Фирма және кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Фирма және кәсіпкерлік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 3
I ТАРАУ. ФИРМА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ.
4 ФИРМА ТЕОРИЯСЫ. ФИРМАНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
5 ФИРМАНЫҢ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7
6 МЕНЕДЖМЕНТ - ФИРМАНЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
7 ФИРМАНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ АГЕНТІ . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУ.
2.1. ЛИЗИНГ – КӘСІПКЕРЛІК ІСТІҢ АЙРЫҚША ТҮРІ . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .19
2.2. КӘСІПКЕР - ЕЛІМІЗДЕГІ САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ
ТІРЕГІ . . . . . . . . . . 21
2.3. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУ . . . . . . . . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін
кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік
экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың
кепілі. Сондақтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген
мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте
маңыздылығын дәлелдейді.Қазақстан Республикасы Конституциясында
былай деп жазылған: Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігене, өз
мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік үшін еркін пайдалануға құқығы
бар. Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек,
өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы
факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш
бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір
мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.Жалпы
өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық
және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйеді.
Себебі кәсіпкерлік халықтың әлауқатын арттырумен қатар, қосымша
жұмыс орындарының басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары
оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына
жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп
қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын
толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіперліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы
келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық
жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс
өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар
жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады. Олар
ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын
қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді.
Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокер, маклерлік, делдалдық,
жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен
қамтамасыз етіліп белсенді рөл атқарады. Кәсіпкерлердің өздеріне
ғана тән ерекше этикасы және дүние танымы бар бұл жағдайға қарап,
біз кәсіпкерліктің ерекше бір философиясы бар екенін айтуымызға
болады. Кәсіпкерлік философиясының негізі тұрақты болып келеді.
Себебі қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп тұрады, ал
нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз. Кәсіпкер әрқашанда
анықталмаған жағдайда қызмет жасайды. Әр нәрсе, әр тенденсия мәңгі
болмайтындықтан нарық субъетілерін мінез-құлқы әрқашанда өзгермелі.
Егер кәсіпкер экономикалық, саяси, технологиялық, әлеуметтік ортаға
бейімделе алмаса, онда оның орнын басқа кәсіпкер басады. Кәсіпкер
арқашанда күтпеген жағдайларға дайын болуы керек, оларды болжай
алуы қажет. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі
мақсаты әлеуметтік проблема – халықтың өмірін жақсарту проблемасын
шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы тұтынушыға қызмет ету
режиміне ауыстыру қажет. Әлімдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл
мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді.
Оның негізгі белгілері: батыл бастама толық еркіндік пен жауап
іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау мәселелерін
талдау.
І ТАРАУ. ФИРМА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ.
3 ФИРМА ТЕОРИЯСЫ. ФИРМАНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ.
Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу
принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындардың айырманың көп
болуы. Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-
әрекеттерінің критерия – барынша көп пайда табу болады.
Қысқа мерзімдегі фирамның өндірісте пайдаланатын
құрылыстарының жалпы көлемін және машиналар мен жабдықтардың
көлемін өзгертуге жетімсіз болатын уақыт мерзімі жатады. Осы
мерзімде олар өндіріс көлімінің өзгерісінің ізімен өзгеріп
отрырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа
факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар
өзгермелі деп аталады.
Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа
ғимарат салып алу мүмкін емес, бірақ қосымша материалдар сатып
алуға, немесе, жаңа жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.
Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына,
технологияға, басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна
өндірісінде қысқа мерзім өзінше ұзақ болса, балмұздақ
өндірісінде ол өте аз болады.
Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне
байланысты, фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының
қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін, уақыт мерзімі жатады.
Ұзақ мерзімде фирма барлық өндіріс факторларының көлемін
өзгерте алады. Бұлардың барлыға өзгермелі болады. Бұл мерзімде
фирма факторлады келісімді түрде қиыстыруға тырысады,
шығарылатын өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шыңындардың
барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен, немесе, керісінше
алмастырып отырады.
Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға
бәсеке формасы ықпал жасайды. Енді фирманың жетілген бәсеке
жағдайындаға рационалды іс-қимылына назар аударайық. Фирманың
мақсатын – баға мен шығындардың ара алшақтығын барынша көтеруді
естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирма өздері
өндіретін өнімде бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы
нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының бір-біріне
әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз өнімдерінің
бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айырылады, олар
бұның бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін
төмендейді. Фирма бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының
көлемі, осы кәсіпорындағы технологиямен болжамдалады. Барынша
мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек өндіріс
көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол
пайда алу үшін фирма қанша өнім өндіріп сату керек?
Бұған жауап алу үшін өнімнің нарықтық бағасы мен фирманың шекті
шығындарын салыстару қажет.
Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш, т. б. бірлікке өсіріп
отырса, онда келесі
бірліктің әрбіреуі (айтайық, жаңа орындықтың әр біреуі) жалпы табысқа
да және жалпы шығындарға да бірдеме қосып отырады. Осы бірдеме -
шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық
болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның
жалпы шығындарға қосқанына артық болады.
Осыған байланысты шекті табыстармен (MR-marginal revenue) шекті
шығындардың (МС – marginal costs) айырымы, яғни пайда, (Р2 – provit)
өседі:
P2 = MR – MC
Шекті шығындар шекті табыстардан жоғары болғанда, керісінше болады.
Қорытынды: баға (Р) және шекті шығындар (MC) тең болғанда жалпы
пайда барынша көп болады:
P = MC
Егер Р MC болса, өндірісті кеңейту қажет. Егер Р MC болса,
өндірісті азайту қажет.
Нәтижесінде жетілген бәсеке нарығында, фирма өзінің өндірісін
шекті шығындары бағамен теңескен нүктеге дейін кеңейтеді. Осы нүктеде
фирма өндірістің оптималдық дәрежесіне жетеді және тепе-теңдік
жағдайға ие болады.
Графикте өндірістің оптималдық мөлшері, фирма өніміне сұраныс
қисығы мен шекті шығындар қисығына қиылысуымен анықталады:
баға P1 болғанда бұл Q1
баға P2 болғанда бұл Q2
баға P3 болғанда бұл Q3
Өндіріс көлемі оптималдық жоғары, немесе, төмен болса, пайда
барынша көп болудан төмен болады.
Сөйтіп, фирмаға барынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемінің
жалғыз ғана мағынасы бар. Осы ереженің – паданың барынша көп
болуының – тек бір фирма үшін ғана емес, барлық экономика үшін
ақиқаттығы күмәнсіз.
Қорытынды: тауар өндірудегі шекті шығындар мен солардың
теңескенде, ресурстарды пайдалануда экономика барынша жоғары
тиімділікке жетеді.
Ұзақ мерзімдегі фирманың және саланың тепе-теңдік
мәселелері, қысқа мерзімдегіден өзгеше болады. Егер фирма
өнімнің белгілі көлемін ұзақ мерзімде барынша төмен орташа
шығындар жұмсап өндірсе, онда осындай болмыста баға шекті
шығындарға тең болғандықтан тепе-теңдік пайда болады.
Мәселе мынада: фирманың барынша төмен орта шығындары,
нарықта қалыптасқан бағалардан жоғары болса, кейбір фирмалар
нарықтан шығады, саладығы ұсыныс азаяды. Бұл жағдай бағаны
көтереді.
1.2 ФИРМАНЫҢ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ.
Егер фирманың орташа шығындарының барынша азы нарықтық бағадан
төмен болса, онда саладағы барлық фирмалар үстеме пайда алады. Бұл
басқа фирмалардың осы салаға келуіне стимул болады. Нәтижесінде
салалық ұсынс көбейеді, ал баға төмендейді.
Жетілмеген бәсеке жағдаындағы фирманың рационалдық іс-қимылында
кейбір ерекшеліктер болады.
Жетілмеген бәсеке нарығында өндіруші (фирма) өзінің өнімдерінің
бағасына ықпал ете алады. Егер жетілген бәсеке нарығында өнімнің
бірінен кейін бірі сатылған бірліктерден түсетеін қосымша табыс
тұрақты болып өзгермей, нарықтық бағаға тең болса, жетілмеген бәсеке
нарығында сатудығы көбеюі бағаны төмендетеді, ал бұл қосымша, немесе,
шекті табыстың төмендегіні болады (MR).
Фирмаға барынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемін анықтайтын
екі әдіс болады.
Бірінші әдәсте өндірістің әр көлеміндегі жалпы табыстар мен
жалпы шығындар салыстырылады.
Екінші әдісте өндірістің оптималдық көлемін табу үшін шекті
табыстар мен шекті шығындарды салыстыру керек.
Қорытынды: жетілмеген бәсеке жағдайнда барынаша көп пайда алу
үшін өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіруге байланысты шекті
шығындар осы өнім бірлігін сатудан түскен шекті табыстан төмен
болғанша, MR MC өндірісті кеңейте беру кереке, егер MR MC болса
өндірісті қысқарту керек, егер
MR = MC болса фирма барнша көп пайда табады.
Батыс экономикалық әдебиетіндегі фирма теориясы пайданы барынша
көбейту принципіне негізделген. Бірақ фирма әрекеттерінен басқа да
мотивация беру аз кездеспейді:
• Кейбіреулер фирманың мақсаты пайданы барынша көбейту емес, сату
көлемін көбейту дейді;
• Басқа концепция бойынша, американдық профессор Г. Саймонның
қанағаттандыру теориясы бойынша, фирма тек пайданың белгілі
дәрежесін көздейді, ал бұған жеткен соң, оны одан әрі қарай барынша
жоғарлату үшін әрекет етпейді.
С. Винтердің эволюцциялық теориясын дәлелдеуі бойынша,
фирмалар барынша көп пайда табуға тек талаптанады, бірақ оны таба
алмайды, тапқан болуы тек кездейсоқ жағдайда мүмкін болады.
Уақытқа (қысқа, немесе, ұзақ мерзімге сәйкес) және бәсеке
жағдайларына байланысты, фирма өзінің стратегиясын тұжырымдайды.
Стратегия – бұл фирманың негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен
міндеттерін таңдау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және
мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.
Стратегия екі типке бөлінеді:
• қорғаныстық;
• шабуылдық.
Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:
1. Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің
ғылыми – техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар
енгізуден туатын қауып – қатерліктерді азайтуға назар
аударылады. Фирма нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнім пайда
болуын күтіп отырады және ресурстарын ұқсас өнім, немесе, оның
прототипін (түп тұлға) өндіруге жұмылдырады.
2. Күту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің
ұйғарымы бойынша осы нарықтан кетуді жоспарлағанда, немесе,
басқа бәсекелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз
өндірісін жүргізу арқылы қолданады.
Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:
1. Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін
ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сынақ
жүргізуге пайдалантын балалық және венчурлік компанияға қаржымен
қолдау көрсетіледі.
2. Квотаны (шығаратын өнімнің санын) дифференциациялау стретегиясы.
Бұның мақсаты – жоғары пайданы сақтап, фирма үшін нарықтың
елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты
инвестициялар құрайды. Осының көмегімен фирма өз өнімнің бағасын
төмендетіп, оған тұтынушылық сұранысты өсіруді көздейді.
3. Инновациялық стратегия өнім мен қызметтермендің жаңалануын,
сонымен бірге негізгі қорлар өндірісінің жаңалануын және
инновацияларды жаңа өнімдер мен технологияға өнгізуді тілейді.
Инновациялар өнімдік және технологиялық болып бөлінеді.
Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын көтеру арқылы фирмаға
өз пайдасын барнша көбейтуге мүмкіндік береді.
Технологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік
құнын төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оны өзіндік
құнының өсуіне жол бермейді, пайданы барынша көбейтуге
көмектеседі.
4. Нарықтық қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы.
Бұл бағытты жүзеге асыру ғылыми – зерттеу жұмыстарын
жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік
тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдік – болжаумен және жоспармен
қарастырылған шығындардың немесе табыс түспеуінің ықтималдығы.
Тәуекелдіктің маңызды түрлері:
• өндірістік;
• коммерциялық;
• қаржылық;
• несиелік;
• проценттік.
Коммерциялық қатер – кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді
өткізумен байланысты процестерде туады.
Қаржылық қауып – қатер - қарызға алынған қаражттар мен кәсіп
орынның барлық қаржыларының арасындағы өзара байланыстан пайда
болады.
Несиелік қауып - қарыз алушанаң оны қайтара алмайтын
мүмкіндіктің болуымен байланысты.
Проценттік қауып – қатер – процент нормасын өсуіне байланысты,
құнды қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндігімен байланысты
болады.
Әдетте мынадай пікір қалыптасқан: қауып – қатер болу
мүмкіндігінің дәрежесі, осы іс-әрекеттерге қатынасатын адамдар санына
керісінше пропорционалды болады.
Қауып – қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру
компаниясы кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді.
Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады.
Сондықтан осындай тәуекелдіктің жөні бар деуге болады.
Сақтандырылмаған қауып-қатер (туекелдік) – фьючерстік келісім жасау
арқылы, хеджирлендірумен (жеткізуші, немесе сатып алушы бағалардығы
ұнамысз өзгерістерге ұшырау мүмкіндігінен сақтандарылады) және
нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандарылуға жатады.
Фьючерстік контракт деп тауарды кейін (болашақта) жеткізу туралы
келісімді айтады. Келісімді жасаған мерзімде екі жақ жеткізілетін
тауар бағасы туралы келіседі. Фьючерстік келісімдер көбінесе
хеджирленуді мақсат етеді – жеткізуші, немесе, сатып алушы, бағаның
ұнамсыз өзгеруі мүмкін болуынан сақтандырылады.
Фираманың қаржылары мен ресурсатары үнемдеуде қауып – қатер
факторының болуы өте зор стимул болып табылады.
Қауып – қатерді өлшеуге болады. Оны өлшеу үлгілерінің
статистикалық, эксперттік, есептеу – аналитикалық түрлері болады.
Статистикалық әдісте кәсіпкерліктің осы түрінде бұрын болған
шығындар статистикасы зерттеледі, шығындардың болып тұруының жиілігі
есепке алынады, сөйтіп, осы деректерге сүйене отырып, қауып-қатердің
ықтималдығы жорамалданады. Статистикалық әдіс мәліметтердің көп
болуын талап етеді.
Эксперттік әдіс мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің ой-
пікірлерін талдап есепке алуды тілейді.
Есептеу – аналитикалық әдіс математикалық тетіктер мен
тәсілдерді кең пайдалануға негізделіді.
Фирмалардың көбінде қауып-қатерлік мәселелерімен айналысатын
менеджер болады. Ол фирма қызметтерінің барысында қыуіп қатерлердің
болып қалу мүкіндігін зерттеп анықтайды, осы жағдайдағы оның салдарын
бағалап, сақтандырудың және өзін-өзі сақтандырудың түрін таңдайды.
Өзін-өзі сақтандыру ерекше резервтік қордың құрылуын талап
етеді. Сақтандырылатын барлық заттаң құны фирманың барлық заттық
және қаржылық көлемімен салыстырғанда, оның көлемі шағын болса,
онда сақтандыру келісімін жасаудың жөні бар.
1.3 МЕНЕДЖМЕНТ – ФИРМА БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ.
Нарықтық экономикада меджмент фирманы басқарудың негізгі
формасы болады. Менеждмент (ағалшынша менеджмент - басқару)
шешімдер қабылдап , оларды орнындауға бағытталған жүйе. Материалдық,
еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше
ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру көзделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкелліктің дамуымен
байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі иесінің
өкіліне – менеджерлерге көшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы
алып фирма қызметтерін ұймдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Менеджмент ХХ ғ. басында қалыптасқан. Осының негізін қалаушылар
американдық инженер Тэйлор және франциялық А. Файоль.
Өндірістің тиімділігін жағарлатуға мүмкіндік тудырған еңбекті
рационалдау мен оның қарқындылығын арттыру шарттарын ашқан Тэйлор
болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында
төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету
құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.
Фойоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету
(жүргізу), келістіру, бақылау.
Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау,
ұйымдастыру, мотивциялау, бақылау.
1. Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға
жетудің басты бағыттары мен құралдары анықтауды (белгілеуді) тілейді.
Бизнес – жоспар – жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты
және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма
дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты – басқарушыларға фирманың
жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады.
Бизнес-жоспарды – жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан
олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның
басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизне-жоспар 3-5 жылға
жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады.
• нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;
• өнімдік стратегия;
• өндірістік стратегия;
• фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы;
• қаржылық (экономикалық) стратегия.
Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың
жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді.
Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын
көбірек аударады.
Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік
стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша
рефератпен толықтырылады.
2. Ұйымдастыруға фирманың құрылымен құру және көзделген
мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара әсері мен
үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
3. Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын
оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық ғана емес,
психологиялық аспект орын алады.
4. Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен
нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметтеріне түзеу
енгізу жатады.
