Оқушыларға жаңа материалдарды оқыту арқылы оқу белсенділіктерін дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Көкше Академиясы

Қорғауға жіберілді

________кафедра меңгерушісі
(қолы )
т.ғ.д.
_____ __ 20 ____ ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы:
Тарихты оқытуда жаңа материалды оқып меңгеру
Тарих-050114 мамандығы бойынша

Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша
(пәннің атауы)

Орындаған:

Ғылыми жетекші:
аға оқыт тарих магистрі

Көкшетау 2012 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАҢА МАТЕРИАЛДАРДЫ ОҚЫП МЕҢГЕРУІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ОҚУ
ПРОЦЕСІ 5
1.1 Жаңа материалдарды оқып меңгерудегі , бақылау және бағалаудың жаңа
технологияларын қолдану
5
1.2 Мектептегі оқушылардың жаңа материалдарды оқудағы білім сапасы және оқу
процесінің нәтижелерін бағалау
10

2. МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДАҒЫ ТАРИХИ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚҰРЛЫМЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫСЫ 13
2.1 Тарихи материалдың құрылымы және оны оқып үйренудің тәсілдері
13
2.2 Мектепте жаңа материалдарды оқып меңгерудегі, теориялық оқу
материалдарын оқып – үйрену
15
2.3 Жаңа материалдарды меңгерудегі оқушылардың білім сапасын зерттеу 19

ҚОРЫТЫНДЫ
28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
30

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда білім берудің өзекті де,
өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, бағдарлама
бойынша жаңа материалдарды оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған
байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы
құжат Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі
бағытарында бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген:
Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол
берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет. Бұл талаптардың жүзеге асыуы
осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып,
жаңа материалдарды толығырақ оқыту ,жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді.

Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді
игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы
мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да
септігін тигізіп отыр.
Жаңа материалдарды оқытудағы бағалаудың бірнеше түрлері болады.
Оларды пәндік және арнайы, материалдық және моральдық, нәтижелі және
процестік, сандық және сапалық топтарға бөлуге болады.
Сонымен бірге оқу процесін бағалау түрлерімен қоса балалардың оқу және
тәрбие жетістіктеріне орай ынталандырудың әдіс-тәсілдері бөлініп
ерекшеленеді. Жаңа материалдарды оқытудағы бағалаудың оқу процесінде
орындайтын үш қызметі талданады, оның негізгісі – дамытушылық қызметі,
функциясы.
Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті жағдайдың бірі болып табылады.
Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері қарастырылады.
Білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде оның формасы, түрі ажыратылады.
Бақылаудың педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету,
олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу
тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.
Оқушыларды оқытудағы білімде, іскерлікті, дағдыны тексеру және бағалау
танымдық іс-әрекет көздерінің бірі.
Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесі, оқушылардың жаңа материалды
меңгеруінің дәрежесі.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамның оқыту және тәрбиелеу
үрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай
теріс құбылыстарына алып барады.
Жалпы алғанда бағалауды тек балдық жүйеде ғана емес. Мадақтау сөздерін
пайдаланғанда оқушылардың оқу белсенділіктері артады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
• Оқушыларға жаңа материалдарды оқыту арқылы оқу белсенділіктерін
дамыту.
• Жаңа материалдарды оқытудағы бақылау және бағалау әдістерін қолдану.
• Жиналған материалдарды сұрыптау, сараптау, тақырыпқа бөлу;
• Ғалымдардар еңбектеріндегі пікірін, көзқарастарын таныту;
• Оқыту жұмысы барысында материалдың өзектілігіне тоқталу
• Жаңалығына мән беру;
• Сабақ ұйымдастыру жолдарын таныстыру.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Зерттеудің әдіснамалық негіздері
әдістеме ғылымының әдіснамалық зерттеу әдістеріне сүйенілді. Атап айтқанда,
материалды талдау, саралау, өзіндік ой-пікір түйіндеу, жасау сияқты
жұмыстар жүргізілді.
Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді
жинақтау, қорыту, сараптау т.б. зерттеу әдістері тиісінше қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың жаңалығы мынада: жаңа
материалдарды оқып меңгерудегі оқушылардың оқу белсенділігін арттыруы және
оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңа технологияларын қолдануы . Оқытудағы
білім сапасы және оқу процесінің нәтижелерін бағалау.

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАҢА МАТЕРИАЛДАРДЫ ОҚЫП МЕҢГЕРУІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН
ОҚУ ПРОЦЕСІ

1. Жаңа материалдарды оқып меңгерудегі, бақылау және бағалаудың жаңа
технологияларын қолдану

Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке
алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда
қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай
жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Тест – ағылшын сөзі аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген сөз.
Алдын ала тексерудің мақсаты – жаңа материалды игеруге қажетті білім,
білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім
оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша
сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар
мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде
соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында
тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес
болып есептеледі.
Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді
тексеру мен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында тестік жүйені
қолдану –ұстаз еңбегінің біршама жеңілденіп, уақытты ұтымды пайдалануына
ыңғайлы.
Сол сияқты тест қазіргі заман талабына сай оқушы білімін бағалауда
оқышының психо-педагогикалық және жас ерекшеліктерімен санаса отырып,
әсіресе, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың
бірден-бір тиімді әдісі болып отыр.
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша
алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының
сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған
теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне
көп байланысты [1].
Мұғалімдердің оқушы білімін бағалауда қазіргі уақытқа дейін қолданып
жүрген бес балдық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл
аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі
айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп – мұғалім бағалауындағы
субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары
сынып оқушылары қазіргі қолданып жүрген бағалау жүйесіне қанағаттанбайды,
себебі қазіргі жүйемен нақты білім деңгейін анықтау мүмкіндігі төмен,
бағалау нәтижесі объективті емес.Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі
сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін
бағалаудың жаңа шкаласын еңгізу қажеттігі – бүгінгі көкейкесті мәселелердің
бірі.Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы
бағалап отыру көзделеді.
Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейі мен бейім
қабілетін ертерек байқауға мүмкіндік жасалады. Оқытудың мазмұны мұндағы
оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен
техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің
іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі-оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын
және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін
өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін
арттыру; танымдық ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті
ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру;
ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып
көрсету; оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім
алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді
қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану
арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Жаңа материалдарды оқыту процесінде - білімді, біліктілік пен дағдыны
меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп
дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі,
адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері
қалыптасып дамиды. Оқытудың басты мақсаты, әдіс-тәсілдері, мазмұны, мен
міндеттері қоғам талабынан туындап, үдайы өсіп, жаңарады.
Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы үдайы өсіп арта
түседі.Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) жэне адам
дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бүрын
ғылмда белгілі болған, зерттеліп дэлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен
түжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Баланың өзіндік дамуына эсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара
қарым-қатынас жасау іс-эрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мүғалімнің баламен
үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.
Оқыту процесінде бала тек мүғалімнің эсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу
іс-қимылы мен өзінің психикалык процестерін басқару, үйымдастыра білуі (іс-
эрекетін білуі, бағалауы. өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін
айқындайды. Окыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы
тәсілдерін қолдануға жэне дербес шығармашылық эрекет жасауға дағдыланады.
Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз
етеді; оқыту - бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында
тығыз байланыс туындап отырады. Л.С. Выготскийдің баланың дамуынан ілгері
жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегі күнгі дамуына
емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала
дамуының екі зонасы болатынын айтады. Бірінші зона - бала дамуының
қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мүғалімнің
оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (екінші зонаға)
жеткізуге міндетті екендігін айтады [2].
Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен
оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде
қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Оқыту
оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі
процесс. Өйткені, оқыту - мүғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті
болса, оқу -баланың өзінің танымдық, практикалқ әрекеті. Сөйтіп, оқушының
таным әрекеті мүғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін
жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді
қысқартылған, педагогикалық түрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және
арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.Сөйтіп,
оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып,
оқу қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.
Білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек
біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі,
жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде.
Оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға жаңа материалдарды қолдану
арқылы білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты
фактілермен, қағида жэне түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды
қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі
құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Білім берудегі жаңа технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
өзара ортақ тұжырымдамамен байланыскан міндеттерінің, мазмұнының, формалары
мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына
әсер етіп, ақыр-аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығым
құрайды [3].
Білім беру саласының барлық, жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-
қатынас, яғни білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу.
Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, жаңаша ойлау
қалыптасуда. Сондықтан да мұның барлығында шешуші орынды мұғалім қызметі
алатындықтан, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне байланысты.
Инновациялық іс-әрекет дегеніміз, мұғалімнің жаңашыл идеяларды,
жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үрдісінде өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп
жағдайына, балалардың білім дәрежесіне байланысты енгізуін айтамыз.
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешуге дайын
болу қасиетімен де тығыз байланысты. .
Мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет,
моральдық қасиеттер, дидактикалық всдсиетіер, ерік қасиеттері, сөйлеу
қабілеттері, ұйымдастыруцшлык,, коммуникативтік, педагогикалық елестету.
-жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола
отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
-жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз
тәжірибеге енгізумен;
-педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсіддерін өз бетінше
жасаумен;
-кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес
жүргізумен.
Айтылғандарды есепке алғанда, өнімді инновациялық іс-әрекетінің
көрсеткіштері мыналар: педагогикалық еңбектің тиімділігі;
-оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың талаптары мен бағыттарының
бірлігі;
-жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы;
-мұғалім беделінің өсуі;
-оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойларға үйренуі;
-оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу. тәсілінің педагогикалық қызмет
үлгісіндегі ашылулары.
Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен
сипатталады:
-оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге
даярлығының болуы;
-енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже
әкелетініне сенімді болуы;
-белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын иннновациялық іс-әрекетті
толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі.
Негізгі міндеттері:
-жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
-жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру
кезінде жолықтыру мақсатын көздеу;
-жаңалықтарды басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін тандап
алу, мәні мен зерттелуін анықтау;
-жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Бұл міндетті шешу үшін мынадай қосымша міндеттер шешілуі кажет:
-арнайы әдістемелік әдебиеттерден, қосымша газет-журнал
материалдарынан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет
түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;
-өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік таддау жасап отыру. Болашақ
маманнның кәсіби-педагогикалық функциялары: конструктивтік,
ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.
Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс-әрекетінің түрлері бөлініп
көрсетілген:
-өзінің және оқушының іс-әрекетін жоспарлауда оны дамыту мен
қалыптастыру үрдісінде құрылымдық тұрғыда іске асыру іс-әрекетінің
міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқу-тәрбие жұмысы әдістемесінің бірлігін
сақтау;
-оқушы іс-әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық
жетекшілік жасау;
-ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды
ұйымдастыруы қажет[4].
Бұл құрылымдық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің
соңғы жаңалықтарын, инновациялық іс-әрекетті пайдаланып, құрылған сабақтар
жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-
әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс-әрекетті тиімді қолдану жоспарын
жасайды.
Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін:
-оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;
-оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын
ұйымдастыруға жағдай жасау;
-оқушыларды өр түрлі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;
-шығармашылықтарын дамытуға бағьпталған жұмыстарды ұйымдастыру;
-сабақты тындауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білу.
Қарым-қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:
-оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;
-оқу үрдісіндегі, ұжымдағы оқушылар қарым-қатынасын жақсарту.
Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:
-инновациялық іс-ерекетті оқушының жасөспірім физиологиясына,
ерекшелігіне сәйкес қолдану;
-оқу үрдісінде оқушының ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру;
-оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушының өздігінен
ойлауымен оқылатын пән мен шындық болмыс арасындағы байланысты білу;
-оқушының білімге қызығушылығын арттыру;
-алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс-
тәсілдерін қолдану.
Акпараттық функцияны іске асыру қызметі:
-оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен
тәсілдерін қолдана білу:
-пән мазмұнына ғылыми-дидактикалық талдау енгізу.
-оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану.
Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:
-проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу
-педагогикалық қызмет түрлерін кайта құру мен бағалау
-инновациялық іс-әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену.
Жаңа білім беру бағдарламаларымен, әдіс-тәсілдерімен танысып талдау,
оларды өз жұмысында қолдану туралы шешім қабылдау, жаңашыл әдіс-тәсілдерді
өз еңбегінде қолдану мақсаттарын белгілеу, эксперименталді жұмыстың
кезендерін жоспарлау, болашақ қиындықтарды болжау, жаңашыл әдіс-тәсілдерді,
идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу, инновациялық іс-ерекеттің нәтижесін
қорытындылап бағалау, талдау.
Сонымен, инновациялық іс-әрскет жаңашылдықты іздеп, шешуге дайын болу,
сонымен қатар, оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдау, жаңашыл әдіс-
тәсілдерді қолдану деп жатырмыз. Ендеше, сол жаңа технологиялардың
артықшылығы неде? Мәселен, модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі —
оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық
процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау
қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға,
сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-езі өзектендіру, өзін-өзі бекіту,
қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы [5].

1.2 Мектептегі оқушылардың жаңа материалдарды оқудағы білім сапасы және оқу
процесінің нәтижелерін бағалау

Қазіргі заман талабына сай мектептегі оқу барысында оқушылардың даму
динамикасын және мектептің өзін-өзі бағалау жолымен дамуын қадағалайтын
білім сапасын мониторингілеу жүйесін жасау қажеттігі туындап отыр.
Мониторинг дегеніміз– күрделі педагогикалық құбылыс. Мониторинг
бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі.Ғылыми принциптері:
мақсаттылық, үздіксіздік, толықтық, сапаны жан-жақты білу, алынатын
ақпараттың жариялылығы мен нақтылығы және т.б.
Мониторингілеу білім сапасы жөнінде әртүрлі ақпараттарды жинақтау,
өндеу, жүйелеу, терең сараптама жасау, бағалау, тұжырымдау, оны алдағы
уақытта оқу процесін жақсартуға, дамытуға және оқу-тәрбие процесінде кеткен
кемшіліктерді түзетуге, сондай-ақ жобалау, құру, сол мақсаттарда жағдайлар
жасау болып табылады.
Интерактивтік оқыту бойынша бағалау критерийлерй: философиялық іс-
әрекеті, этикалық іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, сыныпты басқару,
оқушылардың белсенділігі, өзінің пікірін айта білуі, ұжымның пікірі, топта
жұмыс істеуі, мұғалімнің рөлі.
Жалпы орта білім беретін мектептің бастуыш сатысында пәндер бойынша
білімділігін анықтау компоненттері: мотивтілік-құндылық, мазмұндық, іс-
әрекеттік.
Мотивтілік-құндылық компоненті. Оқушылардың өзін-өзі жетілдіру
қажеттілігіне, олардың шығармашылық әрекетінің қалыптасуына, сондай-ақ
қоршаған ортаға көңіл-күй және құндылықтық қатынасында көрінетін мотивтерге
бағытталған тұрақты мотивтердің жиынымен байланысты.
Мазмұндық компонент – қоршаған орта туралы пәндік және жалпы мәдени
білімдердің кешенін қамтиды.
Іс-әрекеттік компонент қазіргі әлеуметтік қоғамда толыққанды өмір
дағдыларын жүзеге асыруда қажет болатын пәндік және жалпы мәдени
компетенциялардың кешенінен тұрады.
Білім берудің құрылымдық компоненттері: компетенция түрінде берілген
мақсаты; алынатын нәтижелері, базалық мазмұны, оқу жетістіктерінің
өлшеуіштерінің жүйесі.
Білім берудің құрылымдылық компоненттері іс-әрекеттік компонентік
тұрғыда қарастырылып, компентенттік тәсілге негізделеді.
Мысалы Тарих білім саласы бойынша анықталған компетенция түрінде
берілген мақсатқа сәйкестігі;
-алынатын нәтижеге жету тарихи фактілерді, кезендерді танып білу
жүйелілігі мен тиімділігі;
-оқушының дайындық деңгейінің объективті бағалануы;
-тарих ғылымының салаларына тоқталу.
Сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалауда өте жиі
қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалімнің де іс-әрекетін бақылауға
болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебін
білуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелік сипатын тексеруге мүмкіндік береді.
Тұтастай оқыту процесінің жетістігі, негізінен, сабақтың сапасына
байланысты. Сабақта, орталық нүкте сияқты, педагогтің барлық іс-әрекеті,
оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, оқушылардың ойлау жұмысын
ұйымдастыру қабілеттілігі шоғырланады [6].
Сабақтың шынайы құныдылығы – оның нәтижесі: оқушылардың жаңа
материалдарды меңгеруінің дәрежесі. Мұғалім сабақта сырттай тиімді
тәсілдердің қандайын қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты
дұрыс өтті деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсініп қана қоймай,
білімнің белгілі бір мөлшерін меңгеріп, қажетті дағдылар мен біліктерді
дамытуы керек.
Мұғалім белгілеген сабақтың мақсаты мен міндеттері; оларды орындау
үшін сабақтың қандай түрі таңдалады.
-Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыстың тәсілдері мен
әдістері қаншалықты терең ойластырып, тандалып алынды.
-Оқу процесіне деген қазіргі заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр
ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту біртұтастығы орындала
ма.
-Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге
асырылған (өз уақытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты мен жаңа
материалдың көлемі жағынан, сабақтағы жұмыс минутының тығыздығы жағынан
сабақтың әрбір құрамдық бөлігінің ойластырылуы.); оқытуда даралық әдіс
қолданылған ба, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізілді ме.
-Оқушылардың сабақтағы белсенділігі қандай, олардың жаңа білім алуға
деген ынта-ықыласы бар ма.
-Сабақтың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары жүзеге асырылды
ма.
Сабақты түпкілікті, тұрақты критерилер негізінде абстрактілі талдауға
болмайды. Ең алдымен, әрбір сабақта жұмыстың барлық тәсілдері мен әдістерін
іздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру
керек:
-Тақырыптың ерекшеліктері. Кейбір сабақтарда көрнекілік және
техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кітаппен
жұмыстың қажеті болмауы мүмкін.
-Мектеп мүмкіндіктері, бөлмелердің, техникалық және көрнекті
құралдардың, кітапханадағы қажетті кітаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың
болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалімнің жаңа материалды терең оқып-білу
үшін барлық қажетті заттарды қолданданғанына көңіл бөлу керек, алайда,
сонымен қатар, нақты орындалатын талаптар қою керек.
-Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгейі. Сабақ
туралы пікір оқушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындығы
негізінде құралатыны белгілі.
-Мұғалімнің даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейі, мінез-
құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жұмыстың бұрыңғы нәтижелері.
Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрі ретінде
қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау – бағалайтын құбылысын
жақсы білетін және оған дұрыс, объективті баға бере алатын адамдар –
сарапшылар пікіріне сүйенетін зерттеу әдісі. Сондықтан сабақ талдауын
мектеп басшылығының өкілдері немесе тәжірибелі әріптес-ұстаздар жүргізеді.
Сабақтың нәтижесін техникасының сызбасы талдау баспадан бірнеше рет жарық
көрді. Ең орынды және дұрысы келесі сызба: педагог, өз пікірнеше, неге жете
алды, неге жете алмады деген сияқты өз сабағы туралы әңгімелейді; содан
кейін барып сарапшы (жетекші) сабақтың дұрыс деген жақтарын ашады; осыдан
кейін ғана дұрыс емес жақтарына талдау жасау керек; ең соңында
сәтсіздіктерді қалай жеңу керектігі туралы ұсыныстар жасалады; талдау
соңында педагогке өз пікірін білдіру үшін сөз беріледі, шығармашылық ғылыми
айтыс, әңгіме жүргізіледі [7].
Әр сынып мұғаліміне өзін-өзі бағалауды жалпы оқу білігі ретінде
қалыптастыру үшін мына жағдайларды қамтамасыз етуі қажет деп сеніммен
айтуға болады.
1. Оқу-танымдық әрекет үрдісінде балаларда өзін-өзі жағымды бағалауды
қалыптастыруға ықпал жасау.
2. Балалардың дербес және шығармашылық тұрғыдан көрінулерін ұдайы
дамыту.
3. Әрбір балаға оған деген қызығу көзқарасының бар екендігін
сезіндіру, мұның өзі балада қорғаныш сезімін, өздерінің күштеріне
сенімділікті туғызады.
Бұл шарттар сақталған жағдайда кіші жастағы балалардың төмендегідей
біліктерді меңгеруіне туады:
-өзін түсіну және қабылдау;
-сезімнің сыналуын еркін бағдарлау;
-сезімдік әсерленушіліктердің сипатын анықтау (ұнамды, ұнамсыз,
таңдау, қорқу және т.б.).Сонымен оқу әрекетінің бөліктері ретінде өзін-өзі
бағалауды қалыптастыруға бағдарланған оқыту жоғары пәндік білімдер,
біліктер мен дағдыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, кіші
жастағы оқушылардың тепе тең тұлғалық өзін-өзі бағалауы қалыптасуына ықпал
етеді.
2. МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДАҒЫ ТАРИХИ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚҰРЛЫМЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫСЫ

2.1 Тарихи материалдың құрылымы және оны оқып үйренудің тәсілдері

Тарихты оқытудағы деректердің маңызы. Тарихи білім берудің ең басты
элементі — ол білім. Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған
тарих саласындағы мәлімет, танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы
туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи шындық және адамзаттың оған
қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді.Тарихи білімнің құрылымы
тарих ғылымының өзін танудан басталады. Оқу мазмұны мыналар: ғылымның
мазмұны, тарихи материалмен теориялық және әдістемелік (ғылыми танымның
түрлері мен әдістері, құрылымының қағидалары туралы ғылым) негіздерімен
жұмыс жасай алу. Оқу процесінде оқушылар дерек, құбылыс, оқиға, процесс
сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді. Олар,
мысалы, оқиғаның мәнін анықтап, оларды салыстырады.
Дерек деген сөз латан тілінен аударылғанда "жасалынған, іске асқан"
деген ұғымды білдіреді. М. Горький "дерек үйретеді, тәрбиелейді" деген.
Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті ретіиде
қарастырылады. Мысалы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт-азаттық қозғалыстың
жеке дерегі.
Дерек қайталанбайды, оны бақылау, қайта қалпына келтіру мүмкін емес.
Бұл оның өзіндік ерекшелігі. Тарихты тану процесінде деректің маңызы зор,
ол тарихи байланыстарды айқындау, салыстыру және жинақтауда аса қажет.
Деректерді жинақтау және жүйелеу - тарихи танымның құралы.
Нақты деректермен тарихи материалды баяндауда бейнелікке Қол
жеткіземіз.
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады.
Мысалы, Ұлы Отан соғысы - негізгі, Курск Шайқасы - қосалқы дерек.
Сабаққа дайындық барысында негізгі тірек болатын фактілерді анықтап,
оны оқушы есінде сақтап қалатындай етіп көрсету керек. Негізгі деректер
тарих пәні курсының негізгі идеясын көтеретін болғандықтан ол жан-жақты
және толық қамтылып, түсіндірілуі керек. Олар маңызды оқиғаларды жақсы есте
сақтау, өзгелермен байланыстыру үшін қажет. Демек, деректі түсіндіру оның
маңыздылығына байланысты [8].
Сабақта деректі қолдану үшін оның ғылыми дәлдігін, нақтылығын,
бейнелігін, эмоциялыін айкындап алған жон. Орта буын сынынтарында дерек
бейнелі, эмоциялы болса, жоғары сыныптарды ол құжатқа сүйенген, дәлелді
болуы тиіс. Тарихты оқытуда дерек пен жинақтаудың арақатынасының жігін
білген жөн. Бір-бірімен байланысы жоқ, жинақталмаған тарихи деректер басым
болса, ол сабақ деректер жинағына, ал нақты дерекке сүйенбей жинақтау мен
қорытынды пікірлерді негізге алған сабақ социологияға айналып кетеді.
Оқиға дегеніміз жалғыз-жарым дерек. Оған Аңырақай шайқасы, Кенесары
көтерілісін жатқызуга болады. Бұл оқиғалар нақты жағдайда, нақты адамдардың
қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде болған. Осындай
жекелеген қайталанбайтын оқиғаларды оқып үйрену оқушылардың тұрпатты
құбылыстарды түсінуіне көмектеседі.
Құбылыс деп нақты дерекке қатыссыз, орыны, қатысушылары, уақыты
көрсетілмеген жалпы ұғымдарды (революция, кетеріліс) айтамыз. Бұл жағдайда
ревоолюция — қоғамдық дамудың сапалық өзгерісі, ал көтеріліс — бұқараның
қарулы бас көтеруі. Тарихи құбылыстар белгілі бір тарихи кезеңнің немесе
дәуірге тән сипатты белгілерін танытады.
Процесс дегеніміз - даму жағдайының бірізділікпен ауысуы. Тарих
процесс уақытпен тығыз байланысқан деректер тізбегі, оның байланыстырушысы
себеп пен салдар. Мысалы, өнеркәсіптік төңкеріс - мануфактурадан машиналы
онеркәсіпке отуді сипатгайтын процесс.
Тарихты танудың өзі процеске жатады. Ол деректерді игеруден басталады.
К. Д. Ушинский "адам санасы біртіндеп деректерді кобейту, екіншіден оны
өндеу арқьшы байиды. Деректік білім неғүрлым парасатты болған сайын, ол
шикі материал неғүрлым жақсы өңделген сайын адам дами түседі, күшейе
түседі", - деді.Тарихи түсінік.
Түсінік. Оқып үйренген деректтердің негізінде оқушы санасында белгілі
бір тарихи ұғымдар жүйесінің нақты түсінігі қалыптасады. К. Д. Ушинский
оқушыларды аландатуды емес, пақты бейнелікке, көрнекілікке негізделген
түсінік қалыптастыруды ұсынады. Оқушының санасында дұрыс, толық түсінік
қалыптастыру үшін бейне картинаны көрсетіп, оны ауызша түсіндіру
жеткіліксіз. Оған қоса ол ұғымды нактылап, бекітуге комектссетін олістерді
қолдану керек. Ондай әдістердіц қатарыпда бейпелсу, сурстін салу немесе
нысанды кескіндемелік түргыдан қайта жащьіртуды атауға болады.
Дәуірге тән бейне қалыптастыру әсіресе бастауыш және орта буын
оқушылары үшін аса қажет. Бұл жерде тарихи картиналар мен образдар сияқты
білім элементтері негізінде пайда болған қиял тарихи ұғым
калыптастыруымызға ұласатын болғандықтан оны түсінікті етіп, барынша
тәптіштеуге тура келеді. Ондай болмаіан жағдайда оқушылар өткен нақты
бүгінмен шатастырады да олардың жауаптарында мынадай қате сөйлемдер
кездесуі мүмкін: Түрік қанағатында құлдардын жағдайы ауыр болды, олар
жыртық джинсимен жүрді, немесс шет ел елшілерін күткен Абылайханның
дастарканы молшылықтан майысып түрды, онда копфетіср мен шоколадтар өте көп
болды [9].
Ғылымда тарихи түсініктің үш түрі белгілі. Олар өткен кезең туралы
түсініктер (материалдық, әлеуметтік-саяси, адамдардың тарихи-мәдени өмірі
және т.б.); тарихи уакыт туралы (тарихи оқиғалар мен құбылыстыңұ ұзақтығы,
бірізділігі); тарихи кеңістік туралы (оқиганың нақты өрекет ету орнына
тәуелділігі). Бұл түсініктердің бірлігі оқушының тарихи танымына негіз
қалайды.
Егер оқушы оқу материалын нақты түсінікке негіздемей игеретін болса,
бұл оқытудағы вербализмге ("вербалис" (лат) -ауызша, ауызскі) соқтырады.
Соз жүзінде оқыту көзінде тарихи деректер, жалаң баяндалып, оныц маңызы,
адамдардың тағдырына назардан тыс қалып, оқушыны кызықтырмайды.
Ұғым. Тарихи ұғым деректерді түсіндіру мен жүйелеуде, басқа ұғымдарды
қорытуда аса кажет. Жетекші ұғымдардың мазмұнын нақтылап және кеңейту
нэтижесі біргіңден іске асқаны орынды. Бір сабақтан келесі сабаққа өткенде
ұғымдардың жаца қыры ашылып, оның басқа ұғымдардан ерекшелігі, олармен
байланысы айқындала түседі.
Ұғымдар белгілі бір сабақтастықты сақтау арқьиші игеріледі. Олар:
кернекі түсінік - бастапқы ұғымға; қарапайымнан - күрделіге; көрнекі
материалдың көмегін қажет ететін ұғымнан - бірнеше ұғымдардың көмегімен
қалыптасатын ұғымға ұласуы тиіс. Тарихи ұғым қалынтастыру тәсілдеріне
тарихи картина мазмұнын бейнелеу, деректер мен оқиғаны талдау, сюжетті
әңгіме, оқушыныц практакалық орекегі (сурет салу, макет, пластилинмен
жұмыс) жатады. Мысалы, оқушылар бастауыш сыныптарда соқаның макетімен
танысады. Оқушылар соқаның жер өндсу құралы екегідігін біледі. Мұғалім
оларға соқаның сұлбалық суретін салуды ұсынады. Кейін оқушылардың соқадан
өзге дс ецбек құралдары болатындыгына козі жетеді. Жас балаларга еңбек
құралы деген ұғым ете ауыр, бұл ұғым орта сыныптарда кеңейе түседі. Сонымен
оқушы түсініктең ұғымға дейін мынадай таным жолынан өтеді: соқа - жер
оңдейтін еңбек құралы- еңбек құральт (ұғым). Бұл жерде оқушыга ұғымның ең
қарапайым анықтамасы беріледі: ол заттың немесе құбылыстың мәні туралы
білім.
Ұғыммен жұмыс орта буын оқушыларымен одан әрі жалғасады. Мұғалім еңбек
заттарының суретін көрсете отырып, оқушыларға олардың бір-бірінен
айырмашылығын табуды ұсынады. Талдау арқылы оқушылар еңбек заттарын бір-
бірінен ажыратады. Ал, жоғарғы сыныпта оқушылардың ойлауы көрнекі-бейнелік
деңгейден дерексіз-кисынды ойлауға ауысқандықтан соқа туралы таным тізбсгі
барынша кең де күрделі "мәдениет" ұғымымен толықтырылады[10].

