Геодезия және оның міндеттері



Жоспар

Кіріспе

1. Геодезия және оның міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Халық шаруашылығын дамытудағы геодезиялың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Геодезияның дамуының қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
4.Геодезиялық жұмыстарды жүргізу процестері мен геодезия ... ... ... ... ... ... ..8
5.Геодезиядағы проекциялау әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
6. Топографиялық карталар және пландар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
7. Топографиялық карталардың жол.жол сызығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
8. Топографиялық карталардың мазмұны және шартты
белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Геодезия — жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті.
Геодезия — жердің немесе оның жекелеген бөліктерініқ пішіні мен көлемік, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметініқ сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым. Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың өсуіне байланысты, геодезияның мазмүны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді: . 1. Жоғарғы геодезия — жердін, және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия Міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы бөлінеді.
Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір минутңа (10 тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде нүктелермен он секундқа (10") тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл топографиялық картаны бастырып тік бүрышты координаталар торын құрайтын вертикаль және горизонталь сызыңтар жүргізілген (қосымшадағы немесе атластағы топографиялық картадан географиялың тор мен тік бүрышты координаталар торының элементтерін табыңдар).
Кіріспе
Геодезия — жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті.
Геодезия — жердің немесе оның жекелеген бөліктерініқ пішіні мен көлемік, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметініқ сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым. Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың өсуіне байланысты, геодезияның мазмүны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді: . 1. Жоғарғы геодезия — жердін, және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия Міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы бөлінеді.
Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір минутңа (10 тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде нүктелермен он секундқа (10") тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл топографиялық картаны бастырып тік бүрышты координаталар торын құрайтын вертикаль және горизонталь сызыңтар жүргізілген (қосымшадағы немесе атластағы топографиялық картадан географиялың тор мен тік бүрышты координаталар торының элементтерін табыңдар).

Жоспар

Кіріспе

1. Геодезия және оның
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...4

2. Халық шаруашылығын дамытудағы геодезиялың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

3. Геодезияның дамуының қысқаша
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...6

4.Геодезиялық жұмыстарды жүргізу процестері мен
геодезия ... ... ... ... ... ... ..8

5.Геодезиядағы проекциялау
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10

6. Топографиялық карталар және
пландар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

7. Топографиялық карталардың жол-жол
сызығы ... ... ... ... ... ... ... . ... .21
8. Топографиялық карталардың мазмұны және шартты
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .28

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе
Геодезия — жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы
заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары
геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек
тілінен аударғанда геодезия сөзі жерді бөлу деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан
шыққаны түсінікті.
Геодезия — жердің немесе оның жекелеген бөліктерініқ пішіні мен
көлемік, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік
қызметініқ сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу
әдістерін зерттейтін ғылым. Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен
техниканың өсуіне байланысты, геодезияның мазмүны да өзгеріп отырды. Соның
нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және
ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді: . 1. Жоғарғы геодезия — жердін, және
планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық
негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия
Міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу үстінде одан жеке пәндер
болып геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы
бөлінеді.
Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан
шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап
беру мәселелерімен айналысады.
Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе
объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір
минутңа (10 тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде
нүктелермен он секундқа (10") тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл
топографиялық картаны бастырып тік бүрышты координаталар торын
құрайтын вертикаль және горизонталь сызыңтар жүргізілген (қосымшадағы
немесе атластағы топографиялық картадан географиялың тор мен тік бүрышты
координаталар торының элементтерін табыңдар).

1. Геодезия және оның міндеттері
Геодезиялық гравиметрия — жер бетінің жекелеген нүктелрінің ауырлық
күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің фигурасын зерттеумен
шұғылданады.
Ғарыш геодезиясы — Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті
нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді.
Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен
байланысты мәселелерді зерттейді.
Қартография жер бетінің едәуір территорияларынын кескіндерін әр түрлі
мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістер:мен процестерін, оларды жасау
және көбейту технологиясын зерттейді.
Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден
түсірген фотосуреттер бойынша жа-
саудың әдістерін талдаумен айналысады.
Теңіз геодезиясы. мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи қорларын барлау мен
картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдап жасайды.
Қолданбалы геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу
және пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен қатар еліміздің табиғат
байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін
зерттеумен айналысады. олданбалы геодезия өзінің жұмыс барысында геодезия
әдістерін кең пайдаланады,ал кейбір жағ-
дайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.Геодезия мен
топография пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей
жұмыстар жатады:
а) жер бетіндегі жекелеген нүктелердің орындарын таңдап алынған
координаталар жүйесінде анықтау;
б) әр түрлі инженерлік ғимараттарды жобалау және салу кезінде
сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісінде, жер бетінің және қойнауының
табиғат байлықтарын пайдалануда қажет болатын түрі, сипаты, дәлдігі жағынан
алуан түрлі өлшеулерді жер бетінде немесе жер астында атқару;
г) еліміздің қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен
қамтамасыз ету.

2. Халық шаруашылығын дамытудағы геодезиялың ролі

Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін
практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер жолдар,
каналдар, жер асты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері
(электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы
кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді.
Геодезия колхоздар мен совхоздарды орналастыруда, жерді құрғату мен
суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери
істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп
түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін
пайдаланылады.
Геодезия біршама ғылыми пәндерге, яғни математика, физика,
астрономия, автоматика, телемеханика, радиотехника, география, геология,
геоморфология, гравиметрия және геофизика жетістіктеріне сүйенеді.
Сондықтан геодезияның осы ғылымдармен тығыз байланыстылығы күмән
туғызбайды.
Математика геодезияны әр түрлі геодезиялық есептердін аналитикалық
түсіндірмелерінің тәсілдерімен, сондай-ақ өлшеулердің нәтижелерін өңдеудің
талдауларымен, әдістерімен қаруландырады. Физика геодезияны электроникамен
және электро-техникамен қатар оптикалық, оптикалық-механикалық және
электронды-оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің
негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін
дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика,
телемеханика және радио-электроника салаларындағы ғылым мен техника
жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар құрастырылады. Гео-
графияны білу жер бедерін құрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің
табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді
қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру
заңдылықтарын танып-білуде геология мен геоморфология көмекке келеді.
Жердің фигурасын зерттеу оның сыртқы гравитациялық ерісіне зерттеулер
жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның заңдары мен аспаптарын
пайдаланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда
графикалық сапалы безендіру топо графиялық сызу тәсілдерін білуді қажет
етеді.

3. Геодезияның дамуының қысқаша тарихы

Геодезия ете ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін
зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, Ежелгі Египетте
геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Онда Ніл
өзені алқабындағы егін шаруашылығы өте ерте заманда-ақ пайда болып, кең
дамыған еді. Астық өнімінің мол болуы құнарлы тұнбалардың шөгуімен
байланысты болатын. Ол кезде әр жыл сайын Ніл өзенінің су тасқыны жер
танаптарын шайып кетіп отырды. Египеттіктерге бұл жерлерді қайта-қайта
қалпына келтіріп отыруға тура келді. Әрине, бұл жағдай жер танаптарын
межелеп' бөлу, жерге өлшеулер жүргізу кезінде тәжірибе жинақтауға алып
келеді, сөй-тіп жерді өлшеу (геометрия) және жерді бөлу (геодезия)
саласындағы теориялық білімнің тез дамуына септігін тигізді. Біздің
заманымызға дейінгі XIV—XII ғасырларда Қытайда бүкіл жерді зерттеу
мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын
өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерінің болғандығын көрсетті.
Геодезия атам заманғы (антикалық) Грецияда жоғары дамыған болатын,
онда геодезия теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен
Александриялық Геронның Диоптрия туралы және Ауданды өлшеу атты
кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен
геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен
(б. з. д. 274—194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының
радиусы шамамен алты мың километр екенін анықтап берді.
Геодезиялық жүмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы I Петрдің
дәуірінде жүзеге асырылды. Осы кезеңде өнеркәсіптін, теңізде жүзудің,
әскери істің және сауданың кең дамуы гео-дезиялық елшеулер мен карта
жасауға жаңа талаптар қойды. Осы мақсатпен мемлекеттің аз зерттелген
аудандарында түсіру жүмыстарын жасау үшін арнайы экспедициялар жіберілді.
Осының арқасында Донда, Ертісте, Камчаткада және Куриль аралдарында алғашқы
топографиялық түсірулер жасалынды.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың
ғылыми жағынан жоғары қойылуына көп еңбек сіңірген атақты орыс астрономы
және геодезисі, Пулков астро номиялық обсерваториясының негізің салушы және
бірінші директоры В. Я. Струве болды.
Геодезиялық қызмет Қеңес өкіметі жылдарында қарқындап дами бастады.
Осы кезеңде негізгі геодезиялық жұмыстар мен топографиялық түсірулер
жүргізу үшін орталық және жергілікті геодезиялық ұжымдар құрылды. Сол
уақыттан бастап геодезияның негізгі міндеті одақтың өндіргіш күштерін
зерттеу мен дамытуға жәрдемдесу болды.
Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық
базада дамып, халық шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын
қанағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бүрынғы одақта мемлекеттік карталар
жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды, ал ол бүгінгі
күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал
геодезия жұмыстары үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде (1945 жылға дейін)
бүрынғы ТМД территориясының 1 : : 1000000 масштабтағы топографиялық
карталарын жасауға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі геодезиялық
қызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға қарай 1 : 100000 масштабтағы карталар
жасау болды. Қазіргі кезең 1 :25000 ірі масштабтағы карталарды жасаумен
сипатталады.
Топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картография өндірісінің
мұнан әрі алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікелей байланысты
болып отыр.
Келешекте халық шаруашылығының шұғыл есіп отыратын қажеттерін
ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің өзінде-ақ
жасалған ғарышты борттық аппаратуралардың мүмкіндіктері сондай орбитадан
қабылданған бейне-ақпараты өзіне қойылған міндетті шешуге қабілеттілігі
жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік
береді, демек олар кең диапазбнды масштабтағы кар-таларды тікелей даярлауға
жағдай туғызып отыр деуге болады. 1974 жылдан бастап шельфті жалпы
мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің беті
координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін
түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сияқты теңіз түбінің сурет
карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық
қүралдар жасалды.ірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын
талдап жасау және оны практикаға ендгру саласында Ресей ғылымы.
К. Красовский зор жұмыстар істеді. Геодезия және картография
саласындағы аса көрнекті зерттеулер осы ғалымдардың және профессорлар А. А.
Михайлов, А. А. Изотов, А. С. Чебота-рев, М. С. Молоденский, Н. А. Урмаев,
В. В. Данилов, В. В. Попов және т. б. еншісіне тиеді.

4. Геодезиялық жұмыстарды жүргізу процестері мен геодезиялық
қызметтің ұйымдастыруы

Геодезиялық жұмыстар далалық және ғылыми өңдеу жұмыстары болып
бөлінеді. Далалық жұмыстардың ең басты мазмұны өлшеу процесі болып
табылады, ал ғылыми өңдеу жұмыстары есептеу және графикалық процестерден
тұрады.
Өлшеу процесіне пландар мен карталар жасау үшін немесе арнайы
мақсаттар, мысалы, трассалар жүргізу, барлау траншеялары мен құрылыстарын
бөлу үшін жүргізілетін жер бетіндегі өлшеулер жатады.
Топографиялық-геодезиялық өлшеулер мынадай элементтерді қамтиды:
горизонталь және вертикаль бұрыштар, еңкіш, горизонталь және вертикаль
қашықтықтар. Осыларды өлшеу үшін әр түрлі геодезиялық аспаптар қолданылады.
Оларға мыналар жатады: а) қашықтықтарды өлшеуге арналған аспаптар — өлшеуіш
ленталар, сым, рулеткалар, оптикалық қашықтық өлше-уіштер, жарық қашықтық
өлшеуіштері және т. б.; ә) бұрыш өлшеуіш аспаптары: теодолиттер,
буссольдар, гониометрлер және т. б.; б) вертикаль биіктіктерді өлшеуге
арналған аспаптар: нивелирлер, рейкалар, және т. б.
Геодезиялық өлшеулер нәтижелері тиісті журналдарға енгізіледі және
дала жағдайында түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалады, ол
абрис (сұлба) деп аталады.
Есептеу процесі өлшеулердің сандық. нәтижелерін жүйеге келтіру мен
өңдеуден және оларды пайдалануға неғұрлым жарамды түрге келтіруден тұрады.
Есептеуді жеңілдету, керекті нәижелерді тез табу және есептеу жұмыстарының
дұрыстығын дер кезінде тексеріп отыру үшін барлық есептеулер белгілі бір
схемалар бойынша жүргізіледі, ал бұл схемалар есептеулердің әрбір түріне
арнайы талдап жасалады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әр түрлі қосымша
қүралдар: кестелер, графиктер, номограммалар, электрондық есептеуіш
машиналары және т. с. с. қолданылады.
Графикалық процесс өлшеу және есептеу нәтижелерін белгіленген
шартты белгілерді сақтай отырып, мәліметтерді сызба
түріне келтіруден тұрады. Геодезияда сызбалар топографиялық жұмыстардың
түпкі өнімі болып табылады. Одан арғы есептеу мен жобалау солардың
негізінде жүргізіледі. Сондықтан сызба тексерілген әрі дәл мәліметтер
нәтижесінде жасалынуы керек және графикалық жағынан салынуының сапасы
жоғары болуы тиіс. .
Бұл басқарманың негізгі өндірістік міндеттері мынадай:
Республика территориясында геодезиялық тірек жүйесін дамыту және карталар
жасауда қажетті топографиялық түсірулер жасау жөнінде жоғары дәлдіктегі
жұмыстарды ұйымдастыру.
Алуан тектегі және түрлі мақсаттағы карталарды, пландар мен атластарды
жасау және оларды басып шығару.
Әр түрлі мекемелер жасаған геодезиялық және топографиялық жұмыстарды
үйлестіріп, мемлекеттік бақылау жасап отыру.
Геодезия және картография бас басқармасы жанында республикада
атқарылған картографиялық және геодезиялық жұмыстардың бәрі жиналған
Орталық картографиялық қор және Мемлекеттік геодезиялық қадағалау
басқармасы бар. Бұл мемлекеттік басқарма топографиялық және геодезиялық
жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді, олардың орындалу сапасын бақылайды, әрі
келешектегі геодезиялық жұмыстар үшін бастапқы мәліметтер қызметін
атқаратын материалдарды бір жүйеге келтіреді.

5. Геодезиядағы проекциялау әдісі
Кеңістіктегі әр түрлі бейнелер мен заттарды қағаз бетінде кескіндеу
үшін проекциялау әдісі қолданылады. Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің
орны эллипсоидтың бетіне нормаль болып есептелетін тік сызық арқылы
проекцияланады. Осы проекциялау нәтижесінде нүктенің тікбұрышты
(ортогональды) проекциялары алынады.
Жер бетінің едәуір территориясын кескіндеу жердің деңгей-лік бетіне
жасалынады, бұл жағынан оған тік сызықтар нормаль болып есептеледі (1-

дердің деңгейлік бетінің бір бөлігі болсын делік. Сонда жердің
физикалық бетіндегі бір-бірінен едәуір қашықтықтағы А, В, С және И
нүктелері деңгейлік бетке Р тік сызықпен проекцияланады. Тік сызықтардың
деңгейлік бетпен қиылысатын а, Ь, с және й нүктелері жер бетінің тиісті
нүктелерінің горизонталь проекциялары деп аталады.
Жер бетінің А, В, С және В нүктелерініқ орны деңгейлік беттен
жердің физикалық бетіндегі нүктелерге дейінгі тік сызықтардың (аА, 6В, сС,
(Ю) ұзындығымен және тиісті география немесе тікбұрышты координаталармен
анықталады.
Деңгейлік беттен жердің физикалық бетіндегі нүктелерге дейінгі ара
қашықтық (метрмен алынған) нүктенің абсолют биіктігі деп аталады (мысалы,
Н) . Кез келген басқа Р жазықтығына параллель шартты деңгейлік беттен
берілген нүктеге дейінгі ара қашықтық (метрмен алынған) нүктенің шартты
биіктігі деп аталады. Бір нүктенің екінші бір нүктеніқ деңгейлік бетінен
Айршама қашықтығының айырмасы салыстырмалы биіктік (Ю деп аталады.
Вертикаль қашықтықтың сандық мәні биіктік деп аталады. Мысалы, На =810,793
м А нүктесінің абсолют биіктігг брлса, ал Н'а =10,793 м осы нүктенің шартты
биіктігі болып саналады. Ал һ=Нр — Ш А нүктесімен салыстырғандағы В нүк-
тесінің салыстырмалы биіктігі болып табылады.
Деңгейлік беттің орташа жағдайын мүхит деңгейін көп жылдар бойы
бақылау арқылы анықтайды. Қазақстанда абсолюг биіктіктің бастапқы саны
ретінде Кронштадт футштогының нөлі қабылданған. Футшток дегеніміз бөліктері
бар мыс тақта, осы бөліктер бойынша оқтын-оқтын теңіз деңгейі есептеліп
отырады. Кронштадт футштогының нөлдік бөлігі шамамен Балтық ггёңізінің
орташа деңгейімен дәл келеді. Жер бетінің шағын учаскесін
кескіндеудеуверілген нүктелер горизонталь жазықтыққа (2-сурет)

Бір-біріне параллель перпендикулярмен проекцияланады.Ма, ВЬ, Сс,
Ой проекциялау сызықтары V жазықтығына перпёндикуляр болса, онда аЬ, һс,
сй және йа жақтары мен олардыд арасындағы рь 02, Рз, Р4 бұрыштары жердің
тиісті жақтары мен бұрыштарының горизонталь проекциясы, ал жазық асй
төртбұрышы жердің физикалық бетінде орналасқан АВСӘ төртбұрышының
горизонталь проекциясы болып табылады.
Егер жергілікті жердегі АВСӘ төртбүрышының горизонталь
проекцияларының ав, Ьс, сй, йа жақтарының ұзындығы және олардың арасындағы
горизонталь бұрыштары (Рь Рг, Рз, $а) белгілі болса, онда оның горизонталь
проекциясын (авсй) қағазға түсіруге болады. Жер бетінде тікелей АВ, ВС, СД
ВА ара қашықтықтарын және рі, рг, Рз және горизонтал бұрыштарын өлшеуге
болады. Жер бетіндегі өлшенген түзудей ДС) оның горизонталь жазықтықтағы
проекциясының (ВС\ = вх) ұзындығына көшуге болады. Жердегі түзудің
горизонталь жазықтығындағы ортогональ проекциясының ұзындығы осы түзудің
горизонталь ұзындығы деп аталады. Түзудің көлбеу бұрышы жердегіС түзуі мен
оның горизонталь жазықтығындағы ӘС{ проекциясының арасындағы вертикаль
жазықтықта орналаскан, сондықтан оны тікелей өлшеуге болады. ОССХ
үшбұрышынан жердегі түзудің горизонталь ұзындығын £7=*$ созү формуласы
бойынша анықтайды. Демек, жердегі фйгураны горизонталь жазықтықта кескіндеу
үшін оның қабырғаларының горизонталь ұзындықтарын және қабырғалары
арасындағы горизонталь бұрыштарын білу қажет.

6. Топографиялық карталар және пландар
Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының
горизонталь проекцияларын табиғи шамасымен бірме-бір көрсету мүмкін емес.
Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының
кішірейген кескінің береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының
жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе
картаның масштабы деп аталады. Масштаб:
1 11 К. 1 1
500 ' 1000 ' 2000 ' 5000 10000 ' 25000

және т. с. с. алынады.
Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі
сызықтардың план мен картаға кескіндеу кезінде қаншалықты кішірейгенін
көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000
есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін
көрсетеді, Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасының оңтүстік қабыр-
ғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб)
түрде көрсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген
кесіндінің ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтықты өлшеп, оның
жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара
қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1 :
1000, пландағы ұзындығы 145,3 : 10= 14,53 см. Егер картадағы кесіндінің
ұзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1 : 10000 (яғни 1 см — 100 м) болса,
онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100 = 913 м болады.[4]
Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының ұзындықтарын
әрдайым бір санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде
қол жеткізуге болады. Сызықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып,
мысалы, әрбір1—2 см сайын тең кесінділерге бөлінген тік сызық болып табы-
лады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлік-
ке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді
сәйкес келеді. Нөлдік сызықшадан оңға қарайсалынған кесінділер 1 : 2000
масштабта жердегі 20, 40, 60, 80,100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2,
4, 6, 8,10, 12, 14, 16, 18,20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы аЬ кесіндісіне
жердегі 88 м ұзындығы сәйкес(1-суретке) келеді.
Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге
және салуға болады. Ара қашықтықты өте дәлдікпен анықтау үшін көлденең
масштабты қолданады. Көлденең масштаб кесінділерді пропорционал бөлуге
негізделген график болып табылады. Көлденен масштабты салу үшін түзуге
бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады.
Бөлінген нүктелерден перпендикуляр тұргызылады. Масштабтың негізіне
параллель тең аралықта перпендикулярлар арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб
негізінің шеткі сол жақтарын жоғарыдан және төменнен 10 бөлікке ( 2 мм)
бөледі. 3- суретте көрсетілгендей, алынған нүктелерді көлбеу түзулермен
қосады. BE сызығына параллель көлбеу сызықтардың арасындағы кесінділер AB
табаның оннан бір бөлігіне тең болады, яғни ED=AB10, ал BD перпендикуляры
мен BE көлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб табанының жүзден бір
бөлігіне тең. Сірә, осы кесінділердің ең кішісі (t) ED кесіндісінен 10 есе
кем, яғни t=ED10=AB100. Осындай масштаб нормальды жүздік көлденен масштаб
деп аталады.

3-сурет
Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі
бөліктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
ТЕОДОЛИТ жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеруде және ірі масштабтағы съемкалар кезінде бұрышты анықтайтын геодезиялық аспап
Геодезияның даму тарихы жайлы
Геодезия пәні мен міндеттері
Геoдезия – Жер турaлы ертеден келе жaтқaн ғылымдaрдың бiрi
Картографиялық жұмыстар
Инженерлік геодезия
Геодезияның дамуы
Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Пәндер