Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері5
1. 1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы . . . 5
1. 2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері. 7

1. 3 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері туралы мәлімет9

2. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары . . . 12

2. 1 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолдары . . . 13
2. 2 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау. 18
2. 3 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары……… . . . 19

3. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері24
3. 1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері24
3. 2 Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау тетіктері. 25

Қорытынды29

Пайдаланылған әдебиет көздері . . . 30

Кіріспе

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің құрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі - шағын кәсіпкерлік болып табылады.

Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты шағын кәсіпкерлік» деп айтылған. Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамыту басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:

  • айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
  • қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы;
  • импортқа тәуелділігі;
  • инфрақұрылымның нашар дамуы;
  • аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.

Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементті болып табылады. Шағын кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс көлемнінің деңгейін де анықтайды. Әлеуметтік жағынан да функциясы - жаңа қосымша жұмыс орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылығын көрсетеді. Сондықтан, шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын маңызды рөліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:

  • кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы сипатталынды;
  • әлемдік тәжірибелер негізінде шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі мен орны анықталады;
  • Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тендециялары мен жағдайы зерттелінді;
  • ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;
  • ҚР-ғы шағын кәсіпкерлердің және шағын кәсіпорындардың қызметін ұйымдастырудағы мәселері анықталып, оларға сипаттамалар жасалынды;
  • Кәсіпкерлік қызметтің ынталандыру жұмыстарына тоқтала отырып, талдау арқылы мәні ашылды.
  1. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызы.

Кәсіпкерлік ұғымының тарихы орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылады:

  1. түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы;
  2. өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы.

Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.

Егер «кәсіпкерлік» терминінің эолюциясының қалай қалыптасқаның қарастыратын болсақ:

1723ж: Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш “кәсіпкер” ұғымы, яғни “обьектіні өндіру немесе құруда өщіне міндеттеме алатын адам” пайда болған;

1725ж: Р. Контильон: кәсіпкер - ол нарық жағдайында тәуекел етумен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;

1776ж: Адам Смит, кәсіпкерлік - кәсіпорынның меншік иесі;

1797ж: К. Бодо, кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;

1803ж: Ж. Б. Сей, кәсіпкерлік - екі өндіріс факторлары еңбеу пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;

1876ж: Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;

1934ж: И. Шумпеттер, кәсіпкер - ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;

1964ж: П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;

1975ж: А. Шапиро, кәсіпкер - ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.

Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.

Бұл турасында ҚР-дың Азаматтық кодексінің 10- ші бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұоғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет» және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген. Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:

  • жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
  • жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
  • құралдарды іске асыру еркіндігі;
  • жаңа шешімдерді, идеяларды іздеу.

Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент функцияларымен байланысты еркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.

Жалпы кәсіпкерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаты - олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жақызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, коорперативтер, шаруашылық серіктестіктер. Ал кәсіпкерліктің обьектісі - ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлінудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:

  • жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
  • бизнес - жоспарды құру;
  • қажетті ресурстарды іздеу;
  • құрылған кәсіпоорынды басқару.

Бұл аталған сатылар бір-бірімен тығыз байланысты.

Бірінші кезеңде, барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факоры. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсатты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.

Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе - бизнес - жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.

Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.

Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өніс стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.

Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізділерінің бірі - шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы - экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты - барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.

Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелеге баруы. Тәуекел - жоспар немесе болжауды қарастырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара - қатынасы жатады.

Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі - ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушылардың ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.

Кәсіпкер - қызметтің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:

  • нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
  • төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
  • бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
  • маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
  • табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т. б., бөлу.

1. 2. Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері.

Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметтер атқарады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері бар. Енді әрқайсысына жеке - жеке тоқталып мәнін ашатын болсақ:

Өндірістік қызметі өндіріс пен материалдарды - техникалық қамтамасыз етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат, құрал-жабдықтар және тағы да басқалармен өзара байланыстылығын қарастырады және өндірістік сипатта жүзеге асады.

Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрегенттер арасындағы айырбас процестерін басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар ақша және сауда - айырбас операциялары бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.

Ал кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келесі функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша нарығы, банктер, инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыста қалыптастыру; сатып алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингтік қызметтер және тағы басқалар.

Келесі кәсіпкерліктің қызметі - ол басқарушылық функциясы кезінде кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынастарын басқару; кәсіпкерлік идеялар, инициативалық талаптарды және басқару тәжірибелерін қалыптастырып, тарату; капиталдар мен табыстардың қолданылуын пайдалану; бизнес қажеттеліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарату, таңдау, жұмысқа алу сияқты қызметтер атқару. Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттіліктерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін бағалаудың біренеше бағыты бар, шағын кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық және аралас әдістері бар.

Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорындардың шағын бизнес секторына кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі, өндірістік қорлардың көлемі, өндіріспен сату көлемі; активтердің баланстық құны сияқты сандық көсреткіштерімен анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті анықтауда сапалық көрсеткіштерге негізінен субьективті сипаттар мен тәжірибе;

Аралас әдіс «экономикалық» және «статистикалық» тәсілдерді қолдануды ұсынады: нарықтағы үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі үлесі; бірқалыпты басқару айналымы.

Дамыған елдерде негізгі критериялардың есебінде шағын кәсіпорындардың анықтауы негізінен шаруашылық айналымның көлемдері мен жұмысшылар саны жатады.

Сонымен қатар, «шағын бизнес», ағылшын елдерінде айтылады, ал Япония және Батыс Еуропада «ұсақ кәсіпорындар» деп пайдаланылады.

Әлемнің дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың басты мақсаты - қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интелектуалды меншкіті қорғаудың тиімді әдісі; жеңілдетілген әкімшілік шаралары; салық демалыстары және тағы басқалай басты нысанаға алынады.

ҚР-ғы кәсіпкерліктің классификациясы.

Жалпы кәсіпкерлік.

Көлемі; Меншік түрі; Территория:

  • шағын - жеке - жергілікті;
  • орта - мемлекеттік - аймақтық;
  • ірі - шетелдік - республикалық;
  • аралас - халықаралық;

Салалық бағыт қызмет түрі:

  • өнеркәсіптік - өндірістік;
  • аграрлық - коммерциялық;
  • құрылыстық (ойын бизнестерінен) ;
  • саудалық және шоу;
  • көліктік басқалары;
  • инфрақұрылымдық кеңестік - қаржылық;

1. 3 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері туралы мәлімет

Елде отандық шағын және орта кәсіпкерлік үшiн кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, ШОБ субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік үшiн ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды.

Шағын кәсіпкерлік үлгі экономикалық даму үшін негізгі фактор және экономикалық өсудің шегі болып табылады. Бұл шағын өндірістік кәсіпкерлікті былайша түсіндіреді:

- бәсекелі ортаны қалыптастыру;

- нарықтарды отандық тауарлар және қызмет көрсетулермен толық қамтамасыз етуге қабілеттенеді;

- салық салынатын базаны кеңейтудің нәтижесінде бюджетті толықтыруға ықпал етеді;

- тұрақты қоғамның негізі ретінде орта класты қалыптастырудың көзі болып табылады;

- жұмыспен қамтылу және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге бейімделеді.

Жоғарыда аталған шағын өндірістік кәсіпкерліктің ерекшеліктеріне сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті тиімді және икемді әдістерін табуы қажет. Белсенді мемлекеттік қолдау ауылдық кәсіпкерліктің тұрақты дамуына ынталандырады.

Қазақстанда соңғы кездері шағын кәсіпкерлікті дамыту мынадай негізгі себептер бойынша көкейтесті қажеттіліктерден тұрады:

- біріншіден, қала және ауылдық баламасыз алмасуы және еңбекке ақының төмен болуынан ауыл тұрғындары жеке шаруашылықтарды дамытуға белсенді араласты. Елді жеке қосалқы және шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің жартысын өндіреді. Бірақта жеке сектор өзінің өнімдерін өткізуде қажетті тәжірибелерді білмейді. Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлердің техникалық қызмет көрсетуде күрделі техника және құрал-жабдықтарды пайдалана алмауы және өндірістің қазіргі жетілген технологияларын енгізуде қажеттіліктері артты. Өнімді өткізу және бұл қызметтерді көрсету шағын кәсіпкерлік құрылымдарының ауыл шаруашылық кооперативтері, акционерлік қоғам және серіктестіктер түріндегі қызметтерінің жүйесі болуы мүмкін;

- екіншіден, ауылда ауыл шаруашылық өнімдердің қысқаруынан жұмыссыздар саны артуда. Жұмыссыздықтың саны бюджеттік мекемелерден қысқарғандармен және ауылды жерлерге қоныстанған алыс шетелден келген оралмандармен артып отыр. Ауылда жұмыссыздықты азайтудың басты себебі - шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады;

- үшіншіден, жеке кәсіпкерліктің ең негізгі бағытының бірі, ауылдық қолөнерді ояту болып табылады, ал мемлекет дамытуды өз қолына алуы қажет. Қолөнерді дамыту әлеуметтік-экономикалық кедейліктің орнын толтыруға, экономиканы қайта құруға негізделеді. Қолөнер экономикалық дағдарыс кезінде экономикалық өсудің бастамасы бола алады және қоғамда орта кластың алғашқы капиталдарын жинақтауға қабілеттенеді. Неміс экономистері дәлелдегендей, қолөнершілік Германияның соғыстан кейінгі дағдарыстан шығуының бірден-бір себебі болып табылады. Қолөнер класын қалыптастыру халықтың салт-дәстүрін жаңғыртуы мүмкін, жаңа жұмыс орындары ашылады, адамдардың басым бөлігі нарықты экономиканың шарттарына бейімделе түседі;

- төртіншіден, ауылда тұрмыстық қызмет көрсетудің қалыс қалуы, ауылда тұтыну кооперативтерінің дүкендері жабылды, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету салалары өздерінің қызметтерін тоқтатты. Бұл да шағын кәсіпкерлік қызметтерінің аса маңызды жүйесі.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың күрделі жүйелерін талдаудың негізінде біз мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың кәсіпкерлікті қолдау жүйесіндегі өзара байланыстарын байқаймыз.

Бұл жүйеде мемлекет рөлінің үйлестіруші, бақылаушы, делдал және кепілдік ретінде басымдау екенін көруге болады.

Әлемдік тәжірибеде көрсетілгендей, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бір жағынан басқарушы және екінші бір жағынан қамтамасыз етуші процесімен анықталады.

Басқарушы процесі шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін енгізеді, тұрақтылықтың, тиімділіктің және реттеушіліктің арнасын құқықты ортаны қалыптастыруда, әкімшілік-ұйымдастырушылық тәсілдері және бақылауды шешуді қамтиды.

Қамтамасыз ету процесі шағын бизнес субъектісіне материалдық, қаржылық және ақпараттық ресурстардың, сонымен қатар мемлекеттік тапсырыстарды жеткізілуінен тұрады.

Кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға қатысты мемлекеттің саясаты, біздің ойымызша мынадай болуы қажет, шағын кәсіпкерлікті әкімшілік басқарудың тиімді мемлекеттік жүйесін құру, ол кәсіпкерлер үшін тиімді, қолайлы шарттарды құрауы қажет.

Басқарудың тиімді жетістіктеріне жету мақсатында шағын кәсіпкерлікті басқарудың көп деңгейлі жүйесін құру көзделеді және ол барлық негізгі республикалық, аймақтық (облыстық), жергілікті (аудандық) деңгейлерді қамтуы қажет.

Бұл жалпы мемлекеттік деңгейде өте үлкен ұйымдық күшейтуді қажет етеді және келесі негізгі бағыттар бойынша топталады:

- қаржы-несиелік және инвестициялық саясат;

- шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру;

- кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау;

- нормативті құқықтық базаны жетілдіру;

- қоғамда кәсіпкерлік ахуалды құру.

Кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік қызметтердің алғашқы бағыттары - қаржы-несиелік және инвестициялық саясат. Бұл бағыт бастапқы сипаттама болып саналады. Мемлекеттік кәсіпкерлікті қаржы-несиелік қолдауы біршама шығыстар жұмсауын талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүкіндігі шектеулі екендігі белгілі. Осы кезеңде ресурстарды пайдаланудың қайтарымды механизміне өту қажетті және маңызды болады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта кәсіпкерлік бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.

  1. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тендециялары.

2. 1 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолдары

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында Шымкент қаласында жалпы тіркелген бизнес субъектілердің саны 75 988 бірлік, немесе өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 100, 8 пайызды құрады (2016ж. -75 376 бірлік) . Оның ішінде заңды тұлғалар - 18 936 бірлік, шаруа қожалықтар - 2 834 бірлік, жеке тұлғалар - 54 218 бірлік. Ал, жұмыс істеп тұрған субъектілер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3, 1 пайызға артқан (2016ж. -52 947 бірлік), немесе 54 619 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар - 17 299 бірлік, немесе 15, 4 пайызға артқан (2016ж. - 17 299бірлік), шаруа қожалықтар - 3 113 бірлік, немесе 91, 7 пайыз құрады (2016 ж. - 3 113 бірлік), жеке тұлғалар - 40 253бірлік, немесе 1, 3 пайызға артқан, (2016ж. қаңтар- қыркүйек - 54 964 бірлік. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекені жүргізудегі экономикаға тигізетін әсері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Жалпы кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz