Бет бөлімінің сүйектері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
1.1. Жалпы
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Қозғалыссыз (синартрозды) байланыс ... ... ... ... ... .5
2. Шеміршекті
байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Буындар биомеханикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .13
4. Буындардың пішіндері мен қызметтері ... ... ... ... ..16

ІІІ.Тірек-қимыл жүйесі
3.1. Адамның тірек-қимыл жүйесі қызметінің
ерекшеліктері ... ... ... ...22
3.2. Бұлшық ет, оның құрылысы және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..27
3.3. Тірек қимыл жүйесінің дамуы және организмді
шынықтыру ... ... .29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...33

Кіріспе
Жалпы шолу. Сүйек байланыстарының филогенетикалық шығу тегіне көз
жүгіртсек, төменгі сатылы жануарлардың барлығының бастапқыда сүйектері
қимылсыз шие байланыста болғанын аңғарамыз.
Адамның эволюциялық даму кезеңінде дененің көптеген мүшелеріне
тіршілік үшін жарым-жартылай қимыл қажеттігінен сүйек аралықтарында бос
орындар пайда бола бастаған. Соның нәтижесінде сүйектер тіркесінде жартылай
буынды және қозғалмалы буындар (диартрозды байланыс) пайда болды деген
жорамал бар.
Буынның филогенетикалық даму жорамалы адамның эмбриогенездік дамуы
барысында айқын қайталанады. Алғаш қалыптаса бастаған ұрық қаңқасындағы
сүйектер бір-бірімен мезенхима арқылы қапталып, тұтасып жатады. Кейін
мезенхималар біртіндеп дәнекер ұлпаға айналады. Дәнекер ұлпалар аз-аздап
сүйектерді байланыстыратын жүйелі мүшелер түзеді.
Сүйек арасындағы дәнекер ұлпалар өзгермей тұтас күйінде қалса, онда
сүйектер бірімен-бірі қимылсыз жалғасады. Дәнекер ұлпалар ыдырап,
кеуектенсе, сүйектер арасындағы байланысы қимылдайтын буын түзеді. Сондай-
ақ сүйектердің осындай екі түрлі байланыстарында, яғни қимылсыз байланыстан
қимылды буынға немесе керісінше, өтетін аралық шеміршекті жартылай
буындарға айналатыны байқалады.

1-кесте
Сүйектер байланысының топтасуы

2.1. Қозғалыссыз (синартрозды) байланыс.
Қозғалыссыз немесе синартрозды байланыс кезінде сүйектер өзара дәнекер
ұлпасы, шеміршек ұлпасы немесе сүйек ұлпасы арқылы орнығады. Мұндай
байланыс кезінде сүйектер аз қозғалады, кейде тіпті қозғалмайды. Сондықтан
сүйектердің бірімен-бірі қосылысқан ара жігі білінбей, тұтасып кетеді.
Қозғалыссыз байланыстағы сүйектердің арасындағы сүйектерді
жалғастырушы ұлпалар өзгеру жағдайына қарай 3 түрлі (талшықты, шеміршекті,
сүйекті) болады (1-кесте).
1. Эмбрионды даму кезінде сүйектерде талшықты, дєнекер ұлпа қалса,
мындай байланыс талшықты (articulationes fibrosae, латынша: fibra – талшық)
немесе синдесмозды (syndesmosis, syn – байланыс, desme – байлам) байланыс
деп аталады. 2. Ал эмбрионды даму кезінде сүйектер арасындағы дєнекер ұлпа
шеміршекке айналып кетсе, онда бұл байланыс шеміршекті (articulationes
cartilagineae, cartilago – шеміршек) немесе (синхондрозды synchondrosis,
грекше: chondros – шеміршек) байланыс деп аталады. 3. Сондай-ақ сүйектер
арасындағы дәнекер ұлпа алдымен шеміршекке, сонынан сүйекке немесе тікелей
сүйекке алмасып кетсе, онда бұл сүйектердіњ сүйек ұлпасы арқылы байланысуы
немесе синостозды байланыс (synostosis) деп аталады. Сүйектер шеміршекті
байланыс кезінде аралық ескірген сайын бітісіп, сүйекті байланысқа ауысады.
Талшықты байланыс (articulatio fibrosa) үш түрлі жолмен байланысады
(1-кесте). 1. Сүйек аралығы жарғақшаланып (membrana interossea)
байланысады. Бұған білек жєне балтыр сүйектерінің ұшы аралықтары мысал
болады. 2. Сүйек байлам (ligamenta) арқылы жалғасады. Бұған омыртқа
өсінділері жєне доғалардың екінші омыртқаның сол мүшелерімен байланысы
мысал бола алады. 3. Ми сауытының сүйектері жік (suturae) арқылы
байланысады. Талшықты байланысулардың аралық жарғақ жєне байлам түрлерінде
қимыл өте аз болады, ал жіктесіп байланысқанда қозғалыс мүлде болмайды.
Жіктесудің түрі бар. Сүйек жиегі иректелген тісті (sutura serrata) болса,
екі сүйек тістесіп байланысады. Тістердің аралығы кірігіп қалады. Маңдай
сүйекпен төбе сүйек, төбе сүйекпен шүйде сүйек, екі төбе сүйектері бірімен-
бірі тісті жікпен нағыз жіктесіп байланысады (2-кесте).
қабыршақ жік (sutura sguamosa) – жіктің екінші түрі. Мындай байланыс
кезінде бір сүйектің жиегін екінші сү
үйектің шеті балықтың қабыршағы тєрізді бірін-бірі басып тұрады. Самай
сүйек пен төбе сүйегі адамда, міне, осылай байланысқан.
Індес жік (sutura plana) кезінде сүйек жиегі теп-тегіс болып, біріне-
бірі тиіп тұрады. Бет сүйектерінің жіктесуі осы түрге жатады.
Қазық байланыс (gomphosis) – сүйектер байланысының сирек кездесетін
түрі. Тіс ұяларында тістердің байланысы міне осы қазық байланыс болып
табылады. Тіс жақ сүйектегі тіс ұяларына кіріп тұрады. Мұны тістің ұялы
байланысы (articulatio dentialveolaris) деп атайды.
Сүйекті байланыс (synostosis) жастардан көрі ересек, егде адамдарда
көбірек кездеседі. Ми сауыты жіктерінің байланысы да сүйектенеді. Сегізкөз,
құйымшақ жєне ересек адамдардыњ жамбас сүйектері де синостозаға мысал,
жамбас сүйегі үш сүйектен түзілгеніне қарамастан, тұтас сүйекке айналуы
бұған толық дєлел болып табылады (2-кесте).

2-кесте
Мисауыты сүйектерінің
қозғалыссыз байланысуы
Мисауытының бөлімдері Түрлері Атаулары
Мисауытының төбе Сүйекті (синдесмозды) 1. Тісті жік
жағындағы сүйектер А. Таж жігі
Б. Сагитальды жік
В. Ламбдо тәрізді жік
2. Қабыршақты жік
Бет бөлімінің сүйектері Бұл да сондай Жазық жік
Тістердің жақсүйек Бұл да сондай Қазық жік
ұялары арқылы байланысуы
Мисауыты түбінің Шеміршекті 1. Сына-шүйде
(негізіндегі) сүйектер (синхондрозды) 2. Сына-құлақ құрышы
уақытша, сүйекке 3. Құлақ құрышы-шүйде
алмасқан болады 4. Сына-тор сүйек

2.2. Шеміршекті байланыс
(articulatio cartilaginea) қозғалыссыз байланыс болғанымен де шеміршектің
иілгіш майысқыш келетіні мєлім. Егер шеміршек жылтыр болса, онда оны
гиалинді синхондроз дейді. Ондай шеміршек 1 қабыртқа мен төс аралығында
болады. Ал шеміршек талшықты болса, ондай байланыс талшықты синхондроз деп
аталады. Ондай байланыс көбінесе күш көп түсіп, сүйек қатты сығылатын
аралықтарда кездеседі жєне солқылдақтық, иілгіштік қызмет атқарады (мысалы,
омыртқалар аралығында).
Адамның жасына қарай өзгеру немесе өзгермеуіне байланысты шеміршекті
байланыс (синхондроз) уақытша синхондроз және тұрақты синхондроз деп
бөлінеді. Уақытша синхондроз адамның белгілі басына дейін ғана сақталып,
есейген сайын сүйекті байланысқа (синостозаға) айналады. Бұған жамбас
сүйегінің тұтасуын айтсақ жеткілікті.
Тұрақты синхондроз адам туғаннан бастап, қартайып өлгенге дейін
сақталады немесе тұрақтылығын сақтайды. Бұған самай сүйегінің тастай бөлігі
мен сына тәрізді сүйек арасында және сына тәрізді сүйек пен шүйде
байланысты жатқызуға болады (1-кесте).
Жоғарыда жартылай буын қасаға (symphysis) туралы айтып өттік. Мұндай
шеміршекті байланыс шаттағы сүйектердіњ түйіскен жері – қасағада (symphysis
pubica) кездеседі. Жартылай буындар бұрын қозғалмалы болып, кейін
сүйектердің қозғалыссыз қосылысқа айналуы кезінде пайда болады. Кейбір
омыртқа денелерінің аралығында тегеріш (discus intervertebralis) пайда
болған кезде жартылай буын түзіледі.
Қозғалмалы, буынды, диартрозды байланыс. Қозғалмалы, қуысты байланыс
(articulation synovialis, грекше: arthron – буын, бұдан arthritis – буынның
қабынуы болады) – бұл буын. Қозғалыссыз байланысқа (синортроза) қарағанда
қозғалмалы (диартрозды) немесе буынды байланыс (articulation synovialis)
түзілуі жағынан күрделі болып келеді (3-кесте). Екі сүйектің түйіскен
жерінде бос орын – қуыс болады. Буындардың әрқайсысы буын қапшығынан немесе
капсуласынан, буын қуысынан, буын байламынан, буын ернеуінен, буын
тегерішінен (диск) және буындасушы беттерден тұрады.
3-кесте
Қозғалмалы (буынды) байланыс
Буынның негізгі Буынның қосымша Буынның түрлері
Атаулары құрамдары құрамдары
Буындар 1. Буын беттері 1. Байламдар Пішініне қарай:
(синовиаль-ды шеміршекпен а) буын сыртында, 1. Жай сүйек санына қарай
байланыс) қапталған қабынның сыртында 2. Күрделі сүйек санына
2. Буын қапшығы ә) буын ішінде. қарай
3. Буын қуысы 2. Буын ернеуі 3. Құрма – буында тиек
4. Буын 3. Тегеріш (диск) болады
сұйықтығы 4. Төсем (мениск) 4. Күрделі құрма – екі буын
(синовиа) 5. Тиек (сесам) қатынасып, біркелкі қызмет
етеді.
Буын бетінің пішіні мен
қозғалу білігіне қарай:
бір білікті: цилиндр
тәрізді, шығыр (бұранда)
тәрізді;
екі білікті: эллипс
тәрізді, айдарша, ершік
тәрізді;
көп білікті: шар тәрізді,
жаңғақ тәрізді, жазық
Жартылай буындар, симфиз, қатты буын

Буын қапшығы (capsula articularis) – буынның бетін қаптап, жиегіне
бекінетін қалта. Оның сыртқы және ішкі екі қабаты болады. 1. Талшықты –
сыртқы қабат (membrane synovialis). Сыртқы қабат талшықты дәнекер ұлпасынан
түзіліп, сүйек қабығымен жалғасып жатады. Бұл қорғаныш қызметін атқарады.
Қапшық ішіндегі қабатта емізік тәрізді жіңішке синовиальды бүртік
(villi synoviales) болады. Буын бетін майлайтын сұйықтық – синовияны
(synovia) осы бүртік бөліп шығарады. Кейбір буындарда (тізеде) синовиальды
қабат (plicae synoviales) қатпарланып, оған май қатпары (plicae adiposae)
жиналады. Тізе мен иық буындарында синовиальды қабат ішке қарай ойысып,
сыртқы қабаттың талшықтарымен сыртқа шығады да синевиальды қалта (bursa)
түзеді. Синовиальды қалта бөлетін сұйықтық оның қасынан өтетін бұлшықеттер
мен сіңірлерді және сүйек аралығын жұмсарту арқылы қорғаныш қызметін
атқарады.
Буын қапшығы мен екі сүйектің тұйықталған жері буын қуысы (cavitas
articularis) деп аталады. Байланысатын сүйектердің бастары серпімділеу
келген және тығыз гиалин шеміршегімен қапталып, екі сүйек өзара толық
жанасып жатады.
Буын қуысы (cavitas articularis) – буын беттері мен синовиальды
қабыршақтар ауа кіріп-шықпайтындай етіп қоршалған саңылау. Қалыпты жағдайда
қуыс бос болмай, синовиальды сұйықтыққа толы болады. Сұйықтық буын беттерін
майлап, жұсартады да серпімділікті арттырады. Сондай-ақ буын беттерінің бір-
бірінен тайып, адырауынан да сақтандырады. Сұйықтықтың әсерінен екі буын
бетінің аралығында біріне-бірін сорып, жабыстырып тұратын шамада қысым
пайда болады. Соның нәтижесінде кейбір адамдар буындардың сыздауынан ауа
райының бұзылатынын күні бұрын біле алады.
Буын қапшығына зақым келіп, қуысқа ауа енсе, буынның беттері ажырап
кетеді. Қалыпты жағдайда буын беттерінің ажырап кетпеуіне шамалы қысымдағы
сорылу ғана емес, буындағы байламдар (буынның ішкі және сыртқы) және
тереңірек орналасқан бұлшықет сіңірлері мен сүйек жиектері жәрдемдеседі.
Байламдар мен сіңірлер буынның қосымша жүйелі мүшелері болып табылады.
Буын беті (facies articulares) – екі сүйектің қозғалмалы болып
түйісетін беті. Буындасушы сүйектердің біреуінің беті дөңес, екіншісінің
буын беті ойыс болып келеді. Осыған байланысты олар буын дөңесі және буын
ойысы деп аталады. Буын беттерінің үлкен-кішілігі және оның ойыстарының
таяз-тереңдігі сүйектердің қозғалғыштық және тіректік қызыметіне
байлаынысты. Буын бетінің ойысының тым таяз және буын басының тым дөңес те
жұмыр болуы буынның жақсы қимылдауына әсері болғанмен, оның беріктігін
қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, иық буынында тоқпан жілік жауырынның буын
ойығына онша кірмейді. Ал, буынның басы ойығына тереңірек енсе, буын аз
қозғалғанмен, берік болады. Бұған жамбастағы ұршық буыны мысал болады.
Сүйектің буындасушы беттерін әрқашан жылтыр шеміршек (cartilago
articularis) қаптап тұрады, бұл сүйектің қажалмай еркін қозғалуын күшейте
түседі.
Буынның қосымша мүшелері де бар. Олар мыналар: буын байламдары
(ligamenta), буын ернеулері (labra articularia), буын ішінің шеміртшектері:
тегеріштер (disci articulares), төсемдер (menisci articulares, латынша:
menis cus – жарты ай тәрізді) және тиек сүйектері.
Буынның ішкі және сыртқы байланымы тығыз талшықты сіңір ұлпаларынан
түзіледі. Байламдар екі сүйектің арасында керіліп тұрады, соның салдарынан
буын қозғалысы шектеледі. Тізе мен жамбас буындары осындай.
Буын ернеулері (labra articularia) буынның беріктігін арттырып,
қозғалғыштығын кемітеді. Ол талшықты шеміршектен түзіледі де буын ойыстарын
сақина тәрізді айнала қоршап, буынның беткі көлемін үлкейтеді. Буын
ернеулері жауырын және жамбас ойықтарының жиектерінен анық көрінеді.Буын
ішінің тегеріштері мен төсемдері талшық пен дәнекер ұлпалы шеміршектен
тұрады. Тегеріш тақтайша тәрізді, ол буын қуысында сүйектердің аралығында
көлденең орналасып, қуысты екіге бөледі. Ал төсем буындасушы сүйектердің
жиегіне таман орналасады. Тегеріш пен төсемдер буынның әрі беріктігін
арттырып, әрі буындасқан сүйектердің біріне-бірі қатты соқтығыспауына
мүмкіндік жасайды. Тізе буынындағы тобық сүйегі мен саусақ сүйектерінің
буын аралығындағы сүйектер мен тиек немесе сосам сүйектеріне жатады. Бұлар
да буын қапшықтарында орналасады.
2.3. Буындар биомеханикасы.
Адам ағзасы үшін буындардың үш түрлі маңызы бар. 1.Денені белгілі бір күйде
ұстап тұруға жєрдемдеседі; 2.Дене бөліктерін бір-біріне жақындатып,
алыстату қозғалтады; 3.Денені кеңістікет жүргізіп-тұрғызады. Эволюциялық
даму барысында бұлшықет қызметінің әр түрлі болуына байланысты сүйектердің
байланысу пішіні мен қызметі түрлшіе болды. (Онымен осы кітаптың
биомеханика бөлімінде толық таныса аласыз).
Буын бетінің пішіні айналмалы геометриялық пішіндерге ұқсас болып
келеді. Мысалы, буынның беті цилиндр тәрізді болса, қозғалыс бір білік
(шүлдік) бойымен жүзеге асады, егер буынның беті сопақ (эллипсис) болып
келсе, – екі білік бойымен; буынның беті шар тәрізді болса, онда қозғалыс
көп біліктің бойымен қимылдайтын болады.
Буындарда қозғалу үш білік бойымен жүреді. 1. Білік бойымен
қозғалғанда сүйектер буында бүгіледі (flexio), яғни буындасқан сүйектердің
бұрышы тарылады да жазылады (extensio), сөйтіп буынның бұрышы үлкейеді. 2.
Қозғалу сагитальды білік бойымен өткенде бұлшықеттер ортға жақындайды
(adductio), сондай-ақ бұлшықеттер орталықтан алыстайды (abductio). 3.
қозғалу немесе айналу (ratatio) тік білік бойымен өткенде бұлшықеттер ішке
(pronatio) және сыртқа (supinato) бұралады. 4. Айналу немесе шеңберлі
қозғау (circumductio) кезінде бір біліктен екінші білікке ауысып, бір
сүйектің басы шеңбер сызғандай болса, жалпы сүйек соқпақ сызықтың бойымен
қозғалады. Буындасқан сүйектерді тартса, буын шамалы сырғи жылжып, бірінен-
бірінің алшақтағаны байқалады. Мысалы, саусақтарды созса, сыртылдаған дыбыс
естіледі.
Буынның қозғалуы буын бетінің пішініне тікелей байланысты. Оның
көлемі буын беттерінің бір-біріне қаншалықты кірігіп беттесуіне тєуелді
болады. Мысалы, егер буынның бетіндегі ойыстың кеңдік доғасы 1400-2100-қа
тең болса, онда қозғалу доғасы 700-ке тең болып шығады. Осыған орай, буын
беттері көлемінің айырмасы қаншалықты көп болса, қозғалу доғасы да (көлемі
де) соншалықты көп және керісінше.
Буындағы қозғалу көлемінің азаюына беттер көлемінің айырмашылдығынан
басқа, буындағы тежейтін байламдар, бұлшықеттер, сүйек дөңестері мен
өсінділері жєне т.б. әсер етеді. Бұлар әсіресе күш жұмсап, ауыр жүк
көтеретін жұмысшыларда жєне әр түрлі спорт түріне байланысты күшті
жетіледі. Мысалы, иық буынының қозғалу көлемі ауыр атлетикамен
шұғылданушылардан гөрі жеңіл атлетикашыларда үлкен болады. Буындардың
тежелуі күшейген сайын оның қозғалу көлемі кемиді, ондай буындарды қатты
(берік) буындар деп атайды.
Буынныњ әр түрлі дәрежеде қозғалуына буындағы шеміршек те әсер етеді.
Екі білік бойымен қозғалатын шықшыт буынында шеміршекті тегеріш
болғандықтан, үш түрлі қозғалыс болады.
Байламдардың орналасу заңдылықтары. Буын байлам арқылы берік болады.
Байламдар (ligamenta) буынның жұмысын ұстап жєне бағыттап тұрады, сондықтан
олар ұстайтын және бағыттайтын байламдар болып екіге бөлінеді. Адам
денесінде байламдар көп болғандықтан, оларды оқып жаттығу үшін байламдардың
орналасу заңдылығын білу қажет.
Байламдар (сіңірлер) буындағы қозғалысты буын бетінің біліктік
қозғалу бағытына лайықтап тұратындықтан, әрбір буындағы білік санына жєне
оның қарай орналасады: а) біліктің айналу бағытына перпендикуляр; ә)
көбінесе біліктің ұшына орналасады.
Байламдар буынның қозғалу жазықтығына бағытталып жатады. Мәселен,
саусақ сүйектеріндегі буындар маңдай білікті қозғататын болғандықтан,
олардың бғыттаушы байламдары екі бүйірінде (ligg. collateralia) жєне тік
орналасады, ал көп білікті жамбас ұршығының буынында байламдар әр түрлі
бағытта орналасқан.
Буындардың түрлері және пішіндері. Буындарды буын беттерінің санына,
пішініне және олардың қызметіне қарай жіктейді.
Буынды буын беттерінің санына қарай жіктеу. Жай буын (art. simplex)
кезінде сүйектер бір-бірімен екі буын беті арқылы ғана байланысты. Оған
саусақ сүйектерінің буындары мысал бола алады.
Күрделі буын (art. complexa) буынның қуысы шеміршек арқылы екіге
бөлінетіндіктен екі қуысты (камералы) буын деп аталады. Егер буындағы
шеміршек тегеріш тәрізді болса (шықшыт буындағыдай), буынның қуысы толық
бөлінеді, ал ондағы шеміршек жарты ай (төсем) тәрізді болса (тізе
буынындағыдай), буынның қуысы толық бөлінбейді.
Күрделі құрама буын атқаратын қызметі бірдей, дара-дара орналасқан
бірнеше буындардан түзіледі. Бұған екі шықшыт буындары, білек сүйектерінің
екі басындағы буындар, т.б. жатады. Аталған буындар жеке-жеке орналасса да
қозғалу қызметі барлығына ортақ келеді.

2.4. Буындардың пішіндері мен қызметтері.
Буынның қызметі оның қозғалу, айналу білігінің санына қарай анықталады.
Ал, буын қозғалу білігінің саны буын беттерінің пішініне тікелей қатынасты.
Мысалы, буын цилиндр пішінді болса, ондағы қозғалыс тек бір біліктің
бойымен ғана жүзеге асады. Мұндайда цилиндр тєрізді буын беті (жіліктің
басы) тік орналасса, қозғалыс тік білктің бойымен, ал ондай буынның беті
(жіліктің басы) көлденең жатса, онда көлденең біліктің бойымен қозғалатын
болады.
Буын шар пішінді болса, онда ол шардың шеңберінде сәйкес бірнеше
біліктің бойымен айналып, қозғалады. Сондықтан буындағы біліктің саны мен
буын беті пішінінің арасында тығыз байланыс бар. Қозғалу мүмкіндігі буын
бетінің пішініне қарай анықталады. Бұдан біз буын пішіні мен оның атқаратын
қызметі арасында диалектикалық негіз жатқанын көреміз. Осы негізге сүйене
отырып, буынның атқаратын қызметі мен қ ұрылысы бойынша топтарды талдауға
болады. Сүйектердің бір-бірімен түйісуі, жаңасуы, беттесуі, қабаттаса
байланысуына қарй буындардың пішіндері де сан алуан болады, атап айтқанда:
цилиндр тәрізді, шығыр тәрізді, ершік тәрізді, жұмыртқа тәрізді, шар
тәрізді және жазық пішінді болып келеді. Буындар пішіндеріне сәйкес білікті
айналыпғ. Сөйтіп, буындар қозғалу сипатына қарай бір білікті, екі білікті
және үш немесе көп білікті буындарға бөлінеді.
Бір білікті буындар – бір біліктің бойымен қозғалатын цилиндр және
шығыр тәрізді буындар.
Цилиндр тәрізді буын (art. trochoidea) – буындасушы беттері (сүйектің
басы) тік цилиндр тәрізді буындар. Буынның басын буын ойығы қаптайды. Білік
айналғанда буынның басы мен цилиндр қоса қимылдайды, яғни білік тіл
қалпында айналады (rotatio). Бұл білік буындарда сүйек білігінің
ұзындығында сай келіп, түзу жазықтықта жатады.
Шығыр буын (ginglymus) – цилиндр тәрізді буынның бір түрі
айырмашылығы сүйектердің біреуіндегі буындасушы бетте ойыс шұңқыр болады да
екінші сүйектің буын бетіндегі қырлы ұшы, өсіндісі ойысқа тіреліп, айналу
білігі сүйек білігіне жазықтықта тік орналасады. Сондықтан да мұндай буын
көлденең буын деп аталады. Бұл жағдайда осы біліктің бойымен буын жазылып-
бүгіліп қана қозғалады. Бұған саусақ буындарының қызметі мысал бола алады.
Шығыр буынының қозғалысын тек бір бағытта сақтап тұратын өзек қозғалу
білігіне тік орналаспай, шамалы бұрыш жасаса, онды буын қозғалған кезінде
бұрышқа қарай шамалы жылжиды. Мұндай буын айналма шығар буыны деп аталады.
Бұған шынтақ буынындағы тоқпан жілік пен шынтақ жілік арасындағы буынды
мысалға айтуға болады.
Буындағы байламдардың орналасу заңдылығы бойынша цилиндр тєрізді
буында бағыттаушы байламдар тік білікке, ал шығыр буында мањдайлыќ білікке
жєне солардың бүйірлеріне қарай орнығады. Байламдардыњ дєл осылай орналасуы
сүйектердің қозғалуына кедергі жасамайды, қайта сүйектерді белгілі қалыпта
ұстап тұруға жєрдемдеседі.
Екі білікті буындарға жұмыртқа тєрізді, ершік тәрізді және айдарша
тєрізді екі біліктің бойымен қозғалатын буындар жатады.
Жұмыртқа немесе эллипс тєрізді буын (art. ellipsoidea) бір сүйектің
буындасушы беті дөңес, екіншісінікі ойыс, буындасатын беттері эллипс
тәрізді болғандықтан осылай аталған. Қозғалыс өзара тік келген екі көлденең
біліктер арқылы жүзеге асады. Бұл білектердің біреуі сагитальды, екіншісі
маңдай жазықтықта жатады. Осыған орай буындасушы сүйектер маңдай білік
бойымен айналғанда буын бүгіліп жазылады, ал сагитальды білік бойымен
айналғанда сүйектерді алыстатып, жақындататын қозғалыс пайда болады. Бұл
шыбық сүйек пен білезік сүйектерінің арасындағы буынды жєне шүйде мен
ауызомыртқа арасындағы буындар.
Ершік тәрізді буын (art. sellares) екі ершік тәрізді буын беттерінің
бір-бірімен айқасып байланысуына негізделеді. Мұндай буындағы сүйектің басы
ұзына бойымен, ал екіншісі оған көлденең бағытта қозғалады. Сөйтіп, бұл
буында бір-біріне тік келетін маңдай біліктің бойымен (бүгілу және жазылу)
және сагитальды біліктің бойымен (алыстау және жақындау) қозғалыс жүзеге
асады. Білезік сүйектеріндегі көп бұрышты үлкен сүйек пен біінші орналасқан
алақан сүйегінің арасында осындай қозғалыс, соның нәтижесінде буындар
бүгіліп жазылып, алыстап-жақындап қозғалады. Екі білікті буындағы қозғалыс
бір біліктен екінші білікке ауысу арқылы айналма-шеңберлі түрде өтеді.
Айдарша буынды (art. condylaris) жұмыртқа тәрізді буынның бір түрі
деп қарауға болады. Буынның дөңес басы жұмыртқаға ұқсас айдаршалы
(condylus) болғандықтан да оны буын деп атайды. Буындасқан екінші сүйекте
айдарша тәрізді буын басына сүйектегі ойыс буын беті сәйкес келеді. Мұндай
буында қозғалыс маңдай біліктің жәрдемімен жүзеге асады. Айдарша буын шығыр
тәрізді буыннан жұмыртқа тәрізді буынға өтетін аралық буын.
Айдарша буынның шығыр тәрізді буыннан айырмашылығы – буын беттерінің
пішіндерінің бір-біріне ұқсамайтындығы. Сондықтан айдарша буын шығырдай
емес, екі білікті қозғалта алады. Ал, айдарша буынның жұмыртқа тәрізді
буыннан айырмашылығы – онда буын бастарының көптігі. Айдарша буындарда
көбінесе бір-біріне сагитальды орналасқан екі айдарша бар. Бұған тізе
буынындағы ортан жілік басындағы айдаршалардың бір буын қапшығында болуы
немесе ауызомыртқа мен шүйде буынындағыдай айдаршылардың жеке-жеке буын
қапшығында орнығуы мысал болады.
Айдарша буынындағы буын басқа кәдімгі жұмыртқа тәрізді
болмағандықтан, оның екінші білігі (тізе буынындағыдай) тік білікті болады.
Егер айдаршалар буын қапшықтарында жеке-жеке орналасса, ондай айдарша
буынға ұқсайды. Егер айдаршалар бір-біріне жақындасып, екі жері буылтықты
цилиндр (шығыр) тәрізді пішінде болады. Мұндай жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас сүйек қаңқасы
Бас сүйектері. Сүйектердің байланысу түрлері
Үлкен асықты жілік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы бар жіңішке түтікті сүйек
Бас сүйек жарақаттың хирургиялық анатомиясы
Омыртқалылар дене құрылысы
Бассүйектің ішкі негіздері
Құстар класын зерттеу
Бет пен жақ сүйектің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері
Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері
Бас сүйектерін жасына байланысты оқып білу
Пәндер