Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І бөлім. Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері . . . 6
1. 1. Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері . . . 6
1. 2. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті нығайту мен дамыту мәселелері . . . 10
ІІ бөлім. Шағын бизнесті нарықтық экономика жағдайында қызмет ету ерекшеліктері . . . 31
2. 1. Шағын бизнес - ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарттары . . . 31
2. 2 . Шағын бизнестің ұйымдық-құқықтық базасы . . . 33
2. 3. Нарық жағдайында шағын бизнесті дамыту тиімділігі . . . 35
Қорытынды . . . 37 Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Өзектілігі: Нарықтық қатынастарға көшу барысында Қазақстан Республикасында жүргізілген экономикалық реформа, біздің елімізде барлық аймақтарда және экономиканың барлық салаларында еркін бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын ашты.
Әсіресе бизнестің шағын түрі өзінің ықшамдылығымен қоса қолайлылығымен ерекшеленеді. Ішкі және сыртқы нарықтық конъюнктураның жылдам өзгеруіне дер кезінде бейімделе біліу де ұсақ бизнестің өміршеңдігін айқындайды. Сондай-ақ, белгілі бір өнім түрін өндіруге мейлінше тез бейімделіуі және жаңа технологияларды ендіруге жылдам ықшамдала білуінің қасиеттері шағын бизнестің бұл түрінің экономикалық табыстардың ең шешуші кепілі бола алатындығын дәлелдеді.
Осы орайда бүгінгі күнге дейін шағын бизнесті басқару мәселесінде кездесетін қателіктер болуы оны басқаруға орасан күш-жігермен қатар, білім мен білік, өмірлік тәжірибе қажет екендігін көрсетеді. Сонымен, шағын бизнестің жеткілікті дәрежеде дамымай жатқандығының басты себептерінің бірі ретінде жекелеген кәсіпкердің өз кәсіп орнын басқарудағы ұйымдастыру тәжірибесінің тапшылығын атап өтуге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - шағын бизнесті басқару тұжырымдамасын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең зерттеу, және де шетелдік тәжірибесін Қазақстан тәжірибесіне енгізудің оңтайлы жақтарын қарастыру.
Бұл мақсатқа сай келесі міндеттірді атқару керек:
- шағын бизнестің даму деңгейіне байланысты нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну;
- айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру;
- аз ғана алғашқы капиталды пайдалану;
- бәсекелестік ортаны құру;
- тұтынушыларға жақын орналасу;
- инновациялардың көбін ұсақ бизнес арқылы өндіру;
- жұмыспен қамту мәселелерін шешу;
- әлеуметтік шиеленісуді жою;
- ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал ету.
Сонымен қоса, шағын бизнес -қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.
Қазіргі кезде ұсақ бизнеспен қол жеткізген нәтижелер бойынша республика дамыған және дамушы мемелекеттермен қатар, тәуелсіз мемелекеттер достығының (ТМД) жеке елдерінен артта қалды. 2003 жылдың басында Қазақстанда 449, 9 мың ұсақ бизнестің субъектілері үшін (ЖІӨ) жұмыс істеді. Олармен ЖІӨ-нің 20, 4 пайызы ғана өндірілді, ал ел бюджетіне млрд. тг, аударылды, халықтың 21, 0% жұмыспен қамтылды, бұл экономикасы дамыған елдер нәтижелерінен 2-4 есе төмен. Сонымен қатар, экономиканың осы секторына экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан деңгейден, бәсекелестік қабілеттілігінің арытта қалу факторының үдейе түсуіне тән. Осыған байланысты сыртқа шығарылатын инновациялық жеке зерттеулер мен өнімдердің өндірісі жоқ деуге болады.
Жоғарыда айтылған шағын бизнестің артықшылықтары және ең бастысы республикада оның дамыуының қанағатсыз болуы алынған тақырыптың өзектілігіне шарт болды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік процесті қалыптастыратын факторлар мен жағдайларға, олар атқаратын функтцияларға, ШКС-нің қызметіне қоршаған ортаның әсеріне, әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларға және т. б. қатысты басылымдардың көп болуына қарамастан, зерттелетін проблемалар шеңбері азаймай керісінше, ұлғая түсуде. Қазіргі таңда шағын бизнестің өткен жолы өте қысқа және қайтадан пайда болған проблемаларды шеше алмайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің болашағы бар ма, ел экономикасында маңызды рөлді атқара ма, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыра ала ма, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі факторлар қалыптастырады және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның динамикалық қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр, мұның бәрі зерттеу объектісі. Ал шағын бизнес аймағында орындалған зерттеулер іс жүзінде ШКС арасында зерттеудің, таратудың және енгізудің тек алғашқы кезеңінде тұр.
І Бөлім. Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері.
1. 1. Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері
Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау бизнестің тектік түсінігінің мәнін, сонымен қатар бизнес пен бизнестік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп, бизнесті былайша түсіну қажет: «Бизнес бұл - табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал бизнесмен -бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».
Көріп отырғандай, бизнестің тектілік түсінігінде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, бизнестік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты-кәсіпкерлік табысты алу.
Нарықтың әр түрлі сфераларын жеңіп алу және әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерінде ұсақ бизнестің өркендеуі, кәсіпкерліктің осы формасының ТМД республикаларында, соның ішінде Қазақстанда кең таралуын анықтады. Шағын бизнестің өзіне тән ерекше белгілері мен артықшылықтарын зерттеп, біз шағын бизнестің келесі түсінігін ұсындық: Шағын бизнес - шағын кәсіпкерлікпен қарайлас нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын ЖҰӨ-нің құрылымы мен сапасын анықтайды. Бұл сектор өзінің мәні бойынша нарықтық инфрақұрылымның шешуші элементі болып табылады. "Бизнес" сөзі ағылшынның "businessy" деген сөзінен шыққан. Ағылшын тілінен аударғанда коммерциялық қызмет, іс, шаруа, сондай-ақ тиісінше "бизнесмен" ("businessmen") сөзі іскер адам, табыскер деген ұғымдарды білдіреді.
Бизнес - біржақты анықтауға келмейтін, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Ол істі жүргізу, қажетті және адамдар арасында сұранысқа ие өнім жасау, іс, жұмыс, нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажетілігін қанағаттандыру көзі және сонымен бірге өмір салт жүйесі ретінде қарастырылады.
Ең алдымен бизнесті табыс табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтама береді.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып. Қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады.
Шағын бизнес кәсіпорындары деп - бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялык, шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлык стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару - нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын кәсіпорындар азаматтар, жанүя мүшелері және сауда шаруашылығын біріккен түрде жүргізетін мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар әртүрлі занды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін. Шағын және орта кәсіпкерлік, қазіргі кезеңде жұыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987ж. АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды.
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын кәсіпкерлік барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жүмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы, жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50-ші жыддардан бері, келісім-шарттар негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындасында) 53, 5-тен 65, 5%-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес 1981ж 85, 7%-ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі Қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес салмағы 90 -шы жылдардың басында 80% - ке жетті.
Сондай-ақ құрылыста ұсақ және ірі фирмалардың әртүрлі Қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жүмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, кұрылыстық - монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда.
Сондықтан, ұсақ және ірі құрылыстық кәсіпорындар арасында тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз. Ұсақ және ірі бизнесті быайша саыстыруға болады (Қосымша. 1 кесте) . Ұсақ бизнес ірі бизнеске қарағанда анағүрылым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы орынын сәтті иеленеді.
Нарқтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерін меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мұнадай екі жағдайға. Біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми - техникалық прогресске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкерлік қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да бомасын түрімен айналуса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда - көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілген консультациялық қызметтер және тағы да басқа коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
- Қазақстанның азаматтары;
- Шетел мемлекетінің азаматтары;
- адамдардың бірігуі (кәсіпкерлік ұжымы)
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндетті, жауапкершілігі және кәсіпкердің кепілдігі ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:
- кәсіпкерлік қызметпен айналасу құқығы, сауда кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру - құқықтық формасына қарамастан сауда кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
- нарықтың монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
1. 2. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті нығайту мен дамыту мәселелері.
Статистикалық ақпаратты талдау 1997-2001 жылдар аралығында ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті колдау жөніндегі Агенттігінің мәліметтерін пайдалану кажеттілін көрсетті. Бұл ақпарат барлык шаруашылық жүргізуші ШКС, соның ішінде заңды және жеке тұлғалары қызметінің нәтижелерін қамтыды. Берілген Агенттіктің ақпараты, елдегі облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері беретін, есептілік мәліметтеріне негізделеді.
Берілген Агенттіктің ақпараты Республикадағы шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың 1999-2000, 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын дайьндауда, 2000 жылы кәсіпкерлер форумындағы ел басы баяндамасында пайдаланылды. 2002 жылдан бастап, ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтерін пайдалану ұсынылады екінші жағынан статистикалық ақпараттың күмәнділігі ШКС-ң нақты жіктемесінің болмауына негізделген. Бүінгі күндегі кәсіпкерліктегі сатып алу біздің экономикамызда әлі аз танымалы құбылыс, бұл негізінен біздің кәсіпорындарымыздың тәжірибелерінің аздығымен түсіндіріледі. Дегенмен, бұл шетелде бизнес салаға кірудің айтарлықтай тараған формасы ретінде мынадай бір қатар артықшылықтарға ие:
- Тәуекел мен тұрлаусыздық фаткорлары сынға жиі ұшырайтын жаңа кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың деңгейін төмендетуі.
- Бизнестің жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі бизнес ілгеріден-ақ құрылу. сатысынан өткен, жұмыс істеуде. Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар бар: жаңа кәсіпорын бастау; бүгінгі күндегі бизнесті сатып алу; франчайзинг және жанұялық бизнес, орналастырулар. Біздің республикамыз үшін шағын бизнестің негізін калау формаларының ішінде, жаңа кәсіпорын құрудан басқа франчайзинг пен жанұялык бизнес формалары ең өзекті деуге болады.
Франчайзингтің негізгі артықшылықтарының бірі бұл франчайзерден оқып үйрену мен дайындалу мүмкіндігіне ие бола алатындығы. Сондай-ақ франчайзер тек өндіріс мәселелерін оқытып үйретуді ғана үйымдастырып қоя салмай, сондай-ақ бухгалтерлік есеп, тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау, еңбек ресурстарын басқару, сақтандыру мәселелерін және т. б. да оқытып үйретеді. Оқытып үйрету бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады.
Тағы бір маңызды артықшылық - бұл франчайзер тарапынан жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түріндегі қаржылық қолдау. Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін ұзарта алады, сөйтеп франчайзидің айналым капиталының көлемінің көбеюіне әкеледі немесе франчайзи банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады.
Соңында, егер тәуелсіз бизнесті бастау айтарлықтай бастапқы салым қажет етсе, франчайзингтік фирма құрған кезде бұл шығындар анағұрлым аз болуы себепті қаржылық артықшылыққа ие.
Шағын бизнестің негізін қалаудың тағы бір бағыты отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Бұл кәсіпкерліктің бір ерекшелігі отбасы мүшелері қаласа толық, қаламаса жарты күн жұмыс істей алады. Отбасылық бизнес бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп отырады.
Отбасылық бизнестің басты артықшылығы - кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен дивидендтерін жиі құрбан етеді. Отбасылық бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорациялармен салыстырғанда жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарлылығы жатады. Корпорациялардың менеджерлері тек жақын бір екі жылғы нәтижелер туралы ойланады, ал отбасылық бизнес оларға қарағанда көбінесе ұзақ мерзімді бағытты ұстанады.
Сондықтан АҚШ- та кәсіпорындардың 80-90% отбасылық бизнес саласына жатуы және экономиканың әртүлрі секторларында жұмыспен қамтылғандардың 50% отбасылық бизнес жұмысшыларынан тұратындығы кездейсоқтық емес. Отбасылық бизнес менеджерлері отбасылық бизнеске қатысы жоқ бизнес менеджерлеріне ұқсамайды. Жай кәсіпорындардығы маман менеджерлер анағұрлым қасқа уақыт кезеңіне жоспар құрады, бизнестің зияндары мен сәтсіздіктерін аз дәрежеде сезінеді, фирмаға танытатын адалдықтары мүмкіндігінше аз және өз мансаптарын алға жылжытуда үлкен икемділікке ие, ереже бойынша оларға еңбек ақыларын көтеру және алға жылжыту сияқты анағұрлым дәстүрлі жағдайлар жасалған.
Шағын және орташа бизнесті дамытудағы қаржы-несиелік мәселелері.
Мемлекет шруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне қаржылық-несиелік құралдарды қолдана отырып жанама түрде араласады әрі мынадай мақсаттарды басшылыққа ала отырып, рынокты үйлесімді пайдалану жолын іздестіреді:
- Еңбекке жарамды халықты жұмысқа толық қамту;
- Азаматтарды, оның ішінде зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау жүйесін құру;
- Негізгі тауарлар мен қызмет бағасының тұрақтылығын қадағалау;
- Тұрақты қалыпты экономикалық өсуге қол жеткізу;
- Халықты нақты ең төменгі табыс деңгейімен қамтамасыз ету;
- Сыртқы экономикалық қызметтегі тепе-теңдікке ие болу.
Нобель сыйлығының лауреаты Д. Леонтьев ұлттық экономиканы теңіздегі кеме, мемлекеттің оған араласуын оның рөлі ретінде қарастырса, шведтік экономика үлгісінің негізін қалаушы К. Эклундтық пікірінше, таза реттелмейтін рынок ешбір елде жоқ әрі болған да емес, сондықтан ұжымдық игіліктің тиімді өндірісін қамтамасыз ету үшін оған мемлекеттің араласуының объективтік қажеттілігі туындайды. Рыноктың қатынастардың еркіндігін жақтаушы көрнекті экономист Л. Эрхардтың тұжырымдауынша, мемлекеттегі кәсіпкер де, жұмысшы да кез келген азамат сияқты өз саласында еркін іс-әрекет жасауы тиіс. Бірақ мемлекет өз қолындағы құралдар арқылы олардың шаруашылық қызметіне жанама түрде араласуы шарт.
Мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі туралы мәселенің теориялық негізін көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс 1936 жылы жарық көрген «Общая теория занятости, процента и денег» еңбегінде қарастырды. Кейінірек жарық көрген А. Лаффердің бюджеттік тұжырымдамасы да мемлекеттің кәсіпкерлер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жанама түрде араласуын қолдайды.
Рыноктың экономиканың ұтымды қызмет етуі үшін мемлекеттік және рыноктық механизмдер өзара тығыз байланыста болуы шарт. Шведтік тәжірибе дәлелдегендей, аралас экономикада мемлекеттік және рыноктық механизмдердің үйлесімді қолданылуы қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпалетеді. Автор мемлекет экономикаға рыноктық механизм кері әсер берген кезде міндетті түрде араласады. Яғни мемлекеттің экономикаға араласуы кез келген қоғамды басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады деп тұжырымдайды.
Қазіргі кезде экономикаға ықпал етудің анық жолы жоқ десек, те, көптеген дамыған елдер екі негізгі тұжырымдаманың өзара қосындысы негізіндегі реттеу әдісін қолданады: әр түрлі нұсқадағы кейнсиандық теория және неоклассикалық теория.
Кейнсиандық теория макроэкономикалық бағыттарға негізделеді. Кейнсиандық бағыт экономикаға араласудың негізгі факторы ретінде тауарлар мен қызметтерге деген ұсынысты қарастырды. Мемлекет жиынтық сұранысты ынталандыруға ықпал етеді, мемлекеттік сатып алу, несие жұмыспен қамту деңгейлерін реттейді. Ақша-несие саясатына қарағанда, мемлекеттік бюджет пен қаржы саясатына көңіл бөледі.
Мемлекеттік қаржы теориясын табыстар мен жұмыспен қамту теориясының, қаржы саясатын экономикалық саясаттың құрамдас бөліктері ретінде қарастырды. Аталмыш теория бойынша, мемлекеттің басты міндеті жиынтық сұранысқа әсер ету арқылы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу болып табылады. Инфляция белең алған тұста, жиынтық сұранысты қысқартып, салық режимін қатаңдату арқылы инфляцияны тежейді. Жұмыссыздық белең алған тұста, салық режимін жеңілдетіп, кәсіпкерлердің несие алуына жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде жиынтық сұраныстың өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, жұмыссыздар санының қысқаруына түрткі болады. Прогрессивтік салық салудың жақтаушысы Дж. М. Кейнстің пікірінше, прогрессивтік салық салу өндірушінің күрделі қаржы салымына қатысты тәуекелге бел бууын ынталандырады. Осы теорияға сәйкем, салықтар экономикалық экономикалық жүйеде «икемді механизм» ретінде жұмыс жасайды. Үдемелі салықтар экономиканың теңдестірілуіне ықпал жасаса, салық түсімдерінің төмендеуі бюджет кірісін кемітіп, экономиканың тұрақсыздығына себепші болады. Мұндай жағдайда салықтар «қалыптасқан реттеуші» ретінде әрекет етеді. Экономикалық өрлеу кезінде салықтық түсімдерге қарағанда салық салынатын табыс баяу өссе, экономикалық дағдарыс кезінде табысқа қарағанда салықтар тез азаяды. Нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтылығы сақталады. Аталмыш теорияны ағылшын Үкіметі бірінші дүниежүзілік соғыс алдында, яғни мемлекеттің барлық күші әскери өнеркәсіп өндірісіне бағытталған тұста тиімді қолдана білді. Ғылыми-техникалық өрлеу кезінде экономикаға араласудың кенсйандық жүйесі экономикалық даму талабына сай болмағандықтан әрі мына төмендегі себептерге байланысты тоқтатылды: біріншіден, өндіріс үрдісіне инфляция тұрақты сипатқа ие болды, нәтижесінде ресурстарға деген ұсынысты жандандыратын қозғаушы күш қажет болды; екіншіден экономикалық ынтымақтастықтың дамуына байланысты әрбір мемлекеттің сыртқы рыноктан тәуелділігі артып, мемлекеттің сұранысты ынталандыруды шетелдік инвестиция оң әсер етті. Сондықтан кейнсиандық тұжырымдаманы неоклассикалық теория алмастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz