Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МА З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . .

1. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар . . .

1. 1. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып

алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату . . .

1. 2. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу . . . 10

1. 3. Есіркі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру . . . 12

1. 4. Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру . . . 13

1. 5. Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы

заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал саймандардың

немесе жабдықтардың заңсыз айналымы . . . 14

1. 6. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар

ұйымдастыру немесе ұстау . . . 16

1. 7. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін

бұзу . . . 17

1. 8. Жекеше медициналық практикамен немесе жекеше формацевтикалық қызметпен

заңсыз айналысу, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық

беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау . . . 18

1. 9. Санитарлық - эпидемиологиялық ережелерді бұзу . . . 19

1. 10. Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасырау . . . 20

1. 11. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету . . . 21

2. Адамгершілікке қарсы қылмыстар . . .

2. 1. Жезөкшелікпен айналысуға тарту . . . 24

2. 2. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және

жеңгетайлық . . . 26

2. 3. Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар

ұйымдастыру немесе ұстау . . . 27

2. 4. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарау . . . 28

2. 5. Қатыгездік пен күш қолдануға насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату . . . 30

2. 6. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау . . . 30

2. 7. Жануарларға қатыгездік жасау . . . 32

Қорытынды . . . 33

Қолданылған әдебиеттер . . . 35

К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодіксінде халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау былып бізге беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бір қалыпты қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің құқықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық құқық) арқылы қорғалуы аса қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін, денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мұраларды, адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау әркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-әрекеттермен шұғылдану сияқты қылмыстардың етек алуы алаңдатушылық туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодікстің 10 - тарауында осы тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.

Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар негізінен екі түрлі топқа бөлінеді: 1) халықтың денсаулығына; 2) адамгершілікке қарсы қылмыстар.

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар : Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететі заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату; Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу; Есіркі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру; Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру; Улы заттардың, сондай - ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы; Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау; Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу; Жекеше медициналық практикамен немесе жекеше формацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзгеде құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау; Санитарлық - эпидемиологиялық ережелерді бұзу; Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасырау; Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету.

Адамгершілікке қарсы қылмыстар: Жезөкшелікпен айналысуға тарту; Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық; Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау; Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату; Қатыгездік пен күш қолдануға насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату; Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау; Жануарларға қатыгездік жасау жатады.

1. ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс - әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 259-265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстардың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы болып табылады.

Көрсетілмеген санатқа жататын қылмыстардың затына - есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және Қылмыстық кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады.

«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналым мемлекеттік реттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі арнаулы Заңымен, «Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құралдар және прекурсорлар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурызындағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан былай - тізім деп аталады) жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы Есірткі заттар туралы біріңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, БҰҰ-ның Есірткі заттардың және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.

1. 1. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату

1. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау -

он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға таратуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айруға жазаланады.

2. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әректтер -

мүлкін тәркілеп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту, мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді:

а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;

б) әлденеше рет;

в) Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты ірі мөлшерде жасаса, -

мүлікті тәркілеп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады .

4. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту, мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді:

а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдық (қылмыстық ұцым) жасаса;

б) олар өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасаса, -

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өз еркімен тапсырған немесе есірткі заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған және есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына баайланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенді көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Осы бап бойынша есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың ірі және өте ірі мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Заңсыз айналымында жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді.

Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде алғаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар - адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атау көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, какаин, каннабис, апиын және т. б. заттар жатады.

Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар - адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттарды 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т. б. жатады.

Қылмыстық объетивтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе дайындағаны арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі, психотроптық, үшін әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» №3 қаулысында тиісінше түсінік берілген.

Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайыөсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т. б. заңсыз алу деп түсіну керек.

Кінәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.

Осы көрсетілген әрекеттер (алу немесе сақтау) заңсызз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың (259-баптың 1-тармағы) объективтік жағының міндетті белгісі заңда көрсетілген заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып табылады.

Заңсыз сақталуға шығарылған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жігіну қажет.

Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-әрекетте көрсетілген қылмыс құрамы болмайды.

Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Сол себепті ол заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған болып табылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз. Заңсыз алғанын және сақталғанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.

ҚК-тің 259-бабының 2 тармағында бұл қылмыстың ауырырақ түрі: көрсетілген заттарды өткізу мақсатында заңсыз алғаны немесе сақтағаны, дайындағаны, ұқсатқаны, тасымалдағаны, жөтелгені немесе өткізгені үшін жауаптылық көзделген.

Көрсетілген заттарды алудың және сақтаудың түсініктеріне осы баптың бірінші бөлігінен талдағанда тоқталып өттім. Кез келген әдейі жасалған әрикет нәтижесінде белгілі бір есірткі немесе жүйкеге әсер ететінзат тізімінде көрсетілген затқа айналдырылса онда оларды пайдалану болып табылады.

Ал сол заттардың пішінін өзгерту (ұқсату, таблеткаға қалыптау, пиллюлалар, пасталар, жасау т. б. ) заңсыз дайындау болып табылмайды.

Белгілі бір есірткі немесе психоттроптық (жүйкеге әсер ететін) күшін көтеру үшін Арнайы рұқсатсыз тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз өндеу болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткі зат алынбаса) заңсыз қайта өндеу деп есептелмейді. Мұндай әрекеттер жеке қылмыс болып табылады.

Есіпткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа әртүрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, басқаларға тапсырған тұлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мүмкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды болып тыбылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, құралдардың, прекурсорлардың заңсыз иесі - өзіне тапсырылған жүктін сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттардың онда ол қылмыстық ұйымдастырушысы емес, тікілей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады. Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-саймандарды, прекурсорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы жіберуді айтамыз. Жоғарыда көрсетілген заттарды, құрал-саймандарды, прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа тұлғаларға кез келген тәсіл мен заңсыз беру (сату, сыйлау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа адамға укол салу т. б. ) осы заттарды заңсыз өткізу болып табылады. ҚК-тің 259-бабының 2-тармағындағы қылмыстық объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі - заңда көрсетілген заттарды өткізу мақсатында алу немесе сақтау болып табылады. Өткізу мақсатында заңсыз алу немесе сақтау пиғылымен жасалғандығы мәселені шешу үшін бұл заттарды шын мәнінде өткізуге дайындалғанын дәлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (Мысалы, жоғарыда көрсетілген заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана пайдаланатынын жоққа шығармайтын фактілердің болуы - заттардың бөлшектенуі, құралдар мен жабдықтардың бөліп қойылуы, кінәлінің басқаларымен есіркіні қолданылатын фактілерінің орын алуы т. б. ) .

Ал осы заттардың мақсатынсыз алғаны немесе сақтағаны анықталса, онда кінәлінің әрекетінде ҚК-тің 259-баының 1-тармағындағы қылмыс құрамының бар жоғына мән беру қажет.

ҚК-тің 259-бабының 3-тармағында осы қылмысты аса ауырлататын түрлері: адамдар тобының алдын алу сөз байласуы (ҚК-тің 31-бабында) ; әлденеше рет (ҚК-тің 11-бабында) ; көп мөлшерде есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар жөнінде жасалған әрекетер үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың көп мөлшерге жататын немесе жатпайтын жиыниық кесте арқылы анықталады.

ҚК-тің 259-бабының 4-тармағында осы баптың екінші немесе Үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық болып; көп мөлшерде есірткі немесе психотроптық заттар жөнінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыстық кодекстің 259-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттарды өз еркімен тапсырған адам немесе есірткі заттарды медициналық емес мақсатта тұтуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін мекемеге өз еркімен барған және есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған алынған мүлікті табуға белсенділік көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Қазақстан Республика Жоғарғы Соты Пленумның

1998 жылғы 14-мамырдағы №3 қаулысының 18-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетіген «заттарды нақты қолдану мүмкіндігі бола тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен тапсырған болып табылады».

1. 2. Есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін затарды ұрлау не қорқытып алу

1. Есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін затарды ұрлау не қорқытып алу -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айруға жазаланады.

2. Нақты сол әрекеттерді:

а) адамдар тобыалдын ала сөз байласып жасаса;

б) әлденеше рет;

в) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы;

г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қолдану- мен қорқыту арқылы жасалса -

мүлік тәркілеп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостанды-ғынан айруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, оларды:

а) ұйымдасқан топ;

б) ірі мөлшердежүйкеге әсер ететін затар жөнінде;

в) ) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қолдану- мен қорқыту арқылы жасалса -

мүлік тәркілеп, сегізжылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айруға жазаланады .

Аталға қылмыстың қоғамдық қауіптілігі жеке меншікке зиян келтіруден гөрі, денсаулыққа айтарлықтай зиян шектіруінен байқалады.

Бұл қылмыстың объективті - халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, есірткі заттарды ұрлау немесе қорқытып алу кезінде қосымша тікелей объект ретінде - адамдардың өмірі, денсаулығы немесе жеке меншіктің қатыстылығы болуы мүмкін.

Қылмыстың заты - есірткілік заттарды және жүйкеге әссер ететін заттарды ұрлау немесе қорқытып алу аталған топтың дербес қылмысы болып табылады. Оны жасаған үшін жауаптылық ҚР ҚК-нің 260-бабы бойынша көзделген. Есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады.

Сонымен, объективті жақ төменгідей белсенді әрекеттердің біреуінің жасалуы арқылы көрінеді:

1) есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау;

2) есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттардықорқы- тып алу.

Айта кететін жай - есірткіні оны заңды иесінен ғана емес, заңсыз ие болғаннан да тартып алу - есірткіні ұрлап алуға жатады. Қарақшылықтан басқа кездері, тұлғаның есірткіні нақты иелену сәті қылмыстың аяқталуы болып есептеледі.

Қарақшылық кезінде қылмыстың аяқталған сәті шабуылдың өзінң басталуымен байланысты. ҚК 181-бабының 1-бөлімінің диспозициясы- ның мазмұнына сүйенуіне отырып, 260-баптың 1-бөлімінде қарастырылған, есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қортып алудың құрамының объективті жағын анықтауға болады. Ол есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды немесе оларды құқықты беруді немесе күш қолданумен не есірткілерге қатысты басқа да іс-әрекеттерді жасауды талап ету, сол сияқты, жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқарайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің не оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзгеде мәліметтерді жариялаудан тұрады. Осы әрекеттер есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттарды оларды иеленуге немесе қарамағына алуға заңмен көзделген ешқандай құқығы жоқ тұлғаларға қарсы жасалса да - қорқытып алу болып есептеледі. Қылмыстың ақталуы айыпты тұлғаның өзінің қорқыту талаптарын білдіру сәтімен тұпта-тұс келеді.

ҚК 260-бабының 2-бөлімінде осы баптың 1-бөлімінде көрсетілген әрекеттерді:

а) адамдар тобы алдын сөз байласып жасағандығы;

б) әлденеше рет;

в) тұлға өзінің қызмет бабын пайдалануар арқылы;

г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес үшін қолдану не осындай күш қолданылатындығымен қорқыту арқылы жасағандық үшін жауаптылық бекітілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық амал-шараларының тиімділігін арттыру
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы
Денсаулықты сақтау саласындағы қылмыстар
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
Есірткі және нашақорлық
ҚР НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КРИМИНЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz