Ата - ананың бала тәрбиесіндегі жіберілетін қателіктер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жеке тұлға.

Жоспар:

Кіріспе.

Отбасы тәрбие басы.
І. Тарау.
І.1. Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой-пікірлері.
І.2. Отбасы тәрбиесіндегі қалыпты қателіктер.
а) Эмоциялық байланыстағы тәрбие мен қажеттіліктер;
ә) Тәрбие мен қажеттілік өмірдің жағдайы;
б) Тәрбие мен қажеттілік жетістігі;
в) Тәрбие жүйесін іске асыру ретінде;
г) Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру тәрбиенің бір түрі.
ІІ. Тарау. Тәрбие стратегияларында туындайтын қиынндықтар.
ІІ.1. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жіберілетін қетеліктер.
ІІ.2. Отбасындағы ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы.
ІІ.3. Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның ролі.
ІІ. 4. Отбасындағы материалдық жағдай.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе:
Отбасы-тәрбие басы.
Қоғамдық жаңғыру кезінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси,
экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім,
тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып
отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті-бала
тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін
туындатады. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология,
философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып
қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.
Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымды дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа
деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі т.б. отбасы тәрбиесіне оның
құрлымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратынын белгілі.
Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен
отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де хақ. Нақтылап
айтсақ, ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жабылуы осы
жастағы балалардың жалпы дайындығына теріс әсер етуде. Мұндай жағдайда ата-
ананың педагогикалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі
екеніне айқындала түседі.
Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері
алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені
белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет дағдылары,
құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар. Көптеген ғылыми-
педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие
қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы
тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының
басты себебі-отбасы мүшелерінің арасындағы қарыс-қатынас сипатында екені
тағы белгілі. Алайда кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы
тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп,
қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті кеңес
одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын-
ясли, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары,
жоғары мектеп т.б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы
ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.
1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік
қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі
ретінде қазіргі күні Қазақстанда отбасы және демография, Отбасын
әлеуметтік қамсыздандыру қоры, Ана жыне бала денсаулығы секілді ұйымдар
қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз
функциясы бар болмағанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу,
отбасы тәрбиесінің шарттары мен қаруландыру мәселесін шешпейді. Баланың
отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалауының психикасына әсерін
Т.В.Лодкина, А.И.Захаров, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар атап
көрсеткен. А.Н.Леонтьев, С.А.Козлова, балаға отбасы жылулығының ықпалын
атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезіп, түйсінуі және
сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А.В.Запарожец, А.Д.Кошелева,
Е.И.Негнивитцкая және т.б. белгілеген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы
сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана
мен баланы жақындатуының маңызын Ю.П.Азарова, И.В.Гребинников, Т.А.Маркова,
А.Г.Харчев т.б. белгілеген.
Қазіргі заман дефектілерін неблагополучные дейді М.И.Буянов
ажырасудың бала психикасына ықпалын З.Матейчик, Х.Фигдор т.б. белгілеген.
Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е.П.Арнаутова,
А.И.Захарова, Е.И.Кульчитцкая т.б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А.П.Усова,
егіздер тәрбиесін Р.Скиннер, К.Витек т.б. зерттеген. Бала психикасының
қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А.И.Захарова, психолог
Д.Б.Эльконин, А.Я.Варга т.б. зерттеген.

Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой-пікірлері.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық
педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде,
Ж.Баласағұни, С.Сарай шығармаларында, хандық дәуіріндегі ақын жырау
мұраларында Ы.Алтысарин еңбектерінде, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанамен, әлі толық
зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты
Х.Арғынбаев, Г.А.Уманов, К.А.Оразбекова, Ж.Қоянбаев, З.Әбілова, С.Ғаббасов,
І.Р.Хамитова, А.Ш.Икрамова т.б. еңбектері бар.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты керек етпейтін қарапайым
әрекет секілді болып көрінеді.Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені
оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі
болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, бастауыш мектеп жасындағы
бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жерлердегі ата-аналарды
отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлауне болмаса педагогика,
психология саласынан элементарлы болса да білім беріп, сауатын ашу
мәселесін Отанымызда әлі күнге зерттеуге алынбаған.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп,
отбасының міндеті ашық көрсетілген. Қазақстан 2030 бағдарламасында
балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керек екендігі айтылды.
Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында
әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау
қажеттілігі бекімделе түсті.
Қазіргі заман отбасының құрлымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып,
бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметік, мәдени, экономикалық
жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.
Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында
жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес,
ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп,
бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп
жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін
жауапкершілікті өз мойындарына алуда. Осы заманның тағы бір ерекшелігі-
толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді
т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне
туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы
отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін
тигізіп отыр.
Жанұялық тәрбиедегі қалыпты қателіктер.
Ата-аналардың түрткілерінен туындаған тәрбиедегі қателіктер.
а) эмоциялық байланыстағы тәрбие мен қажеттіліктер;
Әр-түрлі формадағы адамның қоғамдағы жағдайының басқа адамның
психикалық мінезіне әсер етуі. Адамдардың қажеттіліктері басқа бір
адамдардың қажеттіліктеріне эмоциялық жағдайда болуы мүмкін. Байланыс екі
жақты болады, егер адам өзін-өзі сезінсе, сол заттың жағдайында болса.
Бала тәрбиесіесінің мақсаты, эмоциялық байланыс жасау қажеттіліктерін
қанағаттандыруда болуыда мүмкін. Мысаладар жетіп жатыр: мысалы, ата-
аналардың әртүрлі себептер мен басқа адамдармен байланыста қиыншылықтарының
болуы. Мұндай тәрбиеде үлкен қиыншылықтар болуы мүмкін. Ата-ана өз
мақсаттарын ұстау үшін баланың жанұялық ортадан шығуына мүмкіндік бермейді.
ә) тәрбие мен қажеттілік өмірдің жағдайы;
Баламен сөйлесу кезінде көптеген прблемалар туындайды, егер тәрбие жалғыз
жақты болуындажәне сұранымды тарату өмірдің қажеттіліктері. Осы
қажеттіліктерді қанағаттандырмай адам өзін-өзі таныта алмайды да, ең
жоғарғы деңгейде өзінің талабын тарата алмайды. Адам өзін-өзі таныту үшін
тәжірибелік жағынан көрсету керек.
Өмірдің жағдайын қанағаттандыру қажеттіліктері тек қана балаға көңіл-
бөлу. Ананың, әкенің немесе әженің өмір сүрулері тек қана баланың денсаулық
жағдайын қадағалап отыру деп ойлауы мүмкін. Олар өздерін бақыттымыз деп
ойлайды. Егер бала есейіп, олардан кетіп, өздерінің келещегін жоғалтқанын
жиі естеріне алады.
б) тәрбие мен қажеттілік жетістігі;
Кейбір ата-аналардың бала тәрбиесінде жетістікке жеткенін дәлелдеу
болып саналады. Ата-ананың тәрбиедегі мақсаты өздерінің ойларын орындату
болып саналады. Мұндай тәрбиеден мен-меншілдіктің элеметтерін көруге
болады: Біз өзімізше тәрбиелеп, өмірімізді жалғастырса.... Баланың жеке
қасиеттерің орындалмауына әкеліп соқтырады. Көбіне баланың іскерлігін,
білгірлігін өзінің жоспарлаған мақсаттарынан айырылады да, бала таңдау
алдында тұрады. Сондықтан бала ата-анасының сүйіспеншілігі үшін,
қанағаттанғандары үшін ғана өзін-өзі қысады. Мұндай жағдайда ол жалған
жолға түсіп, қиыншылыққа тап болады. бірақ бала керексіз сұранымдарға,
қарсы шығып, ата-аналардың арасында келіспеушілік туындауы мүмкін.
в) тәрбие белгілі бір жүйені іске асыру ретінде;
Кейбір жанұяларда кездеседітәрбиенің мақсатын баладан алыстатып
өздері жұйелі тәрбиені өздері іске асыратын. өз балаларына өте көп көңіл,
ауқыт бөлетін білгір, мәдениетіміз-деп санайтын ата-аналар. Кейбір
тәрбиелік жүйелерді қарастыра отырып, педагогикаға қарсы мақсатына жетуге
тырысты, өз тәжірибесін іске асыруға тырысады. Қандай да тәрбиенің болсын
пайдалы жақтары болуы мүмкін, тек ғана ата-аналар ұмытпау керек: бала
тәрбиеге емес, тәрбие балаға керектігін.
Жүйені іске асыру тәрбиесі ата-аналарда іштей ұқсас, бір жалпы ерекшелік
ойланбау, баланың ішкі дүниесіне көз жібермеу.
г) белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру тәрбиенің бір түрі;
Тарихтағы адамдар жеке басының дамуының жағдайындағы, бағалы идеялар болуы
мүмкін екенін білеміз. Өмірге пайдасын келтіретін бағалы қасиеттерді
қабылдауға болады. Ата-ана өзінің бала тәрбиесінде ерекше бағалы қасиеттері
болғанын қалайды. Мысалы: ата-анасы қызы не ұлы міндетті түрде ақылды,
білімді, білікті болу керектігін білу керек.
Ашық мысалдар көп есейген баласын кішкентай сияқты дене тәрбиесімен
айналысқанын ұнатады, өздерімен отбасылық саяхатқа, қайықта жүзуге тау
шаңғысымен айналасулы ойлайды. Қыз бала туады, ал тәрбие ертеден
ойластырылып қойылады: ер балаша киіну стилі, спорттық жаттығулар ,
қуыршақтар мен ойнау, т.с.с. Мұның барлығы баланың психологиясына дұрыс
дамымауына әкеп соқтырады.
Қорыта айтқанда: ата-ананың жоғары сұранымы балаға кері әсер етіп,
өсуіне қиындық туғызады.
Тәрбие стратегияларында туындайтын қиыншылықтар.
Негізгі қиыншылықтар ата-ананың баласының тәртібін, сабағын, дос
таңдауын т.б.қадағалаудан туады.
Негізгі көп тараған отбасылық тәрбиенің ата-анамен баланың арасындағы
қайшылықтарға тоқталамын.
Авторитарлы ата-аналардың ересек балаларынан міндетті түрде бағынуын
талап етеді. Олар не себепте мұндай талаптар қойғанын түсіндіруге
ойланбайды. Сондықтан бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас бұзылады.
Кейбір жағдайда ата-аналар ересек балаларын қараусыз, көңіл бөлмей
қалдырады. Мұндай жағдайда бала үлкендерден көмек, олардан үлгі, ізгілік
іздейді. Гиперопека – балаға көңіл бөлмеу, алда өмірлік бақылауда болуда
балаға кері әсер етеді.
Гиперопека – балаға артық көңіл бөлу, шексіз баланың өміріне бақылау
жасау, бей-жайлыққа құрдастарымен араласуға бөгет болады. ата-ана мен
баланың арасындағы рухани байланыс үзіледі. Ересек бала өз ісін өзі шешкісі
келеді, бірақ ата-ана мүмкіншілік бермейді. Ересек баламен ата-ананың
арасында түсінбеушілік болады, егер оны кішкентай бала сияқты ұстаса.
Баланы біресе кішкентай, біресе ересек құқында ұстаса осы кезде де
түсінбеушілік туады.

Түсінбеушілікті ситуацияның 4 түрі бар:
1. Түйінді мәселеден кету (таза іскерлік байланыс).
2. Дүние қандай бағада болса да (үлкенге баламен байланысы бәрінен қымбат).
Ересек адам қандай да болмасын жағымсыз баланың қылығын көрмей оны мақтан
етеді.
3. Қалай болса да жеңіс (ересек адам қалай болса да жеңіп, керексіз түрдегі
баланың тәртібін басқысы келеді. Егер ол жеңілсе, басқа бір жағдайда
жеңуге тырысады. Бұл ситуация шексіз.).
4. Келісім. Бұл вариант жекелеген жеңіс болуы мүмкін қай лагерде болсын.
Бұған міндетті түрде бірге бару керек. Бұл деген бірігіп жасалған нәтиже.
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жіберілетін қателіктер.
Балаға кезінен ата-анасы дүлей, қаңғыбас деп санасына құйса, бала соған
сене бастайды. Бала біледі өзінің сондай жаман емес екенін, ата-анасын
қуантқысы келетіні, бірақ баланы өз қол астынан шығармайды. Бұл тәрбиеден
шешімнің екі түрі бар: ата-анаға бағыну, өзінің білгірлігін жасырып, не
өзін-өзі қорғау әртүрлі қайшылықтардан. Мені сылау үлкендердің немесе ол
үлкендердің талабына бейімделіп өзінің жеке қасиеттерін жасырады бірақ
өздік менін қорғау механизмін іздеуге мәжбұр болады, немесе ол
қарсыласады, бұл ата-анамен көптеген шиеленістерге әкеледі. Егер де ата-ана
өздерінің тәрбиелік саясатын өзгертпесе, осының бәрі баланың жүйке
жүйесінің тозуына әкеліп соқтырады. Содан балады жүйке ауруы, невроз пайда
болып, есейгенде де өміріне қиыншылық тудырады. Бұндай жасырын тәрбиенің
түрі Э.Берна, Р. және М.Гулдинг еңбектерінде айтылған.
Көбінесе баланың атаанадан еститін сөзі: Қашан ақылың кіреді,
сенен ештеңе шықпайды. Осының барлығын ата-аналық деректива-деген
терминмен Р. және м.Гулдингтер Жаңа шешімдегі психотерапия – деген
кітаптарында жазылған. Гулдингтер бірнеше – түрлі дерективаларды текст
бойынша келтірген (В.К.Лосева, А.И.Луньков Психосексуалдық баланың дамуы
бойынша):
1. Өмір сүрме (Маған жаман қыз керегі жоқ, сені тәрбиелеумен бар
күшімді, денсаулығымды жоғалттым. Бұнда бала өзін-өзі кінәлімін деп
есептейді.
2. Кішкентай бала болмашы. (Өз басыңмен ойла, сен кішкентай емессің
ғой). Мұндай директива жалғыз немесе ересек балаларға арналған, баланы
басу арқылы өздерін шығармашылық жағынан байқатады.
3. Өспе. (Сен әлі кішкентайсын боянуға, маман сені ешқашан тастамайды,
өсуге асықпа). Бұл жалғыз немесе кенже балаларда кездеседі. Бұл
директивада ата-анаға баласы ерте ер жетіп, олардан бөлектеніп кетеді
деген қорқынышта болады.
4. табысқа жетпе. (Мен өзім инститиут бітіргенім жоқ, саған міндетті
түрде оқы деп айта аламын). Бұл директивада ата-ананың негізсіз балаға
деген үстемдігі.
5. Ешкімге жақын болма. Бұл директивада ата-ана өздерінен басқаға
жақындамауын, ешкімге сенуге болмайтынын айтады..
6. Ісреме. Сен істеме, сен үшін өзім істеймін. Ата-аналар баласына сен
істеме, мені күт-деп айтады. Бала осы директивамен өссе, өзінің ісін
артқа қалдыра берсе, не болатынын алда білмейді.
7. Өзінді жақсы сезінбе. (температурасы жоғары болса да бақылауды 5-ке
жазды). Бала, бұл директивада басқа жағынан өзіне көңіл аударып,
көңілінің нашарлығы ісінің бағасын көтереді. Сондықтан бұл
директиваларды ата-ана ұстана беруге болмайды. Балаға психологиялық
және педагогикалық біліммен тәрбиелеу керек.
А.И.Луньков пен В.К.Лосева ата-аналарға мынадай кеңес береді: а)
Баланың өзіне мүмкіншілік беру керек, сонда өздеріңде директивадан
босанасыңдар. б) Адагершілікті бала өзі іздеп табу керек.
Қортынды:
Сондықтан тәрбиенің жағымды жақтарын көбейтіп, қателіктерді жойып,
отбасы арасындағы тәрбиенің мағнасын түсіну керек:
➢ Отбасы өміріне құлшыныспен қарау;
➢ Қай уақытта болмасын уақыт тауып баламен әңгімелесу;
➢ Баланың мәселелерін біліп, оны өмірдегі қиындықтарын шешуге
көмектесіп, ақылын, дарындылығын көтеру,
➢ Баланы қыспай оған көмектесе отырып шешеімді өзі қабылдауға үйрету
керек;
➢ Әр уақытта баланың жағдайын білу;
➢ Бала құқығын бағалау;
➢ Аз өмірлік тәжірибесі болса да, үлкен адам баланы өзімен тең
әріптесі ретінде қарау керек.
➢ Жанұядағы адамдар баланың карьерасын, өзін-өзі жетілдіруін бағалау.

Отбасындағы ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы.
Қарым-қатынас-адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы
болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәлім
қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім
әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілдікең
ауқымды эмоция аспектілерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше
рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында
келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс,
қарама-қайшылық тұрғысындағы мәлім үрдісі іске асады.
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік,
бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-
қатынасының қазіргі кезде басты ерекшелігі-әр тұлғаның мейлі балалары,
мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информационные богатство) болып,
өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал.
өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе,
мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелерін қарым-қатынас арқылы
біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды
сфера-мақсатты (отбасы материалдық қамсыздандыру мақсатындағы) бірлесіп
еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен,
отбасы иелері-әке мен шеше ортасында түсіністіктен орнаса, соның өзі
балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен
қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті
нығайтатын аса маңызды құрал - қарым-қатынас екені педагог, психолог
ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не
болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі ықпалдастықтың әдіс-тәсілдері
педагогикалық сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның
психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық-жорығы, жүріс тұрысына
тікелей, жанама сөз арқылы әсер ету болып саналады.
Отбасы педагогикасында ықпал етуші мен ықпалға түсушінің орны алмасып
отырады. Мәселен, бірде ересектер балаға ықпал етсе, енді бірде балалар
ересетерге әсер етіп отырады. Отбасы қарым-қатынасында ата-ана балаға ықпал
етудегі мақсатын, өзінің талаптарын, оған түрткі беріп отырған ішкі
(мотивтері) түрткілерін қанағаттандыру үшін және мұны тікелей, кейде жанама
түрде іске асыруға тырысады. Олардың мүдделері де белгілі: балаға нақты
әдет, дағдыларды меңгерту, іскерлікке баулу, ұқыптылыққа, ерінбеуге т.б.
дағды мен әдет қалыптастыру. Ықпал ету ересектер тарапынан өз күшін
көрсету, бағындырк баланың әлсіздігіне білместігін пайдаланып билігін
жүргізіп, содан ләззат алу секілді теріс психологиялық түрткілерден
туындауы да мүмкін.
Солардың ішінде А.Е.Личко, У.А.Блинков, К.С.Лебединская, И.С.Кон, Дж.
Джанпайд, М.Ю.Долфтов т.б. әке шешесінің баламен қарым-қатынасында, оның
мінез-құлық ерекшеліктерін ескермеуінен келіспеушілік туындап, ол баланың
психикалық кеселге ұшырауына: ашушаң, қырсықты не болмаса ынжық, ез,
тартыншақ, жағымпаз, жасқаншақтық қылықтардың қалыптасуына себеп болады.
Олар осыған орай отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын
тәрбиедегі қателіктерді төмендегідей жіктейді:
➢ Баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан дүниесіндегі
толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға
қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігін-гиперпроекция деп атаған;
➢ Қазымырлық пен көден бір елі таса қылмай, бақылаудың да жақсылық
әкелмейтіндігін белгілеп, оны әсіреқамқорлық (гиперпроекцияның) күшті
түрі деп белгілейді. Бұған душар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты
аңсайды да, оған қолы жеткен кезден бастап, жүгенсіз кеткен жылқы секілді
алды-артына қарамай әр түрлі жағымсыз жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны
реттеп алу қиынға соғады да, баланың болашағы күмәнді істерге соқтырады;
➢ Баланың жүріс тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне
ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен
алаңғасарлық, қанағатсыздыққа тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады;
➢ Ауруын, әлсіздігін сылтаулатып, ата-анаға дегенін істетуөзімшілдік,
тәкаппарлық, бағасын арттыру секілді қылықтардың қалыптасуына соқтырады.
Сондықтан, ауру баланың жағдайы қаншалықты назар аудару талап ететінін
нақты мөлшерлеу күрделі болса да,и аса маңызды мәселе екенін естен
шығармау керек;
➢ Баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп,
сезінуі тұрлаусыз, секем алғыш секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және
талма ауруына бейімділігін арттырады;
➢ Отбасындағы қаталдық: ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы қаталдық-
рақымсыздық пен қатыгездіке жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттілік
істейтін бейбастық, содырлыққа соқтырады тазы ашуын тырнадан алады
дейді қазақ, мұндай мінезді;
➢ Балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше міндет күту сағын
сындырып, кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі, ол әке-шешесі
күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқынышта болып, шамасы
келмейтініне көзі жеткендіктен, өзін нашар, әлсіз сезінеді;
➢ Тәбиедегі қарама-қайшылық: әкесі бір сөз айтса, бала кімнің тілін аларын
білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате екенін ажырата алмай дал
болады да, ақыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп, ол ешкімнің ақылын
тыңдамайтын, ересектердің ой-пікірімен санаспайтын тоңмайын, тілазар
болып өседі.
Қарым-қатынас арқылы ықпал етудің қай түрін не тәсілін алып қарасақ
та, ол алдымен балаланың психикасына әсер ету, сол арқылы жүрегіне, жан
дүниесі мен санасына жол тауып қалаған пікірді, іс-әрекет түрінде
орындауды 1-суреттен көруге болады.
Отбасы қарым-қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал,
әсер дегенді бала ақылымен, пайымдай алмаса да сезініп түйсінеді. Ер бала
болсын, қыз бала болсын әке-шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп және отбасы
Отбасы - тәрбие ұжымы
Күйзеліске түскен балаға ата-ананың көмегі
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Отбасымен жүргізілетін әлуметтік жұмыстың маңызы
Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі
Баланың отбасындағы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
Пәндер