Шет тілін оқытудың психологиялық негізі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж

Шет тілін оқыту әдістемесі пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Шет тілін оқытудың психологиялық негізі

Орындаған: Бастауыш білім беру -010500 (шетел тілі) мамандығының,
АК -41 тобының студенті – Қасымова А.А

Тексерген: Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы – Рахимова.Т.Қ

Көкшетау- 2012

Жоспар

Кіріспе
3
І. Шет тілін оқыту психологиясына жалпы түсінік.
5
І.1.Шет тілін оқыту психологиясын зерттеудің негізгі белгілері
5-9
І.2.Шет тілін оқытудағы танымдық процестер және қабілеттілік.
10-11

ІІ. Шет тілі сабағының психологиялық талдауы.
12
ІІ.1.Шет тілі сабағын жүргізу мен ұйымдастырудың психологиялық-
педагогикалық негіздері
12-15
ІІ.2. Сабақ кезіндегі психологиялық күй және оның бірлестігіне тигізетін
әсері.
166-18
Қорытынды
19-20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі- Педагогикалық-психологиялық тарапынан, оқу-
әдістемелік еңбектерге және озат педагогикалық тәжірибелерге жасалған
талдаулардың нәтижесінде шетел тілін оқытудың психологиялық тұрғыдан басқа
тілдік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған амал-тәсілдерді қолдану
жолдарын қарастырады. Оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеу- қоғам
сұранысынан туындаған өзекті мәселесі.

Курс жұмыстың мақсаты- Шетел тілі сабағында бастауыш сынып
оқушылардың психологиялық күйін бақылау үшін, ұсынылған әдістерді жүйелі
пайдалана алу.

Курс жұмыстың міндеттері- 1.Шет тілін оқыту психологиясын
зерттеудің негізгі белгілеріне сипаттама жасау;
2.Шет тілін оқытудағы танымдық процестер және қабілеттілік мәнін ашу;
3.Шет тілі сабағын жүргізу мен ұйымдастырудың психологиялық- педагогикалық
негіздеріне тоқталу;

Теориялық құндылығы-шет тілін оқытуда оқушылардың психологиясын
қалыптастырудың негізгі белгілері мен шет тілі сабақтары арқылы оқушылардың
танымдық қабілеттерін қалыптастырудың жолдары мен бағыттарын теориялық
тұрғыдан анықтау.

Практикалық құндылығы- 1.Сыныптан тыс жүргізілген ''English club''
(ағылшын тілінен), ‘’The leader of XXI century’’ ХХІ ғасыр көсшбасшысы,
атты жарысқа қатысқан оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып,
әр баланың ағылшын тіліне қабілеттерін дамытып, сабақта әр баланың
психологиялық күйін бақылау.
2.ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге
бағытталған нақты жоба әдісі бойынша “Білім беру жүйесі”, The duty of
manager атты әдістемелік нұсқау жасалды;

3
Шет тілін оқыту психологиясының пәніне жан-жақты анықтама бермес
бұрын көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылатын білім беру,
педагогикалық процесс-күрделі, көп қимылды, көп құрамдас бөлікті құбылыс
екеніне назар аудару қажет.
Шет тілін психоқыту психологиясында білім беру процесінің көп құрамдас
бөлікті құрамы функционалдық тұрғыдан факторлардың өзара әрекеті деп
қарастырылады. Оқытудың тиімділігі осы факторлардың әрекеттерінің өзара
келісімділігіне байланысты, яғни не нәрсеге оқытады, кім және қалай
оқытады, және кімді оқытады. Бұл жерде, білім беру процесін зерттеушілер
оның құрамдас бөліктерін құрастырушылардың барлығының бірдей маңыздылығын
атап өтеді. Жалпы білім беру процесінің, оқушылардың әлеуметтік мәдени
тәжірибені меңгеру және осы меңгеруді ұйымдастыру күрделілігі
педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің көп жоспарлы екенін анықтайды.
Шет тілін оқыту психологиясының зерттеу пәні болып адамның әлеуметтік
тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілері, және білім беру процесін
әртүрлі жағдайларында педагогтың ұйымдастырып және басқаратын оқу
қызметінің субъекті ретінде қарастырылатын адамның интеллектуалдық және
тұлғалық даму деңгейінде өзгеруді меңгеруін туғызуы болып табылады. Жекелеп
айтқанда, шет тілін психоқыту психологиясы білімді, икемділік пен
дағдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді, осы процестердегі жеке
айырмашылықтарды зерттейді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық ойлауын
қалыптастыру заңдылықтарын, бала психологиясында оқыту мен тәрбиелеу
әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді, яғни, жаңадан пайда болған
психикалық өзгерістерді қалыптастыру.

4

І. Шет тілін оқыту психологиясына жалпы түсінік.

І.1.Шет тілін оқыту психологиясын зерттеудің негізгі белгілері

Шет тілін оқыту психологиясында деректер алудың барлық тиімді
әдістерді пайдалана отырып ғылыми әдістердің негізгі құралдарына ие болып
отыр:олар-бақылау, сауалнама жүргізу,экисперимент, қызмет нәтижесінде туған
өнім, тестілеу, социометрия,т.б. Ғылыми танымның деңгейіне байланысты-
теоретикалық немесе эмперикалық әдістер ретінде анықталады. Шет тілін оқыту
психологиясында көбінесе эмперикалық әдіс қолданылады.
Бақылау- шет тілін оқыту психологиясында адамды мақсатты, жүйелі
зерттеудің эмперикалық әдісі. Байқауға алынған өзінің байқау обьекті болып
табылатынын білмей, байқау жаппай немесе таңдаулы бола алады, мысалы,
барлық оқу барысын тіркеп немесе тек бір немесе бірнеше оқушыны тіркеп
отыру. Байқаудың негізінде сараптамалық баға берілуі мүмкін. Байқау
нәтижелері арнайы хаттамаларға енгізіліп онда, бақылауға алынған оқушының
аты-жөні, күні, уақыты және мақсаты белгіленеді. Хаттама деректері сапалық
және сандық өңдеуден өтеді.
Өзін-өзі бақылау-адамның рефлекстік ойлау негізінде өзін-өзі бақылау
әдісі. Бұл әдіс өзіне-өзі есеп берудің негізінде жатыр. Ол
субьективтіліктің басымдылығымен сипатталады, ол көбінесе қосымша ретінде
қолданылады.
Әңгімелесу- шет тілін оқыту психологиясында адам туралы онымен қарым-
қатынас жасау, оның мақсаты бағытталған жауаптардың нәтижесінде мәліметтер
алудың эмпериткалық әдісі. Жүргізуші оның мақсаты туралы зерттелушіге
айтпайды. Жауаптар дыбыс таспасына жазу немесе тез жазып отыру, стеногрфия
арқылы тіркеліп отырады. Әңгімелесу – адамды зерттеудің дербес әдісі,
сонымен қатар көмекші әдіс , мысалы экспериментпен терапияның алдын алушы
әдіс бола алады..
Сұхбат- әңгімелесудің ерекше түрі ретінде ол туралы хабарлау, сұхбат
алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да, адамдар,
оқиғалар, т.б. туралы мәліметер алу үшін қолданылады.
Әңгімелесу, сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.
Сауалнама-арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне
сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік-
психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау –кәсібилік пен жауапкершілікті
талап ететін іс. Сауалнама құрастыруда:
1)сұрақтардың мазмұны
2)олардың түрі ашық немесе жасырын,соңғысына иә немесе жоқ деп
жауап беру қажет
3)олардың тұжырымдалуы (анықтылығы,жауаптарға көмек берілмейді,т б.)
4)сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірбиеде
сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу
тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады..

5
Сауалнама ауызша,жазбаша,жеке,топтық бола алады, алайда кез-келген
жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс: іріктеудің көрнекілігі мен
біркелкілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.
Эксперемент-ғылыми зерттеудің педагогикалық психологияда кеңінен
таралған эмпирикалық әдісі. Эксперименттің зертханалық түрін (арнайы
жағдайларда, аппаратура пайдалану, т.б.) және әсерін зерттеу үшін арнайы
ұйымдастырылған, оқытудың, өмірдің, еңбектің кәдімгі жағдайларында
жүргізілетін табиғи эксперимент түрлерін ажыратады. Соңғы он жылдықтарда ең
бір тиімді және кеңінен таралған (әсіресе отандық педагогикалық
психологияда) табиғи эксперимент түрінің бірі-қалыптастырушы эксперимент
болып табылады. Оның барысында оқушыға мақсатты түрде білім және тәрбие
бере отырып, оның білімі, білігі, қарым-қатынасы мен құндылықтары
деңгейіндегі өзгерістер, оның психикалық және тұлғалық даму деңгейіндегі
өзгерістер зерттеледі..
А.В.Петровский атап өткендей, шет тілін оқыту психологиясы үшін бұл
табиғи эксперименттің қалыптастыруші ерекше түрі ең маңызды болып саналады.
Зерттеу әдісі ретіндегі экспериментте сыналушы оның мақсаты жөнінде
білмейді. Эксперимент жүргізуші зерттеудің мақсатын анықтап, болжам ұсынып
қана қомай, зерттеуді жүргізу жағдайы мен зерттеу түрін де өзгерте алады.
Эксперименттің нәтижесі арнайы хаттамаларда қатаң және дәлме-дәл тіркеліп
отырылады, онда сыналушының аты-жөні, ол туралы қажетті мәліметтер, күні,
уақыты, мақсаты белгіленеді. Эксперименттің деректері сандық өңдеуден өтеді
(факторлық, корреляциялық талдау, т.б.), сапалы түсінік беруден өтеді.
Іс-әрекет (шығармашылықтың) өнімінің талдауы-адамды оның іс-әрекетінің
материалдық және идеалдық (мәтіндер, музыка, бейнелеу, т.б.) өнімдерін
интерпретациялау, талдау, заттансыздандыру арқылы эмпирикалық зерттеу
әдісі. Бұл әдіс педагогикалық тәжірибеде оқушылардың мазмұндамаларын,
шығармаларын, түсініктемелерін, жасаған баяндамаларын, суреттерін, т.б.
талдау түрінде кеңінен пайдалынады. Алайда, ғылыми зерттеу барысында іс-
әрекет өнімінің талдау әдісі әрбір ерекше өнімнің (мысалы, мәтіннің,
суреттің, музыкалық шығарманың) мақсатын балжамын және талдау тәсілдерін
ұйғарады ..
Шет тілін оқыту психологиясында зерттеу пәнінің ерекшелігіне
байланысты жоғарыда аталған әдістердің бірі жиі, басқалары сирек
қолданылады. Оқушылардың іс-әрекеті өнімінің, олардың шығармашылығының
талдауы (есептер шешімінің, конспектілер, шығармалар, еңбек өнімі,
оқушылардың бейнелеу шығармашылығының, т.б. нәтижесін талдау), әңгімелесу,
сауалнама, қалыптастырушы эксперимент байқаумен қатар шетел тілі оқыту
псхологиясында ең көп қолданылатын әдістер болып табылады. Сонымен қатар,
педагогикалық психологияда тестілеу әдісін пайдалану кеңінен таралып
келеді. Осы әдісті қолданатын зерттеуші-педагогтың тек жоғары кәсіби
жауапкершілігімен қатар, этикалық жауапкершілігі ескере отырып оны
тереңірек қарастырайық.
6
Тестілеу-дәлірек айтқанда, психодиагностикалық процедура және
...пайдаланушы психодиагностикалық әдістер арқылы психологияның моральдық
– этикалық кодекісінен туатын бірқтар міндеттер алады
Шет тілін оқыту психологиясында зерттеудің тағы бір маңызды әдісі
социометрия болып табылады. Бұл-Я.Морено әзірлеген топішілік, тұлғааралық
байланыстарды зерттеудің эмпирикалық әдісі. Бұл қойылған сұрақтарға топ
мүшелерінің ішіндегі таңдаулыларының жауаптарын пайдаланатын әдіс-топтың
қаншалықты ұйымшылдығын, топ көшбасшысын анықтауға мүмкіндік береді. Ол
педагогикалық тәжірибеде оқу ұжымдарын қалыптастыру және қайта топтарға
бөлуде, топішілік өзара әрекеттесуді анықтау үшін кеңінен пайдаланады.
Ғылымның кез-келген саласы сияқты шет тілін оқыту писихологиясын
қарастырғанда ең алдымен оның объектісі мен зерттеу пәнін ажыратып алу
қажет.
Ғылыми объектісі-бұл зерттеудің өзінен тыс, әр-түрлі ғылымдарды
зерттеуге болатын ақиқат. Объект ретінде материалдық және материалдық емес
құбылыстар, денелер, процестер, тірі, биологиялық және абстрактілі жүйелер,
күрделілігі әр түрлі дәрежедегі биологиялық ағзалар бола алады. Ғылыми
зерттеу объектісі ретінде өсімдік және жануарлар әлемі, адам қоғам,
өркениет, ғарыш, т.б қарастырылады.
Әрбір объекті көптеген ғылымдармен зерттеліне алынады. Мысалы, адам
антропология, физиология, психология, әлеуметтану, педагогика ғылымдармен
зерттелінеді. Алайда, әр бір ғылымның өз зерттеу пәні бар, оның объектідегі
зерттеу нысаны. Мысалы, жас ерекшелік және педагогикалық психологияның
зерттеу обьектісі ортақ- адам, бірақ бұл ғылымдардың зерттеу пәні әртүрлі.
Жас ерекшелік психологиясы үшін адамның психологиялық дамуы мен өмірге
келген сәттен бастап қартайған шаққа дейінгі қалыптасуының заңдылықтары мен
механизмдері, педагогикалық психология үшін, ең алдымен, білім беру
процесінде адамның әлеуметтік мәдени тәжірибені игеру механизмдері мен
заңдылықтары. Алайда, педагогика мен психологияның, жас ерекшелік
психологиясы мен шет тілін оқыту психологиясының зерттеу объектісінің ортақ
болуы олардың тығыз, іштей ажырамас байланысына және олардың пәндерінің
әртүрлілігінің негізінде жеке бөліп қарастыруға шартты түрде қарауға себеп
болып отыр .
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде шет тілін
оқыту мен оқып үйренудің маңыздылығы және тәрбиелілік мүмкіндіктерін
анықтауда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы Тілдердің
ұштұғырлығы мәдени жобасы басшылыққа алынды. Шет тілін оқытудың жетекші
мақсаты коммуникативтік, білім беру, тәрбиелік және дамыту функцияларын
жүзеге асыру екендігі анықталды.

7
Шет тілін оқыту психологиясының қазіргі уақытта даму ауқымы одан сайын
кеңейіп отыр. Жалпы, шет тілін оқыту психологиясы оқу-тәрбие беру
қызметінің, білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның
интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен
заңдылықтарын жүйелеп, зерттейді.
Шет тілін оқыту психологиясының нақты міндеттеріне:
1.оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие
берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу;
2.оқытушының әлеуметтік-мәдени тәжірибенің меңгеру механизмдері мен
заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталуы және
әртүрлі жағдайларда пайдалануы;
3.оқушының интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен оқытушылық
және тәрбие берушілік ықпалдың формаларымен әдістері арасындағы
байланысты анықтау;
4.оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және
осы процестердің ителлектуалдық, тұлғалық даму мен оқу-танымдық
белсенділікке әсерін анықтау;
5.педагог қызметін психологиялық негіздерін оның жеке психологиялық және
кәсіби сапасын зерттеу;
6.дамыта оқытудың, атап айтқанда, ғылыми, теоретикалық ойлаудың
механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
7.білімді меңгеру заңдылықтары, шарттары мен өлшемдерін анықтау, олардың
негізінде әртүрлі міндеттерді шешу процесінде қызметтің операциялық
құрамын қалыптастыру;
8.игеру сапасы диагностикасының деңгейінің психология негіздері мен
оның білім беру стандарттарына қатыстығын анықтау;
9.білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ары
қарай жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.

П.Я. Гальперин оқытудың алдына мүлдем жаңа міндеттер қойды:
1.қалыптасатын кез–келген әрекетті олар қалыптасуға тиісті
қасиеттерінің жиынтығымен баяндау;
2.әрекеттердің дұрыстығын басқару және қателердің алдын алу үшін
қажетті және жеткілікті бағдарлар жүйесін әзірлеу
П.Я.Гальперин меңгерілетін пәндік әрекетті екі бөлікке бөлген: оны
түсіне білу және оны орындай білу. Бірінші, бөлік бағдарлану рөлін ойнайды
да бағдарланушылық деп аталады, екіншісі-орындаушылық деп аталады.
П.Я.Гальперин бағдарланушы бөлікке ерекше мән берген, оны басқарушы
инстанция деп санаған, соңынан оны штурман картасы деп атаған.
П.Я.Галпериннің және оның шәкірттерінің жүргізген зерттеулерінің
нәтижесінде:
а. Әрекеттермен бірге сезімдік бейнелер мен осы әрекеттердің пәні
туралы ұғымдар қалыптасады. Әрекеттердің бейнелермен ұғымдардың қалыптасуы
бір процестің екі әртүрлі жақтарын құрайды. Сонымен қатар, әрекеттер
8
схемасымен пәндер схемасы көбінде бір-бірін алмастыра алады, пәннің
белгілі
қасиеттері әрекеттің белгілі әдістерін анықтай бастайды, ал әрекеттің
әрбір буынының соңында оның пәнінің белгілі қасиеттері бар деп саналады.
б. Ақыл- ой жағы идеалды жақтардың біреуін ғана құрастырады. Қабылдау
жағы басқа. Жеке адам әрекетінің үшінші дербес жағы болып сөйлеу жағы бола
алуы мүмкін. Қалай алсаңыз да, ақыл-ой, еңбектік жағы тек әрекеттің сөйлеу
формасының негізінде пайда болады.
в. Әрекет идеалды жаққа немесе толығымен өзінің бағыттану бөлігіне ғана
көшіріледі. Осы соңғы жағдайда әрекеті орындаушылық бөлігі материалдық
жақта қалады да және бағдарланушы бөлікпен бірге өзгере отырып, ең соңында
қозғалыс дағдысына айналады.
г. Әрекеттің идеалды жаққа, атап айтқанда, ақыл-ой жағына, көшуі-оның
пәндік мазмұнының осы әрбір жақтардың құралы арқылы бейнеленуі арқылы
беріледі және әрекет формаларының көп ретті, тізбекті түрде өзгеруімен
көрінеді.
д. Әрекеттің ақыл-ой жағына көшуі, интериоризациялануы оның өзгеруінің
тек бір ғана бағытын құрастырады. Басқа сөзсіз болатын және маңыздылығы
одан төмен емес ағымдар өзгерістер құрайды: әрекеттер буынының толықтығын,
оларды бөлу өлшемдері, оларды меңгеру өлшемдер, қарқынымен күштік
көрсеткіштердің ырғағы. Бұл өзгерістер, біріншіден, кері байланыстың
формасымен орындалу әдісінің ауысуымын, екіншіден, қол жеткізілген
әрекеттің сапасын анықтайды. Осы өзгерістердің
1. идеалды орындалған әрекеттерді бірдемелерге тап қылады, ол барып
өзін-өзі байқауда психикалық процесс ретінде ашылады;
2. әрекеттің тиімділік, ақыл-парасаттылық, саналылық, сындарлық сияқты
қасиеттерін қалыптастыруды басқаруға мүмкіндік береді.
Оның мақсаты:
-оқушылардың танымдық әрекетінің бастапқы деңгейін анықтау;
-жаңа қалыптасушы танымдық әрекеттерді анықтау;
-оқыту мазмұнын ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі ретінде анықтау;
-бағыттанудыдың үшінші типі бойынша ауқымды көлемде білім игерудің
жалпыланған құралдар ретінде құралдарын анықтау, яғни меңгерудің негізгі
бас сатысын анықтау, оның әр біреуінің әрекеттерге өзіндік талаптар
қойылады; әрекеттің алгоритмін әзірлеу; кері байланыс жене оның негізінде
үйрету процесін реттеу

9

I.2. Шет тілін оқытудағы танымдық процестер және қабілеттілік.

Шет тілін оқыту психологиясы пәнін алдын ала талдай отырып, мұғалім
жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық, әлеуметтік психология, оқу пәніне
оқыту психологиясы салаларынан саналы және мақсатты түрде теоретикалық
білімдерді пайдаланады. Осы кезеңде мұғалім алдында оқу процесін
ұйымдастырудың негізгі психологиялық проблемаларымен қатар, үш факторға
назар бөледі.
Бірінші фактор, оқыту процесіне әсер етуші бұл оқу пәні, оның
өзгешелігі.
Екінші фактор білімдерді меңгеруге әсер етуші мұғалімнің даралық
психологиялық және кәсіби ерекшеліктері.
Үшінші фактор шәкірт тұлғасы, оның жастық және даралық психологиялық
ерекшеліктері, ақыл ойының дамуы, бейімділігі.
Шет тілі оқу пәні ретінде шәкірттердің психикалық танымдық
процестерінің мәнділігіне өзгеше із қалдырады. Мысалға түйсік пен қабылдау
процестерінде жеке тұрғыдан есту және моторлық сезімталдық ерекше маңызды.
Шет тілі шәкірттердің қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтауларына жоғары
талап қояды.
Көптеген зерттеушілер ұсынған сабақты психологииялық талдаудың схемасын
жалпылау (шет тілі сабағының) мұндай талдаудың іс әрекеттік тұрғыдан келу
негізіндегі жалпы моделін анықтауға мүмкіндік береді.Шет тілі мұғалімінің
психологиялық ерекшеліктері: тұлғалық және кәсіби бағыттылығы.
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы
дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылданған заттың ішкі, мағыналық
тараптарына да назар аударады. Заттардың өздері жоқ болса да олардың тұрқы
мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс
өзгерістерін болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлеммен мәңгі
шарықтайды. Жантану ғылымында ойлау бұл тұлғаның жалпылама және жанама
белгілеуге бағытталған танымдық әрекеті. Түйсік пен қабылдаудан бастау ала
отырып, ойлау тікелей сезімдік белгілер аймағына шығып, нақты қабылдау мен
біреуге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы
біліп, танымдық шектерімізді кеңейтуге жәрдемдеседі.
Түйсік пен қабылдау құбылыстарының жеке тараптарының әр мезгілдегі
кездейсоқ байланыстарын танытады. Ал ойлауды сол түйсіктер мен қабылдау
деректері топтастырылады, салыстырылады, олардың арасындағы қатынастар
ашылып, ажыратылады.

10

Қабілеттілік.
Баланың қабілетін дамыту мәселесін талдауы- ең алдымен қабілет ұғымының
мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда қабілеттерді тұлғаның
белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері, олар
қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып
отырады.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу
деңгейі.
Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге
дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы
шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен
олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.

Жүргізілген тәжірибе барысында, шетел тілі сабағында оқушының шығармашылық
қабілеттерінің дамуы басты нысаны болып алынуымен байланысты, оқулықтарда
берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым
тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, суретпен, жекеден жалпыны шығару,
жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке
баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен
ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, жаңалық
ашып, оның нәтижесінің қызығына бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық
ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп
отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

11

ІІ. Шет тілі сабағының психологиялық талдауы.

ІІ.1.Шет тілі сабағын жүргізу мен ұйымдастырудың психологиялық-
педагогикалық негіздері

Оқыту термині жиі пайдаланылатын мағынада отбасы, мектеп, жоғарғы оқу
орны, қауымдастықтың арнайы ұйымдастырылған жағдайында қоғамдық –тарихи,
әлеуметтік тәжірибені басқа адамға мақсатты бағытталған, біртіндеп беруді
(трансляция) білдіреді. Оқушының позициясынан оның осы тәжірибені “үйретуге
жарамдылық” терминінде қабылдап алу қабілеттілігі жиі байқалады және осы
прцестің нәтижесі “үйретілген” терминінде. Оқытушы позициясын алып тұрған
адам– педагог. Оқытудың әрекеті бұл оқытушының әрекеті, оқыту әрекеті бұл
педагогикалық әрекет. Осы тұрғыда, яғни оқыту әрекетінің бірқатар оқыту
мазмұны, оқыту бағдарламасы, әдістемесі, оның ара-қатынасы жайында
қарастырамыз.
Оқытудың мазмұны мен бағдарламасы В.В.Давыдовтың тұжырымымен
көрсетіледі. Олар:
оқу тәрбие беру процесі бұл оқу пәндері жүйесінің мазмұнын меңгеру
негізінде жүзеге асырылады.
әрбір оқу пәнінің қоғамдық сананың кез келген жоғары формасын меңгеруі,
өзіндік бейнеленуі болып келеді.
оқу пәнінің өзегі оның бағдарламасы болып табылады. Яғни меңгеруге
арналған білім мен құрылымында біліктердің жүйелі және төменнен жоғары
бағалануы.
оқу пәнінің мазмұнын көрсететін бағдарлама оның білім берудегі әдістерін,
дидактикалық құралдардың сипатын, оқу мерзімін анықтайды, ұсынылған
материалды меңгеру барысында оқушыларда қалыптасатын ойлану түрін
жобалайды.
оқу пәндерінің мазмұнын оқу әрекетінің ерекшеліктері мен құрылымына сәйкес
әзірленуі қажет.
Тұлға құрылымында түсінік берілген, педагогикалық іс- әрекет
субьектінің сапаларын қарастыру, индивидтік, туа берілген және өзіндік,
өмір барысында жинақталған тұлғалық сапаларды педагогикалық іс әрекет
ерекшеліктерімен теңестіруге мүмкіндік береді.
Мұғалім сабақ үстінде әр жеке оқушымен, тұтастай сыныппен, оқытылып
отырған материалмен сан алуан байланыстарға түседі. Осыған орай мұғалімнің
өзі, мазмұнын оқушылар игеріп отырған оқу пәнімен белгілі бір байланысқа
түсе отырып, оқушылар үшін жаңа сапа мен қасиеттер жағынан көрінеді:
мұғалім ретінде қызықты әңгімелесуші ретінде зерттеуші ретінде, орындаушы
ретінде және кіші мектеп жасындағыларды оқыту барысында, ән айтқанда. Оның
жаңа байланыстарға түсуіне байланысты, одан үнемі жаңа мазмұндар, яғни,
пәндік, тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік, мінез-құлықтық мазмұндар
сарқылып алынады.

12
Психологиялық талдауға жататын сабақтың психологиялық компоненттері
ретінде, ең алдымен, оқу процесінің екі белсенді субъекті, мұғалім және
оқушылар, олардың өзара байланысын белгілейтін оқу пәні және барлық
жақтарды біріктіруші өзара әрекеттесу процесі қарастырылады. Сабақ біртұтас
жүйе болғандықтан, оның компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді
болады. Олар бір-бірімен арақатынаста көрсетілуі мүмкін және жіктелуі
мүмкін. Осылайша сабақтың психологиялық талдауы синтез арқылы формасында
елестетуге боладыСабақ компонентері арасындағы барлық сан алуан өзара
байланыстарды бейнелеуші синтез арқылы сабақты талдау формасы, мұғалімнің
оқыту мен үйретудің ең күрделі психологиялық сәттерін неғұрлым терең
тануына ықпал етеді. Сабақ талдауының өзі, кәсіби-педагогикалық шеберлікті
жоғарлатудың тиімді құралы бола тұра, мұғалім де осы сапалардың қалыптасу
мен дамуына ықпал етеді. Ол мұғалімнің өзінің педагогикалық іс-әрекетін
түсінудің, оқу процесінде оның қолынан ненің келгенін, ненің келмегенін
ұғынудың неғұрлым тиімді құралы, яғни, педагогикалық рефлексия құралы
болып табылады.
Л.Т.Охитинаның сабақты талдау – бейнелеп көрсету ретінде кең түрдегі
түсіндірмені қарастырайық.
1. Сабақ сабақтың өзі үшін емес, ол оқушы тұлғасына әсер ету үшін
жүргізіледі; бағдарламаның қандай да бір сұрақтарын өту үшін емес, ол
осы бағдарламалық сұрақтар материалының негізінде тұлғаның белгілі бір
интелектуалды, моралдық, еріктік және басқа сапалары қалыптастыру үшін
жүргізіледі.
Интеллект арқылы сезімдерге әсер ету және сезімдер арқылы интеллектке
әсер етуді байланыстыру керек. Оқыту процесі оқушының интеллектуалдық
аясына ғана емес, оның тұтастай психикалық дамуына өзгеріс енгізуі керек.
Оқыту тұлға құрылымына өзгеріс енгізбесе, дамытушы бола алмайды.
2.Тұлға құрылымындағы өзгеріс оқушы ішкі түрткі арқылы әрекеттенгенде
ғана жүреді. Мәжбүр ету арқылы меңгерілген әрекет- шарт өзгерген кезде
бірден бұзылады. Ішкі түрткі бойынша меңгерілген әрекет өзгерген
жағдайларда да сақталынып қалады, себебі тұлға құрылымына енеді. Осы жерден
жалқаулық үшін ұрыспай, танымдық белсенділік пен қызығушылықты ынталандыру,
талапты орындамағаны үшін жазаламай, мұғалімнің шәкірттердің іс-әрекетіне
қойған талабына-олардың өздерінің ішкі түрткісі болатындай етіп ұйымдастыру
деген шешім шығады.
3.Тәрбиелеуші оқытуды сабақтың тәрбиелік сәттеріне теңестіруге
болмайды. Сабақтың барлық элементтері өз мәні бойынша тәрбиелеуші болуы
керек. Барлық тәрбиелік құралдардың, сабақ әдістері мен формалардың
үлестіруші орталығы нақты психологиялық мақсат болуы керек.
4. Кез-келген сабақтың орталық компоненті-шәкірттердің танымдық
белсенділігін ұйымдастыру. Жетекші танымдық процесс-ойлау мен қиялдау болып
табылады. Талдамалылық-синтетикалық іс-әрекет негізінде, осы екі процесс
арқылы білімдер мен интеллектуалдық ептіліктердің қалыптасуы, проблемалық
мәселелерді зерттеу және міндеттерді шығармашылық шешу
13
жүзеге асады.
Ойлау мен қиялдаудың продуктивті жұмыс істеуінің қажетті шарты
шәкірттердің қабылдау мен есте сақтауын дұрыс ұйымдастыру, белгілі бір
ұстаным мен зейінді ұйымдастыру болады.
5. Оқытудың табыстылығы сыртқы факторлардан ғана емес сабақтардың
мазмұны, әдістемелерді жетілдіру, мұғалім шеберлігі, сондай-ақ сыртқы
жағдайларға, яғни, шәкірттердің даралық-психологиялық ерекшеліктеріне де
байланысты .
Келтірілген сабақ түсіндермесі тек дамыта оқыту принципін барынша
толықтай бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ оның проблеманы, үйренушілердің
даралық ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін бөлейді.
Сабақты психологиялық талдаудың үш жоспары:
Сабақтың психологиялық талдауын құбылыс ретінде айта келе, оның үш
жоспарын бір-бірінен айқын ажыратып алуға болады. Бірінші жоспар-
шәкірттерді тәрбиелеуге, тұлғасын дамытуға, оның ғылыми дүние танымын,
оқыту процесіндегі өнегелілігін қалыптастыруға қатысты психологиялық
талдау. Бұл жоспар сабақты жалпы педагогикалық талдаудың бір бөлігі
саналады, мұнда жалпы алғанда, оның жалпы қазіргі замандағы білім берудің
жалпы білім берушіге және тәрбиелік мақсаттарына сәйкестілігі
қарастырылады. Білім беру процесін реформалаудың жалпы контексінде оқытудың
дәл тәрбиелік жағын күшейту керек, яғни, сабақтың психологиялық талдауына
оларды неғұрлым жете қарастыруды жүзеге асыра отырып, оқушыны тұлға ретінде
тұлға жайлы кең көлемді сұрақтар енгізу қажеттігі анық. Оқушының позитивті
әлеуметтік ұстанымдарын, белсенді әлеуметтік позицияларын қалыптастыру,
оның өз нанымдарын дәлелдей алу және қорғауға дайындығын қалыптастыруға
мұғалімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Шет тілін үйренудің тиімді әдістері
Шет тілін оқыту теориялық негіздері
Шет тілін оқытудың принциптері
Ересектер мен жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытуда ойын әдістерін қолдану
Шет тілін оқытуда жекелендірілген тәсілдің теориялық негіздері
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Пәндер