2.2 Мектепте жаңа материалдарды оқып меңгерудегі, теориялық оқу
материалдарын оқып-үйрену

Мектепте оқушыларға теориялық материалдарды оқып үйрету әдістерін
қолданады. Түсіндіру – басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың
кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым
түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Ұғым (салық, жасақ) мен себеп-
салдарлы байланыстардың мәнән (Қазақ Ордасының құрылуының алғышарттары)
мұғалім түсіндірудің көмегімен аша алады. Осы тәсілдің көмегімен саяси
деректермен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстарының заңдылығы
ашылады. Түсіндіруде деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым
екіншісінен ерекшеленіп тұрады.
Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау) себеп-салдарлы байланыс пен
ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл
тәсіл мұғалімнің оқушыларға ойлау барысы, деректерді талдау үлгісін
көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың ойын белсенді танымдық
әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударатындай мәселе
қоюмен қатар жүруі мүмкін. Мұғалім әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді
салыстырған пікір түрінде жауап береді. Нәтижесінде оқушылар оқу
материалының теориялық мазмұнын қиналмай игереді.
Бұл тәсілмен бірге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтіндік кесте,
жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.
Салыстырмалы және жинақтаушы сипаттама. Оқу материалының теориялық
мазмұнын баяндағанда салыстырмалы сипаттама беріледі. Мемлекеттік билік,
шаруашылық типтері және т.б. ұғымдар, деректер салыстырылады. Оның
барысында саяси нысанның салыстыратын белгілері айқындалады; сосын барып
салыстыру барысында олардың ортақ, ерекше, жеке белгілері анықталып,
қортынды жасалады. Ұлт – азаттық қозғалыстарын салыстыруға арналған мынадай
жаднаманы қолдануға болады[11].
1. Ұлт-азаттық қозғалыстың себебі.
2. Қозғалыс басшысына сипаттама.
3. Қозғалысқа қатысушылар, олардың мақсаттары.
4. Қозғалыстың сипаты.
5. Қозғалыс барысы.
6. Жеңілу себептері.
7. Тарихи маңызы.
Жинақтаушы сипаттама күрделі тарихи құбылысты түсіндіру аяқталғанда не
оның маңызды белгілері мен байланыстарын анықтағанда қолданады. Сол сияқты
басты деректерді индуктивті және дедуктивті баяндағанда да бұл тәсілді
жемісті қолдануға болады.
Өзекті мәселені мазмұндау. Ойлау процесі проблемалық ситуацияға
байланысты. Адамда әлденені түсіну қажеттілігі пайда болғаннан бастап ол
ойлануға кіріседі. Ойлау қай кезде де мәселеден немесе сұрақтан, таң қалу,
түсінбеу, қарама-қарсылықтан басталады. өзекті мәселені оқыту элементтерін
мұғалім көптеген сабақтарға енгізе алады. Жаңа материалды түсіндірер
алдында оқушыларды ойландыратын қызықты, оқыс сұрақтар қояды, ал олардың
жауабы сабақ соңында берілуі керек. Ал өзекті мәселе сабағында теориялық
мазмұнды игеру жолындағы белсенді ізденушілік әрекет бүкіл сабақ барысында
жалғасады. Қабілетті оқушыларға күрделі теориялық тапсырмалар беріліп,
мұғалім ұсынған мәселені ізденушілік сипаттағы оқу тәсілдеріне бағыттайды.
Өзекті мәселе ахуалы қалай қалыптасады? Ол оқу материалындағы
үйлесімсіздік немесе сабаққа қарама- қарсы сипаттағы құжаттардан үзінділер
енгізу немесе бір мәселеге қарама-қарсылықты әр
түрлі көзқарастарды баяндау өзекті мәселе ахуалына негіз болады.
Мұғалімнің мәселелік мазмұндауынан туындаған міндеттерді оқушылар бұрынғы
алған білімдеріне сүйеніп, өз бетінше шешуі тиіс. Әрине ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
Оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлері
Пәндер