Басқарулық шешімдер қабылдау үшін фирманың экономикалық іс-
әрекеттерінің көрсеткіштеріне талдау жасаудың маңызы зор болады.
Көрсеткіштер жүйесінен мыналарды бөліп атауға болады:
• экономикалық потенциалдың көрсеткіштері;
• шаруашылық қызметтер нәтижесінің көрсеткіштері;
• фирманың төлем қабілетін сипаттайтын қаржы болмысының
көрсеткіштері.
Соңғысымен танысайық. Талдаумен маман-аудиторлар айналысады.
Кейде фирманың өз құрамында аудиторлар болады, бірақ көбінесе
олар сырттан шақырылады.
Олардың қызметі – фирманың нарықтық позицияларының
мықтылығы (сенімділігі, тұрақтылығы) туралы ресми қорытында
жасау.
Осы туралы мәлімет алуды қалаушылар:
• банктер – фирманың несиені өтеу қабілетін айқын білу үшін;
• партнерлер – фирманың өндірістік сауда операцияларының
тұрақтылығын айқындау мақсатымен;
• фирманың акцияларын сатып алушылар капитал нарығындағы фирманың
күнделік (ағымды) және болашақ (перспектива) жағдайы туралы
ақиқат мәлімет алу үшін.
Фирманың қаржы көрсеткіштерінің аса маңыздылары:
• қызметтегі капиталдың мөлшері. Бұл айналым капиталы мен ағымды
қарыздар сомасының айырмасына тең болады. Және фирманың несие
берушілерімен қатынасуға мықтылығын сипаттайды;
• акцияларды өтеу коэффиценті. Бұл фирманың құнды қағаздарына ақша
салымының сенімділігін, тұрақтығын сипаттайды. Коэффицент жоғары
болған сайын фирма облигацияларын сатып алу қауіпі төмен болыды.
• облигациялардан түсетін проценттік табыстың өтелу коэффиценті.
Бұл облигацияларды ұстаушыларға уәде бойынша осы облигациялардан
түсетін жылдық табыс жиынтығы мен осы табысты қамтамасыз ететін
түсімдердің арасындағы еселік қатынас. Бұл фирма
облигацияларының сенімделегін көрсетеді;
• акция әперетін табыс пен оның нарықтық бағасы арасындағы
сәйкестік;
• девиденттер төлеу коэфиценті;
• меншікті капиталдың рентабльдегі.
Фирманы басқару оның құралымының жасалуын талап етеді.
Құрылым деген басқарудың әр түрлі жәрежелері мен фирмалардың
бөлімшелері арасындағы тұрақты байланстар. Басқарудың әр дәрежесінде
өздеріне тән сұрақтар кешендері шешіліп отырады. Осы замандағы ірі
фирмаларда басқару жүйесі төрт сатыдан тұрады:
• директорлар кеңесі;
• президент, вице-президент, басқа басқарушылар;
• функционалдық штабтар мен қызметтер;
• орындаушылар.
Директорлар кеңесі – бас орган. Ол фирманың жалпы саясатын
белгілейді. Оны құрайтын 10-20 адам акционерлер жиналысында
сайланады.
Директорлар кеңесі мүшелерінің фирманың экономикалық,
қаржылық және құқықтық қызметтері үшін индивидуалдық және ұжымдық
жауапкершілігі болады.
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:
• өндірістік менеджмент;
• қаржы менеджменті;
• нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.
Өндірістік менеджмент белгілі көлемде белгіленген сапада,
келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жасап, тауарлар
өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылад.
Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын,
табыстардың мол болуын және шығындардың барынша аз болуын
қамтамасыз ететін қосылқы жүйе.
Нарықтық менеджмент – маркетинг – бұл нарыққа бағытталған
фирманың коммерциялық қызметтерін базқару болады. Меркетинг
(ағылшынша market - нарық) нарықтарды таңдау үшін, нарыққа
кірудің уақыты мен әдістері мен үшін, жаңа өнім жасалуы үшін,
тауарды нарықтағы жылжуы үшін, басты саясаты үшін жауапты болады.
1.4. ФИРМА НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ АГЕНТІ.
Фирма рыноктық экономиканың негізгі экономикалық агенті
болып табылады.
Фирма – бір немесе бірнеші кәсіпорындары бар және пайда алу
мақсатыныда тауар және қызмет өндіру өшін ресурстарды
пайдаланатын ұйым.
Жеке кәсіпкерлерді фирмаға бірігуге қандай себеп мәжбүр
етеді деген сұрақты қою орынды. Рынок еркіндігімен қамтамасыз
ететіні, ал фирма оны шектейтіні белгілі ғой. Мәселе мынада,
кәсіпкер рынокта табысты қызмет ету үшін ол туралы
трансакциондық (transaction – мәмле) деп аталатын үлкен
шығындарды қажет ететін сенімді әрі толық ақпарат алып тұруы
керек.
Бұл шығындарды төмендету әдісі фирма ұймдастыру болып
табылады. Фирма үшін ол арзанға түседі. Фирмалар рыноктық
координацияның қымбаттығына жауап ретінде пайда болады деп
саналады.
Батыс экономикалық әдебиетінде фирма теориясының
бірқатары бар, олардың әрқайсысында оған жетудің мақсаттары мен
құралдары әртүрлі анықталады.
Дәстүрлі теория – фирма жүріс – тұрысын пайданы
максимизациялаумен түсіндіреді.
Менеджерлік теория - фирманың мақсаты бірінші сату
көлемін, содан соң табысты максимизациялау дегенді дәлелдейді.
Бұл процесте негізгі рөльді меншік иелері емес
басқарушылар, яғни саудатабысының өсуін қалайтын менеджерлер
ойлайды. Себебі, бұған олардың жолақылары және басқа төлемдер
мен жеңілдіктер тәуелді болады. Өсімді максимизациялау теориясы
өсіп кележатқан фирма жай ірі фирмаға қарағанда, анағұрлым
ұнамды болады деген идеяға негізделеді. Оның өсуі меншік
иелерінің де, менеджерлердің де мүддесін қанағаттандырады.
Өсудің екі жағы бар: өндіріс пен капиталды шоғырландыру
арқылы ішкі және бірігу мен құрамына ену нәтижесінде капитал мен
өндірісті орталықтандыруға негізделген, сыртқы деп қарастырады.
Өсудің ішкі көздері.
а) өндіріске қайтарылатын бөлінбеген пайда;
б) акциялар шығару;
в) банктен алынған қарыз қаражаттары.
Өсудің сыртқы көздері.
а) қосылу, яғни бір немесе одан көп компаниялардың бірігуі;
б) бір фирманың екінші фирманы оның акциясының бақылау
пакетін сатып алу арқылы құрамына алуы;
Біргу және еріксіз түрде қосып алу басқа салалар мен сала
ішіндегі интеграция және диверсификация арқылы жүзеге асады.
Көлденең (горизонтальды) бойымен интеграция бір фирманың
бірдей бизнеспен шұғылданатын фирмаларды сатып алумен қоса
жүреді. Горизонтальды интеграцияның бір түрі диверсификация
(ағыл. diversification - әр түрлі) болып табылады. Ол
технологиялық процестері байланыссыз
фирмалардың бірігуі (масылы, Дюпон фирмасы химиялық жіптер,
дәрі – дәрмектер, рефрижираторлар, самолеттар, вагондар, кеңсе
заттар шығарады.).
Вертикальды интеграция өндірістік процестің төменнен жоғары
этаптарының технологиялық қатарында жұмыс істейтін фирмалардың
бірігуін білдіруі. (Мысалы, мұнайды өндіруден бастап мұнай
өнімдерін сатуға дейін.).
Мақсаттардың көптік теориясы фирманың жоғары басшылығы
мінез-құлқы сипатын басты сүйеніш тұтады. Іс-әрекет мақсаты моделі
барлық мүдделі жандардың: жұмасшылардың, менеджерлердің,
акционерлер мен басшылардың мүдделеріне көңіл бөлетіндей болу
керек. Бұл теория Жапонияда кең тараған.
Коммерциялық фирма үшін максималды мүмкін болатын пайда
әкелетін таңдау рационалды болып саналады. Таңдау моделі екі басты
жағдаймен анықталады:
- уақыт факторымен (қысқа немесе ұзақ мерзімді);
- бәсеке түрімен (жетілген немесе жетілмеген).
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде
екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке былып
бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы
тұрақсыз: ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары
кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады?
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, - себебі, үкіметтің қаржылық және сектор мемлекеттікке
қарағанда бірқатар артылықтарға ие.
- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
- бизнес көлемі шектелмеген.
- қатаң бағамен шектелмеген.
- Кәсіпкерлікте үш түрді бөлім алады:
- жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz