Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым


Қазақстан педагогикасының тарихы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . … . . . 3
1 Педагогиканың шығуы және дамуы . . . 7
1. 1Педагогиканың дамуы. . … . . . 7
1. 2Қазақстан Республикасына педагогиканың пайда болуы……… . . . 14
1. 3Қазақстан Республикасында педагогиканың даму тарихы……… . . . 16
2 Қазіргі Қазақстан педагогикасының дамуына үлес қосқан ғалымдар және қазіргі педагогика жағдайы . . . 20
2. 1Педагогиканың даму тарихына педагог - ғалымдардың қосқан үлесі . . . 20
2. 2Қазақстанда ой-пікірлердің дамуы. . …… . . . …… . . . 24
2. 3Қазіргі педагогика жағдайы . . . ……. . . . . … . . . 29
Қорытынды . . . . . . 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . 36
Кіріспе
Зерттеу жұмысыныңөзектілігі: Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мемлекеттердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтитын ғылым салаларына жатады. 19ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:жалпы педагогика; сәбилер мен мектепалды педагогикасы; мектеп педагогикасы; сурдотифло педагогика және олигафрено педагогика, жеке пән әдістері, педагогика тарихы.
Педагогика тарихы мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді.
Педагогика тарихын зерттеушілер өткен замандардағы мектеп пен педагогика тарихын зерттеп, ғылыми бағалауда біраз жұмыс істеді. Педагогика тарихын зерттеушілер мектеп ісі мен педагогикалық ой-пікірін зерттеді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты. [1, 45-46]
Құл иеленушілерден басқа жай халықтың ( демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады . Олар балаларын қолөнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек “ сөйлейтін құрал” ретінде бағаланды.
Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: педагогиканың теориялық негіздерін аша отырып, адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Педагогиканың дамуын анықтау;
2. Қазақстан Республикасында педагогиканың пайда болу тарихын қарастыру;
3. Қазіргі заман педагогикасының бағытын анықтау;
Зерттеу жұмысының бағыты: Педагогика ғылымының қазіргі заманда алатын орны мен ерекшелігінің бағытын түсіндіру.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақстанда педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы.
Зерттеу жұмысының пәні: Педагогика пәні тәрбиемен байланысты болғандықтан, педагогиканың маңызы мен тәрбие теориясын ашады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Педагогика (гр. ' παῖς' , paіda - бала, гр. ' ἄγω' , gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтитын ғылым салаларына жатады. 19ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді), сәбилер мен мектепалды педагогикасы, мектеп педагогикасы, сурдотифло педагогика және олигафрено педагогика (керең, зағип және ақылыкем балалардың тәрбиесі мәселелерінзерттейді), жеке пән әдістері, педагогика тарихы.
Педагогика ұғымдарының бірі-тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. «Тәрбие ұғымы тар мағынада», «тәрбиеші тәрбиелейді», кең мағынада «өмір тәрбиелейді» деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс болып саналады. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып ерекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Тәрбие - адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы- рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Еңбек процессінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет - ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.
Қазіргі кездегі тарихи - педагогикалық ғылымының басты міндеттерінің бірі - дүние жүзіндегі ең бірінші социалистік мектептің құрылу тәжірибесін шын ғылыми түрде жинақтап, зерттеу болып саналады.
Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Педагогика тарихы мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді.
Педагогика тарихын зерттеушілер өткен замандардағы мектеп пен педагогика тарихын зерттеп, ғылыми бағалауда біраз жұмыс істеді. Педагогика тарихын зерттеушілер мектеп ісі мен педагогикалық ой-пікірін зерттеді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Құл иеленушілерден басқа жай халықтың (демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады . Олар балаларын қолөнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек “ сөйлейтін құрал” ретінде бағаланды.
Ертедегі грек ғалымдары мен философтары Платон және Аристотель өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікірлер қалдырды. Олардың бұл пікірлері педогогика ғылымының дамуына себеп болды.
Көрнекті грек философы Платон (біздің заманымызға дейінгі 427-347 жылдары өмір сүрген) тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педогогикалық пікірінде ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында өткізу тиіс деп санады. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның рөлін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын әңгімені мазмұны жағынан іріктеп алуды талап етті. Атақты грек философы және ғалымы Аристотель ( біздің заманымызға дейінгі дәуірдің 384-322 жылдары өмір сүрген) мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен жанұядағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтады. Ал ол даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады. Аристотель барлық адамдарға тәрбие беру мемлекеттің мақсаты дегенде құлдарды ескермеді, оларды “сөйлейтін құралдар” деп санады[1] .
Аристотель тәрбиенің әр түрлі салаларының ( дене, ақыл-ой және моральдық тәрбиенің) байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға музыкаға үйреткен дұрыс. Мектепте бала елеулі білім алуы керегін әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мұндай дәрежеде әйелдерге де білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдық дағдылар мен мінез-құлыққа жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі- табиғи нышандар, моральдық дағдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде жанұяның рөлін ол өте жоғары бағалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәуірлерде педогогикалық ой- пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлім «педагогиканың дамуы» жайлы айтылған; екінші бөлім «Қазақстан педагогикасының даму тарихы және ұлы педагог ғалымдар» жайлы; қорытындыда екі бөлімнің қысқаша қорытындысы жазылған; пайдаланған әдебиеттер тізімінде курстық жұмысты жазуға пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Педагогиканың шығуы мен дамуы.
1. 1 Педагогиканың дамуы
Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстар, олардың өзара байланысы, даму заңдылықтары айқындалады.
Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады.
- тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы ғылымның жиынтығы.
- жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
- адам тәрбиесі туралы ғылым.
- адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады. Педагогика пәні - ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің зерттеу саласы - қоғамның ерекше қызметі - тәрбие.
- Оқу - тәрбие мәдени ағарту мекемелерінде ұйымдастырылатын тәрбие, оқыту мен білім беру.
- Адамның жеке басының даму, қалыптасы мәнін зерттеу негізінде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
- Тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу қызметінің теориялық және әдістемелік негізін құру.
- Адамның адамды тәрбиелеуі.
- Тәрбиелік іс - әрекет.
- Арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Педагогиканың категориялары: Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.
Педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелерін қарастыруды ғылымдардың интеграциялық өзара ұштасуы мен үндесуін, дифференциялық сараланып даму тенденциясын ескеру, зерттеу, тәрбие мен білім берудің көптеген аспектілерін басқа ғылымдардың да зерттейтінін ескеріп, олардың жетістіктерін пайдалану керек.
Жалпы педагогика негіздері кез-келген жас аралығындағы немесе тәрбиенің кез келген саласындағы тәрбиені, тәрбиенің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым.
Олигофренопедагогика. Сурпопедагогика. Тифлопедагогика. Логопедия.
Дефектология - (лат, кемістік туралы ілім) - дене және психикалық кемшілігі бар балалардың психологиялық физиологиялық даму ерекшелігі туралы ғылым.
Дефектологияның - арнайы педагогиканың міндеті - жүйелі түрде балалар дамуындағы ақауды, кемшілікті жою, реттеу, коррекциялау, танымдық, қимыл қозғалыстық, және бастың кемшіліктерін реттеу саласында жүреді.
Сурдопедагогика - саңырау немесе құлағының мүкісі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналысатын педагогиканың саласы.
Сурдопедагогика - латынша (Surdus) глухой, саңырау және нашар, мүкіс еститін балалар мен ересектердің психикалық дамуы мен жетілуін оқыту, білім беру, үйрету,, тәрбиелеу арқылы реттеу мүмкіндігін қарастыратын арнайы педагогиканың саласы.
Тифлопедагогика - зағип, соқыр, көз жанары зақымданған, зағип балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым.
Қазіргі кезде тифлопедагогика ғылыми негізделген ережелер мен қағидаларды басшылыққа ала отырып, түрлі жас аралығындағы көз жанарлары ауыр зақымданған балалардың көру органының бұзылған қызметін алмастыру, толықтыру, реттеу, (компенсациялау) механизмі мен даму ақауын жою жолын болдырмау, алдын алу шараларын қарастырады. Жеке дара оқытудың мазмұны мен әдіс - тәсілдерін белгілейді.
Арнайы оқыту негізінде балалар жалпы ғылыми пол техникалық білім негіздерімен қаруланып, эстетикалық, саяси мәдениеттілік, адамгершілік, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, еңбек даярлығын алады., іс-тәжірибе дағдыларын игереді.
Олигофренопедагогика - ақыл және педагогика ақыл - ойының дамуы жағынан кемшілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогиканың саласы.
Білім беру жүйесінің құрылымын жетілдіру, біртұтас үздіксіз, үзіліссіз білім берудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру және оны кешенді дамытып отыру.
Ғылыми техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму дәрежесіне сәйкес ғылыми білім негіздерін оқытуда саяси мәдениеттілік деңгейін көтеру.
Оқыту мен білім берудің, тәрбиенің сапасын түбегейлі жақсарту. Арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайындағы жеке тұлғаның даму және қалыптасу заңдылықтары мен мәнін зерттеу.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес оқыту мақсаты мен білім мазмұнын жетілдіру, сапалы төл оқулықтар шығару. Жеке тұлғаның қалыптасу заңдылығын зерттеп, оқушылардың танымдық, өзіндік жұмысымен өзін өзі басқару қызметін жақсарту.
Озат тәжірибені, педагогика жетістіктерін іс тәжірибеге енгізу үшін ғылыми негізделген жүйе құру.
Оқу мен тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдіру туралы әдістемелік нұсқаулар құрастыру.
Психология, педагогика ғылымдарының теориялық, практикалық негізін игеру арқылы студент жастарды ұстаздық қызметтің өзіндік ерекшелігімен таныстыру, ұстаздық шеберлігін жетілдіру.
Педагогикалық ұғымдармен, педагогика ғылымының негізімен таныстырып олардың бойында азаматтық қасиеттерімен ұстаздық сапаларды қалыптастыру, білім тәрбие беру жұмысына даярлау.
Болашақ мұғалімдерді негізгі педагогикалық мәселелердің, проблемалардың шеңберіне енгізу, педагогикалық дүниетанымын, өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу, оқыту мен дамыту процестерінің қиын да қызық, күрделі де қарама қайшы құбылыстарына көзқарасын, педагогикалық сенімі мен қызығушылығын қалыптастыру, өз білімдерін жетілдіріп оқыту, озат педагогикалық тәжірибені игеру құштарлығын қалыптастыру.
Педагогикалық заңдылық: Педагогикалық заң - педагогикалық құбылыстардың дамуына, жағдай туғызатын олардың объективті негізгі, маңызды тұрақты байланыстары.
Педагогикалық зерттеулер қоғамдық дамудың жаңа дәуіріндегі тәрбие, білім беру мәселесі, және адамның жеке тұлға болып қалыптасуы, педагогиканың өз ішіндегі проблемаларымен байланысты қарастырылады.
Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық құбылыстар мен шешімдердің, әртүрлі ғылыми проблемалардың оқу - тәрбиелік сипатын айқындауға бағытталған тәсілдер мен амалдардың белгілі бір жиынтығы .
Белгілі бір ғылыми ақпаратты пайдалана отырып, педагогикалық процесті жетілдіру жолдарын саналы, мақсатты іздестіру.
Педагогикалық құбылыстарды жан-жақты білуге және түрлі ғылыми - педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің және амалдардың жиынтығы.
Тәрбиенің, білім беру мен оқытудың сан саласын зерттеуге көмегін тигізетін тәсілдер.
Зерттеу әдістері - (методтары) - болжамды гипотезаны дәлелдеу мен тексеруіне арналған зерттеушілік іс - әрекеттің, қызметтің, істің жобасы моделі, үлгі пішім, сызба, ықшамсыздығы.
Зерттеу әдістемесі (методика исследования) - мәселені толық және дұрыс шешуді қамтамасыз ету үшін мақсатты қолданылатын әдістер жүйесі.
Зерттеу жолы:
1. Әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді, монографиялар мен құжаттарды, педагогика, психология классиктерінің еңбектерін оқып үйрену, талдау.
а) Библиография
ә) Аннотация жасау, конспектілеу, қажетті мәліметтерді, цитаталарды жазып алу.
2. Педагогикалық процестің қарама қайшылықтарын көрсететін жалпы және озат тәжірибені, оның қиындықтарын оқып үйрену.
А) бақылау, байқау
Объектіні бөліп алып педагогикалық ықпалдарын әсерімен қабылдау объектілерінде болып жатқан қандай да болсын құбылыстарды, өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін азды көпті ұзақ уақыт қабылдау. Байқау іс жүзіндегі материалды, тәжірибе деректерін жинау мақсатында байқалатын объектілерді бөліп алып, жоспарлы түрде, деректер мен белгілерді, мәліметтерді тіркеу, жинау үшін пайдаланылады [9] .
3. Әңгімелесу әдісі. Әңгіме әдісі алдын ала белгіленген жоспар бойынша, зерттеу мақсатына сай еркін түрде жүргізіледі. Әңгіменің барысы, оның мазмұны, қойылатын сұрақтар толық баяндалады, хаттандырылады, қорытындысы шығарылады.
4. Интервью алу әдісі. Интервью педагогикаға социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әңгіме әдісінен айырмашылығы интервью алушы, зерттеуші, алдын ала берілген, әзірленген сұрақтарды белгілі бір тәртіппен, бір ізді дәйектілікке бере отырып, интервью берушінің жауаптары жазылып алынады.
5. Сауал - сұрақ, анкета, сұрақтар тізімі - вербальдық қарым қатынас негізінде көпшілікте жазбаша түрде алғашқы әлеуметтік - психологиялық, педагогикалық мәліметтер, хабарлар алу үшін қолданылатын әдістемелік құрал. Сауал-сұрақ - әрқайсысы негізгі зерттеу мақсаты мен логикалық тығыз байланысты сұрақтар тізімі, жиынтығы.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің(Мысыр, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке, дара ғылым болып дами, жетіле, күрделене бастайды.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді.
Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф. Рабле, Т. Мор, Т. Кампанелла) . Гуманистар жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, бөлінеді. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен, ерекшеленіп, беки түсті десек біз қателеспейміз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz