Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Қарлұқ қағанатының құрылуы және саясаты . . . 10

1. 1. Қарлұқ қағанатының шығу тарихы . . . 10

1. 2. Қағанаттың ішкі-сыртқы саясаты . . . 12

ІІ. Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті . . . 19

2. 1. Қарлұқ мемлекетінің этникалық құрамы, шаруашылығы . . . 19

2. 2. Қарлұқ мемлекетінің рухани мәдениеті және құлдырауы . . . 24

Қорытынды . . . 27

Сілтемелер . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Өзектілігі. Жалпы бұл тақырыпты қарастыра отырып Қарлұқ мемлекетінің қайда орналасқанын, ертеде олардың өмірі қалай болғандығын тілі, діні, шаруашылығы, салт-дәстүрі, халқын анықтайды. VI-VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын - қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақтық және саяси жағынан ыдырады.

Жазбаша деректерде қарлұқтардың бірқатар шоғырланған топтары туралы хабарланған. Мәселен, шығыста Отюкен таулы жерлерінде (Моңғолия), Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең оңтүстігінде Ауғанстанның солтүстігіндегі Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Моңғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан.

Зерттеудің барысы Қарлұқтардың басқа мемлекеттен айырмашылығымен немесе ұқсастығымен ұштасып жатыр. Көптеген тақырыпта тек Қарлұқтардың жері ғана емес оның басқа қандай елдермен байланысы болғаны белгілі болады. Қарлұқтардың (766-940) территориясы Жетісу ордасы. Билеушілері жабғу деп аталды. 840жылдан бастап қаған деп аталды. Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында болды. Құлан, Мерке, Баласағұн деген қалалар бой көтерген. Мұсылман діні кең таралған. Бұл мемлекет шығыс Түркістанның тұрғындары пұтқа табынушы шігіл және яғма тайпаларының Жетісуға басып кіруімен ыдырайды.

Қарлұқтар әлсірегенде қарлұқ қағанының билігін Сатух Барахан қолына алады. Ол кезде қарлұқ билеушісі болған атасы Қараханның атымен қарахан мемлекеті еді. 766 ж. Тараз бен Суяб, Жетісу қарлұқтардың қол астына кіреді. 766-775 ж. Олар Қашгарды басып кіріп Ферғанаға ықпалын жүргізе бастады. Егіншілік жақсы дамыған. Байлар мен құлдар 2 тап болды, әкімшіл-әміршіл жүйе болды. Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж. ) «бұлақ» деген атпен мəлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі ретінде мəлім.

Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тəуелді болып жүрді. Орхон жазуларында айтылғандай Қарлұқтар түрік қағанаттарына қарсы бірнеше рет қарсы соғыс жорықтарын ұйымдастырып отырған.

742 жылы Монғолия даласындағы саяси жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның қарлұқтардың ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған болады. ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрлерінің болуымен сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, Тухси жəне Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес жəне іс жүзінде тəуелсіз иеліктерін нығайтуда ұмтылды. Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж. ) - Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 - 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді.

Жылнамашылар мен саяхатшылар 8 - 9 ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т. б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайдан(Ертіс алабын), содан соң Ыстықкөл, Шу жағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 - 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар - көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында 8-9 ғасыр Атлах, Хамукет, Шемульджи, Сус, Куль, Такабет сияқты қалалары болған.

Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан (Құлан сайдың қасындағы мекенжай), Мирки(Меркі), Ашпара (Шалдавар а-на таяу осы аттас өзен бойындағы қираған мекенжайдың орны) қалалары көбірек белгілі болды. 8 - 10 ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан, Шаш, (Ташкент), Тараз, Құлан, Суяб (қазіргі Тоқмақ маңы) арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған. Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды.

Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін өсірумен бірге сырттан басқа діннің де енуіне жағдай жасады. Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тәңірлік, шаман) . 940 жылы Шығыстан келген «мәжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.

Дерекнама: VIII ғасырдың алғашқы ширегіне дейін қарлұқтар өздері жөнінде жүйелі жазба дерек қалдырмапты. Олар жөніндегі азды- көпті мәліметтерді қытайдың «Бей патшалығы тарихы» - (Бей шы- Таң патшалығының орда тарихшысы Ли Ян Шоу құрастырған 100 томдық, онда Солтүстік Вей патшалығы (386-534), Сүй патшалығы (581-618) дәуіріндегі тарихи оқиғалар қамтылған), Жоу шу (Жоунама) - 557- 581 жылдар және Сүй шу (Сүйнама) мен «Таңнама» (көне, жаңа таңнамалар) - (Көне таңнама, 194 орам. Түріктер тарауы) жазылымдарынан көре аламыз.

Соғды әріптерінен өзіндік ерекшелігі- ағашқа немесе тасқа жазуға жақсы бейімделгені болса керек. Ал біз өз зерттеулерімізге сүйене отырып: «Орхон- Енисей сына жазуы- хұн, үйсін мен қаңлы, көктүріктер қолданған ежелгі алфавиттік жазуының тікелей жалғасы (қайнар көзі) «жаңғыртылып, жетілдірілген» жаңаша жазу үлгісі болған» дегенді жақтаймыз [1, 76 б. ] .

«Таншу» әулеттік (618-907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар (қарлұқтар) - ежелгі түріктер», - дейді Ибн әл-Факих(Хғ. ) [2, 49-50 б. ] .

Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердің шекарасын кеңейтті. 766-775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази былай деп жазады: қарлұқтар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды». (Түркі шежіресі) .

Қытай жиһангездері: «Батыс өңірдің қалаларында саудагерлер мен көшпелі малшылар бірге тұрады . . . қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екінші бір бөлігі саудамен айналысады», - деп жазды [3, 19-21 б. ] .

840 жылы қарлұқтар Ұйғыр қағанатын талқандады. ІХ ғасырда Ұйғыр қағанатын жеңгеннен кейін «қаған» деп Испиджаб қаласының билеушісі Білге-күл Қадырхан өзін жария етеді. (Жиу Таң Шу, 194 орам. Батыс Түрік тарауы) .

VI-VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының құрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық - бұлақ, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Осы үш тайпаға байланысты олардың аты бастапқыда «Үш Қарлұқ» болған. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. Осы тайпалардың болғаны жөнінде «Тұң диянда» баяндалған. (Тұң диян- Таң патшалығы тарихшысы Ду ю (735-812) құрастырған 200 орамдық жинақтың аты, «Жалпы заң- ережелер жинағы») .

VIII ғасырда дулаттың бес тайпасы қоныстанған жерлер жөнінде «Таңнамадан» мол дерек таба аламыз. Онда Қарлұқ қағанаты Алтай, Бесбалық пен Іле аңғарында тұратыны туралы жазылған. Қойлау тайпасы қазіргі Барлық тауы мен Ебнор көлі маңында, шимойындар Тарбағатай өңірінде, жаныстар Еренқабырға тауының оңтүстігіндегі Үлкен Жұлдық бен Кіші Жұлдыз бойында, ыстылар Іле өзенінің шығысы мен Қосөзен бойында тұрғандығы жазылған [4, 85 б. ] .

Қарлұқтар туралы өзіндік, төл деректердің бір тобын көне түрік руналық жазулары құрайды. Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбалары. Ал араб тарихшыларына келсек, Ал Белазурдың ”Китаб футук ал булдан” еңбегін, Абу Исхах ибн Хаукал секілді авторларды атауға болады. Сонымен қатар қарлұқ тарихын зерттеуде Қытай тарихшылары мәліметтері де өте құнды. Бұл деректер негізінен Малявкиннің “Танские хроники Центральной Азии” атты еңбегінде жинақталған. Сонымен осы деректерді өзара салыстыру арқылы зерттеушілердің өз еңбектерінеде қаншалықты табысқа жеткенін көруге болады. [5, 37 б. ] .

Тарихнама: Мен бұл жұмысты жазу барысында белгілі тарихшылардың еңбектеріне арқа сүйедім.

Көрнекті археолог К. Байпақов бұл қалаларды көлемі мен топографиясын және жазбаша деректерді саралай келе үлкен үш топқа бөліп қарастырған. Астаналық және ірі қалалар- Тараз, Суяб, Меркі. Бұлар бүгінгі Тараз, Ақбешім, Қызылөзен, Шойтөбе сияқты ірі қалалардың орналасқан жерлеріне, жұрттарына сәйкес келеді. Орташа қалаларға Таластағы Ақтөбе қала жұрты, Текабкет және Сус- Шалдавар, Меркі, Аспара, Жол- Соқылық, Харран, Жуван, Ақсу бекінісі, Жақ- Сарығ, т. б қалалар, ал шағын қалаларға- Құлан, «Қарлұқ қағанатының ауылы», Шөміш, Кірмірау(Покровский), т. б. жатады [5, 37б. ] .

Тарихшылар Қарлұқ қағанатын Ұйғыр қағанатынан бөлініп, дербестенуі жөнінде, неше түрлі пікірлер ұстанып келгенін байқаймыз. Мысалға, В. Бартольд бастаған орыс тарихшылары оның: «Қарлұқ мемлекетін мемлекет болысымен бір әулет биледі, бірақ жеке бір адам билік жүргізе алған жоқ. Батыс бөлікке билік жүргізген барлық қағандар әу бастан- ақ толық дербес болды», - деген тұжырымды басшылыққа алып, Қарлұқ қағанатын сонау 766 жылдан бастап өз алдына қағандық болып танылды деп келді [6, 65 б. ] .

Қарлұқ қағанаты 766 жылы дербестенген дейтін көзқарас. Бұған дейін қалыптасып келген жоғарыдағы пікірлердің ықпалынан шығып, өз алдына тәуелсіз ой түйген қазақ тарихшылары «Қазақстан тарихының» жаңа редакциясында: 940ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты, - деп жазды. Біз де осы тұжырымды жақтаймыз [7, 79 б. ] .

«Қазақстан тарихының» жаңа редакциясында: «VIІІ-ІХ ғасырларда Қарлұқ қағанатының құрамына кірген Орталық Азия мен Қазақстанның түркі тілдес тайпалары, сондай- ақ төменгі Еділ бойының, Дон бойы мен Солтүстік Кавказдағы Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпалары сол кезде- ақ өз пайдаланған», - деп атап көрсеткен [8, 71 б. ] .

Тұран даласына Алтай түріктері келгеннен әлдеқайда бұрын түрік текті байырғы халықтар мұнда өмір сүріп, мемлекеттер құрып, өзінің тамаша заттық, рухани мәдениетін жасап үлгерген болатын. Түріктер Бұл аумақтағы этникалық тегі, тілі, тұрмыс салты, қоғамдық шаруашылығы мен саяси құрылымы бір- біріне жақын, нәсілдес үйсін, қаңлы, кердері, йобан, дулат, алан, т. б. ру- ұлыстардың басын біріктіріп, ұлы мемлекет құрды. Бұл мемлекет тек түріктер ғана емес, еуроазиялық халықтардың басын біріктірген держава деңгейіне көтерілді [7, 79 б. ] .

Қарлұқ қағанаты дәуіріне тән қалалардың орнына қазба жұмысын жүргізген Қазақстан археологтарының ортақ пікірі мынадай: « . . . Қала қауымдарының конфессионалдық өмірінің күрделі де ала- құла болуы ерте орта ғасырлардағы әр түрлі этникалық және діни топтардың өзара әсері жөнінде түсінік береді» [8, 71 б. ] .

«Қазақтың көне тарихы» М. Қани Алматы: Жалын, 1993ж кітабында қарлұқтар жайлы жетерлік мәлімет бар. Жұңгоның Сүй патшалығы кезінде (581-618) жылнама жазбаларында қарлұқтар өзінің белгілі тайпасы - болаттың атымен «боло» деп атаған. Олар бұл кезде Алтай тауын мекен еткен. [12, 339-400 б. ]

Орыс ғалымы В. А. Левшиннің пайымдауынша, Қарлұқ қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде, бері дегенде VII ғасырдың бірінші жартысында, ертедегі түрік таңбаларына ұқсас бірнеше белгілерімен толтырылған соғды жазуы негізінде түріктердің арасында жаңа жазу пайда болған [9, 80 б. ] .

Қағанатта ішкі соғыс бұрқ етісімен, Қарлұқ қағанаты бөлініп кетті деудіңде тарихи негізі әлсіздеу. Әйтсе де, кешегі КСРО тарихшылары да, Н. Мыңжани да осы пікірді жақтап келді. Ол былай деп жазды: « . . . Түрік қағандығының ордасындағы аға- інілер арасында үкімет билігіне таласқан ішкі қырқыс туылып, басқа да көрші тайпаармен жиі күресті. Ақырында, 940 жылы Қарлұқ қағандығы құлайды» [10, 305-314 б. ] .

Тарихшы Н. Мыңжан: «Қағаннан соңғы үлкен лауазым елтебер еді», - деп жазады [10, 305-314 б. ] .

Н. Мыңжан: «766 ж. түргеш қағандарының қос ордасы - Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. VIII-X ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан аумағын қоныс етеді. Қарлұқ конфедерациясына тұхси, әзкіштер, чаруктер, барысхандар, ұйғырлар сияқты көшпелі түрік тілді тайпалары енген», - деп жазады [11, 55 б. ] .

Қалалар сауда керуен жолдарына тізбектеле орналасты. 755-560 жылдары Ыстықкөл мен Шу, Талас өңірін аралап өткен діндар саяхатшы, монах Шуан заң өз қолжазбасында: «Суябтың батысындаа бір- бірінен тәуелсіз, бірақ бәрі де түріктерге бағынышты он шақты қала бар», - деп жазған еді. Қазақстан археологтарының анықтап зерттеуіне қарағанда, Қарлұқтарда 25 қала болған [12, 339-400 б. ] .

Қытай тарихшысы Шуе Зұңжың мырза да өзіне дейінгі тарихшылардың «Көне таңнама», «Жаңа таңнама», «Сүйнамалардағы» дерек көздерін талғамай пайдаланып келгеніне арнайы тоқталып: «Тарихта дербес саяси билік құрған Батыс Түрік қағанаты ешқашан да түрік аралық ішкі соғыстың ұзаққа созылған арпалысның табиғи түрде итжығыспен аяқталуы емес, керісінше, Сүй патшалығының осы ішкі қырқысқа тікелей қарулы күшпен араласып қалыпты тепе- теңдікті бұзуы арқылы пайда болған жаңа саяси билік жүйесі», - деген қорытындыға келген [13, 57-58 б. ] .

Мақсаты: Қарлұқ қағанатының тарихын зерттеу.

Міндеттері:

  • Қарлұқ қағанатының шығу тарихын білу;
  • Қағанаттың ішкі-сыртқы саясатына тоқталу;
  • Қарлұқ мемлекетінің этникалық құрамын, шаруашылығын қарастыру;
  • Қағанаттың рухани мәденитін айқындау;

Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері: курстық жұмысының жоспары мен мазмұнына сәйкес б. з. 8-10 ғасырлардағы және қазіргі кезге дейінгі Қарлұқ қағанаттың қалаларын, өнерін, қарастыру.

І. Қарлұқ қағанатыңың құрылуы және саясаты

1. 1. Қарлұқ қағанатының шығу тарихы

Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж. ) «бұлақ» деген атпен мəлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі ретінде мəлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тəуелді болып жүрді. [1, 339-400 б. ]

Орхон жазуларында айтылғандай Қарлұқтар түрік қағанаттарына қарсы бірнеше рет қарсы соғыс жорықтар жасап отырған. 742 жылы Монғолия даласындағы саяси жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның қарлұқтардың ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған болады.

ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрлерінің болуымен сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, Тухси жəне Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес жəне іс жүзінде тəуелсіз иеліктерін нығайтуда ұмтылды. Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. [2, 47-48 б. ]

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж. ) - Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды.

Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 - 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қарлұқ қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. [3, 56 б. ]

8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар 8 - 9 ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т. б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен,

Алтайдан(Ертіс алабын), содан соң Ыстықкөл, Шу жағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 - 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар - көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында 8-9 ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан, Меркі, Ашпара қалалара көбірек белгілі болды. [4, 5-6 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
Тараз - мұсылман өркениетінің Орталық Азиядағы орталығы
Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz