АҚШ пен КСРО - ның ұлттық қауіпсіздігі тұтас халықаралық қауіпсіздікті айқындаған тұстағы биполярлы халықаралық саяси жүйе


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Ұлттық қауіпсіздікті зерттеудегі әдістемелер . . . 6
1. 1 Саясаттану категориясы ретінде «қауіпсіздік» мәселелері . . . 6
1. 2 Ұлттық қауіпсіздікті зерттеудегі амал - тәсілдермен әдістемелер . . . 13
II. Халықаралық қауіпсіздіктегі есірткі бизнесіне қарсы күрес . . . 20
2. 1 Әлемдегі есірткі дайындау мен тұтынудың жолдары . . . 20
2. 2 Трансұлттық есірткі бизнесі . . . 24
2. 3 Есірткіні өндіруші территориялар . . . 28
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34
Кіріспе
Жаңа ғасырдың індетіне айналған есірткі бизнесі мен нашақорлық - жалпы ел дамуының қай саласына болмасын теріс ықпалын тигізуші ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекеттің өзімен қоса, оның экономикасы, тұтас қоғам үлкен қатер алдында тұрады. Әсіресе, қоғамның рухани - мәдени, демографиялық, ақпараттық және экологиялық - биологиялық салаларына үлкен нұқсан келтірілуі ықтимал.
Мұндай жағдай мемлекетті бұл кесапатқа қарсы күресуде жан-жақты шараларды қабылдауға итермелейді. Алайда, елімізде концептуалды, бағдарламалық құжаттар мен нақты күресу тетіктері қолға алынып жатқанға қарамастан, бұл құбылыстардың кең таралуының негізінде жатқан себептер мен детерминанттарды терең ой елегінен өткізу қажеттілігі туындап отыр.
Аталмыш мәселені зерттеу барысында тек есірткі бизнесі мен нашақорлықтың таралу факторларын, ағымдағы жағдайды сараптап қана қоймай, сонымен бірге қабылданып жатқан шараларды және олардың негізінде жатқан концепцияларды талдау қажет.
Осыған орай, дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстандағы және әлемдегі есірткі бизнесі мен нашақорлықтың таралуының басты алғышарттары мен себептерін анықтау, бұл проблемаға қарсы күресудегі әлемдік тәжірибені талдау және есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күресу әдістері мен тетіктерін жетілдіруге бағытталған нақты жолдарды іздестіру болып табылады. Зерттеу барысында осы мәселеге ықпал етуші басты факторлармен (әлеуметтік - экономикалық, мәдени, жанұялық, құқық қорғау) қатар, геосаяси және территориалдық астарлар да қарастырылды. Сонымен бірге еліміздегі есірткі проблемасының ушығуына Ауғанстандағы күрделі саяси және экономикалық жағдай да ықпалын тигізіп отыр. Аймақтағы діни экстремизм мен терроризмнің өршуі де есірткі бизнесіне әсерін тигізбей қалдырған жоқ.
Жалпы, тақырыптың өзектілігі бірнеше жәйттермен айқындалады. Біріншіден, еліміздегі есірткі бизнесі мен нашақорлықтың бұрын соңды болмаған деңгейде кең құлаш жаюы. Мұны есірткі қылмыстары мен нашақорлыққа шалдыққандардың күрт өсуінен, еліміздегі заңсыз есірткіні өндірудің ұлғаюынан байқауға болады. Екіншіден, Қазақстанның геосаяси тұрғыда әлемдік есірткі өндіруші елдерге (Ауғанстан) жақын орналасуы мен осыған байланысты еліміздің басты транзиттік жолдардың біріне айналуы. Көптеген халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Ауғанстан апиын өндіру жөнінен әлемде бірінші орынға шықты. Демек еліміздің территориясы арқылы өтетін есірткі контрабандасы да ұлғаяды деген сөз. Ал бұл жәйт ішкі жағдайға әсерін тигізбей қалдырмайды. Үшіншіден, отандық және шетелдік мамандар бірауыздан трансұлттық есірткі бизнесін мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне төніп тұрған басты қатерлердің бірі деп атап отыр. Төртіншіден, есірткі бизнесінің діни экстремизм, терроризм секілді кесапаттармен ауыз жаласуы Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері үшін қосымша қиындықтар туғызып отыр. Көріп отырғанымыздай, бұл проблема тар шеңберден шығып, барған сайын құлашын кеңейте түсуде.
