Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
2
1. Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту әдістемесі және оқыту жолдары 4
1.1 Әдеби теориялық ұғымдарды оқыту тарихына шолу
4
1.2 Мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын әдеби теориялық ұғымдар 6
1.3 Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
17
1.4 Проза жанрын оқыту барысында әдеби-теориялық ұғымдарға талдау 22
1.5 Әдеби-теориялық ұғымдарға қатысты сабақ үлгілері
27
Қорытынды
36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
37
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір оқушы ең
алдымен Әліппе кітабымен танысады. Бұдан кейін Ана тілі оқулығымен,
одан кейін орта және жоғары сыныптарда Қазақ әдебиеті оқулығы мен оның
хрестоматиясы бойынша, бірізділік ұстанымы негізінде мемлекеттік жалпыға
бірдей міндетті білім стандартында көрсетіп белгіленген білімді игереді.
Аталған үдеріс барысында оқушы көбінесе қазақ әдебиетінің тарихына
қатысты материалдармен танысады. Мысалы, әдебиет тарихы дәуірінің белгілі
бір кезеңі, сол кезеңге қатысты басты шығармалар оқылады. Оларды жазған
авторлар туралы айтылып, олардың өмірбаяндары таныстырылады.
Дегенмен, шығарманы мазмұндап, баяндап, авторы туралы таныстырып қана
қою жеткіліксіз болады. Яғни, ірілі-ұсақты шығарманы оқи отырып, ең алдымен
оларды жанрлық түрге айыру, оқыған шығармадан алатын әсер, ондағы
кейіпкерлер әлемі, олардың өзіндік ерекшелігі, автордың баяндау, суреттеу
тәсілдері, осы жолдағы өзіндік жетістіктері мен жалпы айтайын деген ой
түйіні, шығарманың құрылысы туралы міндетті түрде тоқталу қажет болады.
Сондықтан да әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласының бірі әдебиет
теориясы аталған проблемаларды шешуде көмекке келеді.
Мектепте қазақ әдебиетін оқыту барысында әдеби-теориялық ұғымдар
бастауыш сынып кезеңінен басталады және оны саналы түрде игертіп, сапалы
оқыту – оқушының шығарманы дұрыс түсініп оқуына, әдебиетке құмар болып
өсуіне септігін тигізеді. Сондықтан да курстық жұмысымызда әдеби-теориялық
ұғымдарды оқытудың тиімді жолдарын қарастырдық және жоғарыда баяндалған
жағдайлар бұл тақырыптың өзектілігін айқын танытады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты – әдеби-
теориялық ұғымдарды оқушыларға тиімді меңгертудің жолдарын қарастырып,
көрсету болып табылады және аталған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі
міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:
- әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту әдістемесі және оқыту жолдарын
қарастыру;
- әдеби теориялық ұғымдарды оқыту тарихына шолу жасау;
-мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын әдеби теориялық ұғымдарды 5
сынып бойынша көрсету;
- мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуін айқындау;
-проза жанрын оқыту барысында әдеби-теориялық ұғымдарға талдау жасау;
- әдеби-теориялық ұғымдарға қатысты сабақ үлгілерін мысал ретінде
көрсету;
Әдеби-теориялық ұғымдарға байланысты жасалған жұмысты қорытындылау.

Зерттеудің нысаны, материалдары. Зерттеудің нысаны ретінде қазақ
әдебиетін оқыту барысында қолданылатын әдеби терминдер алынып отыр. Әдеби
теориялық ұғымдар курстық жұмыстың зерттеу материалдары ретінде
қарастырылады.
Зерттеудің пәні. Қазақ әдебиетінің әдістемесі мен теориясы зерттеу
пәні ретінде алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Қазақ әдебиетін оқыту барысында
қолданыс табатын, әдеби теориялық ұғымдарды оқыту жолдарын қарастыруымыз,
осы жолда біршама мәліметтер мен тұжырымдарды, практикалық жұмыстарды
шоғырландыра алуымыз – жұмыстың ғылыми жаңашылдығы болмақ.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында
әлемдік әдебиеттану ғылымының теориялық және әдіснамалық қағидаларына
сүйеніп жұмыс жасалды. Қазақ әдебиетінің теориясын және әдістемесін
зерттеуде қолданатын сипаттау, математикалық, тарихи-салыстыру және талдау,
сараптау, жинақтау, қорыту әдістері қажетіне қарай қолданылды.
Практикалық негізі, қолданысы. Жұмыстың практикалық негізі ретінде
қазақ тілінде білім беретін мектептегі әр сыныптарда әдеби теориялық
ұғымдарды үйрету жолдары практикалық тұрғыда сынақтан өткізілді және оны
қолданысқа енгізіп, пайдалануға болатындығы дәлелденді.
Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, бір тараудан, тұрады.
Тарау 4 тараушаға бөлінген. Жұмыстың негізгі тарауы Әдеби-теориялық
ұғымдарды оқыту әдістемесі және оқыту жолдарыдеп аталады.
Бірінші тараушада әдеби теориялық ұғымдарды оқыту тарихына шолу
жасалды.
Екінші тараушадамектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын әдеби теориялық
ұғымдартуралы біршама толық зерттеліп, түсініктер беріліп, дәйектелді.
Үшінші тараушада мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің
берілуіайқындалды.
Төртінші тараушада проза жанрын оқыту барысында әдеби-теориялық
ұғымдарға талдау жасау жүзеге асырылды.
Бесінші тараушада әдеби-теориялық ұғымдарға қатысты сабақ үлгілері
берілді.
Курстық жұмыстың соңында қорытынды жасалған және пайдаланылған
әдебиеттер тізімі берілген. Қосымшалар жеке берілді.

1. Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту әдістемесі және оқыту жолдары
1.1 Әдеби теориялық ұғымдарды оқыту тарихына шолу
Әдебиетті оқыту – жауапты да күрделі іс. Әдебиет дегеннің өзі – кез
келген ұлттың рухани ділімен тұтасып жататындықтан, оны беріле оқыту, жас
ұрпақтың санасына берік қондыру – пән мұғалімінің аса жауапты да қастерлі
міндеті екендігі анық.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы.
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жоддауында Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз
керек[1], - деп атап көрсеткен болатын. Яғни, білімді де, білікті
шәкірттер дайындау үшін, оларды оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру,
шығармашылықпен іздену қажеттілігі күн тәртібіне бұрынғыдан да маңызды
қойылады деген сөз.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов әдебиет теориясын оқыту жөніндегі алғашқы
қадамдар өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастау алады. Әдебиет
теориясын ғылыми тұрғыда негіздеп, оның терминологиясын қалыптастырған
болатын.Әдебиет танытқыш[2] еңбегі осы саладағы алғашқы қадам
болды.Академик Рәбиға Сыздық былай деп атап көрсеткен: Ахмет Байтұрсынов –
біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан
із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын
Байтұрсыновтың әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың Тіл құралы
арқылы оқып үйренді[3]. Демек, қазақ әдебиетін оқытуда күнделікті қолданып
жүрген шендестіру, кейіптеу, шумақ, тармақ, бунақ т.б. терминдерді
тіліміздің бай қорынан сүзіп алып, орнықтырған Ахмет Байтұрсынов екендігін
білген дұрыс болмақ. Бұл көркем шығарманы әдеби талдаудың кіріспесі болуы
тиіс.
Көркем әдебиет – өнер туындысы ретінде танылады, яғни, әдебиет сабағы
– өнер сабағы. Оқыту үдерісінде өнердің, соның ішінде көркем әдебиеттің
барлық эстетикалық-этикалық, эмоциялық қуатын оқушыға дарыту парыз.
Әдебиеттің басты міндеті – оқушының сезіміне әсер ету, сол арқылы
жақсы қылыққа, мінезге баулу, өмірдің сырын аңғарту. Бала бойына жұғатын
жақсылықтың бәрі әдебиет арқылы келеді, - деп тұжырымдайды академик Серік
Қирабаев [4, 59-бет]
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми пән. Әдебиет пәнінің мектептік
пәндер жүйесіндегі орны және ерекшеліктері бар. Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі – университеттер мен педагогика институттарының филология
факультеттерінде жалпы білім беретін орта мектептер үшін оқытушы
даярлайтын, олардың тәжірибесі мен іскерлік дағдыларын қалыптастыратын
пәндердің қатарына жатады. Әдебиетті оқыту әдістемесі қоғамдық-саяси ойдың
философия, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология т.б.
ғылым салаларының дамуымен сабақтас. Жоғары немесе арнайы орта білім
беретін мекемеде білім алып шыққан филолог маман қазақ тілі мен әдебиетінен
сабақ беру барысында әдебиет сабағын, оның ішінде әдеби-теориялық ұғымдарды
оқушыларға нақты жеткізе білуі – болашақ тұлғаның тәрбиелі де тәлімді,
өзінің ұлты мен оның салт-дәстүрін сыйлап, құрметтейтін азамат болып
өсуінің алғышарттарының бірі болып табылады.
Әдебиет сабағы басқа пәндерге қарағанда ерекше жауапты да
шығармашылықты талап ететін күрделі пән. Қазақ тілі пәнінен оның
айырмашылығы – ережелер мен жаттығулардың дайын берілмеуінде, мәтін бойынша
әр мұғалімнің өз таным-түсінік қабілеті бойынша әрекет ететіндігінде болса
керек. Әдебиет сабағы ұстаздан шығармашылық талантты қажет етумен бірге,
тіл дамытудың ауызша, жазбаша түрлерін орнымен,тиімді қолдана білуді
міндеттейді. Осы аталынған жұмыстар нақты іске асырылмайынша, мектепте
қазақ әдебиеті пәнін тиянақты түрде меңгерту мүмкін емес.
Әдебиет пәнінің пәнаралық байланысы да ауқымды келеді. Әдебиет пәні
тарихпен, басқа да ғылым салаларымен байланыста болумен бірге, оқушыларды
эстетикалық, этикалық тәрбиелерге баулитын, халқымыздың салт-дәстүрін
насихаттауда да орны ерекше пән.
Мектептегі қазақ әдебиеті пәнін оқыту үшін мұғалімнің өзі әдеби
шығарманың мазмұнын біліп қана қоймай, әдебиеттану терминдерін мейлінше
терең меңгерген, оларды айыра білетін, кез келген шығармадағы әдеби-
теориялық ұғымдарды жіктеп-жіліктеп бере алатын болуы тиіс.
Осы ретте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мұғалімдерінің ІІ
съезінде сөйлеген мына бір сөзін келтірелік: Мұғалімдер − қоғамның ең
білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып
табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа
буындарымен салыстырғанда, анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кешіре
отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды
адалдық, адамдық, тазалық, гуманизм, Отанды сүйе білу секілді асқақ
сезімдерге тәрбиелеуінен де танылады. Патриотизмнің биік бір белгісі, міне,
осы емес пе? - деп орынды атады[5, 120-б.].
Елбасының атап көрсеткен тұжырымдары бүгіндері толық басшылыққа алынып
отыр және әдебиет сабағын құр жаттау сабағы емес, жанды түрде өтетін,
қызықты талдау сабағы болдырып өткізу – осы заманғы ұстаздардың міндеті
болуға тиіс. Аталған мәселе бойынша, яғни көркем шығарманы талдаудың
әдістемесі – бүгінде қалыптасқан ғылым саласына айналған.
Ахмет Байтұрсынов бастаған, көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін
жасаған алғашқы әдіскер ғалымдарӘ.Қоңыратбаев, Ә.Көшімбаев, Ә.Дайырова,
Т.Ақшолақов, т.б. болатын.
Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау
мәселесіне таза әдеби-эстетикалық жолмен қарауды ұсынды: Біз шәкірттерді
сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт – осында. Өйткені, көркем
әдебиетте сөз – мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле
білуге үйрету – әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма
құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін
қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған,
қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған,
мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық
тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының
қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар, жазушы стилін,
шығарма стилін аңғарар еді.
Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен білім алуға үйрету
– ең ұтымды жол [6, 192-б.] - деп атап көрсетеді әдіскер ғалым.
Бас ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы талданатын шығарманың тілін ақын тілі
және әншейін тіл деп жіктей келіп: Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы
мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын
дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің
үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды деп жазады[6, 217-б.].
Қазіргі күні әдебиетті оқыту әдістемесі – әдістемелік тұрғыда
қалыптасқан, педагогика ғылымына үйлесе дамып отырған жеке ғылым болып
саналады және Төлеутай Ақшолақов, Қанипа Бітібаева, Серік Мақпырұлы,
Т.Қ.Жұмажанова, Б.А.Әрінова, Г.С.Құрманбай, А.Т.Мадиева т.б. ғалымдар мен
әдіскерлер әдебиеттану әдістемесін жаңа сапаға көтеруге атсалысуда.

1.2 Мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын әдеби теориялық ұғымдар
Әдеби-теориялық ұғымдар – әдебиеттану ғылымы, оның ішінде әдебиет
теориясы саласының зерттеу нысаны болып табылады және оны мектеп
бағдарламасында оқытуды әдебиеттанушы, әдіскер ғалымдар мен озық тәжірибелі
ұстаздардан құралған арнайы әдістемелік комиссия шешіп, оқулық кітапқа
енгізетіні белгілі. Әрбір сынып бойынша оқытылатын әдеби көркем
материалдардың соңында әдеби-теориялық ұғымдар беріледі. Мәтінде аталған
теориялық ұғымды меңгеруге қажетті элементтер болады.
Әдебиет теориясын, әдеби теориялық ұғымдарды игерту үшін ең алдымен
әдебиет теориясының міндетін түсініп алуымыз қажет болады.
 Әдебиет теориясының міндеті негізінен мынадай :
1) Көркем әдебиеттің мәнін көрсету, оның өзіне тән ерекшеліктерін
айқындау, әлеуметтік өмірде алатын орнын белгілейді;
2) Нақтылы шығармалардың құрылысын баяндайды, ол шығармаларды талдау
жолдарын үйретеді;
3) Әдебиеттік шығармаларды талдау әдістері мен принциптерін
белгілейді.
Әдебиетші ғалым болу үшін де, әдебиетші мұғалім болу үшін де,
әдебиетті түсінетін қарапайым адам болу үшін де өмірді түсіне білу маңызды.
Филология ғылымдарының докторы Мәлік Ғабдуллин былай деген екен: Әдебиет
фото емес, әдебиет өмірді елестете отырып, оған белгілі толық көзқарасты
білдіреді. Өмірді суреттеп жазу үшін жазушының тәжірибесі, білімі үлкен
роль атқарады. Өмірді біл!
Әдебиет сабағы барысында ұшырасатын әдеби-теориялық ұғымдарды
кітаптан, интерактивті тақтадан көрсетумен қатар, оларды арнайы Әдеби-
теориялық ұғымдар сөздігі дәптеріне жазып отыру тиімді болмақ. Себебі,
жазу арқылы көкірекке түйіледі әрі дәптер жыл сайын толықтырылып отырады.
Әдеби теориялық ұғымдарды үйрету барысында өмір шындығы және әдеби
көркем шындық туралы түсіндірген дұрыс болмақ. Өмірден, қоғамнан тысқары
жазушы(адам) болмақ емес. Жазушы қай уақытта болса да өзінің шығармалары
арқылы белгілі қоғамның мүддесін білдіреді. Жазушы өмірді терең білсе,
түсініп жазады. Шығармалардың құнды не құнсыз болуы жазушының өмірді
білуіне байланысты екендігін оқушыларға мысалдар арқылы түсіндірген жөн.
Мысалы, Абай жолы романын жазған Мұхтар Әуезовтың өзі сол ортада өсіп-
өніп, ержеткендіктен, Абай және оның айналасын жақсы біліп, сол арқылы
тамаша образдар жасағанын айта отырып, романдағы Құнанбайдың қатал да жауыз
бейнесі – кеңестік дүниетанымның, идеологияның әсерінен жазылғандығын, шын
мәніндегі Құнанбайдың қазақ даласындағы бекзаттықтың нышаны болғандығын
түсіндіру арқылы өмір шындығы мен әдеби-көркем шындық туралы ұғым
тиянақталғаны дұрыс.
Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту барысында ең көп ұшырасатын терминнің
бірі – образдылық. Образдылық,образ туралы ұғымның мағынасы кең екенін
білген дұрыс.Образ екі түрде ұғым беретіндігі түсіндіріледі:
а) тар көлемдегі ұғымы: образ – сөз айшығы дегенді береді. Сөзге
көркемдік ажар береді. Қақтаған ақ күмістей, кең маңдайлы, Қараңғы түнде
тау қалғып сияқты айшықты сөздер арқылы портрет пен мінездеу арқылы бір
адамның образы қысқаша ашылуы мүмкін.
б) кең мағынада, образ – адам өмірінің картинасы. Экономист, тарихшы
болған не болып отырған оқиғаны фактімен, цифрмен көрсетеді. Жазушы оларды
суреттеу арқылы береді. Образдың ісін көрсету арқылы баяндайды. Оқиғаны
елестетеді. Образ арқылы адамдардың ісі жинақталып беріледі. Мысалы, Қозы
Көрпеш-Баян сұлу жырындағы Қарабай образы, Абай жолы романындағы
Құнанбай образы т.б.
Әдеби образды былайша түсіндіруге болады: Образ – адам өмірінің
картинасы. Адамның өмірін, ісін, көзқарасын, күйініш-сүйініштерін бере
білу.
Адам өмірін физиолог та, заңгер де зерттейді. Бірақ, олар адамның
өздеріне керекті жағын зерттейді, жазушы барлығын қоса алады. Жазушы адам
образын жасағанда көп зерттеуді, мыңдаған адамның бойындағы қасиеттерді бір
адам арқылы көрсетуді көздейді дегенді мысалдар арқылы беру керек. Мысалы,
Абай жолы романындағы Абайдың бойында ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ
ғасырдың басындағы оқыған қазақ зиялысының немесе мыңдаған жыл бойы
жалғасып келе жатқан дана да білгір ғұламасының типтік бейнесі бар.
Шығармадағы адамдар ойдан туғанымен, олардың ісі өмірден алынады,
шындыққа жанаса алынатындығын, егер ол шындыққа жанаспаса шығарма көп
жасамайтындығын шығарма шындыққа жанасу үшін фактіні, материалды, өмірді
жақсы білу керектігін шығарманың жақсы не нашар болуының бір жағы осыған
байланысты екендігін пән мұғалімі үнемі есте ұстап, оқушыларға тұрақты
түсіндіріп отырған дұрыс болмақ.
Образ – адам өмірінің картинасы екендігін атай отырып, оның түрлерін
де меңгертуге күш салған дұрыс болмақ. Бұл ары қарай оқушылардың
материалдарды жақсы меңгеруіне елеулі көмек болады..
Образ жасау жолдарына қарай а) мифке сүйенген образ. б) реалистік
образ. в) романтикалық образ болатындығы көрнекілік тәсілі арқылы
интерактивті тақтадан көрсетіледі.
а) мифологиялық образға: батырлар жыры (ауыз әдебиетінде).
мысалы: Қобыланды батыр.
б) реалистік образға Абай (Абай Құнанбайұлы).
е) романтикалық образ (Батыр Баян) Баян батыр қатарлылар
жататындығы, олардың өмірлік іс-әрекетті бейнелеудегі өзіндік ерекшелігі
ашылады.
Әдебиеттің эпос, лирика және драма деген үш тегі барлығын, өзге барлық
жанрлар осы үш саланың біреуіне кіретінін атап өткен дұрыс.
Көркем шығарманы әдеби-теориялық тұрғыда талдауды да меңгерткен жөн.
Ол үшін көркем шығарманы талдағанда – негізгі нысана етіп образ
алынатындығын білген жөн. Образ – адам өмірінің картинасы. Жазушы адамды
жеке алмай, айналадағы өмірмен, оған қатысымен көрсететіндігі мысалдар
арқылы ағартылады.
Әдебиеттану терминдері арасында мектеп оқушыларына міндетті түрде
оқытылып, қарастырылатын ұғымдар – мазмұн мен түр. Шығарманың мазмұны деп
жазушының өмір шындығын көрсетуін айтатындығын, шығарманың мазмұны өмірден
алынатындығын, түр – сол мазмұнның көрінісі екендігін дәлелдей отырып,
түрдің өлең, поэма, әңгіме түрінде көрсетілуіне мысал беріледі. Мысалы,
Ақан серінің өмірі – мазмұн болса, аталған мазмұнды беру жолы ретінде Ілияс
Жансүгіров поэма жанрын, Сәкен Жүнісов роман жанрын, Мағжан Жұмабаев әңгіме
жанрын таңдағанын көрсетуге болады.
Тақырып пен идея да маңызды теориялық ұғымдарға жатады. Жазушы өмірден
алған әсерін, идеясын тақырып етіп алатындығын, идея арқылы жазушының
айтатын ойы, берер бағасы көрінетіндігін, тақырып идеяның жүзеге асуы
болатындығын мысалдар арқылы түсіндірген дұрыс.
Мұнда тақырып идеяны тереңдететіндігін, ал идея тақырыпты
дамытатындығын ескерткен жөн. Мысалы, өнер адамдары тақырыбындағы Ілияс
Жансүгіровтың поэмаларында аталған тақырыптар бойынша ақын өнер адамы
қандай болуы керек деген сұраққа жауап беретіндей, тақырыпты аша
суреттейді. Мысалы, Күйші поэмасындағы адамның көңіл күйі құбылыстарын
беру – идеяны аша түседі. Белгілі бір тақырыпқа қатысты ұқсас шығармалар да
болатындығы туралы айтқан жөн. Мысалы, әйел теңдігі жайындағы ұқсас
тақырыптар ретінде Қалың мал, Қамар сұлу, Ақбілек т.б.болып
келетіндігін атап өткен жөн.
Композиция және сюжет жайындағы түсінікті сапалы меңгерту де пән
мұғалімінің алдында тұрған үлкен міндеттің бірі. Өйткені, көлемді эпикалық
туындылардың барлығында композиция мен сюжет бар.
Көркем шығарманың қиыннан қыстырылуын, оның құрылысын композиция деп
атайтындығы мысалдар арқылы түсіндіріледі. Демек, композиция шығарманың
құрылысы екендігін айқындай отырып,жазушы өмір шындығын суреттеу үшін
уақиғаны образ арқылы дамытатындығын, бір шығармада әлденеше образ
болатындығын Абай жолы романы арқылы мысалмен дәйектеу қажет. Ондағы
толып жатқан образдардың бір-бірімен байланысын, өмірге көзқарасын көрсету
үшін жазушы шығармасының құрылысына, оқиғалардың байланысты болуына көңіл
аударады. Адамды суреттей отырып, жазушы оның портретін (киімі, түрі т.б)
жасайды, мінез-құлқын, ойын суреттейді, (монолог – бір адам, диалог – екі
адам), басқа эпизодтарды, жаратылыс картинасын (пейзаж) жасайды. Бұлардың
бәрі бір-бірімен байланысты алынады, бұл шығарманың құрылысын белгілейді
дегенді нақтылай отырып, композиция адамның ісіне бағыныңқы болатындығын,
композицияның да тарихи дамуы барлығына мысал келтіріледі. Оны мына
мысалмен беруге болады:
а) Ауыз әдебиетінде шығарманың композициясы жеке адамдардың ісін
бейнелеуге мән береді. (Қобыланды, Алдар көсе).
б) Жазба әдебиетінде композиция өмір шындығын, онда адамдардың алатын
және атқаратын қызметін суреттеу, байланыстыруға мән береді.
Сюжет тұрғысында мынадай бағытта түсінік жүргізіледі: Сюжет (уақиға)
– шығармадағы оқиғалардың нақтылы желісі, тартыс-талас, қарым-қатынастар,
олардың дамуы. Сюжет арқылы кейіпкерлердің іс-әрекеті, характері, мінезі
ашыла түседі.
Осы арада мысалға Ыбырай Алтынсариннің Бай баласы мен жарлы баласы
әңгімесінің сюжетін келтіре отырып, олардың іс-әрекетіне талдау жасатқан
тиімді болмақ.
Оқушылардың көбінесе композиция мен сюжетті айыра алмай жататындығын
ескере отырып, оған байланысты жұмысқа арнайы мән бере түсіндірген жөн.
Композиция барлық шығармаға тән десек, сюжет олай бола бермейтіндігі,
лирикалық шығармаларда сюжет болмауы да мүмкін екендігі мысалдар арқылы
дәйектеледі.
Осы ретте тартыс деген ұғымды түсіндірген дұрыс болмақ. Тартыс
немесе конфликт – оқиғалардың қандай бір себептермен бір-бірімен байланысып
өрбуіне жағдай тудыратын себеп екені айтыла келе сюжет тартысқа
құрылатындығы дәйектеледі. Тартыссыз сюжет болмайтындығын, шығарманың
сюжеті адамды өзіне тартып отыруға тиіс екендігін, бір сюжет аяқталуға
тиістілігін (күлкі, драмалық не трагедиялық түрде) мысал арқылы берген жөн
Бұл ретте де, жоғарыда аталған әңгіме алынған дұрыс.
Сюжет құрылысының негізгі моменттері түсіндіріледі, Олар:
а) экспозиция – даярлық кіріспе.
б) оқиғаның басталуы (завязка), бұл оқиғаның дамуын белгілейді.
Ы.Алтынсарин Бай баласы мен жарлы баласы 1) қаңыраған жұрт
экспозиция болады. 2) Екі баланың көшкен елді іздеп шығуы бастауы болады.
в) оқиғаның дамуы (развитие действия). Екі баланың жұрттан түрлі
заттар тауып
г) оқиғаның шарықтау шегіне жетуі (кульминация) Екі баланың қарны
ашуы, тамақ тауып жеуі, ақыры жолға шығып, зиратты көруі;
д) оқиғаның шешілуі (развязка) Екі баланың ақыры ауылды тауып, аман-
есен үйлеріне оралуы. Экспозиция кейде шығарманың ортасында болуы да
мүмкін.
Сюжетке қазақ әдебиетінен мынадай мысалдарды ұсынуға болады:

Қобыланды батыр жырының сюжеті:
1) Экспозиция: Қобыландының ата-анасы туралы.
2) Басталуы: Қызылбастардың шабуылы.
3) Дамуы: Қобыландының туысы, жауларымен соғысы.
4) Шарықтау шегі Елін құтқарып алуы (Алшағыр, Шошай, Ақшахан).
5) Шешімі: Той.

Спандияр Көбеевтің Қалың мал романының сюжеті:
1) Тұрлықұлдың әйелі өліп қалуы.
2) Оның үйленбек болуы, Ғайшаға құда түсуі.
3) Осыған байланысты оқиғаның дамуы.
4) Қыз алып қашуы. (Қожаштың).
5) Қожаш пен Ғайшаның тұрмыс құруы.
Көркем шығарманың тілі туралы әдеби-теориялық тұрғыда түсіндіру керек
болады. Өйткені шығарманы жазған қаламгердің тілі, шығармадағы әрбір
кейіпкерлердің тілі – барлығы да теориялық түсіндіруді қажет ететін
категориялар.
Шығармадағы кейіпкерлердің тілі.Дүниедегі бір шығармадағы
кейіпкерлердің тілі, сөзі бір-біріне ұқсамайтын жағдайлар болатындығы
ескертіледі.
Ақын, жазушылар тілінің көркем болуы олардың мәдениетіне байланысты да
болатыны айтылады. Мәдениеті неғұрлым жоғары болса, өмір құбылыстарын
жақсы білсе, солғұрлым шығармасы да көркем болады, тілі бай болатыны анық
екендігі мысалдар арқылы дәйектеледі.
Шығарма тілінде болатын мынадай лексикалық бірліктер бар екендігі
айтылып, түсіндіріледі:
1. Архаизм – ескірген сөздер. (оған да жетті, арма деп. Дулыға.
2. Диалект – жергілікті сөздер (аз). Мыс: қиынды, там, күсіп (безіп).
3) қысқартылған сөздер: ап, боп
Жазушы образдарының характерін сөзбен де береді. Жаргон (лайықсыз
сөздер) Бармақ басты, көз қысты етелік.
Неологизм – жаңа сөздер. Олардың жазушы тілін байытатындығы, ұшақ,
техникаға т.б. байланысты сөздер екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі.
Бұдан өзге мынадай әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту, әр сыныпта бұл
түсінікті нығайтып отыру көзделген (Сөздің ауыспалы мағынасы, троптар т.б.)
Теңеу – сөз айшықтарының ішіндегі ең көп ұшырасатыны болғандықтан оны
түсіндірудің қажеттілігі де маңызды әрі онша күрделі емес. Теңеу – белгісіз
бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыра отырып, айқындау, белгісіз нәрсені
жұртқа мәлім белгілі нәрселерге салыстыру арқылы көзге елестету екендігі
мысал арқылы түсіндіріледі. Мысалы: таудай талап, бармақтай бақ т.б.
Қазіргі таңда оқушылардың барлығы дерлік орыс тілін білетіндіктен,
салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мысалы, орыс тілінде теңеу так, как,
точно, будто, подобно, что арқылы жасалса, қазақта секілді арқылы
жасалатындығы дәлелденеді. Бұл ретте: тай-тей, дай-дей, дайын-дейін, ша-ше
жұрнақтары, сонымен қатар дай жұрнағымен байланысты мын
қолданылатындығы айтыла отырып, қандай? деген сұраққа жауап беретіндігі
интерактивті тақтада, төмендегі мысалмен көрсетіледі.
1) Көптің күші көлдей, көшіп жүрген селдей.
2) Құйрығы ұзын қамшыдай,
Шудасы бар жамшыдай.
3) Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады.
4) Айманның әрбір түрлі айласы бар,
Секілді бойы көркем биік шынар.
Теңеу мен эпитеттің ұқсастығы мен айырмашылығын да қарастырып өткен
дұрыс болмақ. Алдымен эпитет – белгілі бір ұғымды анықтайтын, соны
түсіндіретін сөздер екендігін, эпитет, көбінесе, сын есім арқылы
жасалатындығын, оның да қандай деген сұрауға жауап беретінін түсіндірген
дұрыс.
Эпитет – көркем сөз арқылы берілген анықтауыш, сөз айшығы, әрі эпитет
ертеден келе жатқандығын, ауыз әдебиетінде де бар екендігін, онда эпитеттің
тұрақты түрі көп ұшырасатындығын мысалдар арқылы интерактивті тақтада
көрсету дұрыс: Ертек, ертек ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, қырғауыл жүні
қызыл екен т.б. Сонымен қатар, қазақ ақын-жырауларынан мысалдар
келтіріледі:
Абайдан:
Айттым сәлем, қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзден ыстық жас.
Жамбылдан:
Алтын орден алғаным,
Терең жырдың тиегі.
Көрікті Отан алдында,
Ақын жырын үйеді.
Төмендегі мысалдардан эпитеттер мен теңеулерді табу жұмысы жасалады:
1. Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады.

2. Адасқан күшік секілді,
Ұлып жұртқа қайтқан ой.

3. Арыстанның жалындай бұйра толқын,
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
Эпитет – сөз айшығы. Тұрақты эпитет – ауыз әдебиетіне тән қасиет
екендігі жоғарыдағы мысал арқылы дәлелденеді.
Осы ретте троптар туралы түсіндіруге тура келеді. Өйткені олардың
эпитет пен теңеуге қатыстылығы анықталады. Троптар – сөздің мағынасын
ауыстыру, ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздер екендігі айтылып,
метафора түсіндіріледі:
Метафора – бір нәрсені сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап екінші нәрсеге
балау. Екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қою арқылы жасалынады. Бұл
мына бағытта түсіндірілуі мүмкін және ол интерактивті тақтада жазылады,
оқушылар дәптеріне түсіреді: Ол арыстандай айбатты десек, оның әлі
арыстан еместігі көрінеді. Ол – арыстан! Батырды арыстанға теңеп, кесіп
айтады. Метафора мен теңеудің мағынасы жақын. Егер теңеудің жұрнағын алып
тастаса, метафора болады. Метафораға жұрнақ қосса, теңеу шығады. Мыс: Ол –
арыстандай айбатты (теңеу), ол – арыстан айбатты (метафора).
1) Теңеуде бір нәрсе екінші нәрсеге балап айтылса, метафора да балап
айтылады. Теңеу – секілді, тәрізді десе, метафора – өзі, нағыз өзі деп
кесіп айтады.
2) Теңеудің өзіне тән жұрнағы болса, метафораның өзіне тән жалғауы, не
сөздері болады.
3) Теңеуде теңеу жұрнақтарының теңейтін сөзге жалғануы міндетті
түрде болса, метафорада жалғаудың өнебойы болуы шарт емес.
4) Теңеуде теңелетін нәрсе мен теңейтін нәрсе ұдайы қарама-қарсы
келсе, метафорада бар нәрселердің бір жағы қалып қоюы мүмкін. Оны контекст
бойынша қимыл арқылы түсінуге болады.
Мысал: күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,
Жүрек – теңіз, қылықтың бәрі асыл тас.
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Метафора ұғымын тереңірек түсіндіру үшін қазақ әдебиетіндегі
метафоралардың негізінен 5 түрі барлығын айтып, оларды тақтада дәлелдеп
көрсету, әдеби-теориялық ұғымдар сөздігі дәптеріне жаздыру қажет болады:
1. Метафораның жай түрі (жалғаусыз, жұрнақсыз бір нәрсені екіншіге
балау арқылы жасалады).
Көп сөз – көмір,
аз сөз – алтын.
2. мын, бын, пын, сын – жіктік жалғаулар, не: м, н, (сы)
– тәуелдік жалғаулары арқылы жасалады.
Жіктік жалғау (МЕН) Бес түлеген бөрімін,
Белге соқса жығылман (И.Алтынсарин).
Тәуелдік жалғау:
1) Халқыңыз қапа болмайды,
Есен болса жолбарысың. (Қамбар).
2) Исатай – ел еркесі, ел серкесі (Шернияз).
3) Таудағы тарлан шұбар біз едік (Махамбет).
3. Метафораның үшінші түрі көмекші етістіктердің жәрдемімен жасалады.
(еді, едім, едің, екен, ем, ең, ем)
1) Қойда бағлан қозы едім,
Жылқыда шапқан бозы едім (Ақжүніс).
2) Арыстан еді-ау Исатай (Махамбет)
3) Сен жаралы жолбарыс ең, мен киіктің лағы ем,
Тірі қалдым өлмей әрең, қатты батты тырнағың
4. Күрделі метафора немесе метафораның ұлғайған түрі.
Бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау арқылы жасалады.
Қарға батыр, әр сөзің – күміс, алтын.
Сыртыңнан тілеу тілер барлық халқың (Ы.Алтынсарин).
5. Бейне бір, бейне (тең) деген сөздер арқылы жасалады. Мысалы,
Бейне бір, ұқсатамын туған айды.
Троптың келесі түрі метонимия да түсіндіруді қажет етеді.
Метонимия – бір нәрсенің орнына екінші нәрсені ауыстырып айту. Мұнда
бір нәрсені екіншісіне теңеу, балау болмайды. Мыс: Мен Абайды оқыдым
(шығармасын). Оның қаламы жүйрік (иесі айтылудың орнына құралы айтылады).
Тілі жүйрік (сөзінің орнына) т.б.
Мысалдар: а) ауыз әдебиетінен: Келбеттіден кеңес сұра (мақал).
Мыңнан біреу шешен болады. Бірдің кесірі мыңға.
б) Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда (Махамбет).

Өлсем де Көк кептерге бір салайын,
Қу тақтай, екі шеті, әкел бері (Кемпірбай).

в) Абайдан: Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң,
Әзім барып құлады шалқасынан.

Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Жоғарыдағы үш ұғымды ұғындырған соң, меңзеуге (синекдоха) кезек
келеді. Синекдоха – жекешенің орнына көпшені, көпшенің орнына жекешені,
жалпының орнына жалқыны, жалқының орнына жалпыны қолдану екендігі мысалдар
арқылы түсіндіріледі. Метонимиямен ұқсас та келіп отырады. Өлеңді
Пушкиндердей, Абайлардай жаз. Басың нешеу? (адам санын білу туралы).
Жүрген аяққа жөргем ілінер. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл. (Абай).
Сонымен қатар, әдеби шығармаларда кездесетін символдық бейне туралы
түсіндірген дұрыс. Символ – бейнемен сөйлеу, астарлап айту. Айтайын деген
ойын бейнелеп айту екендігі дәлелденеді. Мысалы: Халық ауыз әдебиетіндегі
Естіртуі жырларында символ бар: Ақсұңқар ұшып көлге кетті т.б.
Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгертуде аздап қиындық туғызатын ирония,
сарказм, сатира ұғымдарының ара жігін ажырата білуді меңгерткен дұрыс.
Ирония – келеке, ажуа. Мұнда сөздің, сөйлемнің сыртқы құрылысына ішкі
мазмұны қарсы келіп отыратындығы басты айырма екендігін ескерген жөн.
Мысалы: Абай аударған Крыовтың Шегіртке мен құмырсқа мысалындағы
құмырсқаның шегірткені мақтауы немесе Айман-Шолпан жырындағы Айманның
теңгеге айтатын сөзі т.б.
Сарказм – иронияның ұлғайған түрі, өмір құбылысының кейбір жағымсыз
жақтарын шенеу, сынау екендігі мысалдар арқылы беріледі.Олардың мына
айырмашылығы басты назарда ұсталады: Егер иронияда айтайын деген ойдың
сыртқы құрылысы мақтау тәрізді бүркемеленіп келсе, сарказмда ондай
бүркемелеу жоқ. Сарказм өткір, ашық, улы келеді.
Бұлардан өзге, аллегория – тұспалдау екенін, көбінесе ертегілерде
болатынын, гипербола– әсірелеу болатынын, Қобыланды батыр жырындағы
Тайбурылдың шабысы гипербола екендігін түсіндіру қажет.
Кейіптеу – 5 сыныптан бастап кездесетін аса күрделі емес ұғымдардың
бірі. Жансызға жан, тілсізге тіл бітіру болып табылатындығын Абай, жылдың
төрт мезгілі туралы өлеңдерін, әсіресе Қыс өлеңін талдату арқылы
меңгертуге болады.
Әдеби шығармаларда кездесетін шендестіру туралы да түсіндірген жөн.
Шендестіру – антитеза – арасы алшақ екі нәрсені қарама-қарсы қою
арқылы үшінші нәрсені елестету болып табылады дей отырып, Ер Тарғын
жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа айтқанын келтіру дұрыс:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
Инверсия (бүкпелеу) – сөйлемдегі сөздерді дағдыдан тыс түрде
қатыстырып құру екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Сөйлемде әр сөз
мүшелерінің орны бар екендігі есте ұсталынады. Соларды ауыстыра сөйлем
құру. (бастауыш бұрын, баяндауыш соңынан дегендей) арқылы инверсия
түсіндіріледі.
1) Сен оған айт, ақын тасыды де,
Тасытқан Сталиннің ғасыры де.
Эллипсис – айтылуға тиісті кейбір сөздерді қалдырып кету. Ол сөздерді
оқушы ойлап тапқандай етіп қалдырады. Мұндағы мақсат: оқиғаны күшейту,
қимылды тездету, не аз сөзге көп мағына беру. Келіп қалды, Аттан! 156.
Жоқ дейсің нелер халық, не ұлт онда...
Бәрінің келбетінде күлкі...
алау...
музыка...
Желбірейді тулар қолда (Сәбит).
Қайталау (повторение). Туралы былайша түсіндіріледі: Ақын негізгі
ойына көңіл аудару үшін бір сөзді қайталайды деп мысал арқылы дәйектеледі.
Арнау түрлері де әдеби-теориялық ұғымдардың ішінде біршама маңызға ие.
Жазушы шығармасын кімге арнайтындығын білдіре сөйлейді. а) лепті арнау
(Кел, балалар, оқылық! (Көкірегінде ойы бар, құлағын ойлы ер салсын!
(Абай).
б) Сұраулы арнау: Мұндай Отан қайда бар,
Бақытқа елді бөлеген?
Отаным едің жанымдай,
Қандай арсыз ала алар
Жанды айырып денеден? (Жамбыл).
Анафора (единоначатие) – өлең жолын (сөйлем басын) бір сөзбен бастау.
Отан – біздің әніміз,
Отан – біздің сәніміз,
Отан – біздің досымыз,
Отан – қамба дәніміз.
Эпифора (концовка) өлең жолының бір сөзге бітуі.
Өмірдің қайнар бұлақ көзі – сенсің,
Қалың ел қамқоршысы өзің – сенсің.
Бітер ме өлеңге жан, ұшқыр қанат,
Болмаса ақындардың сөзі – сенсің. (Жамбыл)
Әдеби-теориялық ұғымдар арасында бесінші сыныптан бастап өлең түрлері
оқытылады. Өлең түрлерін оқыту мына бағытта жүріледі:
Көркем шығарманың тілі екіге бөлінетіндігі еске түсіріледі:
а) қара сөз;
б) өлең.
Қара сөз – проза. Өлең белгілі бір заңға бағынған, құрылысы, сөз
саптасы, ұйқасы болатыны айтылады.
Ұйқас түрлері интерактивті тақта арқылы көрсетіліп, дәптерге
жаздырылады.
Ұйқас – шалыс ұйқас: абаб.
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі. (Абай)
Қара өлең ұйқасы – ааба.
Өлеңнің негізгі өлшеуіші – буын екендігі айтылуы керек. Ырғақ туралы
айтылуы керек.
а) Ырғақ – дауыс екпінінің белгілі бір тәртіппен бөлініп
айтылуын (келуін) ырғақ дейміз.
б) Ұйқас – өлең жолының аяғындағы дыбыс үндестігі.
в) Шумақ – өлең жолдары. 2,4 т.б.

Қазақ әдебиетіндегі өлең түрлері туралы мыналарды айтуға болады: а)
жыр, б) 11 буынды.
Жырға мысал ретінде Қамбар батырды алуға болады: 7-8 буынды.
11 буынды өлеңгеҚара таудың басынан көш келеді атты халық өлеңін
мысалға аламыз. Осы ретте классикалық қазақ әдебиетінің негізін салушы Абай
Құнанбайұлының лирикаға енгізген жаңалығын көрсету керек.
а) Сегіз аяқ
Алыстан сермеп, а 5 буын
Жүректен тербеп, а
Шымырлап бойға жайылған. б 8 буын
Қиуадан шауып, 5
Қисынын тауып, 5
Тағыны жетіп қайырған. 8
Толғауы тоқсан қызыл тіл, 8
Сөйлеймін десең өзің біл. 8.
1) Сен мені не етесің шумағы 12 жол.
2) Сегіз буынды
3) Алты буынды
4) Аралас буынды
5) Сайрай бер тілім
6) Бойы бұлғаң.
Әдебиеттік шығармалардың түрлері туралы тағы да қайталай отырып,
лирика, эпос, драманың өзіндік ерекшеліктері мен құрылымына назар аударту
керек болады. Лирика –көңіл күйді білдіреді (поэзияда), сюжет болмайды.
Эпос – адам өмірін тұтас алып суреттейді. (поэзияда, прозада) сюжетке
құрылады дегенді баса айтып көрсету керек.
Драма – іс-әрекетке құрылады дей отырып, мысал келтіріледі. Жалпы
алғанда әдеби-теориялық ұғымдарды оқытудың бірізді жолы жоқ. Бұл әрбір
ұстаздың жеке қарым-қуатына байланысты болады. Кейбірі жеріне жеткізе
талдап түсіндірсе, енді біреулері кітапта берілген материалдарды құр
жаттатып, қайталаумен ғана шектелетін болуы мүмкін. Тіпті мұғалімнің өзі
эпитет пен теңеуді, метафора мен метонимияны шатастыратын болуы да мүмкін.

1.3Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 5-9
сыныптарына арналған қазақ әдебиетінен әдеби-теориялық ұғымдарды оқытудың
қазіргі кезеңдегі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген) сыныптар бойынша бөлінісін
қарастыратын боламыз.
Аталған бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру
академиясы ұйымдастырған Т.Қ.Жұмажанова, Б.А.Әрінова, Г.С.Құрманбай,
А.Т.Мадиева құрамындағы авторлар ұжымы түзген.
Ұсынылып отырған бағдарлама Қазақстан Республикасы жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және онда қазақ
әдебиетінің дәуірлеріне қатысты мәліметтермен қатар, әдебиеттің тектері мен
жанрлары, (эпос, драма, лирика) және әдеби-теориялық ұғымдар қамтылған.
Бағдарламада әдеби-теориялық ұғымдары оқытуға қатысты, Қазақ
әдебиеті оқу пәнінің мынадай міндеттері белгіленген:
- оқушыларға төл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-
ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, көркем
туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;
- көркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи-әдеби
мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту;
- әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу, ауызша және жазбаша
тілін дамыту;
Орта білім берудің 5-10 сыныптарындағы Қазақ әдебиеті пәні бойынша
берілетін білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік,
сабақтастық, іс-әрекеттілік, пәнаралық ықпалдастық, сабақтастық сияқты
дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың жас ерекшеліктері
ескерілгендігін көреміз.
5-сыныптан бастап, әрбір сыныпта алатын базалық білім мазмұны бойынша
әдебиет теориясынан мынадай ұғымдарды игереді.
Біз курстық жұмысымызда тек 5-сыныпта қарастырылатын әдеби-теориялық
ұғымдарды оларды игерту үшін берілген шығармалармен қатар алып көрсететін
боламыз. 5-сыныпта: Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік блок тақырыбы
бойынша мақал-мәтелдер, жұмбақтар туралы түсінік беріледі.
Мысал өлеңдер тақырыбы өтіліп,Ахмет Байтұрсынұлының Егіннің бастары,
Өгіз бен бақа мысалдары негізінде мысалдарға әдеби теориялық талдау
жасалады.
Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын қарастыра отырып Соғыс,
Қызғыш құс өлеңдерін 2 сағат өту барысында өлеңнің құрылысы және өлеңнің
тілі туралы мәлімет беру қарастырылған. Сонымен бірге Соғыс өлең мазмұны,
ақындық пафос. Өлеңдегі Исатай тұлғасы, көтерлісшілер қолданылған соғыс
тәсілі. Өлеңнің суреткерлік қуаты. Ақын поэзиясындағы сарын, Қызғыш құс.
Өлеңнің көтеріліс жеңілгеннен кейінгі ақынның көңіл-күйін байқататындығы.
Ақынның қызғыш құсқа қарата сөйлеуі. Өлеңдегі психологиялық параллелизм,
оның ойды көріктеудегі мәнін ашу көзделген.
Ы.Алтынсарин шығармашылығы екі сағатқа есептелген. Мұнда Өзен,
Дүние қалай етсең табылады? шығармалары талданады.
Өзен – қазақ әдебиетіндегі пейзаждық лириканың алғашқыларының бірі
екендігін түсіндіре отырып, әдебиет теориясы бойынша сюжет, әдеби кейіпкер
ұғымы, пейзаж туралы ұғымды дамыту міндеттері белгіленген.
Абай шығармашылығы бойынша Қыс, Ғылым таппай мақтанба өлеңдері 2
сағатқа жоспарланған. Әдебиет теориясы бойынша пейзаждық лирика туралы
ұғымды дамыту көзделген және өлең құрылысы (өлеңдегі буын, бунақ, тармақ,
шумақ, ұйқас) жайында алғашқы мағлұматтар беріледі. Сонымен бірге аталған
өлеңдер арқылы эпитет туралы ұғым да алғаш рет оқушыларға таныстырылады.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Шілде өлеңі 1 сағатқа жоспарланған және
аталған сабақта оқушыларды алғаш рет кейіптеу атты әдеби-теориялық ұғыммен
таныстыру жүзеге асырылады.
Мағжан Жұмабаевтың Балалық шақ, Қысқы жолда, Сағындым өлеңдерін
өту арқылы өлең құрылысы туралы теориялық ұғымды қайталауға мүмкіндік
берілген.
Жамбылдың Өтеген батыр дастанын өту барысында фантастикалық,
ертегілік сипаттар туралы түсінік бере отырып, мінездеме жасау, жыр жанры
туралы түсінікті қалыптастыру мақсаты көзделген.
І.Жансүгіровтың Күй поэмасынан үзінді 2 сағатқа лайықталған. Аталған
сабақта мынадай жұмыстарды жүргізу көзделеді: Поэманың сюжеттік негізіне
алынған күй аңызының мазмұны, қобызшы тартқан Бозінген күйі, қобызшы
портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, қазақтың күй өнері мен
күйшілігіне деген ақын көзқарасы туралы қарастыра отырып, поэма мысалында
өлең ұйқасы туралы түсінік беріледі.
Мұхтар Әуезовтың Ақын қонақтар (Абай жолы романынан үзінді)
шығармасы екі сағатқа лайықталған. Әдебиет теориясы бойынша портрет туралы
ұғымды дамыту көзделген.
Сәбит Мұқановтың Лашын (Өмір мектебі романынан үзінді) әңгімесінде
мынадай жұмыстар жасалады:
Әңгіме суреттелген Балтабай ауылы, оның адамдары, портреттік
суреттермен жұмыс жасалады. Құсбегілік – әңгімеде халқымыз сүйетін өнердің
тамаша бір түрі әрі кәсіп ретінде көрінетіндігін дәлелдеу. Әңгімедегі
халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды көрсету. Әңгіменің тіліне (теңеу
сөздер, мақал-мәтелдер) мән беріледі. Әдебиет теориясы бойынша жұмыс
ретінде суреттеу, баяндау, сипаттау ұғымдарына түсінік беріліп, аталған
мәтіннен суреттеу, баяндау, сипаттауларды мысал ретінде көрсету қажет.
Ғабит Мүсіреповтың Жаңа достар (Қазақ солдаты романынан үзінді)
шығармасы да 2 сағатқа ықшамдалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Әдеби теориялық ұғым туралы жалпы түсінік
Қазақ тілі сабақтарында жазу теориясы терминдерін игерту жолдары
Ресми және жай сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударма және қазақ тілінен орыс тіліне аударуда кездесетін стильдер
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оңытудың әдістемесі
Кәсіби терминдерді қазақшалау
Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
2003 жылы тіл мен әдебиет саласы бойынша бекітілген кейбір терминдердің қалыптасуы, бірізділігі, жүйелілігі
Әңгіме жанрымен тереңірек танысу
Пәндер