Тергеу әрекеттерінде сот сараптамасын қолдану
Жоспар
Кіріспе ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 тарау
Тергеу әрекеттерін жүргізудегі тактиканың жалпы
түсінігі ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Тактика ұғымының жалпы түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Тергеу әрекеттерінде сот сараптамасын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.3 Тергеу үстінде қалыптасатын қарым қатынастың
түсінігі ... ... ... ... ... 11
2 тарау
Сараптама зерттеулерін қолдану мен жүзеге асыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.1 Ғылыми білім қолданудың жалпы ережелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Сараптама түрлерінің
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.3 Арнаулы сараптамалық
мекемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер

... 33
Кіріспе
Соңғы жылдары елімізде қылмыстың, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың
өсуі, оның айла-әдістерінің күрделеніп, қауіпті сипат алуы байқалады.
Осының бәрі құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу және жедел іздестіру
органдарының жұмыстарын одан әрі жетілдіруді, олардың қазіргі заманғы
тәсілдер мен әдістерді. іскерлікпен пайдалануын, қылмытың алдын Ашу, оның
болуына себеп болған жағдайларды дер кезінде жою үшін арнайы шаралар
қолдануын талап етеді.
Қылмысты ашу және тергеу үстінде жүргізілетін тергеу әрекеттері әрине,
заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Бірақ, тергеу онымен
ғана шектелмейді. Қылмысты ашу жөнінде өте күрделі жұмыстардың бірі
болғандықтан тергеу үстінде заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі
керек. Дегенмен, оның белгілі бір реті, тртібі жнее кезеңі қатаң сақталуы
тиіс. Мұндай жағдайда да арнайы бір тәсілдер және әдістер қолданылуы
мүмкін. Тергеу, жалпы алғанда екі жақтың – тергеуші мен қылмыскердің бір-
біріне қарсы жүргізілетін қимыл-әрекеттерімен сипатталады. Бұл күрес
үстінде екі жақ та өзіне ыңғайлы айла-тәсілдер пайдаланады. Тергеушінің
қолданылатын айла-тәсілдерінің бәрі белгілі бір ситуациялық жағдайлардан
туындайды да, оның бәрінің бірдей заңда көрсетуі мүмкін емес. Тергеу
үстінде қолданылатын осындай әдістерді бір жүйеге келтіріп, тергеу
практикасына ұсыну – тактиканың міндеті. Тактикалық тәсіл-әдістер
норматиті, яғни заңда көрсетілген ережелерді туындаған жағдайға бейімдеп,
нақтылайды.
Құқық қорғау органдарының тәсілдерді біліп, оларды шебер пайдалануы
осы органдардың қылмысқа қарсы күрес жұмыстарынының іскерлігін және
нәтижелілігін арттырады.
1998 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан
Республикасының жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі өзінің заңды күшіне енді.
Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексін қабылдауға арқау болып, негіз берген –
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы елімізді құқылық реформалаудың
Мемлекеттік бағдарламасындағы Қазақстан – 2030 атты елбасының Қазақстан
халқына арнаған жолдауындағы егемендік, демократиялық, құқықтық мемлекеттің
идеялары мен қағидалары. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел
ретінде халықаралық қауымдастың мүшесі болғандықтан басқа шет елдермен,
оның ішінде бұрынғы Кеңес одағынан бөлініп шыққан. Тәуелсіз мемлекеттер
достастығына кіретін елдермен де бірігіп қылмыстықпен күресу мақсатында
өзара байланысып әрекеттенуі үшін жаңа, осы жағдайлар ойластырған.
Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы
жүргізілетін жұмыстарының пәрмендігі мен нәтижлілігі қылмысты ашуға, оны
дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың, ғылыми-техниканың басқа да
ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты.
Әртүрлі материалдарды, заттар мен бұйымдарды, бояуларды, жеке заттарды
зерттеу сараптамасын кейінгі оқу әдебиетінде және сараптамалық практикада
сараптама қатарына жатқызылады.
Тергеу ісін жеделдету мақсатында іске байланысты сараптама белгілеу
жоспарлануы, сараптаманы тағайындап өткізуге әзірлік шаралары қылмысты
тергеу жөніндегі жалпы жоспардың құрамына енгізілуі тиіс.
Сот сараптамасының қажеттігі қазіргі кезде өсуімен сараптама түрлерінің
кеңейуіне байланысты өмірдің талабы болып отыр.
Міне, осыған қарай арнайы білімдерді бар мамандардан сараптама, оның
шешілетін жолдарын ізқдестіру жайлы сұраныс көбеюіне байланысты, сараптама
түрлерінің бір маманның әр-түрлі сараптамаға бір көмегі тие бермейтінін
өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің адам өмірі, зорлық-
зомбылық, қарақшылық жайлы қылмысқа сараптама тағайындау кезіндегі шығарған
қаулысындағы сарапшының алдына қойылған сұрақтары, сараптаманың атына
сәйкес келмей жататындығы көңіліме ауыр ой әкеледі. Тергеушілер суық қару
қолданылған қылмыстарға байланысты тролосологиялық немесе сот. медициналық
сараптама, жәбірленушінің киген киіміне немесе денесіне суық қарумен зақым
келтірілген бе деген сұраққа байланысты сараптама тағайындап жатады.
Шындығында да, тросологиялық немесе сот медициналық сараптамалардың
қорытындылары бұл жағдайдың толық шешімін таба алмайды. Бұл сұрақтың
шешімін тросолог, дәрігер, биолог, қылшықтарды зерттейтін сарапшылардың
көмегімен табуға болады. Кешенді шешім шығару, көптеген сарапшыларға
зерттелетін заттардағы керек ақпараттарды толығымен тергеушілердің
қамтамасыз етуі тиіс.
Сараптама тағайындау жайлы қаулы шығарудағы зерттеудің қорытындысы
көрсетіп отырғандай, кешенді зерттеулер қазір өте аз қолдануда. Әдетте,
тергеушілер кешенді сараптаманың орнына сараптаманың бір түрін тағайындап
қана шектеліп жатады. Яғни, зерттеу барысындағы табылатын белгілер тұрғыда
төтенше қиындыққа әкеп соқтырады.
Бұндай жағдайда, әрбір сарапшы тек өздерінің зерттеу қорытындысымен
ғана шектеледі. Ал, жалпы зерттелінген жағдай жайлы тергеуші міндетті түрде
өз ойын қорытады. Көбіне тергеушілердің бұл салалар бойынша арнайы білімі
саяз болып келуде. Мұндай жағдайдан құтылу үшін, көбіне тергеуші кешенді
сараптама шығару жайлы қаулы толтырып, әрбір сарапшыға байлаулы толық
сұрақтарды қамту керек.
Маман оқиға болған жерді қарап болғаннан соң, тергеушіге іздеу
кестесін толтыруға көмектеседі. Олар мына бөлімдерден тұрады: қылмыска
жайлы ақпараттар, қылмыстың құралы, қолданылған көлік құралы туралы және
оқиға болған жерден табылған айғақтық заттар жайлы, сараптаманың даму
барысында іздердің немесе айғақтық заттардың алғашқы зерттеуге түскен
кезінде-ақ сарапшылардың олардан аса қымбатты ақпараттарды алып, тергеу
орнына беруге мүмкіндіктері бар.
Сараптама тағайындау кезінде салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгі
ретіндегі обьектілерді дұрыс таңдау маңызды орын алады. Салыстырмалық
зерттеу үшін, қажетті үлгілер сараптама жүргізу кезінде қолданылатын
обьектілердің өз алдына жеке түрі болып табылады.
Сараптама үшін өте қажетті салыстырмалық үлгілерді алу 1998 жылға
дейінгі қылмыстық іс жүргізу кодексінде реттеледі, ол тек басқа тергеу
әрекеттерінің, не ұйымдастыру шараларының шеңберінде жүргізіледі. Кейде
тіптен қандай да бір заңмен реттелмеді, ол тек басқа тергеу әрекеттерінің,
не ұйымдастыру шараларының шеңберінде жүргізіледі. Кейде тіптен қандай да
бір заңмен реттелмей алынатын, осыған орай тергеу орындарында салыстырмалық
үлгілерді алу, қандай тергеу әрекетінің шеңберінде жүргізу туралы
мәселелерде шешкенде қиыншылықтар туындайды. Енді ғана Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жеке тергеу әрекеті ретінде
енгізіліп "Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу" деген атпен жеке тарау
болып көрініс алды. Бірақ тергеу әрекетінің енгізілуі, сараптама үшін
қажетті салыстырмалық үлгілерді басқа тергеу әрекеттерінің шеңберінде алуға
болғадығын жоққа шығармайды, қайта басқа тергеу әрекетінің шеңберінде
алынуы мүмкін емес үлгілерді тәжірибе жағдайында алуды реттейді.
Салыстырмалық зерттеу үшін үлгілер ҚР ҚІЖ Кодексінің 33 тарауының 259
бабына сәйкес алынса, онда ол жеке тергеу әрекеті болып табылады.
Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу, салыстырып, зерттелетін
обьектілердің мазмұнын сипаттайтын обьектілердің мазмұнын сипаттайтын
заттарды немесе нәрселерді, олардың материалдары бекітілген бейнелерін
тәжірибе жағдайында алудан тұратын тергеу әрекеті сараптаманың алдында
тұрған сұрақтарды шешу үшін қажетті.
Тергеу барысында қажетті үлгілер қарау, тіктеу, алу сияқты тергеу
әрекеттерін жүргізгенде алынуы мүмкін. Үлгілер сезіктіден, айыпталушыдан,
жәбірленушіден және куәдан алынуы мүмкін. Іске қатысы жоқ тұлғадан үлгі алу
қажет болса, онда алдымен куә ретінде жауап алу керек. Содан кейін ғана
сараптамаға қажетті үлгіні алуға болады.
Үлгілер обьектінің әрі жеке, әрі топтық белгілерін бейнелеуі мүмкін.
Сараптама үшін үлгілерді таңдау сараптаманың түріне, сипатына және
сараптамалық жолмен шешілуі керек, - деп тапқан тергеушінің сұрақтарына
байланысты. Сараптамаға жіберілетін барлық үлгілер қайта жаңғыртарлық,
салыстырмалық, өзгермеушілік,алынған жерінің шынайылығы талаптарына сәйкес
келуі керек.
Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізілетін іс
материалдарын зерттеу нәтижесінде, іс үшін маңызы бар мән-жайлар алынуы
мүмкін жағдайда тағайындалады.
Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білмдер негізінде жүргізетін іс

мүмкін жағдайда тағайындалады. Сараптамалық зерттеу обьектілері, егер
олардың көлемі мен қасиеттері мүмкіндік берсе сарапшыға буып-түйілген және
мөрмен бекітілген күйінде беріледі.
Сараптаманы тағайындау қажет деп таныған тергеуші бұл туралы қаулы
шығарады, онда сараптама тағайындаудың негіздері, сараптамаға жіберілген
обьектілер, олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және
алынғаны; сарапшының қарауына ұсынылған өзге де материалдар, істе
қамтылған, сарапшының қарауына ұсынылған өзге де материалдар; сот
сараптамасының органы атауы немесе сараптама тапсырылған адамның тегі
көрсетілуі тиіс.
Тергеушінің сараптама тағайындауы туралы қаулысы ол жіберілген және өз
құзіретіне жататын органдардың немесе адамдардың орындалуы үшін міндетті
болып табылады. Бұл жайында, осы жұмыстың үшінші бөлімнің бірінші
тармағында тереңірек тоқталамыз.
Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау
мүмкін болмайтын жағдайда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы
мүмкін. Сараптама іс жүргізуге қатысатын, өздерінің немесе берілетін
құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша
тағайындалуы мүмкін.
Сараптама іс жүргізуге қатысатын, өздерінің немесе берілетін құқықтары
мен мүдделерін қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша тағайындалуы
мүмкін. Өзінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын іс
жүрізуге қатысушы тергеушіге өз пікірінше сарапшының қорытындысы берілуге
тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынылады, зерттеу обьектілерін көрсетеді,
сондай-ақ сарапшы ретінде шақыруға болатын адамды айтады.
Бастамашылығы бойынша сараптама тағайындалып отырған іс жүргізуге
қатысушы сараптамалық зерттеу обьектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсына
алады.
Егер, сараптама жүргізуді сот сараптама мекемесінің қызметкері емес
адамға тапсыру көзделсе, онда тергеуші қаулыны шығарғанға дейін сараптама
тапсыруды көзделген адамның тұлғасымен алдын – ала танысып алу керек, оның
маман екеніне көз жеткізіп, сезіктімен, жәбірленушімен, сараптамаға
салынатын адаммен және басқа да қатысушылармен қатынасын анықтайды да,
сарапшыға бас тарта беруге негіздің бар-жоғын көрсетеді. Бұл жайында үшінші
бөлімнің екінші тармағында толық тоқталамыз.
Үшінші бөлімнің төртінші тармағында сараптама нәтижелерін қолдануға
және бағалауға тоқталамыз. Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде қолданған
әдістер, қойылған сұрақтарға жауаптардың негіздемесі, сондай-ақ іс үшін
маңызы бар және сарапшының өз бастамашылығы бойынша анықталған мән-жайлар
көрсетіледі. Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындыны
түсіндіру бөлігінде ғана дәлелдеме болып табылады. Сарапшының қорытындысы
қылмыстық істі жүргізуші мекеме үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның
қорытындысымен келіспеушілігі дәлелді болуы тиіс.
Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды беру мүмкін еместігі
туралы хабарламасы, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы, алдын-ала
тергеуге өз түсініктемелерін беруге және сараптама қорытындылары бойынша
қарсылықтарын мәлімдеуге құқылы.
1 тарау
Тергеу әрекеттерін жүргізудегі тактиканың жалпы түсінігі
1.1 Тактика ұғымының жалпы түсінігі
Қылмыстықпен күресу қылмыскердің тарапынан тікелей қарсылықтарын,
олардың айлаларымен құлықтарын тойтарудан тұрады. Әсіресе, бұл жағдай
қылмыстық істердің алдын-ала тергеуі кезінде орын алады. Ғылым ретінде
пайда болғаннан бастап-ақ тергеудің осы қиындықтарын жеңу бойынша арнайы
ұсынытардың қажеттігіне көп көңіл бөледі.
Осындай ұсыныстардың жиынтығын әуелі қылмыстық тактика деп те атады,
кейінірек тергеу тактикасы болып аталды, ал қазіргі кезде тактика деп
аталып жүр.
Қылмысты тергеу, тергеу әрекеттерін және іс бойынша әділдікті анықтау
үшін дәлелдемелік ақпараттарды жинаумен зерттеуді қамтамасыз ететін
ұйымдастыру шараларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тергеу әрекеттерінің
нәтижелілігі мен тимділігіне, олардың тиісті түрде ұйымдастыру - тактикалық
тұрғысынан жүзеге асыру арқылы қол жетеді, олардың негізгі қағидаларын
тактика зерттеп жетілдіреді.
Тактика – бұл ғылымымен тағайындалған тергеуді ұйымдастыру мен
жоспарлау, оны жүзеге асырушы тұлғалардың мінез –құлқын әдептеу, нақты
тергеулік ахуалды ескеріп жеке тергеу әрекеттерін орындаудың тиімді
ткатикалық тәсілдерін тағайындау бойынша ережелер мен ұсыныстар жүйесі.
Тактика екі бөлімнен тұрады:
Біріншісі, бүкіл тактика үшін маңызы бар жалпы ережелердер тұрады және олар
тергеуді тұтастай ұйымдастыру мен жоспарлауға негіз ретінде қызмет етеді.
Бұлар – тактиканың негізгі ұғымы, жүйесі, тактикалық ғылымының басқа
тарауларымен, сонымен қатар, ғылымның басқа салаларымен және тергеу
тәжірибесімен өзара байланысы, тергеу болжауын құру мен тексеру, тергеуді
ұйымдастыру мен жоспарлау қағидалары туралы ілім, тергеу, кезіндегі қарым-
қатынас негіздері, қоғам көмегін пайдалану, дәлелдеу барысында жедел
іздестіру ақпараттарының мүмкіндіктерін қолдану және т.б.
Екінші бөлімі жеке тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тактикалық тәсілдер
мен ұсыныстарды қамтиды.Мысалы, тергеулік қарау, жауап алу, тануға ұсыну,
тінту, алу, сараптама жүргізу және т.с.с.
тактиканың мақсаттарын екіге бөлуге болады: негізгі және арнайы.
тактиканың негізгі мақсаты – бұл қылмысты дер кезінде және толық ашу, жаңа
тактикалық тәсілдер мен әдістемелік ұсыныстарды жетілдіру, ашып айтсақ,
олар мыналар:
- тергеуді мейлінше дұрыс жоспарлап, тергеу әрекеттерін
тиянақты жүргізу;
-ғылыми техникалық құралдар мен арнайы ілімдерді барынша тиімді
қолдану;
- жедел қызметпен өзара қатынасу, жедел ақпарат көздерімен алынған
деректерді қолдану;
-қылмысты ескертуге бағытталған жаңа ұсыныстар әзірлеу;
-қылмыстық іске қатысушы адамдарға қатысты, өздерін қалай ұстануы
керектігі туралы тәртіптік мазмұндағы ұсыныстар әзірлеу;
тактиканың негізгі қайнар көздері - жаратылыстанулық, гуманитарлық
және техникалық ғылымдардың жетістіктері, сонымен қатар алғы тергеу
тәжірибесі мен қылмыстық іс жүргізу заңдары.
тактика ның орталық тарауы бола отырып, тактикамен және
әдістемемен, дәлірек айтқанда қылмыстың жеке түрлерімен топтары тергеу
әдістемесімен тығыз байланыста болады. Тергеуді ұйымдастыру мен тергеу
әрекеттерінің тактикалық тәсілдерін таңдау дәлелдемелік ақпараттарды тиімді
түрде жинау, бекіту мен зерттеу мақсатында техникалық құралдарды қолдану
мүмкіндігін ескеріп құрылады. Тактикамен әдістеменің байланысы ең алдымен
тактика ережелері әдістеме арқылы жүзеге асырылатындығынан білінеді, яғни,
әдістеменің нақты қылмыс түрлерін тергеудегі ерекшеліктеріне байланысты
тергеу тактикасы да ерекшеліктерге ие болады.
тактика мен қылмыстық іс жүргізудің арасында үзімсіз тығыз байланыс
бар. Барлық тергеу әрекеттері тактиканың да қылмыстық іс жүргізудің де
заты болып табылады.
Кейбір тергеу әрекеттерін тактикалық тәсілдері арқылы көрсете алғанда
ғана процесуалдық сипат алады. Ал заңда пайда болған жаңа тергеу әрекеттері
әрқашан тактикалық тәсілдерді дайындауды талап етеді.
1.2 Тергеу әрекеттерінде сот сараптамасын қолдану
құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданылып, пайдалану ерекшеліктері
әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз
байланысты. Жаңа құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін
жүргізгенде қолдану әдістері тактикада қарастырылады. Сонымен қатар,
тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан
қылмыстың түріне байланысты өзгертіліп осы қылмысты ашуға, тергеуге
бейімделіп қолданылады. Әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке
қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге
асады.
тактика бөліміне әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын
тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-
іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері
тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.
тактиканың ең бір негізгі, түйімді сұрақтарының бірі – ол тактикалық тәсіл.
Тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі
мақсаты - осы тергеу әрекетін жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды
дәлелдемелер жинау, осы айтылғанмен тергеу әрекетінің нәтижелілігін
арттыру. Ал енді, осы мақсатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде
тергеуші нақтылы туындап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді
әдістер, заңға сыйымды айла - әрекеттер қолдану арқылы обьективті және
толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін
жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық тәсіл дейміз. Әрине, ақылға
салмай, кез-келген тәсілдерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан,
қолданылатын тактикалық тәсілдер белгілі бір талаптарға сай болуы керек.
Тактикалық тәсілдерге қойылатын негізгі талап оның заңға қайшы келмеуі,
жеке адамның не заң тұлғаларының құқығын бұзбауы және жалпы моральдық,
этикалық қағидаларға сай болуы.
Мұнымен қатар, тактикалық тәсілге қойылатын талаптардың тағы бірі –
тактикалық тәсілдің обьективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденетіндігі , оның
ғылымның бір саласына айтайық логика, психология, педагогика т.б
ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі. Осы айтылғанды,
тұжырымдайтын болсақ, тактикалық тәсіл дегеніміз ол заңға этикалық
талаптарға қайшы келмейтін белгілі ситуациялық жағдайда, терегу әрекетінің
нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданылатын арнайы тәсілдері.
Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға
тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі бірдей, арнайы бір кезекпен
қолданылады. Мұны да тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын
тактикалық комбинация дейді.
Тактикалық әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу
ситуациясына байланысты екендігі айқын. Сондықтан, тергеу ситуациясы деген
санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық. Тергеу ситуациясы дегеніміз ол
тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің
көлеміне және ерекшелігіне, істің мән жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты
қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері
қылмысты істер жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды тактикалық
тәсілдер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай,
ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу практикасында пайда болып,
алғашқыда, тактикалық тәсіл есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу
әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық тәсіл есебінде
қолданылған. Атап айтқанда, обьектілерді танытуға көрсету, жауапты оқиға
болған жерде тексеру деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тактикасында
жауап алудың тактикалық тәсілі есебінде пайдаланылған. Кейінннен ғана, заң
жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған
байланысты қазірғі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір
тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заң
талабы, процесуалдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық
тәсілдің мағынасынтаңдасақ, оның түсінігі, табиғи негізі осы тәсілді қай
ғылымның түріне, қандай ғылыми қағида негізделгендігімен сипатталады.
Айталық, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдердің көбі
логика, психология, педагогика, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және
басқа да ғылымдардың ғылымдарына негізделеді. Осы аталған ғылыми салалардың
қағидалары тергеуге, атап айтқанда тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп,
модификацияланған. Бірақ, негізінде белгілі бір ғылымның қағидалары
пайдаланғандықтанбұл тәсілдер – логикалық, психологиялық, педагогикалық
тактикалық тәсілдер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне
байланысты тактикалық тәсілдер танырлық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп
үш түрге бөлінеді.
Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті былайша айтқанда, , дәлелдемелі
ақпараттарды алуға бағытталған осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды
танырлық тактикалық тәсілдер.
Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның
нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған
тәсілдерді басқарушы тактикалық тәсілдер дейді. Атап айтқанда, бірінші
кезекте іске керекті фактіні бекітіп, дәлелдеп отырған адамнан жауап
алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактінің, оқиғаның болуын,
керісінше жоққа шығарып айтылғанды бекітпей отырған адамнан жауап алынады.
Бұл мысалы, беттестіріп жауап алғанда беттестірген адамдарды белгілі бір
кезекпен сөйлетіп, жауап алу, тактикасын қолдану.
Кейбір тактикалық тәсілдер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп,
тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады.
Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған
ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел –іздестіру әрекеттерін
белгілі бір ретті кезекпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда
тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын
қамтамасыз ететін осындай тактикалық тәсілдер негізге алынады.
Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел іздестіру
және басқа да дайындық, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Тергеудің
нәтижелі табысқа жетуі, қлмыстың дер кезінде ашылуы, іске керекті
дәлелдемелерді толық жинап алу тергеуде жүргізілетін тергеу әрекеттерін
және жедел іздестіру жұмыстарын кешіктірмей белгілі бір дұрыс кезекпен
жүргізуге тікелей байланысты. Мұнымен қатар, тергеу әрекеттерін
жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмысын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді
орынды және белгілі әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады.
Осыған байланысты айтылған жұмыстардың бәрін бірімен бірі жалғасып жатқан
бір бүтін процесс деп есептейді. Бұны біз тактикалық комбинациялық операция
дейміз. Сонымен тактикалық комбинациялық операцияның түсінігі – ол тергеу
үстінде тергеуситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін
жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық
жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі бір кезекпен, тактикалық айламен
қисындастырып жүргізу әдісі.
1.3 Тергеу үстінде қалыптасатын қарым қатынастың түсінігі
Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын
болсақ, ол негізінен жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады. Тергеу үстінде
мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі осы операцияны жүзеге
асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында
қалыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты.
Қылмысты істер жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда
көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғалған іс бойынша
қылмытың мән жайын анықтап, жасалған қылмыты дер кезінде ашуға тиісті.
Бірақ, тергеуші тек заңда көрсетілген әрекеттерді жүргізу арқылы, өзінің
күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орныдай алмайды. Сондықтан,
тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін
органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасаған
қылмыстың кейбір мән – жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың
қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп
бекітілген. Тек жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған
мәліметтерді және басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана
тергеуші тергеп отырған қылмыты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел
іздесті органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға,
қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толықжинап алуға
болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған
тағы бір міндет – ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен
жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай
ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы атап
айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмықа қарсы күрес
саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.
Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде
қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі – тергегенде бір – біріне әкімшілік
тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел іздестіру органдарының қылмысты ашуға,
оны сапалы тергеуге қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін
жұмыстары. Бірақ, мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған
органдардың қызметтерінде өзіндік өзгешеліктері бар. Бұдан бұрынғы жедел-
іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның
өкілеттілігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты
жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар
өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның негізгісі – қылмыстың
белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер
кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама
жүргізуші органдар өзінің өкілеттілігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел
– іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің
кейбір мән – жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып,
оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы
шешетіндігіне араласып кіріспейді.
Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге
байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде жүруі тергеудің белгілі бір
жоспарымен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмысты іс қозғалғаннан кейін
тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу үстінде шешілетін сұрақтарды
толық алып, осы сұрақтарды нақты қандай тергеу әрекеттерін, ұйымдық
жұмыстарды жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.[1]
Сұрақтар тергеп отырған қылмытың мән-жайын анықтауға байланысты болуы
керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің
ойша жасаған болжауынан туындайды.
Тергеу жоспарын жасау белгілі бір принциптерге негізделеді. Жоспарды
жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты принциптері бар.
Олар: жоспардың индивидуальдығы нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған
шаралардың іске асу айқындығ, заңдылығы және қолайлығы.
Тергеу жоспарын құрғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды
және белгілі мерзімде нақтылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын
кіргізу керек. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді. Анықталуы
жоспарланған сұрақтар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды.
Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрақтарды анықтау үшін өтккізілуі тиіс
жұмыс әрекеттері заңға қайшы келемуі керек. Мұны тергеуді жоспарлаудың
заңдылық принципі дейміз.
2 тарау Сараптама зертеулерін қолдану мен жүзеге асыру

Ерте заманнан бері заңгер жасалған қылмыты дәлелдеуге обьективті
деректер табу жолында біраз ізденіс жұмыстар жүргізген. Тергеу
әрекеттірінің көбін жүргізу арқылы алынған деректі дәлелдемелерде белгілі
бір субьективті элементтердің болуы мүмкін. Мысалы, жауап алу, танытуға
көрсету, тағы да басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған
дәлелдемелерде белгілі бір субьективті пікірлердің, тұжырымдардың болуы
мүмкін. Осы тұрғыдан, обьективті қылмыстық мән-жайы жөніндегі мәліметтерді
арнайы зерттеу, сараптау үстінде ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістерді
қолдану арқылы алуға болады.
Осы тұрғыдан алғанда обьективті дәлелдемелерді алудың бірден-бір жолы –
істің мән-жайын анықтауға ғылыми-техникалық немесе басқа да арнаулы
білімдерді қолдану.
Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың екі түрі бар: бірі – тергеу
әрекеттерін жүргізгенде істің кейбір мән-жайын анықтау үшін арнаулы білімі
бар маманды қатыстыру да, екіншісі – сот сараптамасыг тағайындау. Тергеу
әрекетін атап айтқанда, оқиға болған жерді қарауға тергеу экспериментін
жүргізуге, т.б. қатынасқан маман арнайы жеке құжат жазбайды, өзінің арнаулы
білімін қолдану арқылы анықталған істің мән-жайын, осы жөніндегі пікірін
тергеушіге хабарлап, оның тұжырымдары, қорытындысы осы тергеу әрекеті
бойынша тергеушінің жазған хаттамасында көрсетіледі. Іс бойынша, сараптама
тағайындалғанда арнаулы білімі бар маман-эксперт өз мамандығына байланысты
сұрақтарын зерттеулер жүргізу арқылы жеке акт жазып береді. Тергеу мен сот
үстінде арнайы білім қолданудың екінші түрі – сараптама тағайындау.
Сараптама яғни, экспертиза деген термин латын тіліндегі " ехрегtus" ,
яғни, білгір, арнайы білімі, тәжірибе деген сөзден туындайды. Сондықтан
істің кейбір мән-жайларын анықтау үшін арнайы білім қолданылып, зерттеу
тәжірибелерін жүргізу керек болса, сот сараптамасы тағайындалады.

материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар алынуы
мүмкін жағдайда тағайындалады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге
адамдардың мұндай білімінің болуы қылмыстық істі жүргізуші адамды тиісті
жағдайларда сарапшы тағайындау қажеттілігінен босатпайды. Іс үшін елулі
маңызы бар мән-жайларды анықтауға ғылыми-техникалық басқа да арнаулы білім
қажет болған реттерде сот, прокурор тергеуші немесе анықтама жүргізуші адам
сараптама тағайындайды. Көрсетілген заң қағидасына сүйенетін болсақ, бұл
тергеу әрекетінің негізгі міндеті қылмыстың мән-жайын арнайы білім қолдану
арқылы анықтау.
Қай саладағы арнайы білімді қолдану керектігін, қандай сот сараптамасын
тағайындау керек екендігін тергеуші, сот, прокурор шешеді. Осыған
байланысты, сараптаманы орынды және керек жағдайда тағайындау ол арнайы
білім деген ұғымға не жататындығын дұрыс анықтауға байланысты. Өкінішке
орай, заңгер ғалымдар бұл мәселеде әзірге бір тұжырымға келе қойған жоқ.
Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен арнаулы білімнің өзара ерекшелігі
субьективті сипатта болады, ол ерекшелікті нақты жағдайға байланысты
тергеуші ғана шешеді деп есептейді. Сондай-ақ осыған пікірлес басқа да
ғалымдардың арнаулы білімді жалпы тұрмыстық білім мен жалпыға ортақ білімді
өзара салыстыру арқылы ғана анықтауға болады деген пікірі сендіре қоймайды.
Менің ойымша " арнаулы білім" деген ұғым ғылым мен техника саласындағы
мамандығы бар деген ұғыммен тікелей байланысты. Сондықтан, " арнаулы білім"
, дара сипаттағы мамандық ұғымын, сондай-ақ арнаулы кәсіби білім алу арқылы
арнаулы еңбектің қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны толық игерген маман
ұғымының аясында қарауды дұрыс деп санаймын.
Демек, арнаулы білім ұғымы ретінде ғылым мен техниканың белгілі бір
саласында мәселе шешуге қолайлы жағдай жасайтындай арнаулы кәсіби дағдысы
нәтижесінде қалыптасқан білімдер жиынтығын түсіну қажет. Бұл орайда арнаулы
білім қатарына құқықтану ғылымы да, ал бұл білімнің иесіне арнаулы құқықтық
білім алған маман, заңгер де жатады. Бірақ, құқықтық мәселелерді шешерде
сараптама тағайындалмайды. Өйткені құқықтық және қылмыстық іс жүргізуде,
сондай-ақ тергеу әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді
арнаулы білімі бар тергеушінің өзі шешеді. Алайда, сарапшылық, зерттеулер
жүргізуді талап ететін мәселелерді шешу заңгердің өкілеттілігіне жатпайды.
Тек жоғары білімге қоса арнаулы дайындықтан өткен сараптамалық зерттеу
өткізу әдісін меңгерген заңгер ғана мұндай зерттеулерді жүргізе алады.
Кейде тергеушінің эксперттік әзірлігі болуы, бұрын эксперт – қызметті
атқаруы да мүмкін. Мұндай жағдайды соған қарамастан, тергеуші арнаулы
мәселелерді өз еркімен шеше алмайды. Өйткені бір адам әрі өкілеттікті, әрі
тергеушілік өкілеттілікті қатар атқаруына рұқсат етілмейді.
Кейбір обьектілерді айталық, құжаттарды сотта қарағанда, үлгілерді
іріктегенде белгілі бір әзірлігі бар тергеуші, әдетте, бұған маман –
шақырылатын мәселелерді өз еркімен шешуі мүмкін. Заңда көрсетілгендей,
маман- қылмыстық іс жүргізуші жеке тұлға әйтсе де ол іске тергеушіге
көмектесу үшін ғана қатыстырылады. Сондықтан, ол өз алдына қылмыстық іс
жүргізу құжаттарын толтыра алмайды, оның тұжырымдары ғана тергеу әрекеті
жөніндегі хаттамаға енгізіледі.
Сараптама обьектілері болып заттай дәлелдер, құжаттар, адамның тәндік
және психикалық ахуалы, мәйіттер, жануарлар, сараптамалық зерттеулер үшін
алынған үлгілер сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы сараптаманың
қарауына жататын мәліметтер табылады.
Сараптамалық зерттеу обьектілерінің дәлдігі мен оларға жол берілетініне
сараптаманы тағайындаған орган кепілдік береді.
Сараптамлық зерттеу обьектілері, егер олардың көлемі мен қасиеттері
мүмкіндік берсе, сарапшыға буып – түйілген және мөрмен бекітілген күйінде
беріледі. Басқа жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу
обьектілері орнатылған жерге жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізуді және
зерттеу жүргізу үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге тиіс. Сараптамалық
зерттеу обьектілерін пайдалану дәлелдерді ашудың, іске қоса тігудің, сақтау
мен жоюдың ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген ережелеріне сәйкес
жүзеге асырылады.
Сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу обьектілері орналасқан
жерге жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін
қажетті шарттарды қамтамасыз етуге тиіс. Сараптамалық зерттеу обьектілерін
пайдалану заттай дәлелдерді алудың, іске қоса тігудің, сақтау мен жоюдың
ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Салаларды ғылым саласымен зерттеу
затымен және тәсілмен біріктірілген сараптамалар құрайды.
Сараптаманың әр саласы бір-бірімен шешетін сұрақтарының, зерттеу
обьектілері мен әдістемелері ерекшеліктеріне орай түрлерге бөледі. Мысалы,
сараптама тросологиялық, балмистикалық, құжаттардың техника- т.б бөлінеді.
Сараптама түрлері өз алдына біртектілерге бөлінеді. Яғни, тросологиялық
сараптама қол іздер, көлік іздері, бұзу құралдарының іздерінің
сараптамалары ретінде бөлінеді.
Сараптама жүргізілу тапсырылған сарапшылардың саны бойынша қылмыстық іс
жүргізу кодексі жекелік, комиссиялық және кешендік сараптамалары
қарастырылады. Жекелік жалғыз сарапшымен, ал комиссиялық сараптамада
сарапшылар комиссиясымен жүзеге асырылады. Комиссиялық сараптама күрделі
сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және
мамандықтары бір бірнеше сарапшылармен жүргізіледі.
Ақыл есінің дұрыстығы туралы сұрақ бойынша сот – психиатриялық
сараптаманы жүргізу үшін кемінде үш сарапшы тағайындалады. Сараптамалық
комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірігіп сараптады және ортақ
тұжырымға келіп, қорытындыға немесе қорытынды беру мүмкін еместігі туралы
хабарламаға қолдарын қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған
жағдайда сарапшылардың әрқайсысы немесе бір бөлігі жеке қорытынды береді,
не болмаса комиссияның басқа мүшелерінің қабылдаған шешіміне ойы сәйкес
келмеген сарапшы тұжырымын қорытындыда жеке көрсетеді. Тергеушінің
комиссиялық сараптама жүргізу туралы қаулысы Сот сараптама органының
басқарушысы үшін міндетті. Сот сараптама органның басқарушысы комиссиялық
сараптаманы берілген материалдар бойынша жүргізу туралы шешімді өз бетінше
қабылдауға және оны ұйымдастыруға құқылы.
Кешенді сараптама ілімнің бірнеше салалары негізінде түбірі бір
сұрақтарды шешу үшін тағайындалады, яғни, обьект әр түрлі мамандармен
зерттеледі.
2.2 Сараптама түрлерінің айырмашылығы
Сараптама – қылмыстық немесе азаматтық істерді дұрыс шешуде маңызды,
нақты деректер мен жағдайларды анықтау мақсатында тергеушінің, соттың
тапсырмасымен заттай айғақтарды зерттеуге сарапшы қатыстырылатын іс жүргізу
әрекеті.
Сарапшы бейнесі тиісті арнаулы білімнің көмегімен алдын ала және сот
тергеуінде зерттеліп анықталатын ерекше фактілерді қалыптастырады,
тергеушінің көз алдына әкеледі. Әр сот сараптамасының өзінің ерекше зерттеу
сипаты болады. Айталық, сарапшы көп жағдай да адамды, малды, қылмыс
жасалған қару мен құралды оның сыртқы түрі бойынша бейнелейді.
Сараптамының обьектісі – қылмытсқы іске қатынасы бар, арнаулы білім
арқылы зерттелуге тиісті фактілер, оқиғалар, заттар, сарапшының алдында
қойылған міндеттер нақ осы фактілер мен оқиғаларды арнаулы білім қолдану
арқылы зерттеліп, орындалады. Сараптамалық обьектілер адам және оның
шырғалаң іздері, өліктер, малдар мен олардың іздері, агрегаттар, әр түрлі
көлік құралдары, олардың сыртқы ортада бейнеленуі, құжаттар мен олардың
мазмұндары болуы мүмкін. Сараптамлық бейне мен обьектінің өзінің ерекшелігі
оның яғни, зерттеудің құрал жабдықтарымен олардың қолданылуының,
жаратылыстану ғылымы мен техника ғылымының өзара үйлесімділігін өзінің
әдістемесін талап етеді. Аталған әдістер мен құралдар, әдетте, зерттелетін
обьектінің сипаты мен зерттеу мақсатына орай қолданылады. Сот сараптамасы
әр түрлі негіздеріне қарай жіктеледі және жіктелу деңгейі өзіндік сипатына
байланысты пайдаланылатын білім: , сот – медициналық, сот – психиатриалық,
сот – фрамацевтикалық және формокологиялық, сот – биологиялық, сот – мал
дәрігерлік химиялық, физика – техникалық, техникалық және технологиялық
тауар танушылық және тамақ өнімдері, бухгалтерлік, экономикалық және басқа
да бірнеше түрлерге бөлінеді. Сондай-ақ материалдарды, заттарды, бұйымдарды
зерттеу сипатына қарай сараптаманың жеке топқа іріктеледі.
ҚР Сот сараптамасы туралы заңына сәйкес сот сараптамасының түрлеріне
бастапқы, комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалар жатады.
Комиссиялық сараптама – бір мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы
жүргізетін сараптама.
Кешенді сараптама – егер іс үшін маңызы бар жағдаяттарды анықтау үшін
білімнің түрлі салаларының негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда әр
түрлі мамандықтағы сот сараптамашыларының комиссиясы жүргізетін сот
сараптамасы.
Қосымша сараптама – алдыңғы сараптаманың нәтижелері бойынша сарапшының
қорытындысы жеткілікті дәрежеде анық болмаған, не сот сарапшысы өзінің
алдына қойылған мәселелерді толық шешпеген не алдыңғы зерттеушілермен
байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайларда жүргізілетін
сот сараптамасы.
Қайталама сараптама – алдыңғы сараптаманың нәтижелері бойынша
сарапшының қорытындысы жеткілікті негізделмеген, не болмаса сараптама
жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылғанда жүргізілген сот
сараптамасы.
Сондай-ақ жоғары да аталған сараптамалар әр түрлерге, жіктерге, тіпті
жіктемелерге бөлінеді.
Айталық, сараптаманың өзі зерттеу обьектілеріне байланысты
тросологиялық, сот баллистикалық, графикалық зерттеу, құжаттарды сот
техникалық әдістермен зерттеу, сот – портретипі, сот – фоноскопиялық,
қопарғыш құралдарды зерттеу, заттарды және бұйымдарды зерттеу сияқты болып
жеке түрлерге бөлінеді.
Адамның өміріне, деңсаулылығына және адамгершілігіне байланысты
қылмысты істер бойынша, айталық өлімнің себебін, дене жарақатының сипатын,
оныңауырлығын анықтау қажет болған жағдайда сот медициналық сараптамасы, ал
іске қатынасы бар адамның есі дұрыстығы және психологиялық жағдайын анықтау
керек болса, психиатриялық сараптама тағайындалады.
Жол – транспорт оқиғасын тергенде осы оқиғаға қатынасы бар
автомашиналардың техникалық жағдайын, оның механизмдерінің бұзылған
бұзылмағандығын, оқиға болар алдында автомашинаның қандай жылдамдықпен
жүріп келгендігін анықтау үшін сот автотехникалық сараптамасы
тағайындалады. Осымен қатар, сот автотехниканың сараптамасын тағайындау
арқылы автомашинаның жолдан шығып кетуі, аударылу себептерін және апаттың
механизмін, динамикасын да шешіп, анықтайды.
Техникалық қауіпсіздік немесе еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан
апат болып, адамдар қайғылы жағдайларға ұшыраса, техникалық сараптама
тағайындайды.
Экономика саласындағы қылмытар бойынша сот есеп, сот технологиялық,
тауартанушылық, сот экономикалық сараптамалары тағайындалады. Сот есеп
сараптамасында белгілі мекемеде жүргізілген есеп жұмыстарының жалпы
жағдайы, оның оынң нормативтік ережелерге сай жүргізілуі анықталып,
шешіледі.
Технологиялық сараптама кәсіпорындарда өндіріс үстінде белгілі бір
өнімді шығаруға арналған технологиялық тәртіп толық сақталды ма, нақтылы
қандай ережелері бұзылғандығын анықтайды. Шығарған өнімнің, заттың
сапасының тиісті стандартқа сәйкестігі, оның бағасының дұрыс белгіленуі сот
тауартанушылық сараптамасымен анықталады. Өндіріс орнының экономикалық
жағдайын, өнім шығарудың дұрыс жоспарлануын және кәсіпорынның жалпы сипатын
сот экономикалық сараптамасы арқылы анықтап білуге болады.
Құрылыс саласындағы қылмыстар бойынша құрылыс техникалық сараптамасы
тағайындалса, ауылшаруашылық секторда жасалған қылмыстар бойынша
агротехникалық, зоотехникалық және сот мал дәрігерлік сараптамалары
тағайындалады.
Соңғы жылдары белгілі бір адамның қалдырған иісіне және бұл иістің
қандай иіс шығаратын заттармен қалдырылғанын анықтауға байланысты күрделі
міндеттерді зерттейтін одорологиялық зерттеу әдісі дами бастады.
Шешілетін міндеттер мен ол міндеттердің шешілу жолдарына қарай сот
экспертизасы идентификациялық және идентификацияны қажет етпейтін
сараптамалық зерттеулер болып екіге бөлінеді. Идентификациялық сараптама
өзінің идентификациялық міндетті шешу деңгейіне байланысты салыстырылатын
обьектілердің тепе-теңдігін не ұқсастығын табу болып тағы тағы екіге
жіктеледі. Идентификацияны қажет етпейтін сараптама диагностикалық болып үш
топқа бөлінеді.
Диагностикалық сараптамаға белгісіз бір обьектілердің химиялық
құрамына, физикалық қасиеттерін анықтап оны осы арқылы зерттеп отырған
обьектінің не екенін айыру үшін жүргізілетін сараптамалар жатады. Мысалы,
киімдегі не басқа бір заттағы дақтың неден пайда болғандығын, айтайық,
қаннан ба, майдан ба әлде басқа бір нәрседен тамған, содан пайда болған дақ
екенін анықтауға жүргізілген зерттеулерді диагностикалық сараптама деп
атайды.
Зерттелетін обьектілерді белгілі бір сыныпқа, топқа жатқызуға
бағыттылған сараптаманы классификациялық сараптама дейді. Мысалы, оқиға
болған жерде табылған автомашинаның іздерін зерттеу арқылы, доңғалақтың
белгілері арқылы із қалдырған автомашинаның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz