Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру 2-3

Жолдары

І. 1. Шығармалық жұмыстарға кең өріс 4-6

І. 2. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын

зерттеу 7-12

ІІ. Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында 13-16

ІІ. 1. Дарындылықты дамыту - ұстаз парызы 17-26

ІІ. 2. Шығармашылық ортада толерантты тұлға

қалыптастыру 27-31

Қорытынды 32

Кіріспе

Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық, және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Ожеговтың сөздігінде дарындылық "табиғаттан берілген ерекше қабілет " деп түсіндіріледі. Адами ойлау - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қысқасы, дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім келеді және шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Бүгінгі күні осы дарындылықты дамытудың нақты бір белгіленген бағыты, жүйеленген әдістемелері немесе тәсідері жоқ. Дегенмен, біздің мектепте бүл үрдіс төмендегі модул арқылы жүзеге асырылып келеді.

Жеке тұлға

Олимпиада резервтерін Оқушылардың ғылыми

Эрудиттер одағы

дайындау штабы қоғамы (ОҒҚ) “Ізденіс”

Жоғары оқу орнымен

байланыс

Әдістемелік бірлестік

Әдістемелік кеңес

Мектеп әкімшілігі

Мектеп оқушылар ғылыми қоғамының негізгі міндеті - сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстарды оқу-тәрбиелік үрдістерімен байланыстыра отырып ғылыми деңгейге көтеру. Оқушылардың ғылыми қоғамын құру үшін мектепте белгілі бір дәрежеде дайындық жұмысы өту керек: пәндік апталықтар, білгірлердің, эрудиттердің ойын байқауы, пәндік олимпиадалар, шығармашылық көрмесін, бейнелеу өнерінің көрмесін өткізу, әлеуметтік зерттеу арқылы қоғамдық мақсат бағдары мен балалардың қабілеттілігін анықтау. Түрлі шаралардың жеңімпаздары қоғамның негізгі мүшелері болып табылады. Осы іс-шаралардың барлығы дерлік мектебімізде өткізіледі. Атап айтқанда, ғылыми жобалар сайысына оқушылар жылда қатысып отырады.

Шығармашылықтық қиял - шығармашылық істің жан серігі. "Шығармашылық" дегеніміз - кісінің ерен іс-әрекетпен айналысу нөтижесінде жаңадан, бұрын соңды болмаған, қоғамға аса қажетті туындылар жасауы. Шығармашылық қызмет - "инемен құдық қазғандай" еңбек. Мұны ақын-жазушылардың, инженер-конструкторлардың, ғалымдардың лабораториясынан жаксы байқауға болады. Мәселен, олар бір жазғанын қайта-қайта өңдеп, оны сан рет көшіріп жазады. В. В. Маяковский айтқандай, ақындар - миллион сөздің ішінен жалғыз-ақ сөз таңдап, өмір-бақи қажымай-талмай, ерен еңбек ететін жандар. Әрине, бейнеті көп жұмысты сүймейтін, бүгінгісін ертеңге қалдыратын, жалқау, еріншек адамдардан шығармашылықтық нөтиже күту қиын. Ғылыми жаңалықтарды ашуда, келелі мәселелерді шешуде адам өзінің бар рухани қуатын көздеген мақсатының төңірегіне шоғырландырады. Тек осындай жағдайда ғана адамда шабыт пайда болады. Орыстың ұлы музыканты П. И. Чайковский: "шабыт тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ" десе, ғұлама ғалым А. А. Богомолец: (1881-1946) "ол шығармашылықтың нақты құралы, сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқауы" дейді.

Шығармашылықтық шабыт жағдайында адамның ақыл-ой, сезім, қажыр-қайрат қуаттары барынша жоғары деңгейде болып, ол рухани күшті сарқа жұмсауды қажет етеді. Мұнда беріле қызығу мен әуестену, ынта мен талпыну ерекше орын алады. Іс-әрекеттің кез-келген саласында шығармашылықтық өрлеу үш сатыдан өтеді. Оның біріншісі - дайындық кезең деп аталады. Осы кезеңде мөселені күн төртібіне қойып, жорамал (гипотеза) жасау, зерттеудің методикасы мен тәсілдерін анықтау, деректі материалдарды жинастыра бастау керек. Екінші кезеңде жорамал төжірибе жүзінде сан рет тексерілсе, үшіншісінде - алынған нөтижелерді қорытып, елеп-екшеп, талдау кажет болады.


І. 1. Шығармалық жұмыстарға кең өріс

Адамның жеке дара қасиеттерінің бірі қабілет. Бұл іс әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелік. Қабілет басқа да жан қуаттары мен қасиеттері сияқты өмірмен іс-әрекет үстінде дамып, қалыптасып отырады. Қабілет дамуының табиғи негізін құрайтын жүйке санасының туа біткен белгілі нышандар жиынтығын - дарындылық деп атайды.

Кісінің қандай да болмасын бір істі жемісті орындауы тек қабілетке ғана байланысты емес, ол сондай-ақ адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағды және. тәжірибенің болуын қажет етеді. Баланың пәрменді түрде қызыққан іс-әрекеттерінен тыс қабілеттің қалыптасуы мүмкін емес. Қабілеттері жалпы (жалпы адам атаулыға ортақ), арнайы (іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойынша) және практикалық деп үш түрге бөлінеді.

Қабілеттілік табиғи нышанмен байланысты болғанымен негізінде еңбектің, қажырлы іс-әрекеттің нәтижесінде қапыптасады. Осыдан 200 жылдай бүрын Алманияда (Германияда) Ұстазы Кристиян Фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар бала (дарынды бала) "Кристиян Генрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті саясаты мен өлімі" деген кітап жарық көрді. Дарынды балалар жөнінде жазылған алғашқы кітап осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып Генрих суреттегі заттарды айырып атай білген.

Үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, арифметиканың төрт амалымен есеп шығаруды, көп ұзамай француз тілін меңгеріп, географиядан жақсы мәлімет алады, мыңнан астам латын мақалын біледі: Генрихтің даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады, бірақ сәби көп ұзамай төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болады.

Дарынды бала мәселесі жөнінде әлемдік психологияда жазылған еңбектерде жинақталған нақты деректер аз емес. Өкінішке орай оларды іздестіріп, тауып алу, сондай-ақ оқытып тәрбиелеу жағы қазақ жұртында бүгінге дейін жөнді көңіл бөлінбей келе жатқан мәселе. Қазақ мектептерінің жағдайында осы жайттың ойдағыдай жүзеге асуына оралғы болатын факторлары да жеткілікті. Ерекше қабілетті балаларға қамқорлык, жасалып жатқан қазіргі кезеңде республикадағы көптеген колледждер мен лицейлер негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны.

Әрине мұндай оқушылар ел болашағы, оның интеллектуалдық (ақыл-ой) қуатының баға жетпес резерві, сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу аса мәнді де адамгершілікті іс.

Дарындылық - адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс-әрекетінің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, арнаулы қабілеттердің ойдағыдай дамуының нәтижесі. Ерекше зейінділік, жинақылық, күрделі ақыл-ой жұмысына әрқашан да әзір тұру, еңбекке ұмтылудың табандылыққа ұласуы, демалыспен есептеспей, қажымай талмай еңбектену - да-рынды балалардың басты ерекшеліктері.

Бойкүйездік пен жалқаулыққа бой алдырмай қолайсыз жағдайда да жұмыс істей алу, әр істің соңына жеткізбей тынбайтын табандылық, ауыр еңбектен ләззат алу, әр нәрсені талдау мен жинақтай алуға ерекше икемділік, таным аясының кеңдігі, ойлау белсенділігінің аса түрақтылығы - ерекше балалардың өзін-өзі басқара алу қабілетінің басты көрсеткіші болып табылады. Әр жерден оқта-текте кездесіп қалатын дарынды балаларды ұстаздық қырағылықпен көре біліп, оны арнаулы оқу орындарында оқытып тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс.

Осындай басқыштан өткен оқушы міндетті түрде жоғарғы көрсеткішке жетеді.

Үйде де, түзде де дарынды баламен жұмыс жүргізетін тәлімгерлердің жан-жақты білімді, әсіресе бала жанын жазбай танитын сезімтал психолог болуы керек. Менің ғылыми жұмыс жүргізу барысындағы дарынды баламен жұмыс жүргізудегі міндетім:

  1. Мектеп бағдарламасын жанжақты меңгерту.
  2. Алған білімін ғылыми негіздеу.
  3. Ғылым негізі бойынша зерттеулер жүргізіп, шығармашылық жұмысын дамыту.

Дарындылықты ұйымдастырудың бағдарламасын жасап, мынандай басқыштар арқылы іске асырудамын:

  1. Оқушының шығармашылық дарындылығын өмірмен байланыстыра отырып, халықтык. педагогика элементтерін биология сабағында қолдану арқылы дамыту (5-7 сынып) .
  2. Затты немесе схеманы пайдалану арқылы баланың шығармашылық дарындылығын дамыту (8-сынып) .
  3. Оқушының танымдық қабілетін арттыру арқылы шығармашылық дарындылығын дамыту (9-сынып) .
  4. Оқушының шығармашылық дарындылығын ғылыми зерттеу жүмысымен ұштастыру.

Психологтер Д. Д. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулерінде оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымы оқу мақсаты және оқу әрекетінен тұрады. Олардың пікірінше, оқу үрдісін басқарушы бөліктер оқу пәндерін оқыту (мұғалімнің әрекеті) және оқу (оқушының әрекеті) өзара бірлесіп әрекеттескенде және терең ойланып өзара тәуелділікте болғанда ғана оқу сапасы артады, балалардың психикалық дамуы тиімді қамтамасыз етіледі.

Оқыту арқылы баланың танымын дамытудағы көзделетін басты мақсат - оларды тиісті білім қоры мен ғылыми мағлұматтарды саналы түрде меңгеруге баулу. Ал мұндай мақсатты білім беру үрдісімен шебер ұштастыра отырып жүзеге асыру үшін әдістемелік шеберлік қажет.

Біздің мектептегі шығармашылық-әдістемелік жұмыстың басты мақсаты - оқыту мен тәрбиелеу арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын білімді де білікті маман тәрбиелейтіндей бағыт-бағдар беру. Ал міндеттеріне оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, рухани байлықты дамытуға жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, т. б. кіреді.

Оқытудың жетілдірілген тиімді моделі мен инновациялық әдістер әдістемелік жұмыстардың мазмұнына айналған. Ол жұмыс түрлері мыналар:

  • педагогикалык. оқулар;
  • ғылыми-әдістемелік семинарлар;
  • кәсіби байқаулар;
  • шығармашылық есеп;
  • авторлык. кеңестер;
  • конференциялар;
  • олимпиадалар;
  • көрме;
  • іскерлік ойындар, т. т.

Соның негізінде ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашылықпен ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылып келеміз.

Басқару ісінде - оқушылардың білімдерін нәтижеге бағдарлап ұштауға, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін шындап, әртүрлі жағдайлар мен жағдаяттарға ыңғайлануына, бейімделуіне бағыттайтын тәжірибелік әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды және оқыту технологияларының бірнеше түрлерін (модульдік оқыту, дамыта оқыту, деңгейлік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, т. б. ) таныстыра отырып, оны оқу үрдісіне енгізуге шешім қабылданды. Таңдаулы, белгілі авторлардың жасаған дидактикалық моделдерін басшылыққа алып, өз тандауы бойынша тәжірибелі оқытушыларға бөлініп берілді. Бірінші сатыда тех-нологиялармен жан-жақты танысса, екінші сатыда әр топта әдістемелік жұмыс жабдықтарының барлық құрамдас бөліктері мен бағдарламаларын сараптап, олар-дың іс-тәжірибелері мен кәсіби шеберлігіне қарай қолданбалы бағдары жасалды. Ал үшінші сатыда оқытудың жоспарланған қорытындыларының барлық әдістемелік шарттарын меңгергенінен кейін, алдын-ала белгіленген топ мүшелерін қатыстыра отырып, тәжірибелік семинарлар өткізілді.

Оқытудың тиімді тәсілдерін тандап, осылай өмірге енгізу арқылы соңғы үш жылда төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздік.

І. 2. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын зерттеу

Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, қоршаған ортаға тез бейімделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілетін де қажет етеді. Қоғамның дарынды адамға мұқтаждығын қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Ал шығармашылық тұлғаның ерекшелігі неде?

Психологтер М. Парлов пен Л. Даттаның пікіріне сүйенетін болсақ, олар былай дейді: "Более творческие люди независимо от возраста направленности интересов отличались от остальных развитым чувством индивидуалыности, наличием спонтанных реакций, стремлением опираться на собственные силы, эмоциональной подвижностью, желанием работать самостоятельно и одновременно уверенностью в себе, уравновешанностью и напористостью" (И. С. Кан, "Психология ранней юности". М., 1998, 75-бет) .

Осындай шығармашылық қасиетті адам баласының бойына қалыптастыруда сөз өнерінің берері көп. Мектепте әдебиет сабағында өнер туындылары шебер насихатталғанмен, баланың өзі сөз өнерін пір тұтып, сол іспен өзі сүйіп айналыспаса, оның бойына сезім тазалығын, ой, тіл ұтқырлығын, қиял-сезім ұшқырлығын дарыту мүмкін емес. Сондықтан баланы балабақшадан бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі, сатылы түрде шығармашылыққа баулып, икемділігін дамытып отыру қажет.

Ол үшін түрлі дамытушы ойын түрлерін пайдалану өте тиімді.

Ойын - еңбек пен оқу тәрізді адам әрекетінің негізгі түрлерінің бірі. Ойын кезінде туындайтын жағдаяттарды шешу арқылы адам өз әрекетін басқарып, баға бере білуге үйренеді. Әрбір ойын шешуді қажет ететін жағдаяттардан тұрады. Ал олардың қиындық өрісі өте кең. Кейбір ойындарды 2-3 жасар балалар да ойнай алса, кейбіреулерін ересек адамдардың өздері де қиналып шешетін кездер кез-деседі. Сондықтан ойынға қызығу ұзақ жылдар бойына бәсеңдемейді.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үшін ойын үлгілерін ғана емес, сюжеттік-рөлдік ойындарды да пайдалануға болады.

Шығармашылықпен айналысуға тиімді деп мен орта буынды айтар едім. Оқушылардың бұл кезеңі ойлау үрдісінің ерекше стилі қалыптасатын, түрлі болжамдар, қорытындылар құруға, философиялық шарықтауға, қиял, романтикаға бой ұратын, шығармашылық күшін сынауға, өзін танытуға құштар болып келетін жас ерекшелігіне жатады. Олар бір зат пен екінші зат арасындағы үқсастықты тез байқап, үйлесімді байланыстыра біледі. Бүл кезеңде олар өлең, ертегі, әңгіме жазуға құштар болады. Ал біз мазмұндамадан басқа еш нәрсе жаздырмай қоямыз.

Ал жоғары сынып оқушылары есейеді, физиологиялық, психологиялық жағынан толығу жүреді. Ойы, сезімі тереңдейді. Бұлар лирикалық-публицистикалық шығармаларға, үлкен жанрларға қалам тартады. Осы кезде олардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне сай келетін, шығармашылық қабілеттерін толығынан пайдалануға мүмкіндік беретін іскерлік ойын түрлерін ұйымдастыру қажет. Әрине, осы үш топтың ішіндегі ең шығармашылық мүмкіндігі мол жас - орта буын. Сондықтан орта буынның шығармашылық дамуын дұрыстап бағыттап отыру қажет. Өйтпесе, жоғары сыныпқа келгенде көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп қалады. Орта буындағы оқушыларды сөз өнеріне, шығармашылыққа баулуда мынадай қорытындыға келдім:

  • оқушыларға үнемі шығармашылық тапсырмалар беріп, жаттығу, іскерлік ойын түрлерін үсынып отыру қажет;
  • шығармашылық-іскерлік ойын, жаттығу түрлері олардың жас ерекшеліктеріне, қызығуына үйлесуі қажет.

Ойлау әрекетін шығармашылықпен байланысты зерттеу мәселесі ешқашан да өз мәнін жоймайды. Ойлау әрекетін алғаш зерттеген зерттеу жұмыстары оны озық үрдіс ретінде қарастырып, шығармашылықтың ерекшелігін табудың ғылыми-психологиялық әдістерін іздеумен байланысты болды. Осыған байланысты ойлау-дың шығармашылық ерекшелігін анықтайтын теориялық зерттеу пәніне сәйкес абстаркциялар жүйесін кұру қажет.

Шығармашылық үрдістің өту динамикасы феномендері («байкау және қателесу», «алғашқы ойлардың ыдырауы», «шығармашылық азабы», «инсайт») шығармашылық, ойлауды зерттеу мәселесінің негізгі өзегі болды. Психологияда кептеген зерттеулер шығармашылық, үрдістің сатылы екенін көрсеткенімен, оларды ойлаудың психологиялық механизмдерінен бөлек қарастырды. Сондай-ақ гештальтпсихологияда ойлаудың ішкі механизмдерін ашу талпыныстары шығармашылық үрдістің динамикасын инсайтпен ұқсастыруға әкелді.

Шығармашылық ойлау жайлы жаңа зерттеулер ақпараттарды қайта өңдеудің әр түрлі деңгейлерімен сипатталатын когнитивті процестерді ұйымдастыру мәселесін бірінші орынға қояды (П. Линдсей, Д. Норман, У. Найссер, У . Рейтман т. б. ) . Дәстүрлі «байқау-қателесу» бағытын абсолютизациялау шығармашылық ізденістің мәнін жояды, продуктивті ойлау мен репродуктивті ойлаудың, адамның ойлау әрекеті мен жасанды интеллект арасындағы айырмашылықты жоюға әкеледі. Осы бағытқа қарама-қарсы жаңа бір бағыт метакогнитивті процестерді зерттеу бар, ол рефлексия-ның реттеуші қызметін басшылықка алады.

Ойлау жүйесіндегі алғырлық мазмұнды қозғалысты мағыналы реттеу сипатымен анықталады. Шығармашылық ойлау мәселесі өте аз зерттелінген. Шығармашылықтың ерекшелігі креативтілікті зерттеу бағыттарында сақталған, мұнда ойлаудың сатылы екендігі тірек болады. Адамның ерекше қабілеті, яғни жаңа, тың идеяларды ойлауы, мәселені тез шешуі, дәстүрлі схемадан ауытқуын адаптивтілік қабілеті немесе оны креативтілік (шығармашылық кабілет) деп атайды. Креативтілік - кабілеттілікті анықтайтын ойлау мен жеке бастың сапа жиынтығы. Креативтіліктің бір компонентіне адамның дивергентті ойлауға қабілеттілігі жатады.

Креативтілікті зерттеуде оның негізгі 4 аспектісін баса айтады: креативті үрдіс, креативті өнім, креативті жеке адам және креативті орта. Креативтілікті ойлау терминінде көп қолданады, мәселен, шығармашылық, ойлау рдісінде қиындық-тарды сезіну, болжамдар кұру, гипотезаларды тұжырымдау, нәтижелерді тексеру және жалпылау деп түсіндіреді.

Ойлаудың кейбір түрлері шығармашылық инсайт үрдісінде маңызды болып саналады. Мұнда күрделі аналитикалық мәселені шешуге қабілеті бар адамдарды бағалау үшін ойлаудың екі механизмі беріледі. Біріншісі - янусиандық ойлау үрдістері, екіншісі күрделі мәселелерді шешуге қажетті идеяларды жүзеге асыруға кабілеттілік. Янусиаңдық ойлау бір мезгілде екі қарама қарсы нәрсені ойлай алуға қабілеттілік, соның арқасында объектіге деген бір біріне сәйкес келмейтін көзқарастарды қатар ойлау (А. Ротгенберг) . Ойлаудың осы типі ғылыми теорияларды жасау үрдісіне тән. Янусиандық, ойлауды анықтайтын тест қорытындылары бойынша осы қабілетке ие адамдардың басым көпшілігі өнер мен ғылымда инсайтқа қабілетті болатындығын көрсеткен. Жоғарғы креативті адамдар жоғарғы янусиандық интеллект байқатады.

Осы бағытқа жақын келетін тағы бір зерттеу, креативтілікті инсайт деп қарастыру («ага-реакция») - синтезделген ойлау актісі, соның нәтижесінде жаңа ассоцациялар, идеялар, ойлар, фактілер пайда болады (Е. П. Торранс) . Торранстың пікірінше, креативтілік ойлау үрдісінің жоғары деңгейі.

Шығармашылық зерттеуді Ф. Гальтон бастаған. Ол интеллекттуалды дарындылықпен байланысты зерттеулер жүргізген. Осы мәселені Х. Гарднер де зерттеген. Ол креа-тивтілікті интеллектінің бір түрі, шығармашылық жетістік түрінде бейнелейді.

Дарынды да талантгы балаларды іріктеу, оқыту және тәрбиелеу қазіргі кездегі білім берудің ең өзекті мәселесі болып табылады. Оны шешу үшін әр жастағы балалардың дарындылығын көрсететін психодиагностиканың сенімді және тексерілген әдістемелері керек. Баланың шығармашылық әлуеті мен оқудағы дамуының келесі деңгейінің өлшемдерін бағалайтын диагностикалық әдістемелерін (тесттерін) іріктеу мен пайдалану, әдетте, дарынның дамуы, құрылымы мен табиғатын теориялық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.

Осыған дейін шығармашылықты пайдалануды тек оныц өнімі-жаңаны жарыққа шығаруымен ғана түсіндіруге болады. Бұл проблеманы шешудің тәсілін Дж. Гилфорд ұсынған.

Дарындылықты өлшеудін жаңадан жасалған диагностикалық әдістемелеріне А. Бине. Т. Симонның, X. Мюнстербергтің және Г. И. Россолимоның тесттері көп көмегін тигізді. Ж. Пиаже, Г. Айзенк, Дж. Гилфорд, Дж. Равен тесттері жасалды; көптеген тесттер алғашқыда ми дамуын зерттейтін диагносика әдістері ретінде өмірге келді.

Дарындылықтың теориялық концепциясына сәйкес дарын мен оның дамуы баланың шығармашылық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Сондыктан да диагностика әдістері шығармашылық әлует пен оның дамуы және жүзеге асырылу мүмкіндіктерінің жолын көрсетулері керек. Шығармашылық дарынды (креативтілікті) зерттеуге арналған диагностика әдістерінің ішінде танылған және әлемге кең таралғаны 1966 жылы жарық көрген П. Торренстің шығармашылық ойлау тесттері (Тоггапсе Теst Creative Thinking-ТТСТ) болып табылады.

Жарық көргеннен бастап-ақ ТТСТ көптеген зерттеу жобалары мен лонгитюдті зерттеулерде кең пайдаланылып, солардың нәтижесінде бұл әдістеме мазмұны мен қолдануынан да, алынған мәліметті іріктеу жағынан да жақсарды. Бұл әдістеме тек АҚШ-та ғана емес, сонымен қатар Германия мен Үндістанда, Норвегия, Италия, Қытай, Жапонияда да кең қолдана бастады. Біздің елде тек белгілі бір зерттеу мәселелерін шешуге көмек беретін тесттік тапсырмалардың өзгеше түрлері қолданылды. Алайда Торренстің тесттерін жалпыға ортақ стандарт ретінде дарынның дамуы мен диагностика әдістерін жасауда пайдалануға әбден болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Математика пәні мұғалімі
Қазіргі кезде білім беру парадигмасы
Дарынды балаларды анықтау
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz