Үлгермеуші балалардың педагогикалық - психологиялық аспектілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе . . .: І-тарау. Үлгермеушіліктің ғылыми-теориялық негіздері.
3:
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: 1. 1. Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерге қысқаша шолу . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2. Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері . . .
3: 6
Кіріспе . . .: 1. 3. Үлгермейтін оқушылардың өзіндік типтері . . .
3: 15
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .:

ІІ - тарау. Баланың үлгерімін жақсартуда мұғалім мен ата-ананың

іс-әрекеті.

3:
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .:

2. 1. Педагогикалық баға және оның үлгермейтін оқушы

тұлғасының қалыптасуына әсері . . .

3: 20
Кіріспе . . .: 2. 2. Үлгермеушілікті болдырмау жолдары . . .
3: 27
Кіріспе . . .: 2. 3. Іс-тәжірибелік жұмыстың нәтижесі . . .
3: 30
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 32
Кіріспе . . .: Қосымша әдебиеттер . . .
3: 34

КІРІСПЕ

Зерттеу пәні. «Үлгермеуші балалардың педагогикалық-психологиялық аспектілері. Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары».

Үлгермеуші балалардың педагогикалық-психологиялық аспектілері - оқушының өзін-өзі бағалауының төмен болуы, ақыл-ойының артта қалуы, зейінінің нашар дамуы, көру, есту, т. б. қабылдау қабілеттерінің дұрыс жетілмеуі, сабаққа ынтасының аз болуы мен сабаққа ден қоймауы. Осыған орай ең алдымен оқушылардың үлгермеу себептерін анықтап алған жөн. Осыдан кейін ғана оның шешілу жолдарын, зерттеу әдістерін анықтауға болады. Және оқушыға белгілі бір көмек түрін де ұсынуға болады. Егер себебі айқын болған болса, онда үлгермеушілікті түзету жолы да анықталады.

Себептері зерттеу әдістері арқылы айқындалғаннан кейін, түзетуге байланысты жұмыс түрлері қарастырылып, жүргізіледі. Үлгермеушілікті болдырмау жолдарының бірі және ең маңыздысы - профилактика, яғни алдын алу. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас баланың көңіліне сабақ оқу міндетін қадап тұрып жеткізу керек. Өз бетінше жауапкершілікке тәрбиеленуіне жол ашу - мұғалімнің басты міндеті. Оқудың керектігін түсінген немесе сезінген бала алдағы уақытта сабаққа селқостық танытпайды. Және әр өткізілген пән оқушының жас және жеке бас ерекшелігін ескеріп жоспарланған болуы, оқушыға қызықты әрі танымды болуы шарт.

Зерттеудің мақсаты. Үлгермеушілік дегеніміз - оқушылардың білім мазмұнын игеру деңгейінің оқу бағдарламасында көзделген деңгеймен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы. Стандартқа сай берілген білімді толық қабылдамауы. Осы біз сөз қылып отырған үлгермеушілік қайдан пайда болады? Оның түрткісі не?

Себебін анықтау - басты мақсат. Өйткені анықталмаған себеппен жұмыс жүргізу мүмкін емес. Оқушылардың ойлау қызметінің ерекшеліктерін анықтау. Ал негізгі мақсаты - проблемалық-тапсырмаларды орындау процесінде шешу амалдарын іздеуге байланысты ойлаудың ерекшеліктерін анықтау көзделді.

Сонымен, зерттеудің мақсаты зерттеу объектісінің пайда болу себебі (осы жағдайда), мотиві, одан шығатын салдарын талдау, қарастыру. Жұмыс жасап, жақсы нәтиже көрсету үшін осылар қажет.

Зерттеу міндеттері.

1. Жалпы орта білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың жолдарын іздестірудің теориялық негізін анықтау;

2. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мәнін және негізгі бағыттарын айқындау, педагогикалық шарттарды негіздеу;

3. Педагогикалық эксперимент арқылы үлгермеушілікті болдырмау жолдарының тиімділігін дәлелдеу және әдістемесін жасау;

Зерттеудің болжамы. Оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмау жолдары іске асады егерде:

-оқытудың тиімді жолдарын іздестірсе, жаңа формаларды, технологияларды қолданса, оқытудың психологиялық жақтарын күшейтсе;

-педагогикалық диагностика, білімді тексеру, саралау, талдау жүргізілсе;

-қосымша сабақтар, өзіндік жұмыстар жүргізілсе;

-оқушы мінезіне тәрбиелік ықпал жасалса;

Зерттеу нысаны. Бұл пәннің зерттеу нысанына үлгермеушілік пен үлермейтін оқушылар жатады. Екеуін бөліп жармай бірге қарастырған дұрыс болар еді. Үлгермеушілік - оқушылардың жалпы мәдениеті мен тәрбиесіндегі елеулі кемшіліктермен байланысты неғұрлым кең көлемді құбылыс. Үлгермеушілік мектептегі оқытуды дараландыру үшін жағдай жасаудың қиындығынан туындайтын, қазіргі мектептің ең өзекті проблемаларының бірі.

Зерттеу әдістері . Себептерді айқындау жолында зерттеу әдістері қолданылады. Зерттеу әдістерінің өзі екі топқа бөлінеді: теориялық және практикалық. Теориялық зерттеу әдістеріне сұрау, әңгімелесу, анкета-сауалнама, интервью, тест, бақылау, анализдеу т. б. жататын болса, практикалық зерттеу әдістеріне сандық-статистикалық, шкалалық, социометриялық әдістер жатады.

Сырттай бақылау әдісі де практикамызда жиі қолданылған әдістердің бірі. Бірақ оның өзіне тән кемшіліктері де бар. Мысалы,

• Сырттай бақылауға ұзақ уақыт жұмсалатыны;

• Сирек жағдайда шыққан нәтиженің көңілге қонымды болмауы;

• Нақты білгің келген жақтар кейде ашық көрсетілмейді, т. б.

Осымен салыстырғанда эксперименттік зерттеу әдісінің біршама тиімді жақтарын көреміз. Мысалы,

• Аз уақыт ішінде қалаған нәтижеге қол жеткізуге болады;

• Әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып нәтижеге қол жеткізу және жаңалықтар ашу мүмкіндігі;

• Нақты білгің келген жайттарды толық зерттей алу, т. б.

Дәл осылайша, мысалға келтіріп отырған екі әдіс-тәсілдің де бір-бірінен өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мұнымен айтқым келгені, бақылау әдісінің де эксперименттік әдіске қарағанда өз артықшылықтары бар екенін айта кету еді.

Зерттеу әдістерінің түрлері өте көп және әрқайсысы өзінше тиімді.

Зерттеудің жолдары . Мақсаты мен міндеттерін айқындаудан басталады. Одан кейін зерттеу әдістері таңдалынып алынады. Зерттеу жолдарына диагностикалау, сауалнама, тест, тренингтер арқылы жинақталған деректерді өңдеу, оларды сараптау мен саралау, диаграмма құру, сондай-ақ зерттеу кезеңдерінде маниторинг, рейтинг жүргізу, т. б. жатады.

1 Үлгермеушіліктің ғылыми-теориялық негіздері.

1. 1 Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерге қысқаша шолу.

Үлгермеушілікті болдырмау мәселесі бойынша көптеген әдебиеттерді шетелдердегідей біздің елімізде де кездестіруге болады. Ол әдебиеттерде нақты дәлелдемелерді қажет етпейтін бағалы тәжірибелік жалпы пікірлер жинқталған.

Мектеп оқушыларының сабақтағы үлгермеушілігі олардың жеке дара ерекшеліктеріне және даму жағдайларына байланысты болып келеді.

Осы мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы балаларды мектепте оқыту және тәрбилеу.

Үлгермеушілікті зерттеу адам, тұлға, индивид туралы барлық ғылымдардағы әлеуметтік мәселелермен байланысты болып келеді.

Үлгермеушілік тек педагогика ғылымымен ғана шектелмейді, басқа да ғылымдармен зерттелу үстінде. Мысалы, дидактиканың басты міндеті - білім мазмұны және мақсаттарына байланысты үлгермеушіліктің пайда болу себептерін анықтау.

П. П. Блонский өзiнiң «Қиын оқушылар» атты еңбегiнде үлгермейтiн оқушылардың типтерiн физикалық және психикалық даму ерекшелiктерiне байланысты бөлiп қарастырған. Блонский оқушылардың үлгермеушiлiгiнде физикалық әлсiздiктi бiрiншi орынға қойған едi. [1]

Үлгермейтiн оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал Л. С. Славинаның «Үлгермейтiн және тәртiпсiз оқушыларға жеке ықпал ету» кiтабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтiн оқушылардың топтары, үлгермеушiлiктiң негiзгi себебi анықталған.

Л. С. Славина үлермейтiн оқушылардың бес тобын көрсеткен.

1. Оқушыларды оқуға деген ықыласының болмауы.

2. Материалды қиындықпен игеретiн оқушылар.

3. Оқу процесiнiң дағдылары мен түрлерi қалыптаспаған оқушылар.

4. Еңбек ете алайтын оқушылар

5. Танымға, оқуға деген ынталары жоқ оқушылар.

Б. Г. Ананьевпен психология ғылымында педагогикалық процестегі бағаның ролі көп жақты зерттелді. Автор сан алуан әртүрлі мативтердің ішінен оқушылардың оқу қызметінде олардың білім игерудегі мұғалімнің баға беруі үлкен әсер етеді, - деп атап көрсеткен. Өзінің қызметінде жетістікке жету мотиві мен өзіне талап қоя білу деңгейлері тығыз байланысты, осы арқылы ол үлкен нәтижеге жетуін қажет ететінін психологиялық зерттеу көрсеткен. [2]

В. С. Мерлин (1959) «Жеке тұлға психологиясының очеркі» еңбегінде былай деген: «Адам өзінің қоғамындағы қоршағандардан мақұлдауды қажет етеді. Бірақ, ол әр адамда әртүрлі болып келеді. Кейбір оқушыға, мына жұмысты жақсы орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде бағалағанда, ол жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екенi анықталады». [3]

Л. И. Божович (1951) және П. Р. Чамата (1960) басшылығымен төменгі сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауы зерттелген. [4]

Бұл зерттеуде төменгі сынып оқушыларының қабілеті оқу-тәрбие процесінің жұмысында мұғалімнің басшылығымен оқу қызметінің қорытындылары және өзінің тәртібін бағалау көрсетілген.

1. 2. Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері.

Мектептегі қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп, оқушының эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады. Мектеп өміріндегі кез келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп, жүйке-психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі.

Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез-құлқында көрінеді. Сондықтан бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау әдісін қолдандым. Осы мақсатпен баланың мектептегі іс-әрекетінің әр түрлі аспектілерін бейнелейтін бақылау схемасын өңдеп шығардым. Онда: оқу белсенділігі, білімді меңгеруі, сабақтағы, қоңыраудағы мінез-құлқы, сыныптастары және мұғаліммен қарым-қатынасы, эмоционалды көріністері анықталды. Жаңа орта талаптарына бірінші сынып оқушысының мінез-құлқының сәйкес келу жетістіктері икемделудің нәтижелілігінде көрініп, бейімделу мерзімін белгілейді.

Алынған материалдың талдауы балаларды үш топқа бөлуге мүмкіндік береді. Бірінші топ құрамында отыз төрт оқушы бар, бейімделу аз уақытта және шиеленіссіз өтті. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілдігімен, адалдығымен, эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Ал екінші топқа отыз сегіз бала бейімделудің кешеуілдігімен бөлінеді. Психологиялық тексерулер жүргізгенде, оларда жағымсыз тұлғалық қасиеті бар екендігі белгілі болды: алаңдаушылық, шиеленіс, өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі. Осы топтағылардың жартысынан көбінде интеллектуалды қызметі динамикасының бұзылулары бар болды. Үшінші топта оқу жылының соңына дейін мектепке бейімделмеген жиырма сегіз бала бар. Оларда сабақ үлгерімі төмен, жаман жұмыс жасауы, өзіне сенімділігінің жоқтығы, алаңдаушылық, шиеленіс, яғни эмоционалды дискомфорт байқалды. Осы топтың бір бөлігі жоғары моторлы қозғыштықпен, танымдық қызығушылықтың төмендігімен сипатталды.

Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығын сезінген бірінші сыныптағыларға (2-3-топтағы балалар) бөлінеді. Зерттеулер көрсеткендей, онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық жағымсыз факторлардың болуымен, әр түрлі қиындықтардың себебі болып көбінесе психологиялық дамудың жетіспеулігі екендігі белгілі болды.

Үлгермеушілік - оқушылардың білім мазмұнын игеру деңгейінің оқу бағдарламасында көзделген деңгеймен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы.

Үлгермеушілік - одан әрі оқытуға кедергі болады, бір сыныпта екі жыл оқуға апарып соғады.

Білімнің мазмұнына білімдер, біліктер мен машықтар ғана емес (бұлардың игерілу деңгейін балдық шкала бойынша біршама дәл бағалауға болады), сонымен қатар бағалауға келмейтін шығармашылық қарекет тәжірибесі мен тұлғалық қатынастардың қалыптасуы да кіретін болғандықтан, үлгермеушілікті қанағаттанғысыз бағалармен теңестіруге болмайды. Үлгермеушіік оқушылардың жалпы мәдениеті мен тәрбиесіндегі елеулі кемшіліктермен байланысты неғұрлым кең көлемді құбылыс.

Үлгермеушілік мектептегі оқытуды дараландыру үшін жағдай жасаудың қиындығынан туындайтын, қазіргі мектептің ең өзекті проблемаларының бірі.

Артта қалушылықтың кейбір ортақ белгілерін саралауға болады (бұл белгілер дидактикада оқу пәндері типтері бойынша топтастырылған) .

Мұндай диагностика үшін сауалнама жүргізудің, оқушылардың сабақтағы жұмысы мен эмоциялық реакцияларын бақылаудың әр түрлі әдістері қолданылады. Кейін қалушылық байқалғанда, мұғалім оқушыға жеке консультациялар беріп, топтармен қосымша сабақтар өткізіп, жақсы оқитындардың жәрдемін ұйымдастырып көмектесе алады. Мұндай көмекпен қатар, мұғалім кейін қалушылыққа себеп болған жағдайларға талдау жасайды. Алайда, мұндай жағдайлар оқушы тап болатындай қиыншылықтарға педагог тарапынан жете назар аударылмауының салдарынан да болуы мүмкін. Көптеген оқушылардың артта қалушылығы саралап оқытудағы кемшіліктерден, оқушылардың мүмкіндіктері мен мүдделерінің жете ескерілмеуінен, бағдарламалардың мазмұнының көлемі мен күрделілігінің оны игеруге бөлінетін уақытқа сәйкес болмауынан туындайды. Мұғалімнің жұмысында бұған себеп болатын жағдайлар оқыту әдістемесінің босаңдығына, оқытуда қолданылатын ұйымдастыру нысандарының бірсарындылығына, оқушылардың шығармашылық күштері мен танымдық мүдделерін дамытуға көңіл бөлінбеуіне, сондай-ақ педагогтің білігінің жетімсіздігіне, кейбір жағымсыз қасиеттеріне байланысты болады. Үлгермеушілікті оқышыларды зерделеу, олардың қызметіне талдау жасау, үлгермейтін оқушылар типологиясын саралау негізінде жеңуге болады.

Бұған арналған педагогикалық әдебиетте үлгермеушіліктің себептерін талдауға және жіктеуге барынша назар аударылған. Үлгермеушілікті жою үшін жекелеп оқыту сабақтары, оқу тапсырмаларын жеке-жеке кезеңдерге бөлу, сауалнаманың ерекше шарттары, қосымша сабақтар қолданылады.

Сондай-ақ 2-3 пәннен жылдық бағалары қанағаттанғысыз оқушыларды келесі сыныпқа шартты түрде көшіру қолданылады.

Зерттеулер мектептегі үлгермеушілік себептерінің үш тобын анықтады:

Әлеуметтік-экономикалық - отбасының материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, отбасындағы жағдай, яғни алкоголизм, ата-аналардың педагогикалық жағынан сауатсыздығы, білімсіздігі. Балаларға жалпы қоғамның жағдайы, бірақ көбінесе отбасы жағдайы үлкен әсер етеді.

Биопсихологиялық - бұл тұқымқуалайтын қасиеттер, мүмкіндіктер, мінез-құлық ерекшеліктері. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, тәрбие және отбасы жағдайы, әлеуметтік ортаға байланысты денсаулықтары жақсы болып туған сәбилердің барлығында даму мүмкіндіктері бірдей.

Педагогикалық - мектептің жұмыс деңгейінің төмендігінде педагогикалық орынсыздық қателердің нәтижесі болып табылады. Оқыту, мұғалімнің кәсіби әрекеті, баланың дамуында жетекші фактор.

Зерттеулер арқылы оқу процесі барысындағы нақты үлгермеушілік себептерін атап өтуге болады:

  • қатаң түрде білім беру жүйесі, баланың қажеттілігіне сай келмейтін, барлығына бірдей білім мазмұны;
  • оқыту формаларын, әдістерін таңдаудағы бірізділік, білім беруде көңіл-күйді ескермеу;
  • оқытудың нақты мақсаттарын белгілей алмау және қорытындыларға тиімді бақылаудың болмауы.

Тұрақты түрде жоғары үлгерімдегі оқушылар арасында психологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде, бұл балалардың өздерінің жеке ерекшеліктері бар екені байқалады. Олардың өз жасына сай білім қоры мол, білім құрылымына кіретін ой-өрісінің сапасы жоғары. Осылардың нәтижесінде олар жаңа алған білімдерін жылдам, тез меңгере алады және ол білімдерді іс жүзінде өздігінше қолдана алады. Көбінесе үлгерімі жоғары оқушылар өзін-өзі жақсы бағалайды, кейбір жағдайда мектептегі жоғары жетістіктері мен қоршаған ортаның мақтауының нәтижесінде өзі-өзін асыра, жоғары бағалау да кездеседі. Мұндай оқушылар басқаларға қарағанда белсенді ой еңбегінен аз шаршайды. Осы жағымды факторлардан бәрі бірігіп, оларға үлкен жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді.

Тұрақты түрде үлгерімі төмен оқушыларды зерттей отырып басқаша мәліметтер алынды. Бұл жерде дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі байқалды. Олар таным компонеттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әртүрлі себептері бар екенін көрсетеді.

Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі қалыптаспаған, білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған.

Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау қажет.

Таным әрекетінің нәтижелілігі - ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компонеттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Компонеттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу түрлі болып бөлінеді: Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.

Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Мектепке дейінгі балалармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалық және рольдік ойынды қолдануға болады. Көп назарды балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықсыз есте сақтауды дамыту қажет.

Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.

Осы қиыншылықтардың себебі - баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.

Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді.

Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.

Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға (ән айту, спортпен шұғылдану, сурет салу т. б. ) арналған.

Көптеген психологтар мен оқытушылар оқу үрдісінде (проблемалық қиын ситуациялар құру) танымдық процестердің дамуына ғана көңіл бөлу жеткіліксіз деген шешім шығарды, сонымен қатар арнайы жаттығулар, тренингтер, ойын сабақтарын ұйымдастыру арқылы олардың ойлау процестерін, қиялдау, сете сақтау сияқты таным тәсілдерін жетілдіре түсу керектігіне көп көңіл бөлген.

Осы жұмыс процесінде бағыт бойынша кейбір жаңа тәжірибелер жинақталып, көбіне жеке сұрақтар арқылы ойын сабағын ұйымдастыру осындай тренингтің тиімділігін айқындайды.

Оқушылардың таным процестерінің қалыптасуында түрлі жағдайлар кездеседі. Балалардың кейбірі ойын кезінде, бір-бірімен қатынас кезінде ақылды және аса тапқыр келеді де, ал сабақта, практикалық жұмыста, үй тапсырмасын орындауда оқу-танымдық іс-әрекетіне өте шорқақ болып шығады. Мұндай балалардың психологиялық диагностикасын мұқият қараған кезде таным процесінің құрылымында ешқандай ақау байқалмайды, бірақ оқу-таным әрекетінде толық қызығушылығына эмоционалды жеке бастық коммуникативті қиындықтар кедергі келтіретіні байқалады.

Олар сабақ кезінде ғана емес, таным процесіндегі ойын, тренинг кезінде өзін көрсетуіне және ары қарай дамуына кедергі келтіреді, мұндай балалар сөйлемегенді, мүмкіндігінше үндемей құтылғанды жөн көреді, жиі ойын тапсырмаларынан бас тартып, өздерін пассивті түрде көрсетеді.

Бұл жағдайда бала өзіне деген сенімділікті қалыптасыру керек.

Бұл үшін, ең алдымен, таным процестеріндегі болатын барлық эмоциональды және жеке бастық коммуникативті кедергілерді болдырмау қажет, екіншіден, максимум қабілеттерін пайдаланып, танымдық процестердің қызметіндегі толық және эмоциональды қауіпсіз нітижелерді қамтамасыз ету керек. Осы кезде ғана бала түрлі болжамаларды еркін айтып, осыдан кейін өзімен жасты оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп, өзін жеке аам ретінде көрсетеді.

Танымдылықты көрсетуге бағытталған жұмыстарды ойын формасында жүргізген дұрыс. Қарапайым өмірдегі жеңіл материалдарды пайдаланып, балаларға мәселені шешуге, түрлі есептің шешу жолдарын қарастыруға болатын сәтсіздіктердің себептерін мойындауға, өзінің шешемін басқалардың жұмысымен салыстыру арқылы үйретуге болады.

Кейіннен балаларға күрделендіріп оқу материалы түрінде беріледі.

І. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы принциптері.

1. Бұл оқушының кәдімгі сабақтарда екі жақты қиындықтарға кездесетіндігімен ерекшеленеді: бір жағынан, оларға оқылатын материалдың өзі күрделі болып келеді (яғни, әдеттегідей таныс емес), екінші жағынан, оған өзінің түсінігіне құрылған материалды игерудің әдіс-тәсілдері де қиындық туғызды. Нәтижесінде оны игеру тәсілдері жеткіліксіз болғандықтан материал толық игерілмейді, ал ол өз кезегінде ары қарай бұл әдіс-тәсілдерді еш жерде пайдалана алмаған соң оқылатын материал жеткіліксіз бола береді. Осылайша, көптеген оқушылардың ерекше төмен үлгерімінің бастамасы боп тұйық орта пайда болады, бала осы тұйық ортадан өз бетінше шыға алмайды.

Сабақ барысында бұл тұйық орта тапсырмаларды тек қана жақсы таныс, әдеттегідей материалдарды пайдалану арқылы ғана ары қарай жеткіліксіз болса да қалыптасқан ойлаудың жаңа тәсілдері толығымен игеріледі.

2. Тапсырманы орындаудағы әр түрлі бағыттардың өзара алмасуы және әрбір оқушының танымдық процестерінің диапазонын кеңейту. Әдетте бала өзіне таныс, кенеттен пайда болатын интеллектуалды әдістер жиынтығына қолданады, ол әдістер жиынтығы біржақты, тиімді емес, шектеулі, кейде қарапайым болуы да мүмкін.

3. Балалардың интеллекуалдық ашылуы және сабақтың жалпы эмоционалдық жағымды ортасын қалыптастыру. Бала үшін оқудағы кездесетін қиындықтар - көбінесе мектептегі, сабақтағы ситуациялар стессогендік факторлар болып келетін толық интеллектуалдық кедергілердің қатарымен жалғастыралды және бұл жағдайда шығармашылық белсенділігі жүзеге асырылуы мүмкін емес болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Оқу үлгерімі төмен оқушылар туралы жалпы түсінік жайлы
Еліміздегі мектеп психологиялық қызметінің дамуы
Үлгермеушіліктің себептері мен үлгермейтін оқушылардың типтері
Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекше білім беру қажеттіліктері
Ерекше білімді қажет ететін баланың жеке оқу бағдарламасын жобалау
Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz