айтылған шағын бизнестің артықшылықтары және ең бастысы
республикада оның дамыуының қанағатсыз болуы алынған тақырыптың
өзектілігіне шарт болды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік процесті
қалыптастыратын факторлар мен жағдайларға, олар атқаратын функтцияларға,
ШКС-нің қызметіне қоршаған ортаның әсеріне, әр түрлі ұйымдастыру–құқықтық
формаларға және т.б. қатысты басылымдардың көп болуына қарамастан,
зерттелетін проблемалар шеңбері азаймай керісінше, ұлғая түсуде. Қазіргі
таңда шағын бизнестің өткен жолы өте қысқа және қайтадан пайда болған
проблемаларды шеше алмайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің болашағы бар
ма, ел экономикасында маңызды рөлді атқара ма, елдегі әлеуметтік жағдайды
тұрақтандыра ала ма, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі факторлар
қалыптастырады және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның динамикалық
қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр, мұның бәрі зерттеу объектісі. Ал
шағын бизнес аймағында орындалған зерттеулер іс жүзінде ШКС арасында
зерттеудің, таратудың және енгізудің тек алғашқы кезеңінде тұр.

1 Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері.

1.1 Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері

Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау бизнестің
тектік түсінігінің мәнін, сонымен қатар бизнес пен бизнестік табыс
түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен
пайда болуын ескеріп, бизнесті былайша түсіну қажет: Бизнес бұл - табысты
алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және
толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және
белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі
ұйымдастыру процесі. Ал бизнесмен -бұл табысты алу мақсатымен қауіп және
белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің
барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен
ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс-бұл
кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы.
Көріп отырғандай, бизнестің тектілік түсінігінде өлшемдер және
мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, бизнестік процесс ынтамен, жаңалықпен
байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты-кәсіпкерлік табысты алу.
Нарықтың әр түрлі сфераларын жеңіп алу және әлемдік қауымдастықтың
көптеген елдерінде ұсақ бизнестің өркендеуі, кәсіпкерліктің осы формасының
ТМД республикаларында, соның ішінде Қазақстанда кең таралуын анықтады.
Шағын бизнестің өзіне тән ерекше белгілері мен артықшылықтарын зерттеп,
біз шағын бизнестің келесі түсінігін ұсындық: Шағын бизнес — шағын
кәсіпкерлікпен қарайлас нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз
мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу
қарқындарын ЖҰӨ-нің құрылымы мен сапасын анықтайды. Бұл сектор өзінің мәні
бойынша нарықтық инфрақұрылымның шешуші элементі болып табылады. "Бизнес"
сөзі ағылшынның "businessy" деген сөзінен шыққан. Ағылшын тілінен
аударғанда коммерциялық қызмет, іс, шаруа, сондай-ақ тиісінше "бизнесмен"
("businessmen") сөзі іскер адам, табыскер деген ұғымдарды білдіреді.
Бизнес — біржақты анықтауға келмейтін, барынша ауқымды және сан қырлы
ұғым. Ол істі жүргізу, қажетті және адамдар арасында сұранысқа ие өнім
жасау, іс, жұмыс, нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажетілігін
қанағаттандыру көзі және сонымен бірге өмір салт жүйесі ретінде
қарастырылады.
Ең алдымен бизнесті табыс табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен
байланысты қызмет ретінде анықтама береді.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып. Қолда бар
шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама
беруге болады.
Шағын бизнес кәсіпорындары деп - бір немесе бірнеше инвесторлармен
құрылған, географиялык, шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың
шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды
негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлык стратегиялық шешімдерді
қабылдайды; басқару – нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау
сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында
жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын кәсіпорындар азаматтар, жанүя мүшелері және сауда шаруашылығын
біріккен түрде жүргізетін мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар
әртүрлі занды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін.
Шағын және орта кәсіпкерлік, қазіргі кезеңде жұыссыздықпен сипатталатын
Қазақстан экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары
тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен
ашылуда. Мысалы, 1987ж. АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының
өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу
қарқыны 3 есе көп болды.
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз
болып табылатын салаларда шағын кәсіпкерлік барлық мүмкін болатын қызметтер
мен қосалқы жүмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып,
ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы,
жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50-ші жыддардан бері, келісім-шарттар
негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға
тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл
аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт
бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен
қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар
санының қосындасында) 53,5-тен 65,5%-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде
бұл үлес 1981ж 85,7%-ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс
көлеміндегі Қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес салмағы 90 –шы
жылдардың басында 80% - ке жетті.
Сондай-ақ құрылыста ұсақ және ірі фирмалардың әртүрлі Қызмет салалары
бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді
және ірі тапсырыс берушілермен жүмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары
болса, кұрылыстық – монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау
мен қайта құруға жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке
тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда.
Сондықтан, ұсақ және ірі құрылыстық кәсіпорындар арасында тікелей
бәсекелестік туралы айту заңсыз. Ұсақ және ірі бизнесті быайша саыстыруға
болады (Қосымша.1 кесте). Ұсақ бизнес ірі бизнеске қарағанда анағүрылым
тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы орынын сәтті иеленеді.
Нарқтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи
ұмтылуды тудырып, өздерін меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп
соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш – жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мұнадай екі жағдайға. Біріншіден, коммерциялық бағыт-
бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден,
экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми –
техникалық прогресске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкерлік қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
бомасын түрімен айналуса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда –
көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілген консультациялық қызметтер және
тағы да басқа коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар
операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар
бола алады:
- Қазақстанның азаматтары;
- Шетел мемлекетінің азаматтары;
- адамдардың бірігуі (кәсіпкерлік ұжымы)
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндетті, жауапкершілігі және кәсіпкердің кепілдігі ұлттық
заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
- кәсіпкерлік қызметпен айналасу құқығы, сауда кәсіпорындар құру және
олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру – құқықтық формасына қарамастан
сауда кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
- нарықтың монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті нығайту мен дамыту
мәселелері.

Статистикалық ақпаратты талдау 2000-2007 жылдар аралығында ҚР табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті колдау
жөніндегі Агенттігінің мәліметтерін пайдалану кажеттілін көрсетті. Бұл
ақпарат барлык шаруашылық жүргізуші ШКС, соның ішінде заңды және жеке
тұлғалары қызметінің нәтижелерін қамтыды. Берілген Агенттіктің ақпараты,
елдегі облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері беретін, есептілік
мәліметтеріне негізделеді.
Берілген Агенттіктің ақпараты Республикадағы шағын бизнесті дамыту мен
қолдаудың 1999-2000, 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаларын дайьндауда, 2000 жылы кәсіпкерлер форумындағы ел басы
баяндамасында пайдаланылды. 2002 жылдан бастап, ҚР статистика жөніндегі
Агенттігінің мәліметтерін пайдалану ұсынылады екінші жағынан статистикалық
ақпараттың күмәнділігі ШКС-ң нақты жіктемесінің болмауына негізделген.
Бүінгі күндегі кәсіпкерліктегі сатып алу біздің экономикамызда әлі аз
танымалы құбылыс, бұл негізінен біздің кәсіпорындарымыздың тәжірибелерінің
аздығымен түсіндіріледі. Дегенмен, бұл шетелде бизнес салаға кірудің
айтарлықтай тараған формасы ретінде мынадай бір қатар артықшылықтарға ие:
1. Тәуекел мен тұрлаусыздық фаткорлары сынға жиі ұшырайтын жаңа кәсіпорын
ашумен салыстырғанда, олардың деңгейін төмендетуі.
2. Бизнестің жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі бизнес
ілгеріден-ақ құрылу.сатысынан өткен, жұмыс істеуде. Шағын
кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар бар: жаңа
кәсіпорын бастау; бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу; франчайзинг және
жанұялық бизнес, орналастырулар. Біздің республикамыз үшін шағын
бизнестің негізін калау формаларының ішінде, жаңа кәсіпорын құрудан
басқа франчайзинг пен жанұялык бизнес формалары ең өзекті деуге
болады.
Франчайзингтің негізгі артықшылықтарының бірі бұл франчайзерден оқып
үйрену мен дайындалу мүмкіндігіне ие бола алатындығы. Сондай-ақ франчайзер
тек өндіріс мәселелерін оқытып үйретуді ғана үйымдастырып қоя салмай,
сондай-ақ бухгалтерлік есеп, тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау,
еңбек ресурстарын басқару,сақтандыру мәселелерін және т.б. да оқытып
үйретеді. Оқытып үйрету бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады.
Тағы бір маңызды артықшылық - бұл франчайзер тарапынан жасалатын
қаржыландырудың тікелей емес, жанама түріндегі қаржылық қолдау. Мысалы,
франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін ұзарта алады,
сөйтеп франчайзидің айналым капиталының көлемінің көбеюіне әкеледі немесе
франчайзи банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады.
Соңында, егер тәуелсіз бизнесті бастау айтарлықтай бастапқы салым қажет
етсе, франчайзингтік фирма құрған кезде бұл шығындар анағұрлым аз болуы
себепті қаржылық артықшылыққа ие.
Шағын бизнестің негізін қалаудың тағы бір бағыты отбасы мүшелерінің
күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Бұл
кәсіпкерліктің бір ерекшелігі отбасы мүшелері қаласа толық, қаламаса жарты
күн жұмыс істей алады. Отбасылық бизнес бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп
отырады.
Отбасылық бизнестің басты артықшылығы - кез-келген қиыншылықтарға
қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі.
Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек
ақылары мен дивидендтерін жиі құрбан етеді. Отбасылық бизнестің тағы бір
артықшылығына, ірі корпорациялармен салыстырғанда жұмысшыларға қарау
деңгейінің жоғарлылығы жатады. Корпорациялардың менеджерлері тек жақын бір
екі жылғы нәтижелер туралы ойланады, ал отбасылық бизнес оларға қарағанда
көбінесе ұзақ мерзімді бағытты ұстанады.
Сондықтан АҚШ- та кәсіпорындардың 80-90% отбасылық бизнес саласына
жатуы және экономиканың әртүлрі секторларында жұмыспен қамтылғандардың 50%
отбасылық бизнес жұмысшыларынан тұратындығы кездейсоқтық емес.Отбасылық
бизнес менеджерлері отбасылық бизнеске қатысы жоқ бизнес менеджерлеріне
ұқсамайды. Жай кәсіпорындардығы маман менеджерлер анағұрлым қасқа уақыт
кезеңіне жоспар құрады, бизнестің зияндары мен сәтсіздіктерін аз дәрежеде
сезінеді, фирмаға танытатын адалдықтары мүмкіндігінше аз және өз
мансаптарын алға жылжытуда үлкен икемділікке ие, ереже бойынша оларға еңбек
ақыларын көтеру және алға жылжыту сияқты анағұрлым дәстүрлі жағдайлар
жасалған.
Шағын және орташа бизнесті дамытудағы қаржы-несиелік мәселелері.
Мемлекет шруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне қаржылық-несиелік
құралдарды қолдана отырып жанама түрде араласады әрі мынадай мақсаттарды
басшылыққа ала отырып, рынокты үйлесімді пайдалану жолын іздестіреді:
- Еңбекке жарамды халықты жұмысқа толық қамту;
- Азаматтарды, оның ішінде зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы
отбасыларды әлеуметтік қорғау жүйесін құру;
- Негізгі тауарлар мен қызмет бағасының тұрақтылығын қадағалау;
- Тұрақты қалыпты экономикалық өсуге қол жеткізу;
- Халықты нақты ең төменгі табыс деңгейімен қамтамасыз ету;
- Сыртқы экономикалық қызметтегі тепе-теңдікке ие болу.
Нобель сыйлығының лауреаты Д. Леонтьев ұлттық экономиканы теңіздегі
кеме, мемлекеттің оған араласуын оның рөлі ретінде қарастырса, шведтік
экономика үлгісінің негізін қалаушы К.Эклундтық пікірінше, таза
реттелмейтін рынок ешбір елде жоқ әрі болған да емес, сондықтан ұжымдық
игіліктің тиімді өндірісін қамтамасыз ету үшін оған мемлекеттің араласуының
объективтік қажеттілігі туындайды.Рыноктың қатынастардың еркіндігін
жақтаушы көрнекті экономист Л.Эрхардтың тұжырымдауынша, мемлекеттегі
кәсіпкер де, жұмысшы да кез келген азамат сияқты өз саласында еркін іс-
әрекет жасауы тиіс. Бірақ мемлекет өз қолындағы құралдар арқылы олардың
шаруашылық қызметіне жанама түрде араласуы шарт.
Мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі туралы мәселенің теориялық
негізін көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс 1936 жылы жарық көрген
Общая теория занятости, процента и денег еңбегінде қарастырды. Кейінірек
жарық көрген А. Лаффердің бюджеттік тұжырымдамасы да мемлекеттің
кәсіпкерлер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жанама түрде
араласуын қолдайды.
Рыноктың экономиканың ұтымды қызмет етуі үшін мемлекеттік және
рыноктық механизмдер өзара тығыз байланыста болуы шарт. Шведтік тәжірибе
дәлелдегендей, аралас экономикада мемлекеттік және рыноктық механизмдердің
үйлесімді қолданылуы қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрақтылығын
қамтамасыз етуге ықпалетеді. Автор мемлекет экономикаға рыноктық механизм
кері әсер берген кезде міндетті түрде араласады. Яғни мемлекеттің
экономикаға араласуы кез келген қоғамды басқарудың ажырамас бөлігі болып
табылады деп тұжырымдайды.
Қазіргі кезде экономикаға ықпал етудің анық жолы жоқ десек, те,
көптеген дамыған елдер екі негізгі тұжырымдаманың өзара қосындысы
негізіндегі реттеу әдісін қолданады: әр түрлі нұсқадағы кейнсиандық теория
және неоклассикалық теория.
Кейнсиандық теория макроэкономикалық бағыттарға негізделеді.
Кейнсиандық бағыт экономикаға араласудың негізгі факторы ретінде тауарлар
мен қызметтерге деген ұсынысты қарастырды.Мемлекет жиынтық сұранысты
ынталандыруға ықпал етеді, мемлекеттік сатып алу, несие жұмыспен қамту
деңгейлерін реттейді. Ақша-несие саясатына қарағанда, мемлекеттік бюджет
пен қаржы саясатына көңіл бөледі.
Мемлекеттік қаржы теориясын табыстар мен жұмыспен қамту теориясының,
қаржы саясатын экономикалық саясаттың құрамдас бөліктері ретінде
қарастырды. Аталмыш теория бойынша, мемлекеттің басты міндеті жиынтық
сұранысқа әсер ету арқылы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу болып
табылады. Инфляция белең алған тұста, жиынтық сұранысты қысқартып, салық
режимін қатаңдату арқылы инфляцияны тежейді. Жұмыссыздық белең алған тұста,
салық режимін жеңілдетіп, кәсіпкерлердің несие алуына жағдай жасайды. Бұл
өз кезегінде жиынтық сұраныстың өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына,
жұмыссыздар санының қысқаруына түрткі болады. Прогрессивтік салық салудың
жақтаушысы Дж.М.Кейнстің пікірінше, прогрессивтік салық салу өндірушінің
күрделі қаржы салымына қатысты тәуекелге бел бууын ынталандырады. Осы
теорияға сәйкем, салықтар экономикалық экономикалық жүйеде икемді
механизм ретінде жұмыс жасайды. Үдемелі салықтар экономиканың
теңдестірілуіне ықпал жасаса, салық түсімдерінің төмендеуі бюджет кірісін
кемітіп, экономиканың тұрақсыздығына себепші болады. Мұндай жағдайда
салықтар қалыптасқан реттеуші ретінде әрекет етеді. Экономикалық өрлеу
кезінде салықтық түсімдерге қарағанда салық салынатын табыс баяу өссе,
экономикалық дағдарыс кезінде табысқа қарағанда салықтар тез азаяды.
Нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтылығы
сақталады. Аталмыш теорияны ағылшын Үкіметі бірінші дүниежүзілік соғыс
алдында, яғни мемлекеттің барлық күші әскери өнеркәсіп өндірісіне
бағытталған тұста тиімді қолдана білді. Ғылыми-техникалық өрлеу кезінде
экономикаға араласудың кенсйандық жүйесі экономикалық даму талабына сай
болмағандықтан әрі мына төмендегі себептерге байланысты тоқтатылды:
біріншіден, өндіріс үрдісіне инфляция тұрақты сипатқа ие болды, нәтижесінде
ресурстарға деген ұсынысты жандандыратын қозғаушы күш қажет болды;
екіншіден экономикалық ынтымақтастықтың дамуына байланысты әрбір
мемлекеттің сыртқы рыноктан тәуелділігі артып, мемлекеттің сұранысты
ынталандыруды шетелдік инвестиция оң әсер етті. Сондықтан кейнсиандық
тұжырымдаманы неоклассикалық теория алмастырды.
Неоклассикалық теория еркін бәсекелестікке, экономикалық тұрақтылыққа
негізделді. Бұл екі тұжырымдаманың айырмашылығы – қолданатын әдістерінің
әртүрлілігінде. Неоклассикалық модельдің өкілі, ағылшын экономосі Дж.Мид
экономикалық үрдістерді реттеуге мемлекетті жанама түрде қатыстырды. Салық-
бюджет саясатын ескермей, ақша-несие саясатына басым назар аударып, сол
арқылы ұлттық байлықтың тұрақты өсуін және толық жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ететін табыстарды қайта бөлудің тиімді механизмін қарастырады.
Өз кезегінде неоклассикалық теориядан екі бағыт: ұсыныс экономикасы
теориясы мен монетаризм теориясын кеңінен тарады.
Ұсыныс экономикасы теориясы салық ставкасының төмендеуі мен салық
жеңілдіктерін беруді, мемлекеттік бюджет тапшылығын мемлекет шығындарын
қысқарту есебінен жабуды, мемлекеттік меншікті жекешелендіруді қарастырады.
Бұл бағытты жақтаушылардың түйіндеуінше, жоғары салықтар кәсіпкерлік
бастаманың инвестициялық саясаттың, өндірістің жаңаруы мен ұлғаюына шектеу
болады. Рыноктың реттеушісі – рыноктың өзі, мемлекеттік реттеу мен жоғары
ставкалы салықтар оның қалыпты қызмет етуіне кедергі келтіреді.
Монетаризм теориясының негізін қалаушы американ экономисі М.Фридмен
рынок еркіндігінің жақтаушысы ретінде рыноктың экономикада еркіндіктің
маңызды роль атқаратынын басты назарға ала отырып, мемлекеттің рыноктың
қатынастарға мейлінше аз араласуын, салықтарды төмендетуді ұсынды.
Монетаристердің пікірінше, экономикалық үрдістер барысына, бағаға,
инфляцияға ақша массасы өз ықпалын тигізеді. Бұл жердегі мемлекеттің ролі
оның ақша эмиссиясына, ақша массасына араласуы арқылы көрініс табады.
Сондықтан мемлекеттің экономикаға араласуы шектеулі мөлшерде болғаны дұрыс
деп есептейді. Айналыстағы ақша массасына салықтар арқылы ықпал жасау әр
түрлі меншік субъектілерінің қалыпты қызмет етуіне әсер етеді.
Монетаризмнің өзге теориялардан айырмашылығы – ақша айналысына басым көңіл
бөледі әрі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін және бәсекеге
қабілетті ашық экономикада шешуші фактор деп есептейді.
Аталмыш екі классикалық ағымның бір-біріне қарама-қайшы келетін
тұстары да жоқ емес.
Кейнсиандық мектептің өкілдері мемлекеттің экономикаға белсенді
араласу идеясын жақтап, салықтар мемлекеттің саясаттың басты құралы деп
қорытындылайды.
Неоклассикалық мектептің өкілдері салықтарды фискалдық құрал ретінде
қарастырып, кәсіпкерлік еркіндігін насихаттады. Олардың пікірінше, рынок
баға деңгейін өзі реттей алады, бұған сыртқы араласудың ешқандай қажеті
жоқ. Бұл теория ауқымында бәсекелестік, баға механизмі туралы талдау
жүргізілді.
Әр түрлі нұсқадағы кейнсиандық теория және неоклассикалық теория
сияқты екі негізгі тұжырымдаманың өзара қосындысы негізіндегі реттеу,
әдісін қолданатын көптеген дамыған елдердің экономикасы кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне негізделген. Мемлекеттің экономикалық қызметі шағын бизнес
өкілдерінің қызметіне тікелей араласпай, салық салу, шығындарды реттеп
отыру арқылы рыноктың тиімді қызмет ету жолын іздестіру. Орталықтандырылған
экономикалы елдерде мемлекет экономикаға директивалық жоспарлар,
мемлекеттік ұйғарымдар, мемлекеттік бюджет пен қаржы органдары арқылы ақша
қаражаттарының массасын орталықтандыру және оны орталықтан тікелей бөлу
түрінде тікелей араласады. Рыноктың экономикалы елдерде монополияға қарсы
қатаң заңнамалар қабылдап, еркін бәсекенің дамуына жағдай жасайды, заң
кесімдері, салық, несие тәрізді құралдар арқылы ықпал етеді. Шведтік
тәжірибе дәлелдегендей, аралас экономика деп экономиканың мемлекеттік және
рыноктың механизмдерін қоғамның саяси және макроэеономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз етуге, әлеуметтік мәселелерін шешуге нақты бағыттап
қолданғандағы дамуы саналады. ХХ ғасырдың 80-ші жылдары швед Үкіметі
кейнсиандық бағытты басшылыққа ала отырып, мемлекеттік бюджет қаражатын
ұтымды пайдалану арқылы өндіріс пен инвестицияның, іскерлік белсенділіктің
дамуына жанама және тікелей құралдар арқылы әсер етті.
Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік саясат негізгі ұлттық мүдделерге
сәйкес орындалатын мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі
бағыттарының бірі болып табылады. Бұл саясат шағын бизнестің, әсіресе
белгілі бір өңірде немесе тұтастай бір елде максималды әлеуметтік-
экономикалық тиімділік беретін саладағы бизнестің дамуына қолайлы жағдай
жасау қағидасы негізінде қалыптасады. Дамыған шет мемлекеттерде бюджет
қаражаттары есебінен биотехнология, роботехника сияқты ғылымды көп қажет
ететін салаларды, ұлттық шаруашылықтың басым бағыттарын қаржыландыру
саясаты жүзеге асырылады. Экономиканың шағын жәнеорта бизнес тәрізді
саласын қолдау коммерциялық банктердің несиелері, мемлекеттік субсидиялар,
жеке жұмсалымдар арқылы қаржылық көмек көрсету және шағын кәсіпкерлікті
қолдау қоры, қаржы корпорациялары, сақтандыру қорлары, лизинг компаниялары,
бизнес-инкубаторлар, технопарктер, шағын және орта бизнесті дамыту
орталықтары, оқу орталықтары, ақпаратпен қамтамасыз ету орталықтары сияқты
бағыттарды қалыптастырып, жандандыру аясында жүргізіледі.
Нақты өндіріс саласындағы шағын бизнесті белсендірудің тиімді
тұтқаларының бірі ретінде қаржыны қолдану барысында қаржы саясатының
атқаратын ролі айрықша. Қаржы саясаты мемлекеттің қаржы заңнамалары
негізінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалануға байланысты әдістер
мен нысандырдың жиынтығы түрінде сипатталып, қаржы механизмі арқылы іске
асады. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі өзара тығыз байланысты әрі олар
қаржының қоғамдағы ролін анықтайды. Бұл тұстағы қаржы механизмі дегеніміз
қаржыны ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басқарудың әдістері мен нысандарының,
түрлерінің жүйесі. Аталмыш механизм экономиканы басқару жүйесіндегі жалпы
экономикалық механизмнің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржы саясатының негізгі фискалдық саясат болып табылады. Бұл
мемлекеттің халықты жұмыспен қамтамасыз ету, инфляциялық үрдістің алдын
алу, экономиканың тұрақтылығы мен жалпы ұлттық өнімнің өсуін қамтамасыз ету
тәрізді шараларға бағытталған мемлекеттік бюджет, салық салу, мемлекеттік
шығын салаларындағы ұстанған саясаты. Мемлекет фискалдық саясат арқылы
қаржының, ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді; экономика
салаларын қаржыландыра отырып, өндірістік-экономикалық, ғылыми техникалық
әлуетті тиімдң пайдалануға ықпал етеді; жиынтық сұраныс пен ұсынысқа әсер
ете отырып, жалпы экономикалық конъюнктураға қозғаушы болады.
Фискалдық саясаттың бір бөлігі болып табылатын салық саясаты
мемлекеттің салық төңірегінде жүргізетін іс-шараларының жиынтығы болып
табылады. Рыноктық экономика жағдайында салық саясаты мемлекеттік қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету, ұлттық шаруашылықты реттеу барысында
қатынасу, халықтың табыс деңгейіне қатысты теңсіздіктерді шешу, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыру немесе шектеу, қоғам мүддесін
қолдау тәрізді міндеттерді атқарады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге ынтасы иен мүмкіндігі
соғұрлым кемиді. Сондықтан салықтардың нақты өндіріс саласындағы шағын және
орта бизнесті белмендіру барысында тигізетін әсерін естен шығармаған жөн.
АҚШ, Германия, Жапония тәрізді елдердің экономикалық дамуы салық саясатының
құрылымымен және басым бағыттарымен ерекшеленеді. Аталмыш мемлекеттердің
салық жүйесі әлеуметтік-экономикалық дамуды, инвестициялық стратегияны,
кәсіпкерлікті, сыртқы экономикалық қызметті, экономиканың басым бағыттарын
қолдаудағы ерекше құрал болып табылады.
Мемлекет қазынасын толтырудың басты қайнар көздерінің бірі салықтар
салық саясатының негізгі элементі болып табылады. Салықтар ұлттық
шаруашылықты қамтитын әмбебап құрал ретінде тұтастай алғанда экономикаға,
оның ішінде нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнес
субъектілерінің ішкі-сыртқы қызметтеріне әсер етеді.
Шағын бизнестің дамуын ақпараттық қамтамасыз ету мәселесі.
Шағын бизнесті қолдау жөнінде қабылданған Үкімет шараларына қарамастан
шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелер көптеген жылдар
бойы өзгерер емес. Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылы зерртеу нәтижесі
бойынша шағын кәсіпкерліктің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бірінші
мәселе дайын өнімді өткізудің қиындығы болып отыр
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бұл мәселе 2001 жылдың рейтингімен
салыстырғанда төртінші орыннан, бірінші орынға көтерілген. ОҚО өткізу
нарығындағы бұл мәселелердің пайда болуының негізгі себептерін маңыздылығы
бойынша келесідей тәртіппен орналасып отыр:
1. Бәсекелестердің көп болуы – 41,1;
2. Сауда тораптарының жеткіліксіз дамуы – 20,6;
3. Серіктестердің сенімсіздігі – 17,2;
4. Жоғарғы баға – 15,9;
5. Өнім сапасының төмендігі – 5,2.
Оңтүстік Қазақстан облысы үшін дайын өнімді өткізудегі басты мәселе
бәсекелестердің көп болуы деп респонденттердің 41,1 % жауап беріп отыр. Бұл
ішкі нарықтағы бәсекелестіктердің дамуы менарзан импорт тауарларының
көбеюімен байланысты.
Шағын бизнестің дайын өнімді өткізудегі келесі кедергі сатылу
торабтарының кең таралмауы. Жеке сатылу торабын иелену көп жағдайда тиімсіз
болғандықтан бүгінгі таңда көптеген шағын кәсіаорындар шығарған өнімін
көтерме партиямен делдал компаниялар арқылы өткізеді. Кейбір жағдайларда
бұл фирмалар алған товарларының төлемін төлемей жасырынып қалады. Сондықтан
олар өз серіктестерін сот арқылы жауапкершілікке тартуға тырысады. Бұның
тиімділігі аз және кәсіпорын қызметінің жұмысына қосымша мәселелерді
тудырып, кері әсерін тигізеді.
Үшінші мәселе серіктестерге сенімсіздіктің болуы. Кәсіпорындардың 73%
әсіресе ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өнім өндірумен айналысатын
кәсіпорындар өз өнімін соңғы тұтынушыға жеткізуде делдалдардыңқызметіне
сүйенеді. Бұл өнімді өткізуді қамтамасыз ететін нарықтық инфроқұрылымның
дамумен, соңғы тұтынушыға өнімді тікелей беру байланысын орнатудың
күрделілігімен байланысты.
Делдалдардың қызметін пайдалану бүгінгі таңда екі сипатқа ие. Бір
жағынан арнайы делдал фирмалардың қызметінен бас тарту соңғы өнімнің
қымбаттауына, соның салдарынан бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуін
тудырады. Бұл кәсіпкерлік қызмет етіп жатқан нарық сегменті жағдайы туралы
ақпараттың болмауынан шығарған өнімін өз бетінше өткізуде әлеуетті
тұтынушыны іздеумен байланысты кездейсоқ шығындарға тап болады. Бір жағынан
шағын кәсіпорындар делдалдардың қызметін пайдаланбауға тырысады. Бұл
қалыптасқан жағдай шағын кәсіпкерлік секторында шаруашылық қызметін
жүргізуде кері әсерін тигізіп, серіктестік қарым-қатынаста сенімсіздік
тудыруда.
Өнімді өткізуде кездесетін төртінші орында тұрған мәселе өткізу
бағасының жоғарылығы. Өнімді өткізу бағасы оның өзіндік құны мен пайда
деңгейіне байланысты. Өнімнің өзіндік құны шикізат бағасы, құрал-жабдық,
транспорттық шығындар және т.б. сияқты өндіріс факторларына байланысты.
Жүргізілген зерттеулер көрсетіп отырғандай өндірістік шағын
кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құны көп жағдайда жоғары. Бұл жағдай
келесідей бір қатар факторлардың әсерінен туындап отыр:
- салыстырмалы түрде арзан сапалы отандық шикізаттың болмауы;
- өнім бірлігін шығаруда үнемдеуге мүмкіндік беретін алдыңғы
қатарлы технологиялардың болмауы;
- тасымалдау, энергетикалық қызметтердің тарифтерінің жоғары болуы.
Дайын өнімді өткізу мәселелерінің бірі төмен сапу. Бұл мәселе арзан,
сапасыз шикізат мен тоз, сапасыз шикізат мен тозған құрал-жабдықтарды
қолданудың себебінен туындап отыр. Қандай да бір мекеменің өндірістік-
коммерциялық қызметінің қарқынды дамуы мекемеге әкелінетін шикізатқа,
материалдар мен жартылай фабрикаттарға байланысты. Шикізатты сатып алар
кезде мекеменің ең негізгі қиналатын жағдайлары келесідей.
- Бағасының көтеріңкі болуы;
- Нарық жағдайы туралы ақпараттың жоқ болуы;
- Материалдар мен шикізаттардың тапшылығы.
2011 жылғы мониторингтік зерттеуден тасымалдау тарифтерінің көтеріңкі
жағдайлары атап көрсетілген. Кәсіпкерлердің ойлары бойынша, шығарған
өнімнің қымбат болу себебі оның тасымалдауында, дайын өнімнің өзіндік
құнында тасымалдау шығындарының үлесі жоғары болса, шығарылған тауар соған
сәйкес қымбат болатынын атап көрсетіп отыр.
Кәсіпкерлік қызметіндегі келесі қиындық толық және дұрыс ақпараттың
жоқ болуы, бұл мәселе кәсіпкерлерге шикізатты жоғарғы бағамен алып, шикізат
сапасының төмен болуына мәжбүр етеді. Шикізаттың тапшы болуы, өңдеушіге
алып келетін ұйымдардың арасында бәсекелестік туғызады, осының салдарынан
өнімнің сапасы түсіп, бағасы көтеріледі.
Жүргізілген зерттеулер, өндірілген өнімді өткізудің, нарықтағы
шикізаттың, осы шикізатпен өндірілген өнімді шығарудағы қиыншылықтардың
барлығы дерлік бір екенін көрсетіп отыр. Отандық шикізаттың бар болған
жағдайында соңғы тұтынушыға жетпей қалуы, осының салдарынан алып келушілер
туралы ақпараттың жоқ болуы біріңғай ақпараттық жүйенің дамуынан туындап
отыр. Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау
мәселесі маңызды болып отыр. Шағын бизнестің ақпаратпен қамтамасыз ету
жүйесін құру ақпаратты таратудың барлық тәсілдерін пайдалану арқылы жүзеге
асады. Кітапхана қызметі, анықтамалық қызметінің, әсіресе кәсіпорынның,
мемлекеттік органдардың ақпараттарын, шетелдік және халықаралық
компаниялар, отандық кәсіпкерлердің коммерциялық мәліметтерінің интернетке
қосылуы маңызды роль атқарады. Нарықтар, тұтынушылық талғам туралы,
технологиялық ноу-хау және т.б. туралы ақпараттарды оперативті пайдалану,
нарық саңылаулары мен өнімді немесе өндірісті, бизнесті ұйымдастырудың жаңа
ыңғайлары мен ортасын жетілдіру, жабдықтаушылар мен тұтынушыларға өнім
туралы мәлімет беру мәселелерін шешудің бірден бір жолы электронды бизнес
жүйелерін дамыту болып табылады.
Адамзат өзінің даму барысында ақпараттық технологияларды қолданумен
бірге экономикалық ақпараттық технологияларды кәсіпкерлік қызметті
жүргізуде пайдалануды жүзеге асыруда. Бизнес аумағында ақпараттық
технологияларды белсенді қолдану тұтынкшылармен әрекеттесудің жаңа формасы
– интернет-бизнестің пайда болуына септігін тигізді. Әдетте, интернет-
бизнес терминінің астарында субъектілердің арасында электронды
ақпараттехнологияларын қолдану арқылыэлектронды үлгімен әрекеттестік
орнайтын бизнестіңкез-келген формасы деген мағына жатыр. Электронды-бизнес
жүйелері В2В (business to business), В2С (business to customer) және В2G
(business to government) принциптері бойынша құрылады.
Енді, электронды бизнес шағын кәсіпкерлік нысандарына қандай
мүмкіншіліктер беретіндігін қарастырайық. Біріншіден, түрлі өнімдерді
өндірушілер мен тұтынушыларды іздеу, оларға талдау жүргізу, жабдықтаушылар
мен тұтынушылар арасында хат алмасу, типтік шаблонды-келісім шарттар және
басқа да құжаттарды негіге ала отырып, контракт жасауға дейінгі және
конракт жасау кезінде дайындықтар өткізу, жабдықтаушыны немесе сатушыны
таңдаудың динамикалық процедурасын: тендерлер конкурстар, аукциондар және
т.б. с.с. келісімдерді іске асыру үшін қажет шарттарды ұйымдастыру.
Екіншіден, тікелей әрекеттестік арқылы жүзеге асырылатын келісімдер бойынша
мүмкіншіліктер: тарату, келісу және тапсырыстарды жеткізу, төлемдерді
жүргізу және басқа да банктік құралдарды пайдалану, транспорттық,
сақтандыру және басқа да компаниялардың қосымша қызметтерін қолдану т.б.
Электронды алаңға сатып алушылар көзқарасымен қарайтын болсақ,
интернет-бизнестің дамуына қайшы келетін бірнеше факторларды байқауға
болады:
1. Жеткізіп берілген өнім сапасының тұтынушы талғамына сай болмау
тәуекелділігі;
2. Электронды төлемді қолдану барысында құпия ақпараттардың жойылу қаупі.
Құпиялылық проблемасына ААҚ КазКоммерцБанк өз тарапынан қызығушылық
білдіріп, келесі шешімді ұсынды. Тұтынушы қарапайым карточкалық
счеттан басқа, тек интернет-төлемін жүргізу үшін арналған виртуальды
счет ашады. Берілген виртуальды карточкаға интернет-сауданы жүзеге
асыру үшін қажет белгілі бір суммааударылады. Сонымен қатар өз
ақшаңыздың түгелдігіне күмәнді болсаңыз сіз өзіңіздің карточкаңызды
жауып тастауыңызға болады.
3. Тұрғындардың сатып алу қабілеттілігінің төмендігі;
4. Интеграция және желіні пайдалану деңгейінің төмендігі,
5. Заңнамалық базаның жоқтығы сияқты мәселелерге тап боламыз.
Қазақстандағы заңнамалық базаның даму перспективасына тоқталатын
болсақ, онда интернет-бизнесті құру саясаты 1995 жылдан басталғанын
көруімізге болады. 1995 жылдың 26 мамырында Минск қаласында ТМД елдері
бойынша біріңғай ақпараттық кеңістік құру туралы келісілген саясат
жүргізуге шешім қабылданды. 1997 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Президентінің № 3787 Қазақстан Республикасында біріңғай
ақпараттық кеңістік құру туралы заңнамасы басып шығарылды. Осы заңнамаға
және 2030 даму Стратегиясына сәйкес біріңғай ақпараттық кеңістік
концепциясы өңделді. Бірақ, Қазақстан Республикасында электронды бизнесті
дамытуға тікелей байланысты сұрақ әлі де ашық күйінде қалуда.
Соған қарамастан, интернет – магазин және электронды – коммерция
түсініктері біздің түйсігімізде қалыптасып, түсініспеушіліктер азайды.
Соңғы уақыттарда осы мәселелер бойынша қайта жандану байқалуда. Интернет –
магазиндер интернетте бизнесті дамытудың айқын көрсеткішіне айналуда.
Олардың іс-әрекет ету принциптері қарапайым: Кәсіпкер сайтқа кіріп, өнімді
қарап, одан кейін оны сатыпалады және сатып алған өнімнің жеткізілуін
күтеді. Электронды коммерция өзінің барлық келесідей артықшылықтарына:
ақшаны үнемдеу, уақыт үнемдеу және қалаған жерге кез-келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Ұсақ бизнесті ұйымдастыру жолдары
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын бизнесті қалыптастыру
Жалпы кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Пәндер