Пойыздардың жүру кестесінің көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Жол бөлімі учаскелерінің техникалық-пайдаланымдық мінездемесі
2. Бекет аралықтарының және пакеттегі аралық есебі
3. Бір бөлімшелі учаскенің өткізу мүмкіндігін есептеу
4. Учаскенің жергілікті жұмысын ұйымдастырудың тиімді нұсқаларын анықтау.
Жергілікті жұмыстың кесте-жоспарына түсініктеме
5. Пойыздардың жүру кестесіне түсініктеме
6. Пойыздардың жүру кестесінің көрсеткіштері
7. Еңбек қорғау мәселелері мен жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету
8. Темір жол учаскелерінің өткізу мүмкіндіктері мен есептесу әдістері

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Кез-келген мемлекет экономикасы дамыған темір жол көлігінсіз
жетістіктерге жетуі мүмкін емес. Себебі, темір жол халықтың және халық
шаруашылығының көліктік сұраныстарын ұдайы қанағаттандырып отырады.
Қазақстан темір жолдары – осы күнге дейін көлемді жүктерді тасымалдаау,
аймақ аралық экономикалық қарым-қатынастарды жүзеге асырудағы басты көлік
түрі болып табылады. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда темір жол көлігі
әлдеқайда бәсекеге қабілетті.
Темір жол көлігінің жолуашы және жүк тасымалдаудағы маңызы елдің
экономикалық және географиялық ерекшеліктерінен көрінеді:
- үлкен арқашықтық;
- өндірістің шоғырлануы мен жүк ағымының жоғары болуы;
- ішкі су жолдары желісінің орналасуы және т.б.
Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда темір жол көлігінің мынадай
артықшылықтары бар:
- жыл мезгілі, күн уағы, ауа райына тәуелсіз жұмыстың әрдайым
реттілігі;
- жүк тасымалдауда жоғары жылдамдық пен шектеусіз қашықтық;
- түрлі және көлемді жүктер мен көпшілік жолаушыларды тасымалдау
мүмкіншілігі;
- тасымалдаудың салыстырмалы түрде өзіндік құнының төмендігі;
- еліміздің кез-келген ауданында және кез-келген бағытта жол салу
мүмкіндігі;
Темір жол ауыл шаруашылық және өндіріс өнімдерінің айналымын, құрылыс
пен өндірістік кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін, халықтың жол жүруге
байланысты сұраныстарын қамтамасыз етеді, сонымен қатар шет елдермен қарым-
қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта көлік жұмысының сапасына, технологиялық үрдістердің
деңгейіне, пойыздардың жүру кестесіне, тасымалдау үрдісінің
ұйымдастырушылық, ақпараттық, математикалық қамтамасыздығына қойылатын
талаптар көлемі ұлғайды.

Тасымалдау үрдісі жол бөлімінің пайдалану жұмыстарының негізі болып
табылады.
Тасымалдау бөлімі учаскелеріндегі ұйымдастыру жұмыстары
тақырыбындағы курстық жобаны жазу барысында пойыздардың жүру кестесіне,
учаскелердің жергілікті жұмыстарына түсініктеме беріліп, тасымалдау үрдісін
басқарудағы жол бөлімінің негізгі қызметі, пойыздардың жүру кестесіне ТПЕ
қойылатын талаптары көрсетіледі.
Тәуліктік кесте-жоспар бұл – бекеттерде орындалатын барлық
операциялардың кескіндері белгіленген, көрсетілген құжат.
Тәуліктік кесте-жоспардың маңызы: жұмыстың оңтайлы технологиясы,
ұйымдастырушылық-технологиялық іс-шаралардың орындалуы, жұмыстың нақты
шарттары мен ұтымды шарттарын салыстыру.
Қозғалыс кестесі төмендегідей қызметтерді қамтамасыз етуі керек:
1) Жолаушы және жүк тасымалдау жоспарының орындалуы;
2) Пойыздардың қауіпсіз қозғалысы;
3) Қозғалмалы құрамды тиімді пайдалану;
4) Қосымша учаскелер мен бекеттер жұмысының келісімділігі және олардың
өткізу мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
5) Локомотив бригадалары үздіксіз жұмысының бекітілген ұзақтылығының
сақталуы;
Тәуліктік кесте-жоспарды құру үшін қажет:
1) кестенің мазмұны;
2) құрылым тәртібі;
3) шығыс мәліметтер;

Мазмұны:
1) кесте – жебешелі аудару туралы мәліметтер, бақтағы жолдардың саны,
реттеу қондырғыларының бар-жоғы, маневрлі локомотивтердің, жүк
қондырғылары мен көтеру жолдарының болу;
2) сағаттық кесте (24 сағат);
3) шартты белгілер;
4) орындалатын операцияларға кететін уақыт өлшемі;
5) бекеттегі барлық өндірістік операциялардың орындалу тәртібі;

Құрылым тәртібі:
1) бекет сызбасын таңдау;
2) кестені ресімдеу;
3) пойыздардың келу кестесінің сараптамасы;
4) барлық бағыттан пойыздарды қабылдаудың графикалық кесімі;

1. Жол бөлімінің мінездемесі

Жол бөлімі темір жол көлігінің негізгі желілік кәсіпорны болып
табылады. Жол бөлімінің негізгі қызметтері:
- бөлімдер және оған бағынышты кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша өнімдік-
қаржылық жоспардың орындалуын қамтамасыз ету;
- жолаушы, жүк және пошта тасымалын қамтамасыз ету;
- пойыздар мен бекеттерде жолаушыларға мәдениетті түрде қызмет көрсетуді
ұйымдастыру;
- пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыру;
- апаттар мен сапасыздықтың алдын алу шараларын жүргізу;
- темір жол көлігі қызметтерін пайдаланушы адамдардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
- ғылыми-техникалық даму мен еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы негізінде
жұмыстың жоғары және техникалық-экономикалық көрсетккіштері
жетістіктеріне қол жеткізу;
Жол бөлімінің маңызды қызметтері:
- өндіріс технологияларын іске асыру, өндіріс үрдістерін кешенді
дағдыландыру және тетіктендіру;
- жаңа техника мен АБЖ енгізу үшін технологиялық дайындықтарды
ұйымдастыру;
- тасымалға қатысатын барлық кәсіпорындардың өзара іс-әрекетін айқын
қамтамасыз ету;
- кесте бойынша қозғалсты ұйымдастыру, пайдалану жұмыстары мен көліктің
техникалық жабдықтарын қолдануда жоғары жетістіктерге жету;
- тасымалдау бағыттарын дамыту, бекет және жерасты жолдары жұмыстарын
ұйымдастыру;
- жүктік және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру, тасымалданушы жүктің
сақталуы мен уақытында тиісті жеріне жеткізілуін қамтамасыз ету;
- контейнерлік және пакеттік тасымалды дамыту, техникалық жабдықтарды
дұрыс күйінде ұстау, сақтау;

2. Бекет және пойыз аралықтарын есептеу.

Е – К және Е – Д учаскелері үшін бекет және пойыз аралықтарын есептеу
белгіленеді.

1. Е – К учаскесі үшін бекет аралығын есептеу.
Е – К учаскесінің есебіне енеді:
1. Қарсы бағыттағы пойыздардың әркелкі уақытта келу аралығы;
2. Жошыбай ілесу аралығы;
3. Қиылысу аралығы;
Осы аралықтардың әрқайсысын есептегенде:
- бекет аралықтарының анықтамасы келтіріледі;
- аралықтардың графикалық кесімдері беріледі;
- алғышқы пойыз келген кездегі пойыздардың орналасу сызбасы сызылады;
- аралықтағы кесте операциясы құрылады;

2. Е – Д учаскесі үшін пойыз аралығын есептеу
Пойыз аралығын – пакеттегі аралықты есептеуде:
- пойыз аралығына анықтама беру қажет;
- үш блок-учаскелермен ара жіктенген кезде пойыздарды орналастыру
сызбасын сызу;
- бекет арқылы пойыздардың ілесуі кезінде пойыздардың орналасу сызбасын
сызу;

3. Бөлім учаскелерінің өткізу мүмкіндігін есептеу

Темір жол желісінің өткізу мүмкіндігі деп, жан-жақты техникалық
жабдықталған және пойыздардың бір жүйегі келтірілген қозғалыс кестесі бар
желі бойымен белгіленген салмақтағы пойыздардың немесе пойыздар жұбының бір
тәулік ішінде өтуге тиіс санын айтамыз.
Өткізу мүмкіндігі темір жол желісінің тасымалдау қуаттылығын
белгілейді және жолаушы пойыздарының берілген көлемін жүк тоннасымен,
телеген (вагон) санымен айқындалады.
Жолаушылардың қозғалысы үшін арналған учаскелердің өткізу
мүмкіндіктерін жолаушы тасымалдау пойыздарымен есептейді (қала маңындағы
аймақтар үшін бір сағат ішінде келетін пойыздар санымен есептеледі).
Паралель және паралель емес кестелердің де өткізу мүмкіндігі
есептеледі. Кесте түрлері, типтері (жұп, тақ, пакетті, жартылай пакетті
т.б) жүк қозғалысының өлшемдерімен және кері бағытта күтілетін тасымалдың
көлемімен анықталады. Аранайы тапсырыс болған жағдайда, аталған учаскеде
қолданылуы тиіс кез-келген кесте типі үшін өткізу мүмкіндігі белгіленеді.
Темір жол желілері өткізу мүмкіндіктерін қозғалыс өлшемі бірдей мынадай
түрлерге бөледі:қолма-қол, жобалық, қажетті.
1) Қолма-қол өткізу мүмкіндігі деп - іргелі жөндеу жұмыстарын қажет
етпейтін техникалық жабдықталған учаскеде іске асатын өткізу мүкіндігін
айтамыз.
2) Жобалық өткізу мүмккіндігі деп – техникалық жабдықтау бойынша құрылыс
жұмыстары немесе қайта жаңарту (реконструкция) шаралары күшейтілген
учаскеде іске асатын өткізу мүмкіндігін айтамыз.
3) Ал, қажетті өткізу мүмкіндігі деп - әр нақты бағытқа мемлекеттік
түсініктермен белгіленген, жолаушы және жүк тасымалдаушы пойыздар
ағынының резервті есебін өткізе алатын учаскеде жүзеге асатын өткізу
мүмкіндігін айтамыз.

Телеген (вагон) ағынын ұйымдастыру

Қозғалысты ұйымдастырудың негізгі мақсаттарының бірі – темір жол
бағыттарымен тиімді қозғалу тәртібі бекітілген, пойыздардың бір нысанға
келуі жүйеленген, телеген (вагон) ағынын дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Бұл мәселенің шешімі жүктік, учаскелік және іріктеу бекеттерінде пойыздарды
арнайы нысанаға келтіру, қалыптастыруға және тасымалдау бағытына
негізделеді. Бұл мәселенің - жүк жеткізу жылдамдығын көбейтудің бірінші
тәсілі, телегендердің тиімсіз тұрып қалуын болдырмай, телеген ағынының
көпбағыттылығын, телегендердің өнімділігін арттыру қажет. Алыс сапарға
арналған бағытты пойыздардың жиналуына уақыт кетірмейтін жүк арту
пункттерінде жөнелту және сатылы бағыттарды ұйымдастырудың тиімді түрлерін
мейілінше дамыту. Жүк арту орнынан қозғалған бағытты пойыздарға тіркелмеген
телеген ағынының бөлігі - жөнелту бағытында жүк түсіру пунктіне дейін
емес, тарату пунктіне дейін іріктеу, учаскелік бекеттерде арнайы пойыздар
ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар пойыздврдың тұрып қалуын азайту
амалдарын, оларды толық және жедел түрде келісілген бекеттерге жеткізу,
пойыздар тобын құру және т.б. кеңінен қолдану қажет.
Жол желісінде 7100-ден астам жүк қабылдау және жүк жөнелту бекеттері
бар. Осы бекеттердің біреуінде жүктелген телегендер түрлі жүк түсіру
пунктеріне жөнелтіледі. Егер бұл телегендерді пойыздарға жүйесіз тіркесе,
көптеген бекеттерде олардың қозғалысын қайта қалыптастырып отыру қажет, ал
бұл - телегендердің бөгелуіне және маневрлі (орын ауыстыру) құралдарының
шығынына әкеп соқтырады. Бірақ жүк түсіретін бекетке баратын пойыздардың
әрқайсысына телеген тіркеу керек. Көп жағдайларда телеген саны өте аз
болса, енді бірде шектен асып кетеді, ал енді бір жағдайларда телегендерді
жинау үшін жол болмай жатады, сондықтан жүк түсіретін бір бекетке
бағытталған пойызға тіркелмейтін телегендерден бірнеше бекеттер мен белгілі
бір аудан желілеріне бағытталған пойыздарды қалыптастырады.
Телеген (вагон) ағындарын ұйымдастыру жүйесі

Телеген ағынын ұйымдастыру жүйесі тиімді жолдар және олардың желі
бағытымен сәйкес келуін, техникалық бекеттер мен жүк арту бекеттерінде
түрлі мақсаттағы телегндерді тіркеу тәртібін қарастырады. ҚР темір жолында
телеген ағынын ұйымдастыру үшін әрбір бекет пойыздарын қалыптастыратын
немесе пойыз бағытталған жүк түсіру бекетінің қалыптастыру жоспары болу
керек. Іріктеу бекетінің жұмыс көлемі, қозғалыс құрамының және көліктің
техникалық құралдарын қолданудың технологиясы мен көрсеткіштері телеген
ағынының ұйымдасуына байланысты.
Пойыздардағы телеген ағынын ұйымдастырудың тиімді нұсқаларын таңдауда,
яғни желі бағытымен телеген ағынының қозғалысы мәселелерін шешуде,
бекеттердің қуаттылығы мен техникалық құралдарын ескеру және контейнерлерді
өңдеу жұмыстарын ірі іріктеу бекеттерінде тұрақтандыру, сонымен қатар
техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пойыздардың жүру кестесіне түсініктеме
Пойыздарды локомативтер және маневрлік құрамдардың маршруты
Пойыздарды өңдеудің технологиялық кестелері
Жолаушылар теміржол станциясының сипаттамасы
Станцияның эксплуатациялық жұмысының мінездемесі
Учаскелік стансаның технологиялық процесі
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша тәжірибе есебі
22 нұсқа бойынша пойыздар қозғалысының графигі
Алматы метрополитеніндегі жаңа технология және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Пойыздардың түрлері және вагондарды нөмiрлеудiң ережесi
Пәндер