Есірткі бизнесі мен нашақорлық проблемасын зерттеуде шетелдік және отандық ғалымдардан көрі, халықаралық ұйымдардың рөлі өте үлкен. Әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымының осы бағыттағы жұмыстары айтарлықтай. Оның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеті (ЕБХҚ) мен Есірткіні халықаралық қадағалау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНДКП) Заңсыз есірткі айналымы саласындағы өзгерістер жөнінде тұрақты түрде әлемдік қауымдастықты хабардар етіп отырады. Сонымен бірге АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жанындағы Халықаралық есірткі таралуына қарсы күресу жөніндегі бюросының жыл сайын шығаратын баяндамасы бір жағынан ЗЕА-на қарсы күресудегі АҚШ-тың рөлін көрсетсе, екінші жағынан әлемдегі есірткі жағдайы егжей-тегжейлі сарапталады. Есірткі мәселесін зерттеумен емес, есірткі трафигін жою операцияларын ұйымдастыру мақсатында құрылған АҚШ-тың - Есірткіге қарсы күресу басқармасы (ДЕА) да белді ұйымдардың бірі болып табылады. ДЕА басылымдарының ағымдағы ақпарат көзі ретіндегі маңыздылығы орасан зор.
Парижде орналасқан Есірткі мониторингінің геосаяси орталығы басып шығаратын жылдық шолулары мен монографиялық зерттеулері де өте құнды дерек көзі болып табылады. Бұл тәуелсіз, үкіметтік емес ұйымды ЕО қаржыландырады. Оның жүзге жуық елдерінде 200-ден астам корреспондент-сарапшылары, ғалымдары жұмыс атқаруда.
Жалпы, зерттеу барысында ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі сан алуан дерек көздері пайдаланылды.
Бірінші топты, есірткі бизнесі мен нашақорлықты зерттеуге арналған Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың1, отандық және шетелдік мамандардың еңбектері құрады.
Екінші топты, БҰҰ-ның Заңсыз есірткі мен психотроптық заттар айналымына қарсы күресу жөніндегі конвенциялары, Қазақстан Республикасының есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күресу саласындағы құқықтық нормативтік актілер жинағы, 2001-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күресу жөніндегі Стратегиясы толықтырды.
Дипломдық жұмыстың тұжырымдарын қуаттайтын статистикалық мәліметтер келтірілген Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттіктің, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитеттің, БҰҰ-ның арнайы статистикалық мәліметтері үшінші топты құрады.
Кеңестік Одақ дәуірінде есірткі проблемасы жоқ деп саналып, сол себепті ол зерттелмеді. Ал ресейлік және қазақстандық сарапшылар бұл проблеманы зерттеуді кеш қолға алғандықтан, бұл саладағы еңбектер мардымсыз болып отыр. Дегенмен де алғашқылардың бірі болып бұл олқылықтың орнын толтыруға тырысқан отандық ғалымдардың ішінен М. С Әшімбаевты, Д. Сәтпаевты, Г. А. Қорғанбаеваны, Л. Ю Гусеваны, Г. Исаеваны, Б. Карикболовты атап өтуге болады. Сонымен бірге ресейлік зерттеушілер арасынан А. Н Глинкинді, В. Н Шашковты, В. В Бакушевты, Д. Соломзесты, А. Е Чечетинді, А. В Ларионовты көрсетуге болады. Дегенмен бұл саладағы кешенді зерттеулерімен ерекшеленетін халықаралық ұйымдардың үлесі орасан зор екендігін тағы да бір атап өту қажет.
Дипломдық жұмыстың негізін қауіпсіздікті зерттеудегі сан - алуан концепциялар, реализм мен идеализм, структурализм, неореализм секілді теориялар құрады. Сонымен бірге зерттеу барысында жүйелік, құрылымдық - функционалдық, контент - анализ тектес әдістер қолданылды.
1. Ұлттық қауіпсіздікті зерттеудегі әдістемелер
1. 1. Саясаттану категориясы ретіндегі «қауіпсіздік» мәселелері
Ұлттық қауіпсіздік мәселелерін теориялық - әдістемелік зерттеудің негізін қалау барысында категориалды аппаратты талдап өту қажет. Жалпы, саясаттану мен халықаралық қатынастар теориясының басты элементтерінің бірі ретіндегі «қауіпсіздік» ұғымы аймақтық, ұлттық, халықаралық дәрежедегі саяси процестерді зерттеудің қолданбалы категориясы болып табылады. Бұл категориялар саяси реализм, идеализм, федерализм, функционализм және басқа да теориялар мен концепцияларда қолданылады. Т. Кун парадигманы ғылыми қауымдастық мүшелерін біріктіруші қағидалар мен тұғырнамалар жиынтығы ретінде ұғынады. Оның пікірінше, бұл ғылыми қауымдастық аталмыш парадигманы қолдайтын адамдардан тұрады2 .
Ең алғаш рет «қауіпсіздік» ұғымы саяси реализм мектебінің зерттеулерінде саясаттану категориясына айнала бастады. Саяси реализм мен өзге де саясаттану мектептерінің өкілдері қауіпсіздікті дербес мемлекеттің немесе елдер тобының мүдделерін қорғау жүйесі ретінде қарастырады.
Саяси реализм мектебінің өкілдері «ұлттық мүдделерді» қорғау жүйесі ретіндегі «ұлттық қауіпсіздік» концепциясының негізін қалағандығын атап өту қажет3.
АҚШ-тың С. Берд және Г. Смит секілді ғалымдарының пікірінше «ұлттық қауіпсіздік» ұғымы «әулеттер» мүдделерінен «мемлекеттік басымдылықтар» деңгейіне дейін дамыды .
Танымал американ саясаттанушысы Г. Моргентау мемлекеттердің бәсекелестік іс - әрекеттері мен олардың өз мақаттарын қорғау ұмтылыстарының түпкі мақсаттарын айқындауға тырысып оның себебін агрессивті мінез - құлықтың негізі ретіндегі адамның табиғатынан көреді. Демек, оның пікірінше, әрбір мемлекеттін сыртқы саясаты әскери стратегия және дипломатия көмегімен ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған. Бұл ұлттық мүдделер адам, оның тілі, мәдениеті секілді тұрақты болып табылады, сондықтан ұлттық қауіпсіздік концепциясы да мәңгі өзгермейді.
Алғаш рет «ұлттық қауіпсіздік» ұғымын 1904 жылы АҚШ президенті Теодор Рузвельт қолданған болатын. «Ұлттық қауіпсіздік» парадигмасының тарихи дамуы бастапқыда келесідей факторлармен айқындалды: 1945 жылға дейін халықаралық қатынастарда Вестфаль жүйесінің сақталынып қалынуы; мемлекетаралық қайшылықтарды, халықаралық мәселелерді шешуде күш қолдану; халықаралық жүйеде күштер балансының үстемдігі; АҚШ пен КСРО-ның ұлттық қауіпсіздігі тұтас халықаралық қауіпсіздікті айқындаған тұстағы биполярлы халықаралық саяси жүйе.
Тұңғыш рет ұлттық қауіпсіздік концепциясын американдық ғалым У. Липпман қалыптастырған болатын. Оның тұжырымдауынша: «Соғысты болдырмау мақсатында өзінің заңды мүдделеріне нұқсан келтірмей және бұл мүдделер қатер алдында тұрған жағдайда оларды соғыс арқылы қорғай алатын жағдайда ғана ұлт өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. »4. Липпман «басты құндылықтар» (corevalues) категориясын енгізе отырып «ұлттық қауіпсіздік» және «ұлттық мүдделер» категорияларын теңестіруге жол бермеуге тырысты. Дегенмен, нәтижесінде ол мемлекеттер мүделерінің текетіресін шешудің күш қолдану концепциясын мойындады.
Саяси реализм мектебінің көрнекті өкілі А. Уолферс те өзінің «Келіспеушіліктер мен ынтымақтастық. Халықаралық саясат эсселері» еңбегінде «қауіпсіздік» және «ұлттық мүдделер» ұғымдарының ара жігін ажыратады. Реализм өкілі ретінде, ол халықаралық қатынастарда анархия үстемдік етеді, сондықтан мемлекет атынан әрекет ететін және өз елінің басқа мемлекеттермен арақатынасын айқындайтын саясаткерлердің қызметі ұлттық мүдделерді нақты айқындауға негізделуі керек деп есептейді.
Неореализмнің негізін қалаушы Кеннет Уолц қауіпсіздікті тұлға қауіпсіздігі, мемлекет қауіпсіздігі және дүние жүзі қауіпсіздігіне жіктейді. Бұл тұжырым реализмге мүлдем сәйкес келмейтін, өйткені саяси реализм өкілдерінің пікірінше тұлға қауіпсіздігі мемлекеттің өзіне және оның қауіпсіздігіне тәуелді. Уолцтың пікірінше кез келген қандай да болмасын жолмен өз өміршеңдігін сақтап қалуға тырысады және оның барлық іс әрекеті қауіпсіздікті қамтамасы етуге бағытталады, сондықтан күштер балансына негізделген олардың сыртқы саясаты құрылады 5.
«Ұлттық қауіпсіздік» концепциясы негізінде, дәлірек айтсақ, оны теріске шығару арқылы француз реалистері өз теориясын қалыптастыруға тырысты. Бұл бағыттың алғашқы француздық теоретиктерінің бірі белгілі ғалым Р. Арон болды. Ол өзінің «Ұлттар арасындағы соғыс пен бейбітшілік» атты кітабында «ұлттық қауіпсіздік» концепциясына жаңа көзқарас білдірді. Оның пайымдауынша ұлттық қауіпсіздікті рационалды тұрғыда анықтау, яғни дербес тұлғалар мен қоғам топтарының сан алуан қарама-қайшы мүдделерін жалпылау мүмкін емес. Алайда, ортақ мүдде бола алатын мақсаттар бар - олар елді билеушілер қорғауға тиісті, мемлекет қауіпсіздігі мен құдіреті. Осылайша, «қауіпсіздік» ұғымы Арон үшін мемлекет өміршеңдігінің қайнар көзіне, саяси процесс категориясына айналды.
Р. Аронның халықаралық қатынастар теориясының кейбір тұстарын басқа француз зерттеушісі Ж. -Б. Дюрозель дамытты. Оның тұжырымы бойынша мемлекеттің басты міндеттернің бірі дәулеттілікке қол жеткізу. Мемлекеттің басты мақсаттарының бірі - қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ол салыстырмалы және абсолютты ретінде сипаттайды . Біріншісі әскери және одақтастар көмегімен мемлекеттің өз қуаты арқылы іске асырылады. Екіншісі, мемлекетке төнер қатердің алдын алатын мүдделер паритеті орнаған жағдайдағы, идеалды күй ретінде бағаланады.
Реализм бағыттарының бірі - структурализм өкілі - Бари Бузан қауіпсіздік ұғымы өзге «ұлттық қауіпсіздік» ұғымының мәнін түсіндіре алатындай қандай да бір метатеория ретінде қызмет ететін деңгейде жеткілікті түрде өңделмеген деп есептейді. Жалпы, Бузан «қауіпсіздік» категориясын жалпы ұғым ретінде, ал оның құрамдас бөлшектерін (ұлттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік және т. б) - белгілі бір шындықтың нышандары іспетті қарастырады. Шын мәнінде, Б. Бузан қауіпсіздікті пәнаралық категория ретінде сипаттайды. Сонымен бірге, оның басты зерттеу обьектісі тұлға болып табылады. Оның пікірінше, тұлға қауіпсіздігі қауіпсіз әлемнің басты айқындаушы факторына айналуы тиіс. Тұлға халықаралық қатынастардың обьектісі және субьектісіне айналады, ал оның қауіпсіздігі жаһандық қауіпсіздіктің негізі болып табылады.
Өзінің зерттеулерінде прореалистік бағытты ұстанушы канадалық ғалым Алекс Бэттлер «ұлттық мүдделер» және «ұлттық қауіпсіздік» ұғымдарын ажыратуға тырысты. Бастапқыда ол «ұлттық мүдделер» ұғымын сыртқы саясаттың қалыптасу және орнығу кезеңіне, ал «ұлттық қауіпсіздік» ұғымын - «халықаралық қатынастар жүйесіндегі оның іске асу кезеңіне»жатқызады6.
Жалпы, көптеген батыстық ғалымдардың пікірінше, Вестфаль халықаралық жүйесінің күйреуі және 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне арқау болды. Нәтижесінде, 1990 жылдар басында ғылыми әдебиеттерде айтыла бастаған кооперативті және адамзат қауіпсіздігі концепциялары дүниеге келді.
Кооперативтік қауіпсіздіктің басты тұжырымдарын алғаш рет АҚШ-тың Брукинг университетінің бір топ ғалымдары жариялаған болатын. Олардың пайымдауынша, «кооперативтік қауіпсіздік - бұл агрессияны тежеу тетіктері. »7. Австралиялық зерттеуші П. Дьюиттің пікірінше кооперативтік қауіпсіздік жүйесі мыналарға негізделеді: 1) агрессордың іс-қимылын тоқтату мақсатында оның қуатын әлсірету тетіктері; 2) әскери - саяси одақ арқылы; 8
Кооперативтік қауіпсіздік теориясының екінші тармағы Р. Кеохейн мен Дж. Найдың «Трансұлттық қатынастар және әлемдік саясат» кітабында айқындалған «неолиберализмнің» қағидаларына негізделеді. Кітап авторлары өзгерістер орын ала бастаған халықаралық қатынастар құрылымына көңіл аудара бастады. Олардың пікірінше халықаралық қатынастар жүйесінде мемлекетпен қатар, ТҰК, МЕҰ секілді субьектілердің пайда болуы болжаулы халықаралық жүйенің құрылуына алып келді. Реализмнің анархиялылығы жойылып, ол ынтымақтастық негізінде жанжалдарды шешу «режиміне» орын берді.
Кооперативтік қауіпсіздіктің басты теоретиктерінің бірі Р. Кеннеди болып табылады. Ол 21 ғасырда үстемдік ететін негізгі қатерлерді көрсетті: жаппай қырып-жою, яғни ядролық, бактериологиялық және химиялық қарудың заңды және заңсыз таралуы, жаңа электронды қару қолдану ықтималдығы, терроризм, ішкі жанжалдар мен соғыстар.
Адамзат қауіпсіздігі концепциясы деп те аталатын кооперативтік қауіпсіздік варианттарының бірін Канаданың бұрынғы сыртқы істер министрі Ллойд Эскуорти ұсынған болатын. Оның тұжырымдауынша, бүгінгі таңдағы әрбір адамның жеке қауіпсіздігі ішкі жанжалдардың ұлғаюынан әлсіреген күйде қалып отыр. Азаматтық конфликтілер және соған байланысты тәртіпсіздіктер, адам құқықтарының бұзылуы, терроризмнің етек жаюы мен қоршаған ортаның ластануы бұл қауіп - қатерлерге төтеп бере алмайтын бұрынғы қауіпсіздік концепцияларын қайта қарастыруды талап етеді. Бұл жаңа концепция тұлға қауіпсіздігіне негізделуі тиіс.
Қауіпсіздік мәселесін зерттеуде ресейлік ғалымдардың еңбектері үлкен көмегін тигізді. Мәселен, халықаралық қатынаста саласындағы маман А. Митрофанова тұлға қауіпсіздігіне негізделген жалпылама қауіпсіздік жүйесін ұсынады. Ғалымның пікірінше, «тұлға қауіпсіздігі трансұлттық және ұлттық қауіпсіздіктер арасындағы өзіндік көпір болып табылады».
Тағы бір ресейлік ғалым В. И Ярочкиннің тұжырымдауынша қауіпсіздік тұлға, қоғам және мемлекет мүдделерін сыртқы және ішкі қатерлерден қорғауға бағытталады. Алайда, оның пікірінше бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бүкіл адамзат ынтымақтастығы қажет. Сонымен бірге, қауіпсіздік жүйесіне «қауіпсіздікті қамтамасыз етудің превентивті әрекеттері» кіруі тиіс 9.
Қауіпсіздік концепциясын қалыптастыруға қазақстандық ғалымдар да айтарлықтай үлес қосты. Отандық зерттеуші Е. Т Садыков «қауіпсіздік» ұғымын экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан қарастырады. Оның пікірінше, экономикалық қауіпсіздік категориясы «мемлкеттік құрылымдармен қатар, жекеменшік бизнестің тұрақты дамуының кепілі болатын» анағұрлым кең ұғым - «ұлттық қауіпсіздіктің» құрамдас бөлігі болып табылады .
Отандық саясаттанушы Е. Т Карин «қауіпсіздік жүйелі қасиет болып табылдады» деп есептейді. Ұлттық қауіпсіздік табиғатын зерттеуде ол жүйелі әдісті қолданады: «Ұлттық қауіпсіздік пәрменділігі әскери, экономикалық, демографиялық әлеуетпен қатар қоғамның саяси энергиясы қалай шығарылатындығына, ішкі саяси мәселелер қандай жолмен шешілетіндігне байланысты» .
Саяси ғылымдар докторы М. С Машан алғаш рет Қазақстанда өзінің «Қазақстанның саяси жүйесі: трансформация, бейімделу, мақсатқа жету» атты монографиясында Қазақстанның посттоталитарлық трансформациясын зерттеу барысында жүйелі әдісті қолданады. Ол кез келген жабық жүйе, сонымен бірге саяси жүйе де термодинамика екінші бастауының әрекеті принципіне сәйкес, энтропияның өсуіне байланысты ұзақ уақыт бойы өмір сүре алмайды. Өзге де Орталық Азиялық мемлекеттер секілді, Қазақстан кедейшілік, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық және т. б проблемаларды тудырған экономикалық дағдарыстан шығуға тырысады. Нәтижесінде, М. С Машанның пікірінше аймақ республикаларының саяси элитасы өзін - өзі сақтаудың сан - алуан әдістерін қолданады, олардың ішіндегі ең нәтижелісі сайлау болып табылады.
Сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік мәселесін зерттеуде У. Т. Касенов, М. Т Лаумулин, С. К Кушкумбаев, К. Н Бурханов, К. Л Сыроежкин, М. С Әшімбаев, Д. Сәтпаев, С. Әкімбеков секілді отандық ғалымдардың қосқан үлесі өте зор.
Орталық Азия аймағына төніп тұрған басты қатерлердің бірі ретінде отандық және шетелдік зерттеушілер есірткі бизнесін бірауыздан атап отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры М. Әшімбаев аймаққа төніп тұрған төрт қатердің ішінен трансұлттық есірткі бизнесін баса көрсетеді. Оның пікірінше, есірткі саудасы ел тұрғындарының негізгі бөлігінің өмір сүруінің басты көзіне айналған жағдайдың Ауғанстанда сақталынып қалынуы Орталық Азия мемлекеттеріндегі есірткі бизнесінің таралу себебі болып табылады. Өкінішке орай, әлемдік қауымдастықтың, әсіресе Ауғанстанмен көрші мемлекеттердің, контртеррористік операция осы елдегі есірткі саудасы проблемасын шешеді деген үміттері ақталмады .
Талибтердің талқандалуы мен Хамид Карзайдың жаңа үкіметінің ел басына келуімен Ауғанстандағы есірткі өндіру сферасындағы жағдай ешқандай өзгермеді, және тіпті өзінің жаңа кезеңіне аяқ басты деуге болады. Мәселен, БҰҰ сарапшыларының мәліметтері бойынша осы елде 2002 жылы есірткі өнімінің 1999 жылдағы аса жоғарғы көрсеткіші қайталанды - яғни 3, 5 тоннадан 4, 6 тоннаға дейін опии шикізаты алынған. Бірқатар болжаулар бойынша, осы елдегі опии шикізатын өндіру көлемі жылдан жылға өсе түсу мүмкіндігіне ие. Осы тектес мәліметтер, Орталық Азия мемлекеттеріндегі заңсыз есірткі бизнесінің құлаш жаюы тағы да қайталанып отыр. Және қысқа мерзімдік, тіпті орта мерзімдік болашақта, осы мәселе олардың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси дамуларына біршама келеңсіз әсерін тигізуі мүмкін.
Әлеуметтік салада есірткі саудасы мен нашақорлықтың өсе түсуі, ең алдымен Орталық Азия елдері тұрғындарының генофондына қатер төндіреді.
Бүгінгі таңда біздің аймақта марихуана, гашиш секілді есірткі түрлерінен оның ауыр түрлеріне, мәселен героинге өту байқалуда. Осы орайда өте қымбат және денсаулыққа аса зиян психотропты заттарды тұтыну тез өсіп отыр, яғни аймақ тұрғындарының героинденуінің қауіпті процесі байқалуда.
Осыған байланысты, сарапшылар Орталық Азия мемлекеттерінде болашақта есірткімен байланысты қылмыс түрлерінің қарқынды өсетіндігін айтуда. Орталықазиялық қоғамдарда, әсіресе жастардың, оның ішінде есірткі қолданатындардың арасында маргиналдану және люмпендену процесі күшейе түсуде. Мәселен, 1991 мен 2001 жылдар аралығында жалпы қылмыстың ішінде есірткі қылмысы 2, 8 ден 11, 6 пайызға дейін, яғни төрт есе өскен болса, 2001 жылы олардың саны 17700 құрады.
Осы мәселенің саяси сфераға төндіретін басты қаупі - наркомафия аймақтық және ұлттық тұрақтылықтың болуына мүдделі емес. Есірткіден түсетін орасан мол кірістер аймақтағы мемлекеттерде, сонымен қатар одан тыс жатқан елдерде күйретуші ықпал ететін күштерді қолдауға жұмсалады. Сондықтан, есірткі проблемасы халықаралық терроризм мен діни экстремизм проблемаларымен өте тығыз байланыста көрініс табады. Яғни, есірткі саудасынан түскен қаржылар Орталық Азия аймағындағы экстремистік ұйымдарды қаржыландырудағы негізгі көздердің бірі болып табылады.
Экономикалық сферада аталмыш мәселенің тудыратын басты проблемасы экономиканың криминалдануы болып табылады. Экономиканың криминалдануы қазіргі күндегі Орталық Азия аймағының экономикасының бірізді дамуы үшін қатерлердің бірінен саналады 10.
Осы ой желісін түйіндей келсек, есірткі саудасы мен нашақорлықтың өсу проблемасы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі үшін келеңсіз салдарлар алып келетіндігін көруге болады.
1. 2 Ұлттық қауіпсіздікті зерттеудегі амал - тәсілдер мен әдістемелер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz