Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу мерзімдерінің ұғымы, маңызы мен түрлері . . . 5
- Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі . . . 5-7
- Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары мен міндеттері . . . 8-12
1. 3 Қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің ұғымы . . . 13-14
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ МЕРЗІМ . . . 15
2. 1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі . . . 15-17
2. 2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік- құқықтық салдары . . . 18-19
3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ . . . 20
3. 1 Қылмыстық іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі . . . 20-22
3. 2 Қамауға алу, қамауға алудың мерзімдері, қамауды ұзарту тәртібі . . . 23-24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25-26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың өзекті болуы мынада: қылмыстық іс жүргізу мерзімдері деп қылмыспен күресудің іс жүргізетін органдардың қызметінің тиімділігін арттыру және қылмыстық соттық істі өз уақытында орындау мақсатында іс жүргізу мерзімдерін дұрыс түсіну мен қолдану практикалы моралды маңызын айтамыз. Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы мынада; процеске қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қылмыстық процесте жүйелеу функциясын орындауға бағытталған құқықтық құрал сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қарқын беретін ұйымдық құрал болып табылады. Іс жүргізу мерзімдерінің белгілері сот ісін жүргізудегі белгілі бір іс жүргізу мерзімдерін белгілі бір құқықтық жағдайларда (мәселен, кассациялық шағым беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген соттың үкімді жүзеге асыруына себеп болады сезіктіге бұлтартпау шаралары заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау міндеттілігі. Іс жүргізу мерзімдерін қатаң түрде және дәл сақтау теория мен заң шығару практикасында қылмыстық істер бойынша істердің тез жүргізілудің қамтамасыз ету құралдарының бірі деп саналып келеді. Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір-бірімен үйлеседі. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мына түрлерге бөлінеді: мерзім-кез, мерзім-кезең. ҚІЖК-тің 70-бабына сәйкес, қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен жолыға алады. Адамды қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған кезде мерзім осы шара іс жүзінде қолданылған сәттен бастап есептеледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 184-бабында көрсетілгендей егер құқық қорғау органдарына қылмыс туралы арыз немесе хабар түссе, шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда -бір айға дейін ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелері : Құқықтық нормалардың мазмұны белгілі бір мақсаттармен негізделген және сол мақсаттарға жету үшін белгіленген. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңы белгісіздікпен жөнсіздікке жол бермеу үшін іс жүргізу әрекеттерінің нақты мерзімдерін анықтайды. Іс жүргізу саласындағы кепілдіктің құрамдас бөлігі.
Зерттеу мәні. Іс жүргізу мерзімдері қылмыстық-соттық істердің шешілу жылдамдығын, азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауды, прокурорлық қадағалау мен салалық бақылауды қамтамасыздандырады. Іс жүргізудің жылдамдығын анықтайтын мерзімдерге қылмыс туралы арыздарға байланысты шешім қабылдау, жекелеген тапсырмаларды орындау, алдын ала анықтау, тергеу, үкімдерге шағым және наразылық білдіру сияқтыларды жатқызуға болады.
Зерттеу әдістері: Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет. Қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып. Істің мән жайын терең зерттей білу, істелген іс әрекетті дұрыс саралау қажет сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне бұл жерде қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің оның белгілерінің қылмысты саралаудағы заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде қылмыс туралы арыз немесе хабар түссе шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда бір айға дейін ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.
Ғылыми жаңалығы . Міне, осындай күрделі мәселелерді шешу мақсатында жоғарыда аталған жағдайларды саралап, оны терең түсіну сонымен қатар қылмыстықпен пәрменді күрес жүргізуде кеңінен қолдана білу, қылмыстық іс жүргізу заңдарды жетілдіруді мәселенің өзегі ретінде алып, бұл жұмысты жазу қарастырылған.
Зерттеу құрылымы : бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі. Бірінші бөлімде қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің ұғымы, маңызы мен түрлері, бұл тарауда қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің жекелеген түрлеріне түсініктеме бере отырып қылмыстық іс жүргізу мерзім және іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібіне тоқталдық. Екінші бөлімде қылмыстық процестердегі мерзім және мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру, мерзімді өткізіп алудың салдарын саралап және сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде қылмыстық іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі мен қамауға алудың мерзімдері оларды ұзарту тәртібін қарастыра отырып олардың маңызын көрсетеді. Соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілді. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ТҮРЛЕРІ.
- ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТҮСІНІГІ.
Құрылым деп қандай да бір біршама тұйық жүйенің құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы мен байланысын, оның ішкі құрылысын түсіну қабылданған. Қылмыстық іс жүргізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен ішкі өзара тәуелді логикасы-тұтас алғанда қылмыстық сот ісін жүргізудің мәні мен мазмұнын айқындайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымымен байланысты. Сонымен бірге бұл -дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс жүргізу нормаларын дәйекті түрде қылмыстық іс жүргізу Кұқығының мәнін пайымдау, түсіну дегенді білдірмейді. Сөз болып отырған жағдайда логикалық, ұғымдық, мәнділік дәйектілігі сақталуға тиіс. Қозғалыс қарапайымнан күрделіге, механикалық дәйектілікпен өрбитін логикалық дәйектілікті толық сайма-сай келтірудің мүмкін еместігі кез келген салалық заңдардың ерекшелігі болып табылады. [1. ]
Бұл белгілі бір ұғымды ашып көрсетуге кірісе отырып, біздің ҚІЖК-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымызды білдіреді. Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Мұндай бөлудің екі ұдайы сипаты болады. Бір жағынан Қылмыстық іс жүргізу кодексі кұрылымының ерекшелігін білдіреді, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан тар. Екінші жағынан мұндай саралау әдістемелік тұрғыдан орынды. Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқындайтын негізгі, принципті түрде маңызды және елеулі ережелерді ашып көрсетуге арналған. Жалпы бөлім құқықтың қызмет түрі мен саласы ретіңде қылмыстық іс жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді түсінудің кілті болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерінің біртұтастығы қылмыстық іс жүргізу заңдарының мәні мен мазмұнының біртұтастығымен, әр түрлі деңгейде болғанымен екі бөліммен де реттелетін тәсілдер мен әдістер арқылы қол жеткізілетін және шешілетін мақсаттар мен міндеттердің ортақтығымен алдын ала белгіленген. Мысалы ҚІЖК-нің "Қылмыстық ізге түсу" атты 3-тарауында іс жүргізу қызметінің түрі ретінде қылмыстық ізге түсу ұғымын тұжырымдауға, материалдық-құқықтық негізге байланысты қылмыстық ізге түсуді жіктеуге, қылмыстық ізге түсу функцияларын жүзеге асырудың сыртқы көрінісі мен өлшемдерін белгілеуге және т. б. мүмкіңдік беретін ортақ нормалар бар. Осы тараудың өзегі "Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары" атты 36-бап болып табылады. [7. 27б]
ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі басты, негізге алынатын ережелердің жиынтығын білдіре отырып, Ерекше бөлім ауқымында қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен әдістерін құралдық тұрғыдан дамытуға арналған негізді құрайтын институттар мен ұғымдардың тізбесінде қамтиды. ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі бес бөлімнен тұрады, олар:
1. Негізгі ережелер; 2. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік оргаңдар мен тұлғалар; 3. Дәлелдемелер және дәлелдеу; 4. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары; 5. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер. ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі жеті бөлімнен тұрады: 6. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 7. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; 8. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау; 9. Сот шешімдерін орыңдау; 10. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу; 11. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері; 12. Айрықша іс жүргізу. Аталған бөлімдердің әрқайсысы тарауларға бөлінген. Олардың ҚІЖК-дегі саны-56. Әр тарауға баптар біріктірілген, олардың саны реттелетін құқықтық қатынастардың көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Құрылым сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуді реттейтін заңдар жинағындағы не Кодекстің бөлігіндегі нақты норманың орнын белгілеуді білдіреді, мұның айта қаларлықтай әдістемелік және практикалық маңызы бар.
Біріншіден, бұл реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесінің иерархиясын тәртіптеу үшін жағдайлар туғызады. Екіншіден, орын нормативтік ұйғарымдардың кезектілігін де білдіреді, өйткені кезектілік сақталмаса іс жүргізу құбылыстарын түсінуде дау тууы мүмкін (мәселен, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу туралы бөлім бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу туралы бөлімнің алдында болуға тиіс) . Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысты нақты көріністердің ережелердің жалпы жинағындағы орнын білу тікелей іс жүргізу қызметінде уәкілетті органдардың қажетті ұйғарымдарды таңдау кезінде практикалық дұрыс бағдар ұстануына көмектеседі.
А. М. Лариннің пікірі бойынша ҚІЖК-нің құрылымын ішкі және сыртқы деп саралауға болады. Ішкі құрылым дегеніміз- ҚІЖК-нің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің арасындағы, сондай-ақ бөлімдердің, тараулардың, баптардың, бөліктердің және баптардың тармақтары арасындағы қатынастар. ҚІЖК-нің сыртқы құрылымы дегеніміз-басқа заңдармен және осы сала мен аралас салаларға жататын заңға тәуелді нормативтік актілермен, сондай-ақ кешенді заңдармен байланысты білдіреді. ҚІЖҚ-толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас-қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіндіреді .
Қылмыстық іс жүргізу институтын тек кең ауқымды түсінік базасы негізінде ғана ұғынуға, қабылдауға және дамытуға болады. Қылмыстық іс жүргізу ұғымы -қылмыстық іс жүргізу институттарының мазмұнын құрайтын элементтердің мәні туралы жинақталған ұғым беретін формула. ҚІЖК-нің 43 тармақтан тұратын 7-бабы негізгі ұғымдарға түсінік беруге арналған. Алайда оның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығыңда қылмыстық іс жүргізу институттарының мәнін түсінуге көмектесетін 43 ұғым ғана бар екенін білдірмейді. Ұғымдар әлдеқайда көп. Олардың ҚІЖК-нің басқа нормаларында болуы мүмкін. Мысалы, іс жүргізушілік мәжбүрлеу институттарына байланысты ұғымдар "Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары" деген 4-бөлімнің түрлі баптарында берілген: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру (144-бап), жеке кепілдік (145-бап), кепіл (148-бап), алып келу (158-бап) . Іс жүргізу құқығы ұғымы мен институтының қайсысы бастапқы екені жөніндегі сұрақтың шешімі методологаялық құндылық болып табылады. Бұл сұраққа бір мағыналы жауап жоқ. Институттардың бірі дамыған ұғымдар негізінде қалыптасқан, сондықтан соңғыларына қосымша сипатта болады. Басқа институттар, жан-жақты талдап жетілдірілгендіктен, жаңа ұғымдар тұжырымдау үшін өздері негіз болады, өйткені дәстүрлі формулаларды түрлендіру мақсаттарына қызмет етеді, бұл жағдайда олар ұғыммен салыстырғанда бірінші орынға қойылады. Бұл деңгейдегі білім қылмыстық іс жүргізу проблемаларын талдау кезінде перспективаны анықтау үшін қажет. [13. 95б. ]
- Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары мен міндеттері.
Сотта қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қылмыс белгілері анықталған әрбір оқиғаға орай: қылмыс оқиғасын, қылмыс жасаған кінәлі адамдарды анықтау үшін заңда көзделген барлық шараларды іске асыру, жазалау шараларын белгілеу; зандылықтың мүлтіксіз орындалуын бақылау тұрағысында қылмыстық істер қозғау жөніңде билігі мен өкілеттіктері бар, кәсіптік тұрғыдан жақсы даярланған лауазымды адамдар қажет. Сотта қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті мемлекеттік органдарға осындай өкілеттіктер берілген. Оларға сот, прокуратура, тергеу және анықтау органдары жатады. Сотта қылмыстық іс жүргізудің міндеттері аталған барлық органдар үшін бірыңғай бола отырып, олар қолданылатын, қосымша қызметтерінде өзгешеліктермен ерекшеленетін іс жүргізу әдістері мен құралдарын бөлуді болжамдайды. Іс бойынша анықтау мен тергеу ісін жүргізу анықтау мен тергеу органдары шешетін, сотта қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндетіне құрамдас ретінде кіретін жеке міндеттерге сай келетін іс жүргізу әдістерімен және құралдарымен ғана жүргізілуі мүмкін. Яғни тергеу мен анықтау қызметінің құралдық толықтырылуы олардың қосымша функциясының мазмұнымен шектелген. Мұндай шектеулер прокуратура органдарының істі мәніне қарай жүзеге асыру мен шешу жөніндегі қызметінде де орын алады. Қылмыстық іс жүргізу қызметі кең мағынада алғанда - ол қылмыстық процестің қатысушылары соттың, прокуратураның, тергеу мен анықтау органдарының, айыпталушы мен оның қорғаушысының, жәбірленуші мен оны айыптаушының заңмен белгіленген іс жүргізу тәртібінде жасайтын әрекеттерінің жиынтығы. [13. 75б. ]
Қылмыстық процестар (арнаулы) мағынада - ол анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық істерді заңмен белгіленген нысанда қозғау, тергеу және шешу, сондай-ақ қылмысты тез және толық ашу мақсатында жүзеге асырылатын сот шешімдерін орындауға қосу, кінәлілерді анықтап, қылмыс жасаған әрбір адам әділ жазаға тартылатындай және ешкім де жазықсыз жауапкершілікке тартылып, сотталмайтындай етіп заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі заң жүзінде баянды етілген қызметі. Қылмыстық процеске қатысуға өзге де адамдар тартылады. Бірақ бұл орайда олардың қызметі іс бойынша сотта қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қалыпты қызмет жасауына бағытталады немесе бағыныңқы не жәрдемші сипат алады. Сөйтіп, қылмыстық іс жүргізу процесі кең мағынада алғанда - ол іске қатысушы барлық адамдар әрекеттерінің жиынтығы немесе жүйесі, олар мынадай қалыпта топтастырылуы мүмкін: а) анықтау, тергеу, сот және прокуратура органдары; бұл органдар қылмыстық процеске мемлекеттік саяси қызмет түрін береді ; ә) күдікті (айыпкер), оның қорғаушысы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері; бұл қатысушылар тобының қызметі жеке қылмыстық-құқықтық іс жүргізушілік, азаматтық-құқықтық сипат алады және көбіне-көп қылмыстық процестің ағыны мен нәтижесін айқындайды; б) іс бойынша сотта қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ететін куәгерлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар және басқа адамдар. Қылмыстық процесті тұтастай қызмет түрі ретінде қарастыру қатысушылардың бұл жүйесінде мемлекеттік органдардың қызметі ("а" тобы) басты орын алады деп санауға мүмкіндік береді, бұлар құқық міндеттеуші, іс жүргізу қатынастары нысаныңда қылмыстық істер бойыша сотта қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін, сондай-ақ сот төрелігінің мақсаттары мен міндеттерін өмірге орнықтырады. Яғни аталған мемлекеттік органдардың қарастырыльп отырған бөліктегі қызметінің өзі де мемлекеттік қызметтің түрі ретіндегі қылмыстық процесс болып табылады. Мемлекеттік қызметтің түрі ретіңдегі түсінілетін қылмыстық процестің мазмұнына мыналар кіреді: а) тергеу, сот және прокуратура органдарының танымдық-куәландыру немесе дәлелдеу қызметі; ә) бұл органдардың құқық қолдану қызметі.
Бұл қызмет іс бойынша объективті шындықты белгілеу мақсатында қылмыстың нақты жағдаяттарын зерттеуге бағытталған. КІЖК-нің 117-бабына сәйкес осы бағыт мыналарды:
- оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамындағы белгілерді;
- қылмыс заңымен тыйым салынған әрекеттер жасаған адамды;
- қылмыс заңымен тыйым салынған әрекеттер жасаған адамның кінәлілігін, оның кінәсінің нысанын, жасалған әрекеттің себептерін, заңдық және нақты қателіктерді;
- айыпкердің жауапкершілігінің дәрежесі мен сипатына әсерін тигізетін жағдаяттарды;
- айыпкердің жеке басын сипаттайтын жағдаяттарды;
- жасалған қылмыстық салдарларын;
- қылмыс келтірген зиянның сипаты мен мөлшерін;
- әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдаяттарды;
- қылмыстық жауапкершілік пен жазалаудан босататын жағдаяттарды;
- қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды белгілеуді көздейді.
Бұл қызмет дәлелдерді жинау, тексеру мен бағалау жөніндегі өкілеттіктер жүйесі, қажетті тергеу және өзге де іс жүргізу әрекеттерін жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Өкілеттіктер жүйесі құзыретті мемлекеттік органдар арасында анықтау, тергеу, прокуратура мен сот олар іске асыратын функцияларға сәйкес қатаң түрде бөлінген. Танымдық-куәландыру қызметі ерікті сипат алады. Бұл орайда өзінің құрылымы жағынан ерікті тәртіп екі кезеңнен: 1) шешім қабылдаудан; 2) оны іске асырудан тұрады. Қабылданған шешімнің сипаты мен бағыты қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңының шегінен шығып кетпейді. Әрекеттің еркіндігін қоспағанда, шешім таңдаудағы кейбір еркіндікте заңдарда көзделген нұсқалармен шектелген. Шешімді іске асыру нысаны үйлестірілген, яғни қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларымен айқындалып қойылған. Танымдық-куәландыру бағыты бұл қызметке билік сипатын береді. Тергеу, сот пен прокуратура органдарының заңға негізделген барлық талаптары мүлтіксіз орындауға жатады. Танымдық-куәландыру қызметі жүзеге асыратын басты принцип істің жағдаяттарын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу қызметі мазмұнының екінші элементі - ол анықтау, тергеу, прокуратура мен сот органдарының құқық қолдану қызметі. Сотта қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқық қолдану қызметінің мәні мынадай сәттермен айқындалады: Тергеу, прокуратура мен сот органдарының құқық қолдану қызметі:
- қылмыс жасаған адамға қатысты белгіленген нақты жағдаяттарға қылмыстық занды;
- егер қылмыспен материалдық зиян келтірілсе, азаматгық заңды;
- мәжбүрлеу іс жүргізу шараларын (алып келу, тінту, тұтқынға қамау, мүлікке тыйым және т. б. ) қолдану қажет болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу заңын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сотта қылмыстық іс жүргізу саласында құқық қолданудың ерекшелігі мынада: материалдық заңды қылмыс жасаған адамға қолдану - бір жолғы қызмет; қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану - дамитын сипат алатын дүркіндік қызмет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz